Стратегиялық жоспарлау бөлімдері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберіледі»
кафедра меңгерушісі
Г. Сейтова
___ 20___ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы: «Қазақстан Республикасының аймақ деңгейінде стратегиялық жоспарлауды дамыту болашағы мен құрылуы»
5В051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы
Орындаған: М. Избасарова, сырттай оқу
нысанының 3 курс студенті
Ғылыми жетекші: з. ғ. к., доцент Г. Сейтова
Қостанай, 2019
Мазмұны
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, сонымен қатар, экономиканы дамыту жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақтың стратегиялық дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында: « . . . қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу серпіні - біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиім-ділігінің айқын айғағы» - деп көрсетілгендей, мемлекетте жүргізілген саясаттың нәтижесінде Қазақстанның аймақтары әлеуметтік-экономикалық дамуда ілгерілей бастады. Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, басқа аймақтармен бірігіп экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы, табиғи байлықтары бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады [1] . Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді. Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік -экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, мемлекет аралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміздің аймақтарының дамуына мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда. Осы аталып өткен мәселелер дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға негіз болды.
Диплом жұмысының мақсаты - аймақтардың әлеуметтік -экономикалық даму ерекшеліктерін, аймақтық стратегиялық жоспарлау жүйесінің, оның жүзеге асу бағыттарын, аймақтың экономикалық, әлеуметтік дамуындағы басқару және олардың бүгінгі күнгі өзекті мәселелерін зерттеу.
Осы жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасы аймақтарының даму ерекшеліктерін сипаттау;
- Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы аймақтық даму жүйесінің маңызын анықтау;
- Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму жағдай-ларын, оның ішінде Қостанай облысының даму беталысын сипаттау;
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде аймақтық стратегиялық жоспардың түсінігі, оның ерекшелігі мен маңызы қарастырылған.
Жұмыстың екінші бөлімінде «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» стратегияларының аймақтық деңгейдегі орны мен Қостанай облысының аймақтық даму бағдарламасына сипаттама берілген.
Үшінші бөлімде аймақтық басқару органдарының реттеушілік рөлін жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары ұсынылды.
Дипломдық жұмысының қорытынды бөлімінде жұмысты орындау барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар жазылды.
- Мемлекеттік және аймақтық стратегиялық жоспарлаудың теориялық аспектілеріЕліміздегі мемлекеттік және аймақтық стратегиялық жоспарлаудың түсінігі
Жоспарлау - бұл, ұйым басшысының ұйымның барлық қызметкер-лерінің барлығы бірдей ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін күш-жігерлерін бір бағытқа бағыттауды қамтамасыз етенін ең маңызды тәсілдердің бірі.
Жоспарлау - басқару процесінің бастапқы функциясы. Жоспарлау ар-қылы басқару процесі басталады және ұйымның табысқа жетуі жоспарлаудың сапасына байланысты болады.
Жоспарлаудың рөлі ғылыми-техникалық прогрестің жылдамдауына, басқару жүйесінің қиындауына, нарыққа көшуден туындаған белгісіздіктің күшеюіне байланысты айтарлықтай артты. Өндірісті басқаруда жоспарлау алғашқы негіз болып табылады, себебі кез келген басқару шешімі болашақта сол кәсіпорынның дамуының алғышарты болып қалыптасады.
"Жоспарлау" термині латын тілінің «planus» (түзу, жазық) деген сөзінен шыққан. Экономикалық кеңістікте белгілі бір кезеңге, белгілі бір қызметтің мақсаттарын, мазмұнын, көлемін, мерзімін, орындау әдістерін білдіреді.
Жалпы, жоспарлау түсінігімен қатар жүретін «стратегия» термині гректің «Strategos» сөзінен шыққан болатын. Қазақ тіліне аударғанда «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген мағынаны білдіреді.
Стратегия - белгілі бір мақсаттарға жету жолындағы іс-әрекеттердің тұтас бір жиынтығы. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз - барлық басқару шешімдері үшін маңызды болып табылатын, алға қайылған мақсатқа жетудегі шешім қабылдау мен ұйымдастыру процесі.
Жалпы, аймақтық стратегиялық жоспарлау дегеніміз аймақтағы барлық ұйымдар мен сол ұйымдардың басшыларының іс-әрекеттерінің, ұжымдағы жұмыс істеу жүйесінің нәтижелері. Аймақты стратегиялық жоспарлау сол аймақтың экономикалық даму жүйесін ұзақ уақыт бойына алдын ала болжау, жоспарлау және әртүрлі бағдарламалар нәтижесінде сол аймақ экономикасын жақсарту.
Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің қалыптасу факторлары мен аймақтың дамуын зерттейтін ғылым жүйесі. Академик Н. Н. Некрасовтың анықтамасы бойынша «аймақтық экономика экономикалық ғылымның маңызды бір саласы ретінде елдің экономикалық жағдайында және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасу барысын анықтайтын экономикалық-әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді».
Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырдың басында, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың соңына қарай ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика «аймақтық ғылым» деп анықталады. Экономист ғалым Н. Н. Некрасовтың анықтамасында «аймақ» дегеніміз біртекті табиғат жағдайларына және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің аумағы территориясы. Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н. Барановский, Н. Комосовский және тағы да басқа АҚШ, Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан [2] .
Стратегияны орнату барысында міндетті түрде сол стратегияны жүзеге асыратын стратегиялық жоспар құру қажет екендігі белгілі. 1-суретте стратегиялық жоспарлауға кіру қажет бөлімдер көрсетілген.
1 сурет - Стратегиялық жоспарлау бөлімдері
Аймақтың қазіргі жағдайын бағалау бөліммінде сол аймақтың экономикалық-әлекметтік жағдайына талдау жасау қажет. Аймақтың миссиясы дегеніміз, аймақтың басты мақсаты. Бұл бөлімде аймақтық дамудың алға қойған мақсаттары анықталуға тиіс.
Стратегиялық жоспардың жүзеге асуы барысында стратегияны жүзеге асыру барысында әлсіз және басым тұстары маңызды рөл атқарады. 2 суретте стратегияны жүзеге асыру барысындағы әлсіз және басым тұстары көрсетілген.
2 сурет - Стратегияны жүзеге асыру барысындағы әлсіз және басым тұстары
Ресурстар болмаса ешқандай стратегия жүзеге аспайды және ең алдымен, қаржы ресурстары болмаса.
Стратегиялардың әрқайсысы қаржы ресурстарын анықтау үшін қаржылық болжау мен талдаудан өтеді.
Кез-келген аймақ өз мақсаттарын жалпы мемлекеттік стратегиялық жоспарларға, оның мақсаты мен мүдделеріне қарап белгілейді.
Мемлекеттік және аймақтық мақсаттар айқындалған жағдайда, сол мақсаттарға жету барысындағы стратегиялық талдау-аймақтың ішкі ісі болып табылады.
Әрбір аймақтың стратегиялық жоспарында әрбір тоқсанға, жылға қойылған міндеттер мен мақсаттар болуы тиіс.
Тоқсандық және жылдық мақсаттарға жеткен кезде сол жетістіктерге жету барысындағы есеп берулер жүргізіледі, яғни орындау мерзімі, аяқталу уақыты және орындаушылардың іс-әрекеттері жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиіс.
1. 2 Мемлекеттік стратегиялық жоспарлаудың аймақтық деңгейдегі ерекшеліктері
Қазіргі жағдайда ұлттық экономиканың тұрақты жұмыс істеуі мен табысты дамуындағы аймақтың рөлі ерекше. Осыған байланысты мемлекетті стратегиялық жоспарлау мен болжаудың негізгі нысаналарының бірі өңірлік деңгей болып отыр. Өз кезегінде, бұл аймақтардың дамуын стратегиялық жоспарлауды ұйымдастыруға үлкен назар аударуды талап етеді.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарын мақсатты қондырғылар (бағдарлар), нысаналы көрсеткіштер мен нысаналы нормативтер арқылы сипаттауға болады. Мақсатты орнату мақсатқа сапалы сипаттама береді. Ол өңірлік дамудың сапалы айқын бағдары ретінде қарастырылуы мүмкін. Мақсатты көрсеткіш белгілі бір уақыт кезеңіне орындалу объектісіне сандық сипаттама береді.
Әдебиеттерде және тәжірибелерде кез келген деңгейдегі аймақ, ең алдымен, дербес шаруашылық жүйе ретінде қарастырылады. Әрине, аймақтық шаруашылық өзінің құрылымы, функциялары, мақсаттары, сыртқы ортамен және т. б. байланыстары бар күрделі әлеуметтік-экономикалық даму объектісі болып табылады. Аймақтық шаруашылық, күрделі интеграциялық аумақ ретінде, өздерінің жергілікті мақсаттары бар өзара байланысты кіші жүйе-лердің көп санымен сипатталады.
ҚР аймақтарының тиісті бейімделуін немесе стратегиялық жоспарлау-дың барлық процедураларын жоспарлауда қолдану 3 суретте көрсетілген.
3 сурет - Аймақтың даму стратегиясын жоспарлау циклі
Өңір экономикасы басқарудың көп құрылымдылығымен, оның құрылы-мының иерархиялығымен, үйлестіруші әсерлердің кешігуімен, элементтер жай-күйінің ішінара белгісіздігімен және тағыда басқаша ерекшеленеді. Қазақстан Республикасында облыстық деңгейдегі өңірлер мемлекеттік (шаруа-шылық) реттеудің негізгі объектілері ретінде қарастырылады. Олар еліміздің заңнамасы бойынша аумақтық-әкімшілік құрылымдар болып табылады және экономикалық, қаржы және құқықтық салада белгілі бір өкілеттіктер берілген. Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық жүйенің барлық нақты белгілеріне тек облыстық деңгейдегі аймақтар ие.
Өңірдің бастапқы әлеуметтік - экономикалық әлеуетін талдау процесінде бірінші кезекте назар аударылуы тиіс және әлеуетті пайдалану тиімділігін бағалауға жалпы жағдайда өңірдің бастапқы әлеуетін пайдалану тиімділігінің өлшемі (ӘТ-Әлеуітін пайдалану тиімділігі) мынадай формула бойынша анықталуы мүмкін:
ӘТ=ӘІН/Ш,
Мұнда ӘІН-өңірлік әлеуметтік-экономикалық әлеуетті іске асырудан жиынтық нәтиже;
Ш-ӘІН-ға қол жеткізу үшін қажет болатын шығындар.
Өз кезегінде ӘІН құрамында екі құрамдас бөлікті бөліп көрсетуге болады: а) халықтың өмір сүру сапасының өсімі;
б) өңірдің республикалық және өңіраралық проблемаларды шешуге қосқан үлесі.
Ш шамасы өңірлік әлеуметтік - экономикалық әлеуетті іске асыру жөніндегі нақты іс-шаралардың ерекшелігімен айқындалады.
Бұдан басқа, өңірдің бастапқы әлеуетін талдау процесінде әрбір жеке аймақтың құрылымына кіретін элементтердің пропорциясын анықтау ұсыны-лады. Бұдан әрі оларды басқару жүйесінің құрылымдарымен сәйкестендіру қажет, өйткені өңірлік дамудың тепе - теңдігі басқарудың макро және мезо деңгейінде қабылданатын шешімдерге байланысты [3] . Ұдайы өндіру процесінің әр түрлі элементтері арасындағы өзара байланыс сипатына байланысты пропорцияның бірнеше тобын бөліп көрсетуге болады. Өңірлік ұдайы өндіріс пропорциясы мемлекеттің экономикалық стратегиясына тікелей тәуелді екені анық. Өңірдің елдің ұзақ мерзімді даму стратегиясына тәуелділігін тұтастай алғанда, мысалы, бірінші жалпыұлттық "Қазақстан-2030" Әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді стратегиясы өңірді дамыту тұжырымдамасында өзінің формалды безендірілуін қалыптастырады. Тұжырымдаманың басты мақсаты-өңірді дамытудың стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын, оларды іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктерін айқындау.
Өңірдің әлеуметтік - экономикалық даму тұжырымдамасының үлгі құрылымы 4 суретте көрсетілген.
Мақсатты экономикалық сараптама жүргізудің міндеттері өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен басымдықтарының негізділігін талдау және бағалау болып табылады.
4 сурет - Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасының негізгі бөлімдері
Ең алдымен, тұжырымдамада айқындалатын даму міндеттерінің сәйкестігін талдау және бағалау еңбекті бөлудің республикалық жүйесіндегі өңірдің рөлі және тұжырымдамада тұжырымдалған өңірлік әлеуметтік-эконо-микалық саясаттың таңдалған бағыттарын бағалау. Бұған сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарын іске асыру үшін қажетті ресурс-тар мен оларды іздеу көздерін бағалау мен нақтылау кіреді. Өңірдің әлеумет-тік-экономикалық даму тұжырымдамасын іске асыру тетігі жергілікті атқару-шы және өкілді билік құрылымдарының меншік нысанына қарамастан, өңірдің белгіленген стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу мүддесінде шаруашылық жүргізудің барлық субъектілерінің мақсатты ықпалынан тұрады. Жалпы түрде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын қалыптастыру үдерісі келесі бетте 5 суретте көрсетілген. Ол дайындық кезеңінен, қажетті ақпараттық базаны қалыптастырудан, тұжырымдаманың жобасын әзірлеуден және оны барлық мүдделі деңгейлерде алдын-ала келісуден тұрады [4] .
Осылайша, аймақтық даму тұжырымдамасын табысты іске асырудың басты шарты осы процеске кешенді тәсілді қолдану болып табылады. Бұл қазіргі жағдайда республиканың өңірлік субъектілерінің белгілі бір дербес-тікке ие болуымен байланысты.
5 сурет - Аймақтытың әлеуметтік-экономикалық дамыту
тұжырымдамасын қалыптастыру жүйесі
Жоғарыда тоқталып кеткен дамудың аймақтық стратегиялық жоспарын-да көрсетілген жалпы қабылданған сандық және сапалық көрсеткіштермен қатар аймақтық мүдделерді көрсететін көрсеткіштердің жиынтығын ескеру қажет. Осы көрсеткіштерді есепке алмаған жағдайда, әкімшілік-аумақтық даму жүйесі төмендейді, себебі, өңірдің маңызды экономикалық және әлеу-меттік проблемаларын шешу барысында белгілі бір жүйені қалыстастыру қажет. Тұжырымдамада қалыптасқан өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы стратегиялық басқарудың немесе оның жеке элементтерінің болуын растайтын маңызды құжаттардың бірі болып табылады. Бұл тәсілден айырмашылықты дәстүрлі стратегияны тек жоспарлау нәтижесі ретінде және тіркелген және қалыптасқан нәрсе ретінде ғана қарастырған жөн [5] .
Неғұрлым жалпы түрде өңірлік мүдделердің маңызды индикатор-ларының құрамы 1 кестедегі келесі жиынтықта көрсетілген. Ең алдымен, бұл халықтың өмір сүру сапасының стандарттарына сәйкес келетін жетістік, оның тұрақты дамуының негізі ретінде өңірдің экологиялық әлеуетін дамыту.
1 кесте Аймақтық мүдделер индикаторларының құрамы
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлау жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеуі-күрделі және шығармашылық процесс оны жүзеге асыру белгілі бір қағидаттарды іске асыруды талап етеді. Өңірлік стратегиялық жоспарлаудың басты қағидаттары ретінде мақсатты, әлеуметтілік, кешенділік, жүйелілік, бейімделу, тиімділік, кәсіпқойлық сияқты қағидаттарды есептеуге болады.
1. 3 Стратегиялық жоспарлау мен болжаудың қажеттілігі мен маңызы
Мемлекеттік деңгейде жоспарлауды ұйымдастыру (аймақ бойынша, сала бойынша) жоспарды әзірлеу тәртібін, ақпарат жүйесін ұйымдастыруды, маңызды ақпараттармен қамтамасыз етілуді, орындаушыларды анықтауды қажет етеді.
Жалпы жоспарды әзірлеу тәртібі:
- ұйымның мақсатын анықтау;
- ақпарат жинау;
- экономикалық талдау жасау;
- алдын-ала болжамдарды жасау;
- жоспарларды құру;
- жоспарларды бекіту және орындаушыларға жеткізу;
- орындаушылардың жоспарды орындауы;
Мемлекеттік деңгейде жоспарлау ақпаратты жинауды және өңдеуді ерекше талап етеді және сол жүйеге көп көңіл бөледі.
6 суретте фирмалар мен мемлекеттер деңгейінде шетелдік тәжірибені жинақтау барысында стратегиялық жоспарлау мен стратегиялық болжауды қолданудың тиімділігінің бірқатар факторлары көрсетілген.
6 сурет - Стратегиялық болжаудың тиімділігінің факторлары
Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы жылдарының өзінде Елбасымыз қазақстандық қоғамның нақты даму концепцияларын ұсынған болатын. 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы және даму стратегиясы» жарияланды.
Негізінен стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері қалыптасқан. Олар:
- Стратегия көп жағдайда басшылық ұйымдастырады, бірақ стратегияны жүзеге асыру жалпылама түрде болады.
- Стратегия жеке бір ұйым үшін ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін маңызды болады.
- Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректермен негізделеді.
- Стратегиялық жоспар жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастықты сақтау және қажет болған жағдайда қайта жетілдіру қажет.
- Стратагиялық жоспарлау мемлекеттік деңгейде болған жағдайда, ол мемлекеттің бүкіл аумағы үшін пайдалы болуы шарт.
- Стратегиялық жоспар белгілі бір деңгейде жетістікке жеткен, немесе тәжірибе жасалған объект негізінде жасалуы мүмкін.
Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың шақыруы бойынша Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ 2015 жылдың 26-28 қазан аралығында ресми сапармен Қазақстан Республикасында болды. Премьер-министр С. Абэ және Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президентінің 2008 жылғы маусымдағы Жапонияға іс-сапары кезінде жарияланған, Жапония Премьер-министрі Я. Фукуда мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы Бірлескен мәлімдеменің маңыз-дылығын атап өтіп, екіжақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және дамытуға мүдделілік білдірді. Екіжақты қарым-қатынасты дамытудың қазіргі деңгейіне ризашылық білдірген екі ел басшылары Премьер-министр С. Абэнің Қазақстанға осы сапары екіжақты әріптестікті жаһандық ауқымда тереңдету үшін маңызды серпін беретінін сенімділікпен қолдады. Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаев Жапонияның бүкіл әлемде бейбітшілік пен татулықты қолдау жөніндегі күш-жігерін және бейбітшілік сүйгіш мемлекет жолын ұстанатынын қуаттады. Жапония Премьер-министрі С. Абэ Қазақстан Республикасындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық даму, ұлтаралық және дінаралық келісім идеяларын ілгерілету жөніндегі табыс-тарын атап өтті. Қазақстанның бейбітшілікті қамтамасыз ету және қарусыз-дану мен ядролық қаруды таратпау саласындағы халықаралық қоғам-дастықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстанның үлесін атап өткен Жапония Премьер-министрі С. Абэ өз елінің халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына негізделген «бейбітшілік ісіне белсенді үлес» қосуға бұрын-ғыдан да қар-қынды түрде күш салып жатқаны туралы өз ойын жеткізген болатын. Қазақстан тарапы Жапонияның жоғарыда көрсетілген бейбіт баста-малары бойынша күш-жігерін жоғары бағалады [6] .
Барлық жаңа жүйелер сияқты, страте-гиялық жоспарлау басқарудың неғұрлым тиімді жүйесі ретінде қабылдана бастады. Алайда, өткен жылдары әлемдік экономикалық шаруашылықты қайта құрудың жаңа жағдайларында стратегиялық жоспарлау өзінің белгілі бір салада шектеулерін көрсете бастады. Бір жағынан, бұл іскерлік ортаның тым жылдам өзгеруінен және болашақты болжау қажеттілігінің күшеюінен туындады. Екінші жағынан, сол кезеңде басқару теориясы мен тәжірибесінде әлеуметтік және адам факторының орны күшейе түсті. Қазіргі уақытта стратегиялық жоспарлау мен стратегиялық болжау менеджменттің тиімді құралдарының қатарынан өз орнын алды. Формальды, сандық әдістермен қатар бұл қызмет түрі экономиканың субъектілерінің дамуы үшін сенімді негіз жасай отырып, шығармашылық және интуитивті тәсілге сүйенеді.
Жалпы, стратегия уақыт ұзақтығына байланысты ұзақ, орта және қысқа мерзімді болып бөлінеді. 7 суретте стратегиялық мерзімдер көрсетілген.
7 сурет - Стратегиялық жоспарлаудың 3 мерзімі
Стратегиялық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері, ең алдымен, жоспарлау жүйесінің толық қамтамасыз етілуімен айқындалады. Жоспарлау жүйесінің көптеген анықтамаларының ішінде, көбіне, екі мақсатты аспектіге назар аударады. Біріншісі-жоспарлаудың жалпы экономикалық аспектісі - ол шаруашылық жүргізудің барлық субъектілерінің қызметімен байланысты, соның ішінде компаниялар мен мемлекеттің қызметімен байланысты. Екінші аспектісі - басқарушылық аспект, бұл жоспарлау кез келген басқарманың маңызды функциясы, барлық менеджерлер қызметінің ерекше түрі болып табылады. Жоспарлау - әр түрлі деңгейдегі менеджерлер мен барлық ұйымдардың басшыларының көп уақыты мен күш жұмсауын қажет ететін күрделі процесс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz