Қазақтың салт - дәстүрлер құрамы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   
ТҮСІНІК ХАТ
Қазақстанның егемендi ел болуымен байланысты оқу-ағарту iсiнде оның басшылыққа алатын негiзгi идеялық бағыты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" бағдарламасында көрсеткендей, Қазақстандық патриотизмге негiзделуi керек.
Сондай-ақ Қазақстан үкiметi қабылдаған "Бiлiм туралы" заңның "Бiлiм жүйесi" деп аталатын екiншi бөлiмiнде "Бiлiм жүйесiнiң басты мiндеттерi: Қазақстан Республикасына шын берiлген, адал патриот азамат даярлау... Олар мемлекеттiк белгiлердiң мәнi мен маңызын терең түсiнген, халықтық дәстүрлердi қастерлейтiн... Халықтар достығының негiзiнде тәрбиеленген, халық, Отан, отбасы алдындағы жеке бастың мiндеттерi мен құқықтарын терең сезiнген... Қазақстанда тiршiлiк етушi халықтардың негiзiн қалаушы - Қазақ халқы мен басқа халықтардың тiлiн, тарихын, салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпын қадiр тұтып, оны игеруге кепiлдi азамат болуы керек" делiнген.
Осы мiндеттердi ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеушi келешек ұстаздар қауымы - бүгiнгi жоғары оқу орындарында оқып, бiлiм алып жатқан студент-жастар болмақ.
Ал студент-жастарға халық педагогикасының қыры мен сырын, ғылыми негiздерi мен тәлiмдiк мәнiн ғылыми педагогикалық тұрғыда игерудiң теориясы мен әдiс-тәсiлдерiн меңгерту мәселесiмен этнопедагогика пәнi айналысады.
Этнопедагогиканың зерттеу нысаны - халықтардың сан ғасырға созылған ұрпақ тәрбиелеу тәжiрибесi. Этнопедагогика пәнiнде этностар мәдениетiн айқындаудың методологиялық негiздерi болмыстық-философиялық, тұрмыстық-этнологиялық, шаруашылық-экономикалық, тарихи-әлеуметтiк және биологиялық бөлшегi деп, әрi табиғатты саналы түрде игерушi, қоғамдық-материалдық және рухани байлықтарды жасаушы күш деп қарау көзделген.
Бұл пәннiң методологиялық негiзi бойынша этностардың туып, дамып, қалыптасуын, кейiн "кәртәйiп" өлуiн табиғи-биологиялық, географиялық, климаттық жағдайларға байланысты да қарастыру сөз болады. Этностар мәдениетiнiң дамуын қоғамдық фармациялардың даму процесiмен байланысты деп қарайды. Осымен байланысты қазақ этносының даму кезеңiн шартты түрде 8 кезеңге бөлiп қарастыру, әр кезеңдегi тәрбиенiң өзiндiк ерекшелiктерiмен көзге тусуi, этностар мәдениетiн дамытудағы ұлы тұлғалардың тәлiмгерлiк-қайраткерлiк еңбектерi, салт-дәстүрлердiң мәдени мұра-ескерткiштерден, ұлттық өнер түрлерiнен көрiнiс табуы, ҮI -ғ. Орхон-Енисей жазба ескерткiштерiнiң, орта ғасыр ойшылдары (Қорқыт атадан басталып, Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашғари, А.Яссауи т.б) еңбектерiнiң тәлiмгерлiк мәнi, ХҮ-ХҮIII ғ.ғ. ақын-жыраулардың педагогикалық ойлары, ХIХ-ХХ ғ.ғ. қазақ ағартушылары мен педагог-қайраткерлердiң педагогоикалық еңбектерi жан-жақты талданады.
Әр дәрiс бойынша оқытушы мен студенттер арасында еркiн пiкiр алысу, әңгiме-сұхбат жасалып, студенттердiң өз бетiмен iздене бiлiмдi терең меңгеруiне бағытталған сұрау-тапсырмалар мен пайдаланылатын әдебиеттер тiзiмi берiледi.
Сондай-ақ рефераттардың тақырыптары ұсынылады. Ондағы басты принцип студенттердiң өз беттерiмен бiлiмдерiн тереңдетуге жол ашу, мүмкiндiк туғызу.
Пәндi оқытудың мақсаты: Халық педагогикасының үлгiлерi негiзiнде адами қасиеттерi қалыптасқан, елiн, жерiн, Отанын сүйетiн патриот азамат тәрбиелеу;
Сондай-ақ Қазақстанда тiршiлiк етiп, өмiр сүрушi басқа халықтардың да (тiлiн, салт-дәстүрiн, тарихы мен ұлттық мәдениетiн) қадiр тұтатын интернационалист азамат тәрбиелеу.
Пәннiң негiзгi мiндеттерi: "Халықтық тәрбиенiң түрлерiн студент жастардың бойына сiңiре отырып, олардың бойына ұлттық идеядағы бiлiм, бiлiк дағдыларды сiңiрiп қалыптастыру. Сөйтiп, дене еңбегiне де, ой еңбегiне де қабiлеттi, нарықтық-бәсекелестiкте өмiр сүруге икемдi, жан-жақты жетiлген, ұлттық намысы жоғары азамат етiп шығару.

Курстың тақырыптық-күнтізбелік жоспары

Рс

Тақырыптың аталуы
Сабақтың түріне байланысты сағаттың бөлінуі

Дәріс

Практикалық
Лаб-қ
СОЖЖ
СӨЖ

1
2
3
4
5
6
7
І. Этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздері
1.
Этнопедагогика пәнінің міндеті мен мақсаты
1

1
1
2.
Этнос туралы ұғым. Этностардың пайда болу заңдылықтары
1

1
1
ІІ. Халық тәлімінің тарихи кезеңдері
1.
Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері
2

2
2
2.
Қазақ даласында білімнің дамуы мен қалыптасуы
1

1
1
3.
Қазақстан Республикасындағы ұлттық тәлім-тәрбие
1

1
1
ІІІ. Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселелері
1.
Этнопедагогикалық түсініктерге ғылыми анықтамалар
1

1
1
2.
Қазақтың салт-дәстүрлер құрамы
1

1
1
3.
Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгiлерi
1

1
1
4.
Ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктері
2

2
2
ІҮ. Халық педагогикасының негізгі қағидалары және ғылыми педагогикамен байланысы
1.
Халық педагогикасының негізгі қағидалары
1

1
1
2.
Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың үндестігі
2

2
2
3.
Халық педагогикасы - этнопедагогиканың зерттеу объектісі
1

1
1
1
2
3
4
5
6
7
Ү. ХIХ екiншi жартысындағы қазақ ағартушы-демократтарының қазақ этномәдениетi туралы ой-пiкiрлерi

1.
Ш.Уәлихановтың қазақ халқының салт-дәстүрлерi туралы ой-пiкiрлерi
2

2
2
2.
Ы.Алтынсариннiң тәлiмдiк мұралары
1

1
1
3.
Қазақ этнопедагогикасы жөнiндегi А.Құнанбаевтың (1845-1904) көзқарастары
2

2
2
ҮІ. Қазақ этнопадагогикасының ғылыми негiзiн қалаушы көрнектi педагог-ғалымдар.
1
ХІХ ғ. мен ХХ. ғ. басындағы этнопедагогика негізін салушылардың идеялары
1

1
1
2.
Халық педагогикасының ауыз әдебиеті үлгілері мен салт-дәстүрдегі көрінісі
2

2
2
3.
Орта ғасыр ойшылдар еңбектерiндегi тәлiмдiк ой-пiкiрлер
1

1
1
Ақын-жыраулар мен билердің шешендік сөз өнеріндегі тәлімдік ойлары
1.

ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. ақын-жыраулардың тәлімдік идеялары. Билердің шешендік сөз өнерінің үлгі-өнегесі
2

2
2
2.
Ұлттық ойындар мен өнердің халықтық сипаты
2

2
2
3.
Қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін марапаттаудың әлеуметтік мәні
2

2
2

Барлығы
30

30
30

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) орындау және өткізу мерзімі
Жұмыс
Түрлерi
Жұмыс тақырыбы
Ұсынылатын әдебиеттерге
сiлтеме
Тапсыру
Уақыты
1
2
3
4
Аралық бақылау
Реферат-тың тақырыбы

1.Ұлт мәдениетiн зерттеудегi тарих, археология, этнография ғылымдарының ролi.
2.Ұлт мәдениетінің ауыз
әдебиеті үлгiлерi мен мифтiк,
дiни көзқарастардың көрiнiс табуы
3.Қазақ атауының этим.мәнi және
ол жөнiндегі әр түрлi көзқарастар
1,2,3,11
1-апта
Реферат-тық тақырып-тар

1.Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрiнiсi.
2.Ұлттық салт-дәстүрлердiң озығы мен тозығы
3.Ұлттық салт-дәстүр - ұрпақ тәрбиесiнiң пәрмендi құралы.
1, 3, 4, 5, 6
2- апта

Викторина
ауызша сайыс өткiзу
Тапсырма

1.Еңбек және дене тәрбиесi тақырыбына пед.түсiндiрме сөздiгiн жасап келу.
2.Еңбек және дене тәрбиесiне байланысты мақал-мәтелдер терiп жазып келу. Кiм осы тақырыпта мақал-мәтелдi көп бiледi? деген ауызша сайыс өткiзу
21,22, 27,37, 36

Реферат-тық тақырып-тар
1.Қазақтың салт-дәстүрдегi дiни наным-сенiмдер туралы.
2.Ы.Алтынсариннiң қазақтың салт-дәстүр туралы ойлары
3.А.Құнанбаев және халық педагогикасы.
7,9, 10, 11, 37, 29

Пiкiр сайысы
Тапсырма-лар

1.Еңбек тәрбиесі оқушы тұлғасын қалыптастырудың маңызы мен мәнiн қалай түсiнесiң?
2.Эконмикалық және құқықтық тәрбие түрлерiн ата-бабаларымыз қай кезден және қалай жүзеге асырған?
3.Саналы тәртiптi қалыптастыруда отбасының ролi қандай?
4.Бала тәрбиесiндегi тиым сөздердiң тәлiмдiк мәнi неде?
5."Адамды адам еткен - еңбек", "тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық; аздырар адам баласын" деген қанатты сөздердi қалай түсiнесiң?
6.Сұлулық, ерлiк, ақыл-ой тәрбиесі өзара байланысты қалай дәлелдейсiң?
7,9, 10, 11, 37, 29

Практика-лық жұмыс.
Тапсырма.

1.Экол.бiлiм мен тәрбие беруге қатысты пед.терминдiк түсiнiктеме сөздiк құрастырып келу
2.Экологиялық тәрбиеге байл. шығ. картотека жасату.
3.Нарықтық экон.және құқықтық тәрбие беру. негiзгi ұғым. түсiнiктеме сөздiк құрастыру
4.Экологиялық және құқықтық тәрбие сағат.үлгi тақырыптарын белгiлеп, тақ.жоспар түрiн жасап келу. т.б.
23, 27, 34, 35, 37
4-апта
Дөңгелек үстел өткiзу

1."Ата-ана жасөспiрiм көзiмен" деген тақырыпта дөңгелек үстел өткiзу.
2."Қиын отбасы деген дұрыс па?"деген тақырыпта пiкiр сайысын өткiзу.
3.А.Байтұрсынов және этнолингвистика ғылымы.
4.Н.Құлжанова және этнолингвистика ғылымы.
5.Ж.Аймауытов және халық психологиясы.
6.М.Жұмабаев және халық педагогикасы.
31, 30, 32, 34, 36, 38, 39

Реферат-тық тақырып-тар

1.Қазақ этнопедагогикасы ғылым ретiнде қалыптасуына қандай жағдай әсер еттi? Оның үш кезеңiне талдау жаса.
2.А.Байтұрсынов тiл ғылымының негiзiн салушы дегенде қалай дәлелдеуге болады?
3.Қазақ этнопсихологиясының негiзiн қалаудағы Ж.Аймауытовтың сiңiрген еңбегi неде?
4.М.Жұмабаевты неге қазақ этнопедагогикасының негiзiн қалаушы деймiз?
32, 34, 36, 38, 39, 43

Сұрау-тапсырма пiкiр сайысы

"Еңбек", "Қоғамдық пайдалы еңбек", "Өнiмдi еңбек", "Еңбекке деген қажеттiлiк", "Кәсiптiк мамандық", "Кәсiптiк бағдар", "Кәсiби қажеттiлiк" деген пед.ұғымды пайдалана отырып, "Халықтық педагогикасының еңбек тәрбиесi және кәсiптiкбағдар беру" атты шығарма-әңгiме жазып келу.
15,16, 12, 11, 10, 9
6-апта
Жазбаша шығарма
1.Дене еңбегiмен ой еңбегiнiң салыстырмалы кестесiн құрыңыз.
9, 8, 7, 6.

Өздiк жұмыс түрi

1.Халық педагогикасының бастау бұлағы - ауыз әдебиетiнiң үлгiлерi.
2.Ежелгi түрiк мәдениетiндегi (Орхан-Енисей жазба ескерткiшiндегi) тәлiмгерлiк ойлар
3. IХ ғ. Қорқыт ата жырындағы тәлiмдiк ой-пiкiрлер.
1, 11, 3, 47, 37, 35
7-апта
Реферат-тық тақырып-тар
1.Қиял-ғажайып ертегiлерiндегi ойлардың бүгiнгi ғылыми-техникалық прогреспен байланысы.
2.Хайуанаттар ертегiлерінің маз-мұнының адам мiнез-құлқымен байланысы.
3.Бата-тiлектердiң тәлiмдiк мәнi.
19, 20,21, 23, 24, 25

Пікір сайысы
Тиым сөздердiң тәлiмдiк мәнiн мысалдар келтiре отырып ажыратыңдар.
27, 29, 34, 35, 36

Өздік жұмысы
Тұрмыс-салт жырларының түрлерi мен өмiрде қолданылу аясына және тәлiмдiк мәнiне талдау жасаңдар.
2, 1, 3, 11

Пікір сайысы
1.Түрiк халықтарына ортақ қандай ұлттық дәстүрлер бар? Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы бар ма? Болса қалай айыруға болады?
2.Славян халықтарына ортақ қандай салт-дәстүрлердi бiлесiңдер? Олардың мазмұны мен тәлiмдiк мәнiне талдау жасаңдар.
7,9, 10, 11, 37, 29

Пікір сайысы
1.Әл-Фараби iлiмiндегi "Жетiлген адам" бейнесiне басты көңiл аудыру себебiн қалай түсiндiрер едiң?
2.М.Қашғари шығыс тiл мәдениетi мәселесiн талдап берiңiз?
3.Ж.Баласағұни өнер-бiлiмнiң қандай қызметiне ерекше мән берген?
4.Ахмет Игүнеки кiсiлiк қалай сипаттайды?
5.А.Яссауи ғашықтық ұғымын қандай мағынада қолданады?
18, 19, 24, 25, 26, 29

Пікір
сайыс
1.Асанқайғы не себептi "Жерұйықты" iздеумен болды?
2.Шалкиiз жыраудың ер-лiк пен елдiктi қатар жырлау себебi неде?
3.Бұқар жыраудың басты тiлектерi туралы түсiнiгi-ңiз қандай?
4.Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердi неге әдiл-дiктiң символы деймiз? Еңбектерiнен мысал келтiрiп, пiкiрiңдi дәлелде.
35, 34, 20, 37, 21, 25, 42

Реферат-тық тақырып-тар
1. Жыраулардың айырма-шылығы неде деп бiлесiз? Олардың әрқайсысына мысал келтiрiп, ойды дәлелде.
2.ХҮ-ХҮIIIғ.ғ. ақын-жыраулар өлеңдерiнен афоризм сөз тiркестерiн тауып, дәптерлерiңе жазып келiңдер. Олардың халық мақал-мәтелдерiмен мазмұндық ұқсастықтарын тауып талдаңдар.
27, 28, 29, 34, 11,

Өздік жұмысы
1.Ойын-сауықтың пайда болу себептерi қандай?
2Ойын-сауықтың тәрбие-лiк қызметi қандай?
3.Ойынның түрлерi және олардың құрлымдық ерекшелiктерi қандай?
34, 41, 35, 36, 11

Реферат-тық тақырып-тар
1.Ауылдық және қалалық мектептерде ұлттық ойынның қандай түрлерiн пайдалануға болар едi дейсiз?
2. Ұлттық ойынның түрлерiн кiм көп бiледi және олардың тәлiмдiк мәнiн дұрыс ажырата алады?
34, 41, 35, 36, 11

Өздік жұмысы
1.Киiз үйдiң бөлшектерiн атап, олардың атқаратын қызметтерiне сипаттама бер.
2.Киiз үйдiң жасау-жиһаздарын атап шығып, жасалу ерекшелiктерiмен тұрмыстық қызметiне талдау жаса.
3.Зергерлiк өнердiң тәлiмдiк қызметiне сипаттама бер.
27, 28, 29, 34, 11,

Пікір сайысы
1.Киiз үйдiң макетiн жасап, құрлысына жеке-жеке сипаттама бер.
2.Киiз үй жиһаздарының моделiн жасап, оның жасалу ерекшелiктерi мен атқарушылық қызметiн баянда.
27, 28, 29, 34, 11, 35, 36,

Өздік жұмысы
1.Киiз үйдiң бөлшектерi және жиһаздары туралы жұмбақтарды терiп жаттап келiңдер. "Кiм көп жұмбақ бiледi?"деген жарыс өткiзу.
27, 28, 29, 34, 11, 35, 36,

Реферат-тық тақырып-тар
1.Ас - адамның арқауы.
2.Ақын -сөз бастар, батыр - қол бастар
3.Қазақтың музыкалық аспаптары және олардың жасалу ерекшелiктерi
27, 28, 29, 34, 11, 35, 36,

Практика-лық жұмыстар
1.Бас табақ, күйеу табақ, орта табақ, жерiк асы табақтарының жасалу рәсiмдерiне сипаттама берiңдер.
2.Үйден ұлттық тағамның бiр түрiн жасап әкеп, оның жасалу технологиясын баяндап беру.
2,4, 5, 6, 21,27, 14

Реферат-тық тақырып-тар
1.Ұлттық киiмдер мен зергерлiк бұйымдардың аттарын және жасалу технологиясын кiм көп бiледi деген жарыс ұйымдастыру.
2,4, 5, 6, 21,27, 14

Практика-лық жұмыстар
1.Отбасы тәрбиесiнiң түрiне сипаттама бер.
2.Бала тәрбиесiндегi ата мен ананың ролi қандай?
3.Бiрнеше халықтың үйлену және өлгендердi жерлеу рәсiмдерiне талдау жасап тозығы мен озығын ажырат.
4.Жаңа заман тудырған салт-дәстүрлерге сипаттама берiп, тәлiмдiк мәнiн ажырат.
31, 30, 32, 34, 36, 38, 39

Реферат-тық тақырып-тар
1.Қазақ отбасына тән қандай дәстүрлер бар?
2.Қазақ отбасы тәрбиесiндегi мәдени құндылықтарға ненi жатқызар едiң?
3.Қазақ халқының ұл мен қыз тәрбиесiн жек-жек қарастырудың мәнi неде?
4."Үйлену оңай, үй болу қиын" деген мақалды қалай түсiнесiң?
5.Ерте жастан отбасын құруға қалай қарайсың? Жауабыңды дәлелде.
6.Отбасында кiмнiң сөз шешушi болғаны жөн деп ойлайсың?
7.Бар халыққа ортақ немесе жиi кездесетiн салт-дәстүр бар ма? Олар қандай?
8.Қазақ халқының қонақ күту рәсiмдерiне қазiргi заман қандай өзгерiстер енгiздi?
9.Қонаққа шақырудың бүгiнгi тәртiбi қандай? Оған өзiңнiң сын-пiкiрiңдi бiлдiр.
10.Қонақта отыру әдебi қандай болуы керек?
Оны өзiң сақтай бiлесiң бе?
11.Өзге ұлттардың қандай салт-дәстүрлерi саған ұнайды? Ол нелiктен ұнайды?
12.Қазақ халқының достығын нығайту үшiн не iстеп жүрсiң немесе не iстер едiң?
31, 30, 32, 34, 36, 38, 39

Аралық бақылау

Пәннiң барлық өткен тақырыптары бойынша

5-апта
11-апта
Қорытынды бақылау

Тест

15-апта

Бақылаудың түрлерi бойынша рейтинг балдарын бөлу
Варианттар түрi
Қорытынды бақылау түрлерi
Бақылау түрлерi
Балдар

1

Емтихан
Қорытынды бақылау

Аралық бақылау
Ағымдық бақылау
40

20

20

Студенттердiң бiлiмдерiн бағалау

Баға
Әрiптiк эквивалент
Пайызбен %
Ұпаймен
Өте жақсы
А
95-100
4

А-
90-94
3,67
Жақсы
В+
85-89
3,33

В
80-84
3,0

В-
75-79
2,67
Қанағаттанар-лық
С+
70-74
2,33

С
65-69
2,0

Д+
55-59
1,33

Д-
50-54
1,0
Қанағаттанар-лықсыз
Ғ
0-49
0

1.9. Курстың саясаты мен процедурасы

Курстың саясаты мен процедурасы студенттердiң сабаққа қатынасуын бақылаудан, бақылау түрлерi бойынша уақытылы есеп беруден, сабаққа қатынаспаған күнгi тақырыптарын толық меңгерiп, тапсырмаларды орындауынан тұрады. Әрбiр оқушы өткен сабақты уақыт ретiмен кешiктiрмей беру тиiстiлiгi қадағаланады. Әр дәрiс бойынша тиiстi бiлiм алуы қамтамасыз етiледi.

1-тарау. ЭТНОСТАР МӘДЕНИЕТIН ЗЕРТТЕУДIҢ ҒЫЛЫМИ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI
1.1. Этнопедагогика пәнiнiң мiндетi мен мақсаты

Жоспар:

1. Этнопедагогикамен байланысты пән атауы. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы.
2. Халықтық тәрбиенің негіздері.
3. Этностар мәдениетiн зерттейтiн қоғамдық ғылымдар және олардың өзара байланысы

Қазақстанның егемендi ел болуымен байланысты оқу-ағарту iсiнде оның басшылыққа алатын негiзгi идеялық бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" бағдарламасында көрсетiлгендей... қазақстандық патриотизмге негiзделуi керек". Ал Қазақстандық патриотизм мемлекеттiң территориялық тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттық мәдениеттiң сақталуын, Қазақстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн қамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалық және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк қазақ тiлi мен халықаралық қатынас тiлi - орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмақ. Бұл бағдарламада келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшiн қамқорлық жасау, оларға қажеттi бiлiм беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру, бүгiнгi нарықтық қатынас жағдайында өздерiнiң ата-бабаларының дәстүрiн сақтай отырып еңбек етуге әзiр болуын қамтамасыз ету көзделедi. Келер ұрпақтың бейбiт отанда өмiр сүрiп, шапшаң қарқынмен дамып, жан-жақты жетiлуi, Отанының адал патриоты болуы тиiс.
Сондай-ақ Қазақстан үкiметi қабылдаған "Бiлiм туралы" заңының "Бiлiм жүйесi" деп аталатын екiншi бөлiмiнде "Бiлiм беру жүйесiнiң (пәннiң) мiндеттерi; Қазақстан республикасына шын берiлген, адал патриот азамат даярлау... Олар мемлекеттiк белгiлердiң мәнi мен маңызын терең түсiнген, халықтық дәстүрлердi қастерлейтiн... Халықтар достығының негiзiнде тәрбиеленген, халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың мiндеттерi мен құқықтарын терең сезiнген... Қазақстанда тiршiлiк етушi халықтардың негiзiн қалаушы - қазақ халқы мен басқа халықтардың тiлiн, тарихын, салт-дәстүрлерiн қадiр тұтып, оны игеруге кепiлдi азамат болуы керек" делiнген.
Осы мiндеттердi ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеушi келешек ұстаздар қауымы - бүгiнгi педколледждер мен пединституттарда, университеттерде оқып бiлiм алып жатқан студент-жастар болмақ.
Ал студент-жастарға халық педагогикасының қыры мен сырын, ғылыми негiздерi мен тәлiмдiк мәнiн ғылыми педагогикалық тұрғыда игерудiң теориясы мен әдiстемесiн меңгерту мәселесiмен этнопедагогика пәнi айналысады.
Этнопедагогиканың зерттеу обьектiсi - халық педагогикасы. Халық педагогикасы халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсiлдерiне негiзделген бай тәжiрибесiнiң эмприкалық жиынтығы.
Этнопедагогика пәнiнiң мақсаты - халықтық салт-дәстүрдi, ұлттық өнердi дәрiптейтiн, ана тiлi мен дiнiн қастерлейтiн, отанын, елiн, жерiн сүйетiн жан-жақты жетiлген, саналы, намысқой азамат тәрбиелеу.
Бұл пәннiң көздейтiн мақсаты - халықтық тәрбие түрлерiн студент жастардың бойына сiңiрiп, бiлiм, бiлiк дағдыларын дамыту, сөйтiп дене еңбегiне де, ой еңбегiне де қабiлеттi, нарықтық-бәсекелестiк жағдайында өмiр сүруге икемдi, жан-жақты жетiлген азамат тәрбиелеп шығару. Ол жан және тән тәрбиесiн қатар жүргiзу арқылы студент-жастардың қайрат-жiгерiн, ақыл-парасатын халықтық өнер туындылары негiзiнде оқытып, тәрбиелеу арқылы iске асырылады.
Халықтық тәрбиенiң негiздерiн бiлдiртiп меңгерту үшiн, ең алдымен этнопедагогиканың теориялық-әдiснамалық, танымдық негiздерiн үйренiп бiлуге тура келедi. Ал ол этнос (ұлт) туралы ұғымды, этностардың туып, дамып қалыптасуын, этномәдениеттiң ерекшелiктерi мен оның әлемдiк өркениетке ұштасуын, кiрiгу процесiн теориялық тұрғыда қарастырудан басталады.
Этностар мәдениетiн зерттеу iсiмен ғылыми-методология айналысады. Сондықтан этнопедагогика пәнiн оқытуды этностар мәдениетiн зерттеудiң ғылыми-методологиялық, теориялық негiздерiн оқытудан бастауды жөн көрдiк.
Этностар өзiнiң өмiр сүру кезеңiнде нақтылы тарихи жағдайларға (оның iшiнде қоғамдық құрылыстардың да) байланысты бiрнеше рет өзгеруi мүмкiн. Этностар орта есеппен 1200-1500 жыл өмiр сүредi. Бiрақ ол түрлi географиялық, экономикалық, әлеуметтiк жағдайларға байланысты бiрде ұзақ, бiрде қысқа болуы ықтимал.
Жеткiлiктi географиялық жағдайға бейiмделмеген тiршiлiк иесi (оның iшiнде адам да) басқа жаққа ауып кетуi керек немесе өлiп, жоғалып тынады. Тiршiлiктiң жер бедерiне қарай икемделуiн биология ғылымы қарастырады. Ал ол тiрi организмде болатын биологиялық өзгерiстi географиялық жағдаймен байланыстыра зерттейтiн болғандықтан, зерттеушiге географиялық заңдылықтарды да жақсы бiлуi қажет. Этностардың жаратылысын география мен биология ғылымдарымен қоса, тарих ғылымы да тексередi. Себебi, этностар тарихы қоғам дамуымен тығыз байланысты. Бiз этностарды, бiр жағынан табиғаттың перзентi, биологиялық бөлшегi деп қарасақ, екiншiден, табиғи байлықтарды игере отырып, қоғамды құрушы күш деп бiлемiз. Қоғамның белгiлi даму кезеңiнде бiр этностың пайда болып, өсiп өркендеуi, керiсiнше, қоғам заңдылықтарына орай, ендi бiрде оның жойылып, орнына екiншi бiр этностың пайда болуы мүмкiн.
Ертедегi адамдарға жаратылыс тұтас құбылыс болып көрiндi. Олардың табиғат пен тарихтың байланысы туралы түсiнiгi де болмады. "ұқсас нәрсе ұқсастықтан туады" деген магиялық ұғым олардың ойынан берiк орын алды да, табиғат пен адам бойынан ұқсастық iздеу принципiн туғызды. Бұл принцип халықтық астрономия мен медицинада өзектi орын алды. Кейiн жеке ғылым салаларының дамып өркендеуi нәтижесiнде, ол түсiнiктер негiзсiз болып, практикалық iс-тәжiрибеден бiртiндеп ығысып шыға бастады. ХVIII-ХIХ ғасырларда ғылыми жаңалықтардың ашылып, орасан көп мәлiметтердiң жинақталуы ғылым салаларының кеңейiп, тармақталуына мүмкiндiк туғызды. Сөйтiп, табиғаттың (оның iшiнде этностардың да) даму заңдылықтарын зерттейтiн жаратылыстану ғылымының салалары (өсiмдiктану, жануартану, тәнтану т.б.) жеке-жеке ғылым түрлерi болып бөлiнiп шықты. Сондай-ақ қоғамның даму барысын анықтайтын тарих, қоғамтану, саяси экономия, социология, тарихи және диалектикалық материализм ғылымдары пайда болды.
Мұнан басқа ұлттық ерекшелiктердi зерттейтiн этнология, этнопсихология, этнопедагогика ғылымдары бар.
Ұлттың ұлт болуы үшiн қажеттi аумақтық, экономикалық, мәдени, психологиялық бiрлiкпен бiрге, тiлдiк тұтастық басты және ең негiзгi белгiлердiң бiрi болып саналады. Белгiлi бiр этнос адамдарының жан дүниесiндегi мiнез-құлық, сана-сезiм (этнопсихологиясы) мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр (этнологиясы) ерекшелiгi ұрпақтан-ұрпаққа ана тiлi арқылы жетедi. Ұлттық сана-сезiмнiң өсуi мен өшуi, бiр жағынан, ана тiлдiң тағдырын анықтаса, екiншi жағынан, ана тiлдiң даму дәрежесi ұлттық сана-сезiм деңгейiнiң өлшеуiшi болып есептеледi.
"Психология" атты оқу құралын қазақ тiлiнде жазып шыққан әдебиетшi ғалым Ж. Аймауытов бұдан дәл 70 жыл бұрын "Тәрбиеге жетекшi" деген еңбегiнде: "Ана тiлi - халық болып жаралғаннан бергi жан-дүниесiнiң айнасы, өсiп, өнiп, түрлене беретiн, мәңгi құламайтын бәйтерегi... Жүректiң терең сырларын, жанның барлық толқындарын тұқымнан-тұқымға жеткiзiп, сақтап отыратын қазынасы - сол халықтың тiлi" (1,6) - деген болатын. Кезiнде Ахмет Байтұрсыновтың да: "Сөзi (тiлi) жоғалған жұрттың өзi де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелi сол жұрттың тiлiн аздыруға тырысады", - деген ұлағатты ойы бүгiнге дейiн мән-мағынасын жоғалтқан жоқ. Бүгiнде "мәңгүрттер" делiнiп жүргендердiң пайда болуы сол тiл саясатының әлсiздiгiнiң жемiсi екенiн ұмытуға болмайды.
Ұлттық тәлiм-тәрбиенi (этнопедагогиканы) iске асыратын ұлттық тiл (этнолингвистика) екенi, ал оның ұлттың iшкi жан дүниесiмен, сана-сезiмiмен байланысты (этнопсихологиямен) жүргiзiлетiнi көпке аян. Этнолингвистика тiлдi этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика оны адам психологиясына, ал социолингвистика қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады.
Этнолигвистика дилектология, фольклористика, этнология, культурология, мифология сияқты ғылымдармен де байланысты. Себебi, бұлардың қай-қайсысы болсын, этнос табиғатын ашуға қызмет етедi және олардың зерттеу нысаны да ортақ. Мысалы, дилектология этностың жергiлiктi сөйлеу ерекшелiгiн, этнология мен фольклористика (оны жалпы культурология саласына жатқызуға да болады) этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени даму үрдiсiн, заттық және рухани мәдениетiн, салт-дәстүрiн зерттесе, мифология этностың дүниетанымын, сенiм-нанымын, өзiн қоршаған ортаға деген көзқарасын зерттейдi. Олай болса, бұлардың бәрi де тiкелей этносқа қатысты, бәрi де этностық ерекшелiктердi сипаттайды.
Ал философия - ғылымдардың ғылымы, барлық ғылымдарды зерттеудiң әдiс-тәсiлдерiн жинақтаушы, этностың болмыс-бiтiмiмен байланысты мәселелердiң басын бiрiктiрiп, методологиялық тұрғыда талдау жасайтын алтын дiңгек iспеттi. Демек, этнос бұлардың бәрiнiң бiр-бiрiмен тоқайласатын "мама ағашы", бәрiнiң "түйiсу нүктесi" болып табылады. Осы ғылымдардың даму заңдылықтарымен танысып, оны зерттеуде басшылыққа ала отырып, бiз адамзат тарихы мен табиғат өзгерiсiнде өзара байланыстылық бар екенiн байқаймыз. Себебi, адамзат тарихы мен табиғаттағы ұқсастық, бiрiншiден, олардың көп қырлылығында. Айталық, әрбiр адам немесе бүкiл адамзат тұтас физикалық дене, тiрi организм, жоғары биологиялық құндылық болып та, қоғамның мүшесi, халықтың өкiлi болып та көрiнедi. Екiншiден, табиғат адамның, тiршiлiк ететiн ортасы (отаны) болып саналады. Сонымен бiрге адамның өзi - хайуанаттан бөлiнген табиғат перзентi, үшiншiден, адам - табиғаттың құшағында тiршiлiк ететiн, оның перзентi бола отырып, табиғатты саналы түрде меңгерiп, өзiне қызмет етуге икемдеушi, яғни табиғатты игерушi. Адамдар бiрлесе еңбек етедi. Соның негiзiнде адамдар арасында қоғамдық қарым-қатынастар қалыптасады. Адамдардың қоғамдасып тiршiлiк етуi үшiн материалдық жағдайы мен тарихи жағдайының бiрлiгi қажет. Бұл жүйенi анықтаудың басты белгiсi материалдық байлықты өндiру тәсiлдерi мен оның игiлiктерiн пайдалану, яғни меншiктiң түрлерi болып саналады. Осының негiзiнде адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар қалыптасады. Қоғамдық құрылыс пен этностардың құрылысында тепе-теңдiк болған емес, болмайды да. Мысалы, ХIХ ғасырда Ресей капиталистiк қоғам сатысында тiршiлiк етсе, ал Ресейдiң колониялары Қазақстан мен Орта Азия елдерi феодалдық қоғам жағдайында өмiр сүрдi.
Әр халықтың тарихы өзiне көршi халықпен тығыз байланысты. Тiптi бiр-бiрiнен алыс жатқан халықтардың да тарихында себеп-салдарлық байланыстың болуы мүмкiн.
Әр халықтың қалыптасу тарихында олардың алдыңғы қатарлы тобы-зиялы қауым шешушi роль атқарса, ал бүкiл мемлекеттiң дамуында этностардың өзара байланысы басты роль атқарады. Этникалық зерттеулер ескi тарихи-мәдени ескерткiштердi анықтаудан, белгiлеуден басталады. Әр этнос өзiне тән материалдық-мәдени байлықты жасайды. Мәселен, еңбек құралдарының түрi, тұрмыстық тұтыну бұйымдары, құрал-саймандар, салт-дәстүрi, рухани көзқарастың бiрлiгi әр этностың өзiне тән ерекшелiгi болып саналады. Бұған халықтың ауыз әдебиетi үлгiлерi мен жазу-сызу мәдениетi де енедi. Ерте дәуiрдегi этностық тұрмыстың ерекшелiгiн тас дәуiрiнiң мұраларынан, үй құрылысы мен оның әшекейлiк бұйымдарынан, керамикалық ыдыстар мен оның ою-өрнек үлгiлерiнен байқаймыз. Мiне, бұл жағдайларды анықтауға археологиялық қазбалар көмектеседi. Мәдени қазба ескерткiштер ертедегi этностар мәдениетiнiң өркендеуiн немесе құлдырау кезеңiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Археологтар адам мен хайуанаттардың сүйегiн, қамалдардың қабырғаларындағы немесе бейiттердегi тұтыну заттарының қалдықтарын (бiлезiк, сырға, батырлардың сауыт-саймандары, қару-жарағы, ыдыс-аяғы т.б.) тауып, сол арқылы ескi мәдени мұралар жайында қорытынды жасайтын болады. Онда да ағаштан, терiден, қағаздан, шүберектен жасалған мәдени мұралардың үгiлiп шiритiнiн ұмытпау керек. Археологиялық қазба заттарды тарихпен байланыстыра, салыстыра қарамаса, зерттеушiнi шатастыруы мүмкiн. Этникалық мәдени мұралардың ұқсастық себебiн анықтауда салыстыра зерттеу әдiсi қажет. Мәселен, көршi этностармен сауда-саттық, мәдени қарым-қатынасы бiр этноста бар мәдени мұраларды екiншi этностың өзiнше өзгерiп пайдалануына мүмкiндiк туғызады. Мысалы, Еуропа мәдениетiнiң дамуына вавилондықтармен қарым-қатынастың әсерi болды. Француздар мен гректердiң архитектуралық ою-өрнек стилiндегi ұқсастықты олардың генетикалық байланысынан емес, сауда-саттық, мәдени байланыстың әсерiнен iздестiру қажет деп қараймыз.
Сондай-ақ, темiр дәуiрiнде пайда болған қанжар, барлық этностарға ортақ бұйым болғанымен, оның сабындағы, қынындағы ою-өрнек әр этностың өзiне тән ерекшелiгiн бiлдiредi (19,41)
Түрлi этностарда шырағданды, кәресiн шамды электр шамымен ауыстыру ұзақтығы әр түрлi болады. Ал бұл адам баласының материалдық игiлiктердi жасауы мен этногенездер табиғатының әр түрлi жағдайда дамитындығын дәлелдейдi. Вавилон болды, ол құрыды. Ертедегi Рим мемлекетiнiң орнына жаңа қалалар мен мемлекет өркен жайды. Сондай-ақ, бiр кездегi күштi көшпелi ғұн этносы жоғалып кеттi. Жер бетiнде бiрнеше халықтар жойылып, олардың орнына жаңа халықтар пайда болды. Ал қазiргi өркен жайып, өмiр сүрiп отырған ұлттардың да әлденеше ғасырдан кейiн жер бетiнен жоғалып, олардың орнын жаңа этностардың басуы мүмкiн. Кез келген табиғат жүйесiнiң, (соның iшiнде этностардың да) ыдырап, құрып бiтуi сөзсiз. Бұл - табиғат заңы. Өмiрдiң өлiммен ұштасуы, ал өлiмнен кейiн жаңа өмiрдiң жер бетiнде өркен жайып, дүниеге келуi - диалектикалық заңды құбылыс. Ал мәдениет тарихынан ондай диалектикалық заңдылықты көрмеймiз.
Табиғаттан адамның өзгешелiгi - олар материалдық игiлiктердi жасап, заттардың санын көбейткенiмен, табиғат сияқты, жанды бiр заттан екiншi бiр жанды зат (тiршiлiк иесiн) туғыза алмайды. Мысалы, табиғатта өсiмдiк пен аңдардың, хайуанаттардың жаңа түрлерi (белгiлi тарихи кезеңде) пайда болып, өсiп-өне бередi. Жер бедерiнiң тау-тас, жел мен жаңбырдың әсерiнен мүжiлiп, төбешiкке, тiптi бара-бара тегiс жерге айналуы, өзен-көлдердiң суалып, құрып кетуi немесе жер астына сiңiп, ағыс бағытын өзгертуi мүмкiн.
Ал адам баласы жасаған Мысыр пирамидасы немесе Эйфел мұнарасы өзгерiссiз, ғасырлар бойы сақталады. Мәдени ескерткiштердi жасаушы этностар жер бетiнен жоғалғанымен, олар жасаған мұралар ұзақ жылдар бойы өмiр сүредi (19,37).
Табиғат байлығын игерушi адамдардың мәдени-техникалық прогресi үнемi алға қарай жүре беретiн құбылыс болып көрiнуi мүмкiн. Бiрақ, шын мәнiсiнде, олай емес. Мәселен, бiздiң жыл санау дәуiрiмiзге дейiнгi VIII ғасырда өмiр сүрген скифтер қара теңiз жағасын жайлаған, 500 жыл бойы өркендеген, мәдениетi бай ел болған. Олар теңiз жолында сауда-саттықты өркендетiп, кереметтей өнердiң, өзiндiк мәдениеттiң иесiне айналды. Ал сол ұлт бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасырда сарматтардың соққысынан мүлде жойылып кеттi. Сарматтар 700 жыл өмiр сүрдi. Олар Византиямен астық, жүзiм сатып, сауда-саттық жасаған, қолөнерi дамыған ел едi. Олар ғұндардың шабуылына ұшырап (370-463 жылдары), өз мәдениетi мен дәстүрлерiн жоғалтты. Ал болгарлар ғұндарды жеңiп, 200 жыл үстемдiк құрды. Мiне, ұлттық мәдениеттiң регреске ұшырап, құлдырап кетуi, оның прогресiне қарағанда жиi болатын құбылыс екенiн осы фактiлер дәлелдейдi. Этногенездiк мәдениеттiң бiрде өсiп, жоғарылап, шарықтау шегiне жетiп, бiрде құлдырап, төмендеуiн анықтау арқылы ұлттық мәдени мұраның берiк қалыптасуын байқаймыз. Мәдениет тарихы мен этностың тарихы әр түрлi жазықтықта жатыр. Этногенездiң шапшаң қарқынмен дамуы белгiлi бiр уақыттағы оқиғалардың санымен өлшенедi. Оқиға деп бiр немесе бiрнеше жүйелi байланыстың жиынтық көрiнiсiн айтамыз. Оқиғаның тууы немесе жоғалып кетуi - заңды құбылыс. Этникалық тарих дегенiмiз- жоғалған ескi мұралар тарихы да, ал мәдениет тарихы мұражайларда сақталған мұралардың шартты белгiлерiнiң жүйесiн тiзу болып шығады (19,40).
Өткен ғасырлардағы адамдар кейiнгi ұрпаққа жақсы дағдылар мен бiлiм жиынтығын мұра ретiнде қалдыруды армандады. Мысалы, вавилондықтар - математикалық түсiнiктердi ойлап тауып, қалдырып кетсе, гректер - философия мен театр өнерiн, римдiктер - юриспруденцияны, арабтар - персиялық "ақылдың кенi" - алгебраны бiзге мұра еттi. Фрацуздар асқан сұлу живопись өнерiмен, итальяндықтар әсем сазды музыка мәдениетiмен, ал қазақ халқы аса бай ауыз әдебиетiмен iз қалдырды. (6,127). Олардың бәрi де бiр-ақ мақсатты көздеп, келер ұрпақты бақытқа бөлеудi армандады. Өткен ғасырлардағы халықтар жасаған асыл мәдени мұралардың бiздiң дәуiрiмiзге жұрнағы ғана жеткен. Бiзге жеткен мұраның қалдығымен ғана өткен дәуiр мәдениетiнiң өресiн өлшеу, жоғалғандарын елеп-ескермеу тарихқа қиянат болып табылады. Оларды жан-жақты қарап, ескермесек, өткендегi этностық мәдениетке дұрыс баға бере алмаған болар едiк. Ағаш пен киiздi былай қойғанда, қиыршық құм тас, сияқты материалдардың өзi желмен, жаңбырмен үгiлiп, тозып, жоқ болып кететiнiн естен шығаруға болмайды. Оның үстiне, жер сiлкiнiсi, су тасқыны сияқты апаттар тағы бар. Осындай апаттардың салдарынан тарихи ескерткiш-мұралар да жойылады. Олай болса, адамзат қолымен жасалған мәдени-ескерткiштердiң бәрi мыңдаған жылдардан кейiн жойылып кетуi мүмкiн. Сөйтiп, материалдық мәдени мұралардың өткен дәуiрлердегi осындай жай-күйi тарихты дұрыс баяндамауға әкеп соқтырады. Мысалы, орта ғасыр ғалымдарының пайымдауы бойынша, Батыс Еуропаның мәдениетi Грек, Рим империясына қарағанда төмен деген ұғым орын алып келдi. Орта ғасырлық қайсыбiр философтар кейбiр этностарды "тарихи" категория деп, көтермелеп, абсалюттендiруге тырысты, ал оның керiсiнше, жер бетiнде тiршiлiк ететiн "тарихи емес" этностар да бар деп қарап, қателiктерге ұшырады. Өркениеттi жақтаушылар үндiстердi "тағылар" деп есептеп, оларды аң аулағандай асып-атып өлтiруге құмартты. Мiне осыдан келiп "мәдениетсiз ұлттарды" құрту ("геноцид") сияқты фашистiк саясат пайда болды. Олар этнос мәдениетiнiң бiр қалыпты дамымайтынын, оның өрлеу және құлдырау кезеңдерi болатынын түсiнбедi. Олай болса, өткен дәуiрдiң мәдени мұраларын археологиялық қазбаларға сүйене отырып, этнологиялық тұрғыда қайта қарау арқылы шындықтың көзiн ашып, этностар мәдениетi жайында бүгiнгi ұрпаққа ғылыми дәйектi дұрыс мағлұмат беруге болатынын естен шығармауымыз керек. Ұлт мәдениетiн сөз еткенде, тарих, археология, этнология ғылымдарымен қоса этнопсихология, этнопедагогика және фольклористика ғылымдарының қағидаларына (принциптерiне) сүйену қажет. Себебi, өткен замандағы ұлттық мәдени мұралардан ұлттық психологиялық (салт-сана, әдет-ғұрып, көзқарас т.б.) ерекшелiктер айқын сезiлiп тұрады. Сол арқылы әр ұлттың өзiне тән салт-тұрмысы мен тiршiлiк кәсiбiн, сана-сезiмi мен ойлау ерекшелiгiн байқаймыз. Ал ұлт мәдениетiнiң озық үлгiлерi арқылы жас ұрпақты жан-жақты жетiлген азамат етiп тәрбиелеу - этнопедагогиканың өзектi мәселесi. Қазақ этностар мәдениетiнiң өткенiн анықтауда диалектикалық философияны басшылыққа алу қажет. Бұл жерде ұлт мәдениетi мен ұлттық тәлiм-тәрбие тарихын салт-сана, әдет-ғұрып (этнография), фольклористика, ұлттық психология мен ұлттық философия ғылымдарымен тығыз байланыста қарастыруға тура келедi.
Осыған орай, П.В. Плеханов методологиялық мынадай қағидалар ұсынады (66,273):
1. Идеялардың (ой-пiкiрдiң) қоғамның әлеуметтiк даму процесiне тәуелдi екендiгiн анықтау.
2. Ғылымның, әлеуметтiк психологияның, әдебиеттiң, өнердiң даму тарихын қоғамның даму процесiмен ұштастыра қарастыру.
3. Тарихтың әр кезiнде ғылымның даму барысы бiркелкi болмайтынын және әр елдiң саяси, экономикалық, кәсiби, мәдени, психологиялық өзiндiк ерекшелiгiнiң бар екенiн ескеру.
Тарихи-педагогикалық зерттеулерге (оның iшiнде этнопедагогикалық зерттеулерге де) қойылатын маңызды методологиялық талаптардың бiрi деректердiң барлық түрiн кешендi пайдалану, солар арқылы бiр-бiрiн тексеру, толықтыру, барлық деректердi салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес ғылымдардың (антропология, тарих, этнология, фольклористика, логика, психология, социология, археология) зерттеу әдiстер жиынтығын кешендi түрде пайдалану, сөйтiп, деректердi талдап, педагогикалық тұрғыда түсiндiру қажет.
Бiз зерттеу iсiнде осы принциптердi басшылыққа аламыз.

Бақылау сұрақтары:
1.Этностар мәдениетiн зерттеудегi географиялық және жаратылыстыну ғылымдарының ролi.
2.Этностар мәдениетiнiң дамуының тарих, этнография ғылымдарымен байланысы.
3.Этностар мәдениетiн зерттеудегi лингвисика ғылымының қатысы.
4.Этномәдениеттi зерттеудегi жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың байланысы. Философия ғылымының басқарушы ролi.
5.Этностар мәдениетiн анықтаудағы архологиялық қазбалардың ролi.
6.Этностар мәдениетiн зерттеуде ғылыми жаңалықтарды кешендi пайдаланудың маңызы, ол жөнiндегi П.В.Плехановтың көзқарасы.

Негiзгi әдебиеттер:
1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. А; "Бiлiм" 2004 ж.
2.Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлiмiнiң тарихы. А; "Санат" 1995 ж.
3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. А; "Санат" 2001 ж.
4.Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. "Этнопедагогика" Астана. 2005 ж.
5.Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлерi. А; "Рауан" 1995 ж.
6.Жұмабаев.М. "Педагогика" А; "Ана тiлi" 1992 ж.

Қосымша танысуға арналған әдебиеттер:

7.Адамбаев Б. Шешендiк өнер. - Алматы; 1967 ж. Халық даналығы. А; 1976 ж.
8.Кукушкин В.С.Этнопедагогика. - Москва-Воронеж. 2002 ж.
9.Бизақов С. Түбi бiр түркiлер. Қазақ энциклопедиясы.

Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) үшін берілген тапсырмалар

1. Этностардың тарихи жағдайларға байланысты өзгеруі.
2. Этностардың географиялық жағдайларға бейімделуі.
3. Ұлттың ұлт болуы үшін қажетті негізгі белгілері.
4. Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен өшуі.
5. Ұлттық тәлім-тәрбиенің бастауы.
Қосымша тапсырмалар:
1. Педагогика, халық педагогикасы, этнопедагогика ұғымдары туралы әңгіме.
2. М.Жұмабаевтың, Г.Н.Волковтың педагогика, этнопедагогика және халық педагогикасы атты еңбектері жөнінде әңгімелесіп, студенттердің салыстыра талдауын ұйымдастыру.
3. С.Қалиевтың Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері және тарихы атты еңбегінің І тарауымен таныстыру.
4. Этнопедагогика ғылымы мен этнология, археология, культуралогия ғылымдарының өзара байланысын ажырату.
5. Әдептің тәрбиенің негізгі бөлу себептері туралы пікірлесу.
Рефераттық тақырыптар
1. Ұлт мәдениетін зерттеудегі тарих, археология, этнография ғылымдарының рөлі.
2. Ұлт мәдениетінің ауыз әдебиеті үлгілері мен мифтік көзқарастардан көрініс табуы.

1.2. "Этнос" туралы ұғым. Этностардың пайда болу заңдылықтары

Жоспары:

1. Қазақ этносының пайда болу тарихы.
2. Адам баласының әлеуметтiк дамуы
3. Жаңа этностардың пайда болу себептерi.
4. Этностардың тегi жеке адамдардың табиғи ортадағы тiршiлiктi қабылдауына байланыстылығы.

"Этнос" гректiң - еtпоs -- тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда "халық" терминiнiң орнына "этнос" терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi - "тайпа", "ұлыс" ("народность"), "ұлт" ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, "халық" сөзiнiң "бiр топ адам" (мәселен, "халық жиналды" десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан "этнос" терминiн қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың) да мүшесi болып саналады.
Адам баласының әлеуметтiк дамуы жақсы зерттелген және оның даму заңдылығы жан-жақты қарастырылған. Ал халық тарихы жөнiндегi (бiз ендiгi жерде оны шатастырмас үшiн "этнос" деп алып қараймыз) зерттеулер түсiнiксiз, шатастырулық көп. Шын мәнiсiнде, этностан тысқары бiрде-бiр адам өмiр сүрмейдi. Кiмге де болса, "сен кiмсiң?" деген сұрақ қойса, ойланбастан "орыспын", "французбын", "ағылшынмын", "немiспiн", "парсылықпын" немесе "түрiкпiн" деп жауап бередi. Олай болса, адамның санасындағы этнос жайындағы түсiнiк көпке ортақ.
Ал жоғарыдағы сұраққа жауап берушi әрбiр этнос мүшесiне: "Сен неге ол халықты немесе ұлтты өз ұлтым деп санайсың?" деп сұрақ қойса, оған анықтама беруге қиналады. Әсiресе, "сенiң ұлтыңның басқа ұлттан қандай айырмашылығы бар?" деген сұраққа бұрынғы Кеңес Одағында, бүгiнгi ТМД елдерiнде тiршiлiк ететiн ұлт өкiлдерi тиянақты жауап бере алмайды.
Ол заңды да. Себебi, 70 жыл бойы "бiрыңғай тiл, бiрыңғай мәдениет жасаймыз" деген ұранмен тiршiлiк еткен Кеңес халқы, "Келешек коммунизм кезiнде дүние жүзiнде бiр ұлт, бiр тiл болады. Ол француздың да, ағылшынның да, немiстiң де, орыстың да тiлi емес. Оған барлық ұлт өз үлесiн қосады" деген сталиндiк волюнтаристiк теорияға имандай ұйыған ғалымдар әр ұлттың өзiндiк ерекшелiгiн зерттеуге онша мән бермедi. Ұлт мәдениетi мен ұлт тiлдерi бiртiндеп кiрiгiп жоғалатын өткiншi процесс деп қарады.
Бүгiнде этностық мәдениет пен ұлт тiлдерiнiң өткенi мен келешегiне көз жiберу ұшiн этностардың шығу тегiн ғылыми методологиялық тұрғыдан қарастыру қажеттiгi туып отыр. Бұл жөнiнде соңғы жылдары ұлт мәдениетiн ғылыми-методологиялық тұрғыдан терең зерттеп, тұңғыш рет құнды еңбек жазған атақты тарихшы ғалым Лев Гумилев болды. Ол өзiнiң "Халықтар қалай пайда болады және жоғалады?" (изд-во Ленинградского университета, 1989) деген атақты еңбегiнде, дүние жүзiндегi халықтардың пайда болу, өсу, өркендеуiн және олардың бiртiндеп өшiп, жоғалу заңдылықтарын диалектикалық тұрғыда, тарих, география және биология (оның iшiнде экология және генетика саласы) ғылымдары негiзiне сұйене отырып, "этнос" туралы ғылыми дәйектi анықтама берген едi. Л.Гумилев "этнос" туралы соңғы уақытқа дейiн әр түрлi түсiнiк-анықтамалардың болғанына тоқталады. Айталық, бiреулер "этнос дегенiмiз -- шығу тегi бiр халықтар" десе, екiншiлер "этнос -- тiлдiң бiрлiгiне негiзделген мәдениеттiң тууы" дейдi. Ал үшiншiлерi "этнос -- бiр-бiрiне ұқсас адамдар тобы" десе, төртiншiлерi "этнос - сана-сезiмдерi бiр адамдар тобы" дейдi. Бесiншiлерi "этнос" - белгiлi бiр қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы" десе, ал алтыншылары "этнос -- табиғаттың сыйы, этнос -- әлеуметтiк категория" дейдi (19, 13).
Тарихтан белгiлi болғандай әр түрлi халықтар белгiлi бiр аймақта пайда болып, сол аймақтың өзiндiк ерекшелiгiне (климатына, өсiмдiгiне, жер бедерiне, географиялық аймақтың хайуанаттары мен жәндiктерiне) бейiмделiп, тiршiлiк етедi. Өзiндiк мәдени және рухани мұрасын жасап қалдырады. Осы ерекшелiктерiне сүйене отырып, көрнектi тарихшы-этнограф Лев Гумилев: "Этнос дегенiмiз - жер бетiндегi белгiлi бiр тiршiлiк аймағы мен әлеуметтiк ортаның бiлiгiнде жатқан салт- дәстүрi, тұрмыс-тiршiлiгi, шаруашылық кәсiбi, мiнез-құлқы, тiлi мен мәдени мұрасы бiр халықтар тобы"(19,13) деген анықтама бередi. Бiз осы анықтаманы басшылыққа алған жөн деп есептеймiз.
Ендi "Жаңа этностардың пайда болу себептерi неге байланысты?" деген сұраққа жауап iздесек, бiрiншiден, көршi этностардың бiр-бiрiмен соғысып, жеңiлгендерiнiң қоныс аударуынан, сөйтiп олардың жаңа жерге келiп, жергiлiктi халықтармен, тайпалармен биологиялық қан араласынан (миграцияланудан) жаңа этностар дүниеге келедi; екiншi, бiрнеше тайпалар мен халықтардың жаңа жердi отарлап, игеруiнен пайда болады. Мысалы, ХIҮғ. аяғында ағылшындар мен испандықтардың Солтүстiк Американы жаулап алып, жаңа жерге қоныстануынан американ этносы пайда болды. Үшiншi, климаттық өзгерiс (қуаңшылық, су тасқыны т.б.) адамдарды туған жерiнен ауа көшуге мәжбүр етедi. Олар басқа жерден тұрақ iздейдi. Мысалы, қырғыз халқы ХV ғ. басында Алтайдың солтүстiгi мен Енисей өзенi бойынан, ойраттардан бөлiнiп шығып, қырғыз Алатауына көшiп келiп, жергiлiктi түркi тайпалармен қан араласуынан жаңа этнос пайда болды. Бұл жерде жаңа жерге келiп тiршiлiк етушi этностар тобының жергiлiктi этностар тобымен бiрiгуiнен (қан араласуынан үшiншi бiр жаңа этностың) пайда болатынын ескеру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зат есімдерді меңгертуде қазақтың салт-дәстүрлерінің алатын орны
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Қазақта Баланы жастан
Ана тілі мәдени өрлеудің аса зор тегергіші
Адамгершілік құраушы сапалық қасиеттерін анықтау және оларды қазақтың салт - дәстүрі арқылы жастардың тәрбиесіне ықпалын жетілдіруге ұсыныс беру
Тұлғаны қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Халықтық педагогика – тәрбие өзегі
Пәндер