Американдық саяси дискурс


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

ДҮЙСЕНБАЕВА ЖАНЕРКЕ ЕРЖАНҚЫЗЫ

ҚР тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың саяси алғысөздері мен сұхбаттарының ағылшын тіліне аударылуы

6М020700 Аударма ісі магистрі академиялық дәрежесін алу үшін орындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі:

Шенгелбаева Н. Р. ф. ғ. к.

Қорғауға жіберілді: Институт директоры

Әбдіғазиұлы Б.

(қолы)

«» 2019ж.

Кафедрасының меңгерушісі Мирзоев К. И. ф. ғ. д., проф.

(қолы)

Ғылыми семинар төрағасы

(қолы)

Алматы 2019 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1-ТАРАУ. САЯСИ ДИСКУРС - ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ

1. 1 Саяси дискурс ұғымы, оның ерекшеліктері мен түрлері

1. 2 Саяси дискурстағы терминдер мен ұғымдардың берілу прагматикасы

1. 3 Саяси дискурс ұғымдарының когнитивтік және психолинвистикалық негіздері

1. 4 Аударманың психолингвистикалық теориясы және саяси дискурс

1. 5 Саяси дискурсты аудару ерекшеліктері мен қиындықтары

2-ТАРАУ. САЯСИ ДИСКУРСТЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫН ЖАҢАША БАҒАЛАУ (Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА КЕЗЕКТІ ЖОЛДАУ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША)

2. 1 2016-2018 жж. жолдауларда қазақ және ағылшын тілдіріндегі терминдер мен ұғымдардың когнитивті және психолингвистикалық сәйкестігі

2. 2 Н. Ә. Назарбаевтың алғысөздері мен сұхбаттарын ағылшын тіліне берудегі линвомәдени және лингвоконцептуалды астарлары

2. 3 Тұңғыш Президент сұхбаттарын ағылшын тіліне аударуда ұтымды қолданылатын аударма тәсілдері

ҚОРЫТЫНДЫ

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ

ҚОСЫМША

Кіріспе

Саяси лингвистика ХХ ғасырдың 60-80 жылдары аралығындағы саяси оқиғалардың әсерінен пайда болған ғылым саласы болатын. Қазақ мемлекетінің даму тарихи тереңде болғандықтан да ғасырлар бойы қазақ тілінің саяси-қоғамдық лексикасы қалыптасып, толығып отырды. Саяси коммуникация және қазақстандық лингвистикадағы саяси дискурстың теориялық мәселелері қарастырып жүрген авторлар бар (Б. А. Ахатова, Ю. Д. Куличенко, И. Г. Оразбекова, Ж. Ибраева және т. б. ) . Сонымен қатар, қоғамдық-саяси лексиканы зерттеп жүрген профессор Б. Момынованың да бұл салада еткен еңбегі мол («Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексикасы, 1992) . Газет лексикасы ерекшеліктерін, ХХ ғасыр басындағы саяси қайарткерлері тілін зерттей отырып, қазақ саяси тілі жайында сөз қозғаған алғашқы ғалымдардың бірі болды. Қазақстан қайраткерлерінің саяси тілдік тұлғасына талдау жасаған Ж. Ибраева «Политическая лингвистика: билингвальное коммуникативное пространство» (2010) атты докторлық диссертациясында ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтің тілдік тұлғасын психолингвистикалық (билингвизм мен амбилингвизм құбылысы) аспекті жүзінде қарастырады. Алайда Елбасының, ұлт көшбасшысының толықтай тілдік тұлғасына лингвистикалық талдама жасаған кешенді зерттеу жоқ.

Қазақ саяси дискурсының ағылшын тілі мен өзге де тілдерге берілу үлгісін зерттеу, сол арқылы арнайы аударма стратегиясы концепциясы мен моделін жасау өзекті проблема болып отыр. Отандық ғалым В. В. Субботина «Прагмастилистический аспект перевода общественно-политических текстов (на материале английского и русского языков» (2010) атты диссертациясында орыс тілінен ағылшын тіліне аударудың грамматикалық - стилистикалық үлгісін жасауға тырысқан. Сонымен қатар, қазақ және ағылшын тілдеріндегі саяси мәтін бірліктерін салғастыра зерттеген Г. С. Кусаинованың «Функциональный аспект политической метафоры на страницах казахскоязычной и англоязычных газет» (2006) атты диссертациясында саяси метафоралардың прагматикалық-көркемдік қызметі мен баспасөз беттерінде саяси мәтіннің коммуникативтік функциясын, метафоралардың қазақ және ағылшын тілдерінде жасалу жолдарына тоқталады. Г. Д. Маханованың «Функционально-семантические особенности английских политических эвфемизмов» (2007) атты диссертациясында эвфемизмдердің саяси коммуникацияны іске асырудағы ерекшеліктері зерттеліп, америкалық саяси дискурстың продуктивті қырларын ашуға тырысқан.

Алайда қазақ тілі саяси лексикасының ағылшын тіліне аударылу ерекшеліктерін ашып көрсеткен еңбек жоқтың қасы деуге болады. Осы тұрғыдан алғанда, зерттеу жұмысымыздың құндыңығы да осы кемшіліктің орнын толтыру - қазақ тілі саяси дискурсының аударылу сипатына, заңдылықтарына сараптама жасау әрі саяси тілдің халықаралық, мәдениаралық сипаты басым болғандықтан зерттеу тақырыбымыз өз-өзін толықтай ақтап шықпақ.

Зерттеуіміздің негізгі тақырыбы саяси дискурстың лексика- стилистикалық ерекшеліктері мен оның аударылу проблемаларын шешу үшін «саяси дискурс», «саяси мәтін», «саяси тіл», «аударма прагматикасы», «аударма баламалылығы (адекваттылық) » ұғымдарын ажыратып алу қажет. Саяси дискурс прагматикасын беруде қолданылатын аударма әдіс- тәсілдерінің ортақ заңдылықтарын ашу мен теориялық негізін жасау аударма практикасында үлкен тәжірибелік өзек болады.

Зерттеу жұмысының өзектілігін саяси сана мен қоғамдық өмірдің тығыз қарым-қатынасқа түсуі саяси дискурстың саяси қайраткердің коммуникативті болмысын қалыптастырудағы рөлі мен оның тілдік ерекшеліктерін талдау лингвистика ғылымында маңызды орын ала бастады. Саяси дискурс тақырыбы шетелдік (Т. ванн Дейк, Е. И. Шейгал, А. Н. Баранов, А. П. Чудинов) және отандық ғалымдар (А. Б. Ахатова, Э. Д. Сулейменова, Ж. К. Ибраева, Г. К. Кусаинова) тарапынан қызу талқыға салынып, әр түрлі қырынан зерттелгенімен, саяси дискурқа берілген ортақ тұжырымдама, теория жоқ. Саяси дискурстың тілдік ерекшеліктеріне қарағанда, оның когнитивтік, прагматикалық қырларын ашуға бағытталған зерттеулер жетерлік. Қазақ тілі саяси дискурсының тілдік ерекшеліктері, лексикалық әрі стилистикалық ерекшеліктерінің ағылшын тіліне аударылу тәсілдері мен әдістерін анықтау бұрын-сонды қарастырылмаған . Зерттеу жұмысының өзектілігі қазақ аударматануында саяси дискурс мәселесіне когнитивті және психолингвиситкиалық және лингвомәдени тұрғыдан зерттеу жасаған алғашқы еңбек болуымен ерекшеленеді.

Сондықтан саяси дискурс ерекшеліктерінің қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылу заңдылықтарын көрсете отырып, саяси дискурстың тұңғыш Президент, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың болмысын қалыптастырудағы рөлін анықтау, сөйлеу тактикасы мен страгеясының жүзеге асуын, прагматикалық астардың берілу жолдарын анықтау тіл білімінде өзекті мәселе болып табылады. Саяси дискурстың прагматикалық келбетін беруде аудармашының тәжірибелік шеберлігі мен қатар аударма тәсілдерін дұрыс қолдана білуін талап етеді. Саяси дискурсты аудару маңыздығы оның ұлтаралық, халықаралық коммуникацияда ерекше орын алуы мен де анықталады. Сол себепті саяси дискурстың бір тілден екінші тілге берілуін қамтамасыз ететін аударма тәсілдерін прагматикалық тұрғыдан алып қарау жұмысымыздың өзектілігін танытады.

