АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ ЖӘНЕ БАЛА ТІЛІ


КІРІСПЕ
Диплом жұмысының негізгі сипаты: «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» демекші, қазіргі таңда көп тіл білу үлкен жетістік десек де болады. Басқа тілді меңгеру артық етпейді, көкірегі ояу, көзі ашық болып өседі. Ғылым мен білімнің тілі ретінде ағылшын тілін жастарымыз жаппай үйренуі тиіс. Қазіргі таңда үйренемін деген жастарға барлық жағдай жасалған. Бұрын ағылшын тілін орыс тілі арқылы ғана үйренсе, қазіргі таңда көптеген курстар, бағдарламалар, қазақша-ағылшынша сөздіктер мен оқулықтар бар.
Үштілділік - бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты бірден-бір жол. Бүгінде 2013 жылдың 1-қыркүйегінен 1-сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту енгізілді. Бұл жайында да екі түрлі пікір қалыптасқан. Бірі бұл құптарлық дүние екен десе, екінші біреуі бұл баланы мәңгүрттікке апаратын жол деседі. Егер бала жастайынан ағылшын тілін үйренсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуға мүмкіндігі болады. Қазіргі таңда ағылшын тілін білетін маман үлкен сұранысқа ие. Сонымен қатар шет елдерге өз елімізді басқа қырынан таныстыруымызға мүмкіндік береді. Енді екінші біреуі ең алдымен баланың қабылдау деңгейіне қарау керек екенін айтады. Бірі тез игеріп әкетсе, екінші біреудің үлгерімі нашар болуы мүмкін. Сонымен бірге «жан-жағымыздағы барға еліктей берсек, болашақта ұлтымызға тән тілімізді жоғалтып алмаймыз ба?», -деген түрлі сауалдар мазалайды.
XXI ғасыр бұқаралық ақпараттар құралы дамыған заманда ағылшын тілінде түрлі анимациялық фильмдерде жетерлік. Өзіміздің отандық телеарналарда балалардың ағылшын тілін үйренуге деген құлшынысын оятатын бағдарламалар да бар. «Hello balapan», «ABC+» т. б.
Анимациялық фильм - суреттердің, қуыршақтардың қимыл-қозғалысын жеке кадрларға түсіріп, ретімен көрсететін кино өнерінің бір саласы. Бұл сала ең қызықты, еліктіретін жанрларының бірі. Сондықтан да анимациялық фильмдер- бала тәрбиесінің, сана-сезімінің, тілінің қалыптасуына, болмысына әсер ететін негізгі құрал ғана емес, ана тілімізді де үйретудің басты құралы. Өкінішке орай, қазіргі таңда телеарналарда «Ер Төстік», «Толағай», «Қошқар мен Теке», «Құйыршық» секілді қазақ анимациялық фильмдері көрсетілмейді. Керісінше, отандық арналарда шетелдік анимациялық туындылар үздіксіз беріліп жатыр. Шетелдік туындылар балаларды қызықтыру үшін барлық нәрсені ойлап тапқан. Бала тұрмақ, ересек адамдардың да қиялыңа қанат бітіргізіп, аузыңнан су ағыздырып, еліктіріп жібереді. Дегенмен, олардың да «естісі бар, есері бар», кейбірінің балаға зияны болса, кейбірінің тигізер пайдасы бар. Олардың қатарына: «Аладдин», «Шрек», «Кунг Фу Панда», «Маша и медведь», «Ну, погоди!», «Том и Джерри», «Спанч Боб», «Король Лев», «Холодное сердце» т. б баршылық. Бүгінгі таңда, «балалар мен теледидар» мәселесі ата-аналарды ғана емес, психолог, педагогтар мен дәрігерлерді де алаңдатып тұрған мәселе.
Балалар тез қабылдағыш, санасы сорғыш болып келеді. Өзінің сүйікті қаһармандарының қылығын қайталап, солардың сөзімен сөйлеп, солар не істесе, соны істейді. Бұрынғы балалар бос уақытын қуыршақтармен, кітап оқумен, табиғат аясында ойнаумен өткізсе, қазіргінің балалары көгілдір экранға телмірумен өткізеді. Мамандардың айтуынша, әрбір бала өз уақытының 30 пайызын экранның алдында өткізеді екен. Бұл орта есеппен мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат теледидар алдында отырады екен. Бала тілінің, психикасының дамуына кері әсер ететін анимациялық фильмдермен қатар, оларға мейірімділікті, бауырмалдылықты үйретіп, танымын арттыратын анимациялық фильмдер де жоқ емес. Көптеген елдерде бала тәрбиелеуде анимацияның орны ерекше. Атап айтар болсақ, Жапонияда анимация арқылы салт-дәстүрін, өзін-өзі ұстау мәдениетін үйретсе, АҚШ бұл әдіспен математика, география, физика пәндерінің негізінде оқытуда. Ал, Қытай мемлекеті анимация өнері бойынша әлемде көш бастап тұр. Олар ұлттық мүддені ғана көздейтін мультфильмдерді шығару арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға тырысады. Сонымен қатар, бұл мемлекетте шетелдік туындыларды көруге тыйым салынған. Қытай, Франция, АҚШ, Жапония секілді мемлекеттер анимациялық фильмдерді идеологиялық құрал ретінде пайдаланып, оған қыруар қаржы жұмсауда. Қазақстан аниматорлары қауымдастығының төрағасы, режиссер-аниматор Батырхан Дәуренбеков: «Бала біздің болашағымыз десек, анимация саласын дамытуымыз керек. Бір сағаттық мультфильммен-ақ тұтас буынды тәрбиелеуге болады». [7] Сондықтан да әрбір ата-ана анимациялық фильмдерді талғаммен таңдап, теледидардан не көретінін, қанша сағат жұмсайтынын бақылап отырғаны абзал.
Зерттеудің өзектілігі: 2006 жылдың қазанында Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы «Үштұғырлы тіл» идеяны жария еткен болатын. «Қазақстан бүкіл әлемге үш тілді пайдаланатын мәдени ел ретінде танылуы тиіс. »[3] Елімізді шет мемлекеттерге танытатын келер ұрпақ болғандықтан, 2013 жылдың 1-қыркүйегінен 1-сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту енгізілді. Бала үшін ең басты, қызықты нәрсе - анимациялық фильмдер. Бала- біздің болашағымыз болғандықтан, біз «қандай анимациялық фильмдерді көреді?», «ондағы кейіпкерлер қалай әсер етеді?» Ең басты сұрақ «анимациялық фильмдердің бала тілі дамуына әсері бар ма?» Осы сұрақтарға жауап табу үшін осы тақырыпты зерттеуді ұйғардық.
Диплом жұмысының зерттеу нысаны: Анимациялық фильмдерді бір, екі немесе үш тілде көретін балалардың сөйлеу ерекшеліктері.
Диплом жұмысының пәні: Сәби тілінің сөздік қоры, лексикологиясы, сөйлемді құрастыруы, синтаксисі.
Диплом жұмысының мақсаты: Анимациялық фильмдердің бала тілі дамуына әсерін зерттеу
Зерттеу міндеттері:
- Анимациялық фильмдердің бала тілі дамуына әсері туралы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу
- Анимациялық фильмдердің тілдік ерекшеліктері мен қызметін анықтау
- Бала тілінің даму кезеңдерін әртүрлі ғалымдардың еңбектері бойынша салыстыра зерттеу
Диплом жұмысының зерттеу әдістері : бақылау, талдау, сауалнама секілді тапсырмалар
Диплом жұмысының материалдары мен дереккөздері: Анимациялық фильм мен бала тілінің дамуы туралы отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері. Респондент балалар және анимациялық фильмдер бойынша дайындалған тапсырмалар.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, пайдаланылған материалдар мен дереккөздерден тұрады.
1 АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ ЖӘНЕ БАЛА ТІЛІ
1. 1 Анимациялық фильм: анықтамасы, тарихы және қызметі
«Мультфильм» сөзі барлық адамдарға таныс болғанымен, бірақ оның мағынасын білетін адамдар өте аз. Шыныменде, неге осындай фильмдерді «анимация» немесе «мультипликация» деп атайды? Орыс киноларында «мультипликация» сөзі қолданылса («көбейту» деген мағына береді), ал әлемнің басқа жерлерінде «анимация»(«тірілу» деген мағына береді) деп атайды. Анимациялық фильм - баланы да, ересекті де еліктеретін, ең қызықты кино өнер жанрларының бірі. Ол қимыл-қозғалыстың әр түрлі кезеңдеріне сәйкес, кадрлап суретке түсіріп, экранда жылдамдата көрсету арқылы дене қозғалысын бейнелеу тәсілі. Мультипликацияның дамуы нәтижесінде анимация ұғымы келген. «Мультипликация» латын тілінен «multiplicatio»- көбею, ұлғайту яғни көптеген суреттер дегенді білдірсе, «анимация» латын тілінен «anima»-жандану, тірілу (қозғалыс, айналу) деген мағынаны білдіреді. «Анимация - жандандарылған фильмдер. Оның ең басты құпиясы - әр секунд сайын 24 суреттің көрсетілетіндігінде. »[10] «Анимация» мен «мультипликация» кең таралған синонимді сөздер. Анықтамасында ғана айырмашылық бар кино өнерінің бір түрі болып табылады. Анимацияда өмірде болмайтын эффекттер мен іс-әрекеттер болады. Мысалы: қарындаштың өз-өзімен жазылуы, құмнан сарайдың салынуы, кейіпкерлердің ауада жүруі т. б Бұл өнердің болашағы зор. Себебі көркем әдебиет, музыка, сурет, дыбыс т. б бір арнаға тоғыстыру тамаша өнер. Сондықтан да анимация өнері - қажырлы еңбекті керек ететін үрдіс.
Анимациялық фильмнің тарихына көз жүгіртер болсақ, 1832 жылы ең алғаш суретке жан бітірген бельгиялық физик - Жозеф Плато және австриялық профессор-геометр Симон фон Штампфер болды. Олар бірнеше суреттер жапсырылған дискінінің көмегімен суретке жан бітіріп, қолын сілтіп, жүгіріп бара жатқан баланың бейнесін жасайды. Бұл технология киноаппараттың жасалуына ықпалын тигізді. 1877 жылы француздық суретші, инженер Эмиль Рейно траксиноскоптың көмегімен суретті музыка және әнмен сүйемелдеп, оған түрлі-түсті эффект қолданып, суреттің қимылын 15-20 минутқа ұзартқан. Құрылғы қозғалмалы кескіндерді көрсетуге мүмкіндік береді. 1982 жылы Рейно өзінің «жарқыраған суреттерін» көрермендерге көрсетті. Америкалық Джон Стюарт Блэктон, Унизор Маккей, француздық карикатура суретшісі - Эмиль Коль суреттерді бөліп түсірудің жаңа жолдарын пайдаланып, қозғалыстарды ретке келтіріп, оларға жан бітірудің құпияларын ашты. 1906 жылы Америкалық компания ең алғашқы көптеген көрермендерге арналған анимациялық фильмді шығарды. Әйгілі Микки Маус атты мультфильмнің авторы - Уолт Дисней анимациялық фильмдердің атасы деп те атасақ болады. Себебі, ол «Оскарды» 26 рет алған. Уолт Дисней - анимация тарихындағы ең танымал адам. 1928 жылы Уолт Дисней синхронды дыбыспен ең алғашқы мультфильмін шығарды. Оның әлемге әйгілі Микки Маус(тышқан), Освольд(қоян), Дональд(үйрек) т. б секілді балалардың сүйіспеншілігіне ие болған кейіпкерлері бар. Бірнеше топтаманы құрайтын бұл қойылымдардағы қимыл мен сөздің, музыка, шудың қозғалыспен қатар естілуі тамаша үйлесім тапқан. Қызықты сюжет, тартымды кейіпкерлер, жарқын түстердің үйлесімділігі, көптігі шынымен көрерменді таң қалдырады. Сондықтан да бұл топтамалар халықтың жүрегінен ерекше орын алған. 1977 жылы америкалық Уолт Диснейдің толықметражды «Белоснежка және 7 гном» атты фильмі шығып, авторға нағыз даңқ әкелген болатын. Соңғысының табысы 8 млдр-ты құраған. Оларды жасауға небәрі 4-5 адам ғана кіріккен. Уолт Дисней еңбектерін көріп қаншама бала өскен, әлі де өсіп келеді. Бұл топтамаларды XX ғасырдағы «Союзмультфильм» студиясынан шыққан мультфильмдердің ісін әрі қарай дамытты десек те болады. 1969 жылы В. М. Котеночкиннің «Тұра тұр, бәлем!»(Ну, погоди!) көпсериялы фильмі, В. Поповтың «Простоквашинадан шыққан үшеу», т. б фильмдерін миллиондаған жас көрермендер тамашалады. Әлемде ең алғашқы бояулы мультфильм 1932 жылы жарыққа шыққан. Бұл қысқаметражды жұмыс «Гүлдер мен ағаштар» деп аталды. Айта кету керек, бұл жұмыс алғашында қара-ақ болып түсірілген. Бірақ, кейіннен аниматорлар тәуекелге барып «Триколор» технологияның көмегімен түстерді қосуды шешеді. Анимацияның өзі төрт қаламнан тұрады. Біріншісі - сценарий, екіншісі - өндіріс, үшіншісі - өнім, төртіншісі - насихат. Анимациялық фильм әрқашан жаңалықтар мен ізденістерді қажет ететін өнер болғандықтан, режиссердің, сценаристің еңбегімен компьютерлік графика ісінің үйлесуі маңызды. «Анимация инемен құдық қазғандай ауыр еңбек, секундына 24 сурет салынуы керек. Енді есептеңіз, бір минутта 60 секунд бар, ал 10 минутта 600 секунд болады. Сол 10 минуттық мультфильм үшін 14400 сурет салынуы керек»[] . Анимациялық фильмдерді мынандай критерий бойынша жіктеуге болады: өндіруші елдерге сәйкес, мақсат пен міндеттерге сәйкес, көрерменнің жасына сәйкес, ұзақтығы мен өндіріс технологиясы бойынша.
- Өндіруші елдерге былай бөлінеді:
американдық («Тачки», «Белоснежка и семь гномов») ;
француздық («Артур и минипуты») ;
жапондық («Мой сосед Тоторо») ;
ресейлік («Ну, погоди!», «Малыш и Карлсон») ;
басқа елдер(ағылшын, қытай, неміс, т. б. ) ; әлемнің әртүрлі елдері мультфильмдерді жиі бірігіп жасайды.
- Мақсатқа сәйкес мультфильмдердібылай бөлуге болады:
білім беру: (білімін тереңдетуге бағытталған) ;
дамыту: (жеке басын дамытуға бағытталған «саяхатшы Дара») ;
тәрбие беру: (көрерменнің мінез-құлқының өзгеруі) ;
ойын-сауық: (басты мақсат - көрерменнің көңілін көтеру) ;
проблемалы: (айналамыздағы проблемалық жағдайларды ойлауға көмектесу) ;
- Ұзақтығы бойынша:
қысқаметражды (ұзақтығы 45минутқа дейін) ;
толықметражды (45 минуттан артық) ;
қысқа мультфильмдерден тұратын көптеген анимациялық сериялар бар.
- Жас :
балаларға арналған;
жасөспірімдерге арналған;
ересектерге арналған;
көптеген мультфильмдер отбасымен көруге және барлық жастағы көрермендерге арналған;
- Өндіріс ;
Боялған («Том и джерри», т. б. ) ;
Қуыршақ («чебурашка», т. б. ) ;
Пластилин;
Құм/ұнтақ;
Компьютерлік;
Анимациялық фильмдердің мынандай түрлері бар. Олар: ауыспалы анимация, қуыршақ анимация, шыны анимациясы, компьютерлік 2D анимация, 3D анимация т. б. Ауыспалы анимация - бұл анимацияның ең ескі түрі. Бұл түрінде картонға немесе қағазға салынған нысан бөлек бөлшектерге кесіліп, әр бөлшек кадрдан кадрға ауысып отырады. Оған мысал ретінде Юрий Норштейннің «тұмандағы кірпі» атты мультфильмін айта аламыз. Ал, қуыршақ анимация - анимацияның ескі түрлерінің бірі. Классикалық анимация секілді, оны қымбат ететін бірден-бір нәрсе ол - барлық қуыршақтармен оның әшекейлері қолдан жасалады. Дегенмен, бұл анимация өте танымал. Әрбір нәрсенің ескісінің орнын жаңасы басатыны белгілі. Сол секілді, 2D компьютерлік анимация жаңа түрі болып табылады. Қазіргі кезде, барлық студиялар 2D компьютерлік анимациямен айналысады. Біз осындай анимация түрін теледидар бағдарламаларында, компьютерлік ойындарда, кинолардан т. б көріп қалатынымыз рас. Қазіргі таңдағы, ең жас, кең таралған әрі жаңа түрі - 3D анимация . Қазір біздегі анимацияның бәрі «жыбырлақ» болып кетті. Мультфильмде 1 секундта 48 кадр болса, 48 кадрға 12 сурет салсаң, қимылдайды. Сол қимылдаған суреттің бәрін мультфильм деп кеттік. Ол мультфильм емес. Анимация деген - суретке жан беру. Балалардың ойына, сезіміне жан беру деген сөз. Туындыны жасайтын суретші - аниматор деп аталады.
Қазіргі анимациялық фильмдер екіге бөлінеді: ескі және жаңа. Сондықтан да, қазіргі анимациялық фильмдердің балалардың көңілінен шығатынының ең бірінші себебі - мультфильмнің түсі. Бала ең бірінші бояуына қарап, теледидарға үңіледі. Қазіргі таңда барлық дерлік анимациялық фильмдер компьютерде жасалынатын болған. Уақыт өз дегенін істетпей қоймайды. Тіпті ең қарапайым 2D форматындағы фильмдердің өздері компьютерде жасалынады. Қазір барлық озық елдерде «motion capture» технологиясы қолданылады. Онда мульт кейіпкерді адам өзі қозғалтып, өзі күлдіре алады. Десе де, белгілі мультипликатор Ф. Хитрук «суретшінің саусақтарының ізі қалмаса, компьютерге салынғанда натурализм өлі боп шығады дегенді айтқан еді»[] Компьютер - жансыз дүние. Ол кейіпкердің қимылын жасағанмен, суретшінің ойын жеткізе алмауы мүмкін. Балалар түрлі-түсті бояуларға құмар. Түрлі-түсті теледидарлар мультфильмдердің бояуын қанық етіп қана қоймай, оның ажарын одан әрі аша түседі. Қазір - технология заманында әртүрлі анимациялық фильмдерді жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалар өте көп. Мысалы, Pencil, Adobe Photoshop, Marcomedia Flash Maker т. б.
Оның ішінде Flash бағдарламасы 1996 жылдан бастап пайдаланылып келе жатыр. Ол анимациялық фильмдерді, ойындарды қызықты әрі әсерлі етуге көмектеседі. Flash программасының көмегімен жасалатын анимацияның 3 түрі бар:
- классикалық анимация. Анимацияның ең қызықты әрі кең таралған түрлерінің бірі. Анимацияның бұл түрінде қолданушы әрбір кадрды өзі жасайды. Әрбір келесі кадрға кілттік сөздер қойылады. 1кадр 2ші кадрдан айырмашылығы аз болған сайын, персонаждың табиғилығы жүзеге асады. Мұндай анимация кең таралған, тегіс, өте жанданған бірақ қымбат. Мысалы: ретінде «Дисней», «Союзмультфильм» студияларынан шыққан мультфильмдерді айта аламыз.
- автоматты анимация. Бұл жерде қолданушы бірінші және соңғы кадрды ғана өзі жасайды, ал қалған кадрларды программа автоматты түрде өзі жасап береді.
- Сценарий негізіндегі анимация. Flash- тің Action Script программалау тілі арқылы жасалынатын анимацияның бір түрі.
Анимациялық фильмнің жасалу кезеңі:
1-кезең. Сұлбасын қағазға түсіру кейіпкерлердің диалогтары жазылады.
2-кезең. Кейіпкердің сыртқы келбеті, костюмі, пайдаланатын заттары ойластырылады.
3-кезең. Суретшілер кадр-кадр бойынша кезек-кезегімен салып шығады.
4-кезең. Кейіпкерледің орны мен декорациялар ойластырылады.
5-кезең. 3D форматында модельдеу басталады.
6-кезең. Мультфильмге әуен таңдалып, дубляж жасалады.
Жаңа анимациялық фильм жарыққа шығады
Қазақ анимация өнері жайлы сөз қозғасақ бірден есімізге Әмен Қайдаров келетіні өтірік емес. 1967 жылы ертегі негізінде түсірілген қазақтың тұңғыш туындысы Қайдаровтың «Қарлығыштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі. Бұл фильм 1968 жылы Ленинградта өткен Бүкілодақтық фестивальде екінші орынға ие болып, әлем елдерінің экрандарында көрсетілсе, 1975 жылы Нью-Йоркте өткен анимациялық фильмдердің I халықаралық фестивалінде «Қола Праксиноскоп» жүлдесін иеленді. Әмен Қайдаров түсірген «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр-құрылысшы» атты қазақ халқының рухани қазынасына қосылған қомақты дүниелер Орта Азиядағы жетекші орынға шықты. Қазақ халқының рухани байлығын дүниежүзіне таныстырды. Оған ең басты себеп - фильмдердің сапасы емес, ұлттық нақыштағы ерекшелігі еді. А. Әбілқасымов, А. Тоқшабаев, Ү. Бекішев секілді белгілі тұлғалар анимация өнерінің соның ішінде қазақ анимациясының дамуына өз үлестерін қосты. Қазақ анимациясы тарихынды жоғары бағаланған туындылар қатарына: Ж. Дәненов пен Ү. Қыстауовтың «Алпамыс батыр», «Айдаһар аралы», Б. Омаровтың «Үш шебер», «Қаңбақ шал», Қ. Сейденовтың «Қадырдың бақыты» және т. б
Еліміздің ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті: ертегілер, аңыздар, қиссалар- мультфильм үшін таусылмайтын азық. «Ертегі - рухани тәрбиелік мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түсіне алатын, материалдық әлеммен біріге шегі жоқ рухани әлем болмысының бір тұтас түсінікті баян етілген көрінісі. », -деп анықтама берген. [11] Атақты педагог Ы. Алтынсариннің мынандай сөзі бар: Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейін аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Мысалы: Ресей мемлекеті өздерінің ұлттық құндылықтарын балаларының санасына сіңіру үшін аянбай тер төгуде. Олар Крыловтың мысалдарын, тарихта болған батырларын кейіпкер ретінде алып, керемет қысқаметражды туындылар жасап шығаруда. «Три богатыря», «Алеша Попович», «Добрыня Никитич» сынды батырларын дәріптеу арқылы өз ұрпақтарының санасына құйып отырады. 1924 жылы Ресей елінде ең алғаш мультфильм пайда болды. Ал қазақ анимациясында кейіпкерлердің образын суреттеуде тарихи тұлғалар өте көп. Мысалы: «Ер Төстік», «Толағай» т. б. Отанын сүюді, елін-жерін, халқын қорғауды дәріптейді.
Анимациялық фильмдердің қызметтері:
- Эстетикалық
- Танымдық
- Аффективті
- Бихевиоралды
Дисней студиясы Олли Джонстон мен Фрэнк Томастың ұсынған бірігіп жасалынған «Өмірдің бейнелері: дисней анимациясы» деген анимацияның 12 қағидалар жинағы бар. Бұл қағидалар 1930 жылдан бастап анимацияны анағұрлым мағыналы ету үшін әдістерді әзірлеген Уолт Диснейнің студиясының аниматорларының көп жылдық тәжірибелеріне негізделген. Қағидаларының басты идеясы - физика заңдарының сақталуымен бірге, кейіпкерлердің тартымдылығы мен эмоционалдық сияқты көп дерексіз мәселелерді қарастырады. Алғашында дәстүрлі, қолмен жасалынған анимацияға арналған қағидалар болса да, олар компьютерлік анимация үшін де өте маңызды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz