ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОТҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТАНЫМ - ТҮСІНІКТЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. ТАРАУ. ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОТҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТАНЫМ-ТҮСІНІКТЕРІ ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Ежелгі түркі халқының дүниетанымындағы от культі: зерттеулер мен әдіснамалық аспектілер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Археологиялық зерттеулер негізіндегі ежелгі тайпалардың от культіне байланысты деректерге талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. ТАРАУ. ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОТҚА БАЙЛАНЫСТЫ АҢЫЗ -ҒҰРЫПТЫҚ РӘСІМДЕРІНІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Түркі халықтарының наным сенімдеріндегі отқа байланысты діни-мифологиялық (аңыздық, фольклорлық) түсініктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
2.2 Түркі халықтарындағы жекелеген этностардың отқа байланысты салт-дәстүрлері мен наным-сенімдерін салыстырмалы талдау (қазақтарда, қырғыздарда, әзірбайжан, және Сібір халықтарындағы отқа байланысты сенімдер) ... ... ... ... ... ... .. ...
2.3 Жекелеген этностардың салт-дәстүрлерінде көрініс беретін отқа байланысты ырым-тиымдарды жіктеу мен топтау (адамның дүниеге келуіне байланысты, үйленуге, о дүниеге шығарып салу ғұрыптарына байланысты және т.б.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Тәуелсіз ел болып егемендігімізді алған жағдайда ел тарихы, ұлттық салт-дәстүрлерге деген қызығушылық арта түсті. Әсіресе ұлттың дүниетанымы, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері мен халықтық наным-сенімдер, солармен байланысты жол-жоралар, ырым-тиымдар жүйесін құрайды. Түркі халықтарының болмысын құрайтын салт-дәстүрлерінің тамыры сонау көне наным-сенімдерден бастау алса, Исламға дейінгі түркі халықтарының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен шаманизм айрықша орын алады. Осы тұрғыда Тәңірлік - әр түрлі наным-сенімдердің, көбіне табиғатқа, оның стихиялық күштеріне табынудың және оларды бұрмалап бейнелеудің біртіндеп дамуынан туған құбылыс. Ғалымдар түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, ... оның үстіне олар күнге, айға және отқа табынады, - дейді. Осыған байланысты түркі халықтарында От культі - жарық пен жылу беретін наным - сенімде өзіндік орны бар табиғат құбылысы болып саналған. Және ол ертедегі адамдардың табиғат құбылыстарының ішінде сыйынып, табынатын обьектілерінің бірі болды. Ертедегі адамдар оттың сырын ұғып, оның пайдалы жақтарын көре бастаған. Сол кезде адамдар бір жағынан оттың қандай зат болмасын құртып күлге айналдырып жіберетін қорқынышты күшін көріп үрейленсе, екінші жағынан оттың шикі азықтарды пісіретін, суықтан сақтап, жылу беретін, жабайы жыртқыш аңдардан қорғайтын, қорқынышты қараңғы түнде жарық түсіретін пайдалы қасиеттерін байқап, оған деген шексіз құрмет көрсеткен. Ш.Уалиханов [1] қазақтардың отқа қатысты нанымы туралы: От шаңырақтың жебеушісі, сондықтан қырғыздарда келін жаңа отбасының табалдырығын аттаған кезде үлкен үйдегі отқа табынуы керек. Бұл моңғолдарда да бар салт, - деп жазады. Отты кие тұтқан халық оны дүниетаным мен діни танымда да қадірлегенін білеміз. Отқа май тамызу дәстүрі біздің қазақ тіршілігінде әлі де бар. Сонымен қатар, түркі халықтарына ортақ отқа деген қатынас пен сенімдер алғашқы адамдардың отты құдіретті күш, киелі құбылыс санауын туғызды. Пәле-жаладан сақтап, жамандықты аластайтын қасиеті бар деп табынды. Бұрынғы таным бойынша от жарық нұрдың, күн көзінің нышаны. Аспандағы күннің адам өміріндегі ықпалы қандайлық болса, оттың да сол жарық жұлдыздың бір бөлшегі ретінде қарастырылуында түп-негіз бар. Себебі отта магиялық күш бар деп саналады. Себебі құдіретті күш, қасиетке ие болғандықтан ауырған адам, жолаушы, көшке жаңа ерген үй, жас баланың бесігі, қала берді ауырған малды да аластау әдісіне салған. Мұндай жоралғыларды магиялық ырымдар деп атаса да болады. От - ілкі заманда микро зиянды ағзаларды құртатын ең негізгі құрал болған. Оттың тазартатындығы туралы осындай көне түсінік қазақтарда ғана емес, әлемдік діндердің барлығында күнәһарды тозақ оты тазалайды деген ұғыммен астасып жатса керек.
Табиғат пен қоршаған орта адамзат баласының өмір сүру эволюциясының барлық кезеңдерінде де маңызды рөл атқарған. Адам мен табиғаттың арасындағы байланыс халықтар тарихының ерте кезеңінде тіптен де күрделірек болғанға ұқсайды. Ол дәуірлерде адам табиғаттың ажырамас бір бөлшегі болып, табиғатқа көп жағынан бағынышты, тәуелді болған.
Өмірінің көпшілігін табиғат аясында өткізетін, табиғатпен етене байланысып кеткен түркі халықтарының мәдениетінде табиғатқа байланысты түсініктер, ырым-жоралғылар, көне пәлсапалық пайымдар, соларға негізделген әдет-ғұрыптар өте көп. Олар, бір жағынан, табиғаттың дүлей, тосын күштерінен қорқудан, сескенуден туындаған болса, екінші жағынан, соларға ырымдар, ғұрып-жоралғылар, тәу ету, сыйыну арқылы әсер ету мақсаттарынан, тілектерінен туындаған. Сондықтан, түркі халықтарында қалыптасқан салт-дәстүріндегі, таным-түсінігіндегі көне сенімдер бүгінгі ұлт руханиятының өзегі болып табылады.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. ХІХ ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы зерттеушілер мифологияда, салт-жоралғыларда және наным-сенімдердегі оттың көптеген көріністері үшін бірыңғай түсінік табуға ұмтылды. Оттың пайда болуы мен оны алғаш қолдануға байланысты мифтердің ең толық жиынтығы А.Кунның Происхождение огня и божеств ("Die herabkunft des feurs und des gotterfranks", 1859) атты еңбегінде баяндалған болатын. Сонымен қатар оттың шығу тегімен байланысты мифтер туралы Дж. Фрэзердің Мифы о происхождении огня ("Myths of the origin of fire", 1930 "Myths sur l ' origine du feu", 1931) монографиясын қарастырған жөн болады [2, 5 б.]. Эволюциялық мектептің өкілі Э. Тейлор отқа табынуды екі түрге бөлді: біріншісі - фетишизмге, екіншісі-политеизмге жатады [3, 212 б.].
Мәдениет пен дін дамуының осындай ұғымының нәтижесінде отқа табыну жөнінде бірнеше теориялар қалыптасты: солярлық теория (В. Маннхардт, М. Мюллер, А.Н. Афанасьев, А.А. Потебня [4]); найзағайдың көрінісі секілді отқа табыну (А.Кун, В.Шварц); тазарту теориясы (Э. Вестемарк, Дж.Фрезер, Э.Роде); құнарлылық культының элементі ретінде (В. Вундт); аграрлық магияның мұрасы ретінде, ай культы (Р. Бриффолт); ғаламат Құдайдың атрибуты ретінде ғибадат ету (А. Голан)[2, 5 б.].
Этнографияда әр түрлі авторлардың еңбектерінде халық өмірінің ажырамас бөлігі ретінде отпен байланысты нанымдар мен артефактілерді зерттеу жұмыстары ұсынылған. Жалпы жұмыстарға Д. К. Зелениннің, В.Н. Харузинаның [5] және Н.А. Харузинның еңбектерін мысалы ретінде келтірсек болады. Әсіресе, В.Н.Харузинаның "К вопросу о почитании огня " [6] (1906) жылы жарық көрген еңбегі ерекше қызықты, ол осы мәселе бойынша алғашқы жалпылама зерттеулердің бірі болып табылады. Орыс мәдениетінде от культы туралы нақты мәліметтер келтірілген дереккөздер ретінде: халық медицинасында отты пайдалануды көрсететін Г. Поповтың монографиясын; Л. Майковтың кітаптар жинағын; Забылиннің әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің жинағын; этнографиялық КН бюросының басшысы В.Н. Тенишева мен С.В. Максимовтың материалдарын айта аламыз [7, 575 б.]. Солтүстік халықтардың этнографиясындағы от культы мен отқа табыну көріністерін және оны тұрмыстық өмірде қолдану туралы мәселелерді В. Г. Богораз, Г.Н.Грачев, Ю.Б. Симченко т.б. зерттеуші-ғалымдар өз еңбектеріне арқау еткен.
Отқа деген көзқарас туыстық табынушылықтардың маңызды элементі ретінде дамыған әлеуметтік жүйелерде сақталды. Бұл фактіні ежелгі қоғамдардың әлеуметтік құрылымдарын зерттеушілер көрсетеді.(Н.Д. Фюстель де-Куланж)[2, 7-8 бб.].
Тарихи деректерде ежелгі адамдардың жасанды отты игеруінің әдістері мен уақыты туралы мәселелер қарастырылған. Отты адамдар ең алғаш қалай алғандығы жөнінде және оны пайдаланудың ықтимал нұсқалары бойынша жекелеген зерттеулер Д.Н. Анучин, А.Д. Грач, В.М. Массон, С.А. Семенов, Б.Ф. Поршнев, П.И. Борисков сынды ғалымдарға тиесілі.
Отқа табыну туралы материалдар орыс тарихшылары Б.А.Рыбаковтың, С.М.Соловьеваның, А.С.Фаминцинның еңбектерінде қамтылған. Мәйітті өртеп жерлеу феномені Н.И.Костомаровтың Раскол атты монографиясында толық зерттеліп қарастырылған. Орыс мәдениетінің отпен байланысты тұрмыстық және мерекелік жақтары И. Е. Забелина мен Н.И.Костомаровтың тарихи сипаттамаларында көрініс тапқан[2, 6-7 бб.].
XIX ғ. соңында қорғандар мен басқа да жерлеу орындарының археологиялық ашылуы - жерлеу салттары саласындағы оттың мәнін зерттеуге қызығушылық тудырды. Өз еңбектерінде кремация салтының пайда болу себептері мен идеологиялық ұстанымдарын А.А. Котляревский, Ю. А. Шилов, Э. Роде, С. Мюллер қозғаған [8, 11 б.].
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Түркі халықтарының отқа байланысты наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары мен салт-жоралғыларын саралап, жекеленген этностардағы от культіне қатысты ырым-тиымдарды жіктеу, олардың өзара сабақтастығы мен семантикалық белгілерін анықтай отырып, терең ғылыми қорытынды жасау - зерттеу (диплом) жұмысының негізгі мақсаты болып табылады. Осы аталған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер орындалады:
Түркі халқының рухани өміріндегі от культінің шығу тегі жөнінде мәліметтерді анықтау;
Отпен байланысты салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенімдерді сипаттау;
Археологиялық және этнографиялық деректердегі от культінің ғұрыптық маңызын зерделеу;
От культінің түркі халқының мифологиялық аңыздарындағы көріністеріне шолу жасау;
Жекеленген этностардың салт-дәстүрлеріндегі отқа байланысты ырым-тиымдардың ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жүргізу.
Диплом жұмысының деректік негізі. Диплом жұмысының негізгі дерек көздері біз зерттеу нысанына алып отырған түркі халықтарының от культіне байланысты болғандықтан, жұмыстың дерек көзін әртүрлі тарихи кезеңдерге қатысты архив құжаттарына негізделген деректер, отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектері мен мақалалары құрайды. Сонымен қатар, ежелгі және орта ғасырларда пайда болған грек-рим, шығыс Қытайдың әртүрлі мазмұндағы тарихи-этнографиялық шығармалары мен түркі халықтарының аңыздарында, фольклорлық шығармалар мәтінінде от культіне байланысты ғұрыптық жоралғылар әр кез өз көрінісін тауып отырған.
Қазақ халқының мәдени үрдістері қазақ даласын мекен еткен ежелгі тайпалар (сақ, ғұн, сармат, үйсін, т.б.) мәдениетінің қойнауынан шығып, оның заңды жалғасы болып табылады. Осы тарихи сабақтастық пен тұтастықты қалпына келтіру үшін оның ішінде, от культіне табыну дәстүрінің шығу тегін зерттеу барысында аса маңызды құнды мәліметтерді археологиялық деректерден аламыз. Батыс саяхатшыларының еңбектерінен түркілердің өмір салтының көріністерін байқауымызға болады. Соның ішінде олардың отқа табыну, шығысқа қарап ауаға, тәңірге табынғандары және ата-бабаларын өте жақсы құрметтегенін халықтардың жерлеу дәстүріне қатысты жазған П. Карпини [9], Г. де Рубрук, Марко Поло секілді саяхатшылардың еңбектерінен көруімізге болады.
Библиографиялық анықтамаларда жарияланған мақалалар (әр тарауда кездеседі) пайдаланылды. Зерттеу барысында жинақталған материалдар еңбектің құндылығын ашуға көмектеседі және зерттеудің өзегі болып табылады. Сондай-ақ, түркі тілдес Сібірде мекен ететін алтай, бурят, якут, хакас, ненец, ханты-манси және т.б. халықтарына қатысты ғылыми айналымдағы зерттеулер негізге алынды. Тақырыпқа қатысты негізгі мәселелер Библиографиялық анықтамалық жинағынан, Қазақстан халықтары Ассамблеясы Мемлекетік бағдарламасы сайтынан, Мәдениет арнасы сайтынан, Қазақстанда және өз Отандарында шығарылып аударылған газеттер сайтынан қаралды. Міне, осы материалдар жұмысымыздың деректік іргетасын қалады.
Диплом жұмысының ғылыми тұжырымдары. Диплом жұмысында Қазақстан жеріндегі түркі тілдес халықтардың этномәдени мұраларын зерттеу барысында оттың ежелден ерекше қасиетке ие екендігі анықталып, тұжырымдамалар жасалды. Зерттеу барысында анықталған, әрі алдағы зерттеулерге әсер етеді деген оймен, мынадай тұжырымдарды ұсынамыз:
Жазба деректерге сүйене келе, сондай-ақ, зерттеу еңбектерін салыстыра отырып, түркі халықтарының рухани өміріндегі отқа байланысты наным-сенімдерге сараптама жасау мәселесі;
Археологиялық қазба жұмыстары барысындағы от культіне табынушылықты зерделеу, түркі халықтарының ғұрыптық негіздегі символикалық әрекеттердің жиынтық көрінісі болғанын көрсете алды;
Жекеленген этностардың салт-дәстүрлерінде отпен байланысты мифологиялық түсініктер қарастырылып, осы табынушылыққа қатысты ырым-тиымдарға салыстырмалы сипаттамалар жүргізілді,
Қазақ тарихы негізінде исламға дейінгі және ислам діні орнағаннан кейінгі отқа табынушылық әдет-ғұрыптарындағы өзгерістер мен ерекшеліктер жан-жақты қарастырылды.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Адамзаттың даму тарихында ең алғаш суық аймақтарға көшіп, ас әзірлеуіне мүмкіндіктер туғызған оттың алар орны ерекше маңызды. Осыдан 400000 жыл бұрын алғаш рет отты қолданған - Homo erectus адамы болатын. Ғылыми жаңалықтарға сәйкес, адамдардың отты игеруі 1,7 миллион жыл бұрын, яғни кейінгі палеолит кезеңіне жатқызылады, алайда бұл мәселеге қатысты күні бүгінге дейін ғалымдар арасында түрлі көзқарастар қалыптасқандықтан, әлі де зерттеуді қажет етеді. V-VIII ғасырларда Иран тәңірлері мен мифологиясында ең алғаш отқа табыну рәсімдері жүргізіліп, бара-бара түріктерге сіңіп кеткен. Сонымен палеолит дәуірінде пайда болып, исламға дейінгі уақыттардан, күні бүгінге дейін салт-дәстүрде қаймағы бұзылмай сақталған бұл кезең - өз кезегінде зерттеу жұмысының хронологиялық межесін осы аса кең тарихи-уақыттық диапазонда алуға мұрындық болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Ғылыми еңбектің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан (бірінші тарау екі бөлімшеден, екінші тарау екі бөлімшеден, үшінші тарау екі бөлімшеден) қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. Түркі халықтарының отқа байланысты таным-түсініктері

От - жарық пен жылу беретін, наным-сенімде өзіндік орны бар табиғат құбылысы. От - ағаш, тезек, шөп, май т.б. заттардың тұтанғаннан кейін жарық пен қызу шығара лапылдап жанған алау, жалыны. От - табиғат құбылыстарының ішіндегі ертедегі адамдардың сыйынып, табынатын объектілерінің бірі болды, оның өзіндік себебі бар. Ертедегі адамдар табиғат құбылыстарынан болатын апаттардан үнемі үлкен зардап шегіп отырған. Отты көргенде құдды қазіргі жан-жануарлардың оттан өлердей қорқатыны секілді қатты үрейленетін. Алайда, араға ұзақ уақыт салып ертедегі адамдар оттың сырын ұғып, оның пайдалы жақтарын да көре бастаған. Олар о баста табиғи оттарды пайдаланса, кейін келе өздері от шығарып, тұрмысқа жарататын болды. Сол кезде адамдар бір жағынан оттың қандай зат болмасын құртып, күлге айналдырып жіберетін қорқынышты күшін көріп үрейленсе, екінші жағынан оттың шикі азықтарды пісіретін, суықтан сақтап жылу беретін, жабайы жыртқыш аңдардан қорғайтын, қорқынышты қараңғы түнде жарық түсіретін пайдалы қасиеттерін байқап, оған деген шексіз құрмет көрсетті. Кейін оттың қуатымен металл қорытылып, түрлі құрал-сайман, қару-жарақтың жасалуына байланысты адамдардың отқа деген құрметі тіпті күшейді. Міне, осындай отқа деген қатынас пен сенімдер алғашқы адамдардың отты құдіретті күш, киелі құбылыс санауын туғызды. Осылайша, пәле-жаладан сақтап, жамандықты аластайтын қасиеті бар деп оған табынды. Өйткені, ілкі таным бойынша от - жарық нұрдың, күн көзінің нышаны. Барлық бәле-жаладан арылтатын немесе тазартатын киелі құдірет деп қастерленуі сондықтан. Күн қараңғылықтан, яғни зұлым рухтардан, зиянкес күштерден қорғайтын қасиеті бар деп танылды. Мәселен, киіз үйдегі ошақ орнының да дәл ортаға орналасуы осы наныммен тікелей байланысты. Сонымен қатар, бұл жерде от пен күннің арасындағы мифологиялық байланыс та айқын көрініп тұр. Өйткені күн де от, от та от. Екеуі де жарық береді, екеуі де жылу береді. Оттың сәулесі аспанға жетеді, түтін жеті қат аспаннан өтеді немесе күн мен оттың жылуы жеті қат жер астына жетеді деген нанымдар кең таралғандықтан, күн де, от та киелі саналған. Ошақ шеңберінің күн секілді дөңгелек болуы да жоғарыдағы нанымдармен байланысты.
От - жылу, күн, өмір-тіршілік, күндіз, жарық, яғни аспандағы күн. Осы аталғандардың барлығы күн ұғымына байланысты болғандықтан адам бойындағы қан да от ұғымымен байланыстырылды. Яғни, қызыл және сары түстер де отқа және күнге баланып, киелі өң саналды. Сондықтан, көшпелілердің жоғары әлем иелеріне, Құдайға, Жаратқанға арнап құрбандыққа шалатын мал өңі де құла, жирен сияқты түстерден таңдалды. Оған Берел, Пазырық қорғандарынан табылған құрбандық жылқыларының түстері дәлел. Тілеу, құрбандық үшін сойылатын ақсарбас қой - сол таным-түсініктің қазірге дейін жеткен жұрнағы деуге болады [10, 604 б. ].
Культ концептісі [11, 124-125 бб.]қандай да болмасын халықтың рухани-мәдени концептілер жүйесінде өзіндік орны бар концептілерінің бірі. Рухани мәдениет адамдардың қоршаған дүниеге көзқарасы, діни танымы, наным-сенімі, мінез-құлқы, қабілеті т.б. ұғымдар арқылы танылады. Культ өзінің абстракциялы сипаттамасы бойынша өте күрделі Мифологиялық сөздікте: Культ лексемасы латынның cultus -- сыйыну, табыну, жалбарыну, бас ию, құрметтеу мәнінде жұмсалатын сөзіне қатысты қалыптасқан. Культтің тарихи түрлері: тотемдік культ, шамандық культ, жерлеу культі, алғашқы қауымдық культ, кәсіптік культ, аграрлық культ, отбасы культі, құрбандық шалу культі, т.б. Кейде культ обьектіге байланысты бөлінеді: күн культі, ай культі, аспан культі, су культі, от культі, тау культі, аруақтар культі, тірі жәндіктер культі және т.б.
Түркі тілдес халықтардың көпшілігінде Отты жоғары бағалап, құрмет көрсетіп, оған сыйынған. От қырғыз, ұйғыр, қарақалпақ, қарачай-балқар тілінде - от; өзбек, татар тілдерінде - ут; азербайжан тілінде - од деп аталады. От сөзінің семантикалық мағынасы әр түрлі болып келеді. Айталық, герман, иран тілдерінде ол құдай мағынасын берсе, көне славян тілінде күн деген мағына берген [12, 177 б.]
Отқа табыну - қазақ халқының ежелгі заманнан бері жалғасқан нанымдарының бірі. Отты халық өте жоғары бағалап, қасиетті әулие деп ұқты. Алғаш күн күркіреп, найзағай ойнағанда, сүт көп, көмір аз деп үйді айнала жүгіріп ожаумен ұру ырымы да оттың құдіретті күшіне жалбарынудан шыққан болу керек. Ойымызды Ш.Уәлихановтың: Түркі халықтарында, әсіресе қазақтарда отқа әулиеше табыну бар деген тұжырымы дәлелдей түседі [1, 208 б.]. От сөзінің өте жоғары қастерленіп, құдай сөзімен тең қолданылғанын тіліміздегі От ана тіркесінен байқауымызға болады. Хакас тілінде От атан деп әйел от құдайын айтқан, Бутанаевтың сөздігінде бұл сөз Почтительное обращение к богине огня деп түсіндіріледі [13, 75 б.]. Осы мағынада От инее, От инезі тіркестері де әйел құдайына қаратып айтылған сөздер, оның қазақша мағынасы От ене, от енесі, от иесі. От иесі матриархат дәуірінен қалған. Осыған байланысты әдет-ғұрыптар, аңыз-ертегілер көптеп кездеседі. Бұл ертегілердің кейбіреулерінде жалмауыз кемпір бейнесі от (ошақ) иесі ретінде суреттелінеді. Оты сөніп қалған қыз жалмауыз кемпірден от алып, үйіндегі ошақты жағады. Осыдан келіп қазақ елінде үй ошағынан от алу ғұрпы шықса керек. Қазақ, қырғыздар отқа табынып, оны барлық жаманшылықтан сақтаушы, тазартушы ретінде құдірет тұтады. Анимистік наным бойынша өлген адамның жаны оттан, от жарығы шырақтан қорқады. От адамға қамқорлық етумен бірге, ол оның жауы да болады. Өйткені ол мылқау, мейрімсіз, тілсіз жау[14, 117 б.].
Адамның тіршілігінде оттың алатын орны зор, оның бірнеше бейнелік, символикалық қасиеті бар.Оттың адам баласына көрсетер қызметіне байланысты, яғни оны пайдалануына қарай, төмендегідей топтауға болады:
Күнделікті тұрмыста ( тамақ пісіру, жылыну, жарық үшін т.б.)
Қолөнерде ( балқыту, шыңдау, ыстау т.б.)
Наным-сенімде ( тазарту, аластау)
Тұрмыс пен қолөнердегі оттың қолданылуы - тіршілік қажеттілігі үшін пайдаланылатын қарапайым тәсілдерге айналды. Осы негізде жаурасаң от жақ, қорықсаң от жақ, қарның ашса да от жақ деген мақал қалыптасты. Адамға азық пен қуат, жылу берген қазақы ұғымдағы от басы және ошақ киелі саналды, қасиет тұтылды. Сондай-ақ, жаңа дүние , жаңа зат жасап шығаратын ұсталық өнермен шұғылданушы кәсіп иесі - ұстаны да киелі адам санады. Өйткені, ол адам отпен жұмыс жасайтындықтан таза деп есептелді. Ұста отпен шыңдалып, сомдалып жасалған жаңа зат, бұйым, құрал мен қару жаратты, яғни соқты. Осы түсінікке сай дәстүрлі ортада отты қыздыратын көрік те, отпен шыңдалып, жаңа зат жасап шығаратын орын - ұстахана да, тіпті, отқа қыздырылып, балқытылған бұйымдар төселіп, соғылатын төс те қасиетті саналды. Күнделікті тұрмыста түнде үй ішін жарық етуге арналған шырақ, шам (майшам) және белгілі ғұрыптарды атқаруға арналған шырағдандар от культімен тығыз байланысты киелі заттар қатарына саналды. Жарық, шырақ сөздері бала, ұрпақ мағынасын берді, от сөзі отбасы (жанұя) мағынасын білдіретін ұғымға айналды. Сондықтан да, үлкен кісілер қайтыс болғанда қырқына дейін өлік шыққан үйдің оң жағында бала-шағасы шырақ жағатын болған. Ол - артыңда түтініңді түтетіп, отыңды жалғастыратын ұрпағың бар дегенді білдіретін [15, Т. 4., 605-606 бб.].
Оттың тіршілік арқауы , отбасы қамқоршысы, ырысы деп саналуына сай менің үйім деудің орнына от жаққан жерім, түтеткен түтінім дейді. Яғни, үй деудің орнына түтін деген тұрақты тіркес қолданылады. Оты өшті, түтін түтетері қалмады деген сөздер бір отбасының құрып бітуін, ер-азамат ұрпағының қалмауын білдіреді. Осы сияқты отпен байланысты қалыптасқан қазақ тіліндегі жеке сөздер мен тұрақты тіркестер біршама: отаға бұл сөз бастапқыда от ана деген сияқты қалыптасып, кейін келе от пен аға сөзі бірігіп, отағасы болып үйдің иесі, отбасы, ақсақал мағынасын беретін сөзге айналды. Сол себепті, отбасына қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі деген үлкендердің кішілер алдында үлгі болуын меңзеген мақал туындады. Сонымен бірге отау сөзі де қарашаңырақ - үлкен үйден от алып бөлініп шыққан отбасы деген мағына білдіретін ұғым. Өйткені, бөлініп шықаннан кейін де әр таңда от жағатын шоқ үлкен үйден алынатын салт қалыптасқан. Осыған сай, отбасын құрып, үйленіп жатқандарға түтеткен түтіндерің тік ұшсын деген тілек айту - үй, ошақ, отбасы ұғымдарын мағына жағынан аша түседі. Тіпті, үйлену, үй болу, бас құрау ұғымдарын білдіретін - отасу сөзінің өзі-ақ, бірлесіп от жағып, түтін түтетіп, отбасын құруды білдіретіндігі көп жайтты ашады[16, 42б.].
Әкесінен (атасынан) кенже ұлына мұраға қалған шаңырақтың киелі саналуы да ата-бабасы жаққан оттың иесі сол шаңыраққа сіңгендігінен. Сондықтан да, бірнеше ұрпақтың қолданысында болып, от жалынына әбден ысталған қарашаңырақ ата-баба көзі. Киіз үйдің кереге, уық сияқты басқа бөліктерін түрлі жағдайларға баланысты ауыстыруы мүмкін, бірақ, шағырақты мейлінше ауыстыруға болмайды. Күтіп ұстауға тырысады. Алайда, сынып, қирап қалды дегеннің өзінде аяққа басылмайтын тау қуысына апарып тастайды. Мұның өзі жоғарыда атлған отбасы, ата-баба жаққан отты жалғастырып, түтінін түтету нышанымен тығыз байланысты түсіндіріледі. Ал, отбасы лексиконы ежелгі замандағы отты қасиеттеп, табынған наным-сенім мен салт-санадан дерек беретін қоғамдық-әлеуметтік даму тарихтың айнасы. Бұл ұғымның ауыздан-ауызға көшіп, қалыптасқан нұсқасы немесе синонимдік сыңары от басы, ошақ қасы фразеологиялық тіркесі[17, 395 б.].
Ислам дінінде Алла Тағала адамды топырақтан жаратқанда пайдаланған төрт дүниенің бірі - от. Сондай-ақ, адамды жаратқан соң да төрт түрлі зат пайда етеді: ақыл, рух, нәпсі және көңіл. Осылардың әрқайсысы әр нәрседен алынған: көңілді судан, рухты самал желден, ақылды топырақтан, нәпсіні оттан алды. Осы себепті кімде кім нәпсінің жалынына түссе, оны машақат, әурешілік айналдырады, ақырына жазаға кіріптар болады деді. Сондай-ақ, Әзәзілдің пейіштен қуылуы туралы аңызда мынадай оқиға баяндалады: Мен оттан пайда болдым. Топырақтан жаратылған Адамға сәжде қыламын ба, деді. Сол мезетте періштелік мәртебесінен айырылып, дию суретіне енді. Әзәзілдіктен малғұндыққа айналды. Асыл тастан жасалған пейіштен қара жерге түсірілді...
Дәстүрлі ортада оттың адам бойындағы күш-қуаттың, әлділіктің нышаны ретінде сипатталуын Абай өлеңдері арқылы көруге болады:
Жастықтың оты жалындап,
Жас жүректе жанған шақ...
дегенде жастыққа тән табиғи бұла күш-қайратты бейнелеген.
Сондай-ақ, ұлы ойшылдың:
Қартаң тартқан адамнан от азаймақ,
От азайса, әр істің бәрі тайғақ -
деген өлең жолдарында от ұғымы адам бойындағы әл-қуат, қан мағынасында нақтылана түскен.
Ал, От деп аталатын Мағжан Жұмабаевтың өлең жолдарынан көне таным-түсініктердің бастау алып жатқанын аңғаруға болады[18, 15 б.].
Оттың кез-келген пішінді бұзу мүмкіндігі мен тазарту қызметін атқаратын қасиеті төмендегідей. Күнделікті тіршілікте нәрестені ең алғаш бесікке саларда, жаңа шаңыраққа көшкенде, тағысын тағы жағдайларда отпен аластаудан көрінеді. Тілдік қолданыстағы ота сөзінің бақшаны арам шөптен тазарту мағынасында жұмсалатыны нақ осыған ұқсас. Оташы деуі де сырқатқа дем салып, бойындағы дертінен құлан таза айықтыратын емшілігіне орай айтылған.көздің қарашығын ортағасырда от қарақ деп атаған. Адам көзінің қарашығы айнала қоршаған болмысты көру үшін сыртқы жарық көздері қуатымен нұрлануының нәтижесінде от боп жанады екен. Өйткені, адам көзі арқылы - ауа энергиясы, аяқтың табаны арқылы - жер энергиясы, биологиялық актив нүктелер арқылы ғарыштық энергия алынады.
От күнделікті тұрмыста, шаруашылық пен қолөнер сияқты т.б. қолданыстық қызметтерінен тыс ерекше жағдайларда да пайдаланылды. Мәселен, жорықта, жаугершілікте түрлі белгілер беру үшін пайдаланылды. Жауды алдау мақсатында түнде мол от жағу арқылы санын мол етіп, көбейтіп көрсетіп, үрейін ұшыру үшін пайдаланылғаны туралы тарихи деректер мол. Сондай-ақ, түнде әр жерден от жағып тастап, түнімен тайып тұрып та қарсыластарына орнын сипатып кету сияқты әскери тактикаларда пайдаланылды[17, 397 б.].
Қазақ халқының тарихи санасында от, су, тотемизм, мифологиялық тақырыпта, жұмақ пен тозақ туралы, отбасына беріктік, жауынгершілік туралы түсініктер сақталып қалған [19, 25-26 бб.]. Дала дәстүрінде табиғат күшін сыйлау, аспан, Күн, Ай, Жер, отқа, суға сыйыну тән болды. Ата-баба рухына бас ию сақ дәуірінен, оған дейінгі кезеңдерден келе жатқан дәстүр деуге болады. Қазақтардың қоғамдық санасында ата-бабасына бас ию, отты қасиеттеу әлі күнге дейін сақталған. Осы аталған көптеген ұстанымдар мен рәсімдер мұсылмандық сипатқа ие болды. Ислам жергілікті наным-сенімдердің әсеріне ұшырады және олардың өзара ұштасып, үйлесуіне алып келді. Тәңірлік, зәрдүш, шаманизм, т.б. белгілері ел санасында сақталып дамыды. Бұлар ежелгі жергілікті наным-сенім, дәстүр мен мұсылмандықтың бірігуінде бейнеленеді. Елдің тіршілігінде, оның дамуында тарихи сананың маңызы ерекше, ата-баба өсиетіне беріктік, ата-баба рухын сыйлау дәстүрі, салт-дәстүр сабақтастығы ерекше орын алады. Халықтың ежелден келе жатқан жырларында Жаратушыдан перзент сұрап, сыйынады. Рәсімдер жасап, ата-баба рухына құрбандық шалады. Орта Азия мен Қазақстанда кең тараған сопылық ілім, ежелден келе жатқан наным-сенімдер, дәстүрлер, әулиелі жерлерге деген дәстүрлер мен рәсімдер исламның жергілікті дәстүрлермен үйлесуі деуге болады. Аруақтарға сыйыну ежелгі дәстүр, ата-баба қабірін, әулиелерді қадірлеу ежелден келе жатқан рәсім болып табылады [19, 27 б.].
Мұсылмандық дәуірге дейін түркілер отқа, қасиетті тау, ағаш, Жер, ата-баба әруақтарына, қасиетті деп есептелетін жануарларға табынды. Әлемдегі адамзат баласының мәдениеті мыңдаған жылдар бойы адамның іс-әрекетімен байланысты болды. Барлық кезеңде адамзат баласы адамның жан-дүниесі бай адамды пір тұтқан [12, 182 б.].

11.1 Ежелгі түркі халқының дүниетанымындағы от культі: зерттеулер мен әдіснамалық аспектілер

От архаикалық мәдениеттерде бейбітшілік құрылымдардың маңызды элементі ретінде және онымен байланысты діни мәдениеттер - мифологиялық зерттеулер барысында алғаш рет қызығушылық тудырған мәселелердің бірі болды. Әдетте, от культы деп аталатын түсініктің астарында отты белгілі бір жерде ұзақ сақтап, қастерлеп, кие тұту сынды түркі халықтарының табынушылық рәсімдері жатыр. Мұндай табынушылық рәсімдеріне сонымен қатар, күнделікті ошақта жанып тұрған отқа деген құрмет пен онымен тікелей байланысты наным-сенім, ырым-тиым, салт-дәстүрлер жинағын жатқызамыз. Оттың қайдан пайда болғандығы, ең ежелгі адамдардың отты қалай пайдаланғаны жөнінде толық мәлімет беретін мифтердің бірі де бірегейі XIX ғасырдың ортасында жарық көрген А.Кунның монографиялық еңбегі болатын. Осыдан кейін жарты ғасырға жуық уақыт аралығында мифологияны зерттеуші ғалымдар отқа табынушылықпен байланысты зерттеулерді өз еңбектеріне арқау ете бастады.
Зерттеушілердің алдында тұрған негізгі мәселелер, біріншіден, әр түрлі салт-дәстүрлердегі оттың рөлін анықтауға, екіншіден, барлық халықтардың мерекелік кештерінде жағатын от алаулары жөнінде бірыңғай түсінік беруге бағытталды. Зерттеудің тағы бір қыры әлемнің барлық халықтарында белгілі отқа табынушылық деп аталатын ғылыми-зерттеу жұмыстары болды.
Осы кезеңдегі ғылыми зерттеу жұмыстарында мифологияда, салт-жоралғыларда және наным-сенімдердегі оттың көп қырлы таным-түсініктері мен ежелгі кеңестік мифологияны қайта құру туралы бірыңғай түсінік табуға ұмтылу көрінеді.
Бұл зерттеулердің нәтижелері әртүрлі халықтардың мифологиясы мен фольклоры бойынша жинақталған және жүйеленген нақты материалдар болды. Зерттеушілердің айтуынша, отқа табыну рәсімдері үндіарий тобындағы көптеген халықтарға тән. Жиналған мәліметтер негізінде отқа табыну рәсімдеріне қатысты бірнеше теориялар ұсынылды.
Солярлы теория бойынша отқа табыну рәсімдері тек Күнге табыну кешенінің элементтері ретінде қарастырылды. Бірінші болып солярлық теорияға қатысты өз ойын білдірген В. Маннхардт болатын, ол діни табынушылық рәсімдерде от - Күн оты мен ыстық ауаның жердегі көрінісі ретінде ғана шығады деп санайды.Солярлық теорияны қолдаушылардың қатарында зерттеуші-ғалымдар М. Мюллер мен А. А.А. Потебня болды. А. А. Потебня "купальдық оттарды" (Иван Купала түні жағылатын от) күн құрметіне арналған мереке ретінде, ал белгілі ағаштар мен өсімдіктер осы аспан алауының бір көрінісі ретінде түсіндірген болатын. А. А. Потебня сондай-ақ, мереке күндері жағылатын от алауларының күнмен ғана емес, славян салт-дәстүрлерін ежелгі арийлық тайпалардың мифологиясымен сабақтастыратын найзағаймен де байланысы бар екендігін атап өтеді.
А.Н.Афанасьев славян халықтарының дүниетанымындағы отқа қатысты бірыңғай жүйеленген мәлімет бермейді, дегенмен, славян және басқа да үндіеуропалық халықтардың наным-сенімдеріндегі отқа табынушылықпен байланысты ортақ таным-түсініктерінің бірнеше аспектілерін бөліп көрсетеді. Оның еңбектерінде салт-дәстүрлер мен табынушылық рәсімдерде отты пайдаланудың барлық белгілі жақтарын қозғайтын халық ұғымдарының кең шоғыры көрсетілген. Халық көріністерінде от аспан жалыны - найзағаймен туылады, ол Күннің жердегі көрінісі. А.Н.Афанасьев от қараңғылық пен суықтың таза емес күшін жоятын ғажайып қасиетке ие деген сенімге негізделген салт-жоралғылардағы тазалау теориясын бөліп көрсетті.Сондай-ақ, мал аурулары мен эпидемия кезінде оттың емдік күшіне деген сенім көрсетілген. От алауы туралы түсінік, Құдайлар арасындағы туыстық қатынас секілді халық көрінісінде ата-бабалардың табынуышылығымен біте қайнасады[2, 47-51 бб.].
Оттың қандай да бір рухани болмыс ретіндегі көрінісі жөніндегі жаңа түсінік мәдениеттің семиотикасы бойынша қаратырылған еңбектерде баяндалады. Семиотикалық зерттеулер саласында отқа табынушылық туралы мәселелер А. К. Байбурин, Вяч. Вс. Иванов, К. Леви-Строс, В. Я. Пропп, В. Н. Топорова т.б. зерттеушілердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. A.M. Белинский, Вяч. Вс. Иванов, Д.Н.Овсянико-Куликов, В. Я. Пропп, В. Харузина т.б. ғалымдардың зерттеулерінде от концептісінің жылқы, жылан және құс мифологиясымен байланысы атап өтіледі[3, 192 б.].
Функционалдық теорияның өкілдері отқа табыну рәсімдерін әдет-ғұрыптар мен салт-жоралғылар негізінде зерттеді. Мифология мен салт-дәстүрлердегі оттың өзгермейтін қызметтерін анықтау әлеуметтік өмірдегі объектінің сұранысының шеңберін көрсетті. В. Я. Пропп оттың атқаратын қызметтерін аңыз-ертегілердегі мәліметтер негізінде қарастырса, Ж. Дюмезиль Ригведадағы оттың атқаратын қызметінің ерекшеліктеріне талдау жүргізді.Структуралистер отты қоршаған ортаны түсіндіру үшін қолданылатын әмбебап бірліктердің шектеулі шеңберіне қосты[3, 312 б.].
Оттың феноменіне байланысты мәдениеттанулық көзқарас шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген: Л. Уайт " Энергия и эволюция культуры " (1949), М. С. Каган " Введение в историю мировой культуры ", (2000), В. Д. Лелеко " Пространство повседневности в европейской культуре" (2002), Ю. С. Степанов " Константы: словарь русской культуры" (2000). Аталған еңбектерде негізгі зерттеу объектісі ретінде сонымен қатар, от культының мәдениетте, фольклорда, мифологияда, жазбаша қалдырылған мұраларда және от қалдықтарының артефактілерде көрініс табу мәселелері болатын[2, 8 б.].
Отқа табыну көптеген халықтардың ежелгі табынушылықтары қатарына жатады. Моңғол тілді халықтарда бұл табынуды зерттеу оның қалыптасу тарихының әртүрлі кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді, оларды ортағасырлық жазба дерек көздерінің мәтіндері бойынша да, этнографиялық деректер бойынша да көруге болады. Атап айтқанда, 70 - ші жылдары Бурят АКСР - да Г.Р. Галданованың [20, 95 б.] оттың мәдениетіне байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер туралы жинағы жарық көрді.
Отқа табыну - алтайлықтардың рухани, материалдық өмірінде де, шаруашылық тұрмысында да маңызды орынды иеленді. XX ғасырда алтай халқының мәдениетін зерттеуші, миссионер В.И. Вербицкий киіз үйдің ортасында тұрған ошақты алтайлықтар қысы-жызы, күндіз-түні өшірмей сақтап ұстап отыратын болған, - деп айтып өтеді[21, 71 б.]. Отқа табыну олар үшін таза әлеммен байланысумен теңдестірілді. Н.П. Дыренков өзінің Культ огня у алтайцев и телеут атты мақаласында анимистикалық көзқарас жөнінде тоқталып өтеді: Алтайлықтардың отқа табыну көрінісі барысында анимистикалық көзқарастар да орын алған, оны біз отқа табыну барысындағы от иесіне жасалған салт-жоралғылардан байқаймыз. Алтайлық... ең алдымен үш жағынан таспен қоршалып жасалған ошақты қатты құрметтеген, оттың лапылдап жанған кездегі алауына тікелей қарамаған және отқа кесірі тиеді деген түсінікпен оған мүлдем темірден жасалған заттар тастамайтын болған.. От иесінің бейнесі (От ээзи) әрдайым антропоорфты түрде бейнеленген, алтайлықтар оның бейнесін От-Эне (оттың анасы) ретінде аңыздардағы отыз басты, алпыс басты, құлақтары қалқиып үлкен болып тұрған қалпында елестететін болған. Алайда, кейбір алтайлықтардың түсінігінше от тазалық пен пәктіктің белгісі, отбасының қамқоршысы болғандықтан, от рухының иесі - жас әрі әдемі (Қыз-Эне) болған[22, 63 б.]. Сондай-ақ, отқа табынушылықтың әйел затымен тығыз байланысы бар екендігін зерттеуші-ғалым В.Н. Харузина да өз еңбектерінде осылай баяндайды: Оттың сирек жағдайларда орын алатын өзіндік белгілері мен әдеттерін ер адаммен салыстырғанда әйел адам тез ұғынып түсіне алады. Оттың не себепті аяқ астынан қатты жалын шығарып, алаулап, ашуланғанын әйел адам ғана білетін. Бұл жалынның осы алапат қасиетін әйел ғана белгілі бір өлең жолдарын оқи отырып, қайта қалпына келтіре алған. [5, 87 б.]. Ф.А. Сатлаев өзінің Религиозные мировоззрение алтайцев атты еңбегінде: От - тіршіліктің қайнар көзі, сондай-ақ оның иесі бар екендігін ескере отырып, алтайлықтардың түсінігінде отқа өткір заттармен тиісуге болмайтындығы, оған аса ұқыптылықпен және құрметпен қарау керектігі атап көрсетілген. Кез-келген үй иесі тағам әзірлеп жатқан кезде міндетті түрде от рухының иесін де азықтандыратын болған. Жанып тұрған алауға қалған қалдықтарды, қоқыстарды тастауға қатаң тиым салынған[23, 18 б.]. Алтай фольклорында отқа қатысты ол қасиетті, кез-келген қиындықтардан қорғай алады және тазалайды, аурудан айықтыратын қасиетке ие болғандықтан отқа бейжай қарауға болмайды, олай қараса От-ана өзімен бірге пәле-жала алып келеді деп есептелді. Міне, осыдан барып оттың билігі адамның, отбасының, ұрпақтың өмірі мен өлімі арасындағы сабақтастық ретінде танылды.
Аспан денелеріне қатысты зерттеулер ханты мен манси халықтарының мифтерінде мүлдем жоқ деуге болады. Керісінше, От Құдайы Об угор халықтарының діни наным-сенімінде маңызды орын алады. Солтүстіктегі кейбір халықтардың: ненецтер, манси, ханттар т.б. олардың от культімен байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен танысу барысында А. Неркаги [24], К. Карьялайнен [25], А. Головнева [26] секілді авторлардың еңбектеріне талдау жасалынды.
Солтүстікте тіршілік ететін халық өкілдерінің ең танымал және қастерлі табынуы - Отқа табынушылық болып табылады. Бұл негізінен осы аймақтардағы қатал климаттық жағдайларға байланысты, мұнда от - тіршілік көзі, бұл туралы халық мақал - мәтелдерінде: "шығамыз - қар ақшыл, кіреміз-от қызыл түсті" баяндалады. Н.А.Алексеевтың Традиционные религиозные верования якутов в ХІХ - начале ХХ в. [27, 15 б.] атты кітабында якуттардың отты кие тұтып, құрметтеп, оған қалай табынатындықтары жөнінде баяндалған, онда ол от рухын үй ошағының қамқоршысы ретінде ашып көрсеткен. А. Е. Кулаковский өзінің "Научные труды" [28, 28-30 бб.] атты еңбегінде оттың тікелей қатысуымен жүзеге асырылатын түрлі наным-сенімдер мен кейбір салт-дәстүрлерді ашып көрсетті. Өзінің редакциясымен жазылған "Якутские мифы" [29] жинағында Н.А.Алексеев Чурпачин ауданының Алагар наслегінде жазылған аңызды сипаттайды, мұнда ол оттың шығу тегі мен осы отқа табынудың пайда болуы туралы, сондай-ақ, оттың рухының көмегімен түрлі ауру-сырқауларды емдеу тәсілдерінің орын алғандығы жөнінде тоқталып өтеді. В. Л. Серошевскийдің "Якуты" [30, 665 б.] атты монументальды еңбегі оттың кейбір сенімдері мен сиқырлы қасиеттерін сипаттайды. Н. А. Алексеев жалпы отты құрметтеуді және оттың рухын үй ошағы ретінде құрметтеуді бөліп қарастырады [27, 22 б.].
В. Л. Серошевский өз еңбектерінде оттың сиқырлы қасиеттері туралы мәліметтер келтіреді: "от әр түрлі болады: "қасиетті от" ("айыы уота"): бұл - шаман талып қалған жағдайда оның үстінен отпен аластау жүзеге асырылатын болған және осы түсінік арқылы таралған; От-Улу-тоен жасау (Улу-тоен уот тёрдё онгоруулах); от - пайдалы, қарапайым тұрмыс оты; оған арнайы "ақ құлынды" құрбандыққа шалады; От - қорқынышты,бәрін жоюшы ретінде сипатталады, ол "қызыл, қан сияқты, қара арқасымен және ақ құлынымен"(кылыс-кан Турогас, ураниктах сырайыэр) құрбандыққа шалынады. Ешкім оның каминада қалай лаулап жанып жатқанын білмейді...[30, 700 б.]

11.2 Түркі халықтарының наным-сенімі от культіне байланысты зерттеулер

Ұлан байтақ Азия даласында өмір сүрген, халықтардың географиялық орналасуын бірнеше рет ұлы көштерімен өзгерткен, қытай сынды ұлы халықты бірнеше рет бағындырып адамзат өнерінің қайталанбас кереметі Қытай қорғанының тұрғызылуына себеп болған байырғы түрік қауымдарының дүниетанымы еш күмәнсіз олардың дініне, тіліне, салт-дәстүріне әсер еткені рас. Ежелгі заманнан осы уақытқа дейінгі деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетанымы оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор екендігін біле аламыз. Көне түркілер жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа, ата-баба рухына, күнге, отқа табыну болды. Вильгельм Рубрук түркі жұртын аралаған кезінде олар өздерінің Тәңірге табынатынын және оны таза рухани мән ретінде түсінетінін атап көрсеткен. Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, "... оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік тамақ жеудің немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбаға арнап, су мен жерге де құдай деп табынады", - дейді [31, 212 б. ]. В.В. Бартольд: "Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну болды", - деп жазады. Тәңірді түркілер барлығын жаратушы "объективті идея" ретінде қарастырса, жер-су - тіршіліктің тірегі деп санаған [32, 107 б.].
Ел басына күн туғанда қаған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі халықтарының күнтізбесі, астрономиялық ілім-білімдері
Орхон-Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі Тәңірлік идеясы
Халықтық наным-сенімдердің этнолингвистикалық сипаты
Басқа сөзбен айтқанда Ұмай ана - Түркі тілдес халықтарының дүниетанымындағы дәстүрлі әйелдік бастаудың символы
Түркілердің сенім негіздері
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Түркі мифологиясы
Қайырымды қалаға теріс қалалар
Түркі халқына ортақ балаға қатысты ырым - тыйымдар
Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштері
Пәндер