Зерттеу жұмысының нысаны - дискурс және саяси дискурс ұғымдары.

Зерттеу жұмысының пәні - Саяси дискурстың қазақ тілінен ағылшын тіліне когнитивтік және психолингвистикалық тұрғыда, ағылшын тілді хадықтың менталитетін ескере отырып аудару.

Зерттеу мақсаты - қазақ тіліндегі саяси дискурсты ағылшын тіліне когнитивтік психолинвистикалық тұрғыда және ағылшын тілді халықтың менталитетін ескере отырып берудің жолдарын нақтылау.

Берілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді алға қоямыз:

- саяси дискурсты аудару мәселесін қарастырған отандық және шетелдік ғалымдардың жұмыстарына сыни тұрғыдан шолу жасау;

- саяси мәтіндер мен саяси айтылымдардың түрлерін анықтап, олардың аудару тәсілдерін көрсету;

- аудару барысындағы прагматикалық бағдарды сақтау тәсілдерін анықтау.

Зерттеу материалы ретінде ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2016 - 2018 жылдар аралығында жария етілген Қазақстан халқына Жолдауы мәтіні алынып отыр. Жолдау мәтіндерін дайындауда ҚР тұңғыш Президентімен бірге Президент Әкімшілігі мамандары, саяси кеңесшілірі үлес қосатынымен, тікелей Ел Президентінің саяси ұстанымы орын алған, саяси тілдің барлық сипаттамалары орын алатын материал болып табылады. Аударма мәтінді ҚР тұңғыш Президентінің Баспасөз кызметі дайындағандықтан, аударманың кәсіби деңгейі жоғары болмақ. Зерттеу материалы ішкі және сыртқы саяси мәселелерге үлкен көңіл бөлінгендігімен, тематикалақ спектрінің кеңдігімен, сонымен қатар, лингвистикалық ерекшеліктерінің молдығымен өзгешеленеді.

Зерттеу әдістері. Ғылыми жұмысты орындау барысында мынадай іске асырылды: суреттеу әдісі, когнитивті әдістер психолингвистикалық талдау, контекстік талдау, талдау, саяси-әлеуметтік мәтіндердегі мәдени-ситуативті және стилистикалық контекст бірліктерін қатыстыру арқылы талдау, салыстырмалы талдау (ағылшын тілді халықтың ментелитетін ескере отырып, аударма мәтіні мен түпнұсқа мәтінін салыстыру) .

Лексикалық талдаудың негізгі көзі ретінде аударма сөздіктері мен энциклопедиялық, академиялық сөздіктері пайдаланылды. Зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың концепцияларын талдау жасалынды. Саяси мәтінге лингвистикалық анализ жасау, салғастырмалы зерттеу әдістері іске асырылды. Мәтіннің дискурстік сипаттамасын ашу барысында контекстуальдық талдама әдісі жасалды.

Зерттеудің жаңашылдығы отандық лингвистикада саяси дискурстың аударылуы жайында зерттеу жасаған еңбек екендігімен байланысты;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ тілі саяси лексикасын тікелей ағылшын тіліне аударылуын ашып көрсеткен еңбек жоқтың қасы. Сондықтан зерттеу жұмысымыздың құндылығы да осы кемшіліктердің орнын толтыру. Бұл жұмыста саяси дискурстың қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылуы конитивтік және психолинвистикалық тұрғыдан қарастырылды.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Бұл жұмыстың нәтижелерін аударма теориясында, прагмалингвистика мен саяси лингвистикада, салғастырмалы тіл білімінде пайдалана алады.

Зерттеудің практикалық маңызы. Бұл жұмыстың нәтижелері ағылшын және қазақ тілдерінен арнайы лекциялар оқуда және семинар сабақтарында, сонымен қатар саяси мәтіндерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару кезінде көмекші құрал бола алады.

Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:

- Аударманың дәстүрлі және когнитивті модельдерінің үйлесім табуы саяси дискурстың лексика-стилистикалық белгілерін зерттеуді жолға қойып, аударма әрекетінің эффективті нәтижеге жетуге мүмкіндік береді;

- Саяси дискурстың тілдік бірліктерін когнитивтік, психолингвистикалық потенциал тұрғысынан қарастыру саяси мәтіннің концептуалды ұйымдасуын, сол арқылы тілдің концептосфералық аймақтарын анықтап беруге көмектеседі;

- Ағылшын және қазақ тіліндегі саяси ұғымдардың психолингвистикалық, когнитивті рәсімделуі аударма тәсілдері түрлерін айқындауға сәйкес келеді. Аударманың трансформациялық қасиетін таныта түседі.

1-ТАРАУ. САЯСИ ДИСКУРС - ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ

1. 1 Саяси дискурс ұғымы, оның ерекшеліктері мен түрлері

Осы тараудың негізгі мақсаты - біздің зерттеуімізге негіз болатын бастапқы теориялық базаны анықтау.

Қойылған мақсатқа жету үшін: біріншіден, саяси дискурс, президенттік дискурс ұғымдарына анықтама беріп алуымыз керек, сондай-ақ президенттік дискурсті зерттеу тәсілдерін қарастырып, анализ жүргізуіміз қажет. Қазіргі таңда лингвистикалық құбылыстарды зерттейтін ғалымдар арасында қоғамдық-саяси дискурсқа деген қызығушылық артуда. Сонымен қатар, қоғамдық саяси дискурстан кейін президенттік дискурс зерттеле бастады, оған сәйкес белгілер анықталды.

Саяси дискурске келетін болсақ, оған қаысты бірнеше терминдер бар: «саяси дискурс» (Э. И. Шидаль, А. Н. Баранов, М. В. Ильин), «әлеуметтік-саяси алғысөз» (Т. В. Юдина), «агитациялық-саяси алғысөз» «психологиялық дискурс» (П. П. Паршин), «саяси тіл» (О. И. Воробьева), «саяси қарым-қатынас» (П. П. Чудинов), «әлеуметтік ой тілі» (П. Н. Денисов) . Мұндай құбылыстың көп қырлы зерттеуі осындай терминдердің алуандылығынан байқалады. Ең жиі қолданылатын термин - «саяси дискурс».

Қазіргі уақытта «саяси дискурс» тұжырымдамасы айқын анықталған жоқ. Бұл термин өте маңызды және философия, семиотика, әлеуметтану сияқты білім салаларында қолданылады. Лингвистикада «дискурс» термині өткен ғасырдың 60-70 жылдарында пайда болды. Осы тармақта біз саяси дискурс тұжырымдамасы туралы әртүрлі пікірлерді қарастырамыз.

Саяси дискурс - саяси лингвистиканың негізгі тұжырымдамасы болып табылады. Баранов пен Казакевич саяси пікірталасты «саяси келіссөздерде қолданылатын барлық сөйлеу актілерінің, сондай-ақ дәстүрмен бекітілген және тәжірибемен тексерілген мемлекеттік саясаттың ережелері» жиынтығы ретінде қарастырады [Баранов 1991] . Бұл анықтама саяси дискурстың тұжырымдамасына кең көзқарасты көрсетеді.

Е. И. Шейгалдың айтуы бойынша, саяси дискурс дискурстың басқа түрлері сияқты екі өлшемді: шынайы және виртуалды. Шынайы бағалау «белгілі бір әлеуметтік кеңістіктегі ағымдағы сөйлеу белсенділігі» деп түсініледі. Сондай-ақ осы сөйлеу әрекеті нәтижесінде туындаған ауызша туындыларды (мәтіндерді) айтуға болады. Е. И. Шейгал саяси дискурстың виртуалдық өлшемі ретінде "жиынтық денотаты саяси әлем, пікір тезаурусы, осы саладағы қарым-қатынаста қолданылатын сөйлеу модельдерінің жиынтығы мен жанрлары" болып табылатын вербалды және вербалды емес белгілерді қамтитын семиотикалық кеңістікті түсінеді [Шейгал 2005] .

Ю. А. Сорокин саяси дискурсты идеологиялық дискурс арқылы анықтайды. «Саяси дискурс - идеологиялық дискурстың бір түрі. Айырмашылығы: саяси дискурс эксплицитті прагматикалық, ал идеологиялық - имплицитті прагматикалық . . . » [Сорокин, 1997] . Басқаша айтқанда, саяси дискурс айқын, ашық түсінік, ал идеологиялық дискурс саяси деп қарастырылатын дискурстың жасырын түрі болып табылады.

Лингвистикалық әдебиетте "саяси дискурс" термині кең мағынада және тар мағынада қолданылады. Кең мағынада ол саясат саласына ең болмаса құрамдас бөліктердің бірі: субъекті, адресат немесе хабарламаның мазмұны жататын қарым-қатынас нысандарын қамтиды. Саяси дискурс тар мағынада дискурстың бір түрі болып табылады және оның мақсаты саяси билікті жаулап алу, сақтау, жүзеге асыру болып табылады. [Маслова 2008]

А. П. Чудинов саяси коммуникацияның келесі белгілерін атап өтеді:

1. Салттық және ақпараттылық;

2. Институционалдық және даралық сипат;

3. Эзотериялық және жалпы қол жетімділік;

4. Редукционизм және саяси мәтіндегі ақпараттың көпаспектілігі;

5. Саяси мәтіннің авторлығы және анонимділігі;

6. Саяси мәтіннің интертекстуалдылығы мен автономдылығы;

7. Саяси коммуникациядағы агрессия және төзімділік [Чудинов 2003] .

"Саяси дискурс" терминінің көп маңыздылығы оның жіктелуінде белгілі бір қиындықтар туғызады. Мысалы, саясаткердің сұхбатын қалай жіктеуге болады деген сұрақтар туындайды: саяси дискурс па, әлде медиа дискурс па?

Е. И. Шейгал саяси дискурстың қарым-қатынастың басқа да түрлерімен жанасу нүктелерін қарастырады. Ол қарым-қатынас түріне қарай дискурстың келесі түрлерін береді:

1. Заң дискурсы

2. Ғылыми дискурс

3. Масс-медиа дискурсы

4. Педагогикалық дискурс

5. Жарнамалық дискурс

6. Діни дискурс

7. Тұрмыстық дискурс

8. Көркем дискурс

9. Спорттық-ойын дискурсы

10. Әскери дискурс [Шейгал 2005] .

Саяси дискурстың аталған қарым-қатынас түрлерінің әрқайсысымен жанасуын жете қарастырайық.

1. Заң дискурсы саяси дискурспен мемлекеттік заңнама саласында жанасады. Заң дискурсы құқықтық нормаларды анықтайды және азаматтар арасындағы, сондай-ақ азаматтар мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастарды реттейді. Конституция, заңдар, кодекстер, жарлықтар, қаулылар, әкімшілік шешімдер жататын нормативтік-құқықтық актілер билікті іске асырудың құралдары болып табылады. Бұл осы құжаттарды саяси дискурс саласына жатқызуға негіз бола алады. Заңдардың, конституциялардың, кодекстердің мәтіндері саясаткерлердің де, заңгерлердің де дискурсивтік заң шығару қызметінің өнімді натижесі болып табылады.

2. Ғылыми дискурстың мақсаты қоршаған ортаны тану процесінде өз көзқарасын қорғау, ал мәтінде полемика элементінің болуы ғылыми мәтіндердің негізгі белгілерінің бірі болып табылады [Михайлова 1997] . Саясаттанушы ғалымдардың ғылыми мақаланың, баяндаманың, монографияның және т. б. жанрдағы ғылыми зерттеулерінің, саяси дискурстың мақсаттарының бірі болып табылатын, билік үшін күреспен тікелей байланысы жоқ. Алайда, осы зерттеулер негізінде саясаткерлерге олардың қызметін жоспарлау және түзету бойынша ұсыныстар жасалуы мүмкін.

3. Масс-медиа дискурс пен саяси дискурстың жанасу нүктесі - журналистердің кәсіби саясаткерлер мен кәсіби емес бұқаралық аудиториялар арасында делдал болуында. Өйткені саясаткерлер халықпен тікелей сирек сөйлеседі, әдетте оны бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жасайды. Бұл жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары техникалық құрал ретінде әрекет етеді, журналистің дискурстың қатысушысы ретіндегі рөлі өте аз.

4. Педагогикалық дискурстың тікелей мақсатын - жеке тұлғаны әлеуметтендіру болып табылады. Саяси әлеуметтену - бұл белгілі бір адамның қоғам мүшесі және мемлекеттің азаматы ретінде тиісті саяси мәдениеттің негізгі элементтерін меңгеру үдерісі [Гаджиев 1997] . Саяси әлеуметтену адамның осы қоғамда үстемдік ететін саяси мәдениетті өзіне кіріктіру байланысты іске асады. Саяси әлеуметтендіруді жүзеге асыратын дискурсивтік қызметтің мақсаты азаматтардың осы қоғамда белгіленген әлеуметтік тәртіпті, сондай-ақ оның құндылықтарын қабылдауы немесе қабылдамауы болып табылады. Нәтижесінде мұндай қабылдау немесе қабылдамау билік үшін күрес процесінің қатысушылары ретінде азаматтардың ұстанымын анықтайды.

5. Жарнамалық дискурс дегеніміз - іс-әрекетке орындауға ынталандыратын, ақпараттандыру арқылы әсер ету. Бұл тәсіл саяси және әлеуметтік жарнама жататын коммерциялық емес жарнаманы қамтиды. Саяси жарнама жарнамалық дискурстың барлық негізгі белгілеріне ие: ол жарнама мәнін тағайындайды, оның ұтымды қасиеттерін көрсетеді [Никитина 1998] . Сондай-ақ саяси жарнамада жарнаманың екі негізгі функциясы бар. Олардың бірі, ақпарат беру, саяси насихат жанрында жүзеге асырылады. Басқа функциясы, әсер ету, үгіттеу шеңберінде қолданылады.

6. Діни дискурс жарнама сияқты, белгілі бір жай-күй немесе іс-қимылдарды үгіттеу мүмкіндігіне негізделген. Үгіт-насихат жүргізу діни дискурста маңызды рөл атқарады [Карасик 1999] . Діни дискурс, әсіресе тоталитарлық қоғамның саяси дискурсімен тығыз байланысты. Діни дискурс пен сяси дискурстың жанасу нүктесі сананың мифологиялануы, көшбасшы-Құдайдың рөлі, манипулятивті әсер ету тәсілдерін қолдану болып табылады.

7. Тұрмыстық дискурс көбінесе ақпараттық емес коммуникациямен сипатталады. Бұл жақын әлеуметтік ортадағы адамдар арасындағы немесе еріксіз бірге болу жағдайындағы бөтен және бейтаныс адамдар арасындағы қарым-қатынас. Н. Д. Арутюнова мерекелік қарым-қатынастың үш түрін анықтайды: эмоциялық, әртістік және интеллектуалды [Арутюнова 1992] . Саясат интелектуалды мерекелік коммуникацияның бір түрі болып табылады. Оның барысында коммуникацияға қатысушылар саяси өмірге бейімделу, саяси жағдайды бағалау және оны алдын ала болжау қабілетін жетілдіреді.

8. Көркем дискурс саяси дискурспен мемуарлар, деректі проза, памфлет, фольклорлық жанрлар (анекдот, тақпақ) сияқты әдеби жанрларда тоғысады. Өз ойын білдіру көркем дискурстың басты функциясы болып табылады, алайда саясатқа қатысты салаларда әлеуметтік элемент де болады. Мысалы, саясаткерлердің мемуарлары оның бейнесін қоғамның қабылдауына айтарлықтай әсер етуі мүмкін, бұл олардың рейтингінің төмендеуіне немесе жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін және осылайша, кейбір дәрежеде кезекті сайлау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.

9. Спорттық-ойын дискурсы жарыс кезінде саяси дискурспен қиылысады. Биліктегі партия мен оппозиция арасындағы диалог-кездесу саяси дискурстың негізі болып табылады. Баранов және Карауыловтың айтуынша спорт, ойын және жауынгерлік іс-қимыл метафорлары саяси метафор саласында маңызды орын алады [1991 Баранов] . Саяси дискурста ойын және спорттық жарыстың барлық негізгі элементтері көрініс табады. Бұған қарсыластың болуы, қарсыластардың күресі, жекпе-жек этикасы, күрес стратегиясы мен тактикасы, жеңіс, жеңіліс және жеңімпаздың триумфын жатқызуға болады. Саяси дискурстың сайыскерлігі оның парламенттік дебаттар мен сайлау алдындағы кампаниялар сияқты формаларында ерекше көрінеді.

10. Әскери дискурс саяси дискурспен тығыз байланысты, өйткені "соғыс - басқа құралдар арқылы жүргізілетін саясаттың жалғасы" [Денисова 1998] . Дискурстың осы түрлерінің қолданылатын салалар әскери доктрина, әскери-саяси келісім, бейбіт келіссөздер, ультраиматум сияқты жанрлар болып табылады, яғни соғыс қимылдарының идеологиясын және соғыс барысын соғысушы тараптар тұрғысынан беретін жанрлар.

Осылайша, Е. И. Шейгал саяси дискурстың шекарасын анықтағанда оның кең түсінігіне сүйеніп, оған қарым-қатынастың институционалдық формасымен қатар институционалдық емес формаларын да енгізу қажет екенін атап өтті. Саяси дискурстың құрылымын талдау оның институционалдық дискурстың түрлерімен (жарнамалық, ғылыми, педагогикалық, заңдық, спорттық, діни, әскери), сондай-ақ қарым-қатынастың институционалдық емес түрлерімен (көркемдік және тұрмыстық дискурс) жанасу аясын анықтауға мүмкіндік берді.

Cаяси дискурстың ерекшеліктері және оның түрлері

Е. И. Шейгал атап өткендей, саяси дискурстың ерекшелігі тілдік қауымдастықтың барлық мүшелері үшін оның түсініктілігі болып табылады. Басқаша айтқанда, саяси терминдер деспецияланады, яғни өзінің бастапқы тарсалалық мәнін жоғалтады. Осы ерекшелік кейбір зерттеушілердің саясат тілін жоққа шығаруына негіз болып табылады. Саяси лингвистикадағы бұл деспециализация саяси саладағы қарым-қатынас көбшілік адресатқа бағытталуымен түсіндіріледі [Шейгал 2005] .

Саяси дискурстың тағы бір ерекшелігі - оның театрлық стратегиясы. Бұл сипат осы коммуникациядағы тараптардың бірі болып табылатын халық негізінен тікелей адресаттың емес, саяси оқиғаларды белгілі бір әрекет ретінде қабылдайтын бақылаушының рөлін атқаратындығына байланысты [Михалева 2005] .

Е. И. Шейгал саяси детерминологизация процесін үш кезеңде сипаттайды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ДИСКУРСЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨРКЕМ ФИЛЬМ
Саяси дискурстың ерекшіліктері (лингвомәдениетаралық талдау)
Саяси коммуникация және саяси дискурс
Аудармада экспрессивті құралдарды қолдануды талдау
Бұқаралық дискурс ерешеліктері
Академиялық дискурсты аударудың лингвомәдени мәселері
Жарнама дискурсының қатысушылары - жарнама беруші мен тұтынушы
Қазақ басылымдарындағы саяси дискурс
Аударма стратегиясы мен коммуникация аспектісіндегі дипломатиялық дискурс
Жарнамадағы нейролингвистикалық бағдарламалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz