Еуропа елдеріндегі гуманистік тәрбие идеяларының қалыптасуы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
І. Гуманистік педагогиканың пайда болуының әлеуметтік-тарихи негіздері
1. 1. Гуманизм: методологиялық аспектілері . . .
1. 2. Еуропа елдеріндегі гуманистік тәрбие идеяларының қалыптасуы . . .
1. 3. Гуманистік тәрбиедегі еуразиялық тәсілдердің ерекшеліктері . . .
ІІ. Заманауи Қазақстандағы орта білім беретін мекемелердегі гуманистік тәрбиенің тәжірибедегі мазмұны
2. 1. Заманауи қазақстандық қоғамның дамуының негізіндегі гуманистік тәрбиенің мазмұны . . .
2. 2. Қажкен Смайлов атындағы №43 орта мектебіндегі оқыту-тәрбиелеу процесіндегі гуманистік тәрбиенің қолданылуы . . .
2. 3. Оқушыларды гуманистік тәрбиеде жетілдіруге бағытталған іс-шаралар түрлері мен тәсілдері . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінгі таңда, адамгершілік - жеке тұлғаның басты қасиеті ретінде гуманитарлық ғылымдардың мамандарымен адамның өнегелі дамуының негізі деп танылуда. Сондықтанда адамның бойында адамгершілікті қалыптастыру қазіргі заманауи қоғамның әлеуметтік-педагогикалық тенденцияларының ең өзекті мәселелерінің бірі болып есептелінеді. Ең алдымен бұл тақырып білім беру жүйесінде шешімін табатын мәселе.
Алғаш рет гуманистік идеялар әр дәуірдің ойшылдарының философиялық-педагогикалық еңбектерінде көрініс тапты. Педагогика тарихындағы гуманистік идея ежелгі заманнан бері әр елде алуан түрлі көзқарастарда, пікірлерде қалыптасып өрбіді. Себебі қай кезеңдеде болмасын адамның бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру педагогика саласында ешқашан маңыздылығын жойған емес.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде гуманистік ой-пікірлердің жалпы тарихына тоқталып өтілді. Әуелі антикалық дәуірде «гуманизм» ұғымының шығуы мен сол кезеңдегі ғұлама ғалымдардың гуманистік ойларға ұқсас пікірлеріне шолу жасалынды. Ары қарай ерте ортағасыр мен кейінгі ортағасыр дәуіріндегі діни гуманистік идеялардың пайда болуын қарастырады.
Гуманистік тәрбие - тұлғаның бойында адамгершіліктік, ізгіліктік қасиеттер мен бүкіладамзаттық құндылықтарды қалыптастыру үрдісі. Гуманистік ойлар тарихында бұрыннан бері авторитарлы және гуманистік тәрбие түрлері белгілі. Егер авторитарлы тәрбие педагог пен тәрбиеленушілердің гуманистік негізде құрылған қарым-қатынасын теріске шығарса, ал демократиялық құрылым адами құндылықтарға баса назар аудара отырып, яғни оқушының құқықтары мен еркіндігін есепке алып педагогикалық үрдісті құрды. Осылайша тәрбие беру ісіндегі екі түрлі ағым бір-бірлерінің көзқарастарын қолдамай қарама-қайшылықта болды.
Тұңғыш рет антикалық дәуірдегі грек ойшылдарының еңбектерінде гуманистік идеяға ұқсас ой-пікірлер байқалды. Ежелгі Грекияда пайда болған калогатия мен майевтика идеялары және Платонның баланың ішкі «Менін» даму ойы осы кезге жатады. Ары қарай, Аристотельдің жеке тұлғаның қызығушылықтарының қоғамдық мүдделерден басымдық беретін идеясы мен Демокриттің табиғи принциптері гуманистік ойларға негізделеді. «Гуманизм» терминін алғаш рет ежелгі римдік философ Марк Тулий Цицерон қолданды. Оның түсінігінше, гуманизм ұғымы бақыттың негізі болатын ерлік, даналық, әділеттілік, ұстамдық, сабырлылық сияқты адамның жақсы қасиеттері адамсүйгіштік идеологиямен тығыз байланысты.
XIV-XVI ғасырларда балаға жаңа гуманистік көзқараста қарайтын Батыс Еуропа өркениетінде Қайта Өрлеу (Ренессанс) дәуірі басталды. Бұл дәуір гуманистік педагогикалық теорияның жандануы болып табылады. Осы кезекте гуманистік ойлармен П. П. Верджерио, М. Вежио, В. Фельтре, Э. Ротердамский, Ф. Рабле, М. Монтень мұралары өз септіктерін тигізді. XVII ғасыр - Я. А. Коменскийдің есімімен байланысты педагогиканың тәрбие мен білім беру жөніндегі гуманистік ғылым ретінде қалыптасу кезі болып саналады. XVIIІ ғасырдан бастап (Ж. Ж. Руссо, Гельвецкий, Дидро, Кант, Песталоцци) гуманистік ойлардың өрлеуі мен құлдырауы қоғамдық және мемлекеттік өзгерістерге байланысты болды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында педагогикалық ойлар тарихында гуманистік педагогиканың парадигмасын қалыптастыру кезеңі деп есептелінеді. Бұған педагогикалық мұраларымен өз үлестерін қосқан белгілі гуманист-педагогтар Э. Кей, Л. Гурлитта, М. Монтессори, Я. Корчак, Г. Винекен, С. Френе, А. Адлер жатады.
XIX-XX ғасырларда Ресей педагогикасында гуманистік тақырып өзектене бастады және келесідей белгілермен сипатталды: оқу материалдарының дифференциациясы (Каптерев, Водовозов) ; білім берудегі табиғилық; баланы тәрбиелеу кезінде жастық және психологиялық, ұлттық ерекшеліктерін ескеру, сонымен қатар баланы табиғат арқылы тәрбиелеу (В. В. Зеньковский, П. Ф. Лесграфт, К. Д. Ушинский, С. А. Рачинский) ; отандық және жалпыадамзаттық құндылықтарды үйлестіретін ұлттық мектеп құру (В. Соловьев, К. Д. Ушинский, Н. Ф. Бунаков, В. Я. Стоюнин) ; адамның бойында жалпыадамзаттық және индивидуалды тәрбиелерді үйлесімді біріктіру (В. В. Розанов, К. Н. Леонтьев) .
XX ғасырдың басында Ресейде педагогика мен психология ғылымында жаңа ағым - педология пайда болды. Негізін қалаушы ғалым А. П. Нечаев болып табылатын бұл ағым баланы кешенді түрде зерттейді, яғни физиологиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыда қарастырады. Жас ерекшелік психологиясын жетік меңгерген А. С. Макаренконың тәрбиелеу жүйесі ізгіліктік бағытта жүрді, Оған мынадай қағидалар енді: параллельді педагогикалық әсер ету, оптимистік гипотеза, баланың мүмкіншілігіне сену, «ертеңгілік қуаныш» теориясы және баланы ұжымда тәрбиелеу.
Кеңестік дәуірде педагогика ғылымы өзіне әлемдік педагогикалық тәжірибеден ең озық прогрессивтік идеяларды қолданып үлкен ізгіліктік әлеуетке ие болды. Кеңес Одағы бірінші болып «барлық игілік - балаларға» деген қағиданы алға тартты. Кейін аталмыш қағида бала құқығы жөніндегі бүкіл халқыаралық конвенциялар мен декларациялардың негізіне айналды. Мұндай қағиданы басшылыққа алған Кеңес Одағы мектепке дейінгі оқытуда және білім берудің кез келген сатысында тегін көмек көрсетті, оқушыларға барлық материалдық жағдайларды жасады. Кеңестік мектептердегі гуманистік тәрбие беру жағынан зор үлес қосқан, кеңестік ғылымды жаңашыл идеяларымен байытқан педагог, ғалым В. А. Сухомлинский еді. Ол күнделікті іс-тәжірибесінде өзінің өмірінің басты философиялық мақсатын орындады: ізгі қоғамды тек ізгі адамдар ғана құра алады және бұл адамдарды тәрбие процесін гуманизациялау арқылы ғана тәрбиелей аламыз деп сенді. Сухомлинскийдің Павлыш орта мектебінде қалыптастырған, өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік сезімдер мен сенімдерді ұялататын тұтас тәрбиелеу жүйсі қазірде әлем назарынан тыс қалмады.
Гуманистік білім берудің концепциясын бүгінгі күнге дейін әлі жалғастырып жүрген ғалым-педагог, ірі теоретик Ш. А. Амонашвили гуманды педагогиканың дамуы мен таралуы үшін 2001 жылы қыркүйекте Рерихов Халқаралық Орталығының жанынан Гуманды Педагогика Халқаралық Орталығын ашып оған жетекшілік етеді. Бүгінгіге дейін «Гуманды педагогика антологиясының» 40 томы жарық көрді.
Қазақ даласынан алғаш болып гуманистік идеяларды ойшылдар Әл - Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, ғұлама ағартушылар Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы педагог - ағартушылар тобы М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров ұлттық ізгіліктік құндылықтардың негізін салған. Адамгершілік тәрбиесінің тарихи даму жолдарын зерттеген педагогтар Т. Т. Тәжібаев, А. И. Сембаев, Қ. Б. Бержанов, Г. А. Уманов, А. П. Сейтешев. Адамгершілік тәрбиесін қоғамның қазіргі даму бағытына қарай С. А. Назарбаева, Қ. Қ. Жампеисова, Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин, А. А. Бейсенбаева, К. Г. Нұрғалиева, В. А. Ким, А. А. Калюжный, Л. А. Байсеркеев, Б. Ы. Муканова, В. В. Трифонов, Л. К. Керимов, Н. Н. Хан, А. Б. Нұрлыбекова, А. Н. Ильясова, Р. К. Төлеубекова, Э. А. Уринбасарова т. б . ғалымдар бұл мәселені педагогикалық - психологиялық тұрғыда зерттеді.
Өркениеттік прогресс адамның қажеттіліктеріне көңіл аудармаса мемлекеттік саясатты азаматтардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына қарай бұрмаған жағдайда мүмкін болмайды. Гуманистік негізде дамыған қоғам - бұл прогрессивті қоғам, сондықтан әрбір мемлекеттің және оның билік құрылымдарының борышы қоғамның барлық сфераларында гуманизмді қолдау болып табылады. Бүгінгі күні гуманизм қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени бағдары ретінде танылады. Бұл міндетті шындыққа айналдыру - басымды мақсат, ол үшін Қазақстан азаматының шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік жасау, оның бойындағы дарыны мен қабілетін ашу, оның денсаулығын жақсартуға қолдау жасау, тіршілік етуге барлық мүмкін болатын жағдайды жасау, рухани және материалдық тұрғыдан қуатты болуына бағытталған іс-шараларды жүргізу қажет.
Өзектілігі: Білім беру мен тәрбие беру үздіксіз дамитын іс болғандықтан, бүкіләлемдік тәжірибедегі адамгершілік тәрбиенің тарихи генезисін саралап, маңыздылығын бүгінгі заманға сай арттыру керек. Адамгершілік қасиеттер мен ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, сана-сезімі жоғары, құқықтық сауаты бар адам ғана елінің патриоты, азаматтық қоғамның мүшесі бола алады. Ата Заңымызда және басқа да маңызды құжаттарда айқындалғандай, жеке тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық заманға сай құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы, оның кәсіби жетілуі, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауы, ақпараттану сияқты құқықтарын іске асыру - мектеп табалдырығынан басталатын мемлекеттік саясаттың негізгі тармағы болып келеді. Осы орайда, Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылданған «Білім туралы заңының» 3-бабында білім берудің мемлекеттік саясатының принциптері көрсетілген. Онда баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; білім беру жүйесін дамытудың басымдығы; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі; білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы; адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу негізгі принциптері екені туралы жазылған. Сонымен қатар, балаларға адамгершіліктік, ізгіліктік тәрбие бере отыра, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісін жүзеге асыруға, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының орындалуына өз үлесімізді қосамыз.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Гуманистік идеялардың генезисін саралап, оқушыларды ізгілікке тәрбиелеудің ғылыми теориялық негізін анықтау.
Дипломдық жұмыстың нысаны: Жалпы білім беретін мектептің оқушылары.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Педагогикалық ойлар тарихындағы гуманистік идеялардың мәнін ашып көрсету;
2. Оқушыларға бала құқығы туралы түсіндіру;
3. Педагогикалық процесте оқушыларды ізгілікке тәрбиелеудің амалдарын анықтау;
4. Балаларда отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.
Дипломдық жұмыстың болжамы: Егерде әлемдік педагогикалық тәжірибедегі гуманистік идеялардың ең үздік ойлары қазіргі тәрбие үрдісінде қолданылса, оқушылардың құқықтық сауаттылығы арттырылса, оқушыларды ізгілікке тәрбиелеудің жолдары анықталса, онда мемлекеттің саясаты мен идеологиясы талапқа сай орындалады.
І. Гуманистік педагогиканың пайда болуының әлеуметтік-тарихи негіздері
- Гуманизм: методологиялық аспектілері
Гуманизм (лат Humanitas - адам табиғаты) - адамның өмірі, қадір-қасиеті мен құқықтарын жоғарғы құндылық ретінде санайтын, рухани және материалдық игіліктердің адамның жан-жақты дамуына бағытталуын білдіретін көзқарас. Гуманизм феноменінің басты мәні - өзара сыйластықта, әрбір адамға қамқорлықта және әркімнің құқықтары мен мүдделерін қорғауда, адамдық абыройды сақтауда, азаматтық бейбітшілікте, әрбір индивидтің өзінің әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі екендігін сезінуінде, ол үшін өзінің жауапкершілігін түсінуінде деп есептелінеді. Ол адамды, оның денсаулығын, оның тұрмыс-тіршілігін әлемдегі ең жоғары құндылық деп тануға негізделген дүниетаным болып табылады.
«Гуманизм» терминін алғаш рет ежелгі римдік философ, саясаткер, оратор Марк Тулий Цицерон қолданды. Ол стоицизм философиясымен шабыттана отырып, адам бақыты үшін моральдық және физикалық ауыртпашылықты ерлікпен көтере алатын адам жанын ұлықтады. Ал, адам бақыты ол үшін - адамзат қолдана алатын асыл қасиеттер: кемеңгерлік, әділеттілік, жақсылық, рақымшылық. Сонымен қоса ойшыл адамға дербестік, азшылыққа қанағат ету керек екенін айтты. Цицерон қоғамдық өмірдің гуманистік принциптеріне ерекше көңіл бөлді, себебі оның көп еңбектері әділетті қоғамды, жақсы ұйымдасқан мемлекеттік билікті іздеуге арналған.
Философия ғылымында гуманизм антикалық дәуірде пайда бола бастады. Аристотельдің, Сократтың, Демокриттің еңбектерінде гуманизм жайлы айтылған алғашқы пікірлерді кездестіруге болады. Грек ойшылы Аристотель пайымдағандай, адам өмірінің құндылығы адамның қызметіндегі ішкі әлеует пайда болғанда ғана ашылады. Ал Сократтың еңбектерінде гуманизмнің жарқын көрінісі тек денеде емес, адамның ішкі жан-дүниесінде көрінеді: «өзіңді жеңу үшін өз-өзіңді таны». Егер адам өмірінің мәні бақыт болса, онда оған адам тек қана жамандыққа жақсылық жасап, өзін-өзі жақсы жағынан жетілдіріп жете алады. Антикалық дәуірдің философтарының пікірінше, индивид өзің-өзі дамытуға, өзің-өзі тәрбиелеуге икемдену керек. Тұлға этикалық және эстетикалық жағынан үйлесімді жетілген болуы тиіс.
Антикалық философтардың гуманизмінде екі түрлі бағыт нақты көрсетілген: адамдарға деген махаббат (коллективизм), өзіне деген махаббат (индивидуализм) . Сократ, Платон, Аристотель, стоиктер, Сенека, Плутарх болашақ гуманизм мен гуманистік этиканың негізін салды. Олардың философиясы адамның ізгі қасиеттері арқылы рухани жетілуіне бағытталды. Олар қоғамдық және мемлекеттік қарым-қатынастардың прогресіне ұмтылды. Ойшылдарда бұл жайлы әр-түрлі түсініктер болғанымен, мақсаттары адамдардың игілігіне арналған болатын.
Демокрит, Эпикур, Лукреций, Диоген, Протагор нағыз индивидуалистік бағыттағы ойшылдар еді. Олардың ілімдеріне сай, адам тек қана өзін ғана жақсы көріп, өз дене бітімін жетілдіру керек. Өмірлерінің басты мәні - рақаттану болып табылды. Адамның басқа адамдардың алдындағы, қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттер мен жауапкершілік оларға жат болып саналды.
Ортағасыр дәуірі аяқ басқан сәттен бастап, гуманизм идеясының орнына діни аскетизм теориялары келді. Бұл теориялардың мәні кез-келген адамға тән ұмтылыстар мен қажеттіліктерді шектеді. Адамның бойындағы басты қасиеттер болып өзін-өзі шектеу, көндігу, адамның туылған кезден бастап жамандықтың ықпалында болады деп сену есептелді.
- Еуропа елдеріндегі гуманистік тәрбие идеялардың қалыптасуы
Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі - мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше роль атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейілінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас ілімдер жүейсін ұсынды.
Ортағасырлық Еуропа қоғамы - діни қоғам болды, міне сондықтан да ортағасырлық еуропалықтар нағыз діндар адамдар болды. Осы дәуірдегі христиан идеологиясының адамгершілік бағыты - «Сенім», «Үміт», және «Махаббат» үштігінің бірлігіне тығыз байланысты болды. Бұл үштіктің ішінде «сенімге» үлкен мән беріліп, ол құдай жолына апарар «рухтың ерекше жағдайы» деп қарастырылды. Ал «Үміт» болатын болса, ол құдайдың көмегімен күнәдан арылуға тікелей байланысты. Бұл жолда қасиетті шіркеудің қағидалары мүлтіксіз орындалуы және тағдырға бойұсынушылық басты шарттар болп саналады. «Махаббат» болса, ол ең бірінші кезекте құдай тағалаға деген махаббат, бұл адам баласының құдай жолына деген талпынысы болып табылады.
Шіркеу ілімі қоғамдық ой-сананың басты ұйытқысына айналды және философия, логика, жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің негізгі қағиадаларымен сәйкестендірілді. Дін басылары ең білімді тап болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру жолындағы саясатты өздерінің қалауы бойынша жүргізіп отырды. Міне, сондықтан болар, V-VI ғасырда Батыс Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу билігінде болды. Мектепке оқушыларды қабылданудан бастап оқу бағдарламаларын жасауға дейінгі жүргізілетін жұмыстардың барлығын шіркеу өзі жүргізді. Мұндағы басты мақсат - шіркеу қызметкерлерін дайындап, тәрбиелеп шығару болды. Осы орайда діни білім берумен қатар, христиан шіркеуінің ежелгі заманнан білім беру жүйесінен мұра болып қалған ақсүйек мәдениеттің элементтерін кеңінен қолданғанын да ерекше атап көрсеткен жөн сияқты, яғни «Жеті еркін өнер» - грамматика, риторика, арифметика, астрономия және музыка оқытыла басталды. Монахтық мектептерден басқа «сыртқы мектептер» деп аталатын жастарға арналған мектептер болды. IX ғасырдан бастап Англияда ақсүйектердің балалары үшін арнайы «бекзадалар мектебі» ашылып, онда сабақ беретін еуропалық білімпаз ұстаздар ежелгі авторлардың шығармаларын ағылшын тіліне аударуға қолға алды. Бұл мектептердегі сабақ сапасы әрқилы болғандықтан, олардың түлектерінің білім дәрежесі де әртүрлі болды.
Ортағасырлық кезеңде оқу-тәрбиелік жұмыстарға бағытталған өзіндік ерекшеліктері, өзіндік тәжірибесі бар мектептер болды, олар дін арқылы тәрбие берді. Ақсүйектік жаңашыл ғылыми білім берумен бірге ішкі жан дүниені байыта отырып, адамды өнегелі де әдепті етіп қалыптастырды, сананы, еркіндік пен дінге деген сенімді біріктіре отырып қайырымдылыққа және даналыққа тәрбиеледі. Христиандық педагогика жақсы адам тәрбиелеу үшін адамға "Жақсы адам бол, әдепті бол" деп емес, «Құдайды және жақындарыңды өзіңді сүйгендей сүй» деп үйретті. Тәрбиенің басты көзі Құдайға жақындау және Оны сүйіп, оған шынайы қызмет ету болды. Адам өзін осыған сендіріп, иерархия әлеміне еніп кетті.
Біз Ортағасырмен өте тығыз байланыстамыз, көптеген жетістіктер, логика, философия, психология, математика, өнер, әдебиет, ақылымыз бен жүрегімізді жаулап алған көп нәрселер бізге Ортағасырдан жеткен. Бұрыңғы ортағасырлық кезеңде елеулі кеңінен таралған монахтық тәрбие бізге жеткен үлгі болып табылады. Монахтық идеал ол әдептілікке тәрбиелеу, ораза ұстау жолымен «жүректің тазалығы», діни тақырыптарды ынталы оқу, пенделік игілікке деген әуестікті жою, қалауың мен ойыңа, іс-әрекетіңе өзің бақылау қою болып табылады. Бұл ақсүйектік білім алу қажеттілігіне кедергі келтірмейді. Монахтарға арналған оқу құралы болып саналатын «Құдайдың және әлемнің ғылымдарын үйренуге кіріспені» беделді діншіл және педагог Флавие Кассиодордың (490-583 жж. ) жазуы кездесейсоқтық емес еді.
Католик шіркеуі - ортағасырлық қоғамның рухани орталығы, бір жағынан ол антикалық білім дәстүрі болып табылатын «пұтқа табыну» және «дьяволдық» даналықты көргенсіздік деп санап, оған қарсы шықты. Екінші жағынан, алғашқы ортағасырдың қараңғы кезеңінде грек-римдік білімнің қалдықтарын сақтауға тырысқан педагогтер мен христиандық діншілдердің шағын топтары болды.
Алғашқы ортағасырдың ғылыми әлемі көне дәстүрді ұмытпаған болатын. V-VI ғасырларда діни және педагогикалық қайраткерлер басқа жүйеге негізделген оқу мен тәрбиені қолданды.
Климент Александрийский (153-220 жылдары өмір сүрген) оқу-тәрбиеге қатысты өз көзқарастарын 20 шақты шығармаларында жүйелеп жазды. Клименттің бүгінге дейін сақталған педагогикалық шығармаларының ішіндегі өзінің тәрбиелік идеясы бойынша ең тартымдысы - «Педагог» трактаты александриялық мектепте жолға қойылған оқу жоспарының жүйелілігіне сүйене отырып, жетілген және көзі ашылған христианинді біртіндеп баулу мен қалыптастырудың нақты бағдарламасын ұсынды. Климент еңбегінің маңыздылығы антикалық философиялық жүйені христиандық екпіндермен бірікіре отырып, библиялық және антикалық тәрбиелік-оқыту қағидаларын бір зияткерлік-педагогикалық қосылымда келістіріп, осынысымен білім және педагогикалық ой тарихына енді.
Иоанн Златоусттың (шамамен 347-407 жылдары өмір сүрген) «Мақтаншылық және ата-аналар балаларын қалай тәрбиелеу керектігі туралы» деген шығармасы 393 жылы шамасында жазылған және импровизациялық мәнге ие. Тарихи-педагогикалық тұрғыдан алғанда бұл шығарманың мәні - онда алғаш рет орта ғасырлардағы тәрбиеге деген көзқарастың принциптері мен әдістері үлкен ыждаһаттылықпен баяндалған. Бұл мағынада бірегей шығарма болды, оны ортағасырлық тәрбиенің Манифесті деп заңды түрде атауға келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz