Мектеп оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру үдерісі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Қaзaқcтaн Pecпyбликacының Бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi
Әл-Фapaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық унивepcитeтi

ӨТЕГЕН А.Ә.

ӘЛEУМEТТIК ПEДAГОГТIҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫC

Мaмaндығы 5В012300 - Әлeyмeттiк пeдaгогикa жәнe өзiн-өзi тaнy

Aлмaты,2019

Қaзaқcтaн Pecпyбликacының Бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi
Әл-Фapaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық унивepcитeтi

Қоpғayғa жiбepiлген
Пeдaгогикa жәнe бiлiм бepy мeнeджмeнтi кaфeдpacының
____________________мeңгepyшici, п.ғ.к., доцент А.Д.Құрманалиева

ӘЛEУМEТТIК ПEДAГОГТIҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСЫтақырыбында

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫC

5В012300 - Әлeyмeттiк пeдaгогикa жәнe өзiн-өзi тaнy

Оpындaғaн А.Ә.Өтеген

Ғылыми жeтeкшi
п.ғ.к., доцент м.а Қ.Ш.Молдacaн

Ноpмa бaқылayшы М.Д.Мурзагулова

Алматы,2019

РЕФЕРАТ

Жұмыстың атауы: Әлеуметтік педагогтің оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру жұмысы
Жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспе,екі тарау,қорытынды және падаланылған әдебиеттерден тұрады.
Жұмыстың көлемі: 70 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 103
Зерттеу нысаны: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудағы әлеуметтік педагогтің қызметі
Зерттеудің пәні: Мектеп оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру үдерісі
Кілт сөздер: эстетика, эстетикалық талғам, ізгілік, гуманизм, эстетикалық қабылдау, эстетикалық сезім, эстетикалық құндылық, эстетикалық идеал.
РЕФЕРАТ

Тема дипломной работы: Работа социального педагога по формированию эстетического вкуса учащихся
Структура работы: состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованной литературы
Объем работы: 70 стр
Список использованной работы: 103
Объект исследования: Деятельность социального педагога в формировании эстетического вкуса учащихся
Предмет исследования: : Процесс формирования эстетического вкуса школьников
Ключевые слова: эстетика, эстетический вкус, гуманизм, эстетическое восприятие, эстетические чувства, эстетические ценности, эстетические идеалы.

ABSTRACT
The theme of the work: "The work of a social pedagogue on the formation of aesthetic taste of students
Structure of the work: consists of an introduction, two chapters, a conclusion, a list of used literature
Work volume: 70 pages
Number references: 103
Object of research: Activity of the social teacher in formation of aesthetic taste of pupils
The aim of the research: The process of formation of aesthetic taste of schoolchildren
Key words: aesthetics, aesthetic taste, humanism, aesthetic perception, aesthetic feelings, aesthetic values, aesthetic ideals.

МAЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру жұмысының ғылыми- педагогикалық әдебиеттерде зерделенуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Әлеуметтік педагогтің оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың мазмұны және өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Әлеуметтік педагогтің оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ

2.1 Әлеуметтік педагогтің оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың үлгiciн icкe acыpy жолдapы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Әлеуметтік педагогтің оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Әлеуметтік педагогтің оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОPЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP ТIЗIМI ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
ҚОCЫМШAЛAP ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты дәстүрлі Жолдауында бүгінгі заманның талаптарына сай білім беру жүйесін дамыту, бала тәрбиесі, оның жан-жақты жетілуіне, тұлғаның шығармашылық дара қасиеттерін арттыру үшін көптеген міндеттер көзделген.[1,2]. Бүгінгі таңда, халқымыздың дәуірлер сынынан өткен рухани-эстетикалық құндылықтарын зерттеу, оның бар мүмкіндіктерін жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану мәселелеріне байланысты Мәдени мұра, бағдарламасы (2007 ж.) бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мәдени мұра бағдарламасының басты мақсаты - дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты зерделеудің тұтастай жүйесін құру шеңберінде қазақ халқының тарихымен, материалдық және рухани танымал ету деп көрсетілген, яғни халықтық рухани, материалдық мәдени игеруіне мүмкіндік жасайтын мемлекеттік әрі педагогикалық міндеттерді қамтиды.[3]
Жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында, баланы жан-жақты және үйлесімді дамыту - рухани байлық, моральдық тазалық пен дене бітімін ұштастыра алатын тұлға ретінде қалыптастыру маңызды орын алып отыр.Осы мақсатқа қол жекізуде жастардың бойында эстетикалық мәдениет пен эстетикалық талғамды қалыптастыру өзекті міндет болып отыр.Қазіргі таңда қоғамда мәдени құлдырау орын алып жатыр.Себебі, көптеген жастарымыз әдемілікті ұсқынсыздықтан, құндылықтардың аражігін ажырата алмайды.Олар қоршаған ортаны сұлулық тұрғысынан қарай алмайды.Сол себептен эстетикалық тәрбие мәселесі өзекті болып отыр, яғни жастарымыздың бойында эстетикалық талғам, эстетикалық идеал, эстетикалық көзқарасын қалыптастыру жүргізілуі қажет.Бұл мәселені шешуде маңызды рөлді жалпы білім беретін мектептер мен ұстаздарымызға артылып отыр.
ХХ ғасырдың бастапқы кезеңінде, эстетикалық тәрбиенің қоғам талаптарына сай дамытудың психологиялық, педагогикалық мәселелері П.П.Блонский [4], Н.К.Крупская [5], А.В.Луначарский [6] , В.Н.Шацкая [7], А.С.Макаренко [8], С.Т.Шацкий [9] және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған болатын.ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, философиялық, өнертану, эстетикалық тәрбие теориясының дамуына байланысты В.К.Скатерщиков [10], А.Я.Зись [11], Б.Т.Лихачев [12], А.Егоров [13], Ш.Н.Герман [14], Н.И.Киященко [15], О.А.Кривцун [16], А.А.Радугина [17] т.б. ресей ғалымдарының еңбектерінде өнер табиғаты, оның жеке адамның, қоғамның рухани дамуындағы және көркем-эстетикалық тәрбие жүйесі, соның аясындағы талғамды қалыптастыру факторлары, құралдары, психологиялық негізі туралы ғылыми тұжырымдары біздің зерттеуіміз тұрғысынан аса маңызды.
Өнер құралдары арқылы мектеп оқушыларының эстетикалық дамуын таным мен талғам деңгейіне көтерудің ғылыми теориялық, әдіснамалық, көркем-эстетикалық тәрбие мәселелерін М.Х.Балтабаев [18] , С.А.Ұзақбаева [19,20,21] , Қ.Ералин [22] , А.А.Қалыбекова [23,24] , Е.О.Омар [25] , Ә.О.Қамақ [26,27] , Е.Асылханов [28] ,Б.А.Әлмұханбаетов [29] , Т.А.Қышқашбаева [30], Р.К.Дүйсенбінова [31] , С.Ә.Жолдасбекова [32] , Ұ.О.Асанова [33] , Б.Байжігітов[34], З.Р.Ахметова [35] , Ф.Н.Жұмабекова [36] , Б.С.Өтемұратова [37] , Б.Ж.Жиентаева [38] , С.Әбенбаев [39] , Ш.Ә.Ақбаева [40] , А.Қ.Ералина [41] , И.В.Коваленко [42] , Ұ.Есім [43] , Р.А.Дарменова [44] , А.Д.Райымқұлова [45] , Ш.Ж.Арзымбетова [46,47] т.б.сияқты педагог ғалымдардың ғылыми-зерттеулері мен еңбектерінде ашып көрсетілген.
Зерттеудің мақсаты: Әлеуметтік педагогтің оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыруды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу
Зерттеу нысаны: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудағы әлеуметтік педагогтің қызметі
Зерттеу пәні: Мектеп оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру үдерісі
Зерттеу болжамы: Егер оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру жұмысының құрылымдық моделі жасалып, әдістері іріктеліп, мектеп практикасына енгізілсе,онда эстетикалық талғамды қалыптастыру жұмысы жоғары деңгейде жүргізілер еді,өйткені оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру жұмысының моделі мен ұсынылған әдістер педагогикалық , психологиялық тұжырымдамаларға және мектеп практикасына негізделіп жасалған
Зерттеудің міндеттері:
1. Әлеуметтік педагогтің оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудағы эстетика,эстетикалық талғам, гуманизм , ізгілік ұғымдарының мәнін ашу;
2.Мектептегі оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру жұмысының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау, әдістерін жүйелеу;
3.Эстетикалық талғамды қалыптастыру жұмысының әдістерінің тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында тиімділігін анықтау, әдістемелік ұсыныстар даярлау;
Зерттеуде қолданылатын әдістер мен әдістемелер: зeрттeу мәceлeci бoйыншa филocoфиялық, әлеумeттiк, психoлoгиялық, пeдaгoгикaлық әдeбиeттeргe тaлдaу жacaу, бaқылaу, caуaлнaмa, cұхбaттacу, трeнинг, әңгiмeлecу, тәрбиeшiлeрдiң, тәрбиeлeнушiлeрдiң шығaрмaшылық жұмыcтaрын жәнe oқу-әдicтeмeлiк құжaттaрды oқу жәнe тaлдaу, пeдaгoгикaлық тәжiрибeлeрдi зeрттeу жәнe қoрыту, оқушылардың өзiн-өзi бaғaлaуын caрaптaу, зeрттeу әдicтeрiн қoлдaну.
Зерттеу базасы:Алматы қаласындағы №81 мектеп гимназиясы
Диплом жұмысының құрылымы мен мазмұны: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 негізгі бөлім, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.Текстте таблицалар мен кестелер қолданылған.Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы баяндалады.

І.ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру жұмысының ғылыми- педагогикалық әдебиеттерде зерделенуі

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында : жоғары білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның жоғары сапалы білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру,әрбір адамға оқытудың мазмұнын мамандық таңдауға кеңінен мүмкіндік беру керек деген болатын.Саналы еңбекке негізделген мәдениет пен өнердің бірізділігі мен маңыздылыңы Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заң жобасының бірінші тарауының 4-бабында Азаматтарға эстетикалық тәрбие беру мәдениет саласындағы негізгі міндет болып табылады, себебі мәдениет пен өнер егіз, қолөнер - мол өнер деп көрсетілген болатын.
Алғашында эстетика философия мен ғарыштану ғылымыныңбір бөлігі ретінде қалыптасты. Философиялық сөздікте Эстетика термині адамның дүниені игерудің заңдылықтары, сұлулық заңдарына сәйкес шығармашылықтың мәні мен формасы туралы ғылым ретінде түсіндірілді.Ең алғаш Сократтың кезінен бастап эстетика философиядан тәуелсіз ғылым ретінде бөліне бастады. Платон үшін эстетика - өнерді мемлекеттік бақылау және адамды тәрбиелеудің соңғы рөлі.Ең алғаш эстетика терминін 1750 жылы Александр Бумгартен енгізген болатын.Бумгартен эстетиканы- өнерге қатысы бар әлемнің сезімтал білімі деп білді. [48] Эстетика (грек. сезім) - бұл ең алдымен әсемдік санатымен сипатталатын , құндылық әлемін зерттейтін философия саласы болып табылады. Е.Г.Яковлев кемелділікті эстетиканың негізгі санаты ретінде қараған.Сонымен қатар эстетика сөзіне сұлулық, әдемілік, ұлы, қайғылы, күлдіргі, катарсис, үйлесімділік, тәртіп, өнер, ырғақ, ақындық, ақыл, әуен, калокагатия, ереже, имитация, бейне, белгі, жарық, түс деген терминдер мен түсініктерді жатқызсақ болады.[49]Эстетикалық тәрбие теориясының негізін қалаушы философтардың ілімін пайымдау (Дж.Локк іскер адам, нағыз джентльмен, Д.Юм талғамның өлшемі, Штефсбери асқан
шебер (виртуоз) адам, Гельвеций құдіретті әуесқойлық, Ж.Ж.Руссо талғам, Д.Дидро этикалық пен эстетикалықтың бірлігі, А.Бумгартен жетілген эстетик, И.И.Винкельман грация, Г.Э.Лессинг өнердің міндеті, И.Кант талғам анатомиясы, Ф.Шиллер эстетикалық мемлекет) эстетикалық тәрбиенің қалыптасуының заңдылықтарына, міндеттеріне байланысты басты бағыттарын анықтауға көмектеседі.[50] Эстетикалық әрекеттің терминологиялық аппараты:
Эстетикалық қабылдау - нақты әлемдегі жалпыға бірдей мәнді адамның рухани және мәдени игілігі.
Эстетикалық көрініс - қабылданған объектінің бейнесінде бекітілген эстетикалық қабылдаудың нәтижесі.
Эстетикалық әсер - эстетикалық идеяларды еске түсіру, оларды бағалау және ақыл-ойда бекіту.
Эстетикалық талғам -эстетикалық артықшылықтар мен бағдарлар жүйесі,тұлғалық мәдениетке негізделген эстетикалық әсерлерді шығармашылық өңдеу.И.Бродский: Адамның эстетикалық тәжірибесі неғұрлым бай болса,талғамы соншалықты берік болады,ал моральдық таңдауы айқын болса - мүмкін ол адам бақытты болмасада еркін өмір сүретін болады.
Эстетикалық идеал- шынайы және мәдениетте жоғары үйлесіммен жетілу идеясы, ол адамның қызметінің мақсаты, критерийі және векторы болып табылады.[48]
Эстетика сөздігінде эстетикалық талғам - эстетикалық обьектілерді сүйіспеншілікпен қабылдап бағалауы немесе оған сүйіспеншіліктің болмауы, болмыс пен өнердегі әдемілікті ұсқынсыздықтан, қайғылы жағдайды күлкілі жағдайдан адамның айыра білу қабілеті.Эстетикалық талғам - жеке адамның эстетикалық қабілеттілігі мен қажеттілігінің маңызды ерекшелігі.Эстетикалық талғамның бірегейлігі, оның өзгешілігін айқындайды.Әр түрлі талғамның болуы тәрбиеге, мінез-құлыққа, тәртіпке, өмір тәжірибесіне, адамдармен қарым-қатынасына байланысты қалыптасады.Мұраттар мен дүниетаным адамның жалпы талғамдық бағасын анықтайды [51,42-43б]
Маркстік-лениндік эстетика еңбегінде эстетикалық талғам - эстетикалық сананың формасы, ол өзінде эстетикалық сезім мен мұратты байланыстырады.Эстетикалық талғамнан адамның табиғат пен әлеуметтік өмірдің байланысының бейнесін көруге болады.Эстетикалық талғам бір жағынан бұйымның, табиғат пен қоғамның құбылыстарын, заттық және рухани қажеттіліктерінің эстетикалық қасиеттерін пайымдау қабілеттілігі болса, екінші жағынан, әсер етушілік, яғни жеке адамның қайталанбастығынан келіп туындайды.Эстетикалық талғам екеуінің синтезі,себебі, ол болмысты нақты сезімдік тұрғыда игереді, сонымен қатар адамның әлеуметтік және табиғи маңыздылығымен үйлесу қабілеттілігі.Нақты сезімнің эстетикалық талғамдағы бірлігі эстетикалық мұрат пен эстетикалық сезімде кездеседі.Эстетикалық сананың эстетикалық талғамда мұратқа қарағанда анық, әрі ерекше қайталанбастығы байқалады.Бірақ ол рефлексиясыз іске аспайды, онда эстетикалық нысанның қасиеті бейнеленеді.Эстетикалық талғамның ерекшелігі өнерде айқын байқалады.Өнер - қабылдаған адамның ішкі жан дүниесінің дамуына мүмкіндік береді.Ол адамның өзгеше қайталанбастығын аша түседі және қалыптастырады [52,97-98б]
В.К.Скатерщиков Эстетикалық талғам туралы атты еңбегінде талғамды адамның эстетикалық шығармашылық іс-әрекеттерін қоршаған өмірді эстетикалық қабылдау қабілеттілігін реттеп отыратын күш ретінде қарастырды.Эстетикалық талғам үдерісінде жеке адамның, табиғат пен қоғамдағы, күнделікті сан-алуан іс-әрекеттеріндегі нақтылы құбылыстарды бағалау тұрғысынан көзқарасы,қатынасы басты орын алады.Сөйтіп, талғам - шындық болмысының, заттар дүниесінің, қоғамдық құбылыстардың эстетикалық мәндік құнын айқындау құралы іспеттес деген пікір айтады.Бұл жерде эстетикалықшығармашылық іс-әрекеттерінің мәнін түсіне білу талғамның даму заңдылықтарын игеруге, оның санасында қалыптасуына зор мүмкіндік туғызады.[10]
Ш.М. Герман мен В.К.Скатерщиковтың Эстетика туралы сұхбаттар атты еңбегінде эстетикалық талғам - болмыс құбылыстары мен өнер туындыларының нақты эмоциялық бағасының жүйесі, ол адамда сұлулық пен ұсқынсыздық, әдемілік және көркемдік негізінде қалыптасады.Эстетикалық талғам тікелей сезімдік сипатта болады, яғни ол тек өзіне эстетикалық қатынаспен жанасқанда пайда болады.Музыка мен балеттің өнерінен бір адамның әңгімесі бойынша ләззат алуға болмайды.Талғам талқылаулардан да туындамайды, тек ол ерекше сезімде пайда болып, сезім туғызады.Сонымен қатар талғам баға да береді, ол ішкі әсерден туындайды.Осы баға беруде қатынаста бар, ал қатынас бар жерде тәртіп бар.
Нақты құбылысқа баға беруде талғам пайда болады, бұл өмір мен өнерге эстетикалық қарым-қатынасты туғызады.Талғам бұрын көрмеген затты, болмыс құбылыстарын, өнер туындыларын пайымдап, өзінің ол туралы ойын білдіруге мүмкіндік береді.Жақсы талғамда, талғамсыздықта өмір мен өнерге деген қарым-қатынасында адамдар өз ойларын тартады.Осы себептенде талғам жеке адамның ісі болудан қалады.Сондықтанда, талғам туралы кейде дауласуға да тура келеді.Ол талғамның адам бойындағы даму деңгейіне байланысты болады.Әрбір адамның эстетикалық талғамы өзінің қоршаған ортадағы заттарға, болмысқа, өнерге қызығушылығынада байланысты.Мысалы, адамның жас, ұлттық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты эстетикалық талғамдары да әр түрлі болып келеді.Сондықтан да жоғары эстетикалық талғам көп қырлы болып, сұлулықты жасаудыңда түрі көп.Осындай көпқырлы эстетикалық талғамға жету үшін, оны дамытуға тырысу қажет.Эстетикалық талғам қоғамның даму деңгейіне де байланысты қалыптасады.[14,172-176б.]
Ә.Қамақтың Өнер арқылы эстетикалық талғамды қалыптастырудың мәні мен маңызы атты мақаласында эстетикалық талғам туралы ойын келесідей түйіндейді.Қазіргі қоғамдық қатынастар үдерісінде, тұлғаның рухани-эстетикалық, мәдени дамуына жол ашатын құбылыс - эстетикалық талғамды қалыптастыру. Өйткені, қазіргі өнер бағыттары мен стильдердің сан-алуандығы, оның заман талабына сай таным формалары мен принциптерінің өзгерісі, тұлғаның сол сан-алуандық ағымының рухани құндылықты сезіне, тануына мүмкіндік туғызатын эстетикалық талғам өрісін дамытуды талап етеді.Бүгінгі таңда бұл проблема, эстетиканың тәрбиенің де педагогикалық, психологиялық өзекті зерттеу мәселесіне айналып отыр [53,4б.]
Эстетикалық мағынада жоғары талғам және талғам терминін испандық ойшыл Бальтасар Грасиан қолданды.Талғам дегеніміз - көркемдік пен өнер туындыларын түсінуге арнайы бағытталған адамның танымдық мүмкіндіктерінің бірі ретінде қарады. XVIII ғасырда эстетикалық талғам туралы көптеген философиялық трактаттар жазыла бастады. Талғам - адамның интеллектке ұқсайтын туа біткен қабілеті, ал егер интеллект тақырыпта болған ақиқатқа қызығушылық танытса, онда талғам бір нәрселердің сұлулығына, өз-өзінен емес, бізбен байланысты қызығушылық танытады.Талғам керемет өнер туындыларын жасауға көмек береді. Бұл жерден талғам - ол мақтаншақтықтың дауысы.Вольтер талғам - тамақтың қасиеттерін ажырататын адамға берілген қасиет, талғам сөзі өнердегі жақсы мен жаманның аражігін ажыратуға мүмкіндік береді,көркемдік талғам жақсылыққа сезімтал және суық болып келсе, жаманға төзімсіз болып келеді.
Көркемдік талғам сұлулықты анықтайды, көреді және түсінеді және одан ләззат алады.Сонымен қатар Вольтер көркем талғам, жаман талғам, бұрмаланған талғам түрлерін ажыратып көрсетеді.Көркемдік талғам адамға туған сәттен бастап беріледі,тәрбиенің арқасында және табиғаттың әдемі және шынайы өнер туындылары арқылы (музыка,театр,әдебиет) баланың көркемдік талғамы одан әрі қарай дами түседі.Жаман көркемдік талғам табиғаттың әдемілігін сезінбейді одан әсер алмайды, олар тек талғампаз зергерлік бұйымдардан ғана рахат алады.[54]Тұлға болып қалыптасу - өмір бойына үздіксіз жүретін процесс.Алайда, 13-20 жас аралығында тұлға бойында әлеуметтік сипаттамалар мен эстетикалық талғамы қалыптасады. Латынның талғамға талас жоқ деген мақалы бар емес пе.Әрине әр адамның өз таңдауы, өз талғамы бар,оған ешкім таласпайды.Эстетикалық талғам тұлғаның жеке даралығын көрсететін тұлға бойындағы әлеуметтік, рухани сапа. Эстетикалық талғам - тұлғаның өзіндік ерекшелігі, мәдениет пен құндылықтар әлеміне деген жеке көзқараста қажетті жеткілікті білу қабілеті.Эстетикалық талғам дегеніміз тұлғаның ішкі және сыртқы жан дүниесінің сұлулығы, рух пен әлеуметтік мінез-құлықтың үйлесімділігі, жеке тұлғаның әлеуметтік дамуы.Көптеген адамдар эстетикалық талғамға тек сырттай баға береді.Мысалы, соңғы үлгідегі киімді киген, музей,театрлардан шықпаған, соңғы жазылған әдебиеттерден хабары бар адамды эстетикалық талғамы жоғары деп түсінеді.Бұл қате пікір.Себебі адам сырттай қарапайым болып көрінгенімен ішкі жан дүниесі рухани бай болуы мүмкін. Әлеуметтік іс-әрекетімен ішкі жан дүниесі үйлесімді болса ғана эстетикалық талғамы бар деп айта аламыз. [55]Талғам дегеніміз - әр түрлі эстетикалық қасиеттерді эмоциялық жағынан қабылдай білу қасиеті.И.Кант Критике способностей суждения деген еңбегінде талғамды эстетиканың негізгі категориясы ретінде қараған.[56] Эстетикалық талғамды философияның категориясы ретінде қараған ғалымдар: Ш.Батте, Г.Гадамер, Б.Грасиан, А.Джерард, И.Кант, Ж.Ж.Руссо, Д.Юм, Б.М.Берштейн, В.В.Бычков, А.Ф.Лосев, В.П.Шестаков, Е.Г.Яковлев және т.б.Өмір әлемінің құрылымында эстетикалық талғамға көп көңіл бөлген ғалымдар Г.Г.Гадамер, Р.Барт, Р.Ингарден, И.Кант, М.Хайдеггер, А.Щюц, Т.Лукман, Ж.А.Вартанова, Н.И.Гитун, Я.Н.Кунденко және т.б.Эстетикалық талғамды адам өмірі әлемі мен өнер әлемінің арасындағы байланыс ретінде қараған ғалымдар: И.Кант, Ж.Ф.Лиотар, М.Хайдеггер, А.Ф.Лосев, Ю.М.Лотман, В.Беньямин, Ю.Б.Борев, О.Б.Вайнштейн, Ю.С.Ершова, М.С.Каган, Г.С.Кнабе, Н.Б.Маньковска, В.Д.Лелеко, Б.В.Марков, В.В.Прозерский, Н.Н.Суворов, Е.Н.Устюгова, О.Шпенглер, У.Эко және т.б.Мәдениет тарихындағы эстетикалық талғамды зерттеген ғалымдар:Л.М.Баткин, Ф.Бродель, Я.Буркхард, О.Б.Вайнштейн, Ж.Ле. Гоффа, М.С.Каган, Г.С.Кнабе, А.Мартен-Фюжье, Л.М.Пинский, В.Силюнас, У.Эко және т.б.Дизайн саласында эстетикалық талғамның қалыптасуын зерттеген ғалымдар Л.Бхаскаран, П.Филь, Ш.Филь, Л.В.Землянухина, И.Иттен, В.Д.Лелеко, В.И.Казаринова, М.А.Коськов, Г.Н.Лола, В.Ю.Медведев, Н.Н.Суворов.[57]
Эстетика - гректің эстетиз деген сөзінен алынған, ол сезімдік, сезіммен қабылдайтын дарындылық деген ұғымды білдіреді.Тұңғыш рет эстетика ғылыми термин ретінде 1750 жылы неміс философы Бумгартеннің осы аттас кітабына сәйкес қолданылды, бірақта ғылым ретінде ол өте ерте дәуірде, құлдық қоғамда Египет,Вавилон,Индия және Қытай елдерінде пайда болды.[58,30б]Эстетикалық тәрбие - тәрбиенің маңызды құрамддас бөлігі.Ол эстетикалық-мәдени жұмыстарын арнайы ұйымдастыратын арна, ақиқат шындықты эстетикалық тұрғыдан меңгерту тәсілі,сонымен бірге эстетикалық сана және эстетикалық дағдыны қалыптастыру әрекеті.[58,28-29бб.]Эстетикалық мәдениет - рухани мәдениеттің маңызды бір саласы ретінде табиғат және адам баласының шығармашылық еңбегімен жасалған эстетикалық құндылықтардың жиынтығы, оларды жасау және қолдану тәсілдері.Эстетикалық құндылықтар қоғамның өмірімен қарым-қатынасқа түсуіне, қоғамның жетілу талпынысына, қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады.[58,18б]Эстетикалық талғам - әртүрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл күй сезімімен бағалау, ең алдымен сұлулықты, әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу жөнінде қоғамда практика қалыптастыратын адам қабілеті.Өнер шығармалары бағаланатын талғамды эстетикалық талғам көркемдік талғам деп атайды.Эстетикалық талғам шын мәніндегі сұлулықтан ләззат алу қабілетін еңбекте, тұрмыста, мінез-құлықта, өнерде жасау қажеттілігін білдіреді.Керісінше, нашар эстетикалық талғам адамның шындыққа эстетикалық көзқарасын бұрмалайды, оны нағыз сұлулыққа немқұрайлы етеді, ал кейде адамның сұрықсыз нәрселерден ләззат алуына апарып соғады.Эстетикалық талғамның жетілуі оның өмір мен өнердің эстетикалық игіліктерді қаншалықты терең және жан-жақты танып-білуімен сипатталады.Дамыған эстетикалық талғам қалыптастыру эстетикалық тәрбиенің аса маңызды мәндеттерінің бірі.[59,17б]Эстетикалық тәрбие жастардың эстетикалық талғамын, эстетикалық мұратын, эстетикалық ұстанымдарын қалыптастыру нәтижесінде эстетикалық сананы сомдайды.Эстетикалық сананың сомдалуы қоғам үшін болсын, тұлғаның өзі үшін болсын үйлесімді дамыған белсенді тұлғаны қоғамдық өмірге даярлауымен бағалы.Эстетикалық тәрбие алған адам өзінің адамсүйгіштігімен, бекзаттылығымен, сыртқы кейпінің (киім-киісі,жүріс-тұрысы..), мәнерлерінің, өзін-өзі ортада ұстай білуінің жоғары әсемдік талғамға сай келуімен танылады.[59,29б]Эстетикада - жеке адамның, әлеуметтік топ пен қоғамның, дүниедегі құбылыстардың, әсіресе, көркем творчествалық туындылардың қаншалықты рухани бағалы екендігін, солардың сұлулық, кейіпсіздік қасиеттерін ажырата алатын қабілеті.Талғам - эстетикалық сананың саласы.Ол эстетикалық сезім мен эстетикалық талап арқылы пайда болады.Өз тарапынан эстетикалық мұрат қалыптастыруына нәр береді.Талғам табиғат заттары мен көріністерінің қоғам өмірінде еңбек пен әлеуметтік қатынастардағы, кісі бойындағы және тұрмыс тәсіліндегі эстетикалық жетістіктерді бейнелейді.Өмірдегі сұлулық пен асқақтықты, трагедиялық пен комедиялықты неғұрлым шынайы, жан-жақты әрі терең бейнелесе, талғам соғұрлым жоғары тұрады, тарихи шындықпен ұштасып, қоғамның барысына сәйкес келеді.Талғам адамның дүниеге жалпы эстетикалық қарым-қатынасын көрсетеді.Эстетикалық құбылыстарды рухани сезімдік қабылдаумен қатар, талғам - адамныңіс-әрекетінде орын алады.Өндірістік еңбекте, ғылыми қызмет те және көркем творчество да, адам өз ісіне және оның нәтижесіне белгілі талғам тұрғысынан қарайды.Талғам тарихы өзгеріп отырады.Социалистік қоғамда жоғары,жан-жақтылы талғам қалыптастыру - коммунистік партияның міндеті.[60,165-166б.]Сократ моралдық ғылым тұрғысынан эстетиканы зерттеді. Егер эстетика қоғамдық өмірде адамзатқа қажет болмаса үйренбес еді, эстетика - философияны үйрену мақсаты моралдық білім алу.Сондықтан сұлулық деген адамға пайда келтіретін нәрсе сұлу, ал адамға зиян жеткізетін нәрсе ұсқынсыз.Өйткені ол керексіз деп сұлулықты адам мақсатына тұтастырған.Мысалы, ол айтады: соғыста қалқан қорғану үшін қажет, әдемі найза шабуыл үшін қажет.Әдемі, әсем.Бірақ сол нәрсенің өзінде әдемілік жоқ, жексұрындық жоқ.Тек соғыста қалқан қорғануға жарамаса, найза шабуылға жарамаса, ол қажетсіз жексұрын болар еді.Сонда әр нәрсенің сұлулығында, жексұрындығында салыстырмалы шама болады.Ол шама адам қажетімен өлшенеді - дейді.[60,38б].Гегельше эстетика - абсолюттік идеяны бейнелейтін формалардың бірі.Тек өнер ғана шын мәнісіндегі көркемдікті сипаттай алады.Эстетиканың заты - жалпы әсемдік идеясы деп өзінің эстетикасында мазмұн мен форманың байланысында диалектикалық бірлігі жөніндегі ілімді дамытты.[60,92б]Эстетикалық сезім шындықтың сан алуан құбылыстарын ой елегінен өткізіп, оның жақсысы мен жаманына баға береді.Шындықты осылайша эстетикалық жолмен саралауды эстетикалық талғам дейді.Эстетикалық талғам шындықты, эстетикалық сезім мен мүддені белгілі бір дүниетанымдық көзқараспен сабақтастырады.Жеке адамның эстетикалық талғамы қоғамдық практикаға тәуелді.Ол адамның күнделікті өмірде әсем заттар мен құбылыстарға араласып, озық өнер шығармаларын тани білуіне байланысты.Эстетикалық талғам ұдайы тарихи даму үстінде болады.Ол өзгеріске тез түсіп, салыстырмалы қалыпта болады.Әр таптың эстетикалық талғамы түрлі өнер шығармаларына өз бағасын беріп отырады.Үстем таптың эстетикалық талғамы бұқараның эстетикалық талап-талғамына қарама-қарсы.Тек социализм тұсында ғана бұл қарама-қайшылықтар мүлде жойылып, қоғам мүшелерінің эстетикалық талғамы біркелкі деңгейде болады.Адамның талғамы олардың эстетикалық пікірлері арқылы білдіреді.Өнердің белгілі бір шығармасы ұнайды, әлде ұнамайды дегеніміз, талғам пікірі деп аталады.Бұл пікір арқылы адамның эстетикалық талғамының деңгейі айқындалады.Мәселен, алдын ала озық өнер туындысы туралы керенау пікір айтылса, әрине, мұндай адамның эстетикалық сезімі мен талғамының дұрыс қалыптаспағанын, әлде бұрмалауға түскенін аңғарамыз.Қоғамның эстетикалық пікірі арнайы дайындығы бар эстетикалық-өнертану мамандары - сыншылардың бағасымен сабақтасады.Сыншы өнер туындысына баға беру барысында қоғамда үстемдік етуші таптың эстетикалық талғамын бетке ұстап, ол туралы теориялық тұжырым жасайды.[61]Эстетикалық тәрбие-жан-жақты тәрбиенің бүкіл жүйесінің табиғи бір бөлігі.Эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті сезім мен талғамды тәрбиелейді.Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.Балалардың эстетикалық өміріне белсенді араласқандардың бірі Н.Н.Крупская: Көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі проблемалар туады.Бала өнер арқылы өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі қажет.Сондай-ақ айқын ойлап, терең сезіне білуі тиіс,біз осыған көмектесуіміз қажет.Көркемдікке тәрбиелегенде баланың өлең, ырғақ, музыка, би арқылы өз пікірін жеткізуіне, оның табиғи түрде ілгерідамуына кедергі жасамау - деп, эстетикалық тәрбиенің мндетін анықтайды.[62,4б] Эстетикалық тәрбие баланың жас кезеңдеріне байланысты әр түрлі дамиды.Оның өзі баланың белгілі бір нәрсеге әсерлену сезімімен байланысты.
Мектепке дейінгі жаста баланың байқампаздығы айқындала түседі, сурет салуға, желімдеуге, музыкаға деген қызығушылық, бояулардың түрлерін, әртүрлі формаларды, сызықтарды айыра білу, естіген әуенін еске түсіру қалыптасады.Заттың эстетикалық жағына бала тек әуестік, танып білу, қызығушылықтан ғана көңіл аударады.Сонымен бірге осы жаста балада белгілі бір форманы мазмұнымен бірге қабылдау қабілеті жетіледі, музыканың, сөздің, бояудың әсерін түсінеді.Күнделікті музыкамен, сурет салумен, оқумен айналысуы оның эстетикалық тәрбиесінің негізін қалауына ықпалын тигізеді.Кіші мектеп жасында баланың алғаш мектепке баруы, онан алған әсері, оның көркемдік әрекеттері дұрыс түсініп ұғынуына түрткі болады.Алайда бұл жаста баланың ықыластылығы тұрақсыз болады, ұзақ мерзім өнер шығармаларымен танысу, тіпті өнермен айналысу оны тез жалықтырады.Көркем шығармашылықтың нәтижесінен гөрі сурет салу, желімдеу, музыка процесі қызықтырады, ал эстетикалық құбылыстарды бағалауы белгілі бір жағдайларда ғана байқалады.Баланың өзін-өзі тәрбиелеуінің алғашқы сатысы жеткіншек сатысы болып табылады.Бұл жаста ол белгілі мөлшердегі көркем шығармалардың мазмұнын түсінуге тырысады, білім деңгейін кеңейтеді, қоршаған ортадан эстетикалық тәжірибе жинайды, өмір құбылыстары мен өнер шығармаларын саралап, өздігімен бағалауға талпынады.Жоғары сыныптарда баланың өмірдегі эстетикалық саланы талғаммен қабылдауы жеткіншектерге қарағанда жоғары болады, дүниетанымдылығы мен пікірі жүйелене түседі.Өнерге, көркем шығармашылыққа, өзінің тәртібіне ерекше мән береді.Мұғалімге баланың жас ерекшеліктерінің эстетикалық талғамын мақсатты түрде жетілдіруде және сезім тәжірибесін толықтыруда көмегін тигізеді.[62, 6-7бб] Эстетикалық талғам - адамның ләззат алу немесе наразылық сезімдерін сезіну қабілеті ( ұнату - ұнатпау ) эстетикалық обьектілерді әртүрлі қабылдау және бағалау,іс жүзінде және өнерде ұсқынсыздықты әдеміліктен ажырата білу, құбылыстардан қайғы мен күлкінің белгілерін таба білу (әзіл сезімі).Эстетикалық талғамды ХVII - XVIII ғғ.француз классицизм ағартушылары мен теоретиктері зерттеген болатын (Буало, Монтеське, Вольтер және т.б.), эстетиканы рационалдық және нормативизм жағынан қараған болатын.Ағылшын ағартушылары сенсуалистік эстетиканы (Шефтсбери, Хом және т.б.) адам сезімінен шығарып, адамгершілікпен байланыстырды.Хатчесон мен Бёрк эстетиканы әмбебаптық тұрғысынан қарады, ал Юм оның субьективтілік жағын атап өтті.Осы мәселе жайында Канттың эстетикалық еңбектерін атап өтсек болады. Белинский, Чернышевский маркстік-лениндік эстетика эстетикалық талғамды әлеуметтік-тарихи құбылыс ретінде қарайды.Эстетикалық жеке талғам адамның эстетикалық тәжірибесінде қалыптасатын эстетикалық қондырғы болып табылады және өз кезегінде, әрбір жаңа эстетикалық қабылдау мен уайымдау арқылы жаңа тәжірибеге енеді.Эстетикалық талғам эстетикалық бағалаудың субъективті өлшемі болып табылады, ол белгілі дәрежеде интуитивті (эстетикалық интуиция), яғни тиімді эстетикалық пайымдаудың эмоциялық алдында болады.Алайда, эстетикалық талғамның сапасы онда көрсетілген субъективті баға объективті эстетикалық құндылыққа (эстетикалық құндылыққа) сәйкес келетіндігімен анықталады.Жақсы талғам - шынайы сұлулықтан ләззат алу және эмоционалды ұсқынсыздықтан бас тарту, сондай-ақ тұрмыста, өнерде, мінез-құлықта сұлулықты қабылдау және жасау қажеттілігі.Адам сұлулыққа бей-жай немесе жеккөрушілікпен қараса, және ұсқынсыздықтан ләззат алса, онда эстетикалық талғам жаман, нашар, жағымсыз болып табылады.Талғамның сандық сипаттамасы оның даму немесе дамымау, кеңдік немесе ендік дәрежесі болып саналадыЭстетикалық талғамның дамуы эстетикалық құндылықтарды түсіну тереңдігімен анықталады, олар ие мәндердің байлығын анықтауға қабілетті. Белгілі шектерде дамымаған талғам жақсы, бұзылмаған болуы мүмкін, бірақ осы шектерде ол эстетикалық-құндылықтық қатынаста сенімді бағдар бола алмайды.Эстетикалық тәрбиенің мақсаттарының бірі - эстетикалық талғамның қалыптасуы болып табылады.[63,42-43б]Эстетика (грек. Aisthetikos - сезімтал, сезімтал қабылдауға қатысты) - табиғат және болмысты эстетикалық игерудің заңдылықтары , "сұлулық заңдары бойынша шығармашылық" туралы ғылым (Маркс). Эстетика терминін ғылымға XVIII ғасырдың ортасында неміс ғалымы Бумгартен енгізген болатын.Эстетиканың тарихы ежелгі дәуірден басталады (эстетика жайлы ежелгі мифологиялық тексттерден кездесіп жатыр).Эстетиканың мәні тарихи қозғалмалы және өзгермелі, қоғамдық-тарихи тәжірибе процесінде дамиды және күрделене түседі.Оның дамуының әрбір жаңа кезеңінде адамның әлемге және өзіне эстетикалық қатынасы туралы қалыптасқан түсініктердің толық еместігі байқалады.Қоғамдық - тарихи тәжірибемен үнемі байып келе жатқан эстетика пәні ашық күйінде қалып отыр.Ғылым ретінде эстетика философиялық сипатқа ие, бірақ ол өзінің ерекшелігі, өзінің ерекше пәні, оған тән заңдылықтары - болмысты эстетикалық игерудің заңдылықтары бар. Сондықтан да, бұл дүниені эстетикалық игеру заңдары өнерде барынша толық, шоғырланған және тікелей көрініс табатын болғандықтан, эстетика ең алдымен оның мәні мен заңдары туралы, көркем шығармашылық табиғаты туралы ғылым ретінде заңды түрде қаралуы мүмкін.Эстетиканың ғылым ретіндегі құрылымы табиғаттағы эстетикалық көріністерді, материалдық қызметті, рухани өмірдің әр түрлі салаларында, тұрмыста, бос уақыт саласында және дамыған ұғымдық аппаратқа ие, күрделі және дербес пәндерді қамтиды: көркем шығармашылық теориясы, дизайн теориясы және пәндік ортаны меңгеру; эстетикалық тәрбие теориясы.Эстетиканың зерттелетін негізгі мәселелерінің шеңберіне эстетикалық көзқарастар, талғам, идеал, сөзбен, оның нақты қызмет етуінде де, теориялық тұрғыда да эстетикалық сана кіреді. ежелгі дәстүрі бар эстетиканың маңызды бөлімі-категориялық аппаратты әзірлеу.[63,416-417бб.]
Ғылыми дискурстарда эстетикалық тәрбие мәнін екі жақты қарастырады.Олар мынадай тұжырымдардан көрініс табады: өнер мен шындықтың әсемдігін толыққанды қабылдау және дұрыс түсіну қабілетін тәрбиелеу (В.А.Сластенин)[64,199б] және "адамның өмір мен өнерде тамаша және жоғары талғамды қабылдау, дұрыс түсіну, бағалау және жасау қабілетін әзірлеуге және жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жүйесі (В.В.Бабаева) [65,45б.] Бұл екі тәсілді біріктіру арқылы, эстетикалық тәрбие адамның өнерде және өмірде әсемдікті қабылдау, оны дұрыс түсіну және бағалау қабілетін дамытуы тиіс. Эстетикалық тәрбиенің маңыздылығы Б.Т.Лихачевтің жұмыстарында атап көрсетілген:"эстетикалық тәрбие - бұл әдемі, қайғылы, күлкілі, өмір мен өнердегі нәзіктік сезімін сезіну, бағалай білуге ​​қабілетті шығармашылық белсенді тұлғаны қалыптастыру, сұлулық заңдарына сәйкес өмір сүру.[66, 323б.] Эстетикалық тәрбие үдерісінде балада эстетикалық сана қалыптасады.Педагогтар мен психологтардың көпшілігі эстетикалық сананың құрамдас бөлігі ретінде эстетикалық қабылдауды, эстетикалық талғамды, эстетикалық идеалды, эстетикалық сезімді, эстетикалық қажеттілікті, эстетикалық бағаны бөліп көрсетеді.Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында, эстетикалық талғам "заттар мен құбылыстарды эстетикалық бағалау үшін жеке өлшеммен қызмет ететін нормалар, артықшылық бекітілген жеке тұлғаның тұрақты қасиеті" деп түсініледі.[67,92б.] Эстетикалық тәрбие жайында көптеген ғалымдар өз еңбектерінде зерттеген ғалымдар( В.А.Сухомлинский [68], Б.Т.Лихачев [69], Б.М Неменский [70], Е.Л.Прасолова[71], О.С.Алейникова [72], Н.В.Зайцева [73], Л.С.Кириллова және В. В. Лебединская [74], Н.А. Петренко және Б. В. Сергеева [75] және т. б.) эстетикалық талғамының қалыптасуын (Ю.Б.Борев [67],О.Е.Гусев [81],Б.Т. Лихачев[66; 69],В.К.Скатерщиков[76],С.В.Борисов [77],В.В. Бычков, Н.Б.Маньковская [78],М.Е.Кудрявцева[82;79], С. Ш. Умеркаева [80]), эстетикалық талғамды тәрбиелеу еңбекті көп қажет етеді және ұзақ процесс болып табылады, баланы ерте жастан бастап тәрбиелеуді қажет етеді; эстетикалық талғамды тәрбиелеудің маңызды шарты жалпы эстетикалық тәрбие жүйесі болып табылады. Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру процесін жүзеге асыру кезінде екі негізгі тәсіл бар: мәдени тұрғыда және құндылық арқылы.Мәденитанулық көзқарас Н.Б.Крылов атап өткендей, ол білім берудің негізгі құндылықтары туралы түсінікті тек қана ақпараттық-білімдік және танымдық ретінде өзгертеді, оның мазмұнының тар ғылыми бағытталуын жояды, оқыту мен тәрбиелеудің мәдени негіздері мен мазмұнын кеңейтеді, ересектер мен баланың қызметіне өнімділік пен шығармашылық өлшемдерін енгізеді.[83,65-66б.] В.П.Бездуховтың айтуынша, құндылықты көзқарас субъектінің объектіге деген құндылықты қарым-қатынасын жүзеге асырумен байланысты: "мұндай қарым-қатынасты қалыптастыруда оқушыларды құндылыққа баулудың құндылықты тәсілінің мәнін көру керек, олар өз кезегінде мұғалімнің баланың жеке тұлға, индивид және қызмет субъектісі ретінде дамуы мен қалыптасуына бағдарлануын анықтайды.[84,115б.]Құнды тәсілдің негізінде мәдениет әлемін, айналадағылардың іс-әрекеттері мен мінез-құлқына бейімделетін әлем суретін ұғыну және мәдени нормалар мен құндылықтарды "тәжірибелік жолмен" игеру жатыр. Бұл тәсілдердің бірлікте іске асырылуы оқушылардың эстетикалық талғамының құрылымдық компоненттерін дамытуға мүмкіндік береді: когнитивті, құндылық, эмоциялық. Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру процесі екі сатыда өтеді. Біріншіден, бала өсіп-жетілуіне қарай белгілі бір әлеуметтік ұстанымдарды меңгереді. Сонымен қатар тәрбиешілер оның идеал туралы түсінігін қалыптастыруға ұмтылады - ең алдымен вербалды-бейнелеу құралдары арқылы. Мектепте білімді алу барысында, оқу, музыка тыңдау, көркем шығармаларды қабылдау, теледидар хабарларын қарау барысында және әрине, құрдастарымен, сондай-ақ мектепте ересектермен қарым-қатынас кезінде әлемнің мінсіз бейнесі қалыптасады, яғни,өмірдің мінсіз, ең жақсы құрылымы туралы, адамның идеалы туралы, идеалды қарым-қатынастар туралы, әдемілік және т.б. туралы түсінік қалыптасады. Екінші кезең-өмірде мінсіз ұғымдарды практикалық іске асыру. Оқушының идеалдарын қалыптастыру баланың жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке алуды талап ететін ұзақ және күрделі процесс болып табылады.Тәрбие үдерісінде өмірлік қатынастар, идеалдар сабақтастықты сақтай отырып, мазмұнда да, формада да белгілі бір өзгерістерге ұшырайды. Жекелеген жағдайларда (өмірлік күйзелістердің, қоршаған адамдардың, өнер туындыларының және т. б. әсерінен) мұндай өзгерістер өте маңызды болуы мүмкін.Оқушылар өмірінде оқу, қоғамдық-пайдалы және тұрмыстық еңбек маңызды орын алады. Сондықтан еңбек процесінің өзі мен оның нәтижесін адамның эстетикалық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылу табиғи болып табылады.Еңбек қызметінде балалардың эстетикалық талғамы біртіндеп дамиды.
Жабдықтың жақсы болуы, өзінің жұмыс орнына күтім жасау, еңбек нәтижелерін эстетикалық бағалау ләззат алып, еңбек етуге ынтасын оятадыОқушылардың мінез-құлықтары олардың еңбек қызметімен тығыз байланыста. Әр адамның санасына адамның сұлулығы мен асылдығы ұғымын жеткізу маңызды. Оқушылардың жолдастарының мүддесіне сай әрекет етуі және бүкіл қоғамға әрекет етуі - бұл әдемі әрекет ету дегенді білдіреді. Мінез-құлық эстетикасы- ішкі моральдық тазалықтың көрінісі.
Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың маңызды құралы-сезімтал көркем бейнелердің көмегімен қоршаған ақиқатты бейнелейтін және осындай бейнелер арқылы оқушының сана-сезіміне әсер ететін өнер болып табылады. Өнердің тәрбиелік мәні екіге бөлінеді: бір жағынан, ол адамға терең рахат сезім береді, оны эстетикалық жағынан дамытады, ал екінші жағынан - өмірді танудың маңызды құралы болып табылады.
Әсемдік элементінің болуымен боялған табиғи және әлеуметтік құбылыстарды эстетикалық тану көркемдік талғамның дамуымен, эстетикалық идеалдың қалыптасуымен, эстетикалық уайымның пайда болуымен, көру, сұлулық пен үйлесімділікті сезіну және оларды эстетикалық бағалау қабілетінің дамуымен сүйемелденеді.Мұнда мектептегі оқу процесі маңызды рөл атқарады.
Өнер сұлулығына және әр түрлі іс-әрекетке ие болған ол баланың эстетикалық кез-келген көрінісін шығармашылықпен қабылдау қабілетін дамытады, эстетикалық қажеттілікті қалыптастырады, өнер мен шындықтың кез-келген құбылысын бағалау дағдыларын дамытады.
Мектептегі оқу жылдары - баланың эстетикалық талғамын қалыптастырудың ең қарқынды кезеңі. Эстетикалық талғамдарды қалыптастырудың маңызды құралы музыкалық сабақ болып табылады. Музыканың, әннің тікелей тәрбиелік мәні бар, өйткені музыкада тұтқындалған биік,батырлық немесе лирикалық сезімдердің бірлескен уайымдары оқушыларды біріктіреді.
Эстетикалық талғамдарды қалыптастыру және оларды дамыту ісінде бейнелеу өнері сабақтары да үлкен маңызға ие. Бейнелеу өнеріне баулу барысында оның шығармаларында тамаша сезіну және түсіну қабілеті қалыптасады.Кескіндеме, мүсін, графика, сәулет құралдарымен өмірдің, табиғат пен қоғамның сұлулығы көрінеді, барлық төмен және жанкештілік нәрселер жойылып, адамдардың ең жоғары ойлары, сезімдері мен ұмтылыстары көрінеді.
Бірақ эстетикалық тәрбие іскерлік мақалалар оқылып, міндеттер шешіліп, әр түрлі жаттығулар орындалса да жүзеге асырылуы тиіс. Эстетикалық тәрбие және эстетикалық талғамдарды дамыту ісінде сабақтар ғана емес, сонымен қатар орыс тілі, шет тілі, әдебиет, ән айту және бейнелеу өнері бойынша сыныптан тыс жұмыстар да үлкен рөл атқарады. Орыс тілі бойынша іс-шараларда оқушылар оның сұлулығын,күшін, мәнерлігін таниды, сөздің көмегімен жасауға, бейнелі айтуға, өзінің қиялында көркем шығарманың бейнесін жаңғыртуға, жеке адамдардың қасиеттері мен сапасын айқындауға, олардың мінез-құлқын талдауға үйренеді. Оқушылардың эстетикалық тәрбиесін жүзеге асыра отырып, олардың рухани күшін дамыта отырып, олардың көркемдік талғамын қалыптастыра отырып, оларды дербес қызметке көбірек тарту керек.
Балалардың белсенділігі олардың эстетикалық тәжірибелерінің көрінісі мен дамуының шарты болып табылады. Ойындарды пайдаланған кезде эмоцияларды ояту, балалардың эстетикалық тәжірибесі жетеді. Сыныптағы, аудиториядан тыс іс-шараларда, жұмыста және күнделікті өмірде балалардың барлық эстетикалық тәжірибелері әлемдегі сұлулықты көре білуге, түсінуге, бағалауға және оны жасауға қатысу ниетіне ие болады.Сонымен қатар, оқушылардың эстетикалық талғамдарын мектептің білім беру процесіндегі әр түрлі жұмыс түрлері арқылы қалыптастыру оқушы тұлғасының адамгершілік, интеллектуалдық дамуына ықпал етеді.
1.2 Әлеуметтік педагогтің оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың мазмұны және өзіндік ерекшеліктері
Қазіргі таңда қоғамда жас ұрпақты өнердің барлық салаларында яғни:адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркем өнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, сезе білетін, бақылай алатын және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу, міндеті тұр.Бұл бағытта жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мазмұны мынадай болуы мүмкін.
1-Кесте. Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың мазмұндық ерекшелігі
Тақырыптар
Мазмұны
Жұмыс түрі
Эстетикалық талғам
Бұл жерде эстетикалық ұғым жайлы, оның көркемдік, өмірлік мәні жайлы айтылады.
Өмірден мысал келтіру,олардың тәрбиелік маңызын айқындау.
Эстетикалық талғамның маңызы және әр түрлі пәндерді оқыту барысында эстетикалық талғамдық қасиеттерін қалыптастыру
Эстетикалық талғамның мақсаты, міндеттері,сабақтың тәрбиелік мақсаты және оны жүзеге асырудың мәні, өнер шығармаларын эстетикалық мақсатында пайдалану жолдары.
Эстетикалық сабақтар жоспарын түзіп, белгілі бір құралдарды қолдану арқылы жүезе асыру
Гуманитарлық пәндер бойынша сабақтан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру
Пәндер бойынша үйірмелерде өнер шығармаларын қолдану арқылы эстетикалық тәрбие берудің мазмұны, формалары мен әдістері
Өнер сайысы, пікірталас, дебат, көрмелер, табиғатқа саяхат, ұлттық ойын, крассворд, жұмбақтар, ертеңгіліктер мен кештер, әдеби оқулар т.б. өткізу

Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың мәні тұлғаның адамгершілік сезіміне, рухани дамуына ықпал етеді.Оның жаман әдеттен бойын аулақ ұстауына, көркем әдебиет оқуына, өнер туындырмалаларын, музыкалық шығармаларды түсіне білуіне негіз болады.Сондықтан, эстетикалық тәрбие адам баласына өмірдегі, табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, адамдар арасында қарым-қатынаста бар жақсылықты, әдемілік пен әсемдікті түсіне білуге, көре білуге, қабылдай білуге үйретеді, жаттықтырады және соған қабілетті болу дағдыларын меңгеруді көздейді.
Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып, таныстырумен ғана шектелмейді,Ол ақиқатқа эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемдікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауды қарастырады.
2-Кесте.Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың мүмкіндіктері
Адамгершілік
Психологиялық
Зеректік
Эстетикалық
Инабаттылық, сыйластық, адалдық, мейірбандық, кішіпейілдік

Есте сақтау, ойлау, елестету,эстетикалық талғамдық қабылдау және талдау т.б.
Өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі бақылау, өз-өзіне сыни көзқараспен қарау, өзін-өзі басқару т.б.
Сұлулық, әсемдік, ізгілік, көркемдік т.б.

Эстетикалық талғам: биік-төмен, жақсы-жаман, сұлу немесе ұсқынсыз, қайғылы немесе күлкілі жағдайларды зерттеп дамыған талғам, дамымаған талғам, кең немесе өте таяз талғамдарға бөлінеді.Эстетикалық талғамның сапасы, қандай жағдайда субьективтік баға, обьективтік эстетикалық құндылықтарға жауап беретін эстетикалық құндылықтар: жақсы талғам - сұлулықтан рахат алу, ұсқынсыздықтан безіну және еңбектің, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау
Көркемөнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру
Жеткіншектердің эстетикалық талғамы
Қазақ халық қолөнерін бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың теориялық негіздері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының түсіну деңгейін қалыптастыру әдістемесі (еңбекке баулу пәні бойынша)
Отбасымен жұмысты ұйымдастыру формалары
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Пәндер