Қазақ тілінде кірме сөздердің қолданылуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының тақырыбы : Қазіргі қазақ тіліндегі кірме сөздердің лексика-семантикасы (тағамтану саласы бойынша)
Жұмыстың құрылымы : Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың көлемі:
Пайдаланылған әдебиеттер саны:
Тірек сөздер : кірме сөздер, лексика, семантика, тағамтану,
Зерттеу нысаны : Тағамтану саласындағы кірме сөздердің лексикасы мен семантикалық ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті : Қазіргі қазақ тіліндегі кірме сөздердің тағамтану саласындағы орнын айқындау.
Кірме сөздердің теориясына сүйене отырып, тағамтану саласында қолданылып жүрген өзге тілден енген, бірақ белсенді қолданылатын сөздердің тіліміздегі алатын орны мен ерекшеліктерін ашып көрсету.
Жұмыстың мазмұны : Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, зерттеу нысаны, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, әдістері, практикалық және теориялық маңызы жайлы мәлімет беріледі. Негізгі бөлім екі тараудан тұрады. Мұнда тағамтану саласындағы кірме сөздердің шығу тегі, жасалу жолдары, лексикалық және семантикалық ерекшеліктері әңгіме болады. Қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс барысы жүйеленіп, түйін жасалады.
Жұмыста қолданылған дерек көздері : Ғылыми еңбектер, түсіндірме, лингвистикалық сөздіктер, мақалалар, тамақтану орындарындағы ас мәзірлерінен жинақталған материалдар.
ГЛОССАРИЙ
Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер. Көбінесе белгілі бір жаңа ұғымның, түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал», «калька», «варваризмдер» сияқты түрлерге бөлініп, сараланады.
Этимология (грек. etymos - ақиқат, шындық, logos - білім) - сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы болып табылады. Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі жеке сөздер, сөз тіркестері, граммат. тұлғалар жатады. Этимологиялық зерттеу нысаны тек мағынасы ұмыт болуына, не күңгірттенуіне байланысты жеке-дара қолданылмайтын сөздер, тұлғалар ғана емес, сонымен қатар тілімізде дербес те жүйелі түрде қолданылатын жалпы лекс. -граммат. мағынасы айқын сөздер мен сөз тұлғалары да бола береді.
Лексика (грек. лексикос - сөздік) - тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т. б. ) тұрады. .
Семантика - (көне грекше: σημαντικός - танбалаушы, білдіруші) - тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Семантика сөз мағынасын, сөз өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді. .
Тағамтану (көне лат. nutrіtіo - тағам және logos - ілім) - адамдар мен жануарлар тағамын зерттейтін ғылым саласы. Қазақстанда Т-мен Тағамтану академиясы ЖАҚ айналысады
Сана ағыл . Conscience адамның қоршаған кеңістікте, уақыт кқлемінде, өзін жеке тұлға ретінде тануына мүмкіндік беретін техникалық үдерістердің және мінез құлықтың тәжірибесін, тұтастығын, әралуандығын қамтамсыз ететін жиынтықты білдіретін, ақиқат шындықты бейнелеудің ең жоғарғы нысаны. Сана ойлау, пайымдау және ақиқат шындыққа өз қарым қатысын айқындау қабілеті. (лингвистикалық сөздік)
Тілдік сана ағыл . linguistic consience ұлттық қоғамдық сананың маңызды бөлігі; нақты бір халықтың Тіліне, Мәдениетіне тән, кеңістікті, себеп салдарлы, эмоциялы және т. б. байланыстары арқылы анықталатын әлем бейнесі. Нақты бір мәдениет иелерінің тілдік санасы (этникалық бейсаналықты қоса алғанда) мәдениеттің өзекті компоненті, Этностың қоршаған ортаға бейімделуінің тетігі ретінде қарастырылады. Тілдік санаға қатысты зерттеулер этникалық сананың мәдениетаралық онтологиясы болатындығы туралы ойды бекіте түседі.
Тілдік сана- сезім liguistik self-consience Тілді пайдаланушылардың өздері қай тілде сөйлейтіндігі, өзерін қандай Этноспен, Этникалық топпен сәйкестендіретіндігі туралы түсінігі; тілдік сана сезім сонымен қатар Ана тілі басқа қандай тілдермен ықпалдастықта болады деген түсінікті де қамтиды. Тілдік сана сезім білім тілін анықтауда, Тілді таңдауда , Сәйкестендіру үдерістерінде байқалады .
МАЗМҰНЫ
I КІРІСПЕ . . . 6
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІКірме сөздердің шығу тегі . . . 8Қазақ тілінде кірме сөздердің қолданылуы . . . 11
- ТАҒАМТАНУ САЛАСЫНДАҒЫ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН СЕМАНТИКАЛЫҚ саласында қолданылатын кірме сөздердің лексикалық және семантикалық түпнұсқалары . . . 17Кірме сөздердің жасалу жолының мағынасына тигізетін әсері . . . 34
III ҚОРЫТЫНДЫ . . .
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: кірме сөздердің ғылыми талдауы. Қазақ тілінің сөздік құрамына әрқилы жолдармен, әрқилы кезеңдерде енген, бірақ байырғы сөздік қорына тән емес сөздер тобы әдетте кірме сөздер деп аталып жүр. Бұлардың қатарында терминдік тұрақты ұғымы тиянақталмай ауытқып жүрген тағы бірнеше атау сөздерді әңгімелеуге болады. Олар - шет тіл сөздері, интернационалдық терминдер, ғылыми терминдер, арабизмдер, русизмдер, техникалык атаулар, халықаралық терминдер т. т. Бұлардың бәрінің өзді-өзіне тән аздаған ерекшеліктерімен бірге, ортақ белгілері де жетерлік. Олардың тілімізге келу, ену жолдары талай сырдың бетін ашады. Сонымен қатар, тұрмыстық қазақ тілінде де күнделікті тағам атауларында аталмыш кірме сөздер көптеп кездеседі. Себебі, тіл - динамикалық құбылыс, ал жаһандану заманында өзге елдермен, олардың ұлттық мәдениетімен, тілімен астасу - тарихи заңдылық. Осы зерттеу жұмысынде, міне, осы астасудан туындаған кірме сөздердің тағамтану саласындағы мағынасына тоқталмақпыз.
Зерттеу жұмысының нысаны: Тағамтану саласындағы кірме сөздердің лексикасы мен семантикалық ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының пәні: Сөз мәдениетінің сөз байлығы, сөз жатықтығы, сөз тазалығы, сөз дәлдігі, сөз логикалылығы сияқты қатысымдық сапаларын ажыратып, талдау.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазіргі қазақ тіліндегі кірме сөздердің тағамтану саласындағы орнын айқындау.
Кірме сөздердің теориясына сүйене отырып, тағамтану саласында қолданылып жүрген өзге тілден енген, бірақ белсенді қолданылатын сөздердің тіліміздегі алатын орны мен ерекшеліктерін ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысында материалды жаппай жинақтау, сұрыптау, байқау, жүйелеу, сараптау, талдау әдістері орын алды.
Зерттеудің теориялық маңызы: Кірме сөздер қазіргі кезде тілімізге белсенді түрде еніп, тұрмыстық, ғылыми тілдің ажырамас бөлшегіне айналып келеді. .
Тағамтану саласындағы кірме сөздерді зерттеу арқылы тіліміздегі кірме сөздердің лексикалық, семантикалық ерекшеліктерімен қатар, грмматикалық, синтаксистік жағынан жете зерттеуге мүмкіндік аламыз. Ал олардың мағыналық ерекшеліктерін айқында өзге салалардағы кірме сөздердің семантикалық ролін анықтауға жол ашады. рмен байланыстыру тілдік бірліктердің орнын айқындай түсуге жол ашады. Бұл, өз кезегінде, теориялық жағынан үлкен мәнге ие.
Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу нәтижесі тағамтану саласында белсенді қолданылып жүрген кірме сөздердің мағынасын айқындауға көмектеседі.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы әдеттегідей реферат, глоссарий, кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ЭТИМОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІКірме сөздердің шығу тегі
Қазақ тілінің сөздік құрамына әрқилы жолдармен, әрқилы кезеңдерде енген, бірақ байырғы сөздік қорына тән емес сөздер тобы әдетте кірме сөздер деп аталып жүр. Бұлардың қатарында терминдік тұрақты ұғымы тиянақталмай ауытқып жүрген тағы бірнеше атау сөздерді әңгімелеуге болады. Олар - шет тіл сөздері, интернационалдық терминдер, ғылыми терминдер, арабизмдер, русизмдер, техникалык атаулар, халықаралық терминдер т. т. Бұлардың бәрінің өзді-өзіне тән аздаған ерекшеліктерімен бірге, ортақ белгілері де жетерлік. Олардың тілімізге келу, ену жолдары талай сырдың бетін ашады. Мұрты бұзылмай әу баста түпнұсқа тілде қалай пайда болса, дәл сол қалпында қабылданған кірмелер де бар. Сонымен бірге тіл даму процесінде едәуір өзгеріске ұшырап, сыртқы түрін құбылтып алған мысалдар да баршылық. Бұларды, әрине, бір қатарға қойып талдауға болмас еді. Алып отырған объектіміз кірме сөздер мен терминдер болғанмен, бұл жерде кірме сөздер бір бөлек, кірме тіркестер бір бөлек және «өздік» терминдер мен «өзгелік» терминдер және терминдік тіркестер өз алдына жеке-жеке қарастырылуға тиіс мәселелер. Дегенмен мұның әрқайсысы өзіндік зерттеу сарабынан әлі өтіп үлгермегендіктен біз бұларды әзірге өзара тығыз байланыста қарастыруға мәжбүрміз. Жалпы дәстүрлі әдебиетте өзге тілден сөз алмасу процесін прогрестік құбылыс деп табады. Яғни бұл тіл байытудың бір көзі саналады. Бір қарағанда солай да сияқты. Бұған мысал ретінде қазақ тілі тарихының қалыптасу жолына зер салса болады. Біз бұдан қазақ тілін қорландыра түсуге себі тиген, оның сөздік қорын байытқан әлденеше кезеңді көреміз. Мамандардың айтуына қарағанда, мұны мынадай кезеңдерге бөліп, әрі диахрондык сипатта қарауға болатын тәрізді, оның өзін де шартты түрде ғана
Кірме сөздердің тілімізге қатар енген ыңғайыиа қарай айқындалатын ең үлкен екі дәуірді байқаймыз. Ол - арабизмдер, парсизмдерді алып келген VIII-ІХ ғасырдан бергі жердегі он ғасырлық уақыт пен XX ғасырдың еншісіне тиетін интернационалдық терминдер мен русизмдер. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің табиғатын зерттеген Л. Рүстемов бұларды 14, 5 пайыз шамасында деп көрсеткен. Біз бұл жолы батыс Еуропа тілдері мен орыс тілінен енген сөздердің кейбір түстарына ғана тоқтағанды жөн көріп отырмыз. Жалпы кірме сөздер табиғаты қызық. Әдетте бір тілден екінші тілге алуан-алуан сөз элементтері өтіп жатады. Бұл морфология, синтаксис, лексика салаларына тән құбылыс. Әсіресе лексика саласындағы кірме сөздер жайы айрықша назар аудартады. Өйткені тілдік процесте сөз алмасудың жөні бөлек. Ең жиілік жағынан сөздің алдына фонема да, морфема да түсе алмайды. Лексика - тіл білімінің басқа салаларына қарағанда сыртқы әсердің қандайына болса да елгезектік танытып тұратын қабатқа бай. Қоғамда болып жататын өзгерістердің бәрі дерлік лексикадан орын теуіп жатады. Бұл негізінен халық пен халықтың өзара қарым-қатьшасына байланысты болып жататын процес болып табылады. Соның ішінде заттар мен ұғымдар атауы бір тілден екінші тілге жиірек ауысып жатады. Белгілі бір тілде кірме сөздер қарасының көбейіп кетуін қайсыбір зерттеуші әлгілерді қабылдаушы тілдің кедейлігінен деп түсіндіруге тырысуы мүмкін. Мұндай пиғылдар болған да. Ал негізгі себеп, біздіңше, басқа. Тіл тілде, оның ішінде қазақ тілінде әсіресе, ғылыми-техникалық прогрестің қанат жаюына байланысты көптеген сөздер мен ұғымдарды жаңаша саралауға тура келді. Әрбір саладағы сөз саралау барысында қайсыбір ұғымдарды нақтылай, анықтай түсу ниетімен өзге тіл элементтерін қоспалап, жарыстыра қолдану дағдысы пайда болды. Мәселен, репортаж, репортер, информация, хобби, коммерсант, бизнес, холдинг, комфорт, сервис, лимит дегендер, бір қарағанда мұқтажымызды өтеп тұрғандай. Екінші жағынан, дәл осы сөздерді арқалаған мағыналық жүгін түгел бере қоятын лексикалық элементтердің қазак тілінен әзір табыла қоймауынан. Кейде авто, аудио, авиа, аэро, кипо, метро тәрізді қысқарған сөз бөліктері де бір тілден екінші тілге көшіп жүреді. Бұларды автоқалам, аэрошана, киноқондырғы деген мысалдардағыдай түрде туындатып, сөздердің жаңа бір үйірін жасауға болатынын байқаймыз. Зерттеушілердің топшылауынша, ғылымда терминжасамның басты-басты (ең негізгі) деген үш тәсілінің жігі айқындала түскен тәрізді. Оның біріншісі бойынша терминжасам процесінде туынды сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер және сөзтіркестері іске тартылады. Сонымен бірге жалпы халықтық тіл элементтері де қолданылып жатуы мүмкін. Яғни тілдің өз сөз байлығын сарқа пайдалану принципіне қатысты тәсіл. Екінші тәсілдің мәнісі мынада. Тілде бұрыннан бар термин сөздердің негізінде, немесе оның мағынасы мен тұлғасын аздап өзгертіп барып жаңа термин жасау. Мысалы: оку - оқулық - оқу құралы; немесе кейбір синонимдес сөздердің мағыналық жігін таратып жаңа өріс беруге болады: ілім - білім - ғылым т. т. Үшінші тәсіл бойынша өзге тілдердегі дайын терминдерді қабылдап алу. Бір кезде қазақ тілінде қаптап қатар түзеген коммунизм, социализм, марксизм, совет, коммунист, лектор, журналист, юрист т. т. осыған дәлел. Осы соңғы тәсіл жайына біраз тоқтала түсу қажет. Негізгі сөздік қорымызға жатпайтын бөгде сөздер жоғарыда сөз болғанындай казақ тілінде әрқилы аталып жүр. Шет тіл сөздері, бөгде сөздер, интернационалдық терминдер, кірме сөздер, кірмелер т. т. Жалпы біз тілімізге ешқандай өзгеріссіз енген сөздерді де, тұлғалық езгерістерге душар боп, төл байлығымыздың катарынан орын алған сөздерді де кірме сөздер ретінде әңгімелеп жүрміз. Әйтсе де кірме сөздер табиғатын тарихи кезеңдерге бөліп жіктеп, жүйелеп қарау керек сияқты. Мәселен, бұлардың тіліміздегі өрісін саралай отырып біз формалды түрде мынадай үш түрлі ыңғайды байқаймыз. Біріншінің қатарына тілімізге бағзы бір замандарда еніп қолданыла келе әбден сіңіп, бөтендігі байқалмай мүлде өздік болып үлгерген сөздерді жатқызуға болады. Мәселен: мәдениет, кағида, ғылым, білім, ғалым, мұғалім, мектеп, медресе тәрізді арабы сөздер мен сот, жәшік, бәтіңке, болыс, бөкебай, бөтелке, әптек тәрізді орыс сөздері әу бастағы өзгелік ерекшелігін сыпырып тастап, қазақ тілінің заңдылығына сәйкес икемделіп, төл байлығымызды молайтқан қазына. Екіншіге сыртқы пішінін өзгертпегенімен жиі қолданылу нәтижесінде сол қалпында-ақ негізгі сөз байлығымыздан жатырқамай орын ала бастаған аспирант, студент, академик, пойыз, станса, журналист, корреспондент, машина, автомашина, солдат, лейтенант, офицер, касса, кассир, экономика, трамвай, троллейбус тәрізді сөздерді жатқызуға болады. Ал үшінші лекті таза шет тіл сөздері құрайды. Бұлар көбінесе мамандар аузында, аз ғана топтың қолданысында жүрген сөздер. Бұл жерде әңгіме тілге тиек етіліп отырған терминдердің ертелі-кеш енуі ғана емес, олардың қолданыс аясы мен өрісінің де шеңбері есепте болуы тиіс. Мұндай саралаудың бәрі әрине шартты. Дегенмен мұндай зерттеуде жүйелілік бола қоймайды.
Этимология (грек тіл. «қосу» және “etymo” «шынайы мәні» деп аударылса, “logos” «ілім») - деп жазады М. М. Маковский - бұл бөлім тіл білімі, оның шеңбері негізінде салыстырмалы-тарихи әдісті қалпына келтіріле ең ежелгі сөз құрылымы және элементтердің маңызы болып табылады [1] . Тілі ғылым филиалы басқа лингвистикалық пәндер арасында көрнекті орын бірі болып табылатын этимология. Әр тілдің лексика сөздің құрылымы сөздер тілінде білім берудің қолданыстағы модельдердің негізінде түсіндіруге болмайды, өйткені тілдің түсініксіз мәндермен сөздер, байланыс нысандарын едәуір қоры бар. Сөздерден Тарихи өзгерістер, әдетте, бастапқы нысаны мен мағынасы сөздің, сөз белгісі сипаты жасырды деп сөздің бастапқы байланыс нысандары мен мағынасы болып табылады, негізгі ынталандыру қайта құру кешенділігін анықтайды. қандай нысанда сөздің этимологиялық талдау мақсаты лингвистикалық материалды негізінде қалыптастырушы моделіне, қашан, қай тілде анықтау болып табылады, және қандай мән бар сөз болды, ал қандай тарихи, оның негізгі нысаны мен мағынасы өзгерістер оның қазіргі түрінде әкелді және мәні.
Тарих бойында ағылшын тілі әр түрлі Еуропа тілдерімен ассимиляцияға ушырағандығы себепті ағылшын тілі сөздігіндегі кірме сөздер қатары өте бай есептеледі. Ағылшын тілінде Үнді және Африкан тілдерімен ассимилацияға ушраған сөздерде көп кездеседі. Сонымен қатар бұл тіл ежелден кірме сөздерді өзіне сіңіріп өнген. Ағылшын тілінің сөздік қорының молаюына әлемнің 1000-нан аса тілі үлес қосқан. АҚШ-тың «Global Language Monitor» лингвистикалық компаниясының 2006 жылдың сәуір айындағы есептеуі бойынша, ағылшын тілінде 988 968 сөз бар екен. Сол қордың 65-70 %-ын кірме сөздер құрайды.
- Қазақ тілінде кірме сөздердің қолданылуы
Қазақ тілінің сөздік құрамына әрқилы жолдармен, әрқилы кезеңдерде енген, бірақ байырғы сөздік қорына тән емес сөздер тобы әдетте кірме сөздер деп аталып жүр. Бұлардың қатарында терминдік тұрақты ұғымы тиянақталмай ауытқып жүрген тағы бірнеше атау сөздерді әңгімелеуге болады. Олар - шет тіл сөздері, интернационалдық терминдер, ғылыми терминдер, арабизмдер, русизмдер, техникалык атаулар, халықаралық терминдер т. т. Бұлардың бәрінің өзді-өзіне тән аздаған ерекшеліктерімен бірге, ортақ белгілері де жетерлік. Олардың тілімізге келу, ену жолдары талай сырдың бетін ашады. Мұрты бұзылмай әу баста түп нұсқа тілде қалай пайда болса, дәл сол қалпында қабылданған кірмелер де бар. Сонымен бірге тіл даму процесінде едәуір өзгеріске ұшырап, сыртқы түрін құбылтып алған мысалдар да баршылық. Бұларды, әрине, бір қатарға қойып талдауға болмас еді. Алып отырған объектіміз кірме сөздер мен терминдер болғанмен, бұл жерде кірме сөздер бір бөлек, кірме тіркестер бір бөлек және «өздік» терминдер мен «өзгелік» терминдер және терминдік тіркестер өз алдына жеке-жеке қарастырылуға тиіс мәселелер. Дегенмен мұның әрқайсысы өзіндік зерттеу сарабынан әлі өтіп үлгермегендіктен біз бұларды әзірге өзара тығыз байланыста қарастыруға мәжбүрміз. Жалпы дәстүрлі әдебиетте өзге тілден сөз алмасу процесін прогрестік құбылыс деп табады. Яғни бұл тіл байытудың бір көзі саналады. Бір қарағанда солай да сияқты. Бұған мысал ретінде қазақ тілі тарихының қалыптасу жолына зер салса болады. Біз бұдан қазақ тілін қорландыра түсуге себі тиген, оның сөздік қорын байытқан әлденеше кезеңді көреміз. Мамандардың айтуына қарағанда, мұны мынадай кезеңдерге бөліп, әрі диахрондык сипатта қарауға болатын тәрізді, оның өзін де шартты түрде ғана.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz