Ауыспалы егіс жерлерін және олардың территорияларын ұйымдастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Канатов Нурлан Ергашұлы
Ақмола облысы Целиноград ауданы «Қаратомар» ЖШС-нің жыртылған жер территориясын реттестіру және кадастрлық құның анықтау жобасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
5В090300 - «Жерге орналастыру» мамандығы
Нур-Султан 2019
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
«» 201 ж
Кафедра меңгерушінің м. а.
Толеубекова Ж. З.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Ақмола облысы Целиноград ауданы «Қаратомар» ЖШС-нің жыртылған жер территориясын реттестіру және жер кадастрлық құның анықтау жобасы
5В090300 - «Жерге орналастыру» мамандығы
Орындаған Канатов Н. Е.
Ғылыми жетекші Беристенов . .
Нур-Султан 2019
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
I Әдебиетке шолу . . . 5
- Қазіргі кездегі ҚР жерге орналастыру жұмысын жүргізу . . . 5
- ІШЖО түсінігі, міндеттері мен принциптері . . . 16
- А. е. танаптарын және жұмысшы учаскелерін орналастыру . . . 19
II Шаруашылық жайлы мәлімет . . . 27
2. 1 Жалпы мәліметтер . . . 27
2. 2 Табиғи жағдайлары . . . 29
III Жобаның мазмұны және негізделуі . . . 34
3. 1 Жыртылған жер территориясын реттестіру . . . 34
- Жыртылған жер территориясын реттестіруді экономикалық негіздеу . . . 41
IV Еңбек қорғау . . . 56
V Қоршаған ортаны қорғау . . . 64
Қорытынды . . . 73
Қолданылған әдебиеттер . . . 75
КІРІСПЕ
ҚР барлық жерлері еліміздің бірыңғай мемлекеттік жер қорын құрайды. Республиканың жер қоры 272, 49 млн. га құрайды.
Қазіргі жерге орналастыру - бұл еңбектің жоғары әлеуметтік -экономикалық тиімділігі мен экологиялық тұрғыдан қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету мақсатымен жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жерде әртүрлі шаруашылық жүргізу формаларының дамуына тең және қолайлы жағдайлар жасауға, жерді аса маңызды табиғи ресурс және өндіріс құралы ретінде ұтымды пайдалануға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады.
Жерге орналастыру жобаларының көп түрлілігімен ерекшеленеді. Олардың мазмұны мен құру әдісі жерге орналастыру түрлерімен, әр түрлілігімен және формаларымен анықталады.
Егін егудің ғасырлар бойы жиналған тәжірибесі мен ғылыми ұсыныстарына сәйкес үнемі жоғары түсім алу, топырақтың құнарлылығын жақсартып отыру мақсатында ауыспалы егістер құрылады.
Ауыспалы егіс үнемі жоғары түсім алу, топырақтың құнарлығын сақтау және жақсартып отыру мақсатында колданылады. Ол егін шаруашылығы жүйесінің арқауы болып есептеледі. Ауыспалы егіс жерді, өндіріс құралдарын, адам күшін ұтымды пайдалану, яғни осы саладағы өндірістің тиімділігін арттыру үшін аса қажетті жағдай болып есептеледі. Және өте жауапты әрі күрделі мәселе болып табылады.
90-шы жылдары орын алған дағдарысқа себепті ішкішаруашылық жерге орналастыру жобалары мүлде сұраныссыз қалды, ауылшаруашылық айналымынан орасан зор көлемді жерлер шығарылып, босалқы жерлер қатарына ауыстырылды, ауыспалы егістер сақталмай, жалпы жер пайдалану реттілігі бұзылды. Қазіргі таңда бұл кемшіліктерді жою, жер қатынастары мен жерге орналастыруды жаңа деңгейге көтеру - шешімін күттіртпейтін мәселеге айналып отыр.
I Әдебиетке шолу- Қазіргі кездегі ҚР жерге орналастыру жұмысын жүргізу
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығық өндірісін дамытуда еліміздің жер ресурстарын ұтымды және интенсивті пайдалану ең негізгі мәселе болып есептеледі. Осыған орай қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған жалпы шаралар жүйесінде жер ресурстарын пайдалануын жақсарту ең негізгі жоспар ретінде танылады.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану проблемасы шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту барысында жер пайдалану мен топырақ құнарлығын арттыру шараларының толық кешенінен тұрады.
ҚР барлық жерлері еліміздің бірыңғай мемлекеттік жер қорын құрайды. Республиканың жер қоры 272, 49 млн. га құрайды.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексі бойынша жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi әлеуметтік-экономикалық, техникалық және құқықтық іс-әрекеттер кешенін қамтитын iс-шаралар жүйесi болып табылады. Жерге орналастырудың әлеуметтік-экономикалық бағыты жерді шаруашылық жүргізудің табиғи объектісі ретінде тиімді пайдалануды ұйымдастырудан; техникалық жағынан - іздестіру, суретке түсіру, зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізуден құқықтық жағынан - жерді пайдалану тәртібін, шарттары және нысандарын айқындаудан тұрады. Жерге орналастыру меншiк нысанына және оларда шаруашылық жүргiзу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерде жүргiзiледi.
Өндірістің, әсіресе ауылшаруашылық өндірісінің, жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбектің өнімділігін арттыру - жерге орналастырудың мақсаты болып табылады. Жерге орналастырудың мақсатына сәйкес оның негізгі міндеттері ағындайды. Соңғылары жер заңдарымен себептеледі және келесілеріне саяды:
- Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу;
- шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең даму жағдайларын жасау;
- жердің ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын ұйымдастыру;
- топырақтың құнарлылығын ұдайы арттыруға, табиғи ортаны сақтауға және жақсартуға, тұрақты агроландшафттарды қалыптастыруға қолайлы территориялық жағдай жасау;
- жылжымайтын мүлік ретіндегі жер нарығын қалыптастыру және дамыту. Әрбір тарихи кезеңде жерге орналастырудың мақсат-міндеттеріне қарай оның мазмұны қалыптасып отырады. Қазіргі кезде ол мынадай жерге орналастыру іс-қимылдарын қамтиды:
1) республикалық, облыстық және аймақтық жерге орналастыру схемаларын, жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу;
2) жаңа жер пайдаланушылықтарды құру, іс жүзінде барларын реттестіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, учаскелерді жер бетінде көрсету және межелерін жүргізу, оларды иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін құжаттарды дайындап тапсыру;
3) елді мекендердің шептерін белгілеу және жер бетінде көрсету, олардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобаларды жасау;
4) мемлекеттің, әкімшілік-территориялық құрылымдардың, айрықша қорғаудағы табиғи территориялардың және басқа да ерекше пайдаланудағы жер учаскелерінің шекаралары мен межелерін жер бетінде көрсету;
5) ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын, сонымен қатар жаңа жерлерді игеруге, бүлінгендерін қалпына келтіруге және басқа да жердің пайдалануына немесе қорғалуына байланысты жобаларды жасау;
6) жерді түгендеу, пайдаланылмай, орынды пайдаланылмай немесе берілген мақсатына сәйкес емес пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;
7) топографиялық-геодезиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа зерттеу-іздестіру жұмыстарын орындау;
8) жерді пайдалануды мемлекеттік бақылау және жер мониторингін жүргізу;
9) жер ресурстарының күйі мен пайдалану жөніндегі кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау.
Жерге орналастырудың түріне, түр тармағына және формасына қарамастан, қай іс-қимылы болса да белгілі бір принциптерге негізделеді. Принцип деп белгіленген шараларды жүзеге асыруды басшылығына алынатын аса маңызды методологиялық ережелер, басқаша айтқанда, осы дәрежеде қаралатын күрделі міндеттер аталады. Жерге орналастыру принциптерін екі топқа бөліп қарастырған ыңғайлы: жалпы принциптерге, жерге орналастыруға қатысты, бірақ онымен шектелмейтіндер және жеке принциптерге, жерге орналастыруға тікелей қатысты, оның ерекшеліктерін бейнелейтіндер. Жалпы принциптерге төмендегілерді жатқызуға болады:
- қоғамдық, сонымен қатар ауылшаруашылық өндірістің жоғары тиімділігі мен тұрақты рентабельділігін қамтамасыз ету;
- ауыл еңбеккерлерінің тұрмыстық жағдайларын үнемі жақсартып отыру;
- заңдар мен басқа да нормативтік актілерді қатал ескеріп отыру;
- қабылданған шешімдерді үздік ғылыми және тәжірибелік жетістіктерге негіздеу;
- күрделі қаржылардың барынша үнемделуін және жылдам өтелуін қамтамасыз ету.
Жеке принциптерге, келесілерді жатқызуға болады:
- ҚР Конституция және жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын жетілдіру;
- бүкіл халық шаруашылығының мүдделерін жан-жақты ескере отырып, ауыл шаруашылығының жерге деген құқық басымдылығын (приоритетін) сақтау;
- жерді халық дәулеті, аса маңызды өндіріс құралы мен табиғати ресурс ретінде жоғары тиімділікпен пайдалану және қорғау;
- жерге иелік ету мен шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең құқық қамтамасыз ету;
- жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың межелері мен аудандарының, ішкішаруашылық территория реттілігінің тұрақтылығын, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының дамуымен себептелген ықтимал өзгерістерді мұқият дәлелдеу;
- жердің пайдаланылуын жақсарту мақсатымен аймақтар мен аудандардың, жеке шаруашылықтардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайлары мен жердің кеңістік қасиеттерін барынша ескеру.
Осы принциптер негізінде әрбір бөлек жағдайға сәйкес жоспарланған іс- қимылдардың ерекше міндеттері мен мазмұндары, схемалар мен жобаларды жасау амалдары тұжырымдалады. Жерге орналастыру жобаларында белгіленген әлеуметтік-экономикалық тиімділік және экологиялық қауіпсіздік аталған принциптердің негізінде дәлелденеді. Сонымен қатар бұл принциптер методологиялық негіз ретінде нақты міндеттерді орындау әдістемесін, яғни ненің, қалай және қандай жүйелілікте орындалуын себептейді.
Жерге орналастыру жобалары көп түрлілігімен ерекшеленеді. Олардың мазмұны мен құру әдісі жерге орналастыру түрлерімен, әр түрлілігімен және формаларымен анықталады, жерді пайлалану қарқындылығына және ауыл шаруашылық өндірісінің интенсификациясы деңгейіне, жер аумағын орналастырудың кеңістік жағдайына, сала аралық масштабтағы қойылған мәселелеріне байланысты болады. Бәрінен бұрын жерге орналастыру түрлеріне сәйкес жобалар үлкен үш топқа бөлінеді - шаруашылық аралық жерге орналастыру, ішкі шаруашылық жерге орналастыру және учаскелік жерге орналастыру.
Жерге орналастырудың объектісіне қарай екі түр тармаққа ажыратылады. Олардың біріншісі ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге, екіншісі - әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарына (өнеркәсіптік, азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа құрылыстарды жүргізуге, қорғаныс, транспорт, байланыс, ғылым, мәдениет және т. с. с. ) жер бөліп беруге байланысты. Яғни ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын құру.
Қазіргі жерге орналастыру сала аралық сипаттағы, жалпы республика, сонымен бірге халық шаруашылығының жеке салаларының көлемінде, жердің пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған іс-қимылдарды қамтиды. Сондықтан қазіргі кезде жерге орналастырудың құрамында сала аралық (САЖО) жерге орналастыру түрі белгіленіп отыр. Сала аралық жерге орналастыру арқылы жер қорының категорияларға бөлу, соңғыларының көлемінде арнайы мақсаттағы жер қорларының (осылардың қатарында аудандың әкімшілік жанындағылары мен оралмандарға арналғандары) құрылуы, елді мекендердің, яғни ішінде жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтар орналасқан агромелиорация шептерінің жүргізілуі жүзеге асырылады. Сала аралық жерге орналастыру облыстар мен аудандардың шекараларын белгілеу, тіпті мемлекеттік шекараны делимитациялау жөне демаркациялау жөніндегі іс-қимылдарды қамтиды. Салааралық жерге орналастырудың келесідей түр тармақтары бар:
- Жер қорын санаттар бойынша бөлу;
- Жерді тиімді пайдалану мен қорғау, республикалық аймақтық бағдарламаларын құру, аудандық жерге орналастыру схемалары мен болжамдарын құру;
- Елді мекен шекараларын белгілеу және жер шаруашылықтарын орналастыру;
- Әкімшілік территориялардың шекараларын анықтау;
- Ерекше қорғалатын табиғи территориялар шекарасын анықтау;
- Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау.
Жерге орналастырудың екінші түрі - шаруашылық аралық жерге орналастыру. ШАЖО бір топ шаруашылықтың, ал кейбір кезде бүтін аудандардың территориясында жүргізіледі, бірақ тек жеке саланың (өнеркәсіп ауыл шарауашылығы және т. с. с. ) шеңберінде. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың жалпы алғандағы мағынасы кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер иеленушіліктерін (жер пайдаланушылықтарын) құруды, реттестіруді немесе өзгертуін, оларды экономика жағынан тиімді түрде орналастыруды, қолайлы құрылымдарын белгілеуді қамтиды. ШАЖО әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес заң тұлғалары мен жеке тұлғалардың мүдделерін, олардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтарын құру немесе қайта құру арқылы қанағаттандырып отырады. ШАЖО түр тармақтары ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес жерлерде жүргізілуіне қарай ажыратылады.
Шаруашылық аралық жерге орналастыруды жүзеге асыра отырып бipқатар принциптерді ескере отырып қолдану қажет. Олар:
- республиканың жер туралы заңдарын қатал ескеру жәнежер пайдаланушылықтары мен жер иеленушіліктердің мәселелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- жердің ұтымды пайдалуын, ауыл шаруашылығының жерге деген приоритетін қамтамасыз ету;
- әрбір жер пайдаланушыға өз міндеттерін ойдағыдай атқаруға, өндірісінің тиімділігін арттыруға қолайлы кеңістік жағдайлар жасау;
- жер және басқа да табиғи ресурстарды қорғауға жан-жақты мүмкіншілік жасау.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру (ІШЖО) ауылшаруашылық кәсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің және ШФҚ-ның шеңберінде ғана жүргізіледі. Оның негізгі масаты - жерді өңдеудің жаңа технологиясын енгізу, топырақты әр түрлі техногендік және табиғи теріс ықпалдардан қорғау, мәдени ландшафттарды жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы территориялық реттілік жасау.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік аймақтарындағы жобалық міндеттердің әр түрлі әдіс-тәсілдері арқылы орындалуымен себептеледі.
Егіншілік аймақтарында тәлімі жер учаскелерінің пайдалануы топырақ қорғау жүйесін, эрозия (жел, су немесе олардың қосыла әсер етуі) қауіптілігін, жердің сортаңданғандығын және басқа да осы тәріздес теріс ықпалдарды ескере отырып ұйымдастырылады. Сонымен қатар басқа территориялардың да (аридтік және маусымдық жайылымдар) ерекшеліктері ескеріледі. Суармалы егіншілік дамыған аймақтарда ішкішаруашылық территорияны реттестіру суды пайдалану мәселелерімен, суару және коллекторлық - дренаждық жүйенің, оның жеке элементтерінің орналасуымен тығыз байланысты.
Учаскелік жерге орналастыру жеке учаскенің немесе алқап түрінің шеңберінде ғана жүргізіледі. Учаскелік жерге орналастыру жұмыс жобаларының типтеріне қарай мынадай түр тармақтарын белгілеуге болады:
1-ауылшаруашылық алаптарын жақсарту;
2- рекультивация, яғни бүлінген жерлерді қалпына келтіру;
3-жаңа жерлерді игеру;
4-культур-техникалық шаралар жүргізу;
5-эрозияға қарсы шаралар жобалау;
6-мелиоративтік шаралар жоспарлау.
ҚР Жер кодексінің 151 бабында жерге орналастырудың келесідей кезеңдері көрсетілген:
- жерге орналастыру ісін қозғау;
- дайындық жұмыстары;
- жобаны құру;
- жерге орналастыру құжаттамасын қарастыру, келісу және бекіту;
- жобаны нарураға шығару;
- жобаның жүзеге асуын авторлық бақылау.
Аталған кезеңдер мазмұны мен көлемі бойынша ерекшеленеді. Олар әртүрлі әдістер және тәсілдермен жүргізіледі.
Жер кодексінің 150 бабына сәйкес жерге орналастыру орындаушы органдардың шешімі бойынша, жерді пайдаланушылар немесе жер учаскелерінің мақсатты өтініші негізінде жүргізілуі мүмкін. Іс қозғау кезеңінде үкімет органдарынан немесе жер иеленушіден немесе жер пайдаланушыдан өтініш түсіп, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге тапсырыс алынады.
Жобаны жасамас бұрын дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұған мынандай бip қатар ic-қимылдар кіреді:
- жерге орналастыру процесіне қатысатын жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құрамы анықталады;
- жерге орналастыруды жүргізуге қажетті құжаттар, материалдар (құқықтық, план- картографиялық, іздестіру, экономикалық т. б. ) жиналады;
Далалық дайындық жұмыстарында жер беті зерттеледі, камералдық жиналған материалдармен салыстырылып, сәйкестілігі тексеріліп, толықтырылады.
Далалық дайындық жұмыстарының негізгі мақсаты территорияның іс жүзінде қалыптасқан жайын анықтап, жобалау авторларының жер пайдаланудың территориясымен және өндіріс ұйымдастырылуымен танысу. Бұл жұмыс жобалау институтының мамандары және жерге орналастыру жұмысы жүргізілетін шаруашылық мамандары кіретін комиссиямен жүргізіледі.
Жиналған зерттеу, ізденіс және жобалау материалдарын зерттей, талдай келіп дала ізденіс жұмыстарының көлемі анықталады.
Жобалауға жердің зерттеуге керекті дәрежесіне байланысты далалық ізденіс жұмыстары жерге орналастыру жұмыстары жұргізілетін жерді түгел немесе жартылай қамтиды.
Дала ізденіс процессі мына жұмыстардан тұрады:
- Шекаралардың және межелік белгілердің сақталуы, жер меншігінің және жер пайдаланудың құқықтық, жерді есепке алу және пландық - картографиялық құжаттарға сәйкес келуі.
- Жерге орналастыру қамтитын жерлердің топырағы, рельефі, өсетін өсімдіктер, өндірісте қолданылуының жиналған материалдарға сәйкес келуі тексеріледі, топырақтың құнарлылығы және а/ш алаптарының өнімділігі анықталады.
- Елді мекендер және шаруашылық орталықтардың сумен қамтамасыз етілуін, негізгі жолдар, ғимараттар жер бетінде тексеріледі.
- Жерге орналастыру қамтитын жер массивтерінің елді мекендермен, шаруашылық орталықтарымен, үлкен жолдармен, су көздерімен байланыстарын байқау, тексеру.
- Басқа иеге немесе пайдаланушыға тапсырылатын жердегі құрылыстың және ғимараттың, көп жылдық өсімдіктердің және бітпеген өндірістің (жыртылу, тыңайтқыш беру, себу және т. б. ) бағасы анықталады.
- Мүдделі жер иелері мен пайдаланушылардың тілектері мен ұсыныстарын біліп тағайындау.
Дала ізденісінің нәтижелері әр жер иесі және жер пайдалануы бойынша актіленеді және оған ізденіс сызбасы қосылады.
Шаруашылықтың іс жүзіндегі жер алқаптарының құрамы мен аудандары оның өндірістік бағытын, мамандандырылғандығын және салаларының үйлесімін анықтайды. Мысалы, жыртылған жердің үлес салмағы жоғары болса - астық өндіруге, табиғи жайылымдардың молшылығы - қой шаруашылығын жүргізуге қолайлы жағдай жасайды. Шабындықтары мен жайылымдардың аудандары айтарлықтайкең шаруашылықтарда басты назар солардың өнімділігін арттыру, территорияларын реттестіру мәселелеріне назар аударылады. Мал азығы алқаптары шамалы болған кәсіпорындар мал азығын өндіру жыртылған жерге ауыстырылып, көк азық конвейері, арнайы мал азығы ауыспалы егістері ұйымдастырылып, осы мақсатпен жұмысшы учаскелері мен суармалы жайылымдар жобаланады. Сонымен қатар трансформацияға жарамды учаскелер белгіленіп, шаруашылықтың мелиоративтік қоры жасалады.
Дайындық жұмыстардан кейінгі кезең - жобалау. Бұл жерге орналастыру процесінің ең жауапты және күрделі кезеңі болып есептеледі. Камералдық және даладық ізденіс жұмыстарының нәтижелері бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын жасауға әзірленген пландық негіз қалыптасады, жобалау жұмыстары қамтитын жер иелері мен жер пайдаланушылардың әрқайсысы бойынша жерлерінің экспликациясы дайындалады.
Соңғысының мазмұны мен құрамы шаруашылық аралық жерге орналастырудың типіне, алдына қойылған мақсат-міндеттеріне тікелей байланысты. Сол себепті жеке жобалардың арасындағы айырмашылықтар да елеулі. Дегенмен, жобалардың қайсысы болсын графикалық (жобалық план мен баска қажетті сызбалар) және түсініктеме бөлімдерінен тұрады. Соңғысы жобаны экономикалық және құқықтық тұрғыдан негіздеу материалдарын қамтиды. Жобада қағида бойынша келесідей мәселелер қарастырылады: жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың аудандарын белгілеу, оларды орналастыру және межелерін жобалау, алаптардың аудандары мен құрамын қалыптастыру.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы экономикалық тұрғыдан жан-жақты негізделуге тиісті. Экономикалық жағдайлардың, негізінен ішкішаруашылық және учаскелік жерге орналастыруда ескерілетіндерге төмендегілер жатады:
- жер алқабының құрамы мен ауданы, оларды әр түрлі мақсаттарда игеру мүмкіншіліктері;
- жалпы өнімге, шығындардың өтелуіне және дифференциалдық табысқа қарай, құндық немесе аналитикалық (балдық) көрсеткіштер арқылы жер сапасының өндіргіш қасиеттерін бағалау;
- серіктестіктер мен кооперативтердің, шаруа қожалықтары мен басқа да агроқұрылымдардың мамандандырылғандығы (өндірістік бағыттары), шаруашылықаралық және интеграциялық байланыстары, нарықтық инфрақұрылымдары мен өнім тапсыру және жабдықталу пункттерінің орналасуы;
- ауылшаруашылық кәсіпорындары мен бірлестіктердің шаруашылық жүргізу жүйесі және әкономикалық нәтижелері, салаларының көлемі мен құрылымы, егіншілік жүйелері мен егістік аудандары, егіншілік және мал шаруашылығы бойынша өндірістік және қаржы көрсеткіштері, а. ш. дақылдарының түсімділігі мен алқаптарының өнімділігі, жалпы өнімі мен табысы, кірістері мен өндірістің рентабельділігі;
- шаруашылықтардың ұйымдастырылған - өндірістік құрылымы, еңбектің ұйымдастырылу деңгейі;
- кәсіпорындардың еңбек ресурстарымен, а. ш. техникасымен, өндірістік қорларымен қамтамасызданғандығы және еңбектің энергиямен қаруландырылғандығы;
- шаруашылықтардың ақшалай қорлары, алынған несиелері, күрделі қаржы жұмсау мен несие беру мүмкіндіктері.
Қабылданатын жобалық шешімдер нақты есептермен дәлелденеді. Жасалған жобаның бірнеше нұсқаларынан бip қатар экономикалық және техника-экономикалық көрсеткіштер есептеліп, салыстырыла отырып ең тиімдісі таңдалады.
Келесі кезең шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын құқықтық турғыдан ресімдеу мен оны қарап талқылау мен бекітуді қамтиды.
Алдымен жоба әрбір жерге орналастыруға тартылған шаруашылықтарда өндірістік кеңесте (немесе өкілдер жиналысында) қаралады. Содан кейін ол аудандың әкімшілігіне бекітілуге жіберіледі. Егер бұл органның өкілеттілігі жеткіліксіз болса, жоба ауыл шаруашылық Министрлігінде қаралып Министрлер кабинетінде бекіледі.
Бекітілген жоба натураға шығарылады. Жобалау кезеңінің мәні жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктердің жобалық мәндерін нақты мәндеріне шығару, арнайы белгілермен бекіту. Соңғылары темірбетон, ағаш немесе басқа материалдардан жасалуы мүмкін. Белгілер арасындағы ара қашықтықтар 2000м аспауға тиісті. Ашық жерлерде межелер жалпақтығы 20см болатын аралықтармен көрсетіледі. Жобаны нақты мәнге шығару үшін жұмыс сызбасы жасалады. Жер иеленушілердің немесе жер пайдаланушылардың межелері мемлекеттік геодезиялық торабымен байланыстырылады. Жобаны нақты мәнге шығару жобалау институтының мамандары шаруашылық өкілдерінің қатысуымен орындайды. Оның нәтижесінде межелерді сипаттайтын хаттама мен сызба жасалады.
Соңында шаруашылыққа, кәсіпорындарға жерді иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін мемлекетік Акт беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz