Қаржылық жоспарды құрастыру


Мазмұны
Кіріспе . . . 2
1. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болжаудын қажеттілі
1. 1 Кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болжаудың мәні, әдістемелік негіздері және қаржы көрсеткіштері . . . 3
1. 2 Кәсіпорын стратегиянын қалыптастырудың негіздері . . . 18
1. 3 Жоспарлауды ұйымдастыру және оның қызметтері мен міндеттері . . . 25
2. Қазіргі жағдайдағы Автосервис Бизнес-жоспары
2. 1 Қазіргі жағдайдағы Автосервис Бизнес-жоспары . . . 30
2. 1 Талаптар . . . 31
2. 2 Ішкі құрылым . . . 32
2. 3 Шығындар . . . 32
3. Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру
3. 1 Жоспарлау әдістерінің кәсіпорындарға әсер етуінің ерекшеліктері . . . 33
3. 2 Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау . . . 38
3. 3 Кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға ұсыныстар . . . 44
Қорытынды . . . 46
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 47
Кіріспе
Нарықтық экономика жүйесінде бәсекелестік пен жеке меншік толықтай дамыған кезеңде мемлекет экономиканы өсіру үшін жоспарлауды қолданады. Нарық жүйесінде мемлекеттен бастап барлық субьектілер өнімділік пен өнімді жоспарлаусыз жұмыс істей алмайды.
Нарықтық бостандықта ешқанда да декларация немесе кодекстер емес, тек жоспарлау ғана көптеген елдерде тиімді жұмыс істеп келеді. Жоспарлау мен болжаудың қажеттігі келесідей себептерден туындайды:
Біріншіден, экономиканың өсу қарқынымен қатар ҒТР, жаңа технологиялар дамып келе жатыр. Өнім арттырудың инновациялық, ұтымды тәсілдері, еңбек күшінің техникамен алмастырылуы қарқынды өсіп келе жатқандықтан, нәтижесін жоспарлау мен болжау қажет,
Екіншіден, жоспарлау мен болжау экономиканы реттеу үшін мемлекет тарапынан жиі қолданылады. Экономикалық циклді реттеп отыру үшін қажетті. Халықтың әлсіз топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де мемлекетке тиімді.
Үшіншіден, нарықта кез-келген фирма өзінің саласына қарамастан, белгілі бір нәтижеге жету үшін, жұмысқа кіріспес бұрын алға қойған мақсаттары мен жоспарын, кәсіпкерлік стратегияын жасауға міндетті. Дұрыс бағыт-бағдар таңдау арқылы ғана экономиканың қажетті түрде дамуына болады[1] .
Қазіргі нарық қатынасына көшіп жатқан кезде өнім, жұмыс және қызмет көрсету сапасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің ең негізгі көрсеткіші. Адамның ұдайы өсіп келе жатқан және біртұтас қоғамның сұранысы сапасыз ешқашанда қанағаттандырылмайды. Сапа экономиканың жетілгенін аңғартатын көрсеткіш. Қандай да бір кәсіпорын өндірген өнімнің сапасы жоғары болған сайын пайдасы да жоғары болады. Өнеркәсісптің тиімді өндірістік-шаруашылық әрекеттілігінің маңызды жинақтаушы көрсеткішіне өндірістің табысы жатады. Жалпы айтқанда, пайда - материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді.
Көпшілік салада жетістіктерге жету үшін кәсіпкер, кәсіпорынның даму стратегиясын жоспарлаудан бастайды және ол туралы шет елдердің басылымдарында төмендегідей кеңестер береді:
- Қандайда болмасын зат өндірудің бір түрімен, немесе қызмет көрсетудін ерекше түрі бар монополияңыздың болуына талпыныңыз.
- Сіздің бизнесіңіздің түрінің болашағы болу керек, сізге қарама-қарсы бәсекелестер (конкурент) бола тұрса да, тұрақты қажеттілікке жауап бере алатын болуы керек;
- Өзіңіздің өнімдеріңізге (продукция) жаңадан сауда рыногтарын ұйымдастыра білуіңіз шарт.
- Кез келген кәсіпорынның стратегиялық жоспары болуы керек;
- рынокқа қандай өнімді шығару, оның түрі (ассортимент) және қандай бағамен.
- тауарлар (заттар, өнімдер) айналымын қандай жүйелеге (каналдарға) түсіру және қандай көлемде саудаға қоя білу.
- тұтынушылардың назарын қандай да әдіспен аудара білу, олардың мұқтаждық қажеттіліктерін оңғара білу, сөйте отырып өнімнің тез өтуіне ықпал (стимул) жасау.
- сервис қалай болуы керек, және ол кімдерменіске алады.
- келешекте кәсіпорынды қандай экономикалық өзгерістер күтіп тұр және қандай шығындар қажет екендігін жоспарлау.
Осылайша жетістіктерге жету үшін кәсіпорын өз жұмысын жоспарлағанда кәсіпорынды талдауды, жоспарлау стратегиялары мен тактикаларын кең түрде ендіре білуі керек.
1. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болдаудын қажеттілі
1. 1 Кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен болжаудың мәні, әдістемелік негіздері және қаржы көрсеткіштері
Жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуынажетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өңдірістің материялдық-заттық элементтерітұрғысында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді жасау тұрғысында, ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржы көрсеткіштерін, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің қажеттілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңдестіріледі. Іс жүзінде болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктері болжамдайды, нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштері, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудыңдәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсаттқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады) [3] .
Жоспарлау - бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі.
Жоспарлау - атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау процесі. Кез-келген шаруашылық қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе логикалық тұрғыдан нәтижисін болжаудың әсерінен болады. Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын-ала қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен, болжаудың екі түрі болады: теориялық-танымдылық және басқарушылық болжау.
Жоспарлау мен болжау - бұл экономиканың обьективті тәуелділігі мен себеп-салдар нәтижесінде, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрессте, қоғамдық өнімділіктің дамуы мен нәтежиесін алдын-ала ғылыми тұрғыдан көре білу.
Адамдардың субъективті қызметі ретіндегі жоспарлау тек қоғам дамуының объективті заңдылықтарын танып білуге, қаржы ресурстары козғалысының тенденцияларына басты негізделген, бұрын жүргізілген шаралар мен қаржы операцияларының нәтижелігін зерттелуге негізделген жағдайда ғана оң нәтижелер береді. Бұл процесте жоспарлаудың шешімдерін бағалаудың прогресивті әдістерін ғылыми пайдалануды, техникалық дамуымен, тиісті ақпараттың жоғары біліктілігімен қамтамасыз етілетін өте жаңа техниканың негізінде жасалынатын есеп-қисаптардың көп нұсқалығының үлкен маңызы бар. Қаржылық жоспарлаудың тікелей объектісі - табыстар мен қорланымдарды жасау және бөлу, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Жоспарлаудыц мазмұны ақшалай табыстар мен қорларды жасау, бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржыны жоспарлаудың міндеті жұмылдырылатын және пайдаланылатын қаржы ресурстарын ұдайы өндірістің материялдық заттық элементеріне оңайтыла сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді, жүйелердің дамуының үйлесімдігі мен теңгерілімдігіне жету.
Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары мыналар:
- қаржы ресурстарын қалыптастырудың көздерін және олардың жалпы мөлшерін анықтау;
- орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында, ұлттық шаруашылық салалары мен әкімшілік-аймақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлар үйлестерін (пропорцияларын) белгілеу;
- қаржы ресурстарын пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау және резервтерін жасау.
Экономикалық-әлеуметтік жоспарлау жүйесінде жоспарлау белсенді рөл атқарады, өйткені ол бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы, екінші жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.
Жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқару органдары, мекемелері және олардың жоғары құрылымдары жүзеге асырады.
Нарықтық жағдайында жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Болжам - арнайы ғылыми зерттеудің негізінде болашақтағым қандай болса да бір құбылыстың жай-күін ықтималды пайдалану. Болжау - қандай болса да бір құбылыстың, объектінің, процестің дамуының нақтылы келешектері туралы болжамдарын әзірлеу. Қаржыларға сәйкес болжаудағы құбылыстың дамуы - бұл қаржы қатнастарының мүмкіндігінше жетілдіру, объектісі - қаржы ресурстары, процесі - ақша қорларының қозғалысы[3] .
Қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу) . Болжамдар орташа мезгілді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам( болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануын анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске ауыстырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді: Экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау; Коррекциялық - регресиялық талдау; Тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Жоспар - іс-қимылдарды немесе шараларды жүзеге асырырудың тәртібін, мерзімін, дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың біртұтас мақсатына жетуге бағытталған өзара байланысты жүйе.
Жоспарлау - жоспарлаудың өзін әзірлеуді, оның орындалуын ұйымдастыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын процесс.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалы) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық - үйлестіруші рөлді атқарады және қаржы қызметінің субъектіліріне экономикалық зерттеушіліер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері енгізіледі. Оны жасау барысында Батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізінде алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативтік (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті құру жұмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың ажырағымсыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау юолып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты - болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын атқару.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді-реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді, салық мөлшерлері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны және басқалары пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағасы, инфляцияның болжанған деңгейі, Ұлттык банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амартизациялық аударымдарының нормалары [4] .
Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде жоспарлау белсенді роль атқарады. Қаржы жоспарларын әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмаларың қауыртығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығыстарды қысқартурезервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Өндіріске қолда материалдық ресурстарды тартуды, айналым қаражаттарының айналымдығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендету, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқаруды және т. б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан - қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаларға негізделген: орталықтандырылған көзқарастардың үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) - орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке біріңғай қаржы саясатын жургізуге мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысыналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бірліктер мен биліктің жергілікті орындарының нақтылы жоспарлау жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелігі артырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
Биіліктің жергілікті органдары бюджеттерінің аумағына орналасқан шаруашылық жүргізүші субъектілер қызметінің нәтижесіне тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып келеді. Сонымен бір мезгілде жалпы мемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтудегі, тиімділікті жоғарлатудағы оның ролін арттыру қажет.
Бірлік қағидасы қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысты. Қаржы жоспарларының негізіндеэкономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметірлері дәлелденіп, анықталады. Экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерімен тығыз өзара байланысты білдіреді. Жоғары ұйымдардыңқаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаларын қамтиды. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді.
Жоспарлаудың үздіксіз қағидасы перспективалық және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін қажет. Бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қолжетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидасы ағымда жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толык тиімді дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістері мен шығыстардың негізгі топтары бойынша жоспарланатын жылға арналған кірістер мен шығыстардың нақты түрлерінің есеп-қисаптарыжасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың жәнеэкономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметірлері дәлелденіп, анықталады. Экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерімен тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғары ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған карасты субъектілердің жоспарлы жобаларын қамтиды. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді [5] .
Жоспарлаудың үздіксіз қағидасы перспективалық және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін қажет бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қолжетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидасы ағымда жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толык тиімді дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістері мен шығыстардың негізгі топтары бойынша жоспарланатын жылға арналған кірістер мен шығыстардың нақты түрлерінің есеп-қисаптарыжасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың жәнежалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарды құрудың және пацдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: орталықтандырылған (жалпы мемлекеттік) және ортал ықтандырылмаған.
Орталықтандырылмаған қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының қозғаласын негіздейді. Мемлекеттің қаржы жүйесін жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан құрама жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сондай-ақ министірліктердің, ведомстволардың каржы жоспарларының құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомстваның шегінде ғана жобалайтындықтан олар орталықтандырылмаған жоспарлаға жатады. Орталықтандырылмаған қаржы жрспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен бірге сферасымен, жоспарлау әдістемесімен және арналымымен ерекшеленеді.
Орталықтандырылмаған қаржы жоспарларының мынадай елеулі белгілері болады:
Объектісі - микро деңгейде қалыптасып, бөлінітін жалпы мемлекеттік ресурстар;
Қамтуы - мемлекеттің қаржы қызметінің сферасы, титісінше оның ұдайы өндіріс процесіне қатысушыларымен өзара қаржы қатынастары және сонымен бірге пайда болатын жалпы құндық ара қатынастар;
Негізгі мақсаты - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырудағы мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін анықтауға негізделетін нақтылы кезеңге арналған оның қаржы жоспарын негіздеу.
Орталықтандырылған қаржы жоспарының нысандары, мазмұны көбнесе тиісті мемлекеттің қаржы жүйесінің құрылысына, қаржы жүйесінің жеке буындарына, сондай-ақ нақтылы кезеңге қаржы көмегімен жүзеге асырылатын қайта бөлу процестерінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Орталықтандырылған қаржы жоспарлары экономикалық және әлеуметтік процестерді мемлекттік реттеуде маңызды роль атқарады. Қазіргі кезде құрама қаржы жоспары жалпы мемлекеттік, салық аумақтық жоспарларды қамтиды. Мыналар жалпы мемлекеттік болып табылады: мемлекттің құрама қаржы балансы, мемлекттік бюджет, республикалық бюджет. Құрама қаржы балансы деп орта мерзімді (бес жылдық) кезеңге арналған дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы Министірлігінің Ұлттық Банктің белсенді қатысуымен экономика және Бюджеттік жоспарлау Министірлігі айналысады Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын аймақтық органдар жүргізілуі тиіс[5] .
Баланстың кіріс бөлігі мыналарды қамтиды: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (ҚҚС, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.
Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (құрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвециялар), сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар, әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалынатын шығыстар, басқару мен қорғаныс шығыстары, қысқа мерзімді несие салымдарының және ұзақ мерзімді несиелер алуға арналған қаражаттардың өсімі.
Құрама қаржы балансы, сонымен ұлттық шаруашылық қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржы көсеткіштерінің жүйесі болып табылады. Құрама қаржы балансында қамтылатын көрсеткіштердің құрамы елдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйлесімдерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудің тетігі болып табылады. Бес жылдық мерзімді (жылдарға бөле отырып) жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша-несие қатынастарын дамытудың ауқымы мен сипатын алдын ала айқындайды. Құрама қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштері бойынша министірліктер мен ведомстволарға нақты бекітуінсіз жасалынады. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстың сомасы субъектілердің мекен-жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстарда да осындай.
Дүние жүзінің барлық елдерінде таралған маңызды орталықтандырылған қаржы жоспары - мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің ақша ресурстарының көздері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттілігінен туындайды[4] .
Бюджетбаланс нысанында жасалады. Онда ағымдағы кезеңге арналған елдің, оның аумақтарының экономикалық және әлеуметтік бағдарламасына сәйкес бүкіл түсім көздерінің толық жиналуына бюджет қаражаттарының ұғымды бөлінуіне және бюджеттің тапшылықсыз теңдестіруіне баса назар аударылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz