Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
ФАКУЛЬТЕТ «БАЗОВОГО ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ»
КАФЕДРА «МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БИЗНЕС»
"Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі. кафедра «МиБ»
PhD, доцент
А. С. Кенебаева
«» 2019ж.
Хаттама№__
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігі: факторлар мен бағалау әдістері
Мамандығы 5B051000 - «ГиМУ»
Орындаған
4- курс студенті Талап А. М.
Тобы № 15-221
Ғылыми Жетекші Торекулова У. А.
Алматы, 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ: ФАКТОРЛАР МЕН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 6Аймақтардың бәсекеге қабілеттілігі . . . 6Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы . . . 14Бағалау факторлары мен әдістері . . . 24Аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау факторлары мен әдістері . . . 24Аймақтардың инвестициялық тартымдылығын бағалау факторлары мен әдістері . . . 28
- ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МӘЛЕМЕТТЕР БОЙЫНША ТАЛДАУ . . . 34Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары . . . 34Талғар ауданы туралы жалпы мәлеметтер . . . 40Талғар аудананың 2018 жыл бойынша кәсіпкерліктің дамуы . . . 41
- АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ . . . 51Талғар ауданының инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары . . . 52Талғар ауданының бәсекеге қабілеттілінін арттыру жолдары . . . 53
3. 3 . . . 54
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Инвестиция мемлекет экономикасына қосымша қаржы тарту. Яғни әлі де жетілмей жатқан салаларға көмек беру арқылы оларды жетілдіру. Оның арқасында аймақтар дамып, халық үшін жаңа жұмыс орындары ашылады.
Әр аймақтың өзінің негізделген, яғни маманданған саласы болады. Соған негізделе отырып сол жаққа инвестиция тарту. Инвестиция қаржылай, техника, технология, өндіріс күштері, адами капитал және тағы басқа күйінде болуы мүмкін. Мемлекеттің экономикалық өсуінің негізі болып аймақтардың әлеуметтік- экономикалық дамуы, сыртқы бәсекелестік негізі ретінде ішкі бәсекеге қабілеттілік деңгейінің өсуі және әлемдік нарыққа шығуды айта аламыз.
Өңірдің инвестициялық саясатын, аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында инвестиция үрдісін реттеу мен ынталандыру бойынша шаралардың жиынтығын тудырады.
Қазақстанның экономикасын нарыққа сәйкестендіріп, бағыттау маңызды орын алады. Қазіргі таңда болып жатқан жаһандану үрдістері елдің шаруашылық кешенінде аймақтардың рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық қызметінің тиімділігіне жауапкершіліктің жоғарылауы әлеуметтік-экономикалық өсу стратегиясын дайындау қажеттілігімен аймақтық басқару субьектісін қояды. Оның маңызды элементі аймақтың шаруашылық кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Өзіміздің мемлекеттік және шетелдік инвесторларға инвестициялық климат ерекше өзектілік пен маңыздылық болып табылады. Аймақтың инвестициялық тартымдылығы деп біз белгілі аймаққа тұрақты капитал құйылымының алғышарттарын қалыптастыратын әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесі деп түсінеміз. Бұл әлеуметтік-экономикалық қатынастар белгілі аймақтың шаруашылық аясына отандық және шетелдік капиталдың ұмтылысын анықтайтын саяси ұйымдастырушылық, құқықтық, таза экономикалық ретінде айқындалуы тиіс. Инвестициялық тартымдылық осы аймақтың позитивті инвестициялық климаты негізінде қалыптасады және қалыптастырады. Аймақтың инвестициялық тартымдылығы аймақтың жалпы жағдайының интегралдық сипаты болып табылады және осы тәуелділіктен аймақтық шаруашылық дамуының көптеген тенденциялары қалыптастырады.
Жоғары дамыған елдердегі инвестициялық тартымдылық, инвестициялық қызмет, мемлекет экономикасы өсуінің, өнеркәсіптерінің өндірісі өсуінің және өндірісті басқару тиімділігін арттырудың негіздерінің бірі болды. Барлық кәсіпорындар инвестициялық қызметпен байланысты. Кез келген аймақта, кез келген компания өзінің жұмыс істеу нәтижесінде өз дамуына қаражат салу қажеттілігімен бетпе-бет келеді. . Кез келген тиімді жұмыс істейтін кәсіпорында инвестициялық процесті басқару мәселелері ең басты орындардың бірін алады. Мемлекет экономикасын жақсартып, жұмыссыздықтың алдын алудың бірден бір жолы. Жоғарыда айтылғандарға байланысты дипломдық жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады.
Бүгінгі күні мемлекет аралық экономикалық бәсекелестік күшейіп келеді. Әр мемлекет ұтымды жақтарын дамытып, басқа мемлекеттерге қарағанда өз тауарларын, қызметтерін арзандау және сапалы сатуға тырысады. Экономика өсуінің негізгі талаптарының бірі ол бәсекеге қабілетті күшейтіп, инвестиция тарту. Іштегі инвестиция мен сырттағы инвестицияны тарту бүгінгі күні өте маңызды. Қазақстан үшін шет ел инвестициясын тарту басым бағыттардың бірі болып келеді. Қазақстан қазіргі уақытта өзінің инвестициялық тартымдылығын жетілдіру, күшейту мақсатында көптеген халықаралық интеграциялық процестердің басты ойыншыларына айналуына өзінің мүмкіндіктерін ашып жатыр. Әлемдік экономикада Қазақстанның ДСҰ мүше ретінде, аймақтық деңгейдегі еуразиялық одақтың ойыншысы ретінде өзінің инвестициялық потенциялын арттырудың жолдарын қарастырып жатыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Талғар ауданы мысалында Қазақстан аймақарының инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдарын қарастыру.
Міндеттер:
- Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілік ұғымын ашу;
- инвестициялық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігі: факторлар мен бағалау әдістерін қарастыру;
- Талғар ауданынан алынған мәлеметтер бойынша талдау жүргізу;
- Жасалған талдаулар қорытындысы бойынша инвестициялық тартымдылық пен бәсекеге қабілеттілікті жақсарту жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы: зерттеу жұмыстары қорытындысы бойынша, аймақтардың инвестициялық тартымдылығының мәні мен маңыздылығы толықтай ашылды. Дипломдық жұмыс жазу барысында отандық және шетелдік авторлардың оқулықтары, оқу құралдары мен ғылыми мақалалары, мемлекеттік даму бағдарламалары, нормативтік-құқықтық актілер және БАҚ шолулар қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тәжерибелік маңыздылығы. Дипломдық жұмыста келтірілген мәлеметтер, оқушылар мен студенттер, мемлекет пен инвестициялық көмек қажет ететін кәсіпкерлер үшін аймақтардың инвестициялық тартымдылғы мен бәсекеге қабілеттілігінің маңыздылығы түсініп, оны дамыту үшін жақсы септігін тигізбек.
Зерттеу аясы. Мемлекеттік басқару, Талғар ауданының инвестициялық тартымдылығын және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Зерттеу обьектісі. Талғар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы.
1. АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ: ФАКТОРЛАР МЕН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Аймақтардың бәсекеге қабілеттілігі
Өңірдің бәсекеге қабілеттілігі - бұл өңірлік органдардың бизнес-салаға инвестиция тарту жолымен халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға, экономиканың неғұрлым перспективалы өсуін, шағын бизнес инфрақұрылымын дамытуға қабілеттілігі [1] .
Ахмет Аляз Қазақстандағы үлкен-кіші фирмаларға бюрократизм ықпал етіп жатқандығып және инвесторларға қолдау көрсету қажет екендігін, инвестиция капитал, білім, технология және табысты талап ететіндігін, инвестицияларға сенім беретіндей заң қажет екендігін айтты[2] .
Аймақтардың бәсекеге қабілеттілігі - бұл аймақтардың ресурстарын пайдалану, ең алдымен капитал, жұмыс күші, және басқа да көрсеткіштердің жоғары өнімділік деңгейі.
И. П. Данилованы, Ю. Б. Жамьянованы анықтаудағы өңірдің бәсекеге қабілеттілігі халықтың жоғары өмір сүру деңгейін және капитал иелерінің табысын қамтамасыз ету, сондай-ақ тауарларды өндіру және қызмет көрсету кезінде өңірдегі экономикалық әлеуетті неғұрлым тиімді пайдалану қабілеті болып табылады делінген [3] .
Қазіргі заманғы экономиканың жұмыс істеуі жағдайында өңірдің бәсекеге қабілеттілігінің өсу проблемалары басым міндеттердің бірі болып табылады. Себебі отандық экономиканы дамытудың оң серпіні мемлекеттің экономикалық жүйесінің тұрақтылығына, сенімділігі мен тұтастығына тікелей әсер етеді [4] .
Айматың бәсекеге қабілеттілігінің негізінде сол аймақтағы тиімді тауар, қызмет көрсететін, өндірушілер мен кәсіпкерлер, шаруашылық саласындағы барлық субьектілер кіреді [5] .
Жаһандану тұрғысынан алғанда, сыртқы экономикалық саясат бәсекеге қабілеттілікті басқару әдістерінің ең пәрмендісі. Оны пайдаланудың арқасында мемлекеттің имиджі, тартымдылығы, экономикалық мәртебесі жетекші ұлттық компаниялардың және экспортқа бағдарланған салалардың, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілігі жекелеген өңірлердің сыртқы экономикалық факторлар сөзсіз, ел мен оның өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады [6] . Алайда, тиімді пайдалану арқылы аймақтың ішкі және сыртқы нарықтарда табысты бәсекелесу мүмкіндігі өсіп келе жатқан ішкі факторлар да маңызды мәнге ие [7] . Аймақтың экономикалық өсу қарқыны жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткішінен көре аламыз. Жалпы өңірлік өнім көрсеткішінде біз, мемлекет территориясындағы барлық өндірушілердің :үй шаруашылығы, кәсіпорындар мен ұйымдардың белгілі бір кезең ішінде өндірген түпкі тауарлары мен көрсеткен қызметтерінің нарықтық құнын білдіретін жиынтық көрсеткішті көре аламыз [8] . Бұндай көрсеткіштер аймақтағы қалыптасып жатқан жағдайды, артықшылықтары мен кемшіліктерін ашық көруге мүмкіндік береді.
Аймақтың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру тек жедел экономикалық өсуге қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар Аймақтық ресурстық әлеуетті ұтымды және неғұрлым тиімді пайдалануға да әсер етеді, бұл сайып келгенде оның экономикалық субъектілері мен тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді [9] .
Сонымен қатар, әр түрлі нұсқаларда "өңірдің бәсекеге қабілеттілігі" ұғымының көптеген түсіндірмелері бар. М. Портер өңірдің бәсекеге қабілеттілігін өңірлік өнімдерді пайдаланудың өнімділігі ретінде және ең алдымен, халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім шамасындағы басқа өңірлермен салыстырғанда жұмыс күші мен капиталды пайдалану ретінде анықтайды.
Қазіргі таңда бәсекеге қабілеттілік әлемдік деңгейде дамып жатқанда, мемлекеттің ойнайтын ролі өте жоғарылай береді дейді Майкл Портер
Әрбір мемлектің салаларды қолдап, бәсекеге қабілетттікті арттыру үшін мынадай атрибуттарын көре аламыз:
1. Факторлар үшін жағдайлар. Өндіріс факторлар үшін мемлекеттің, яғни осы салада бәсекелестік күрес жүргізу үшін қажетті білікті жұмыс күшінің немесе инфрақұрылымның болуы.
2. Сұраныс жағдайы. Салалық өнім немесе қызметтер үшін ішкі нарықтағы сұраныс сипаты.
3. Туыстық және қолдау салалары. Белгілі бір мемлекетте делдал салалар болуы немесе сол мемлекетте әлемдік деңгейге қабілетті саланың бар болуы
4. Тұрақты стратегия, құрылым және бәсекелестік. Елде бар
компанияларды құру, ұйымдастыру және басқару шарттары, сондай-ақ
ішкі бәсекелестік.
М. Портер бәсекеге қабілеттілікті әлемдік деңгеймен салыстыра қарау керек деп ойлайды. Мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарының арқасында "конкурентный ромб" (немесе "алмаз") атауы пайда болған. Оның құрамын мындай негізгі топ артықшылықтар кіреді:
- факторлық шарттар: адами және табиғи ресурстар, ғылыми- ақпараттық әлеует, капитал, инфраструктура, сонымен қоса өмір сапасының факторлары;
- ішкі сұраныстың шарттары: сұраныс сапасы, әлемдік нарықтағы сұраныс тенденсиясына сәйкес келу, сұраныс көлемін дамыту;
- қызмет көрсету салалары (салалардың кластерлері) : шикізат шығаратын салалар, жартылай фабрикаттар, құрылғылар шығаратын салалар, сол шикізатты, құрылғыларды, техниканы, технологияны пайдаланатын салалар;
- фирмалардың стратегиясы мен құрылымы, ішкі бәсекелестік: мақсат, стратегия, ұйымдастыру әдіс- тәсілдері, фирма менеджменті, ішкі салааралық бәсекелестік [10] .
Бұл жағдайда үш алғашқы кезең экономикалық өсуді қамтамасыз етеді, ал соңғы кезең тоқырау мен құлдырауға сәйкес келеді. Осылайша, өңірдің бәсекелестік артықшылығы әр кезеңде әр түрлі факторлар есебінен қамтамасыз етіледі (1-кесте)
1-кесте Экономикалық дамудың әртүрлі сатыларында өңірдің бәсекелестік артықшылығын қалыптастыру
ішінара
пайдаланылады
ішінара
пайдаланылады
ішінара
пайдаланылады
ішінара
пайдаланылады
ішінара
пайдаланылады
ішінара
пайдаланылады
- бірінші сатыда-өндіріс факторларының: Табиғи ресурстар, тауарларды өндіру үшін қолайлы жағдайлар, қалыптасқан және білікті адам ресурсы есебінен (бір детерминантпен қамтамасыз етіледі) ;
- екінші кезеңде - білім беруге, технологияларға, лицензияларға (үш детерминантпен қамтамасыз етіледі) агрессивті инвестициялау есебінен) ;
- үшінші сатыда - өнімнің жаңа түрлерін, өндірістік процестерді, ұйымдастырушылық шешімдерді және басқа да инновацияларды құру есебінен "ромб" барлық құрамдастарының әрекеті арқылы (факторлар, стратегиялар, сұраныс жағдайлары, ұқсас салалар) ;
- төртінші сатыда-қалыптасқан байлықтың есебінен және толық пайдаланылмайтын барлық детерминанттарға сүйенеді.
Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі үшін негізгі факторлар әдетте, алдыңғы өткен ұрпақтардан мұра ретінде берілмейтіні ол еңбек қызметінің процесінде құрылатыны анық. Осыған байланысты факторлар, табиғаттан тегін келетін негізгілерге (табиғи және климаттық ресуртар, мемлекеттің географиялық орналасуы және біліксіз жұртшылық), және дамыған, мандай термен және қанмен жинақталатын (заманауй инфрақұрылым, жоғары білікті персонал, ғылыми-техникалық ақпараттар банктері және т. б. ) болып бөлінеді. Тек қана дамыған факторлар бәсекелес-мемлекеттер көшіріп алуы қиынға соғатын, мемлекетке бәсекелестік артықшылықтар әкеледі. Осы жерде, Қазақстан неліктен орасан зор табиғи байлықтарға ие болғанына, халықының толықтай дерлік сауаттылығына және жеткілікті дәрежеде ғылыми-техникалық мүмкіншілікке иелену барысында әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті емес? Бұл жағдай біздің мемлекетіміздің көп деңгейде негізгі факторларының орын алумен, ал дамыған факторлармен қамтамасыз етілуі планетаның озық мемлекеттері деңгейінен маңызды қалыс қалуымен түсіндіріледі.
Әрбір өңірдің бәсекеге қабілеттілігі оның қызметінің түрлі салаларындағы белгілі бір бәсекелестік артықшылықтарға негізделеді. Өңірдің бәсекелестік артықшылықтарына жалпы факторлар әсер етеді (1-сурет)
Инфрақұрылымды, өндіріс технологиясын дамыту
Географиялық орналасуы. Табиғи ресурстардың бар болуы
Өңірде өндірілетін өнім, нарық сыйымдылығы, сұраныс
Бәсекелестік артықшылықтар
Экономикалық жағдай
Аймақтағы демография
Өңірдегі саяси жағдай, заңды құқықтар мен бостандықтарды сақтау
1-сурет Аймақтың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
Ескерту: әдебиет негізінде автормен құрастырылған [11]
Аймақтың бәсекелестік артықшылықтары: Инфрақұрылымды, өндіріс технологиясын, географиялық орналасуы, т абиғи ресурстардың бар болуы, өңірде өндірілетін өнім, нарық сыйымдылығы, сұраныс, аймақтағы демография, экономикалық жағдай, өңірдегі саяси жағдай, заңды құқықтар мен бостандықтарды сақтау көрсеткіштері арқылы бағаланады.
Өңірдің бәсекеге қабілеттілігінің ерекше факторлары:
- импорттық өнімдермен бәсекеге қабілетті өңірлік өткізу нарықтары үшін отандық тауарларды өндіру мүмкіндігі;
- ішкі нарық үшін тауарлар мен қызметтер өндірісінің халықаралық стандарттарын енгізу;
- тауарлар өндірісінің көлемін ұлғайту кезінде шығындарды төмендету;
- басқа компаниялардың тәжірибесін пайдалануға негізделген толыққанды басқару үшін оңтайлы шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін икемді басқару жүйесін құру. Осылайша, өңірдің бәсекеге қабілеттілігі келесі элементтерді құрайды (2-сурет) :
Аймақтың бәсекеге қабілеттілігі
Елдің экономикалық кеңістігіндегі аймақтың рөлі мен орны
Ішкі және сыртқы нарықтардағы өңірдің және оның субъектілерінің жағдайы
Өңірлік ресурстарды ұлғайту
2-сурет Аймақтың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын элементтер
Ескерту: әдебиет негізінде автормен құрастырылған [11]
- халықтың өмір сүру деңгейі және өңірде бар экономикалық әлеуетті іске асыру мүмкіндігі (қаржылық, өндірістік, еңбек, инвестициялық, ресурстық) ;
- экономикалық, әлеуметтік және басқа да факторларға негізделген өңір мен оның жекелеген тауар өндірушілерінің ішкі және сыртқы нарықтардағы жағдайы, көрсеткіштер (индикаторлар) арқылы көрсетілетін;
- өңірдің ішкі және әлемдік нарықтардың талаптарына жауап беретін тауарлар мен қызметтерді өндіру, жағдай жасау қабілеті;
- жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) тұрақты өсу қарқынын және әлемдік мәндер деңгейінде аймақ халқының өмір сүру сапасын қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізуші субъектілердің бәсекеге қабілеттілігі әлеуетінің өсуін қамтамасыз ету үшін өңірлік ресурстарды (инновациялық, зияткерлік, инвестициялық) арттыру.
Қазақстанның ғаламдық бәсекелестік аймаққа енуінің нақты жолы, келесі бағыттарды жүзеге асыруда екенін айта кету керек:
• кен өндіру салаларында шикізатты алғашқы өңдеу дәрежесін нығайту;
• жаңа технологияларды игеру, ғылыми-техникалық зерттеулер, шикізаттың, материалдардың жаңа қайнар көздеріне капиталды салудан тұратын кәсіпорындардың инвестициялық саясатының бағыттарын әзірлеу;
• халықаралық бәсекеге қабілеттіліктің ұлттық саясатын әзірлеу;
• импортты қысқарту және отандық тауар өндірушілерін қолдау;
• қазақстандық бәсекелестік ортаның сапасының әлемдік нарықтың аналогтарының сапасымен біртіндеп жақындастыру;
• акциялардың бір бөлігін шетелдік стратегиялық инвесторларға сату арқылы халықаралық дамыған желілерді пайдалану құқығына ие болу мүмкіндігі;
• елде бар жоғары білікті, білімді және сұранысқа ие персоналды пайдалану арқылы қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту[12] .
Бәсекеге қаблеттілік пен инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін инвесторларға қолдау көрсетуіміз қажет.
Аймақтардың бәсекелесті позициясы ретінде барлық артықшылықтарының жиынтығын айтамыз. Оған тауарлар нарығы, капитал, қызмет көрсету, инвестицияны жатқызсақ болады. Егер аймақтар мынадай параметрлерге жауап берсе ( тұрақтылық, сенімділік, шет ел немесе отандық инвесторлар үшін тартымдылық) онда ол аймақтың бәсекелестік позициясы қолайлы болмақ.
Аймақтың бәсекелестік позициясын сипаттайтын негізгі шарттар ретінде мыланарды көрсетсек болады:
- аймақтың ыңғайлы географиялық орналасуы;
- жаңа және жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды қайта жаңарту үшін табиғи ресурстардың (шикізат, гидроэнергетикалық), бос жерлердің болуы;
- өндірісті ұтымды орналастыру;
- өңірдің экономикалық құрылымының отандық және әлемдік нарықтардың заманауи талаптарына сәйкестігі;
- аймақтағы еңбек әлеуетінің, зияткерлік капиталының болуы;
- дамыған материалдық және нарықтық инфрақұрылымның болуы;
- өңіраралық шаруашылық байланыстардың дамуы мен тұрақтылығы;
- өндірістік және коммерциялық қызметті сүйемелдеу үшін ғылыми-техникалық әлеуеттің және ғылыми-ақпараттық базаның болуы;
- Қазақстанда және шетелде тұрақты сұранысқа ие өнімді шығаруға арналған аймақтың стратегиясы (жалпы өндіріс көлемінде мұндай өнімнің жоғары үлесі) ;
- өңірдің бюджет-қаржы жүйесінің теңгерімділігі;
- жоғары сыртқы экономикалық әлеуеттің болуы, шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту;
- өңірлік нарықтың сыйымдылығы, оның әлемдік (мысалы, еуропалық) нарықтарға жақындауы;
- өңірдегі саяси жағдайдың тұрақтылығы;
- халықтың аймақтық көшбасшыларға деген сенімі;
- өңірде әлеуметтік бағдарланған даму бағдарламасының болуы;
- өңір экономикасын дамытудың басым бағыттарына қатысты жергілікті биліктің протекционизмі.
Өңірдің негізгі бәсекелестік артықшылықтарын бірнеше блоктар бойынша қараған жөн:
- табиғи-аумақтық артықшылықтары;
- өндірістік артықшылықтары;
- институционалдық артықшылықтар;
- инвестициялық артықшылықтар
Өңірлік бәсекеге қабілеттілік стратегиясын қалыптастыру процесінде мақсаттарды анықтау мынадай кезеңдерден тұруы тиіс:
- өңірдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді міндеттерді анықтау.
- қойылған міндеттерді іске асыру сапасын бағалау көрсеткіштерін енгізу және анықтау.
- осы стратегияны өңірлердің дербес іс-қимылдарын көтермелеу есебінен жүзеге асыру. Елдің өңірлік саясатының стратегиялық мақсаттары:
-білім беру стандарттарын жақсарту және оның азаматтардың барлық санаттарына қол жетімділігін қамтамасыз ету;
- аумақтық бірліктердің қаржыларын басқарудағы шығындарды қысқарту;
- халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өңірлерде экологиялық қауіпсіздіктің қазіргі заманғы стандарттарын енгізу;
-бастапқыда бәсекелестік артықшылық ала алатын аймақ қызметінің негізгі салаларын анықтау, бөлу;
- - жекелеген өңірлердің ресурстарын біріктіру, бұл экономикалық өсу қарқынын ұлғайтуға және бүкіл мемлекеттің экономикасын құрылымдауға мүмкіндік береді [13] .
Аймақтың бәсекеге қабілеттілігіне көптеген факторлар әсер етеді. Бәсекеге қабілетті әрбір аймақ сол факторларды ескере отырып, өз мүмкіндіктерін пайдалана оырып, сол елдің әлемдік нарыққа шығуына жағдай жасайды. Әр аймаққа біріншіден, қандай фактор немесе қандай сала осы аймақтың бәсекесін арттыруда қабілетті екенін анықтау, екіншіден, осы саланы негізге ала отырып аймақты басқарудың жаңа стратегиялық жүйесін әзірлеу маңызды іс болып табылады.
1. 2. Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы
Аймақтың инвестициялық тартымдылығы - бұл инвестордың, инвестициялық тәуекел, инвестициялық әлеуетке сүйене отырып өңірді субъективті қабылдауын көрсететін инвестициялық айтақтың интегралды сипаттамасы [14] .
Инвестициялар - лизинг шарты жасалған кезден бастап қаржы лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) ; [15] .
Инвестицияның түрлері жəне типтері . Іс-жүзінде инвестицияларды мынадай түрлері белгілі:
Мемлекеттік инвестициялар , мемлекеттік бюджет есебінен жəне басқа да мемлекеттік қаржы көздерінен экономикалық жəне əлеуметтік дамуға бағытталған инвестициялар;
Жеке инвестициялар , корпоративтік кəсіпорындар мен ұйымдардың
меншікті жəне тартылған қаражаттары, сондай-ақ азаматтардың жинақтары
есебінен жүзеге асатын инвестициялар;
Шет елдік инвестициялар , пайда табу мақсатында кəсіпкерлік жəне басқа да қызмет түрлерінің объектілеріне салынған шет елдік инвесторлардың (мемлекеттің, банктердің компаниялардың, кəсіпкерлердің) барлық мүліктік жəне интелектуалдық құндылықтары [16] ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz