Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы


Дипомдық жұмыс
Жаңалықтар порталының
тілдік ерекшелігі
Мазмұны:
Кіріспе бөлім . . .
I. Публицистикалық стиль . . .
1. 1. Публицистикалық стильдің қалыптасуы, қызметі мен белгілері . . .
1. 3. Бұқаралық ақпарат құралдары . . .
1. 4. Мақалалардың түрлері . . .
II. Жаңалықтар порталының тілдік ерекшеліктері . . .
2. 1. Өзгетілдік элементтердің қолданылуы . . .
2. 2. Қос сөздердің қолданыс ерекшеліктері . . .
2. 3. Қысқарған сөздердің қолданылуы . . .
2. 4. Риторикалық сұрақтардың кездесуі . . .
2. 5. Эмоциональды-экспрессивті сөздердің қолданылуы . . .
2. 6. Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің қолданылыс ерекшеліктері . . .
2. 7. Терминдердің қолданылу аясы . . .
2. 8. Қоғамдық-саяси терминдердің қолданылыс ерекшеліктері . . .
2. 9. Ауыз екі сөйлеу тілі элементтерінің қолданылуы . . .
III. Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазіргі дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз.
Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару - сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз осылай шығарған сөз . . . - деп жазыпты Ахмет Байтұрсынов.
Публицистикада да сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.
Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. «Тірі болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар» - деп Әлихан Бөкейханов сияқты ардақтыларымыз армандаған заман келді. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекеттік тіл туралы бір толғанысында: Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! - деп тебіреніпті. Сол туған тіліміздің барлық қадір-қасиетін бойына сіңірген қазақ публицистикасы еліміз жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі бола білді. Жұрт қиналса, , оның демеу болып, жігер отын жаныды, намыс рухын оятты, ұлт қуанса, медеу болып жарқын жолға бастады, биік белестерді бағындыруға шақырды. Сөйтіп, қазақ публицистикасы ұлттың рухани байлығының ажырамас бөлігіне айналды.
Қазіргі уақытқа дейінгі қазақ публицистикасының зерттелуі негізгі екі бағытта жүргізіліп келді. Оның бірі - жалпы журналистиканың құрамдас бөлігі ретінде публицистика тарихы, теориясы, тәжірибесіне арналған еңбектер. Бұл ретте алғаш аталатыны- М. И. Фетисовтың 1961 жылы жарық көрген Зарождение казахской публицистики атты еңбегі. Мұндағы қарастырылған мәселелер - орыс демократиялық публицистикасы, оның қазақ демократиялық публицистикасының пайда болуына әсер-ықпалы, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев публицистикасының ерекшеліктері, орыс журналистикасы мен публицистикасындағы қазақ тақырыбы.
Журналистика мәселелерін әр жылдары зерттеген Қ. Бекхожиннің, Б. Кенжебаевтың, Т. Қожакеевтің Ш. Елеукеновтің, Ү. Сұбханбердинаның, З. Тұрарбековтің, С. Имашевтің, Ә. Ыдырысовтың, С. Матвиенконың, Т. Ыдырысовтың, Қ. Әбілдаевтың, М. Арғынбаевтың, С. Масғұтовтың, Р. Сағымбековтың, Н. Омашевтың, С. Қозыбаевтың еңбектерінде де 10 публицистика туралы жекелеген пікір-тұжырымдар кездеседі.
Қазақ публицистикасының зерттеудің екінші бағыты еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары жүзеге аса бастады. Бұл - көрнекті тұрғыдан қарастыру негізінде публицистиканы зерттеу. Осы ретте А. Байтұрсыновтың, М. Әуезовтің, С. Қожановтың, Б. Майлиннің, Ғ. Мүсіреповтің, Ә. Бөкейхановтың, Н. Төреқұловтың, С. Ерубаевтың, Х. Досмұхамедұлының, Ә. Әлімжановтың, К. Смайыловтың, С. Мәуленовтың, Ш. Мұртазаның, Е. Букетовтің публицистикалық шығармашылығына қатысты еңбектер шоғырын айтуымыз керек. Десек те, қазақ публицистикасының табиғаты, оның қалыптасу, даму арналары кең ауқымда алынып, тұтас зерттелмеді.
Қандай қоғамдық құрылыс, саяси жүйеде болсын, оның даму тарихында бұқаралық ақпарат құралдарының ролі өте зор. Өйткені қоғамның саяси-әлеуметтік, рухани-экономикалық өмірін күнделікті ақпарат тарату қызметінсіз көзге елестету мүмкін емес. Ал бұқаралық ақпарат құралдарының арасында жаңалықтар порталының қызметі қоғам үшін өлшеусіз екені белгілі. Себебі жаңалықтар порталы арқылы берілетін жаңалықтар қоғам өміріндегі өзгерістерге уақытымен үн қоса отырып, сан мыңдаған оқырмандармен ақпарат алмасып, оның рухани ой санасына қозғау салып, пәрменді ықпал етеді. Жаңалықтар хабарлары арқылы өмірдегі құбылыстарға баға бере отырып, оларға талдау жасайды, кемшіліктерді жою жолдарын ұсынады, пікірлердің тууына ықпал етеді.
Демек бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат тарату көзі ғана емес, күн өткен сайын халықтың, мемлекеттің саяси қоғамдық мінбесіне айналғандығына көз жеткізуге болады. Халықтың күнделікті өмірімен етене араласа өмір сүріп келе жатқан жаңалықтар порталы оқырманның ақпаратпен жедел қамтамасыз етуші, демократиялық үрдістер мен жариялықты қалыптастырушы негізгі фактор деп айтуымызға болады. . Бүгінгі өмір сүріп отырған кезеңіміз ғылым мен техниканың дамып-жетілген кезеңі. Бұл құбылыстың дәлелін біз бүгінгі бұқаралық ақпараттарды тарату құралдарының пәрменділігінен көруімізге болады. Қазіргі кездегі бұқаралық ақпарат құралдарының оқылатын (визуалды) мерзімді басылымдар, тыңдалатын (аудиалды-радио), әрі тыңдауға, әрі көруге болатын (аудиовизуалды-теледидар, деректі кино) болып үшке бөлінеді. Бұлар бір бірінен тек коммуникативті құрылымдарымен ғана ерекшеленеді, ал функционалдық құрылымдары бір-біріне ұқсас. Бұқаралық ақпарат құралдарының, соның ішінде электронды БАҚ құралдарының бүгінгі күні ана тіліміздің дамуына тигізер әсері мол. Қазіргі қоғамдық өмірдегі ең пәрменді бұқаралық насихат құралдары-радио, телевизия, газет, жаңалықтар порталы болса осылардың бүгінгі таңда тілдік тұрғыдан зерттелуі тең дәрежеде емес екендігін баса айтып кетуімізге болады. Қоғам өмірінде алғаш насихат құралдарының қарапайым түрлері пайда болса, біртіндеп олар күрделеніп ақпарат таратудың электронды түрлері радио мен теледидар, түрлі ақпарат құралдары пайда болды. Ал ақпарат тарату құралдарынан зерттелу жағынан кенже қалып келе жатқан сала ретінде жаңалықтар порталы тілін айтуымызға болады.
Өзімізге белгілі ғылымның қай саласын алмайық, өмір өзгеріп уақыт өткен сайын алға жылжып дамып келеді. Техникалық ғылымдар қоғамдық формациямен байланыссыз дамыса, жаңалықтар порталдары, оның қолданыс тілі мүлдем олай емес. Қоғамдық құрылыстағы адам өміріндегі болып жатқан жаңалықтардың, өзгешеліктердің нағыз жаршысы БАҚ болғандықтан жаңалықтар порталында қолданылатын тіл қоғамдық формациямен тікелей байланысып, оның әр сатысында жаңа мазмұн, жаңа түрге ие болады.
Дипломдық жұмысымда жаңалықтар порталының тілдік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, жаңалықтар порталында кездесетін түрлі тілдік ерекшеліктерге, соның ішінде қоғамдық мәні бар мәселеге көпшілік назарын аударту мақсатында жаңалықтар тақырыптарынан, мәтіндерінен ой мен сезімге қатар әсер етерліктей экспрессивті-эмоционалды мәндегі тіл бірліктері мен риторикалық сұраулы сөйлемдерге, қоғамдық-саяси лексикаға және шетел тілдерінен енген терминдерге, өзгетілдік элементтерге, тұрақты сөз тіркестеріне, фразеологизмдерге, мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерге, қос сөздер мен қысқартылған сөздерге, ауызекі сөйлеу тіліне тән ерекшеліктерді көрсете отырып, мысалдар келтіремін.
Жаңалықтар порталы тілін арнайы зерттеген арнайы толық ғылыми еңбек қазақ тіл білімінде жоқ деп айтуымызға болады. Сондықтан жаңалықтар порталы тілінің ерекшелігін арнайы зерттеу нысаны етіп алу қазақ тіл білімінде жаңаша ғылыми зерттеу арнасын тудырады деген пікірдемін.
Диплом жұмысының мақсаты: Бұқаралық ақпарат құралдарын зерттей отырып, жаңалықтар порталының тілдік ерекшеліктерін анықтау.
Диплом жұмысының міндеті:
- Ғылыми еңбектер мен оқулықтарға сүйене отырып, бұқаралық ақпарат құралдарының қолданылуын, жаңалықтар порталында кездесетін тілдік ерекшеліктерге тоқталу;
- ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау;
- жаңалықтар порталынан мысалдар қарастыру;
- Қоғамдық-публицистикалық стильдің қалыптасуы, публицистикалық стильдің функционалдық қызметін, публицистикалық стильдің белгілерін айқындау;
- Бұқаралық ақпарат құралдарын талдау мен бағалау, мақлалардың түрлеріне бөліп көрсету;
- Жаңалықтар порталының тілдік ерекшеліктерін ажырату: Жаңалықтар тіліндегі эмоциональды-экспрессивті сөздер, омоним, синоним, антоним, қоғамдық-саяси лексика, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер мен термин сөздер, ауызекі сөйлеу тілінің пайда болу, жасалу, қолданылу шегін айқындап, олардың қолданылуын талдау
Диплом жұмысының өзектілігі:
Диплом жұмысының жаңалығы:
Диплом жұмысының теориялық маңызы:
Диплом жұмысының практикалық маңызы:
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
I. Публицистикалық стиль
1. 1. Публицистиканың пайда болуы
Публицистика (латынша: publicus - көпшілік, әлеумет ) -қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шы-ғармалардың негізінде калыптасады. Белгілі бір тілде публицистика тілінің өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің ауызша және жазбаша түрлері болатынын айтады. Публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармалар жатады. [1, 21] .
Публицистикалық стиль - қоғамдық-саяси үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын әдеби тілдің функционалдық стильдерінің бірі. Публицистикалық стиль дегеніміз - көпшілікке арналған қоғамдық-саяси, әлеуметтік, экономикалық тақырыптарға арналған газет-журнал беттеріндегі журналистика жанрларында (очерк, бас мақала, мақала, ақпараттық хабар, халықаралық шолу, деректі әңгіме және т. б. ) жазылған жарияланымдар. Публицистикалық стильдегі жарияланымдардың мазмұны қоғам, адам өмірінің түрлі жағдайларын үгіттеу, насихаттау сипатында болып, тілдегі әсерлі, сезімдік және бейнелі сөздерді қолдану басым болады да, баяндалған мәселелер нақты фактілер мен құжаттарға негізделеді. [2, 74] .
Публицистикалық стильге қойылатын талап - қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы қажет. Ол - тілдік құралдарды қолдана білуден байқалады. Публицистиканың қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған үгіт-насихаттық сипат береді. Сондықтан публицистикалық шығарманың тақырыбына, мазмұнына сай сөздер мен сөз тіркестерін сұрыптап қолдана білудің және қажетті синтаксистік құрылысты пайдалана білудің үлкен мәні бар.
Публицистиканың жанры әр алуан. Сол жанрлардың түріне, өзгешелігіне қарай оның тіл ерекшелігі болады. (Бас мақала, инфомациялық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет, радио хабары т. б. ) [1, 25] .
Публицистикалық стильде көркем сөз тәсілдерінің барлығы, сондай-ақ тұрақты сөз тіркестері, мақал мен мәтелдер, афоризмдер және тілдің көркемдегіш тәсілдері, әсіресе риторикалық сұраулар, стилистикалық сөз қайталаулар да мол қолданылады.
Лексикасында - қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (демократия, революция, ұлт мәселесі, жариялылық), эмоциональдық баға беруші сөздердің (еңбек жарысы, жасөспірім, тұлға, перзент, жасампаз), экспрессивтік бояуы бар (бас қатыру, қоян-қолтық), перифраздардың (ақ алтын-мақта, қара алтын-көмір, көгілдір экран-телевизор), қос сөздердің, қысқартылған сөздердің, риторикалық сұрақтардың, қайталамалардың қолданылуы публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгеше екендігін көрсетеді.
Сонымен публицистикалық стиль - қазақ әдеби тіліндегі проза жанрларының алғашқы үлгілерінің бірі. Бұл - проза синтаксисінің заңдылықтары әлі қалыптасып үлгермеген кез. Осыған байланысты қоғамдық-публицистикалық стильдің синтаксис саласында біраз ерекшеліктері байқалды. (сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібі) .
Қазақ тіл білімінде публицистикалық стиль (бұқаралық ақпарат құралдарының тілі) функциональдық стильдердің бірі ретінде қалыптасты, ол жан-жақты зерттелуде. Публицистикалық стильдің негізгісі әрі алғашқысы газет тілі болып есептеледі. Бұл тұрғыдан тұңғыш қазақ газеттерінің тілін Б. Әбілқасымов, 1920 жылдардағы мерзімді баспасөз тілін С. Исаев, қоғамдық-публицистикалық стильді О. Бүркітов т. б. ғалымдар зерттеген.
Қазіргі қоғамдық-әлеуметтік шындыққа байланысты коммуникативтік қызметі ерекше публицистикалық стильдің жан-жақты қырлары түрліше бағытта зерттелуде. Мысалы, газет лексикасына байланысты А. Алдашеваның, Б. Момынованың, сол сияқты публицистика, газет тілінің прагматикасы туралы Б. Жұмағұлованың, Ф. Жақсыбаеваның т. б. зерттеу еңбектері бар. [2, 75-76] .
Қазақ әдеби тілінде қоғамдық-публицистикалық стильдің тууы мерзімді баспасөздің пайда болуымен тікелей байланысты. Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары - «Түркістан уәләятының газеті», (1870-1888) мен «Дала уәләятының газеті» (1888-1902), «Торғай газеті», «Ауыл шаруашылық листогі» және облыстық ведомостылар (мысалы, «Торғай облыстық ведомостылары») сияқты патша өкіметінің жергілікті әкімшіліктерінің ресми органдарында да қазақша материалдар (көпшілігі ресми құжаттардың аудармалары) басылып тұрған. Қазақ публицистикасы араб графикасымен жарық көрген.
Бірінші орыс революциясы кезіде және одан кейін де мерзімді қазақ баспасөзі дамыды. Мәселен, Орынборда бірқатар газеттер шығып тұрды. Бірақ олардың көбі үш-төрт нөмірден кейін саяси мақаттарға байланысты жабылып қалып отырды. Тек ағартушылық-демократтық бағытты ұстаған «Қазақстан» газетінің (1911-1913, Орда) он шақты саны жарық көрген. Ал қазақтың төл баспа органы - «Қазақ» газеті А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың редакторлығымен Орынборда 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылға дейін бес жыл бойы шығып тұрған.
1911-1915 жылдарында Троицк қаласында шығып тұрған «Айқап»-тың қазақ мәдениетін қалыптастыруда маңызы зор болды. Журналдың шығарушысы да, редакторы да - белгілі ақын, жазушы М. Сералин. Көптеген мәселелерде Айқап ұсақ буржуазиялық позиция ұстады. Соған қарамастан Айқап журналының қазақ әдебиеті мен әдеби тілінің дамуында атқарған рөлі жоғары бағаланады. Журналдың жұмысына XX ғасырдың бас кезіндегі көрнекті жазушылардың көпшілігі (С. Көбеев, С. Торайғыров т. б. ) ат салысты.
Публицистикалық стильдің дамуына Ыбырай, Абай, XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы С. Торайғыров, қоғам қайраткері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтар едәуір үлес қосты. [2, 77] .
Баспасөз-халықтың қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге әсер ететін бірден-бір құрал.
Тіл білімінің өсіп, өркендеуіндегі мерзімді баспасөздің рөлін профессор Ө. Айтбаев: «Жалпы сөз біткеннің, оның ішінде термин атаулының өріс алар, қанат жаяр жері, ең алдымен, мерзімді баспасөз, яғни өмірдің сан түрлі саласынан сан алуан мәлімет жинап, материал беретін журнлистердей термин құмар маман жоқ» деп түсіндірсе, О. Бүркітов: Мерзімді баспасөз - жаңа сөздер ұстаханасы деп нақты тұжырым жасайды. А. Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік тақырыпта жазылған түрлі публицистикалық мақалалары қазақ терминологиясының қалыптасып, әдеби тілдің лексикалық нормаларының тұрақталуына әсерін тигізді.
Сонымен XIX ғасырдың II жартысында негізі қаланған стиль түрі - бүгінде қоғамда аса қажетті, маңызды мәселелерді насихаттап, көпшілікке кеңінен қызмет етіп отырған қазіргі әдеби тілдің ең жүгі ауыр, елеулі саласы.
XX ғасырдың соңғы он жылдығынан бастап баспасөз дамуының жаңа бір кезеңі басталды деуге болады. Қоғамда болып жатқан қоғамдық-саяси ірі-ірі өзгерістердің бәрі баспасөзде көрініс тауып, баспасөз лексикасы көптеген жаңа қолданыс, соңы сөздермен толыға түсті. [2; 77-79] .
1. 2. Публицистикалық стильдің функционалдық қызметі
Тіл - үнемі өзгеріп, дамып, толығып отыратын қоғамдық құбылыс. Қоғамда болып жатқан өзгеріс, жаңалықтардың бәрі тіл арқылы таңбаланып өмірге еніп жатады. Өмірге келіп жатқан жаңа тілдік қолданыстардың айналымға еніп, қалыптасып тұрақталуында баспасөздің атқаратын қызметі ерекше.
Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздік тұғырына көтерілуі, тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы қазақ баспасөзінің де жаңа арнаға түсіп, жаңаша дамуына алып келді.
Еліміздің қоғамдық-саяси, рухани-мәдени саласындағы өзгерістер мен тасқындап еніп жатқан ақпараттар ағыны арқылы баспасөз лексикасы толыға түссе, керісінше сол жаңа қолданыстар мен сөздерді қалыптастыруда, тың ақпараттарды оқырманға жеткізуде баспасөздің де қызметі арта түсті.
Бұқаралық ақпарат құралдарын электрондық бұқаралық ақпарат құралдары және мерзімдік басылымдар деп екіге бөліп жүрміз. БАҚ-бұл екі түрінің де атқаратын қызметтері бірдей, яғни көпшілікке ақпаратты жеткізу.
Зерттеуші Б. Момынова «Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы) » деп аталатын ғылыми еңбегінде бұқаралық ақпарат құралдарын оқылатын (визуальды), тыңдалатын (аудиальды) және әрі тыңдауға, әрі көруге болатын (аудио-визуальды) үш түріне тоқтала келіп, олардың ортақ қызметтерін, біріншіден, ақпараттық функциясы, екіншіден, ақпаратты жеткізудегі комментарийлық-бағалауыштық функциясы, үшіншіден, ақпараттың ағартушылық-танымдық функциясы, төртіншіден, ақпараттың қоғам мүшелерінің дүниетанымына әсер ету функциясы, бесіншіден, ақпаратты жеткізуде жағымды эффектілер тудыру үшін тиімді тәсілдерді пайдалану функциясы деп санамалап көрсетеді.
Қазақ тіл білімінің көшбасшысы Ахмет Байтұрсыновтың жоғарыда айтқан ой-пікірінен бастап, бүгінгі күнге дейін қазақ баспасөзі және оның тарихы, қалыптасуы, дамуы, қазақ баспасөзінің тілі, қазақ баспасөзінің жүйесі мен құрылымы т. б. туралы зерттеуші-ғалымдар Х, Бекхожин, Б. Кенжебаев, Ш. Сарыбаев, Ү. Субханбердина, Б. Әбілқасымов, Н. Қарашева, С. Исаев, Б. Момынова, О. Бүркітов, А. Алдашеваның еңбектерінде тікелей сөз болады.
Мұнан басқа баспасөз тілі жайында қазақ әдеби тілінің даму тарихы, қазақ тіл білімінің әр түрлі салалары (функциональдық стиль, терминология, стилистика, тіл мәдениеті) туралы жазған зерттеуші-ғалым І. Кеңесбаев, М. Балақаев, Ы. Ысқақов, Ә. Қайдар, Р. Сыздықова, Ш. Сарыбаев, М. Серғалиев, Ә. Айтбайұлы, Б. Қалиұлы, Ә. Болғанбайұлы, Г. Смағұлова, Ш. Құрманбайұлы еңбектерінде айтылады. [2; 80] .
Зерттеуші-ғалым Б. Момынованың еңбегінде қазақ баспасөзінің, оның ішінде газет құрылымы, газет типтері, газет жанрлары, газет тақырыптары туралы жан-жақты сөз етіледі. Сондай-ақ осы кезеңде жазылған зерттеуші О. Бүркітовтың «Қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі» атты кандидаттық диссертациясының қазақ баспасөзін зерттеуде зор маңызы бар.
Публицистикалық стильдегі шығарма қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болып, бұқараға ықпал ету сипаты басым келеді. Қоғамдық өмірдегі жаңалықтар, өзгерістер туралы жұртшылықты құлағдар етіп, қоғамдық пікір қалыптастырады. Публицистикалық стильдің барлық жанрларына ортақ мынадай қызметтері айқындалған:
- Ақпараттық (түрлі деректер мен хабарларды жеткізу) ;
- түсініктеме-баға берушілік (берілетін деректер көбінесе түсіндірумен, талдаумен немесе баға берушілікпен жеткізіліп отырады) ;
- танымдық-ағартушылық (мәдени-тарихи және ғылыми материалдарды жариялай отырып, БАҚ тыңдармандардың, оқырмандардың, көрермендердің білім қорын толықтырып отырады) ;
- ықпал ету қызметі көпшіліктің саяси-әлеуметтік көзқарасына, санасына әсер етушілік;
- гедонистикалық (әдетте, мұндай қызмет көңілді хабарларды жеткізу кезінде байқалады, әсіресе, радио мен телевизия арқылы кез келген хабардың тыңдарман мен көрермендердің көңіл-күйін көтеретіндей, эстетикалық қажетін өтейтіндей тартымды, әсерлі жүргізілуі) .
Публицистикалық стильдің экстралингвистикалық сипаты төмендегідей:
- ақпараттың жедел қабылдануы;
- хабардың толыққанды жеткізілуі;
- баяндаудың: а) нақтылығы; ә) фактографиялылығы; б) логикалылығы; в) ықшамдылығы; г) экспрессивті-эмоционалдылығы; ғ) қимыл-әрекетке итермелеуі.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда Интернет, кабельді теледидар қарқынды дамып келеді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ақпарат нарығында кеңінен қолданыс табуда. Ұлттық теледидар мен радиостансалар ұлттық ғарыштық жүйе арқылы таратылуда. 2002 жылы CaspioNet (операторы Eutelsat) ғарыштық арнасы құрылды. Республиканың барлық аумағында кабельдік және ғарыштық арналар арқылы BBC, CN, Deutsche Welle арналарының бағдарламалары, Азаттық радиосы, Польшаның Polonia арнасы, ресейлік және басқа да телерадио арналар көрсетіледі. [2; 84] .
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде әлемнің 20 елінен 80-нен астам шетелдік БАҚ-тардың өкілдері тіркелген. Олардың қатарына BBC, Associated Press, Интерфакс, France Precc, Reuters, ITAR-TASS сияқты дүние жүзіне танымал аса ірі ақпараттар агенттіктері бар.
Ұлттық қоғамдық саяси, рухани-мәдени өмірде болып жататынөзгерістердің барлығы оның тілінен көрініс таппай қоймайды. Тіл тек қатынас құралы ғана емес, халықтың тынысы мен білімінің жинақтаушысы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz