Баспанада болу ережелері



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

ЕСЕПТЕМЕ
өндірістік тәжірибені өту жөнінде

Орындаған: Қалдыбек Сымбат Төлегенқызы

Тексерген: Амитов Султанкожа Абдукадырович

Алматы, 2018ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты ҚҚ мекемесіне жалпы сипаттама
1.1. Негізгі қағидалары, мақсаттары мен жұмыс нысандары
1.2. Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты ҚҚ - ARASHA приюты әлеуметтік жобасы
2. Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты ҚҚ мекемесінде клиенттерге әлеуметтік көмек көрсету механизмдері
2.1. Орталықтың клиенттеріне көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері, әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеттері
2.2. Бағдарламадағы арт-терапиялық сабақтар және тәрбие жұмыстарына талдау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі.
Қосымшалар.

Кіріспе

Өндірістік тәжірибе Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты ҚҚ мекемесінде әлеуметтік қызметкердің жеке көмекшісі лауазымы ретінде өтті.
Тәжірибелік зерттеудің объектісі: Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты ҚҚ мекемесі.
Тәжірибелік зерттеудің пәні: Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты ҚҚ мекемесіндегі клиенттерге көмек көрсету механизмі.
Өндірістік тәжірибені өтудің негізгі мақсаты: мекеменің клиенттерге көмек көрсету механизмін талдау.
Көздеген мақсатқа жетудегі міндеттер:
- Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты ҚҚ мекемесінің жалпы сипаттамасын зерттеу;
- мекемедегі клиенттерді психологиялық оңалту бағдарламасын сипаттау;
- дағдарыс орталығында зорлық-зомбылық құрбандарымен әлеуметтік көмек көрсету механизмдерін талдау.
Өндірістік тәжірибедегі зерттеудің негізінде Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты ҚҚ мекемесінің Клиенттерді психологиялық оңалту бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы, Байсакова З.М Тұрмыстық зорлық құрбандары үшін дағдарыс орталығы: қағидалар және жұмыс нысандары оқулығы, А. И. Копытин Психотерапия, Вуд М. Арт-терапия и расстройства питания: Теория и практика әдебиеттері қолданылды.
Өндірістік тәжірибеден өтудің де өзіндік мақсаттары мен міндеттері болады. Тәжірибенің мақсаты:
-әлеуметтік қызмет көрсететін мекеменің жұмыс құрылымымен, әр түрлі саладағы мамандардың кәсіби іс-әрекетімен танысу;
- әр түрлі категорияға жататын азаматтарды әлеуметтік жұмыстың технологияларын, меңгерілген теориялық білімдерді әлеуметтік жұмыстың тәжірибесінде қолдану дағдыларына үйрету;
- студентті кәсіби әлеуметтік жұмысқа дайындау, әлеуметтік топтардың түрлі категорияларына қолданылатын әлеуметтік жұмыстың технологияларын меңгерту;
Өндірістік тәжірибе мақсатына жетуде студенттердің келесі міндеттерді орындалуымен жүзеге асырылады:
-Мекеменің ұйымдастыру-әкімшілік құрылымының ерекшеліктерін талдау және ұйыммен танысу;
- әлеуметтік жұмыскердің мекемедегі әлеуметтік көмек көрсету қызметінің негіздерін зерттеу.
- практикалық жұмыс істеуде диагностикалық - түзетуші дағдылар және клиенттермен жұмыс жасау дағдыларын үйрену, жетілдіру.
- әлеуметтік қызметтің шығармашылық, ғылыми-зерттеу әдісін дамыту.
- әлеуметтік жұмыс қызметкерінің кәсіптік жұмысының дағдыларын шоғырландыру және өңдеу, алдыңғы тәжірибе кезеңінде алынған дағдыларды шоғырландыру және жаңа дағдыларды меңгеру;
- теориялық курста меңгерілген білімдерді бекіту және оларды практикалық іс-әрекетте пайдалану, сонымен қатар дипломдық жұмысты орындау үшін материалдарды таңдау;
- кәсіби іс-әрекетте мәселерді шығармашылық шешуге мүмкіндік беретін оқу, ғылыми, арнайы, нормативті-әдістемелік әдебиеттерді талдау;
- тәжірибе мақсаты мен міндеттерінің студенттерінің дайындау деңгейіне сәйкестігі;
- тәжірибе құрылымы мен мазмұнының әр түрлі курс студентерінің мүмкіншіліктеріне сәйкес келуі.
Сонымен қатар, мекеме жетекшілерінің де тәжірибе міндеттері бар. Жетекшісінің ұйымның атынан атқаратын негізгі міндеттері:
-Студенттердің практика бағдарламасына және келісіміне сәйкес тәжірибені ұйымдастырады;
- Тәжірибе бағдарламасының жүзеге асырылуы үшін арнайы шарттарды жасайды, студенттердің жұмыс орындарын, міндеттерін, тәжірибе кезінде орындалатын міндеттерді айқындайды, сонымен қатар, студенттердің тәжірибе бағдарламасында қарастырылмаған міндеттерді орындалуына жол бермейді;
- Студенттерді ұйымның ішкі құрылымыымен, оның іс-әрекетінің салаларымен, сонымен қатар, бітіру жұмысында қажет болатын құжаттармен танысуға мүмкіндік береді
- Құжаттармен жұмыс бойынша студенттерге кеңес береді, тәжірибеде оны талдаудың, қорытындылаудың және басқару шешімдерін қабылдаудың әдістерімен таныстырады;
- Өндірістік тәжірибенің негізгі кезеңдерінің өтуіне және студенттердің жұмысына қадағалауды жүзеге асырады;
- Студенттерді жұмыс орнында қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді;
- Тәжірибе соңында студентке тәжірибенің қорытындылары, оның жұмысының бағасы мен іскерлік және тұлғалық қасиеттері сипатталған мінездеме беріледі.

1. Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты ҚҚ мекемесіне жалпы сипаттама
Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты ҚҚ өз қызметін 2010 жылы дағдарыстық орталығының міндетімен бастаған болатын: Алматы қаласындағы әйелдерді олардың жақсы тұрмысын және азаматтық көзқарасын арттыру және әйелдердің жағдайына қоғамның қатынасын өзгертуге әсер ету үшін құқықтық, әлеуметтік және психологиялық қолдау. АҚШ, Ресей, Эстония елдеріндегі дағдарыстық орталықтарының тәжірибесін негізге ала, дағдарыс орталықтарының екі басты қағидасын басшылыққа ала отырып: 1) әйелдерге құпия, жоғары білікті кеңес және басқа да әлеуметтік қызмет көрсету ниеті, 2) қоғамды өзгертуге ұмтылу және зорлықсыз қатынас мәдениеті философиясымен гендерлі саясатты енгізу.
Басты принцип - жоғары білікті әлеуметтік көмек көрсетумен қамтамасыз ету - әдетте жыныстық және үйдегі зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарын құру кезінде талқыланады. Жедел желіде кеңес беру, дәрігерге дейінгі бірінші медициналық көмек көрсету, топтық және жекелей терапия, әлеуметтік қызметтер, баспаналар, ақпараттық-білім беру қызметі,заңдық көмек - осының барлығын орталық тікелей зорлық құрбандары үшін қарастырады.
Дағдарыстық орталық қызметінің негізгі қағидалары:
Қиындықтағы қорғаныс - ашық есік қағидасы.Орталықтың ең маңызды функция зорлық-зомбылық құрбаны болған немесе оған қауіп төндіретін балалары бар әйелдерді кез-келген уақытта баспанамен және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету болып табылады.
Анонимділік.Қауіпсіздіктің маңызды аспектісі - жасырындық: әрбір әйел өзінің тұрғылықты жері белгісіз болып қалуымен байланысты болуы керек. Баспана қызметкерлері жасырындылыққа толықтай кепілдік береді.
Өтпелі кезең.Әйелдер баспанада шектеулі уақытқа қалады. Максималды болу ұзақтығы 14 күнді құрайды, айрықша жағдайларда ол мерзім ұзартылуы мүмкін.
Жаңа бағдар беру мүмкіндігі.Баспананың әрбір тұрғыны орын алған жағдайды қайта қарастыруға, өзінің ұсыныстарын, тілектерін, мақсаттарын түсінуге мүмкіндік алады.Сонымен қатар, ол өзіне ұқсас тәжірибесі бар басқа әйелдермен қарым-қатынаста оқшаулануды жеңе алады және оның жағдайы өз кінәсінен емес екенін, сондай-ақ, мұндай ситуацияға түскен тек өзі ғана емес екенін түсінеді. Орталықтың қызметкерлері клиенттің басында болған жағдайдың шынайы себептерін іздеуге көмектеседі.
Өз-өзіңе көмектесу үшін көмек.Баспананың жұмысындағы іргелі қағида - өз өмірімді өзгертемін деген көмекке жүгінгендердің бәрі жауапкершілікті әрекеттерге қабілетті болып саналады.
Өзін-өзі басқару.Баспананың қызметі тұрақты және ерікті қызметкерлермен, сондай-ақ приют тұрғындарымен өзін-өзі басқару қағидаты бойынша жүзеге асырылады.Демек, бұл тұрғындар баспананы басқаруды ұйымдастыруға қатысады дегенді білдіреді.
Баспанадағы балаларды қолдау.Балалар тек қана ата-аналар тарапынан көрсетілетін қатігездік қарым-қатынастан зардап шегіп қана қоймай, сонымен бірге көбінесе физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып та табылады. Орталық қызметкерлері осындай балаларды өздерінің қиын жағдайларында қолдайды.
Дағдарыс орталығының миссиясы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге әлеуметтік және психологиялық көмек пен уақытша баспана беру болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
:: Алматы қаласы және облысы тұрғындары мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің барлық нысандарын жою бағытталған білім беру және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу:
:: Алматы, Қазақстандағы зорлық құрбандарын әлеуметтік, психологиялық, заңдық және медициналық көмек туралы толық ақпаратпен қамтамасыз ету;
:: зорлық-зомбылық құрбандарына телефон арқылы кеңес беру және басқа да көмек көрсету түрлерін жүргізу.
:: зорлықты болдырмайтын қоғам құру, адам құқығы контекстінде әйел құқығын мойындайтын және сақтайтын қоғам құру.
Дағдарыс орталығы әйелдерге әр түрлі нысандағы көмек түрлерін көрсете алады. Олардың бірі - телефонды сенім желісі. Телефонмен байланыс жсаудың мақсаты - тыңдау, проблеманы түсіну, әйелді қолдау, қажетті көмек түрін анықтап, ұйымдастыру, қажет болса, кеңес беру.
Орталықтың екінші жұмыс істеу нысаны - іштей кеңес беру. Бұл жағдайда әйелдер нақты бір сала маманымен тікелей қарым-қатынас жасайды. Берілетін көмек келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылуы мүмкін: әлеуметтік-психологиялық қолдау, күйзеліс пен қорқыныш жағдайында көмек көрсету, заңгерлік кеңес, қолдау тобы, өз бағасын және сезіну деңгейін көтеру бойынша жұмыстар.
Дағдарыс жағдайында әйелдерге көмек көрсетудің үшінші нысаны да жұмыс істейді - приют, яғни баспана-үй. Біздің қоғам үшін приют құру заңдық тұрғыдан да, материалдық тұрғыдан да өте қиын міндет болып табылады. Приют - бұл әйел мен балаларына қауіп төнген кезде әйел балаларымен кез келген уақытта келе алатын орын.

Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты ҚҚ мекемесінің құрылымы

2017 жылдың шілдесінде Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты ҚҚ -Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған АRASHA приюты әлеуметтік жобасы басталды. Әлеуметтік жобасының шеңберінде жаңа жүйелі тәсіл әзірленді. Приют өз қызметін Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары деп аталатын құжаттың негізінде жүзеге асырады.Бұл құжат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1079 бұйрығымен бекітілді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көмегімен арнайы пилоттық жоба қолға алынды. Оның аясында көмекке жүгінген азаматтарға 8 түрлі әлеуметтік қызмет тегін көрсетіледі.
1. әлеуметтік қызметтер;
2. әлеуметтік-медициналық;
3. әлеуметтік-психологиялық;
4. әлеуметтік-құқықтық;
5. әлеуметтік-педагогикалық;
6. әлеуметтік-экономикалық;
7. әлеуметтік-мәдени;
8. әлеуметтік-еңбектік.
ARASHA приютының тәулік бойғы және күнделікті болуымен байланыс:
Тел. 317-57-17
Ел. mail - shelter_arasha@mail.ru

Дағдарыс орталығының баспанасын қамтамасыз ету туралы ереже
Жалпы ережелер.
Приют зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балалар үшін құрылған. Және тек 18 жасқа дейінгі балалары бар, зорлық-зомбылық құрбаны болған ересек әйелдер үшін қол жетімді болып табылады.
Клиенттердің приютта болу уақыты 14 күнге дейін. Айрықша жағдайларда әкімшіліктің шешімі бойынша мерзім ұзартылады.
Приюттың мақсаты: Физикалық немесе психикалық күй үшін дағдарыстық және қауіпті жағдайдағы әйелдер мен балаларға арналған бір реттік әлеуметтік, психологиялық, құқықтық, алдын-ала медициналық қызметтер көрсету.
Приюттың міндеттері:
- әйелдер мен балаларға уақытша баспанада болу үшін қажетті жағдай жасау;
- мәселелерді шешуде әйелдер мен балаларды қолдау;
- мамандардың консультациялары арқылы әйелдер мен балаларға психологиялық, құқықтық, педагогикалық және басқа да әлеуметтік көмектерді көрсету;
- күрделі өмір жағдайларын еңсеру үшін өздерінің мүмкіндіктерін және ішкі ресурстарын жұмылдыруға жәрдемдесу.
Приютқа қабылдау шарттары:
1. зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерді қабылдау, сенім телефонына қоңырау шалу және әйелмен сұхбат алғаннан кейін жүргізіледі.
2. Алматы облысындағы әйелдер қабыданады.
3. зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдердің баспанасында болу - ерікті және құпия түрде.
4. баспанада келгенде, әйел қабылдау картасына сәйкес өзі туралы сенімді ақпарат беруі керек(оның жеке басын куәландыратын құжаттың болуы жөн).
5. әйелдің приютте болуы ішкі үйлесімділік талаптарын орындалуын қамтамасыз етеді.
6. 4 және 5-тармақтардың сақталмағаны үшін әйел баспанада тұру құқығынан айырылады.
Баспанаға қабылдаудан бас тартудың себептері:
- тұрғылықты жерінің болмауы;
- ата-анасыз кәмелетке толмағандар;
- есі ауысушылық;
- жануарлармен бірге келушілер;
- жұқпалы аурулардың түрлерінің болуы(туберкулез, венерологиялық аурулар және т.б).
- қылмыстық жауапкершіліктен жасырынған, іздеу салынған тұлғалар;
- алкоголь немесе наркотикалық мас күйдегілер.

ARASHA дағдарыстық приютында болу ережелері
1. Приют тәулік бойы жұмыс жасайды.
2. Әйелдердің приютта болу уақыты 14 күнге дейін. Айрықша жағдайларда әкімшіліктің шешімі бойынша мерзім ұзарады.
3. Приют тек 18 жасқа дейінгі балалары бар, зорлық-зомбылық құрбаны болған ересек әйелдер үшін қол жетімді болып табылады.
4. Приютте тұратын әйелдер үшін белсенді уақыт 7: 30-дан 23.00-ге дейін.
5. Приюттегі мыналарға әйелдер міндетті:
- санитарлық-гигиеналық режимді сақтау;
oo үй-жайларды дымқыл тазалау жүргізу (кезекшілік тәртібінде);
oo өз жатын бөлмесін таза ұстау;
oo дәретхананы және ваннаны таза ұстау;
oo кітапшаға приюттан шығуға себептерін жазу;
oo приютқа сағ. 20.00-ден кешікпей қайта оралу. Егер кешігетіндей жағдай болса, бұл тұралы әйел адам кезекші әлеуметтік қызметкерге телефон арқылы хабарлауға міндетті.
6. Приюттың мекен-жайын құпиялылықта сақтау.
7. Приюттың мекемесінде төмендегілерге тыйым салынады:
- ұйықтайтын блокта азық-түлікті сақтау мен қолдануға;
- спирттік сусындарды қолдануға;
- приют мекемесінде темекі шегуге;
- таныс емес тұлғалармен приют мекемесінде және оған жақын аумақта кездесуге;
- балаларға ересектерсіз электр құралдарымен пайдалануға және тамақтану блогында жүруге;
- жиһаздар мен жабдықтарды бүлдіруге.
8. Тамақтану блогындағы жұмыс (газ-электрлік жылу жабдықтарын пайдалану):
- таңғы ас - сағ. 9.20-ға дейін
- түскі ас - сағ. 12.00-ден 14.00-ге дейін
- түстен кейінгі ас - сағ. 16.00-ден 16.30-ға дейін
- кешкі ас - сағ. 19.00-ден 20.00-ге дейін
Тамақтану блогындағы тазалық кезекшілік тәртібі бойынша жүргізіліп отырады.
9. Телефонды тек айрықша жағдайларда әкімшіліктің шешімі бойынша пайдаланылады.
10. Приют қызметкерлері клиенттердің жеке заттары мен ақшаларын жауапкершілікке алмайды.

Приют құжаттамасы
oo Баспана туралы ережелер;
oo Баспанада болу ережелері;
oo Күн тәртібі;
oo Қабылдау карточкасы;
oo Тұрғындардың тіркелімі журналы.

2. Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты ҚҚ мекемесінде клиенттерге көмек көрсету механизмі
Алғашқы аптада мен мекеменің қабылдау бөлімінде отырып, орталыққа келуші клиенттердің тізімін жасаумен айналыстым. Қабылдау бөліміндегі студенттің негізгі міндеттері:
- мекемеге келген клиенттерді қабылдау және тіркеп жазып отыру;
- қандай көмек бойынша жүгінгеніне қарай отырып, арнайы бөлімдерге бағыттау;
- клиенттер жайлы ақпарат жайында құпиялылық қағидасын сақтау;
Екінші аптадан бастап мен мекеменің ARASHAприютында әлеуметтік қызметкер Жарменова Айдана Куралбайкызына көмекші ретінде жұмыс атқардым. Жұмысты бастамас бұрын студенттің мекемедегі атқаратын жұмыстары жайлы тәжірибе өту мерзі бойынша жұмыс жоспарын жасауды тапсырды. Жұмыс жоспарында мен приюттағы клиенттермен жұмыс барысында жүргізілетін арт-терапия сабақтары,приютта өткізілетін мерекелік іс-шаралар, және де медицина, педагогика, заңгерлермен кездесу және сабақтар ұйымдастыру бойынша қызметтерді қарастырдым.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызметкер мынадай әлеуметтік көмектің түрлерін көрсетеді:
1) әлеуметтік-тұрмыстық көмектер:
oo көрсетілетін қызметтерді алушыларды қабылдау және (немесе) орналастыру;
oo төсек жабдығымен, киіммен және ең қажетті заттармен қамтамасыз ете отырып, төсек-орын ұсыну;
oo оңалту, емдік, білім беру, мәдени іс-шаралар, еңбекпен емдеу қызметін ұйымдастыру, өзіне-өзі қызмет көрсету және тұрмыстық бағдар беру үшін жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықпен жарақтандырылған үй-жайлар беру;
oo көрсетілетін қызметтерді алушыларды емдеу, оңалту, оқыту, мәдени және бос уақытты өткізу іс-шараларына қатысуы үшін көрсетілетін қызмет алушыларды көлікпен тасымалдау қызметтерін ұсыну;
oo хаттарды жазуға және оқуға көмек көрсету (қажеттілігіне қарай);
oo уақытша болу және тұру ұйымы жүріп-тұруында қиындығы бар адамдарға межелі жеріне дейін ілесіп жүруді (қажеттілігіне қарай) қамтамасыз етеді.
2) әлеуметтік-медициналық көмектер:
- алғашқы медициналық қарап-тексеру мен алғашқы санитариялық өңдеу жүргізу;
- дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету, ем алуға мұқтаж көрсетілетін қызметтерді алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына емдеуге жатқызуға және оларға ілесіп жүруге жәрдемдесу;
- сот-медициналық, медициналық-әлеуметтік, наркологиялық және психиатриялық сараптамаға жолдау үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу;
- дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының медициналық консультациялар беруіне жәрдемдесу;
- емдеуші дәрігерді тағайындау бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес емдік манипуляциялар жүргізу.
3) әлеуметтік-психологиялық көмектер:
- тұлғаны психологиялық диагностикалау және тексеру;
- әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі түрде қадағалау);
- көрсетілетін қызметтерді алушылармен психологиялық профилактикалық жұмыс;
- психологиялық консультация беру;
- шұғыл психологиялық көмек;
- көрсетілетін қызметтерді алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қатынаста болу, тыңдау, сергіту, белсенділікке ынталандыру;
- психологиялық тренингтер;
- көрсетілетін қызметтерді алушыларды психологиялық түзету;
- өзара қолдау көрсету топтарында, қарым-қатынас жасау клубтарында сабақтар өткізу.
4) әлеуметтік-құқықтық көмектер:
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында және азаматтық, отбасылық, мүліктік және заттық құқықтарға, құжаттарды қалпына келтіруге, алименттерді, келтірілген залал үшін өтемақы өндіріп алуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша заңдық консультация беру;
- тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін тергеп-тексеру, сот өндірісі және оны атқару шеңберінде құқық қорғау, сот органдарымен ынтымақтасуға жәрдемдесу;
- заңдық маңызы бар құжаттарды ресімдеуге көмектесу;
- келген жері бойынша тіркеу және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру;
- ішкі істер, әділет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру органдары мен мекемелеріне арыздар (өтініштер, апелляциялар) дайындауда және беруде көмек көрсету;
- арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініштер дайындауға және беруге көмек көрсету;
- заңда белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу;
- көрсетілетін қызметтерді алушылардың мүдделерін білдіруге сенімхаттарды ресімдеу;
- сот-тергеу органдары мен мекемелерінде көрсетілетін қызметтерді алушылардың мүдделерін білдіру.[3]
Тұрмыстық зорлық-зо0мбылық саласында кәсіби және кешенді көмек алуға ҮЕҰ және әр алуан сладағы қызметкерлер арасындағы бір жолға салынған бірлескен еңбек көмектеседі, яғни құқық қорғау органдарымен, медициналық және білім беру мекемелерімен және т.б.
Әлеуметтік қызметкер зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуде әр түрлі құрылымдар арасындағы дәнекер буын болып табылады, тиісінше бұл маманға қойылатын талап та жоғары. Құрбандарға көмек көрсетуді мақсат тұтқан әр алуан ұйымдардың жұмысы зорлық-зомбылық құрбандарының құқығын бұзбауы, жұмыстың мазмұны мен әдісін бақылау үшін кіршіксіз болуы, сондай-ақ оған мұқтаж жандар үшін ақпарат түрінде қол жетімді болуы маңызды болып табылады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету кезінде орталықтағы әлеуметтік қызметкер келесі әрекеттерді орындайды:
1. Ақтарыла сөйлеуге мүмкіндік бере отырып, көмек қолын ұсынады.
Жәбірленушіні мұқият тыңдайды, оны кінәламайды және артық әуестік танытпайды, ойларымен және эмоцияларымен бөлісуге мүмкіндік береді.
2.Жәбірленушінің эмоциялары мен сезімдеріне қандай болмасын ізгі ниетпен қарайды.
Егер жәбірленуші күйзелісте болса, қорқыныш сезімін кешірсе, өзін агрессивті ұстап, өкпелі сезінсе, бұл қалыпты жағдай. Көп жағдайда олар жекелік сезімін және өз күшіне деген сенімін жоғалтады, ал қалыптасқан жағдайда теңбе-тең қарау қабілеті өте төмендейді.
3.Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны қабылдаған шешіммен келіседі.
Жәбірленушінің шешім қабылдау процесінде әлеуметтік қызметкер қатысушының рөлін атқарады, бірақ еш уақытта оған жетекші болмайды. Егер ол өзін сенімді сезінбесе немесе қалай істеу керектігін білмесе, сіздің оған көмектесуге дайын екеніңізді көрсету маңызды; диктатор емес, кеңесші болыңыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанының өз бетінше шешім қабылдауын ынталандыру керек. Жәбірленушілер өзіне деген жеке сенімін өз бетінше шешім қабылдау, өз пікірін білдіру арқылы қалпына келтіруі керек.

Арт-терапия бойынша қосымша сабақтар
Орталықтағы зорлық-зомбылық көрген клиенттерді оңалтуда негізгі қолданылатын технологиялардың бірі- арт-терапиялық сабақтар болып табылады. Арт-терапия - бұл:
oo бейнелеу көркем шығармашылық өнеріне негізделген емдеу;
oo адамның психикалық үйлесімділігі мен дамуының құралы;
oo әлеуметтік жанжалдарды шешу жолы;
oo көркемдік терапия;
oo шығармашылық өзін-өзі көрсету терапиясы.
Арт-терапия бойынша қосымша сабақтың мақсаты:
oo адамға өз уайымдауларын дәлме-дәл жеткізуге, күнделікті мәселелер мен жағдайларға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік беру;
oo оларды шешу жолын табу;
oo оң эмоцияларды тудыру;
oo апатияны жеңуге көмектесу;
oo белсенді өмірлік ұстанымдарды көбірек қалыптастыру.
Іс-шаралар: драмалық ойындар, қуыршақ театры, сазды модельдеу, коллаждар, аппликация(түрлі түсті қағаз, мата, тері қиқымдарынан құрастырып салған сурет, өрнек), түрлі материалдардың қолөнері.
Практикум
Коллаж
Нұсқалары:
1. Журналдан адамның бейнесін қиып алыңыз, содан кейін оны қағазға жапсырып, олардың не ойлайтынын немесе айтатынын жазыңыз.
2. Түрлі маталар мен қағаздардан кескіндерді кесіңіз, содан кейін олардың абстрактілі композицияларын ұйымдастырыңыз және бос аймақты бояңыз.
3. Түрлі элементтерді кесіңіз, содан кейін олардың пейзажын ұйымдастырыңыз, еріксіздік және еркіндік, құлдық және т.б.
Саз балшықпен жұмыс
Нұсқалары:
1. Саз балшықтан кішкене шарлар жасаңыз, содан кейін көзді жұмып, олардан бір нәрсе жасаңыз.
2. Саз балшықты және одан бірінші тұлғаның өмірін жасау процесін сипаттаңыз.
3. Содан кейін саз бейнесі суретін салыңыз.
Азық-түлік өнімдерімен ойын
1. Кез келген азық-түлік өнімдерін қолдана отырып, композиция құрастырыңыз.
2. Адамдар мен жануарлардың маскаларына ұқсас бисквиттерді дайындаңыз немесе безендіріңіз, содан кейін сахнаға шығыңыз.
Драмалық ойындар, психодрама
Негізгі мақсат - сахналық ойындарда клиенттің мәселелерін кеңейту тәсілі.
Бұл терапия түрі топтық қолдау жұмысында үнемі қолданылады, бірақ жеке жұмыста да қолданыла алады. Психодрама көбіне жеке түрде қолданылады.
Драмалық ойындар негізделген: пікір білдіру бостандығына, көркем әдебиеттік ойындарға, толық қиялға, жаңашылдық тәжірибе жинақтауға.
Құрылымы:
1. Бастау (белсендіру).
2. Ортасы (сценарийді жасау, ойнау, жаңа рөлдерге эксперимент жасау).
3. Аяқталуы (рөлден шығу).
Психодраманың психотерапиядан айырмашылығы - драматерапия, клиентті тек өзімен ғана емес, сонымен қатар кез келген адамға және кез келген нәрсеге жаңа түр беру, қайта көріктейтін болса, ал психодрама - тек өзін - өзі көрсетуге мүмкіндік жасайды.

Арт-терапия сабақтары

Тәрбие жұмыстары
Дағдарыстық орталықта өтетін негізгі тәрбие жұмыстарының бірі - семинар-тренингтер. Семинар-тренингтерде клиенттерге түрлі тақырыптарда әңгіме қозғалады және де өз құқықтары жайлы толығырақ ақпарат алуға мүмкіндігі болады. Соған орай орталықтың директоры М.А.Ускембаеваның ұйымдастыруымен ARASHAприютында семинар-тренингтер өткіздік.
Семинар-тренингтің тақырыптары:
- Зорлық-зомбылық дегеніміз не?;
- Зорлық-зомбылық циклдері;
- Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында әйелдердің қандай құқықтары бұзылады?;
- Қоғамымыздағы әйелдер жағдайының мәселелері.
Қосымша семинар-тренингтер:
- Ересектердің тәрбие берудегі қателіктері;
- Зорлық-зомбылық көріністерінің баланың психикалық дамуына әсері;
- Өз-өзіне қамқорлық көрсету, Боди-имидж;
- Эмоция- менің жауым және досым.

Семинар-тренингтер

Жалпы, қорытындылай келе Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты ҚҚ мекемесінде тәжірибеден өту барысында дағдарыстық орталықтардың жұмыс істеу механизмімен жақынырақ таныстым. Дағдарыстық орталықтағы қызмет атқарушы мамандармен жақсы қарым-қатынаста болып, өзімді барынша жағымды жағымнан көрсетіп, белсенді әрекет етіп, мамандардан көптеген тәжірибе жинадым. Өзіме берілген тапсырмаларды мұқият әрі тез, дұрыс атқаруға тырыса отырып, орталықтың жаңа бағдарламаларымен таныстым, олардың қолданылу жүйесін терең меңгердім. Сонымен қатар, өндірістік тәжірибенің арқасында халық үшін атқарылып жатырған түрлі бағдарламалармен, есептемелермен, баяндамалармен таныстым.
Сонымен қатар, орталыққа бірқатар өз ұсыныстарымды жасадым, яғни орталыққа шетелдегі дағдарыстық орталықтары дамыған елдерден көбірек тәжірибе алмасу, олардың клиенттерді оңалтуда қолданылатын түрлі әдістері мен технологияларын енгізу, орталықта оңалтуға арналған жаңа техника-технологияларды енгізу және клиенттерге құқықтық жағынан толықтай ақпарат алатын дәрістер санын көбейту.
Өндірістік тәжірибе барысында өзімнің теориялық және практикалық білімімді жетілдіріп, тәжірибе жинақтай отырып, сондай-ақ орталықтағы жұмыс жасайтын мамандармен қызметтес болу мүмкіндігіне ие болдым. Осындай тәжірибелік сынақтардың кеңінен қолданылуы - студент жастардың пысықталуына үлкен септігін тигізері сөзсіз. Жалпы алғанда, өндірістік тәжірибе жоғары деңгейде өтіп, бойымдағы болашақ қызметте қажет болатын конструктивті қасиеттерді дамытуға үлкен септігін тигізді.

Қолданылған әдебиеттердің тізімі

1. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы
2. Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты ҚҚ мекемесінің Клиенттерді психологиялық оңалту бағдарламасы
3. Байсакова З.М, Тұрмыстық зорлық құрбандары үшін дағдарыс орталығы: қағидалар және жұмыс нысандары оқулығы. Астана,2010
4. А. И. Копытин. Психотерапия, Москва,2009
5. Вуд М. Арт-терапия и расстройства питания: Теория и практика. Москва,2005
6. Электронды сайт: Приют для жертв бытового насилия "ARASHA" общедоступная группа. Қол жеткізу режимі: https:www.facebook.comgroups127 6884475753808?ref=group_header
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы Заңы

Қосымшалар

1-қосымша. Кәсіптік тәжірибе кезеңінде студенттің жұмыс жоспар-кестесі.
(15 01. 2018 ж. мен 24 03.2018 жылға дейінгі аралық, 10 апта)

рс

Жұмысты орындау мерзімдері
Кәсіптік тәжірибе кезеңінде орындауға (оқытуға) жататын жұмыстар тізбесі
Орындалуы

1.
1 апта
1. Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік Институты ҚҚ мекемесімен және Әлеуметтік приют бөлімінің жұмыс ерекшеліктерімен танысу.
2.Әлеуметтік қызметкердің құжаттамасымен танысу (лауазымдық нұсқаулық және жылдық ұзақ мерзімді жоспар).
3. Құпиялылықты сақтау туралы келісім шарттарымен танысу.
0900 - 1700
2.
2 апта
1. Клиенттермен жеке жұмыс жасау үшін қажетті құжаттармен танысу. Әлеуметтік қызметкерге көмек.
2. Мекемедегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған тұлғаларға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлерімен танысу.
3.Техникалық қауіпсіздік ережелерімен, әкімшілік пен қызметкерлер арасындағы келісім, жұмыс режимімен танысу.
0900 - 1700

3.
3 апта
1. Мекеме приюты қызметкерлерінің жұмысын, және олардың клиенттермен жұмыс жасауына іштей бақылау жасау.
2. Бақылау жұмысын анализдеу.

1000 - 1600
4.
4 апта
1.Әлеуметтік қызметкердің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлерімен танысу.
2. әлеуметтік-тұрмыстық көмектер;
3. әлеуметтік-медициналық көмектер;
4.әлеуметтік-психологиялық көмектер;
5. әлеуметтік-құқықтық көмектер.

5.
5 апта
1.Мерекелік іс-шаралар:
- Туылған күндерді, календарлық мерекелерді, шығармашылық жұмыстар көрмесін ұйымдастыру.
2. Күн сайын валеологиялық сауаттылық сабақтарын өткізу:
- жаман әдеттердің алдын-алу;
- мәдени-гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу;
- медиаторлық гимнастика;
- таза ауадағы ашық ойындар;
- еңбек терапиясы.
1100 - 1700
6.
6 апта
1.Тәрбие жұмыстарын, тренингтер мен семинарлар өткізу.
2.Тренинг-семинарлардың тақырыптары:
- Зорлық-зомбылық дегеніміз не?, Зорлық-зомбылық циклдері, Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында әйелдердің қандай құқықтары бұзылады?, Қоғамымыздағы әйелдер жағдайының мәселелері.
3. Қосымша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй қызметтері
Иондаушы сәуле шығару
ИОНИЗАЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕЛЕНУДЕН ҚОРҒАНУ
Экстремальдық жағдайдағы адам өмір-тіршілігінің қауіпсіздігі
Қылмыстық құқықтың құрылымы
Қарлы боран. залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері қар көшкіні басып қалған адамдарды іздестіру, құтқару және кейінгі негізгі жұмыс түрлері
Жүйенің жалпы теориясы
Қазақстан жеріндегі тұрғын үйлер мен баспаналардың даму тарихы
Әлеуметтік-экономикалық қауіп-қатер. Кедейшілік және жұмыссыздық
Көші - қон жайлы
Пәндер