Тайпалар одағы тайпа көсемдері кеңесі арқылы басқарылатын, олар болса одақ көсемін сайлайтын
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қордай Гуманитарлы - экономикалық колледжі
Курстық жұмыс
Мемлекет және құқық теориясының негіздері пәні бойынша
Тақырыбы: Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Оқытушы: Байғожаева Э.Ә
Оқушы: Тутқабай Р.Қ
Мамандығы: Құқықтану
Топ: ПК-216
КІРІСПЕ
Жұмыс - мемлекет және құқық теориясы пәнінің маңызды институты болып есептелетін мемлекет пен құқықтың пайда болу мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейлестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы мәселесін зерттеуді курстық жұмыстың басты мақсаты деп қойдық.
Зерттеудің нысаны мемлекет және құқық теориясы пәнінің мемлекет пен құқықтың пайда болу мәселесі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты - қарастырып отырған проблемамыздың негізін анықтау және талдау, сонымен қатар маңызы мен ерекшеліктеріне нақты түрде тоқталып, әрқайсысын талқылап кету.
Курстық жұмыстың теориялық базасы - мемлекет және құқық саласында алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні - қарастырып отырған институттың құқықтық негізін ашудағы теориялық және практикалық мәселелерді кешенді түрде шешу болып табылады.
I. Рулық қауымдық құрылыс: экономикалық байланыс, билік,
әлеуметтік нормалар
Ғылыми-зерттеу мәліметтеріне қарағанда біздің ғаламшарымыз - жер осыдан 4-5 млрд. жыл бұрын пайда болған көрінеді. Адам, яғни саналы адам жер бетінде осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болған дейді антрополог ғалымдар. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің дәуірімізден 4-5 мың жыл бұрын пайда болғанын ғылыми-зерттеулер дәлелдеді. Соған сәйкес ежелгі адамдар 35 мыңдай жыл бойы мемлекеттік құрылымсыз өмір сүрген деуге болады.
Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе рулық қауым деген атаумен белгілі. Бұлай болатын өз себебі адамдар ол кезде қауым, ру-ру болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу қандас туыстық, бірге тұру және бірлесіп, ортақтасып еңбектенуге негізделген.
Ру - адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі туысқан адамдардан тұратын қауымдастық. Оның мүшелері өзара некеге отырмайды. Барлық халықтар рулық дәуірден өткен. Қазіргі халықтардың кейбіреуінде рулық дәуірден қалған әдет-ғұрыптар, дәстүрлер әлі де сақталған. Мысалы, қазақтың салт-дәстүрі бойынша жеті атаға дейін қыз алысып-беріспейді.
Рулық қоғамда қауымдық билік болған. Ру өміріне байланысты мәселелердің барлығын рудың жалпы жиеалысы қарап, шешіп отырған. Оған жынысына қарамай, кәмелетке толған ру мүшелерінің барлығы қатысатын. Қандай мәселе болса да, жалпы қауымның келісімімен, әділдік жолымен шешілген. Ру мүшелері жалпы жиналыстарға ру ағасын сайлайтын болған. Ру ағасына ақылы толған, ру әдет-ғұрпын, дәстүрін білетін рудың қамын ойлайтын, қауымды басқара білетін адам сайланатын. Бірнеше ру бірігіп, тайпа құраған. Тайпаны басқару үшін ру ағалары кеңес құрған. Сол кеңесте рулардың тұрмысына, басқа тайпалармен қарым-қатынасына байланысты мәселелер қаралған.
Алғашқы қауымдық құрылыс, яғни рулық қауым жетілу деңгейі төмен, даму жағы тұралап қалған қоғам болатын. Мұнда бірлесіп еңбектенудің негізгі түрлері терімшілік, аң және балық аулау болатын. Еңбектенудің осындай түрлеріне сай еңбек құралдары да қарапайым, жетілдірілмеген болып келетін.
Алғашқы қауымдық құрылыста (рулық қауымда) әлеуметтік билік орын алатын. Мұндай билік әдетте ең алдымен еңбектенуге негізделетін де, онда күштеп еңбек етуге мәжбүрлеу болмайтын. Адамдар міндеттерін өз еркімен атқаратын, еңбектену нәтижесінде табылған қоректер рулық қауым адамдары арасында теңдей етіп бөлінетін, қауымдастардың құқықтары да, міндеттері мен жауапкершіліктері де тең болған.
Рулық қауым яғни алғашқы қауымдық құрылыстың негізгі басқару органдары көсем - ру басы, яғни қауым бастығы, қариялар кеңесі және қауымдастардың жалпы жиналысынан тұратын. Рулық қауымның болмысына байланысиы ең маңызды мәселелерді шешу күн тәртібіне қойылғанда ғана қауымдастардың жалпы жиналысы шақырылатын болған. Рулық қауымның әрбір ересек мүшесі қандай да болсын мәселелерді талқылауға оларды шешуге қатысуға хақылы болатын.
Рулық қауымдағы күнделікті мәселелерді дер кезінде шешуді ұйымдастырылып, басқарып отыру үшін қауымның ең беделді мүшелері арасынан қауым бастығы көсем (ру ағасы) сайланатын. Бұл лауазымға адамдар сайлау арқылы ие болатын.
Ру ағасы (көсем) қауымның басқа мүшелерімен тең болатын және барлық қауымдастар тәрізді солардың үлесіндей мөлшерде үлес алатын болған. Оның биліктік беделі тек қана қауымдастардың оған деген құрметіне, сеніміне негізделеді. Соғыс туындағанда әскерге басшылық ету үшін әскери көсем сайланатын, қауым ішінде осылайша көсемдер (қариялар) кеңесі құрылатын.
Уақыт өте келе рулар өзара бірігіп тайпаларды құрайды, өз кезегінде олар әлгі рулар өкілдерінен тұратын көсемдер (қариялар) кеңесі арқылы басқарылатын. Тайпаны басқаратын көсемдер (қариялар) кеңесі тайпа көсемін сайлайтын. Бұл лауазым да қоғам дамуының алғашқы кезеңдерінде алмастырылып отыратын және ол лауазым иесіне ешқандай артықшылық бермейтін.
Қоғам дамуының барысында тайпалар да бірігуді бастады. Алғашында мұндай бірігу уақытша сипатта болатын, кейіннен тайпалардың бірігуі тұрақты сипат ала бастады. Сөйтіп, тайпалар одағы қоғам дамуының қозғаушы күштерінің біріне айналды.
Тайпалар одағы тайпа көсемдері кеңесі арқылы басқарылатын, олар болса одақ көсемін сайлайтын. Қоғам дамуы барысында кейінірек көсемдер өз қызмет бағыттарын өмір бойы атқаратын болды.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келгенде алғашқы қауымдық құрылыс (яғни рулық қауым) жөнінде оларға ғана тән мынадай сипаттарды атауға болады.
1. Ру (алғашқы қауым) мүшелері ортақ шаруашылықпен айналысуында қандас туыстастығына, бір аумақта бірлесіп өмір сүруіне сүйенген.
2. Ортақ тілде сөйлеген және дәстүрлері, әдет-ғұрыптары жалпы барлығына бірдей болған.
3. Ру адамдары арасында некелік қатынастардың орын алуына тыйым салынған. Мысалы, қазақтарда некелік қатынастарына тыйым салу жеті атаға жеткенге дейін сақталып келген, яғни жақын туыстар түгілі жамағайындар арасындағы некелік қатынастарға да тыйым салынатын болған.
4. Ру (қауым) өлген адамды барлық қауымдастарға ортақ қабірге жерлейтін болған.
5. Әрбір рудың (қауымның) өзіне тән атауы болатын.
6. Руды (қауымды) ең беделді қауым мүшесі көсем (ру ағасы) басқаратын, оның өзі қауымның жалпы жиналысында сайланатын.
Сонымен, мемлекеттілік кезеңге дейінгі әлеуметтік билік тікелей түрде қоғамдақ болған, оның құрылуы алғашқы қауымдық демократияға, өзін-өзі басқаруға негізделетін, оның ықпалы тек ру (қауым) тегіне ғана таралатын да, сол рудың (қауымның) ырқын (ерік-жігерін) білдіретін, қандас туыстардың өзара қарым-қатынастарына негізделетін, мұнда қауымның жиналысы биліктің органы ретінде іс атқаратын, ру ағалары алғашында ешқандай артықшылықтарға ие болмаған деп тұжырым жасауға болады. Ф.Энгельс алғашқы қауымдық құрылысты алғашқы қауымдық коммунизм, адамзаттың алтын ғасыры деп атаған.
Алғашқы қауымдық кезеңде қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу, рулар мен тайпалардың әлеуметтік экономикалық бірлігін білдірді және оны қамтамасыз етіп отырған адамдардың тіршілік ету әрекеттерінде орын алды. Мұның өзі еңбек құралдарының жетілдірілмеген қарапайымдылығымен, еңбек өнімділігінің мардымсыздығына байланысты еді. Осыдан барып бірлесіп тұру еңбек құралдарына қоғамдық меншіктің болуын және өндірілген қоректік өнімдерді теңдей етіп бөлу қажеттілігін туындатты. Ал мұның өзі алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғи болмысына әжептәуір ықпалын тигізді.
Нормалар алғашында табу - тыйымдар түрінде болды, бірте-бірте олар әдет-ғұрыптарға ұласты (сөйтіп, басқаша, екінші түрге айналды). Кейініректе моральдық нормалар пайда бола бастады. Әдет-ғұрып - қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға айналған географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Олар ру тұрмысының дамуына байланысты, ру мүшелерінің арасындағы қатынасты жөнге салып, реттеу үшін, олардың өсіп-өніп, өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті құрал ретінде қолданылды. Ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, ру мүшелерінің сана-сезіміне ананың сүтімен, қауым өмірінің үлгісімен сіңіп, олардың мінез-құлықтарын, іс-әрекетін алға бағыттады. Экономикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомосапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың әмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге бөлінеді:
1. Жабайы адам дәуірі - 40-12 мыңжылдықтар арасы. Адамдар табиғаттың дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын: тас, сүйек, ағаш. Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғамның негізгі сипаты табиғаттың, қоршаған ортаның адамдардың күн көрісіне қолайлы жақтарын пайдалана отырып, экономикалық, әлеуметтік жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда - дайынды игерушілік дәуірі. Бұл кезеңде қиыншылық, ашаршылық жиі болды.
2. Экономиканың қолдан жасау дәуірі - 12-14 мыңжылдықтар арасы. Бұл кезеңде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана-сезімі, білімі жоғарылады. Экономиканы қолдан жасауға мүмкіншілік қалыптасты. Металлургия, керамика өмірге келді. Малшылық - егіншілік арқылы сертификациялық қоғам, рулық, тайпалық бірлестіктер, әлеуметтік формалар өмірге келді.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы мен құрылымы - экономиканың негізгі сипаты: қоғамдық, еңбек, қоғамдық меншік, қоғамдық
бөліс, қоғамдық өмір сүру. Қоғамның құрылысы: туысқандық ру, тайпа, одақ, бірлестіктер.
Бұл құрылымдарды құруды, дамытуды қоғамның экономикасының, тәжірибесінің, құралдарының даму деңгейіне сәйкес жасап отырған. Алғашқы қоғамды басқару және әлеуметтік нормалар - қоғамдық күрделі мәселелерді жалпы халықтық жиналыста талқылап, шешімдер қабылдап отырған. Күнделікті мәселелерді шешіп басқару үшін ру басшылары сайланып отырған. Тайпа, одақ, бірлестіктерді, ру басшыларының кеңесі басқарған. Тайпа, одақ, бірлестіктердің басшылары сайланып отырған. Олар жұртпен бірдей еңбектеніп, қоғамдық жұмыстарын атқарып жүрген.
Алғашқы қоғамның даму процесінде әлеуметтік мононормалар (бірігу-бірлесу) қалыптасып, сол арқылы қарым-қатынастарды реттеп басқарып отырған. Мононорманың негіздері мен түрлері: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалар. Алғашқы қоғамның дамуы барлық региондарда, барлық континенттерде бірдей болды. Тек мемлекет пен құқықтың пайда болуы кезеңінен бастап айырмашылықтар, ерекшеліктер молая бастады. Мысалы, шығыс елдерінде (Араб, Үнді, Иран, Қытай) мемлекет пен құқықтың дамуы бір-біріне ұқсас; Афин, Рим, Спартада мемлекет пен құқықтың дамуы басқа түрде болды. Европаның, Азияның басқа елдерінде - үшінші түрде дамыды. Бұл елдер алғашқы қоғамнан феодалдық формацияға - қоғамға көшті.
ІІ. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс - б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру , өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп, қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мыңжылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқық тарихы қоғамның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Сонымен, құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары:
oo қосымша өнімнің пайда болуы;
oo жеке меншіктің қалыптасуы;
oo таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы;
oo қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік заңдылықтарының бірі, әлеуметтік нормалардың қалыптасып қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп басқаруы. Әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сондықтан, құқық мемлекеттен аз да болса бұрын қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуынан бері қарай құқық қарым-қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншісі - мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моральдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңы, мұсылман елдеріндегі Құран заңы; екіншісі - жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп-басқару.
Таптық қоғамда, қанаушылық, әділетсіздік басым болған мемлекетте құқық - үстем таптың заңға айналдырған мүддесі болады. Бұл мүддені заңға айналдырушы және заңдардың орындалуын ұдайы қадағалап отырушы - үстем тап қолындағы мемлекеттік аппарат. Құқық үстем таптың мүддесін қорғаумен бірге қоғамдық мақсатты да реттеп-басқарып отырады.
Құқықтың таптық мәні, қоғамдағы рөлі, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік сипатына және мәдени өсу дәрежесіне байланысты. Мысалы, К.Маркс Гота программасына сын еңбегінде: Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес, - деген.
Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси, әлеуметтік, мәдени тағы басқа мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ.
Сонымен, құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
III. Мемлекеттің пайда болуының басты нысандары
Ру дәуірінде адамдар тек жаратылыстың даяр өнімдерін жинап қорек етіп, өмір сүрген. Келе-келе адамдар өндіріс құралдарын жасап алып, өздері шаруашылыққа айналысады. Сөйтіп, терімшіліктен өндіру шаруашылығына ауыса бастайды. Мал бағудан егіншілікке ауысады.
Егіншіліктің нәтижесінде отырықшылық қалыптасып, елді мекендер, қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнері пайда болып, ол мал шаруашылығы және диқаншылық сияқты табыс көзіне айналды. Экономиканың аталған салалары бірінен-бірі бөлініп шығып, дербес өмір сүре бастағаннан кейін, бірінің өндірген өніміне бірі мұқтаж екендігі байқалады. Диқандарға - мал өнімі, малшыларға - жер өнімі, қолөнершілерге - тамақ қажет болады. Сөйтіп, соларға делдалдық жасайтын алыпсатарлар қалыптаса бастады.
Құрал-саймандардың жетілдірілуіне байланысты еңбек өнімділігі де өседі. Соның нәтижесінде артық өнім пайда болды. Рулық қауымда барлық жиналған, табылған өнім ру мүшелерінің жалпы меншігі болған еді. Енді еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасыларының меншігіне айнала бастады. Сөйтіп, малға, жерге, қолөнер бұйымдарына жекелеген иелер пайда болды. Ақырында ру қауымының жалпы меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрықша түрі - жеке меншік қалыптасты. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты қоғам таптарға бөлінді. Бір жағынан, құрал-жабдықтар, өндірілген бұйымдар, мүлік-дәулет адамдардың бір тобының қолында шоғырланды да, байлар пайда болды. Екінші жағынан, кедейлер, жарлылар пайда болды. Сөйтіп, рулық қауым өзіне тән белгілерінен айырылып, құлдырады. Оның орнына жеке меншікке негізделген, айрықша екі үлкен әлеуметтік топтан тұратын қоғам қалыптасты. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп, еркін білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара алмады.
Меншік иелерінің - байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, басқа ру мүшелерімен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында қайшылықтар пайда бола бастады. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде қоғамды билеу, басқару жүйесі де өзгерді. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтіп, қоғамның белгілі бір сатысында мемлекет және құқық пайда болды.
IV. Мемлекеттің және құқықтың пайда болуының жолдары
Мемлекеттің пайда болуы және оның қалыптасуы ұзақ уақыт бойы жүретін процесс. Ол әр халықта әрқилы болып өткен.
Мемлекеттің пайда болуының тарихи екі түрлі жолын атап айтуға болады:
1. Мемлекеттің пайда болуының шығыстың жолы (Ежелгі Шығыс, Африка, Америка). Осы жолмен көшпелі мемлекеттер де пайда болған. Өздерінің дамуы барысында бұл жолдың сипаты мына белгілерден көрінеді:
- рулық (алғашқы) қауымға тән ерекше белгілер (атрибуттар): жерді қауым болып иелену мен оларға ұжымдық меншік ру-тайпа ақсүйектерінің (абыздар, әскери көсемдер және т.б.) қолына шоғырланған. Бұл шоғырлану ру-тайпалық құрылыстың ыдырауы барысында да сақталған. Ал енді бұлардағы басқарудың қоғамдық құрылымдары мемлекеттік органдарға айналған, ал ру-тайпа ақсүйектері шенеуніктер аппаратына өзгерген, сонда жер қоғамдық болудан өзгеріп мемлекеттікке көшкен.
2. Мемлекет дамуының Батыстық (еуропалық) жолы. Мемлекеттер дамуында бұл жолды Рим, Афины елдері жүріп өткен. Бұл жолға тән сипаттарға келер болсақ, олар алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының белсенді түрде болғанын сөйтіп жеке меншік пен таптардың пайда болғанын атау керек. Мысалы, Римде мемлекеттің пайда болуына үлкен ықпалын тигізген плебстер мен патрицийлердің күресі болды. Соның нәтижесінде плебстер демократиялық жеңілдіктер алған. Мемлекеттердің пайда болуының әрқилы жолдарының болуына қарамастан, олардың бәріне өз ықпалын тигізген қозғаушы күш - ру-тайпалық құрылыстың ыдырауы мен ұйымдасқан түрдегі мемлекеттік биліктің қажеттілігінен туындаған болатын.
Сондай-ақ, құқықтың пайда болуында біркелкілік сипат болмаған, әрбір мемлекетте оның даму барысына әрқилы қозғаушы күштер өз ықпалын тигізген. Құқық дамуында да екі жолдың бар екені мәлім:
1. Құқықтың пайда болуының шығыстық жолы: мұнда құқықтың қалыптасуы мен дамуына үрдістер зор ықпалын тигізген. Сондықтан, қазірдің өзінде де Ежелгі Шығыс елдерінің кейбіреулерінде құқықтың басты қайнар көзі ретінде діни нормалар қолданылуда.
2. Құқықтың пайда болуының батыстық жолы: бұл елдерде әдет-ғұрыптық құқықтардан басқа заңдар мен президенттік (үлгі боларлық шешім) құқық та дамыды.
V. Мемлекет пен құқықтың пайда болуының негізгі теориялары
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келеді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық (діни) теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді, бұл теория дұрыс-бұрыс деуге болмайды. Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.
Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы - монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер, Михайловский т.б.).
Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. IV-III ғ.). Бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г.Спеисер, Вормс, Прейс т.б.
XIX ғасырдағы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория - адам қоғамы да табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі - адамның басы - миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.
Табиғи құқықтық теория - XVII-XVIII ғғ. қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж Руссо, Б.Спиноза, А.И.Радищев т.б. Терияның мазмұны:адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында қайшылықтар басталды. Сондықтан, қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz