Көздің аномалиялары бар қозылар цитогенетикасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ыдрыс Мөлдір Берікқызы

Қазақстанның экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтарындағы қойлардың хромосомалық аберрацияларын зерттеу

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В070100 - «Биотехнология»

Алматы- 2019 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
9
: 1.
: ТАРАУ
КІРІСПЕ: ТАРАУ. ҚОЙЛАРДЫҢ ТУМЫСТАН БОЛҒАН АНОМАЛИЯЛАРЫНЫҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ (Негізгі бөлім)
9: 11
:
: 1. 1.
КІРІСПЕ: Тумыстан болған аномалиялардың себептері, түрлері және тұқым қуалаушылық касиеттері
9: 11
:
: 1. 2.
КІРІСПЕ: Генетикалық аномалиялар және олардың қой популяцияларында таралуы
9: 21
:
: 1. 3.
КІРІСПЕ: Қойлардың тумыстан болған аномалияларының пайда болуына экзогендік факторлардың әсері
9: 25
:
: 1. 4
КІРІСПЕ: Генетикалық және тумыстан болған аномалияларды қой тұқымдарында таратпау шаралары
9: 30
: 2.
: ТАРАУ. ЦИТОГЕНЕТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕРІ
КІРІСПЕ: 35
:
: 2. 1
КІРІСПЕ: Хромосома препараттарын дайындау үшін клеткаларды организмнен бөліп алу жолдары
9: 35
:
: 2. 2
КІРІСПЕ: Мал қанының лимфоциттерін жасанды жағдайда өсіріп, олардан хромосома препараттарын дайындау жолдары
9: 36
: 3.
: ТАРАУ. ҚОЙДЫҢ ТУМЫСТАН БОЛАТЫН КЕМІСТІКТЕРІ МЕН АНОМАЛИЯЛАРЫНЫҢ ЦИТОГЕНЕТИКАСЫ
КІРІСПЕ: 40
:
: 3. 1.
КІРІСПЕ: Тумыстан болған аномалиялары бар мал цитогенетикасы
9: 40
:
: 3. 2.
КІРІСПЕ:

Тумыстан болған аномалиялары бар қаракөл тұқымды қозылар цитогенетикасы

9: 43
:
: 3. 3.
КІРІСПЕ:

Көздің аномалиялары бар қозылар цитогенетикасы

9: 45
:
: 3. 4.
КІРІСПЕ: Ac қорыту мүшелерінің аномалиялары бар қозылар цитогенетикасы
9: 47
:
: 3. 5.
КІРІСПЕ: Жүйке жүйесінің аномалиялары бар қозылар цитогенетикасы
9: 48
:
: 3. 6.
КІРІСПЕ:

Аяқ сүйектерінің кемістіктері бар қозылар цитогенетикасы

9: 49
: 4
: Тарау
КІРІСПЕ: Экономикалық бөлім
9: 52
: 5
: Тарау
КІРІСПЕ: Сәулелік микроскопта жұмыс жасағанда қауіпсіздікті сақтау ережелері
9: 54
:
: 5. 1.
КІРІСПЕ: Бокста клетка культуралары және ұлпалармен жұмыс жасағанда қауіпсіздікті сақтау ережелері
9: 54
: ҚОРЫТЫНДЫ
: 55
: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
: 56

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтарындағы қойлардың хромосомалық аберрацияларынның құрылымдық өзгерістерін зерттеу ауыл шаруашылығындағы маңызды мәселелердің бірі. Дені сау және кемтар малдың әр түрлі тұқымдарындағы хромосомаларының өзгеру деңгейін анықтау осы уақытқа дейін толық зерттелмей келе жатқан өзекті мәселе.

Жұмыстың мақсаты:

Жануарлардың әр түрлі популяцияларында тумыстан болған кемістіктер мен аномалияларының кездесу жиілігі мен олардың кандарындағы экологиялық қолайсыз факторлардың әсерін зерттеу.

Қойылатын талаптар:

  • ауыл шаруашылығы малының тумыстан болған кемістіктердің кездесу жиілігін азайту үшін генетикалық, зоотехникалық және ветеринариялық тиімді шараларды қолдану;
  • кемістіктердің этиологиясын, яғни пайда болу себептерін анықтау үшін цитогенетикалық әдістерді қолдану.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың 2010 жылғы халыққа жолдауында, агроөнеркәсіптің, сондай-ақ биотехнология саласының алдында замануйи даму сатысы жаңа аса маңызды кешенді мемлекеттің атап өтті.

Қазақстан аграрлы сектордың дамуында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. ауыл шаруашылығының 2002 жыл менен салыстырғанда алынған өнім көрсеткіші шамамен екі есеге өскен, бірақ республика алдында, на пороге ее вступления в ВТО мүше болу қарсаңында биотехнологияны дамытуда үлкен.

Ағзаның өсіп - өнуіне, дамуына және онтогенездің жалпы ағымына қажетті генетикалық информациямен қамтамасыз ететін, жануарлардың белгілері мен қасиеттерінің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігіне генетикалық бақылау жасайтын құрылымдар клеткалардың хромосомалары. Хромосома геномның үзік-үзікті (дискретті) жеке бөлігі болып саналады. Ол дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) мен белоктардан тұрады және хромосомаларда гендердің жиынтығы болады. Сондықтан сүтқоректі жануарларды цитогенетикалық әдістің көмегімен зерттеу немесе клеткадағы хромосомалардың жалпы санын анықтау, жеке хромосоманың құрылысын - морфологиясын сипаттау, олардың абсолютті және салыстырмалы ұзындықтарьн өлшеу, хромосомалардьң ұзын және қысқа иықтарының ара қатынастық мөлшерін центромерлік индексін есептеу, ядрошық ұйымдастырушы аудандардың қандай хромосомада орналасқанын көрсету, гомологты хромосомалардьң бір-біріне ұқсастық деңгейін тексеру, хромосомалардың ұзына бойында эухроматиндік және гетерохроматиндік аудандардың қалыпты орналасуын айқындап, нақты белгілеу ауыл шаруа-шылығы малының генетикасы үшін маңызды болып табылады.

Ауыл шаруашылығы малын цитогенетикалық зерттеу таяуда басталды. Қазіргі уақытта геномның сипаттамасы мен құрылымын цитогенетикалық әдіспен зерттеу нәтижелері биология және ауыл шаруашылығы ғылымының негізгі бір құралы ретінде мал шаруашылығьның әр түрлі салаларының өзекті мәселелерін шешуде жиі қолданыла бастады.

Ғылыми әдебиеттерге талдау жасағанда ауыл шаруашылығы малының әр түрлі тұқымдары мен популяцияларының қалыпты кариотиптері және хромосомаларындағы сандық және құрылымдық өзгергіштіктердің деңгейлері перифериялық қан мен сүйек миының клеткаларында зерттелгені анықтадды. Сонымен қатар түрлердің пайда болуындагы кариотиптік эволюцияның маңызы, малды будандастырудың цитогенетикалық аспектілері, малдың өнімділік қабілетінің хромосомалық маркерлерін анықтау, хромосомалардағы гендердің цитологиялық карталарын құрастыру, жеке хромосоманың ультрақұрылымын сипаттау сияқты күрделі мәселелерді зерттеуді қажет етеді.

Ғылыми әдебиеттерде қоршаған ортаның зиянды әрекетгері мен жан-жануарлардың генетикалық аппаратында - хромосомаларында болатын өзгерістердің ара катынастық байланыстылығы айқын көрсетілген. Қазақстанның кейбір өңірлеріндегі экологиялық жағдайларға ғылыми сипаттама бергенде сол қоршаған ортадағы жағымсыз физикалық және химиялық мутагендер мен тератогендердің адамдар мен жан-жануарлар организміне келтіретін зиянды салдарларын ерекше атап өту керек. Семейдің бұрынғы атомдық сынақ полигонының радиациялық әсерлерінен, Аралдың құрғап кетуінен, жұмыс істеп тұрған зауыттар мен фабрикалардың өндірістік қалдықтарынан, жердің астындағы қазба байлықтарды өндіру кезіндегі қоршаған ортаның ластануынан, медицина мен малдәрігерлік қолданылатын кейбір дәрілер мен препараттардың әсерінен сүтқоректі жануарлар популяцияларында тумыстан болған кемістіктер мен аномалиялар санының көбеюі мүмкін.

Қоршаған ортаның қазіргі уақыттағы экологиялық бұзылу деңгейінің өте жоғары болуына байланысты сүтқоректі жануарларда кездесетін тумыстан болған аномалиялар мен кемістіктердің түрлерін анықтап, олардың пайда болу механизмдері мен тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттеу биологияның, медицинаның, малдәрігерлігінің және мал шаруашылығы ғылымының маңызды міндеті болып саналады.

Қазіргі мал шаруашылығының теориясы мен практикасы үшін аномалиялардың организмде пайда болу себебін анықтау өте маңызды. Мал шаруашылығында тумыстан болған кемістіктерді емдемейді. Сондықтан оларды популяцияда таратпаудың тек бір ғана әдісі бар. Ол алдын ала сақтандыру шараларын пайдалану.

Популяциядағы тумыстан болған кемістіктердің кездесу жиілігін азайту жолы генетикалық, зоотехникалық және ветеринариялық тиімді шараларды қолданып, олардың этиологиясын, яғни пайда болу себептерін анықтау болып табылады.

Мал шаруашылығын заман талабына сай тиімді жүргізу үшін мал тұқымдарының, популяцияларының, жоғары өнімді жеке малдың генетикалық мүмкіндіктерін анықтау қазіргі биология мен мал шаруашылығы ғылымдарының алдында түрған өзекті мәселелердің бірі.

Сондықтан республикада негізгі түлік болып саналатын қойдың цитогенетикасын дамытып, оның жетістіктерін жан-жақты сараптап, мал шаруашылығында тиімді пайдалану қажет.

1 ТАРАУ. ҚОЙЛАРДЫҢ ТУМЫСТАН БОЛҒАН АНОМАЛИЯЛАРЫНЫҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ( Негізгі бөлім )

Тумыстан болған аномалиялардың пайда болу механизмдерін, олардың этиологиясындағы генетикалық және қоршаған ортаның факторларының маңызын зерттеу - қазіргі биологияның өзекті мәселесі.

Эксперименттік зерттеулер нәтижесінде сыртқы қоршаған ортаның көптеген факторларының (химиялық, физикалық, биологиялык) тератогендік белсенділігі болатыны анықталды. Бірақ бұлардың организмге әсер ету механизмдері көбіне белгісіз және зерттелмеген. Мысалы, көптеген факторлар үшін тератогендік және мутагендік белсенділіктердің өзара қатынасы әлі белгісіз. Сонымен қатар эксперимент жүргізетін үлгіні дұрыс тандап алу мен алынған нәтижелерді сүтқоректілердің бір түрінен екіншісіне экстрополяция жасауды да жан-жақты ойластыру керек. Мысалы, адамның тумыстан болған кемістіктерінің этиологиясын дұрыс анықтап және оларға ғылыми негізделген диагноз қою үшін зертханалық жануарларға эксперимент жүргізіп, пайда болған ұқсас кемістіктерге генетикалык, және эмбриологиялық талдау жүргізіледі.

1. 1. Тумыстан болған аномалиялардың себептері, түрлері және тұқым қуалаушылық касиеттері

Қойлардың тумыстан болған аномалияларының этиологиясы басқа сүтқоректілердікі сияқты генетикалық немесе эндогеңдік, қоршаған ортаның әсері немесе экзогендік және осы екеуінің - тұқым қуалаушылық пен қоршаған ортаның бірлескен факторларынан тұрады [7, 11] .

Генетикалық аномалиялар мутантты гендердің және хромосомалардың аберрациялары мен геномдық мутациялардың салдарларынан болады. Дубининнің анықтауы бойынша, «тұқым қуалайтын аномалиялар -организмнің дене құрылысы мен қызметтеріндегі генетикалық әсерлерден болатын ауыткушылықтар. Осының әсерінен малдың өміршеңдігі мен өнімділік қасиеттері төмендейді. Басқаша айтқанда, генетикалық аномалия дегеніміз жаңадан пайда болған (de novo) немесе аталық-аналық организмдерде болатын гендік, хромосомалық, геномдық мутациялардың әсерлерінен организмнің анатомиялық құрылымы мен физиологиялық, биохимиялық қызметтерінің бұзылып, жан-жануарлардың қоршаған ортаға бейімділік қасиеттерінің тұрақты және кері дамымайтын өзгергіштігі».

Гендердің мутацияларының салдарынан тумыстан болған кемістіктердің клиникалық сипаттамалары және олардың мүшелері мен ұлпаларының бұзылу деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Мутантты гендердің генетикалық әсері онтогенездің кез келген сатысында байқалады. Сонымен қатар геннің мутациясының экспрессиялық деңгейі көбіне қоршаған ортаның зиянды факторларының организмге тигізетін жағымсыз әсерінің деңгейіне байланысты.

Эмбрион мен ұрықтың қалыпты дамуы күрделі эмбриологиялық, цитологиялық, морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық ағымдардың, генетикалық факторлар мен қоршаған ортаның бірлескен ара қатынастығымен толық байланысты. Егер қоршаған ортаның тератогендік факторлары ұрықтың даму кезеңінің алғашқы сатысында әсер етсе, онда эмбрион мен ұрықтың көбі өледі, ал тумыстан болған аномалиялары бар дарабастар сирек туады.

Тумыстан болған анатомиялық, морфологиялық аномалиялардың пайда болуы және мүшелердің қызметтерінің бұзылуы органо­генез жоғарғы деңгейде жүріп, эмбрион мен ұрық қарқынды дамып, өсіп жатқанда оларға тератогендік факторлар әсер еткен уақытпен дәлме дәл келеді [1, 3, 28] .

Дамып, өсіп келе жатқан ағзаға белгілі бір кезенде әсер ететін қоршаған ортаның зиянды факторлары тератогендердің салдарынан экзогендік немесе түқым қуаламайтын аномалиялар пайда болады. Бұл экзогендік себептердің қатарына химиялық, физикалық және биологиялық факторлар жатады.

Қойдың эмбрионына немесе ұрығына генетикалық және қоршаған ортаның экзогендік факторлары бірдей әсер еткенде болатын аномалияларды фенокөшірме (фенокопия) деп атайды [ 9, 31] .

Тумыстан болган аномалияларды болдыратын эндогендік факторларга жоғарыда айтылған гендердің мутациясы мен хромосомалардың аберрацияларынан басқа эндокриндік аурулар, ата-ананың жас мөлшері мен жыныс клеткаларының «өте жетіліп кетуі» жатады .

Халықаралық летальдық кемістіктердің тізіміне қойларда анықталған аномалиялардың 15 түрі енгізілген. Олардың 13-і (бұлшық еттің контрактурасы, құлақтың дамымауы, қасқыр араны, артқы аяқтың параличі, сүйек пен жүн талшықтарының кемістіктері, адактилия, сұр түстілік, ергежейлілік, жарыққа шамадан тыс сезімталдық, бұлшық еттің дистрофиясы, астыңғы жақ сүйектің аплазиясы, өңештің агнатия синдромы, мишықтың атаксиясы, жәй атак­сия, анустың атрезиясы) аутосомалардағы рецессивті мутантты гендердің әсерінен болады. Ал, қалған екеуінің - аяқтың шеткі сүйектерінің ампутациясы мен ұрықтың тумыстан болған сулы-лығының тұқым қуалаушылық қасиеттері анықталмаған. Ұрықтың сулылығы мен оның мумикациясы саулықтардағы қалыпты дамудың - эмбриогенездің бұзылуынан болады. Ұрықтың мумикациясы өте сирек кездеседі, ал ұрықтың сулылығы кейбір қой тұқымдарында жиі байқалып, ол Халықаралық тізімдегі летальдық кемістіктер (Д 14 ) қатарына енгізілген [14] .

Қойдың астыңғы жақ сүйегінің дамымауы Халықаралық летальдық кемістіктердің тізіміне Д 10 кодпен кіріп, оның аутосомалық рецессивтік түқым қуалайтыны анықталған. Осыған үқсас ано­малия буаз саулықтарды белгілі бір кезенде Калифорниялық томар дәрі шөбімен азықтандырғанда пайда болады [13, 17] .

Асыл тұқымды мал зауыттарының өзінде қойлардың мойындарының қисаюы 14%-ға дейін кездеседі және бұл кемістік рецессивті түрде тұқым қуалайды деп есептеледі [2, 29] .

Аяқ сүйектерінің кемістіктерінің болу себептерін анықтау қиын Дегенмен олардың кейбіреулері қойлардың жем-шөбіндегі микроэлементтердің аздығы мен дұрыс мөлшерде болмауының салдарынан және эмбрионының өсіп - дамуының белгілі бір кезендерінде кейбір өсімдіктердің оларға тигізетін тератогендік әсерінен болатыңдығы белгілі [8, 26] .

Анкон қой тұқымдарында аяқ сүйектерінің дұрыс деңгейге дейін дамымауынан болатын ергежейліліктің этиологиясы аяқтың қалыпты ұзындығының рецессивтік қасиеті екені анықталды. Ұқсас аномалиялар меринос тұқымды қойларда да кездеседі. Ергежейліліктің басқа түрінің пайда болуы қалқанша бездің тиреогендік қызметінің бұзылуынан қой организміңде жалпы зат алмасуының кемістіктеріне байланысты. Бақайлардың адактилиясы Халықаралық тізімге енгізілген (Д 5 ) . Осы аномалия мен перомелия аутосомалық рецессивтік түрде тұқым қуалайды. Жаңа туған қозыларда кездесетін кейбір аномалиялар - сүйектердің бірнеше жерден қисаюы, жүннің қысқа, тықыр болуы және тумыстан болған шат жарығының аутосомалық рецессивтж тұқым қуалаушылық қасиеттері анықталған [5, 12] .

Малда анатомиялық - топографиялық орналасуына қарай кіндіктің, шаттың және ұманың тумыстан болған жарықтары болады. Осындай жарықтар басқа малға қарағанда қойларда сирек кездеседі. Шаттың және ұманың жарықтары, негізінен, тумыстан болған аномалиялар қатарына жатады және олар эмбриогенез кезінде аттас мүшелердің құрылымы мен дамуының бұзылуынан болатын кемістіктерге байланысты. Ал, кіндік жарығы қозылар туғанда немесе туганнан кейін пайда болатын кемістіктер деп есептеледі.

«Өрмекші тәрізді» синдромның этиологиясы қой тұқымындағы инбридингтің көрсеткішінің (коэффициентінің) жоғарылауы себепті отарда осы синдромды болдыратын жағымсыз мутациялық гендері бар саулықтар санының көбеюіне байланысты. Осындай аномалиялары бар қозыларды генетиканың жаңа әдістерін, оның ішінде цитогенетикалық әдісті қолданып зерттегенде осы синдромның этиологиясы қой популяциясында рецессивтік мутантты геннің болуына байланысты екен-дігі толығымен дәлелденді [13] .

Қозыларда кездесетін «өрмекші тәрізді» синдромға ұқсас спайдер-синдромы бар дарабастар аномалияларының патогенезі мен этиологиясына талдау жасағанда бұлардың екеуі де даму аномалияларының генетикасы мен тератологиясында бұрыннан белгілі хондродисплазия синдромына ұқсас, тіпті олардың синонимдері екені анықталды. Хондроциттердің көптеп бұзылуынан остеогенез ағымы дұрыс жүрмейді де, сүйек пен шеміршектер қалыпты деңгейге дейін өсіп жетілмей қалады [5, 27] .

Барлық аяқ буындарының артрогрипозы, буыңдардың жартылай бүгілуі мен тіптен бүгілмеуі аяқтың бұлшық еттерінің контрактурасынан да болады. Аномалиясы бар қозылардың аяқ сүйектері «шананың табаны» сияқты қисайьш, бұлшық еттері қалыпты деңгейге дейін дамымайды. Осындай қозылар көбінесе өлі туады немесе туғаннан кейін бірнеше күннен кейін өледі. Бұл аномалия Халықаралық тізімде рецессивпік летальдық мутация (Д, ) ретінде тіркелген және Шотландияның тауында өсетін валин тұқымды, Австралияның меринос және Европаның кейбір қой тұқымдарында басқа жерлерде өсетін қойларға қарағанда жиі кездеседі . Генетикалық талдау арқылы қойларда кездесетін көздің микрофтальмиясының аутосомалық рецессивтік тұқым қуалаушылығы анықталды [7, 14] .

Генетикалық тұрғыдан қарастырғанда тумыстан болған құлақтың қалыпты деңгейге дейін дамымауы (микротия) мен оның дамып-өспеуі (анотия) доминанттық факторлардың әсерінен болатын тұқым қуалаушылықтың аралық түрінің айқын мысалы бола алады. Гетерозиготалы жағдайда құлақ қалыпты деңгейге дейін дамымайды да, ал гомозиготалы кезде құлақ болмайды. Рецессивтік мутанттық геннің летальдық әсерінен болатын қойдың қүлағының анотиясы мен қатты тандайдың жарықтығы Халықаралық тізімге ( Д 2 ) кіргізілген .

Ac қорыту мүшелерінің аномалияларының тұқым қуалаушылық қасиеттері осы күнге дейін белгісіз. Егер тік ішектің өзінің атрезиясы, шамамен, генетикалық фактордың әсерінен болады деп есептелсе, анустың атрезиясы аутосомалық рецессивтік түрде тұқым қуалайды және ол Халықаралық тізімге енгізілген (Д 13 ) . Анустың атрезиясы бар қозыға генеалогиялық талдау жүргізгенде осы қозының енесі мен оны ұрықтандырған қошқардың ортақ, үш жалпы тектері болғаны анықталды. Сондықтан осы жағдай аномалияны болдыратын рецессивті геннің генетикалық әсерін арттырды деуге негіз бар. Қойларда кездесетін «ақ бауыр» деп аталатын ауру топырақта, шөпте кобальт жетіспегенде жиі пайда болады [11] .

Қозыларда тұқым қуалайтын эпилепсиялық қалтырап тырысу мен артқы аяқтың параличтері сенімді түрде аңықталады. Бүлар летальдық әсері бар рецессивтік тұқым куалайтын аномалия ретінде Халықаралық тізімге енген (Д 3 ) . Сонымен қатар қозылардың жүйке жүйесінің аномалиялары белгісіз этиологиялық себептерден және тұқым қуалаушылық пен экзогендік факторлардың әсерінен пайда болады. Мидың аномалиялары кезіндегі оның құрылысындағы анатомиялық ауытқулар мен гистологиялық өзгерістер ірі қарада толығымен сипатталған [5, 11] .

Мишықтың атаксиясы бар қозылар тірі туғанымен, олар орнынан қозғала алмайды. Бұл аномалия рецессивтік түрде тұқым қуалайды деген болжам бар және ол Халыкаралық тізімге кірген. Қойдың әр түрлі тұқымдарында кездесу жиілігі мен патогенезі толық зерттелген «желгіш ауруы» немесе скрептердің тұқым қуалаушылығы туралы бірыңғай мәлімет жоқ [14, 21] .

Бұлшық еттер мен сіңірлердің аномалияларьшың ішінен бұлшық еттің дистрофиясы Халықаралық тізімге кірген (Д 9 ) . Бұл аномалия Австралияның меринос қойларында жиі кездеседі және осы кемістік бірінші рет 1954 жылы сипатталған бойынша. Кейінгі уақытта аномалиялары бар жаңа туған қозылардың клиникасы мен патогенезін және олардың бұлшық еттерін гистологиялық зерттеу нәтижесінде осы аномалияны бұлшық еттердің басқа кемістіктерінен ажыратуға мүмкіндік туды [8] .

Бұлшық еттер жүйесінің көптеген бұзылымдары қозылардың өлі тууына немесе туа салысымен өліп қалуына себеп болады. Ғылыми әдебиеттерде көрсетілген ұқсас кемістіктер осы бұлшық еттердің дистрофиясының әр түрлі деңгейдегі бұзылуының салдары. Скандинавияда өсірілетін қойларда бұлшық еттердің гипертрофиясының белгісіз патогенезі тіркелген .

Қойдың қан жасау, қан айналу мен қан тамырлары мүшелерінің аномалиялары тератологиялық әдебиеттерде белгілі деңгейде зерттелмеген және олардың этиологиясы көбінесе анықталмаған. Мысалы, қойларда жүректің ақаулары, жүректің гипоплазиясы, жүректің сол жақ қарыншасының гипоплазиясы және бауыр артериясының аномалиялары тіркелген. Бірақ бұлардың этиологиясы белгісіз[30] .

Кіндіктен қанның тоқтамай ағуы арнайы ғылыми әдебиеттерде белгілі гемаррогиялық диатезге өте ұқсас. Мұның жануарлардағы қан жасау (гемопоэздың) ағымының бұзылуынан болуы мүмкін. Бұл қозылардың клиникасы мен патогенезі сипатталғанымен, оның этиологиясын анықтау үшін өте қымбат түратын зертханалық зерттеулер жүргізу қажет.

Қойлардың альбинизмі жүн талшықтарының пигментациясының кемістіктеріне жатқанымен, осындай аномалиясы бар қозылардың организмінде көптеген басқа өзгерістер де болады. Э. Визнер мен З. Виллердің анықтауынша «альбинизм дегеніміз қойлардың терісінде, жүнінде, көздерінде меланоциттердің организмге қажетті деңгейдегі азоты бар меланин өңдірмеуінен болатын пигменттің жетіспеуі». Қаракөл қойларында бірінші анықталған сүр түсті летальды аномалия Халықаралық тізімге енгізілген (Д 6 ) . Аномалия анықталғанынан бері ол қаракөл қойларының әр түстілігінің генетикалық негізін зерттейтін үлгі ретінде кеңінен пайдаланылып келеді. Альбиноид қозылардың әр түрлі мүшелері мен ұлпаларын эмбриологиялық, морфологиялық және гистохимиялық зерттеу мен олардың қанының гематологиялық және физиологиялық көрсеткіштерін анықтау арқылы осы аномалияның айқын емес түрлері және олардың қозылардың өміршендік қасиеттеріне тигізетін әсері толығымен зерттелді. Альбиноидты эмбриондар эмбриогенездің 29- күнінен бастап өледі (зиготалық летальділік) . Ал, үлкен қозылар ас қорыту мүшелерінің қызметінің бұзылуынан өледі. Қазіргі уақытта альбиноид қозыларды алдын-ала анықтайтын анатомиялық, морфологиялық және биохимиялық айқындағыштар бар. Альбиноид каракол қозыларына ұқсас сұр түстілік аномалиясы исландық және мұңғұлдық сұр қой тұқымдарында жиі кездеседі. Қойдың жүн талшығының «жібекке ұқсастығы» мен «жалтылдаушылығы» жүн фолликулаларының кемістіктері мен олардың теріде дұрыс орналаспауынан болатыны белгілі [6, 12, 23] .

Қойлардың терілерінде болатын жетілмеген эпителиогенез ромнимарш қойларында кездеседі. Ақ түсті дорпер тұқымды қойларда тері астының клеткаларының аномалиясы - дерматоспараксистің рецессивті геннің мутациясынан болатыны анықталды. Бұған мал терісінің коллагендік талшықтарының тұқым қуалайтын дисплазиясының (өспеуінің) салдарынан, жаңа туған қозылардың терілерінің беріктік қасиеті төмендеп, оның жыртылып кетуі себеп болады. Бұл аномалия кезінде организмде проколлагенді коллагенге айналдыратын фермент жетіспейді [11, 16] .

Tepi аномалияларынан генетикалық тұрғыдан терең зерттелгендері тумыстан болған гипотрихоз немесе теріге жүннің шықпауы мен жүннің пигментациясының кемістіктері. Гипотрихоз кезіндегі терінің гистологиялық құрылымы эмбриогенездің бастапқы даму сатысында тоқтап қалған қалыпты шаш фоликулаларының өсуіне өте ұқсас. Қара, қысқа құйрықты қой тұқымында осындай жүнсіз дарабастар жиі кездеседі [15, 30] .

Ұманың ортасынан екіге бөлінуі бір қошқардың үш еркек қозысында анықталғандықтан, бұл аномалияның тұқым қуалаушылық қасиеті бар деуге болады.

Зат алмасудың аномалиялары қатарына тумыстан болған алқым безінің ісуі мен бауырдың порфириясының әсерінен оның қызметінің толық бұзылуын жатқызуға болады. Алқым бездің ісіп үлкеюі таулы және тегіс далалы аймақтарда өсетін қой тұқымдарыңда жиі кездеседі. Ол қоршаған ортада, шөптерде йодтың жетіспеуінен немесе алқым безінің тұқым қуалайтын қалыпты қызметінің бұзылуынан болады [19] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хромосомалық аномалиялардың қой шаруашылығындағы құнды көрсеткіштерге әсерін зерттеу
Сирек кездесетін қой тұқымдарының хромосомалық аберрациясының кездесу жиілігі
Қой цитогенетикасының маңызды саласы - асыл тұқымды қойлардың хромосомаларын зерттеу
Генетикалық тұқым қуалау мен ортаға байланысты және экзогендік аномалиялар
Цитогенетика негіздері
Тұқым қуалайтын аурулардың түрі
25 – Адамның тұқым қуалайтын аурулары. Хромосомалық аурулар
Көру қабілетінің бұзылуының негізгі түрлері
Глаукома ауруы
Молекулалық генетика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz