Экономикалық дағдарыс себептері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ

1. 1. Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні . . . 6

1. 2. Дағдарысқа қарсы басқаруды ұйымдастыруды концептуалды тұрғыдан қарастыру . . . 16

1. 3. Дағдарысқа қарсы менеджмент: басқару құралдары мен әдістері . . . 21

2 БЕЙДАҒДАРЫСТЫҚ БАСҚАРУДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАРДЫ БОЛДЫРМАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

  1. Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік реттеудің аналитикалық негіздері . . . 27
  2. Дағдарысқа қарсы басқарудағы мемлекеттік реттеудің түрлері мен рөлі . . . 31
  3. Бейдағдарыстық басқарудағы қайшылықтардың себептерін алдын алудың іс-шаралары . . . 39

3 КӘСІПОРЫН ДАМУЫНДАҒЫ ДАҒДАРЫСТАР

  1. Кәсіпорындағы дағдарыстың пайда болуы . . . 48
  2. «Тас-Құм» АҚ сипаттама және қаржылық-экономикалық жағдайын талдау . . . 52
  3. Дағдарысқа қарсы басқару тиімділігі . . . 63

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 75

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бұл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс-қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономикалық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.

Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам құру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір-таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы» деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: «меншіктің негізгі түрлерін (жекеменшік пен мемлекеттік меншік) үйлестіре және өзара іс-қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік-экономика құру . . . ».

«Дағдарысқа қарсы басқару» термині салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Оның пайда болу себебі Қазақстан экономикасын реформалау және Қазақстанның дағдарысты даму аясына өтуімен байланысты. Реформалау нәтижесі дағдарысқа әкелетінін көбісі күткен жоқ, бірақ бүгінгі күні экономиканы дағдарыстан тек жаңа типтегі басқару шығара алатынын көбісі түсінеді. Бұндай басқару «дағдарысқа қарсы» атауына ие болды. Бірақ аты атымен, ал мәні үлкен пікір талас туғызды. Дағдарыс қандай тереңдікте болмасын, әйтеуір өтеді. Бұны көптеген елдердің экономикалық даму тарихы көрсетті. Және дағдарысқа қарсы басқару қажеттігін керек етпейді. Сонда бұндай типтегі басқару уақытша мінезді немесе тек прагмативті мәнде ма? Онда неге жоғары білім беру жүйесінде мамандар дайындап, ғылыми концепция қалаудың қажеттігі қанша?

Әрине, Қазақстандағы дағдарыстың өршуі тиімді дағдарысқа қарсы басқаруды қажет етті. Бұл тәжірбие тапсырысы. Сонымен бірге басқару ғылымының даму тенденциясы да дағдарысқа қарсы басқару концепциясын дайындауды қажет етеді. Оның алғы шарттары болып, циклдық даму, басқарушылық, ресурстарды үнемдеу, мотивация, уақыт үнемділігі, әлеуметтік әріптестік және көптеген басқалар. Олардың жиынтығы нақты дағдарыс қауіпін куәландырады, тіпті сәтті басқаруда да.

Объективті түрғыдан дағдарыс көптеген жағдайларды өзара байланысын сипаттайды, басқару қиындығы мен тәуекелділігін жоғарлатады. Бұл тұрғыда дағдарысты және оның алдын алуды шеттетіп, дағдарысты тұрақтандыру, бірінің біріне ұласуы, дағдарыстан шығуды осы шақтанда келер шақтанда алынып тасталмайды. Тек экономика ғана емес, сонымен қатар табиғатта циклды өмір сүреді, және тек экономика дамуы ғана дағдарыс жағдайын туындатпайды.

Қоғам дамуының әр түрлі этапында дағдарыс қатынасына деген түсінік те әр қилы болады. Мысалға, бір позиция бойынша дағдарыс тек табиғи құбылыс салдары, ал басқалары, - дағдарысты адамдар өздері туындатады, олардың қателіктері, дұрыс көңіл бөлмеуі, білместік, сенімсіздік.

К. Маркс болса қоғам дамуындағы дағдарыстың қайнар көзінің экономика екендігін дәлелдеді, ол жеке меншікке және соның салдарынан құрылымға және мүдделер қақтығысына әсер етуіне негізделген. Осыдан көптеген біздің елдің алысты көрмейтін саясаткерлері мен идеологтары мынадай пікір қалыптастырды, жеке меншікті жойған қоғамдық-экономикалық формацияда дағдарыс мүмкіндігі болмайды. Сол себепті бүрындары «өсім қиындыктары», «даму проблемалары», «тұрып қалу» терминдері жиі қолданылып келді, кейіннен олар «дағдарыс түсінігіне» ауысты, бірақ мәні бойынша сол процестерді қамтыды.

Бірақ та, дағдарыс басталуы қандай терминді қолданумен анықталмайды, ол өндірістің және жалпы экономиканың нақты даму тенденцияларымен, қажеттіліктермен анықталады. Ал дағдарыс негізі мен тереңдігі басқаруға тәуелді, яғни, мәселені шешудегі көрегендік және дағдарысты жұмсарту мүмкіндігі, оларды даму мақсатында қолдану.

Бүгінгі күндегі азғантай дағдарысқа қарсы басқару кітаптары мен оқу әдістемелерінде дағдарысқа қарсы басқару концепцияларына әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Немесе оны тек макроэкономикалық масштабтағы мәселе деп қарастырылады да, дағдарыстың жекелей ұйымда да пайда болып және ол әркашан жалпы экономикалық жағдайға тәуелді еместігін естен шығарып алғандай; немесе тек дағдарыстың экономикалық аспектілері ғана қарастырылып, оның әлеуметтік, саяси, психологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық, табиғи және тағы басқа жақтары шетте қалып қойылған.

Бұл дипломдық жұмыста дағдарысқа қарсы басқару мәселелерін кешенді түрде мемлекетпен, экономикамен, өндіріспен, ұйымдастырылумен, адамдармен байланыстырып қарастырылған. Сонымен қатар бұл еңбекте тек дағдарыстың мүмкін болатын масштабын ғана емес, сонымен қатар оның әр түрлі формалары, мазмұны, себептері және оның салдары қарастырылған.

Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда құбылыстың объективті мәні қарастырылған, онда «дағдарыс» түсінігі сипатталып, экономикалық дағдарыстар талданып және оған анықтамалар берілген, оның құрылымдарына ғылыми көзқарастар және пайда болу себептері берілген. Бұл жерде әртүрлі фаза да пайда болған дағдарыстарды басқару мүмкіндіктері және қажеттілігі дәлелденген.

Екінші тарау мемлекеттің экономиканы басқарудағы дағдарыстар туындауы және дағдарысты реттеудегі мемлекеттің рөліне арналған. Тәжірибе көрсетуі бойынша мемлекеттік басқару оның ішінде дағдарысқа қарсы басқару шараларына байланысты дағдарыстар әртүрлі өтеді. Өйткені дағдарыс сферасы тек объект ғана емес, сонымен қатар басқару субъектісі де болуы мүмкін. Тіпті соңғысы дағдарыс көзі болуы да мүмкін, оның жағдайы мен дамуы басқару объектісінің даму тенденциясы мен жағдайына сай келмей дағдарыс жағдайы туындауы мүмкін. Бұны мемлекеттік басқару жүйесінде қарастыру өте маңызды.

Үшінші тарауда дағдарысқа қарсы басқару концепциясының жеке ұйымға немесе фирма, кәсіпорын және сол сияқтыларға қатысты материалдарды қамтиды. Бұл жерде дағдарыс құбылысы тек макроэкономикалық көлемде ғана емес, сонымен қатар қандай кішігірім болмасын жекелей ұйымда да пайда болатын құбылыс ретінде ой қалыптасады. Жұмыс қолданылған әдебиеттер тізімімен аяқталады.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАБИҒАТЫ

1. 1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуындағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзқарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән құбылыс және социалистік өндірісте болмауы тиіс. Тіпті бұрындары социализмде дағдарыс жоқ, тек «өсім қиындықтары» деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бұл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды.

Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бұндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.

Мұндай ұсынымдар бір жақты және ұйымды басқаруда жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Егер осы позициямен фирмаішілік басқаруды қарастыратын болсақ, даму стратегиясын құрастырғанда дағдарысты көре білу және оның мүмкіндіктерін ескеру мүмкін емес. Сонда, дағдарыстың болуы заңды құбылыс екенін ескерсек, стратегияның қаншалықты нақты болатынын көріңізші?

«Дағдарыс» түсінігі «тәуекел» түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Б9дан дағдарыс күтімін алыптастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі. Дағдарыс мәселесіне басқа көзқараспен қарауға болады.

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің қандайда түрі болмасын, қоғамдық формация болсын, фирма немесе кәсіпорын өзінің өмірінде екі тенденциясы болады: жүмыс істеу және даму.

Жұмыс істеу - бұл тіршілік әрекетін ұстап тұру, өзіне тән бүтіндігін, сапалы анықтамасын, мінезін білдіретін қызметін сақтау.

Даму - бұл ортаның өзгеруіне байланысты тіршілік әрекетін нығайтуда жаңа сапаны игеру.

Жұмыс істеу және даму, өте тығыз байланысты, және әлеуметтік-экономикалық жүйедегі негізгі тенденциялардың бірлігін білдіреді. Бұл байланысты келесі көрсеткіштерден көруге болады (сурет 1. ) .

Басқару

¥йым

жүмысын

басқару

¥йым дамуын басқару

Дағдарыс қауіпі

Процестерді

түрақтандыру

Жаңа сапаның пайда болуы

Үйымның тіршшк әрекеті

1-Сурет. Ұйымдағы дағдарыс қауіпінің пайда болуы

Жұмыс істеу және даму байланысы диалектикалық мінезде болады, ол дағдарыстың басталуының заңдылығын және шешу мұмкіндіктерін көрсетеді. Жұмыс істеу дамуды ұстап түрады, және сол уақытта оның қоректі ортасы болып табылады, даму жүмыс істеудің көптеген процестерін бұзады, бірақ оның нық орындалуына жағдай жасайды.

Сөйтіп, дамудың циклдық тенденциялары пайда болады, ал ол кезеңді дағдарыстың басталуын білдіреді. Дағдарыс тек қирату немесе күйрету болуы міндетті емес, ол белгілі өткір дәрежеде болуы мүмкін, бірақ дағдарыс басталуы тек субъективті ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық жүйедегі табиғи әсердегі объективті жағы да бар.

Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс процесі кезінде де туындалуы мүмкін. Бұл, мысалға, техника деңгейімен персонал квалификациясы арасындағы қайшылықтар, технологиямен оны пайдалану жағдайы (ғимарат, климаттық орта, технологиялық мәдениет т. б. ) арасында.

Дағдарыс - бұл ұйымның қоршаған ортадағы қауіпті қайшылықтарының шиеленсуінің шегі (1-сурет) .

Дағдарыс себептері әртүрлі болуы мүмкін. Олар объективтіге, модернизацияның циклдық тұтыну және қайта құрылымдарға байланысты, және субъективті басқарудағы қателіктер, сонымен қатар табиғи, яғни климат өзгеруі, жер сілкіну, тағы басқа.

Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Біріншісі макроэкономикалық дамудағы стратегиямен және тенденциялармен немесе тіпті әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайлармен де байланысты, екіншісі - маркетинг стратегиясының тәуекелдігімен, ішкі қақтығыстар өндірісті ұйымдастырудың жетіспеушілігі инновациялық және инвестициялық саясатты басқарудың жетілдірілмеуі.

Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қауіпі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.

Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: үйымның жаңаруы немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар. Ол белгілі бір саяси себептермен түсіндіріледі. Негізгі дағдарыс салдары тығыз екі факторға байланысты: оның себептері және дағдарыстың даму процестерінің басқару мүмкіндігі.

Сыртқы себептер

Дағдарыс себептері

Субъективті

Объективті

Ішкі себептер

Даму қажеттіліктері

Ғылыми білім деңгейі

Табиғи өзгерістер

Басқарудың жетілдірілмеуі

Қызметтегі қателіктер

Қызметтің күрделенуі

Уақыт тығыздылығы

Мүдделердің қарама-қайшылықтары

2-Сурет. Дағдарыстың себептері

Дағдарыс салдары тез өзгерістерге немесе жұмсақ ұзақ және жүйелі шығу. Және ұйым дамуындағы дағдарыстан кейінгі өзгеріс, үзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына келу немесе келмеу.

Дағдарыстың әр түрлі салдары тек оның мінезімен ғана анықталмайды, сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқарумен де, ол дағдарысты жүмсартып немесе оны өршітуі мүмкін. Бұл қатынастарды басқару мүмкіндігі мақсатқа, кәсіпқойлыққа, басқару өнеріне, мотивация мінезіне, себеп-салдарын түсіну, жауапкершілікке байланысты (3-сурет) .

Дағдарыстың мүмкін болатын салдары

Ұйымның жаңаруы

Ұйымның жандануы

Дағдарыстың шиеленісуі

Ұйымның қирауы

Дағдарыстың әлсіреуі

Ұйымның қайта құрылуы

Ұйымды сақтап қалу

Сапалы өзгерістер

Сандық згерістер

Жаңа дағдарыстың пайда болуы

Тез өзгерулер

Жұмсақ шығу

Ұзақ мерзімді өзгерістер

Қысқамерзімді өзгерістер

Қалпына келмейтін өзгерістер

Қалпына келетін өзгерістер

3-Сурет. Дағдарыстың мүмкін болатын салдары

Дағдарыс типологиясы. Тәжірбие көрсеткендей, дағдарыс, себеп-салдарымен де мінезімен де бірдей емес. Дағдарыстарды тармақтап жіктеу қажеттілігі, құралдарды дифференциациалап және оларды басқару әдістеріне байланысты. Егер дағдарыс типологиясы және дағдарыс мінезі белгілі болса, онда оның өткірлігін төмендету уақытын қысқарту және ауыртпалықсыз өтуімен камтамасыз ету мүмкіндігі туады (Қосымша 1) .

Дағдарыстың ортақ және локальды түрлері бар. Ортақ барлық әлеуметтік-экономикалық жүйені қамтиды, локальды - тек оның бір бөлігін қамтиды. Бұл дағдарыстарды бөлудің масштабты көрінісі. Нақты дағдарыс жағдайларын талдау кезінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің шекарасын, оның құрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек.

Дағдарыс мәселелеріне қарай макро және микро деп бөлуге болады. Макродағдарыс едәуір үлкен көлемдегі және масштабты мәселелерге тән. Микродағдарыс тек жекелей мәселені немесе топтық мәселені қамтиды.

Экономикалық дағдарыс тобынан қаржы дағдарысын бөлек алып қарауға болады. Ол фирмадағы қаржы жүйесі жағдайын немесе қаржылық мүмкіндігінің қайшылықтарын сипаттайды. Бұл экономикалық процестердегі дағдарыстың ақшалай көрінісі.

Әлеуметтік дағдарыс әр түрлі әлеуметтік топтардың қақтығысы немесе қайшылықтардың өршуінен туындайды: жұмыскерлер мен жұмысберушілер, кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар, персонал және менеджерлер және т. б. Көбінесе әлеуметтік дағдарыс, экономикалық дағдарысты толықтырушы немесе жалғастырушы болып табылады, кей жағдайда өздері де туындайды, мысалы басқару стилінде, еңбек талаптарымен келіспеген жағдайда, экологиялық мәселелер қатынасында, патриоттық сезімде.

Дағдарыс құбылыстарының пайда болу мәні мен себептеріне, әр түрлі теориялық мектеп өкілдерінің көзқарастарын талдай отырып, әр түрлі түсініктерді шығаруға болады - таза субъективтіден, яғни сұраныс пен ұсыныстың психологиялық концепциясының өзгеруімен, өндірушілер мен тұтынушылардың пессимистік немесе оптимистік көңіл-күйде болуынан, қатаң, барлық экономикалық дағдарыстардың ішінен ең бірінші себеп - капиталистік өндіріс жүйесіндегі таптық келіспес қайшылықтар мүддесіне дейін. Жеке тәуелсіз зерттеушілердің теориялық жағынан айырмашылығы, өздерін ешқандай экономикалық мектепке қатысы жоқтығын айта отырып, кең ауқымды ғылыми позицияның барын айтуда.

Енді, экономикалық дағдарыстардың заңдылықтарын, мәнін және пайда болу себептерін теориялық түрғыдан қарастырсақ.

Бірінші себеп, яғни экономикалық дағдарыстардың пайда болуы, өндіріс пен тұтыну арасындағы үзілу немесе ажырау болып табылады. Натуралды шаруашылық шеңберінде өндіріс пен тұтыну арасында тікелей байланыс болды да, экономикалық дағдарыстардың пайда болуына мүмкіндік болмады. Олардың пайда болуы мен кең етек жаюына, тауар өндірісі мен айналысының дамуы себеп болды. Еңбек бөлінісі, маманданудың және кооперацияның дамуы, өндіріс пен тұтыну арасындағы үзілісті едәуір алшақтатты. Бірақ та жәй тауар өндірісінде дағдарыс ықтималдығының қажеттілігі болмады. Онда тауарлар негізінен жергілікті нарықтарда сатылып, оларды өткізу қиындығы локальды мінезде болып, қоғамдағы өткізу процестерінің бұзылуы байқалмады.

Тауар өндірісінде, өндірісті ұйымдастырудың үстемдік етуші формасы болып, ал нарық оның реттеушісі болғалы, өндіріс пен тұтыну арасындағы айырма уақытпен де және кеңістіктеде тез күшейе түсті. Стихиялық және анархиялы жағдайда өндірістегі экономикалық дағдарыстар объективті заңдылық бола бастады.

Капиталистікке дейінгі өндіріс әдісінде, материалдық игіліктер жеткіліксіз өндірілді. Капитализм кезінде ғана бірінші рет артық өндіріс туындады. Неліктен бұлай болды? Экономиканың дамуы, өндірістің қоғамдық мінезде екендігін, ал иемдену формасы еңбек нәтижесі негізінде жекеменшіктің сақталуына әкелді. Бұл қоғамдық мінездегі өндіріс пен иемденудің меншік формасы арасындағы шиеленістің өршуіне әкелді. Мұндай шиеленістердің әр елде әр түрлі тарихи кезеңдерде болуы, өзіндік спецификаны көрсетеді, ол дағдарыстар мінезіне де едәуір әсер етеді. Экономикалық дағдарыстың мәні, тауарды артық өндірудің төлемқабілетті сұраныс жиынтығы қатынасындағы, ұдайы өндіріс жағдайындағы қоғамдық капитал процесінің бұзылуынан, фирмалардың жаппай тоқырауынан, жұмыссыздықтың өсуі және басқада әлеуметтік-экономикалық күйзелісте көрініс табады. Экономикалық циклдарды оқу кезінде, артық өндіріс дамуындағы, өндірістің құлдырауы және көтерілуін сипаттайтын заңдылықтар көрініс табады. Бүл мәселені К. Маркс терең және тыңғылықты зерттеген. Ол дағдарыс себептерінің стихия және анархиялық өндіріс кезінде, болмай қоймайтындығын дәлелдеп ашқан. Белгілі экономист В. Леонтьевтің айтуынша: «Іскерлік цикл теориясы Маркстік саяси экономия алдында айқын қарыздар».

Маркстік емес мектеп өкілдері алғашында, экономикалық циклдардың болатындығын теріске шығарып, дәстүрлі нарық механизмі шеңберіндегі құбылыс сияқты циклдықты жеңу мүмкіндігін дәлелдеп бақты. Әлемдік экономиканың XX ғасырдағы дамуы артық өндіріс процесіндегі циклдық көзқарасы шегінен бастартуға әкелді.

Экономикалық дағдарыс себептері. Экономикалық дағдарыстар себептеріне деген көзқарастар біршама қарама-қайшы. Және бұған объективті себептер аз емес. Артық өндіріс циклдлығына әсер ететін бір ғана факторлардың, әр кезеңде әр түрлі және жекелей елдерде көрініс табуы өзіндік ерекшеліктерге ие. Көптеген экономистер циклдылықтың ұзақтылығын ғылыми-техникалық прогреспен (ҒТП) байланыстырады. Негізгі капиталдың активті бөлігі 10-12 жылда моральды тозуға үшырап отырды. Бұл экономикалық жандануға стимул болу үшін оларды жаңартып отыруды талап етеді. Алғашқы серпіліс болып, құрал жабдықтар мен технологияны ауыстыру болса, ал негізгі капиталдың жаңаруы, экономикалық циклдлықтың материалды негізін қалайды.

Цикл кезеңінің кезекті қысқарулары, қәзіргі әлемдегі ҒГП әсерінен, негізгі капиталдың жаңару мерзімінің жылдамдығымен байланысты.

Неоклассикалық және либеральды мектеп өкілдері, экономикалық дағдарыстарды капитализм табиғатымен байланыстырмай басқа да себептерін үсынды. Олардың көбінің ойынша дағдарыс себептері артық өндірісті туғызатын халықтың жеткіліксіз тұтынуы. Жеткіліксіз тұтыну теориясының жалғастырушы өкілі, сол жақ кейнсиандық жетекшісі Джоан Робинсон болды. Дағдарыс дәрісі ретінде тұтынуды ынталандыру болып есептелді. Бірақ тұтынудың жетіспеушілігінің (төлем қабілеттіліктің) туындауы, дағдарыс себебінен гөрі оның салдары болды. Маркстік позицияға жақынырақ экономистердің есептеуінше, дағдарыс себептері үйлеспеушіліктен, немесе «теңсіздіктен». Теңсіздік теориясы, саяси, демографиялық, табиғи сыртқы жағдайдан туындаған басқа да кең тараған дағдарыс көзқарастарымен үйлеседі. Нарықтық бостандықты жақтаушы және мемлекеттің араласуына қарсылас Ф. Фон Хайектің ойынша артық өндіріс дағдарысының пайда болуы мемлекеттің артық қаржыландыруынан (арзан несиелер, сұранысты ынталандыру) туындайды.

Дағдарыстың психологиялық теориясы да бар. Й. Шумпетердің ойынша, инвестициялық қатынастарды қалыптастырушы әрбір фазаға тән өзіндік психологиялық суреттемесі бар 1 . Дағдарыс жағдайындағы дүрбелең мен ала-ауыздық капитал салымының тұрып қалуына әкеледі. «Ауыспалы жағдай» инвестициялық циклдың бір қалыптылығын қамтамасыз етеді. Экономикалық ғылым, қазіргі уақытта экономикалық цикл мен дағдарыстар себебін түсіндіретін бір қатар теорияларды қалыптастырды. Мысалға, П. Самуэльсон өзінің «экономика» кітабында циклдық пен дағдарыстар теориясының бірқатар белгілерін көрсеткен, олар төмендегідей:

  • ақша теориясы, яғни банк несиесінің кең етек алу циклы (Хоутри және басқалар) ;
  • жаңашалық теориясы, яғни өндірістегі негізгі жаңашалық еңгізу циклы (Шумпетер, Хансен) ;
  • психологиялық теория, яғни пессимистік және оптимистік көзқарастағы толқынын қамту циклы (Пигу, Бэджгот және басқалар) ;

- жеткіліксіз тұтыну теориясы, табыстың көп бөлігін, бай және сақ адамдарды инвестрленгенмен салыстырғандағы цикл себептерін қарастырады. (Гопсон, Фостер, Кэтчингс және басқалар) ;

  • мөлшерден тыс инвестициялау теориясы, жақтастардың айтуынша, рецессия себебі болып жеткіліксізден гөрі, мөлшерден тыс инвестициялау болып табылады. (Хайек, Мизис және басқалар) ;
  • күн дағы теориясы - ауа райы - өнімділік (Джевонс, Мур) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні
Дағдарыстың мүмкін салдары
Қаржылық саласы және әлемдік экономика
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдарын талдау
Әлемдік дағдарыс» себептері ,оның жеңу жолдары
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу себептері
Бейдағдарыстық басқарудағы кризистік жағдайларды бақылау
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу табиғаты
Экономикалық даму
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және Франциядағы оңшыл экстремистік профашистік күштердің консолидациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz