Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе . . .
Кіріспе . . .: 1
: Демографиялық үрдістерді мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері . . .
Кіріспе . . .: 1. 1.
: Демографиялық үрдістер және оның ел экономикасында алатын орны . . .
Кіріспе . . .: 1. 2.
: Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты . . .
Кіріспе . . .: 2
: Қазақстан Республикасы аумағында демографиялық саясаттың жүзеге асыруын талдау . . .
Кіріспе . . .: 2. 1.
: Қазақстан Республикасында демографиялық саясатты жүзеге асыру қызметін талдау . . .
Кіріспе . . .: 2. 2.
: Қазақстандағы демографиялық үдерістердің жағдайы мен даму тенденциялары . . .
Кіріспе . . .: 3
: Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістерді мемлекеттік басқаруға бағытталған бағдарламалық іс-шараларды жетілдіру . . .
Кіріспе . . .: 3. 1.
: Демографиялық үрдістерді мемлекеттік басқару кезінде туындайтын мәселелер . . .
Кіріспе . . .: 3. 2.
: Демографиялық үрдістерді мемлекеттік басқаруға бағытталған бағдарламалық іс-шаралар . . .
Кіріспе . . .: 3. 3.
: Қазақстан Республикасындағы демографиялық саясатты жетілдіру бағыттары . . .
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
:
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
:

Мазмұны

Кіріспе

Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде осы екі ұғымның мән-мағыналары бір-бірімен жиі қабысып, ұштас келеді. Демографиялық үрдістерге обьективтік түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы бес жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады. Кезінде олардың Қазақстанның бүгінгі этнографиялық келбетінің өзгеруіне әкеліп соқтырған этникалық астары тым мол болды.

Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ол ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез - құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім-бұтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің актуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор.

Зерттеу объектісі ретінде қазақстан Республикасының демографиялық үрдісін мемлекет ьарапынан басқару алынды.

Аталған жұмыстың басты мақсаты ол демографиялық үрдістерді басқару әдістерін жетілдіру жолдарын ұсыну, қазіргі республика бойынша халық санының өсу тенденциясына баға беру, оны талдау болып табылады.

Зерттеу барысында шешілетін міндеттер:

-Демографиялық үрдістерді мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері;

-Қазақстан Республикасы аумағында демографиялық саясатты жүзеге асыруын талдау;

-Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістерді мемлекеттік басқаруға бағытталған бағдарламалық іс-шараларды жетілдіру.

Ғылыми жұмыстың теориялық және методологиялық әдістері негізіне Отандық және шетел ғалымдарының экономикалық және демографияны басқару саласындағы ғылыми еңбектері алынды, талдау әдістері ретінде құрылымдық-логикалық, экономика-статистикалық тәсілдер қызмет етті.

Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, әрбір бөлім бірнеше бөліктен тұрады, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, теориялық мәтінді көрнекілей түсетін 16 кесте мен 11 суреттен тұрады.

1. Демографиялық үрдістерді мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері

1. 1. Демографиялық үрдістер және оның ел экономикасында алатын орны

Халық көптеген қоғамдық және жаратылыс тану ғылымдары зерттейді. Осының ішінде демография ерекше орын алады. Демография грек тілінен «demos» -халық, «gzafo»- жазу, сипаттау деген сөздерінен шыққан.

Демография адамның популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.

Халық сөзі кең мағынада адамдардың жиынтығын білдіреді. Ол белгілі бір территорияда (немесе жер көлемінде) өмір сүреді, іс-әрекет, қызмет жасайды. Демография халықтың санын, құрамын және оның өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын зерттейді. Бұл процесте адамның жынысы, жасы, атқаратын қызметі, жұмысы, т. б. жақтары негізге алынады, зерттейді. Әр қоғам халқының өзінің өсу, өнудегі ерекше даму заңдылықтары болады. Ал, мұның өзі қоғамның нақтылы әлеуметтік - экономикалық жағдайына байланысты. Халық санын, құрылымын және оның қозғалысын, дамуын, өзгеруін демография ғылымы, дәлірегі, оның ішіндегі демографиялық статистика зерттейді. Кейінгінің негізін ғылыми экономикалық теориялар, тұжырымдар құрайды.

Әрбір тарихи өндірістік тәсілдің өзіне тән халықтың өсіп-өну заңы болады. Халықтың жұмыссыздығы, оның материалдық жағдайының төмен болуы сол қоғамның экономикалық даму заңдарына тікелей байланысты. Осыған орай халықтың өсуі қоғамның материалдық жағдайының жүйесіне кіреді, бірақ, ол қоғамның негізгі қозғаушы күші бола алмайды. Сонымен, демография халықтың алуан түрлі ерекшелік сипаттамаларын зерттейді.

Демография термині алаш рет А. Гийярдің еңбегінде пайда болған. Ал ресми түрде "демография" термині өз атауын Халықаралық тазалық және демография конгресинде 1882 жылы Женева қаласында алған болатын.

Демография терминін ежелгі заманнан қазіргі кездегі ғалымдар зерттеген болатын. Нақты зерттеулерге тоқталып кетсек. Платон (428-347 б. з. б) мінсіз мемлекет ілімінде міндетті шарт деп халықтың тәуелсіз азаматтар санын 5040 адамболуы кереп деп айтқан болатын. Некелік қатынастардың белгілі бір нормаларын орнатуды ұсынды, оның үстінде 30 жастан 55 жасқа дейінгі ерлер балалы болуы шарт. Оның жазуынша:"басшылар некелер санын есептесін, себебі, оларға соғысты және т. б. есепке салып, ер адамдардың санын тұрақты сан ретінде сақтап тұруы қажет, мемлекет үлкемей кішіремеуі қажет". Аристотель (384-322 б. з. б. жж) халық саны мәселелерін қарастырған сәтте халқы тәуелсіз және аз мемлекеттерді ең дұрыс саясатты мемлекеттер ретінде санаған. Азаматтар санының аз болуы әлеуметтік жағдайдың пайда болуына әкеледі, бұл шара халық санының тым көп болуы сәтінде мүмкін емес. Халықтың көп болуы әсерінен қақтығыстар көбеюі мүмкін. Себебі, бар халықтың тең жартысы жерге ие болмай, түрлі қылмыстарға бара отырып, кедейшілікке ұшырауы мүмкін. Платонға қарағанда Аристотель халықтың реттеудің айласы ретінде құлдықты жақтамаған, ол ауырып жатқан балаларды және нәрестелердің бір қатарын өлтіруді заңдастыруды ұсынған болатын. Ал мемлекеттің заңдары мұндайға жол бермесе, онда қоғамға әрбір отбасыға тууға болатын балалар санын белгілеу қажет деп айтқан болатын.

Демографиялық статистиканың негізін қалаушы (саяси арифметика) - Дж. Граунт көптеген заңдарға назар салған болатын, қайтыс болудың қарапайым үлгісін құрастырған болатын, өлім бюллетендерінің сараптамасын жасады. 1693 жылы Галлей алғаш рет Бреслав (Вроцлав) халқы үшін толық өлу көрсеткішін құрастырған болатын.

XVIII ғасырдың соны мен XIX ғасырдың басында АҚШ-та халық санағын (1790) жүргізудің қазіргі замаңғы негіздері қаланды, халықтың қазіргі есептеу тәсілдері жасалған болатын. Ресейде XVIII ғасырда М. В. Ломоносов "ресейлік халықтың сақталуы және көбеюі" мәселелеріне алғаш рет назар аударған болатын.

XIX ғасырда әлеуметтік-экономикалық дамудағы демографияның рөлі мен орны жөнінде сұрақ туындады. Сипаттамалы мінезі жоғарлады, халықтың құрамы мен қозғалысы жүргізіле басталды. XIX ғасырдың ортасында туу мен өлу көрсеткіштерін леуметтік дифференциалды зерттеуін жүргізуге Г. Ф. Кнапп(Германия), Л. А. Бертильон (Франция) ғалымдары талпыныс жасаған.

Демографиялық статистика мен демографиялық динамика (халықтың қозғалысындағы) бөліне бастады.

Демогрфияны зерттеуде орталық объект ретінде халықтың көбеюі есептеліне басталды, сол себепті бірқатар елдерде халық санына тиесілі түрлі заңдар қабылданды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы ғалымдар халық көбеюінің бірыңғай өзара байланысқан үрдіс ретінде қарастырылу трактовкасына келген болатын. көбеюі үрдістерінінің нәтижелерін сипаттаушы көрсеткіштердің құрастыруын В. Борткевич бастаса, ал Р. Бек және Р. Кучинский аяқтаған болатын.

20-30 жылдары халықаралық серкітестікке алғаш қадамдар жасалды. Демографиялық зерттеулерді өзара байланыстығы бар басқа қоғамдық құбылыстармен бірге зерттеуге алғашқы қадамдар жасалды. Демография қоғамдық ғылым рөлінде белгіленеді.

Соңғы жарты ғасырда жалпы дамудың экономикалық және әлеуметтік факторлары көзөарастырынан демографияны зерттеу тенденциялары байқалуда.

70-жылдардың ортасында БҰҰ «Детерминанттар мендемографиялық тенденциялардың салдарлары" атты еңбегін жариялайды. Еңбекте келесілерге назар аударылады:

  • демографиялық ақпарат және қайнар көз негіздері көлемдерінің ұлғаюы
  • демографилық зерттеулер санының ұлғаю және олардың мамандандану деңгейлерін жоғарлату
  • демографиялық анализдер аясындағы табыстар

XX ғасырда демографияның қалыптасуы мен дамуы Д. И. Менделеев, К. Ф. Герман, П. П. Семёнов-Тяньшанский, А. И. Чупров, Ю. Э. Янсон, С. П. Капица ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапты.

Қазан төңкерісінен кейін 1930жылдарыдың басына дейін КСРО-да белсенді түрде демографиялық зерттеулер жүргізілді. 1919 жылы Кеиевте Демогарфиялық институт, 1930 жылы Ленинград қаласында КСРО Демографиялық институты құррылды. Халық көбеюінің мәселелрі зерттелінді: туу мен өлудің заңдылықтары, оның ішінде назар туудың әлеуметтік факторларына, отбасының құрылуы мен даму тенденцияларына аударылды. Демографиялық болжаудаудың әдістемесі дамыды. Сол кезеңдегі отандық демография келесі ғалымдармен байланысты: С. А. Новосельский, В. В. Паевский, О. А. Квиткин, С. Т. Струмилин, М. В. Птуха. С. А. Томилин және басқалары. Осылай елдегі демография ғылымының дамуы басталды.

Халық санының дамуы - халықтағы сандық және сапалық өзгерістіерінің заңдық үрдістерін көрсетеді, бұл үрдістер адам қоғамының дамуы өзгерген сайын қындатылады. Бірақ, демография термині оған тиесілі барлық өзгерістерді түсіндіру үшін жеткіліксіз. XX ғасырдың екінші жартысында жетіспеушілік қатты байқалды. А. Сови халық санын зерттеу үшін басқа ғалымдарды тарту қажеттілігін айтқан болатын.

Халық саны туралы ғылымның тереңдетіп зерттеу үрдісі экономикалық, этнографиялық, халық географиясымен, әлеуметтік гигиенамен, құқықтанумен тығыз байланысты. Бұл ғылымдардың ұштаусында келесідей ғылыми бағыттар дами бастаған: халық саны экономикасы, халық саны әлеуметтануы, халық саны генетикасы және тағы басқалардың бір қатары. Келесі суретте демографиялық ғылымдар жүйесі құрылымы көрсетілген (1-суретті қараңыз) .

Безымянный.png

Сурет 1. Демографиялық ғылымдар жүйеісінің құрамы.

Халықты зерттеуші ғылымдар арасындағы байланыс экономикалық, әлеуметтік, географиялық және басқа да ғылымдардың жүйелерімен тығыз байланыста болуы бір мезетте халық саны туралы ғылыми зерттеу жүйелерінің бөлігі болуға мүмкіндік береді. "Демография" терминін ғылыми айналымға француз ғалымы Ахилл (Аший) Гийяр енгізген болатын. 1855 жылы Париж қаласында оның "Адам статистикасының элементтері, немесе Салыстырмалы демография" атты еңбегі жарық көрді. Бұл кітапта А. Гийяр демографияны адамның табиғи және әлеуметтік тарихы деп, немесе халықты математикалық зерттеу деп белгіледі.

Демографияның бұл түсінігі XIX ғасырдың ортасында қалыптасқан демография терминінің мағынасын ашады. Ол негізінен статистикалық-сипаттамалы сінезге ие және тым кең болып көрінеді, оның құрамына халықты математикалық зерттеуден бастап оның "интеллектуалды және моралды шарттарына" да кіреді. Ол ежелгі грек тілінен аударған (демо - халық; графо - жазу, нақты айтқанда: халықты жазу, халықты сипаттау) мағынаға тең келеді. А. Гийярдың түсігіне кірмейтін әлеуметтік өмірдің немесе адам мен бүкіл халықтың мінездемесінің салалары болмайды. Солай дегенде, бұл демографияның термині ұзақ уақыт бойы өте кең таралған болатын, және ғалымдардың, әсіресе статистикадан келгендердің ішінде танымал болды. Және де демография терминінің астары ретінде тек қана халық статистикасы саналды, бұл терминдер синонимдер секілді қарастырылды. Мысал ретінде А. Гийярдың кітабының атауын алуға болады немесе ХІХ ғасырда белгілі ғалым Жак Бертийон (Бертильон) (1851-1922) берген демография терминінің анықтамасын келтіруге болады: "Демография ұжымдық өмір сүруді зерттеумен айналысады. Оның мақсаты қоғамды дамыту, қалпына келу, кейінге түсіну, жойылу себептерін зерттеу. Ол әрбір халықтың тек қана табиғи емес, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерін зерттейді, сондай-ақ, өмір сүруге қажетті қараджаттарды қандай салатының қарастырады, адамдардың некеге түру себебін зерттейді, қандай санда бала туады және оларды қалай тәрбиелейтінін және т. б. қарастырады.

Орыс әдебиеттерде "демография" термині алғаш рет 1872 жылы Е. Анучиннің "Статистика мағынасы ғылым ретінде және Халықаралық статистикалық конгресс". Бірақ, ресей ғалымдары арасында бұл термин "халық статистикасы" терминімен синонимдес болды. Мысалы, белгілі орыс статисті А. В. Фортунатов 1907 жылы "демография (популяционистика немесе халық статистикасы) жөнінде айтқан болатын.

Бұл термин өте кең тараған соң, біздің замаңға дейін сақталып, көптеген шетел және отандық ғалымдардың еңбектерініде көрініс тапты.

Бірақ демографияның мұндай кең көлемде танылуы оның негізгі кемшілігі ретінде көріне бастады. Демография - бұл өзінің жеке пәні бар ерекше ғылым, ол түрлі ғылымдар пәндерімен сәйкес келмейді және халықты статистикалық және математикалық сипаттау шектерінен шығады екені жөнінде түсініктер келе бастады.

Америкалық демограф Ф. Лоример ХХ ғасырдың 50-ші жылдары жазған болатын: "Дж. Граунттан бастап қазіргі күннің демографиясына дейін белгілі бір бірізділік болса, онда ол өмір сүрудің кестелерін құруымен толықтай сипатталынады.

Демографияның құрылуы өте ұзақ үрдіс болды. Үрдістің құрылуы барысында терминнің өз алдына ғыым екені және оның өзіндік пәні бар екені мәлім болды. Сонымен қатар, демография өзіндік ғылым ретінде статистика, экономика, биология және т. б. пәндерге қатынастарынан бөлінген кезінде ғана көрініс берді.

Тек ХХ ғасырдың ортасында демографтар халық динамикасын ғана емес зерттейтіндеріне көз жеткізді. Қазіргі кезде ғанатдемографтарға демография терминінің жалпы мағынасын анықтай алды. Нақты айтқанда, демография - ол халықтың өсуі, ұрпақтардың ауысуы арқылы халық саны мен құрылымының үздіксіз жаңаруы. XVIII ғасырдың бірінші жартысында әйгілі швейцар және орыс математигі Леонард Эйлор демографиялық ғылым негізі ол халықтың өсуі деп айтқанына қарамастан, бұл көзқарастынң нақтылануы үшін екі ғасырдай уақытқажет болды. Бүгінгі күні барлық дерлік демографтар демографияның мәні ол халықтың өсуі екенін қостайды және демографияны осы термин бойынша қарастырады.

Демография жөніндегі авторитетті оқулықтың авторлары Г. С. Шройк (H. S. Shryock) жәнеДж. С. Зигель (J. S. Siegel) демографияның тар және кең мағынадағы мәніне назар аударып, терминдерді салыстырады. Тар мағынада - демография халықтың көлемі, орналасуы, құрылымы мен өзгерулерімен байланысты ғылым ретінде көрсетіледі. Көлемі - халықтағы бірліктер (адамдар) саны. Орналасуы - ол ол қазіргі уақытта белгілі бір аумақта халықтың орналасуы. Құрылымы - бұл ең тар мағынада халықты жынысы мен жасына байланысты бөлу. Өзгеру - халықтың толықтай немесе белігілі бір құрылымдық бірліктердің өсуі немесе азаюы. Демография кең мағынада - құрамына қосымша салаларды қоса зерттеу( этникалық және әлеуметтік) .

Америкалық демографтар П. Хаузер және О. Дункан демографияға кең және тар мағынада қарай отырып, тар мағынаны демографиялық талдау десе, екіншісін халық жөніндегі ғылым деп атаған болатын.

Адамзат дамуының барлық дерлік кезеңдерінде халық динамикасын, оның өсу деңгейін реттеудің бағытталған және мақсатты талпыныстары болды. Тарихи жағынан, ең алғашқы деп некелеік-отбасылық нормативті реттеулерді санауға болады. Адамдардардың кейбір істерін реттеушілер ретінде клеесілерді атауға болады:тсалт-дәстүрлер, діни наным-сенімдер Индивидуалды актерді әлеуметтік бақылаудың басты мақсаты - ол туу көрсеткіштерін максимизациялау арқылы халық санын көбейту немесе халық санын бар деңгейде сақтау. Ғылымның толықтай дамуы мен медицина білімдерінің жоғарлауы жалпы қоғамның өрлеу саласында және халықтың өмір сүру деңгейінде әлеуметтік бақылауды жүргізуге мүмкіндік берді.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында денсаулық сақтау мен жалпы медициналық көмек саласында алғашқы мемлекеттік бағдарламалар пайда бола бастады. Бұл кезеңге Франциядағы, сонымен қатар Германия мен бельги елдерінің халық санының төмендігін жатқызуға болады. Бұл елдердегі халық саны ХІХ ғасырдың төртінші ширегінде болған соғыстар әсерінен болды. Пайда болған халық санының кемдігі туу көрсеткіштерін жоғарлатуға, яғни, тууды ынталандырудың жаңа деңгейіне әкелді. Нақты айтқанда, ынталандыру енді мемлекет деңгейінде жүзеге асырыла бастады, ал мемлекет болса, жалпы ынталандыруды қолдап, отбасыішілік реттеуге азырақ араласуды төмендетті.

Бүгінгі күні демографиялық саясат деп мемлекет және қоғам деңгейінде жалпы ойлар жүйесін және қаіргі уақытта немесе ұзақмерзімді келешекте халықтың өсуі мен динамикасы саласында сандық және сапалық мақсаттарға жетуін болжайтын концептуалды бірлескен әдістерді айтамыз.

Бұдан келесідей қорытынды щығаруға болады: демографиялық саясатты жүргізу белгілі бір шарттардың қадағалауын қажет етеді. Оның үшеуі бір-бірінен бөлінбейді:

  • біріншіден, саясаттың мақсатын, міндеттерін және жүзеге асырылу уақытын сипаттаушы тұжырымдаманың бар болуы;
  • екіншіден, қабылданған тұжырымдама аясында саясаттың барлық іс-шараларын қаржыландыруға бағытталған ресурстардың болуы;
  • үшіншіден, өткізілетін саясаттың негізгі стратегиялық идеяларын қолдаушы қоғамдық пікірдің болуы.

Демографиялық саясаттың шаралары, ең алдымен туу көрсеткіштерін ынталандыру бойынша, нақты бір демографиялық жағдайдың мәнмәтінінде, бөлек уақыт аралығында түрлі мемлекеттерде демографиялық саясаттың белгілі бір тұжырымдаманың бар болуы туралы айтуға рұқсат етпейді. Сол уақтытта, бұл әдетте қарама-қайшы және ретсіз шаралар әрқашанда бір мақсатқа бағынатын - ел халқы санының төмендеуіне жол бермеу, бұл елдің демографиялық дамуынын тұжырымдамасының болу болмауына қарамастан, елде демографиялық тренд жөнінде тұрақты ұсыныстардың бар болуын айтады.

Демографиялық саясаттың кез келген стратегиясында мемлекет әлеуметтік үрдістерді басқаруда өзіндік құқықтарын жүзеге асыра алады, сонымен қатар, мемлекет өзіне демографиялық мінезі бойынша осы саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне кріетін халықтың бір бөлігінің жігерлерін төлеуге міндетсінеді. Мұндай саясат түрлі аймақтық және этникалық жиынтықтардың, әлеуметтік-демографиялық группаларлың өмірлік қызығушылықтары мен құндылықтарына сай келетін көбірек сараланған болуы қажет. Бұл демографиялық бағдарламалардың белгілі бір аспектісіне қызығушылық таныту деңгейлерін кеңейтуге және олардың орындауына жұмсалатын қаражаттың тиімділігін арттыруға елеулі түрде көмек беруі мүмкін.

Енді Қазақстан тарихында статистика қалай жүргізілгеніне келсек. Тарихшылардың айтуынша, өткен ғасырдың басында этникалық үрдістердің сапалық трансформациясы өтті, бұл орыстар мен украиндер сандарының ұлғаю әсерінен болды. Ашық қайнар көздерге сай, жерілікті халықтың жерді тартып алу үлесі ең жоғары деңгейге жеткен өңірлерде қазақ халқының саны басқа ұлттарға қарағанда тым азайып кетті. Осылай, 1897 жылы Омск уезінде қазақтардың саны 38 пайызды құраса, 1915 жылы небәрі 15 пайызға ғана жеткен болатын. Петропавлда 44, 5 және 32 пайыздар, Көкшетауда 51 және 26 пайыздарды құраса, Қостанайда көрсеткіш 77 және 41 пайыздарды, Оралда 51 және 24 пайыздарды сәйкесінше құрады.

Сонда да қазақ халқының жалпы саны көбірек болатын. Осылай, 1911 жылы елімізде жалпы халықтың саны 5 млн 40 мың адамды құрады. Оның ішіндегі қазақтардың үлесі 67, 2 пайыз, нақты айтқанда 3 млн 639 мың адам. Орыстар мен украиндердің саны 28, 5 пайыз, яғни 1543138 адам. Қазақтардың көп бөлігі Орта Азияда (235 мың адам), Оралалды Сібірде (80 мың адам) қоныстанды. Империя шекарасының сыртында, негізінен Қытай мен Моңғолияда, 100 мыңнан аса қазақ қоныстанған еді.

Барлық жағдайларға қарамастан, Ресей имперериясындағы қазатардың саны баяу болса ұлғайған болатын. Осылай, 1897 жылы қазақтардың саны 3881, 8 мың адамды құраса, 1915 жылы қазақтар саны 4753, 6 мың адамға жеткен болатын.

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресейдің көпұлтты өңірлерінің біріне айналады. Қазақстан қалаларында татарлардың саны өсіп, мордва, эстондықтар, поляк және басқа ұлттар қоныс аударады. Халықтың біраз құрамын ұйғырлар мен дүнгендер құраған болатын. Қазақстанда өндірістің, әсіресе шағын өндіріс кәсіпорын мен темір жолдардың дамуы қалалар санын көбеюіне әкелді. Қазақстанның шығысында сауда-өндірістік орталықтардың біріне Семей қаласы айналды, халық саны 1900 жылы 31 мың адамды құрады. 1879 жылы негізі қаланған Қостанай қаласының тұрғыны 1897 жылы 2, 5 есе өсіп, 14, 3 мың адамы құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Демография және әлеуметтану
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы, жолдары туралы
Көші қон факторлары
Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі
Демографиялық саясаттың тарихы
Миграциялық саясатты зерттеудің теориялық-әдістемелік аспектілері
Әлеуметтік саясат не үшін керек? (әлем және ҚР тәжірбиесі)
Қазақстанда қалуына жағдай жасау
Қазақстан Республикасының көші – қон процестердің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz