Басқарудың орталық деңгейінің құрылымын жетілдіру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ОРТАЛЫҚ-ТАНДЫРЫЛУЫ МЕН ОРТАЛЫҚСЫЗДАНДЫРЫЛУЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ10

1. 1 Әкімшілік реформалаудағы орталықтандырылу тепе-теңдігін зерттеудегі негізгітүсініктер мен әдістер10

1. 2 Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықтандыруды қалыптастырудың тарихи-әлеуметтік алғышарттары20

2 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ОРТАЛЫҚСЫЗДАНУЫТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕСС 35

2. 1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың орталықсыздануының негізгі бағыттары 35

2. 2 Әлеуметтік әріптестік Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықтандыру әдастерінің бірі ретінде 52

3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ БОЛАШАҒЫ 71

ҚОРЫТЫНДЫ80

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 82


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста бүгінгі Қазақстандағы әкімшілік реформасының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын мемлекеттік басқаруды орталықтандыру және орталықсыздандыру балансына қол жеткізудің теориялық және практикалық мәселелері зерттеледі. Жұмыста Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың бүгінгі жағдайы қарастырылады. Қазақстаңдағы мемлекеттік басқару жүйесіндегі орталықтаңдыру жағына қарай орын алатын дисбаланс факторлары мен алғышарттары талданады; кең саяси-әлеуметтік процесс ретіндегі мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру ұғымы негізінде оның негізгі бағыттары және Қазақстандағы жүзеге асырылуы мүмкіндігі зерттеледі; федеративті және унитарлы мемлекеттердің тарихи дамуындағы мемлекеттік басқарудың орталықтандырылуы мен орталықсыздандырылуы балансы эволюциясының негізгі кезеңдері талданады; мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылуы-ның унитарлы мемлекеттердегі әкімшілік басқаруды жетілдіру процесіндегі саяси және ұйымдық зандылықтары анықталады; Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру үлгілері ұсынылды; диплом жұмысында жүргізілген зерттеулер негізінде Қазақстан Республикасындағы әкімшілік басқаруды жетілдіру жөнінде ғылыми-қолданымдық ұсыныстар жасалды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызы үлкен. Республикадағы мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру және жетілдіру жұмыстары тәуелсіздік алған сәттен бері жүргізіліп келеді.

Әкімшілік реформа негізгі бес бағыттардан түрады. Бірінші бағыт мемлекеттік басқарудың орталық деңгейін жетілдіруге қатысты. Атқарушы билікті оның орталық деңгейінде реформалаудың мазмұны Үкімет пен әрбір мемлекеттік орынның қүрылымы саяси істердегі функциялардың дәл жіктелуі, оның орындалуы және бақылануы арқылы анықгалатындығында болып табылады. Министрліктер сәйкесті басқару аясындағы саяси өндеудің стратегиялық функцияларын жүзеге асырулары тиіс. Қолдану және бақылау-тексеру функцияларын министрліктер құрамына кіретін комитеттер жүзеге асырады. Әкімшілік реформасының басқа бағыттары мыналарға қатысты:

  • мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің жіктелуі және жергілікті мемлекеттік басқару құрылымдарын реформалау;
  • мемлекеттік басқаруды бюрократсыздандыру;
  • мемлекеттік қызметті жетілдіру;
  • мемлекеттік экономика секторын басқаруды жетілдіру [1, 2 б. ] .

Біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбы аясындағы әкімшілік реформаның мемлекеттік басқару деңгейлері арасыңдағы өкілеттіктердің жіктелуі және жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын реформалауға қатысты екінші бағытына көңіл аударғымыз келді. Кең мағынада алғанда бұл жерде, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктер мен функциялардың жіктелуі салаларының бірі болып табылатын, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру жөнінде әңгіме болып отыр.

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктер мен функциялардың жіктелуі тұрғысынан алғанда билікті орталықсыздандыру мәселесі Қазақстанның саяси басшылығы үшін жаңалық емес. Бұрынырақ, 2003 жылдың акпан айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктер мен фунциялардың жіктелуі және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру концепциясы жайлы қаулысы қабылданды. Осы концепция негізінде сәйкесті заң қабылдануы тиіс. Негізгі мақсаты концепцияны жүзеге асырып және оның негізінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктер мен функциялардың жіктелуі және бюджетаралық қатынастардың жетілдірілуі жөніндегі Қазақстан Республикасының заңын жасау болып табылатын мемлекеттік комиссия құрылды.

Осы айтылғандар диплом тақырыбының өзекті екендігін дәлелдеп көрсетеді. Сонымен бірге мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мәселесі теориялық тұрғыда да, міндетті түрде, өзекті және маңызды мәселелер қатарына жатады. Бұл, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мәселесі қатысты болатын әкімшілік басқарудың теориялық мәселелерінің жалпы сипатымен анықталады.

Әкімшілік басқарудың кең ауқымды мәселелері ішінде мемлекеттік басқаруды орталықтандыру және өзара байланысы мәселесі ерекше мән алады. Индустриялы дәуірде қазіргі мемлекеттерді әкімшілік басқаруда орталықтандыру және мемлекеттік басқару жүйесіндегі биліктің атқарушы орындарының жетекшілік рөлі тенденциясы басымдылық көрсетуде. Бұл тенденциялар уақыт өте келе мемлекеттік басқарудың бюрократиялануы, қалың қауымньң қоғамды басқарудан шеттеп қалуы, шенеуніктер арасында коррупцияның өсуі және т. б. байланысты өзінің теріс жақтарын көрсете бастады. Билікті орталықсыздандырудағы осы және басқа да келеңсіз салдарлар бүгінгі Қазақстанда да толығымен орын алады.

Әкімшілік басқарудың әлемдік тәжірибесі орталықтандыру мен атқарушы билік орындарының үстемдігінің теріс салдарларымен күресудегі тиімді әдістердің бірі мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру болып табылатындығын көрсетті. 1970-80 жылдары бірқатар батыстық елдерде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруға бағытталған әкімшілік басқару реформасы жүзеге асырылды. 1990 жылдары осындай реформаны Орталық және Шығыс Еуропаның посткоммунистік елдері жүргізді. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі орталықтандыру мен орталықсыздандыру арасындағы балансты сақтау бұл реформаның маңызды бөлігі болды.

Теориялық тұрғыдан алғанда мемлекеттік басқаруды орталықтандыру және орталықсыздандыру балансы және осы негізде, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру түрғысынан келгенде, осындай балансқа қол жеткізу заңдылықтарын анықтаудың әлемдік тәжірибесін зерттеу үлкен қызығушылық туғызуда. Мұндай зерттеу Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформасының жүзеге асырылуы мен тереңдетілуінің теориялық тұғырының негізін жасайды.

Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформасына теориялық талдау жасау мемлекеттік басқару жүйесінің бүгінгі күйін билікті орталықтандыру жөне орталықсыздандыру түрғысынан зерттемей мүмкін емес. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықтандырудың тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын ашып көрсету әсіресе маңызды. Республикадағы биліктің орталықтанған жүйесінің институтталуына талдау жасау және осының негізінде елдегі мемлекеттік басқару жүйесінің ядросы ретіндегі орталықтың қүрылымын анықтаудың да маңызы үлкен.

Орталықтанған басқару жүйесі бар басқа да унитарлы мемлекеттердегі сияқты Қазақстанда да мемлекеттік басқару жүйесіндегі орталықтандыру және орталықсыздандыру балансына қол жеткізуде орталықсыздандыру шешуші мәнге ие болады. Осыған байланысты мемлекеттік басқаруды орталықтаңдыру деп нені түсінеміз деген сұрақ туады. Бұл түсінікке қандай мазмұн беріп, қандай компоненттер ендіргенімізге орталықсыздандырудың теориялық мәні ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы нақты әкімшілік реформасы тәжірибесінің өзі де тәуелді болады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мемлекеттік басқаруды орталықтандыру және орталықсыздандыру балансы жету кешенді және көпжақты мәселе болып табылады. Ол мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың алғышарттары мен факторларын және Қазақстан мен басқа да посткеңестік мемлекеттердегі бүкіл саяси жүйені зерттеуді білдіреді. Алайда, отандық саясаттанушылар бұл мәселелерге жеткілікті көңіл бөліп отырған жоқ. Биліктің орталықтандырылуы мәселесіне арналған қазақстандық саясаттанушылар еңбектерінің ішінен А. М. Беліспаевтың «Қазақстандағы биліктің орталықганған жүйесінің қалыптасуы» деген тақырыптағы кандидаттық диссертациясы жұмысын бөліп қарауға болады [2] .

Мемлекеттік басқару жүйесінің орталығы құрылымын орталық пен периферийдің өзара қарым-қатынасы түрғысынан талдамай орталықтандыру мен орталықсыздандыру балансына қол жеткізу мәселесін зерттеу мүмкін емес. Президенттік институт ядросы болып табылатын орталықтың өзі биліктің орталықтанған жүйесін институттауда да, сол сияқты бір бағыты мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру болып табылатын әкімшіліктік реформасында да шешуші рөл атқарады. Басқарудың президенттік түрі мемлекеттік басқаруды орталықтандыру және орталықсыздаңдыру балансына қол жеткізуге ықпал жасайтын институттардың бірі болып табылады. Қазақстандық саясаттанушылардың президенттік институтқа арналған жұмыстарының көпшілігінде осы институттың ұлттық мемлекеттілікті құруына, Қазақстанның саяси-әлеуметтік жүйесін реформалауға, президенттік билікке айналдырылған күшті билік қалыптастырудағы рөліне баса көңіл бөледі. Осы тұрғыда «Жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі президенттік институт» жинағын, сонымен бірге
Ж. Жүнісова [3], Е. Ертісбаев [4], М. Нәрікбаев [5] және басқалардың еңбектерін атап көрсеткен жөн. Қазақстандық саяси әдебиеттерде президенттік институттың мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудағы рөлін талдайтын жұмыс та жоқтың қасы.

Қазіргі әкімшілік басқаруды зерттеу жұмыстарында мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мәселесін талдауға көбірек мән беріледі. Қазақ саясаттануында бұл мәселе өзінің талдануының алғашқы сатысында жүр. Қазақстандық саясаттанушылар ішінен орталықсыздандырудың жалпы мәселелерін зерттеп жүрген С. Абдуллаев [6], Ж. Әлжани [7], А. Беліспаев [8],
Р. Кадыржанов [9], және басқалардың еңбектерін атап айтуға болады.

Бұл жұмыстар орталықсыздандыруды өкілеттіктер мен функцияларды мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінен аймақтық және жергілікті деңгейлерге беретін әкімшіліктік процесс ретінде қабылдауға негізделген. Алайда, әкімшілік басқаруды казіргі сатыда зерттеу орталықсыздандыруды кешенді саяси-әлеуметтік процесс ретінде кеңірек түсінуді талап етеді. Бұлайша түсінілетін орталықсыздандыруға өкілеттіктер мен функцияларды бөлісу ғана емес, сонымен бірге бірқатар мемлекеттік функцияларды этатсыздандыру мен қазіргі қоғамның негізгі секторлары мемлекет, бизнес және азаматтық қоғамның әлеуметтік серіктестігі жатады.

Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың осындай синтетикалық түсінігі қазақстандық саясаттану үшін, белгілі бір шамада, соны болып табылады. Отандық саясаттануда мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың осындай түсінігіне негізделген жұмыстар жоқтың қасы. Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздаңдырудың жекелеген аспектілерін ашатын жұмыстар бар.

Бұл, бірінші кезекте орталықсыздандырудың Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру сияқгы аспектілеріне қатысты. Бүл мәселе қазақстандық саясаттану және басқа да әлеуметтік ғылымдарда кеңінен талқыланатын өзекті мәселелер қатарына жатады. Республикадағы жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыруды институттық талдау барысында саясаттану және құқықтық саладағы жүмыстар ұштасып жатады. Олардың арасында
Ө. Байгелді [10], А. Жанүзақова [11], Г. Илеуова [12], К. Қазкенов [13],
К. Кубаев [14], Р. Сақиева [15], П. Своик [16], Г. Телебаев [17], К. Шәріпбаев [18] және басқалардың еңбектерін атап айтқан жөн. 2002 жылы ақпан айында өткізілген «Қазақстан Республикасындағы орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару» тақырыбындағы ғылыми конференция материалдары қызығушылық туғызды. Ғалымдар, мемлекеттік орындар, саяси партиялар, ҮЕҰ өкілдері, сонымен бірге шетелдік ғалымдар қатысқан бұл конференция материалдары Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі баскарудың қалыптасуы мен дамуы жөнінде елеулі мөлшерде талдаулар береді [19] .

Жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыруға біз зерттеген саланың қазақстандық қоғамның негізгі секторларының мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудағы өлеуметтік серіктестігі сияқты аспектісі де кіреді. Мемлекет, бизнес және кәсіподақтардың әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешудегі өзара әсері түріндегі әлеуметтік серіктестік мәселелеріне А. Жүсіпованың «Қазақстан Республикасындағы өлеуметтік серіктестікті институттаудағы кәсіподақтардың рөлі» [20] деген тақырыбындағы және Ж. Момынбаевтың «Өтпелі кезендегі Қазақстандағы патернализм және әлеуметтік саясат» [21] деген тақырыбындағы кандидаттық диссертация жұмыстары арналған. Әлеуметтік серіктестік мәселелерінің талданымы Қазақстан Республикасы мәдениет, акдараттар және қоғамдық келісім министрлігінің жинақарында кең тұрғыда келтірілген, онда ҮЕҰ өкілдері мемлекет пен ҮЕҰ-дың бірқатар мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды орындауда араларындағы жауапкершіліктердің бөлінуі мәселелері бойынша өзара ықпалдасуы жөнінде тәжірибелер бөлісіп, пікірлерін білдірді [22] .

Автордың Қазақстандық саясаттанушылардың аталған жұмыстарына талдау жасауы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың орталықтандырылуы мен орталықсыздандырылуы балансына қол жеткізу мәселесін ой елегінен өткізіп, оның теориялық жөне практикалық шешілуінің жолдарын ұсынуына көмектесті.

Зерттеудің негізгі мақсаты: бүгінгі Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың күйіне кешенді талдау жасап, орталықтандыру мен орталықсыздандыру балансына қол жеткізу қажеттігін елдегі әкімшілік реформасы тұрғысында негіздеу.

Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттерді:

  • орталықтандыру және орталықсыздандыру балансына қол жеткізу қажеттігін Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформасының басымдылықтарының бірі ретінде негіздеу;
  • Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықтандырудың тарихи, экономикалық және этносаяси алғышарттарын ашып көрсету;
  • Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың орталықтанған жүйесінің ядросы болып табылатын орталықтың құрылымын айқындау;
  • Қазақстандағы мемлекеттік баскаруды орталықсыздандырудың негізгі бағыттарын ашу;
  • Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және азаматтық қоғамды дамыту әдістері ретіндегі қазақстандық қоғамның негізгі секторларының әлеуметтік серіктестігін негіздеу;
  • федеративті жөне унитарлы мемлекеттердегі мемлекеттік басқаруды орталықтандыру және орталықсыздандыру балансының эволюциясының негізгі басқыштарын анықгау және осы негізде оның жетістіктерінің заңдылықтарын саяси, ұйымдық және басқа тұрғыларда түйіндеу;
  • Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру үлгісін биліктің орталықтануы және орталықсыздануы балансына қол жеткізу тұрғысында жасау;
  • мемлекеттік басқарудың орталықтандырылуы мен орталықсыздандыры-луы балансына қол жеткізуге Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформасы тұрғысында ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар жасау.

Диплом жұмысының практикалық мәні оның қағидалары мен тұжырымдарын Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру бағытындағы әкімшілік реформасының ұлғаюы мен тереңдеуі кезінде мемлекеттік органдардың пайдалануы мүмкіндігімен түсіндіріледі. Диплом жұмысының қағидалары мен тұжырымдарын жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жөнінде арнайы курстарында пайдалануға болады.

Зерттеудің деректік қоры ҚР Конституциясы, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстандағы әкімшілік басқару мәселелері жөніндегі еңбектері мен сөйлеген сөздері, ҚР Президентінің қазақстан халқына әр жылдардағы жолдауы, ҚР жергілікті мемлекеттік басқару жөніндегі заңы, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктер мен функциялардың жіктелуі және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру Концепциясы және басқа да мемлекеттік құжаттар құрайды.

Дипломның құрылымы мен көлемі . Жұмыста қойылған міндеттер мен мақсаттар және зерттеудің логикасы дипломның келесі құрылымын анықтайды: кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


1 ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ
ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛУЫ МЕН ОРТАЛЫҚСЫЗДАНДЫРЫЛУЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН ЗЕРТТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Әкімшілік реформалаудағы орталықтандырылу мен орталықсыздандырылу тепе-теңдігін зерттеудегі негізгі түсініктер мен әдістер

Алып жатқан жері үлкен және біртекті емес аймақтарға бөлінетін Қазақстанда мемлекеттік басқаруда орталық және жергілікті биліктердің қатынасы өзекті мәселеге айналып отыр. Қазақстан мынадай аймақтарға бөлінеді:

  • Оңтүстік (Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстары) ;
  • Батыс (Маңғыстау, Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстары) ;
  • Солтүстік (Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстары) ;
  • Шығыс (Шығыс-Қазақстан облысы) ;
  • Орталық аймақ (Қарағанды және Ақмола облыстары) ;
  • Оңтүстік-Шығыс (Алматы облысы, Алматы қаласы] .

Бұлай аймақтарға бөлінуді қатаң бөліну деп қарастырмаған жөн, олар өзара шектесу орындарында бір-біріне біртіндеп өтеді. Дегенмен, бұл аймақтарды экономикалық, мәдени, тарихи, демографиялық, ұлттық-этникалық тұрғыдан қарастырғанда олардың бір-бірінен айырмашылығы білініп тұрады. Бұл жөнінде жеткілікті жазылып жүргендіктен біз қайталап айтуды жөн көрмедік.

Бүгінгі Қазақстанда «орталық-периферия» қатынасы орталық биліктің жергілікті билікке елеулі ықпалы арқылы сипатталады. Бұл жағдай Қазақстан ғана емес посткеңестік мемлекеттердің барлығына да тән, яғни оларда да билік қатаң орталықтандырылған.

Кең тұрғыда алғандағы мемлекеттің біртекті еместігі оның шекараласу өңірлерінде кіші ауқымда, яғни әкімшілік тұрғысындағы мемлекеттің біртекті болмауын туғызады. Бұл тұста әкімшілік деп белгілі бір ұлттық мемлекет шеңберінде өмір сүріп, қоғамды басқаруды жүзеге асыратын саяси-әлеуметтік институтты түсінеміз. Мемлекеттің осындай объективті себептегі біртекті еместігінен оның қоғамды басқарушы институты құрылымының орталық және жергілікті биліктерге бөлінуі келіп шығады.

В. А. Халипованың пікірінше орталық билік, біріншіден, мемлекеттің орталығында, яғни, астанасында жүзеге асырылады, ол мемлекеттік жоғарғы орындардың сәйкесті жоғарғы басқарма, мекеме және лауазым иелеріне билігі болып табылады. Екіншіден, орталық билік елдің ең жоғарғы басқарушы билік түйіні болып табылады [23] .

Орталық билік елдің біртұтас саяси-әлеуметтік өміріне, дербестігіне, ұлттық қауіпсіздігіне, аймақтық тұтастығына, қоғам мүддесін қорғауға, халықаралық аренадағы мемлекет қызметіне жауап береді. Орталық биліктің жоғарғы орындары заң шығарушы, өкілетті, атқарушы және сот билік тармақтарына бөлінеді. Алайда олардың өзара қарым-қатынасы саяси жүйенің сипаты және басқа факторларға байланысты әр түрлі елде әр басқа болып келеді. Осыған байланысты мемлекеттерді парламенттік, президенттік, парламенттік-президенттік басқару түрі деп бөледі.

Мемлекеттің географиялық, мәдени, этникалық, тарихи және басқа тұрғыдағы маңыздылығы мен аймақтық біртекті еместігіне орай орталық билікпен қатар жергілікті билік те болады.

Жергілікті билік аты айтып тұрғандай, жергілікті жерлердегі орындар мен мекемелер сияқты институттар атқаратын билік болып табылады [24] .

Жергілікті билік белгілі бір дәрежеде орталық билікті толықтырып, оның ықпалы мен беделінің елдің түкпір-түкпіріне таралуын жүзеге асырып отырады.

Орталық билік өзі басқарып отырған елді әлеуметтік-экономикалық және саяси бүтін тұрғыда қарастырса, жергілікті билік өзі әрекет жасайтын аймақтың экономикалық, тарихи, демографиялық, экологиялық және басқа ерекшеліктеріне орай қалыптасады.

Жергілікті биліктің орталық билікке қарағанда нақтылы бір бағыт ұстанымы болатынын ескеру қажет. Мемлекет орталығы жүзеге асырып отырған орталық билік мемлекеттік билік болып табылады, ол елдің ұлттық мүддесін көрсету және қорғауға бағытталған. Басқаша айтқанда, бүгінгі ұлттық мемлекет біртұтас азаматтық принциптеріне негізделген қауымдастықтың белгілі бір геосаяси аумағында өмір сүріп жатқан ұлттың мүддесін білдіруші саяси-әлеуметтік институт түрінде қалыптасып өмір сүреді.

Географиялық жағынан алғанда орталық билік пен ел тұрғындары арасында, астана тұрғындарын айтпағанда, белгілі бір алшақтық бар. Бұл тұрғыдан қарағанда жергілікті билік ел тұрғындарына етене жақын болып табылады. Алайда, жергілікті билік өзінің саяси-әлеуметтік қызметіне, яғни басқару әрекетіне сай ұлттық мүдде емес, жергілік қауым мүддесін көтереді. Сондықтан, жергілікті билік толық мемлекеттік сипат алуы мүмкін (бүгінгі Қазақстанда орын алатындай), немесе жергілікті өзін-өзі басқарудың сипатына қарай мемлекеттік және мемлекеттік емес биліктердің үйлесімі мен өзара әсері түрінде көрінуі мүмкін.

Біз тақырыбымызды зерттеу алдында «Жалпы саяси орталықтандыру және мемлекеттік билікті орталықтандыру деп нені түсінеміз?» - деген сұраққа жауап беріп көрелік. А. Н. Смирнов саяси орталықтануды бұрынғы бірнеше автономиялық бірліктердің бір орталықтың айналасына бірігуінен тұратын ұйымдасу процесі деп түсіндіреді. Бұл процесс саяси субъектілердің қатынастары, қоғамдағы мүдделері және мақсаттарының жаңа жүйелерін белгілеумен, немесе өзіне тән құрылымы, субординациясы және біртұтас орталығы бар саяси жүйе мен жүйе бөліктерінің тұтастығын қамтамасыз ету қажеттігімен байланысты. Орталықтандыру - орталық пен периферияның болуы және олардың арасында билеушілік және бағынушылық қатынастарының қалыптасуы болып табылады [25] .

Мемлекеттік басқарудың орталықтануын мемлекеттік билікті біртұтас иерархиялық пирамида түрінде ұйымдастыру тәртібі деп түсінеміз. Бұл пирамиданың төменгі бөлігінде тұрған элементтерінің өзінің деңгейінде жоғарғы орындардан тәуелсіз жұмыс істеуіне ешқандай да құқығы, немесе елеулі автономиясы жоқ, олар жоғарғы орындарға толығымен бағынады. Мемлекеттік басқаруды орталықтандырудың негізгі шарты - оған жетекшілік пен басқарудың маңызды, шешуші қызметтерін топтастыру болып табылады.

Алайда, орталықтандырылу мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы мүмкін болатын жалғыз әдіс емес. Мемлекеттік басқару жүйесінде оның орталықсыздандырылуы да үлкен мәнге ие. Талдауымызды жалғастырмас бұрын біз мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылу деп нені түсінеміз деген сұраққа жауап беру қажет. Ресей зерттеушісі Г. В. Каменская орталықсыздандыруды биліктің өкілеттіктерін немесе басқарушылық функцияларын аймақтық және жергілікті билік орындарының құзырына бөліп беру процесі деп түсіндіреді [26] .

Осыдан, орталықтандырылу мен тіпті де қоғамдағы әкімшіліктік және саяси ұйымдардың бірін-бірі болдыртпайтын түрлері емес екендігін атап көрсеткен жөн. Мемлекеттік басқарудың барлық салалары мен деңгейлерінде міндетті түрде, биіктің орталықтандырылуының да және да элементтері бар болып табылады. Міне, сондықтанда да жергілікті басқаруды реформалауды жүзеге асырудағы басты мәселе елдегі нақты жағдайлар мен жергілікті басқарудың алдына қойылып отырған міндеттерге сай биліктің орталықтандырылуы мен орталықсыздандырылуы арасындағы қалыптасатын тепе-теңдікте болып отыр.

Біз жоғарыда мемлекеттік басқарудағы Қазақстанға және басқа посткеңестік мемлекеттерге тән сипат оның орталықтандырылуы, яғни орталық билік орындарының аймақтық және жергілікті орындарға үстемдік жасауы, көбіне аймақтар мен жергілікті жерлердегі билік орындарының қызметінің тиімсіз жүруіне алып келетіні жөнінде айтқан болатынбыз.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, орталықтандырылған басқару жүйесінің тиімсіздігін болдырмаудың бірден-бір тәсілі оны орталықсыздандыру болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЙМАҚТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ
Бюджетаралық қатынас: жағдайы мен дамуы
Муниципалдық менеджмент
Банктік менеджменттің сипаты
Аймақ экономикасын басқаруды ұйымдастыру
Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу
Аймақтық саясат
Бүгінгі Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың күйіне кешенді талдау жасап, орталықтандыру мен орталықсыздандыру балансына қол жеткізу қажеттігін елдегі әкімшілік реформасы тұрғысында негіздеу
Қазақстаңдағы мемлекеттік басқару жүйесіндегі орталықтаңдыру
Жергілікті басқарудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz