Мақал - мәтелдердің оқытылуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта мақал - мәтелді оқытудың тәрбиелік мәні
Мамандығы: 0105000 - Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105013 - Бастауыш білім беру мұғалімі
Тобы: ББ-Б-15
Пәні: Қазақ тілі оқыту әдістемесі
Орындаған: Бердібек Қ
Жетекшісі: Г. Абиева, педагогика пәні оқытушысы, магистр
Қорғауға жіберілді
Педагогика және бастауыш білім берудің әдістемесі ПЦК-сы
мамыр 2019 жыл

Бағасы:

Қызылорда, 2019
Бастауыш сыныпта мақал - мәтелді оқытудың тәрбиелік мәні

МазмұныІ. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1 тарау
1.1. Мақал-мәтелдердің түп негізі - түркі тілдерінде
1.2.Тәрбие үрдісінде мақал-мәтелдерді пайдалану
1.3. Мақал-мәтелдердің оқытылуы
1.4. Бастауыш сынып оқушыларын мақал - мәтелді оқыту арқылы тәрбиелеу
2 тарау
2.1.Тәжірибелік бөлім
III. Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мақал-мәтелдер халық даналығының қазына байлығы.Олар ғасырлар бойы қалыптасып,сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние.Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап,өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынаста пайдаланады.
Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық.Оның қай түрін алсақ та тәлім тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өсиеті ерекше.Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі-қазақтың мақал-мәтелдері.Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі қазақ халқы.Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің шығу тегі жөнінде айтар болсақ, А.Байтұрсынұлы: Мақал да тақпаққа жақын, салт- санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді.Мәтел дегеніміз кесегімен айтылытын белгілі-белгілі сөздер.Мәтел мақалға жақын болады.Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады.Мәтел ақиқат жағына қарамай әдетті сөз есебінде айтылады-деп көрсеткен болатын.Демек, мақалда тұрмыста қолданылып жүрген сөздеріміз шындықпен астасып келіп, мақалдап шешен тілімен айтылатын сөздер болса, ал мтелде тұрмыста қолданылатын сөздердің шындыққа жанаса қоймай, кесегімен айтылатын сөздердің қатарына жатқызуға болады.
Қазақ халқының мұрасы осы мақал-мәтелдердің өзіне ғана тән ерекшеліктері жайлы, халықтың мінезіне, табиғатына лайық туындап отырғанын көптеген зерттеушілер кезінде көрсетіп, айтып кеткен еді.Ә.Диваев та Тарту атты еңбегінде қазақ мақалдардың көбі өзінің дәл
дігі, өткірлігі жөнінен суретшінің қыл қаламына ілігуге сұранып тұрғандай.Өйткені онда қазақтың көшпенді де еркін өмірін қамтитын тірі келбеті тұр,-деп олардағы халық тіршілігі бейнеленетінін нақты суреттейді.Ал Х.Досмұхамедұлы: Қазақтың мақал мен мәтелдері ағыл-тегіл көптігімен және өткірлігімен ерекшеленеді.Шынында да мақал-мәтелдердің идеялық-эстетикалық мән- мағынасы, мазмұны оқырманға сөз құдіреті, сөз қуаты арқылы жетеді, оны ойландырады, иландырады.Ұлттық мәдениет, болмыс, дін сияқты ұғымдарды тоғыстыратын ана тілі байлығынан мақал-мәтелдер адамзатқа ой-өрісін, пікір- көзқарасын, әлемді түсініп-түйсінуін мейілінше толық, барынша ұғынықты, әсерлі жеткізіп, қажетті сөздерді сұрыптап, таңдап көрсетеді.Солардың ішінде әр халықтың ұлттық болмысын танытатын бай мұралардың бірі-мақал - мәтелдерді жан-жақты зерттегуге бағыштаған еңбектердің өзектілігі даусыз.Сондықтан халықтың мәдени дүниесін дәріптейтін бұл тұрақты тіркестердің тілдік табиғатын тану үшін жүйелі зерттеу жүргізудің қажеттілігінде күмән жоқ.

Зерттеу мақсатым:
мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу;
қолданыс аясын анықтау;
өзара айырмашылықтарына көз жеткізу;
халқымыздың баға жетпес асыл мұрасын оқушылар арасында дәріптеу.
Зерттеудің міндетті:
мақал-мәтелдердің ерекшеліктеріне талдау жасау,
қолданыс қызметін саралау;
мақал-мәтелдердің ұлттық танымдық қызметін ашу.

Зерттеудің әдістері:
Жүйелеу, әдебиеттерге талдау жасау, әр кезеңде айтылған мақал-мәтелдерге баға бере салыстыру, сипаттау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы:
тәрбиелік мәні зор, оқушы біздерге азамат болып қалыптасуымызға әсер беретін мақал-мәтелдерді санаға тоқу, өз сыныптастарымның және таныстарыма насихаттау, өсіп-өну жолыма басты қағида ету.
Зерттеудің обьектісі:
мақал-мәтелдің адамзатқа берері мол-қазына екені.
Зерттеудің нәтижесі:
Ізденуші қажетті теориялық әдебиеттермен танысып, нысанға алынған мақал-мәтелдердің қазіргі сөйлеушілердің қалай қабылдайтынын, түсінетінін анықтау мақсатымен тәжірибе жүргізу. Қол жеткізген нәтижелері мен қорытындылары нанымды, баяндау тілі жатық. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердің қазақ және орыс сыныптарында қазақ тілі және әдебиеті пәндерін оқыту барысында пайдалануға болады.

1.1. Мақал-мәтелдердің түп негізі - түркі тілдерінде
Ауыз әдебиеті - халқымыздың асыл да мол мұрасы, небір бейнелі сөз маржандары осы ауыз әдебиетінде. Халық жыраулары, жыршылары, шешендері, ертекшілері ауыз әдебиетін сонау заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан- ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізе білді.
Қоғамдық әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерілеуіне, адамның ой- санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең бойлауына байланысты ауыз әдебиеті де мазмұны мен формасы, айтылуы жағынан байып, дамып отырған.
Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан жанр түрі - мақал-мәтелдер. "Мақал-мәтелдер - халық творчествосының ең көне түрі.Сонымен қатар олар көне заманда туылған күйі қатып - семіп қалған емес, дәуір өзгерген сайын молайып, толығып отырған.Халық тұрмысындағы әрбір елеулі кезең, жаугершілік ,шапқыншылық болсын, той - думан болсын, шаруашылыққа байланысты жағдайлар, қуаныш - реніш, мұң мен зар, азат пен рахатты кездер түрлі айтушылардың өңдеулерінен өтіп қалыптасқан, мақалға айналған," - дейді Ә.Диваев.
Түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда қыруар еңбек сіңірген академик В.В Радлов (1837-1918) - қазақ сахарасының әрбір сөзі мен жырын , жұмбақтары мен мақал - мәтелдердін асыл лағыл тасқа балап, ерінбей жинап, моншаққа тізген.
Мақал - мәтелдерді зерттеуде Ә.Диваевтің рөлі күшті. Халық арасынан жинаған мақал - мәтелдерін ол 1900 жылы жеке кітапша етіп шығарады.Ал 1905 жылы Тоқболатов жинап берген қазақ мақал - мәтелдерінің жиырма алтысын "Туркестанские ведомостиге" бастырады.
Ә. Диваев мақал - мәтелдерінің кездескен барлық нұсқаларын толық қамтып жазуды мақсат еткен. Қазақ мақал - мәтелдерін елу топқа бөліп қарастырған (әйелдер туралы, жанұя туралы, ағайын - туыстық туралы, ер- жігіттік туралы т.б.).
Мұқтар Әуезов "Бақыт іздеп, ғасырлар бойы сахараны шарлап шар құрған мұңдар жолаушы - қазақ халқы - бізге ең асыл мұрасын мирас етті"- дейді.Мақал-мәтелдер зерттеу барысында Ахмет Байтұрсынов, Абай Құнанбаев, Н. Төреқұлов еңбек етті .
Мақал-мәтелдер құрамы ерекшеліктері.
Мақал-мәтелдер қосарлана айтылып, бір-біріне туыс болғанымен екеуінің өзара айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрамы жағынан да байқалады. Мысалы, " Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер" - деген мақалды алсақ, бұл екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдар екі бөлімнен болатынын білеміз. Ендеше, біз оны жіктеп көрелік:

А) Ойды түйіндеу жағынан:
Мақалдар: Мәтелдер:
1. Ой тиянақты білдіреді. 1. Қорытынды пікір жоқ.
2. Бір-біріне қарама-қарсы 2. Тұспал ғана бар.
ұғымдар мен нәрселерді 3. Мағана ашық емес.
салыстыру арқылы ой- 4. Ой астарлы мағанада
пікірді айқындай түсу түсіндіріледі.
басым.
3. Сөйлем аяғындағы сөздер
ұйқасқа құрылып, үндесіп
келеді.
4. Екінші сөйлемі мақалды
ажарландырып тұрады.
5. Ой тура мағанада беріледі.
Ә) Дыбыс үндестігіне негізделген
Мақал да мәтел де: теңеу әсерлеуметонимияметафора.

Мақал-мәтелдің шығу тарихы
Қожа Ахмет Ясауи бабамыз бір күні шәкірттерімен сұхбат құрып отырып:
- Мұхамбет пайғамбар миғражға көтерілген сапарында Алламен дидарласып, тілдескен екен. Сол кездесуде тоқсан тоғыз мың түрлі сөз айтылыпты. Оның отыз үш мыңы шариғат, отыз үш мыңы тариқат, отыз үш мыңы хақиқат екен. Мұнша көп сөз бір кітапқа сыймаған. Сол себепті де халық арасына кеңінен таралмапты. Сендер бүгін осы жерде әрқайсысың бір ауыз аталы сөзден айтыңдар. Мағынасы Құран аяты мен пайғамбар хадисімен үндесіп жатсын. Бұл асыл сөздер кейінгі ұрпаққа жәдігер болып қаларлық болсын. Сендердің сөздерің миғраждағы сұхбаттың көлеңкесі сияқты боп, жұрт аузында қалсын, - дейді. Шәкірттері олай болса ол сөздерді қалай етіп қалдырсақ дұрыс болар, - деп Әзірет Сұлтанның өзінен сұрайды.
Ясауи ұстаз:
- Мақал деп айтылатын сөз болсын. Шаруа көшсе байиды, дәруіш кешсе байиды. Уақытсыз ерден, бақытсыз ұрғашы артық, - дейді.
Сонда бір шәкірті:
- Ақылды ерден иман қашып құтылмас, - десе, және біреуі іліп әкетіп:
- Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге бақ тұрар, - депті. Тағы біреуі іркілместен:
- Дінде жүріп дос ізде, дұшпан өзі-ақ табылады, - дейді. Келесі отырғаны:
- Ер азаматтың кеудесі жүкті болмаса әйелі әулие тумас, - дейді. Енді бірі:
- Азамат ердің ішіне ат басындай шер өсер, - депті. Осылайша кезегімен мынадай мақалдар айтылып кете барыпты:
- Байқамаса жүрек те кірленеді, кірленсе қара тастай түрге енеді.
- Жігіттің де жігітін ниетінен байқаңдар, ниеті қалыс жігіттің кеудесінде сайтан бар.
- Ниет етсең, шөптен де жақсылық табасың.
- Отбасы ала болса кереге басы сайын пәле болады.
- Әулиеге екі дүние бір қадам.
- Пәлегі таза қауынның түйнегі жақсы болар, жүрегі таза адамның түйгені жақсы болар.
- Қолы ашықтың жолы ашық.
- Аллаға сенген құстай ұшады, адамға сенген мұрттай ұшады.
- Елдің ынтымағын ойламаған адам, Алланы бір деп біле алмайды.
- Қырықтың бірі Қыдыр, мыңның бірі уәли болар.
- Жұдырығы қаттыдан, жүрегі қатты жаман.
- Астан кедей қылса да, бастан кедей қылмасын.
- Күпірлік қылсаң, иығыңды зіл басар. Шүкірлік қылсаң, көкірегіңнен жын қашар.
- Ниеті тәуір жігіттің жүрісінде мін болмас, айтқанында зіл болмас, көңілінде кір болмас.
- Ер жігітке өлім барда қорлық жоқ.
- Бидайдың кеудесін көтергені дақылының жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені ақылының жоқтығы.
- Адамды күншіл қылатын - құштарлық пен іштарлық.
- Жетектесе ұятың, жетегінде жүре бер.
- Ұғымы жоқтың - жұғымы жоқ.
- Көкірегі көр болса, екі көзден пайда кем.
- Жетесінде жоқ болса, айтқан сөзден пайда кем.
- Қарт болуға бала кезден дайындал.
- Тонын айналдырсаң жүні шығады, ішін айналдырсаң жыны шығады, әйтеуір айналдыра берсең, періштенің де міні шығады.
- Есті білімін көтереді, надан көкірегін көтереді, ақымақ тұмсығын көтереді.
- Адам кейде азаптан ғибрат алады, рақаттан зақымданады.
- Шүкір қылған адамның, төрт жағы да - құбыла, айналасы - шұғыла.
- Ең алдымен нәпсі қуды жүгенде, содан кейін бар-жоғыңды түгенде.
- Жүрегі таза болса адамның, періштеден айырмасы болмайды.
- Қарыздың ең ауыры да, ең үлкені де - уәде.
- Опасызбен жолдас болма, дәміңді татып та кетеді, үйіңде жатып та кетеді, бәлеге шатып та кетеді, тар жерде сатып та кетеді.
- Қыз баланың қымбаты мен қимасы - ұяты мен ибасы.
- Әдепсіз әйелдің қолында әдепті қыз өспейді.
- Әр нәрсеге асық болғанша, бір нәрсеге машық бол.
Олардың қызметін қылып жүрген біреуі, сөз таба алмай отырып қалыпты. Содан шәкірттер жиналып:
- Егер жанымызда жүрген қуыс кеуде болатын болса, мұны ертіп не қыламыз? Қол-аяғын байлап суға тастайық, - деп, оған жабыла кетеді. Сонда қорқып кеткен ол:
- Ей, Алла терең батырып, көп қорқытады екен-ау. Өзің құтқар, - деп шыңғырып жібереді. Құрдастары:
- Болды босатайық. Бұл да бір ғибратты сөз айтты, - депті.
Шәкірттердің айтқан сөздері мақал-мәтел деп, Құран мен хадистің астарлы сыры айтылған жер кейін келе Сырдария аталыпты.
Халық қашан да мақал-мәтел деп қосып айта салады да, ол екеуінің айырмашылығын ашып жатпайды.Ал осы мақал-мәтел деп айту кездейсоқ емес. Өйткені, бұл екеуінің сыртқы, ішкі құрылысының бір-біріне өте жуық жатады.Жай сөйлем түрінде де, құрмалас сөйлем түрінде де кездесіп отырады.
Мақал - мәтелдер - талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар - келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды. Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде айтылады. Мысалдар: Кең болсаң, кем болмайсың. Әзіл айтсаң да, әділ айт. Бидайдың кеудесін көтергені - дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені - ақылы жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді. Мәтелдерде ой - пікір мақалдағыдай, тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап нұсқай салу (ишара) түрінде айтылады. Мысалдар: Айдағаның екі - ақ ешкі, ысқырығың жер жарады. Баяғы жартас - бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма. Ит ашуын тырнадан алады.
Мақал - мәтелдердің ішінде тура мағынасында ұғынылатыны да, астарлы, келтірінді мағынасында ұғынылатыны да бар. Мысалы, Олақтан салақ жаман; жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме деген мақалдарды тікелей, тура мағынасында ұғынамыз. Ал Болат пышақ қын түбінде жатпайды; Қалауын тапса, қар жанар - деген мақалдарды келтірінді мағынасында қабылдап түсінеміз. Мұның алдыңғысы "асыл нәрсе қашан да жарық көреді, ол үнемі жасырын күйінде қалмайды, қалай да бір жарқ етіп шығады" дегенді, ал соңғысы ретін тапса, қолдан келмейтін іс болмайды дегенді білдіреді.
Мақал - мәтелдердің көпшілігі образды, бейнелі түрде келіп, астарлы, ауыспалы мағынасында ұғынылады. Мысалы: Темірді қызға кезде соқ. Қолы қимылдағанның аузы қимылдар. Шабан үйрек бұрын ұшар. Сырын білмес 1аттың сыртынан жүрме.
Сөздің көркі- мақал" дегендей мақалдың көмегімен айтайын деген ойыңды ұнамды да ,ұтымды жеткізуге болады. Мақал-мәтелде басы артық сөз болмайды. Мақал-мәтел- сөз мәйегі. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Негізінен мақал - мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделіп жасалады. Ел ішіндегі мақалдар түгел жиналса, бір мың ғана емес, әлденеше мыңға кетері анық. Зерттеу кезіндегі іздену жұмыс барысында мақал-мәтелдердің толық жинақталып, бір басылым болып шықпағанын байқадым.Әр кітапта бытырап жүр.Мақал-мәтелдердің тақырыбы әр алуан.

1.2.Тәрбие үрдісінде мақал - мәтелдерді пайдалану.

Мақал-мәтелдер-бірнеше ғасырлар бойы атадан балаға мирас ретінде беріліп келе жатқан халық даналығы. Кез-келген халық мақал-мәтелдерді үнемі естеріне сақтаған, даяр тұрған мұра ретінде ұстап, өзінің күнделікті тұрмысында, бір-бірімен қарым-қатынас кезінде пайдалануға, сол арқылы өз ойларын, танымдарын құнарлы да тұшымды, көрікті жеткізуге тырысады.Мақал-мәтелдер -халықтың белгілі бір өмір тәжірибесінен жинақталған, айқын ойды үлгі-өнеге, өсиет ретінде көркем бейнелеп, жеткізетін халықтың көне де бай рухани қазынасы.Ел аузында Ер қазынасы-ескі сөз, ел қазынасы-ескі сөз, тіл қазынасы-ескі сөз деген мақал бар.Бұл мақал әшейін, әлдеқалай айтыла салған сөз емес, өмір жүзінде ел аузындағы ескі де мәнді сөздер.
Мақал-мәтелдер халықтың атам заманда өткен өмір тіршілігі мен бүгінгі болмысын болашағымен жалғастыратын алтын арқау: олар рухани, мәдени салт-дәстүрді жалғастырудың, адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, ділінде сақталуына бірден бір кепілі.Бұл қазына байлықтан айрылған этикалық қауым өзінің өткен өмірінен айрылды деген сөз, ондай қауымның болашағы да жоқ.
Олардың қалыптасу тарихы тым ерте басталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, халықтың өткен өмірі, дүниетанымы, әдет-ғұрып, салт-санасы өзгеріп, білімі, мәдениеті артқан сайын өзіне терең де мазмұнды, дұрыс идеялық мағынаны талап ете бастайды.Соған орай мақал-мәтелдердің тақырыптары да молыға түседі.
Мақал-мәтелдердің тарихи категория екендігі Қазақ әдебиеті тарихы атты еңбекте де айқын көрсетілген: Қазақ мақал-мәтелдерінде қазақ елінің басынан кешкен тарихи кезеңдердің із-сүрлеуі айқын көрінеді.Арғы көне заманнан бергі күн бүгінге шейінгі еліміздің тарихи даму жолында кездескен үлкенді-кішілі оқиғалардың бәріне де белгілі мөлшерде мақал-мәтелдер қазынасы өзінше енші қосқандығы байқалады.Бұл ойды Ә.Диваевтың: Мақал-мәтелдер халық творчествосының ең көне түрі.Сонымен қатар олар көне заманда туған күйі қатып-семіп қалған емес, дәуір өзгерген сайын молайып, толығып отырған, халық тұрмысындағы әрбір елеулі кезең, жаугершілік, шапқыншылық болсын, той-думан болсын, шаруашылыққа байланысты жағдайлар, қуаныш-реніш, мұң-шер, азап пен рахатты сәттер түрлі айтушылардың өңдеулерінен өтіп қалыптасқан, мақалға айналған,-деген пікірі құптай түседі.Әрі мақал-мәтелдердің заман дамуына орай өзгеретіндігін және көбейіп отыратындығын айтады (5,33б.).
Мақал-мәтелдер-кез келген ұлт мәдениетін, өмірін танытатын тұғыр.Ол өз тамырын тереңге жайып, ата-бабаларыыздың өмірімен болашағымен стасып жатады.Қазақ мақал-мәтелдерінің өзіне тән негізігі бір ерекшелігі- аз сөзбен көп мағына ерекшеліктерін беретіндігінде. Аз сөз - алтын, көп сөз- көмір,дей отырып, халық өзінің мақалдарында мазмұнды әңгіменіңтобықтай түйінін береді ой-пікірін,көзқарасын әрі терең,әрі ашық айтады.Мақал-мәтелдердің сөз саралауы олпы-солпы болмайды,етек-жеңі жинақы,ықшам келеді.Айтылатын пікір,жасалатын қорытынды,берілетін баға толық дәлелденген,шыңдалып,шынайыланып жонылып, өткірленіп келеді. Сондықтан да мақал оралымды,өткір болады.Мақал-мәтелде дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады.
Ішкі құрылысы жағынан алғанда, мақалдар екі түрлі:Біріншісі-айтайын деген ойды ашық етіп бірден,турасынан білдіреді. Жауды аяған жаралы қалады, Бірлігі жоқтың-тірлігі жоқ,т.б. Екіншісі-негізгі ойды астарлап айтатын, ишаратпен білдіретін мақалдар.Қазақ мақалдарының біразы осы соңғы түрге енеді. Мұныңа мысалдарына Жығылсаң нардан жығыл, Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме деген мақалдарды жатқызуға болады. Сырт қарағанда бұл мақалдарда айтылатын ой айқын,әрқайсысы өз орнында тұрған секілді. Бірақ олардың түпкі мағынасында басқа әңгімелер жатады. Жығылсаң нардан жығыл дегенде,нардан жығылып қалуды айтып отырған жоқ,нардай іске ұмтыл, мақсатыңа жете алмасаң, ол айып емес ддеген ойды білдіреді. Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме деуде тура мағына болуымен қатар, астарлап айтылған жанама мағына бар. Ол сырлас болмаған, сырын білмеген адаммен бірден ашна-жай болудың қолайсыз жағдайға душар ететінін айтады. Сондай-ақ, Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді, Керек тастың ауырлығы жоқ, Қысқа жіп күрмеуге келмес, Аузы күйген үріп т ішер деген тәрізді мақалдарды алсақ, бұлардың ішінде тура мағынадан гөрі, астарлап айтылған, жанама түрінде берілген мағына, ой-пікір жатқанын байқаймыз. Айтайын деген ойды осы сияқты жанама түрде астарлап айту мақалдарға тән еркшелік болып табылады.
Мақал-мәтелге тән ерекшеліктің бірі-оның құрылысында. Мақал - мәтелдер көбінесе, бір сөйлемнен құрылады Кеңесті ел-кемімес, Тіл-қылыштан өткір, Ақыл жастан шығады,асыл тастан шығадыт.б. Осындай бір сөйлем арқылы-ақ мағынасы терең, мазмұнды әңгімелерді жеткізе алады.
Мақал-мәтелдердің құрылысында дыбыс үндестігі, бір дыбысты не бір сөзді қайталаушылық,сөз ұйқасымы орын алады. Мақалды бұлай етіп құру,оның мазмұнын тереңдете түсумен қатар айтылатын негізгі ойды көркемдеп жеткізуге себепкер болады,соған көңіл аударады.
Болған іске бекем бол, Үміт-үзілмес, Ерлік-елдің сыны, Болған кісі болдым демес,болдым десе, болғаны емес дегендерден дыбыс қайталаушылықтың, дыбыс үндестігінің үлгілерін көреміз. Мұнымен қатар, қазақ мақалдары, көбінесе, өлеңнің жеті-сегіз буынды жыр түрінде жасалады. Негізгі ойды аз сөзбен өткірлеп, жеткізе айтуды көздеумен бірге, оның әдемі, көркем және ұйқасымды болып келу жағын да қарастырады.Бұл ретте кейбір мақалдар бір шумақтан тұратын өлең сияқты.Бұған: Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер; ер басына күн туса, етігімен су кешер, Арық деген жаман тай, жазға шығып ат болар; жамандығың сезілсе, жақын кісің жат болар, Жамандықты көп қусаң, құтылмас пәле жолығар, жақсылықты көп қусаң, бақ-дәулетің молығар деген мақалдар мысал бола алады.Мұндай мақалдар кейде терең мағыналы толғау, нақыл сөз есебінде де айтылады.
Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз саптасы жағынана бір-біріне жақын және ұқсас келеді.Бірақ өзара айырмашылығы да бар.Басты айырмашылық-бұлардың мазмұнында.Халық даналығының қоймасы-мақал-мәтелдер дедік.Солар арқылы халық өзінің үзеңгілесіне өмірді танытады, қоғам тіршілігінен, елдің хал-ахуалынан хабар береді, заманалар тілегі, мың жылдардың арман-мүддесі дуалы ауыздан шығып, ұрпақтан-ұрпаққа тарайды, халық қазынасы ретінде ғасырдан-ғасырға сақталады.Сондай-ақ мақал-мәтелдер әр түрлі дәуірдегінақты өмір шындығына, халықтың ерте кездегі ұғымына, ой-санасына сай келіп отырады.Осы халық қазынасының ғажап әдеби туынды екендігіне ол туралы оқыған сайын, білген сайын көзің жете түседі. Ғ.Жандыбаев та Сөз мәйегі атты еңбегінде: Мақал-мәтелдер-тәрбие, тағлым, даналық мектебі, сондай - ақ сонау ықылым замандарда туған мақалдар барлық ұрпақтармен бірге жасасып, күні бүгінгі біздің де құлағымызға жағымды, тілімізге жатық, санамызға сіңімді қалпын сақтап келеді.Осылай бола да бермек.Бұл мақал-мәтелдердің ескірмес, көнермес асылдығын көрсететін қасиет,-деп тілдік қорды байытар ел мұрасының айшықты,мәнді, зор талғаммен екшеленіп алынған сөз тізбегі екендігіне, олардың ерекше қасиетіне мән береді (1,115 б).
Сөйтіп тіл арқылы жеткен ауыз әдебиетінің осынау түріне баса көңіл бөлу міндет те.Дегенмен тіл бір ұлттың меншігі емес.Сол тілде сөйлейтін жеке адам өз ұлтының бітім- болмысын, дәстүрлерін сіңіру арқылы өз тарапынан ұлт мәдениетіне үлес қосады.

Мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының
И.Левитовтың пікірінше, оқушыларды, шығармашылық қабілеттері деп біз іс-әрекет қорытындысындаБаланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндікПедагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адамМектеп тегі оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық-мәдениеттің озық үлгілерінің мүмкіндігі мол,Олай болса, халқымыздың ұлдарымыз бен қыздарымыздың санасына сіңіріп, салт-дәстүрінҰрпақ - өмірдің жалғасы, халықтың мұрагері, кең даламызда көшпеліӘр халық тарихында бүкіл адамзатқа тән ортақ заңдылықтармен қоса,Халқымыздың қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, ұлттық мәдениет негіздері болғандықтан,Мектепте ұйымдастырылатын тақырыптық көрме, этностық шығармаларды сахнаға лайықтап көрсету,Қазақ фольклорының қай жанрын алсаңыз да, халқымыздың ғасырлар бойыДемек, мақал-мәтелдерді оқу үрдісінде пайдаланудың түрлі әдістемелікХалық мұрасы - ауыз әдебиетінің танымдық, тәрбиелік мәні шексіз,Балалар фольклоры - балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерінМақал-мәтелдер қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде көлемі шағын,Мақал-мәтелдер көркем шығармаларда да көп қолданылады. Ақын-жазушылар шығармаларында халықүлгілермен өздері Алтынсариннің Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала ашойламайды дейтін сөзі мақалға айналып кеткен . Мақал-мәтелдер - ертек, аңыз, батырлық - ғашықтық жырлар, қараМақал-мәтелдер көшпелі ел тұрмысынан туып, сол халык өмірінің барлықБалалар үшін айнала қоршаған табиғат, қоғамдық түрлі құбылыстар құпияЕңбек пен кәсіпке арналған мақал-мәтелдер: Мал баққанға бітеді, малдыӨнер-білімге арналған мақал-мәтелдер: Жігітке жетпіс өнер де аз, ӨнерӘулет және қоғам туралы мақал-мәтелдер: Ата - балаға сыншы,Тұрмыс-салт мақал-мәтелдері: Той десе қу бас домалайды, Тойдың болғанынанМақал-мәтелдерде баланың ақыл-ойын жетілдіруге, мінез-құлқын түзеуге айырықша көңіл бөлінген.Мақал-мәтелдер - әдеби жанр, әрқайсысы өз алдына мағына беретінҚазақ фольклорының қай жанрын алсаңыз да, халқымыздың ғасырлар бойыБаланың ойын дамытып, оны шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулитын жұмыстың тағыБастауыш сынып окушыларына арналған ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген жұмыстарда 1Отбасында ата-ана, мектепте мұғалім бала тәрбиесіне үлгі етіп, шешендікХалық дәстүрінің бала ұғымына сай жүйесін іріктеп, оқуға берілген

1.3. Мақал - мәтелдердің оқытылуы
Сөзіміз қазақ мақал-мәтелдерінің астарлы сыры болғалы отырғандықтан, тақырыбымыздың аты айтып тұрғанындай, орнынан ауысқан сөз мағынасы көздеген нысанадан дәл шықпайды.Мәселен қазақта: Немере несін береді, етін жеп сүйегін береді дейтін мәтел бар.Негізгі, бұл аастарлы мақсатта қолданылған сөз екенін көп адам аңғармайды.Оны дәл осы айтылған мағынасында түсініп, немереге әлденеден көңілі толмаған кезде қолданып жіберетін шал-кемпірді байқап жүрміз.Бұл мәтел біздің заманымыздағы кісілерге тура мазмұнды жетпеген.Ал анығында осы сөздің дұрыс мағынасы немере атасына құр сүйектің өзін бермейді.Қолына асықты жілік, жамбас сияқты кәделі сүйек түссе соны атасына, әжесіне ұстатады.Үлкендерге құрмет орнында сыйлап береді.Ал өзі жай, атақсыз етті жейді деген сөз.Осыны логикалық қисын жағынан алып қарасаңыз да көз ашқалы айналасынан өнеге, тәлім көрген немере қу сүйектің өзін беруші ме еді? Демек, мұны ойлы адамның бірі әдейі жорта айтқан.
Мақал-мәтелдің бір алуаны басқа бір нәрсеге қаратыла ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие үрдісінде мақал - мәтелдерді пайдалану
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
Мақал - мәтелдер арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу тәсілдері
Мақал - сөздің мәйегі
Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
Мақал-мәтелдердің лингвомәдени аспектіде зерттелуі
«Қазақ және ағылшын тілдеріндегі (адам, қоғам, табиғат) мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты»
5-сыныпта әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негіздері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
Бaлaлaр aуыз әдeбиeтi-бaлaлaр әдeбиeтiнiң aлтын қoры
Пәндер