Ұзақ мерзімді активтер есебінің теориялық аспектілері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі тек қана материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын пайдалану арқылы ғана емес, сонымен қатар, негізгі қорлар мен материалдық емес активтерді, яғни ұзақ мерзімді активтерді пайдалану арқылы іске асырылатыны белгілі. Еліміздегі нарықтық қатынастарының тез жылдамдықпен дамуы қаржылық - шаруашылық қызметіне жаңалық енгізіп отыруды талап етеді, оның ішінде әсіресе ұзақ мерзімді активтер амортизациясын есептеуде. Соңғы жылдары негізгі құралдардың амортизациясын есептеуде нормативтік базалар маңызды өзгерді.

Ұзақ мерзімді активтер кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелерін өтеу барысында қабілеттілігі жоғары, яғни тез арада өзінің құнын басқа заттарға айырбастай (өзгерте) алатын мүліктер болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс жүргізу барысында ағымдағы активтерден басқа ұзақ уақыт бойы пайдаланатын өндірістік және әкімшілік қызметі орындауға арналған активтерді қажет етеді. Ал мұндай ұзақ мерзімді активтердің қатарына негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштарды және ұзақ мерзімді инвестицияларды жатқызуға болады.

Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін үздіксіз қамтамасыз етудің маңызды бөлігі - ұзақ мерзімді активтер болып табылады. Өндіріс тиімділігін анықтауда ұзақ мерзімді активтердің түсуі мен шығуы, олардың бағасы, негізгі әсер етуші факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан оның есебін дұрыс ұйымдастырмай, ішкі бақылауы мен аудитін дұрыс жүзеге асырмай, қадағалау мүмкін емес.
Осы жұмыстың тақырыбын ала отырып, алға қойылған негізгі мақсат - ұзақ мерзімді активтер есебінің және аудиттің жүргізу тәртіптері мен әдістері, аудитті жүргізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көрсету, жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы пішінін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге біртіндеп амортизациялық аударым ретінде ауыстыратын еңбек құралдарын, басқа да материалдық емес активтердің есебін ұйымдастыру болып табылады. Себебі, кез келген өндірістік, немесе, коммерциялық кәсіпорын құрылған кезде, бірінші кезекте, яғни ұзақ мерзімді активтерді қажет ететіндігі белгілі. Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндірістік үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшерін шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалды активтерді айтады. Ал материалдық емес активтер деп белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын бірақ қандайда бір бағаға, құнға бағаланатын болағндықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сату, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз.

Осы дипломдық жұмыстың өзектілігі өндірістің кез келген өндірістік немесе коммерциялық түрін ашуда кәсіпорынға ұзақ мерзімді активтер қажет және олардың өз есеп саясатын сәйкес айқындалады амортизациясын есептеу қажеттілігімен анықталады.

Диплом жұмысының мақсаты ұзақ мерзімді активтер есебі мен аудитінің теориялық және тәжірибелік аспектілерін толық ашып, қаржылық талдау жүргізу негізінде кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтер есебі мен аудитінің тиiмдiлiгiн арттыру шараларын көрсету болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- ұзақ мерзіді активтердің экономикалық маңызы мен жіктелуін қарастыру;

- ұзақ мерзіді активтер есебі мен аудитінің теориялық аспектілерін анықтау;

- «Нур и К» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау;

- «Нур и К» ЖШС-нің ұзақ мерзімді активтерінің есебі және аудитінің ерекшеліктерін қарастыру;

- «Нур и К» ЖШС-нің ұзақ мерзімді активтер есебін жақсарту шараларын ұсыну.

Дипломдық жұмысты зерттеу объектісі Өскемен қаласында орналасқан «Нур и К» ЖШС болып табылады.

Ал жұмыстың пәні ұзақ мерзіді активтер есебін жетілдіру, орындалған жұмыстар бойынша талдау мен бақылау және аудитті ұйымдастырудың тиімді әдістемелерін қарастыру болып табылады.

Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заң актілері, Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті реглементтейтін құжаттар, экономика және қаржы салаларындағы көрнекті авторлардың еңбектері қарастырылды. Диплом жұмысын жазу барысында «Нур и К» ЖШС-нің соңғы үш жылдық қаржылық есептілігі және ұзақ мерзімді активтерді талдайтын құжаттары кеңінен қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі үш бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Сонымен қатар жұмыс кестелер, суреттер және диаграммалармен кескінделген.

1 Ұзақ мерзімді активтер есебінің теориялық аспектілері

1. 1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық маңызы және түрлері

Актив деп кәсіпорынның ақшаға бағаланатын игіліктері мен құқықтарын, мүліктерін айтады [1] . Олар ұйымның өткен уақыттардағы қызметінің нәтижесі болып есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, яғни ұйымның алдағы уақыттарда табыс табуы үшін пайдаланады. Осы активтерді пайдалану арқылы алдағы уақыттарда алынатын кіріс - кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаларына тікелей немесе жанама түрде келіп қосылып оның көлемін (үлесін) арттырып отырады.

Ұйымдар активтерді өздері өндіріп шығару, сатып алу немесе басқалардан уақытша жалға алу арқылы иеленеді. Активтер өздерінің пайдалану мерзіміне қарай мынадай екі топқа белінеді:

- қысқа мерзімді активтер (бір жыл уақыт аралығында пайдаланатын) ;

- ұзақ мерзімді активтер (бір жылдан артық уақыт пайдаланатын) .

Активтер үш сатыдан тұрады: анықтау, тану және бағалау. Анықтау сатысында шаруашылық фактілерінің негізіне қарай алынған және есеп бақылауына түскен ұйымдар қызметінің қалыпты жағдайында қызмет атқаруына және алдағы кезеңде экономикалық табыс келтіретін активтер жатады. Активтерді тану - деп активтерді бірегейлік өлшемге келтіріп, қаржылық қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушыларды талабына қарай қанағаттандыруды айтады. Активтер дәстүрлі әдістермен, бастапқы құнымен бағаланады. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде активтер төрт түрлі құнмен, яғни:

- бастапқы өзіндік құнымен;

- қалпына келтіру құнымен;

- жоюдағы құнымен;

- ағымдағы құнымен (немесе базарлы құнға келтіру әдістерімен) бағаланады [2] .

Ұзақ мерзімді активтердің қатарына «негізгі құралдар» мен «материалдық емес активтер», «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» және «ұзақ мерзімді инвестицияларды» жатқызуға болады. Осы ұзақ мерзімді активтерге қысқаша тоқталып келетін болсақ: өндірістік салаларда еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары) қасиетін, қалпын жоймай сақтап пайдаланылатын материалдық активтер.

Негізгі құралдарға - қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың програмалық құралдар, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандар, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады. Негізгі құралдар ұйымының материалды- техникалық жарақтану базасын құрудың негізін қалыптастырып, қызметіндегі жетекші бағыттарды іске асыруда маңызды рөл атқарады.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т. б. ) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар) . Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған [3] .

Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінін балансында есептейді, жалға алушы 001-ші «Жалға алынған негізгі құралдар» баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аякталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады [4] .

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уакытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі [4] .

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктік көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимаратгардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.

Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және аткаратын кызметтеріне қарай мынандай түрлерге (топтарға) :

  • жер; үйлер; ғимаратгар; өткізгіш тетіктер;
  • машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматгы машиналар және кұрал-жабдық) ;
  • күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар;
  • өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы;
  • басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар;
  • шаруашылык мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимаратгарсыз) шыққан күрделі шығын; баска да негізгі кұралдар [5] .

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:

  • жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады; үйлер -халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
  • -ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
  • өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, кұбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық ыдыстар;
  • -машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдық риялык жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті коса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;
  • күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер) .
  • жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар) ;
  • өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар) ;
  • есептеу техникасы - процестерді жыддамдату және автоматгандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, баскарушы және басқа есептеу машиналары) ;
  • басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) ;
  • көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің козғалмалы кұрамы, жегін көлігі) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
  • құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған кұралдары немесе металдарды, ағашты және т. б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің кұрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
  • өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті корғауға көмектесетін жабдықтар; сұйык, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
  • шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік объекті бола алады;
  • жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) - ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту) ;
  • басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар [6] .

Экономиканың даму мүмкіндігіне қарай шаруашылық жүргізуші ұйым мүлкіндегі материалдық емес активтердің маңызы мен үлесі арта түседі, ол техника мен технологиялардың дамуымен, ақпараттардың кеңінен таралуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты.

Материалды емес активтер деп - табиғи болмысы жоқ өндіріске немесе тауарларды (жұмысты, қызметті) сатып-өткізу операцияларына, әкімшілік мақсаттарға ұзақ уақыт (бір жылдан артық) пайдалануға басқа ұйымға жалға беруге арналған, айқындауға болатын, ұйым бақылау жүргізе алатын, сондай-ақ пайдаланудан ұйым келешекте экономикалық табыс күтетін ақшалай емес активтерді айтады [7] .

Кәсіпорындағы материалдық емес активтердің қатарына лицензиялық келісімдер, бағдарламалық жабдықтар, патенттер, ұйымдастыру шығындары, гудвилл, сауда маркалары, авторлық құқықты жатқызуға болады. Материалды емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады:

  • құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
  • заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
  • басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.

Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылы субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу-Хау» деген ұғымды келтіруге болады [8] .

«Ноу-Хау» деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы субьектіге табыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.

«Лицензиялық келісімдер». Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орындайды.

«Программамен жабдықтау» деп аталатын түрі кәсіпорынның алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттармен мәліметтерді айтады.

«Патент» деп аталатын материалдық емес актив жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар «Патент» - деп кәсіпкерліктің кейбір түрімен (саудамен, сатып алумен тағыда басқа) айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкер патентті алар уақытында патенттік (алымдар) баж төлеуі керек.

«Ұйымдастыру шығындарына» - кәсіпорынды жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізуге және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер, банктерден есеп айырысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жатқызылады.

«Гудвилл» деп аталатын түрі кейде «Фирма бағасы» - деп те атайды. «Гудвилл» немесе «фирма бағасы» МЕА шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады. «Фирма бағасы» болып сатылып алынған кәсіпорынның нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде сатылып алынған ұйымның барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвилл», ал кем болған жағдайда «жағымсыз гудвилл» деп аталады [9] .

Дебиторлық борыш деп белгілі бір қарым - қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай - ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады [4] . Баланста «Ұзақ мерзімді активтерге» жатқызылған дебиторлық борыштар мынадай баптар бойынша көрсетіледі:

  • алынуға арналған есептеулер;
  • алынған вексельдер;
  • негізгі серіктестіктер мен еншілес серіктестіктердің арасындағы ішкі топтардың операциялары бойынша борыштары;
  • акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының борыштары;
  • өзге де дебиторлық борыштар.

Инвестициялар - бұл активтердің бір түрі, инвестицияланған капиталдың өсуін немесе басқадай табыс табу мақсатымен ұйым ие болған обьектілер. Ұзақ мерзімді активтердің манызды бөлімінің бірі - инвестициялар деп мемлекетіміздің ішіндегі және шетелдегі экономиканың салаларына күрделі қаржы түрінде табыс алу мақсатында салынып, жұмысалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақылау жүйесіндегі аудиттің маңызы және орны
Ақша қаражаттарының қозғалысы
«Dida company» ЖШС-не сипаттама және шағын кәсіпорындарда жеңілдетілгенсапалы есеп ақпараттарын құру
Ұзақ мерзімді активтер есебінің әдістемесін зерттеу
Негізгі құралдар аудиті
Материалдық емес активтердің есебі туралы
Қызметкерлердің дебиторлық берешегін және өзге де қысқа мерзімді активтердің есебін қарастыру
Дебиторлық берешектердің аудиті
«Алматы газ тармағы» жшс-нің жарғылық капиталын қалыптастыру мен есебін ұйымдастыру
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп берудің теориялық аспектілері мен негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz