Коммерциялық банк жүйесінің белсенділігін арттырудағы каржы менеджментінің экономикалық маңызы


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық этаптарының даму қарқыны, нарықтық қатынастардың жағдайының қалыптасуымен сипатталады: олар айта кететін болсақ жаңадан құрылған ақша - несие жүйесі қалыптасуы, несие - қаржы институттарының жаңа түрлерінінің қайта пайда болу сипаты банктік жүйенің құрылымын өзгеріп жатыр. Нарықтық қатынастар жағдайында коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын талдаудың маңызы мен ролі күннен күнге арта түсіп келе жатқаны белгігі болып отыр. Нарықтық экономика оған әр тараптан қатысушылардың ой жүйесімен өзгеше іс әрекеттеріні талап етуде. Банктың басты негізгі қызметі ол елдегі халықтың ақша құралдарын жинатырып сол арқылы және оларды тиімді түрде қайта бөлуге тырысу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық қызмет көрсету.
Сонымен бірге банктер қазақстан елінің экономикасындағы ақша айналымдарының барлық негізгі ақша құралдарының негізгі бөлігіктерін қамтамасыз етумен қатар, ақша қаражат қаржыларды игерудің негізінде еліміздің ақша қаржылық жағдайынада өз тарапынан ықпал етеді. Еліміздің банктер жүйесі халықтың қолындағы және мемлекеттің ақша ағымын тікелей өздері жасақтап құрамдамағанмен, өздерінің көрсететін функцияларының көмегімен өнеркәсіпке сонымен бірге саудаға және банктік емес ақша қаржылық салаға, мемлекеттік және халықтық тараптарға және солардың ақша ағын ағымдары негізінде еліміздегі нарықтық экономика мен әлемдік шарушылық байланыстар жүйесіне араласып ат салысады. Сол себепті, еліміздегі банктік қаржылық менджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін бірден бір маңыздылығында болып табылады. Қиын қаржылық жағдайға тап болғанда дағдарыстық жағдайды түзету үшін біріншіден алдымен тиімді қаржы менеджементін құрудан басталады. Сәтсіздікке тап болған үйымдарға мынадай жағдайлар тән болу ықтималдығы жоғары:
- қаржы мен қаражатты жоспарлау жүйесінің ауыр жағдайда болуы, оның бірден бір себебі алдыға қойылған қаржылық мақсаттың нақты айқын болмауы, сонымен қатар қаржылық стратегияының жоқ болуы;
- өндірілетін өнімнің түрлері мен оның бөлімдерінің қаржылық тиімділігі туралы мәліметтің жоқтығы;
- сонымен қатар инвестиция туралы айқын сенімді негіздемелердің жоқтығы;
- есеппен есеп беру жүйесінің ғылыми тұрғыдан алып қарағандағы түсінікті болмауы сондықтан соның салдарынан қаржы жұмсаудың бағытын дұрыс айқын түсінуге жол бермейді;
- кәсіпорындардың бухгалтерлікесеп қисап жағдайы туралыда ақпараттық статистикалық мәліметтер ұзақ мерзім бойы талданбайды.
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің дағдарыс жағдайындағы міндет мақсаттарына келесілер жатады:
- біріншіден коммерциялық банктердің төлемсіздік қабілетін жоюмен және сонымен бірге дағдарыс жағдайына ұшыраған кездегі ең негізгі басты мақсатына айналады, аталған мақсатты орындау дегеніміз ағымдағы ақша айналымы мен қаржылық міндеттемелердегі қаржылық төлем қабілеттілігін өтеуді қалпына келтіруі болып саналады;
- келесі орындалатын шараға жатады қаржылық тұрақтылықпен төлем қабылеттілігін қалпына келтіру. Ол үшін төтенше шараларды қолданудың негізінде төлемділік қабілетті тез арада жылдамдатып қалпына келтіруге болады. Бірақ коммерциялық банктердің төлем қабілетсіздігін туғызған себептер мен оның салдарларың жою үшін олардың қаржылық тұрақтылығын өздері үшін қауіпсіз деңгейдің қалпына келтіру қажеттілігі туындайды;
- коммерциялық банктердің қаржылық тұрақтылығы мен ұзақ мерзімге бағытталған қаржылық тепе-теңдігін сақтап сонымен бірге қалпына келтіру қажеттілігі туындайды, өзгеше келтіретін болсақ, ол коммерциялық банк ұйымдарының нарықтық бағасын арттырудағы алғы шарттарды жасау болып табылады. Қаржылық стратегия жағдайында коммерциялық банктердің қызмет көрсетулерінің деңгейлік сапалық даму қарқынын қамтамасыз етіп дағдарыстың алдын алып сонымен бірге қаупінде жояды.
Мәселен, дағдарыс жағдайындағы белгілі бір коммерциялық банктердің қаржылық мақсаттарын ткелесідей тұжырымдап келтіруге болады: олар
- аз мерзімнің ішінде шығын аз жұмсаудың негізінде қызмет көрсетуді жоғарғы деңгейіне дейін көтерілуі;
- көрсетілетін қызмет түрінің өзіндік құнын азайтып пайданың көбеюін қамтамасыз ету.
- коммерциялық банктердің негізгі мақсаты ол олардың қаржылық тұрақтылықтылығын қамтамасыз етуі.
Дағдарысқа қарсы басқарудағы қаржы менеджментінің міндеттері келесідей:
- коммерциялық банктерде қажетті көлемдегі қаржы ресурсын орнату мен қатар олардың қаржылық ресурстарын тиімді пайдалана білу;
- ақша айналымын тиімділігін арттыру мен қаржылық тәуекелділікті барынша төмендетіп ұстап тұрып тұрақталған деңгейінде табысты барынша көбейтуге тырысу;
- табыстың жоспарлаған деңгейіндегі қаржылық тәуекелділігін азайту және сонымен қатар тұрақты жағдайда бір келкі қаржылық тепе-теңдікті қамтамасыз ету.
Дегенмен қаржы менеджментінің дағдарысқа қарсы жүйелі іс атқару қызметі жалпы менежмент қызметі тән функциялардан ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау, мотивация және талдау болып табылады.
Коммерциялық банкттердің қаржылық менеджменті негізінде банктің белсенділігін артырып қаржымен қамтамасыз етуге бағытталған және ол банктік қызмет көрсетудің ең бастысы бағыты болып табылады. Өйткені, банктің қайта бөлуге бағытталатын ақша ресурстарының басым бөлігі (орташа 80-85℅) - қоғамдікі, яғни банктен тыс тараптардан тартылған қаржылар болып есептелінеді. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банкілердің банкі болып саналумен қатар оларды қоғам өздерінің ақша қаражатын сеніп тапсырған коммерциялық банктер немесе екінші деңгейдегі банктер болғандықтан олардың қаржылық белсенді болуына лайықты заңдар мен нормативті актілер арқылы қамтамасыз етеді. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк секторының несие портфелі бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылған провизиялар 2, 1 трлн теңге немесе жиынтық несие портфелінің 15, 6%-ы болды. Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 1, 3 трлн теңге немесе банктердің жиынтық несие портфелінің 9, 3%-ы болды. Банктердің міндеттемелері 2017 жылы 1, 6 трлн теңгеге немесе 7, 0%-ға азайды және 21, 1 трлн теңге болды (Бұның себебі еліміздегі нарықтық экономиканың дамуына сәйкес банктік қаржылық менджментте позитивті өзгерістердің болуы, яғни ішкі қаржылық басқару мен сыртқы қадағалау тетіктерінің күшеюі.
Осы орайда, дәл осы процестерді ашу, қаржыны басқаруды түсіну, оң және теріс жағына көз жеткізу, сәйкесінше, туындайтын мәселелердің себептерін және оларды шешу жолдарын іздеу дипломдық жұмыстың тақырыбына өзек болды. Банктің қызметі ұдайы өзгеріп отыратын жалпы экономикалық және әлеуметтік-саяси жайлардың, қаржылық нарықтағы жағдайлардың өзгерістерінің барысында жүргізіледі. Сәйкесінше, бұл құбылыстар банктың жалпы экономикалық белсенділігіне әр түрлі әсер етуі мүмкін. Сонымен дипломдық жұмыс қазіргі күннің өзекті мәселелесіне арналып жазылған. Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, үш тараудан және әр тарау өз кезегінде бөлімдерден және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Тарау. Қазақстанда коммерциялық банк жүйесінің калыптасуындағы қаржы менеджментінің рөлі
1. 1. Коммерциялық банкке түсінік оның негізгі операциялары мен функциялары
70 жыл Қазақстан Кеңес өкіметі құрамында болған кезінде өз банк жүйесі болмағаны белгілі, себебі Қазақстан республика немесе біздің еліміздің территориясында КСРО-ның бір орталықтандырылған банк-несие жүйесінің бөлімдері мен бөлімшелері жұмыс істеді. Соның негізінде банктік жүйенің тарихы КСРО-ның тарихымен және сонымен бірге қазан революциясына дейінгі Россияның тарихымен және банк жүйесімен өте тығыз байланысты. Патшалық Россияның банк жүйесіне мемлекеттік банк, акционерлік банктер, өзара несиелеу қоғамдарымен қалалық банктер және сонымен қатар ипотекалық несие банктері және де өзгеде несиелік ұйымдар мен мекемелер кірді.
Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастырып жолға қойып бір ізге түсіріп дамыту мемлекеттік деңгейде іске асырылды. Ең басында мемлекеттік банк, содан кейін, жеке меншіктегі коммерциялық банктер және өзгеде банктерді мемлекет иелігіне берудің негізінде мемлекеттің иелегіндегі салалық және аймақтық банктер құрылды.
Барлық кеңес үкіметінің құрамындағы республикаларда, оның ішінде, Қазақстанда да барлық банктердің республикалық ұйымдары құрылды. Бұл жерде банк ісін орталықтандыру қағидасы сақталды, банктік ұйымдар жоғары банк органдарына бағындырылып, ір қайсысына өз тараптарынан жергілікті ережелерді орнатуға жол берілмеді.
Орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында банк мемлекеттің қаржы нарығында монополия түрінде «жалғыз банк» деп аталатын жүйе, банктік жүйе болды.
Екі деңгейлі банк жүйесі дамыған елдердің экономикасында ертеден қалыптасып танылған жүйе еді. Ал елімізде мұндай жүйені құрудың мүмкіндігі тек 1987 жылы СОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің № 821 қаулысының негізінде бекітіліп (орталық эмиссиялық банктің және мемлекеттік мамандандырылған банктердің) құрылды. Республикалық банктерге кеңестік республикалардың министрліктерінің құқықтары берілді. Бірақ елімізде несие жүйесін жетілдіру бойынша жүзеге асырылған іс -әрекеттерге қарамастан, ол шаралар іс жүзінде өзгеріссіз болып қала берді. 1987-1988 ж. ж. Құрылыс банкісін негізінде Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіпбанкі және Тұрғын әлеуметтік банкі жүргізілген банктік реформа нәтижесінде Мемлекеттік болып қайта құрылды. Жинақ кассалары жүйесінің негізінде Жинақ банкісі, ал Сыртқы сауда банкі негізінде Сыртқы экономикалық банк құрылды. КСРО-ның Мемлекеттік банкі мемлекеттің Орталық банкі болып жарияланды. Дегенмен бұл қайта жасақталталып ұйымдастырылған мемлекет тарапынан мамандандырылған банктер - Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі, Тұрғын үй әлеуметтік банкі, Жинақ банкі - бұрынғы жоспарлы экономиканың кезеңінің жүйесіне байланысты көптеген жайдайларға сәйкес негативті белгілеріне ие болып келді. Мемлекеттік банк, Құрылыс банкі және Сыртқы сауда сияқты аталған банкілер жұмыс жасады. Бұл аталған банктер бірақ халық шаруашылығының экономикасында қаржы несиелік ресурстардың еркін түрде ағылуына жол бере алмады, сондықтан борышкерлармен аралықта тиісті партнерлік қарым - қатынастар орнай алмауы себептеріне байланысты, Мемлекеттік банктегі жалпы қаржы ақша айналымын басқарудың жеткілікті тиімді әдістері болмады. Несиелік саясаттағы проценттік ставкалар төмен болуыына байланысты болып, олар тиімсіз болған, рентабельділігі төмен жобаларды іске асыру барысында қолданылатын несиелерге байланысты қосымша сұраныстарды қалыптастырды.
«Кооперация туралы» Заң 1988 жылы қабылданғаннан соң алғашқы қатардағы кооперативтік банктер құрыла бастады, соның нәтижесінде олар банктік көрсету қызмет аясында экономикалық жүйенің нарықтық қатынастарының қалыптасуына негіз болып қаланды десек болады. Осы жылдан бастап еліміздің банк жүйесі дамуының алғашқы кезеңі басталды. Бұрынғы КСРО кезінде мұндай банктердің бірі болған Шымкенттегі «Союзбанк» болды. Жетпіс жыл бойы еліміздің сонымен қатар КСРО банк жүйесінде, оның ішінде, банк жүйесінде қатаң түрдегі орталықтандыру және шоғырландыру орын алып, әкімшілік жоспарлы жүйеге тән әкімшілік басқару басым болып келді. Қазақстан Республикасының 1990 жылы 10 қазанда мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы аясына байланысты өзіндік экономикалық саясатты жүзеге асырылуға ынталандырды. Осы мерзімде Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның банк жүйесінің дамуының 1990 жылдың желтоқсанында екінші кезеңі басталып, «Қазақ ССР - дегі банктер және банктік қызмет туралы» Заңы қабылданды. Осы аталған заң аясында екі деңгейлі банк жүйесі бір ауыздан қолданылды. Қазақ ССР - ның Мемлекеттік банкі Бірінші деңгейге, ал коммерциялық банктер және т. б. несиелік ұйымдар мен мекемелер екінші деңгейге кірді. Экономиканың нарықтық жүйесіне сай орталық банктің қызмет көрсетулері орталықтандырылған жоспарлы экономикадағы функцияларынан өз кезегінде айрықша түрде ерекшеленеді. Біріншіден, олар соңғы тізбектегі несие беруші ретінде болып, банк және кредит - қаржы ақша жүйесінің тұрақты түрде қызмет көрсету ету аясын қамтамасыз етеді. Екіншіден, олар ақша массасының көлеміне бақылау жүргізудің незізінде тұрақты бағаларды сонымен қатар және мақсаты «жұмыспен толық қамтылуды» қамтамасыз ету болып табылатын қаржы, ақша - несие саясатын қатар алып жүргізу мақсатын алға қойды. Алға қойылған мақсаттарға жету жолында Орталық банк ақша - несиелік реттеудің жанама инструменттерін қолданудың қажеттілілігі алғашқы алға қойылған міндеттер болып саналды .
Сонымен қатар банк жүйесіндегі дамудың екінші кезеңіндегі ерекше айта кетерлік белгілерінің бірінің - бұл жүйедегі реттіліктің болмауы мен бей берекесіздігі болып саналды. Олар бірнеше себептерге байланысты болды. Ол себептерді атап айтар болсақ, біріншіден, коммерциялық банктер санының жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап тез өсуінен; екіншіден, Кеңес Одағының, соның себебінен бұрынғы банк жүйесінің ыдырауынан; үшіншіден, нарықтық типтегі екі деңгейлі банк жүйесіне өтуінен; төртіншіден, Мемлекеттік банктің ақша қаражаттарының жетіспеуі салдарынан, қызметкерлердің біліктілік деңгейінің сәйкессіздігінен болды.
Сол жылдары елімізде екінші деңгейдегі банктердің саны ұлғаю байқалды сонымен қатар, ол екінші деңгейдегі банктердің жарғылық капиталдарыда да еселеп қскенін байқауға болады. Мысалыалып қарайтын болсақ КРАМДС - банктің жарғылық капиталының көлемі 1992 жылы 50 есеге есе арта түсті. Коммерциялық банктердің қорлары жалпы қорлары осы мезгілде салыстырып қарағанда 12 есеге ұлғайды.
Еліміздің қаржы, несие - банк жүйесінің қарқындап өсуінің бағыттарындағы жаңа серпіліс болып, 1993 жылы сәуірдегі қабылданған жаңа заңдардың қабылдануы болып табылды. Маңызды белгісі болып: «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасында валюталық реттеу туралы» заңдары саналады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заң Ұлттық банктің өкіметтен және басқа да билік органдарынан тәуелсіздігін нақтылап айқындап шекарасын белгілеп берумен қатар өзге заңдарға қарағандағы ерекшеліктерін айқын көрсете білді. Бұл заң өзге заңдардан айрықша болуымен қатар Ұлттық банктің қызметтері мен, алға қойылған мақсаттары және орындауға тиісті міндеттерін нақтылап қана қоймай сонымен қатар оны Қазақстанның Жоғарғы Кеңесіне мен бір жағынан Президенттің алдында есеп беруші заңды тұлға етіп тағайындады. Сонымен қатар Ұлттық банкке екінші деңгейдегі коммерциялық банктерді құрумен қатар, оларды таратуды, экономикалық ақпараттық нормативтерді белгілеу үрдісінде туындайтын мәселелерді шешу жағдайындағы негізгі ерекше өкілеттіліктерді тағайындады. Бірақта дегенмен Ұлттық банктің екінші деңгейлі коммерциялық банктердің шұғыл қызметіне араласу құқығы болмады. Негізінде алып қарайтын болсақ Ұлттық банктің бақылау мен қадағалау қызметтері қаржы, несие - ақша жүйесін бұзылуына себеп болатын келеңсіз жағдайларды болдырмаусонымен қатар бақылаусыз қалған қаржы несие - ақша эмиссиясынің құзіреттілігін белғілі деңгейден асырмауға бағытталған. Екінші деңгейлі коммерциялық банктердің қызметтерінмен құқықтарын сонымен қатар айта кетерлік міндеттемелерін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң айқындады. Аталған Заң негізінде екінші деңгейлі коммерциялық банктердің жауапкершіліктерін жоғарғы қалыпты деңгейде ұстауға, қаржы ақша - несие жүйесін реттеуде оларға көмек жасауға, олардың үдемелі үрдісте дамуына бағытталған. Жаңа заңның тағыда айта кететін айрықша ерекшелігіне әлемдік банктердің тәжірибесіне сай келетін банктерді құру тәртібіне жоғарғы деңгейдегі талаптардың белгіленуі болып табылады. Сонымен қатар, банктің басшыларына қойылатын талап - тілектердің жоғарылау бағыттары. [1, 2]
Жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында валюталық реттеу туралы» Заңы жоғарыдағы аталған саладағы қарым - қатынасты белгілібір деңгейде ымырашылдыққа келуге талап қойды. Олар үшін валюталық құндылықтарды елімізге еркін түрде әкелумен және сыртқа шығарудың құқығы берілді. Сонымен еліміздің кәсіпорындар мен ұйымдарында шетел елдің валютасында пайда алуға мүмкіндіктер берілді. Бүл іс-әрекет сонымен қатар, шетелдік инвесторлардың еліміздің экономикасына өз тараптарынан қаржы-қаражаттарын салуды ынталандырды.
Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қарашада өзінің ақша бірлігін енгізудің негізінде сол арқылы өзіндік еркін ақша - несие саясатын жүргізудегі алдыға қадам жасалынды. Елеміздің банк жүйесіндегі қарқынды дамуындағы бұл үшінші кезеңінің басының басталуы еді. Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей, коммериялық екінші деңгейдегі банктердің саны әр елдер бойынша әртүрлі болып келеді. Мысалы, коммерциялық банктер АҚШ - та 10922 ( 2000 ж. ), Германияда - 270 (2000 ж. ), Италияда- 176, Жапонияда 140. Бірақ үрдістердің маңыз-мәні банктердің санында ғана емес, олардың төлем қабілеттілігімен қаржылық тұрақтылы мен тиімді қызмет көрсете білуінде.
Еліміздегі екінші деңгейлік коммерциялық банктертердің өзінің сандық өсуінің шарықтау шегіне 1993 жылдың аяғына қарай жетті, сол кездегі олардың санының бірлігі 204 ті құраған болатын.
Екінші деңгейлі коммерциялық банктер санынің 1993 жылдан бастап қысқарғаны байқалады. Оның басты себебі тұрақсыз және әлсіз банктер бір-бірімен қосылды немесе толық жойылды. Сонымен қатар, соңғы жылдары елдегі коммерциялық банктердің саны 237-ден (1995 ж. шырқау шегі) 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 32 банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 6 ұйым, оның ішінде 2 ипотекалық ұйым (2017 жылдың басында 33 банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 8 ұйым, оның ішінде 3 ипотекалық ұйым) жұмыс істеді. . [3, 4]
Жалпы алғанда бес мамандандырылған коммерциялық банктертердің оның ішінде Агроөнеркәсіпбанкі, Тұран банк, Әлеуметтік несие банкі, Әлем банк және Жинақ банкілерінің 1990 - 1993 жылдары арасында банк жүйесіндегі мерейлері үстем болды. Құрылымдық өзгерістер Ресейдің банк жүйесінің дағдарысымен 1994 жылы жалпы экономикалық үрдістердің ықпал етуімен байланысты болып, соның нәтижесінде Ұлттық Банктің 28 екінші деңгейлі коммерциялық банктері өздерінің лицензияларынан айырылды. КРАМДС - банк олардың ішінде ең ірісі еді. Ең басында осы банктің алға қойған мақсат міндеттері айқын тұрақты болып келді, бірақта олардың активтерді орналастыру жағдайының тиімсіздігіне сонымен қатар және ірі банк қызметін тұтынушылардың тарапынан бәсекелес банктердің жағына өтуігедің негізінде соған байланысты банктің өтімділік мәселесін шешудегі мүмкіндіктерінің бола алмауы себеп болды. Екінші деңгейлі коммерциялық банктердің несие портфелінің 60 пайызы пайдасыз несиелерден, 4 пайызы күмәнді несиелерден, тек 0, 5 пайызы ғана нақты қамтамасыз етілетін несиелерден тұрды.
Тұран банк және Әлем банк сиякты Қазақстанның ірі банктерін де дағдарысқа ұшырады. Қазақстанның экономикалық жағдайы қаржы ұйымдары мен ұжымдарының қызмет көрсетулеріне негізделген болғандықтан, Ұлттық Банктің ұсынысымен мемлекет бұл банктерді 25 млн. АҚШ долларына сатып алып, жаңа мемлекеттік банк «ТұранӘлем банк» құрды.
Сонымен қатар өзге банктерді келесі топтарға бөліп топтады:оларға тәуекелділігі төмен, сонымен қатар табысы төмен активтерді басқару саясатын жүргізген мемлекеттік банктер болып саналды бұл Халық жинақ банкімен Тұрғын үй жинақ құрылыс банкі; өкіметпен сатып алынған банктерге жататындар, бұл Тұран банк, Әлем банк және Әлеуметтік несие банктер болды; биліктің құрылымдары тарапынан қолдау көрген банктердің қатарына Казкоммерцбанк жатты, тәуекелділік мүмкіндігі аз операцияларды іске асырған банктерге жататындардың қатарына: Орталықнесиебанкі, Темірбанк, Мұнай банкі жатты сонымен қатар шетелдік капиталдардың тікелей қатысуымен ұйытастырылып құрылған банктердің қатарына келесі банктер, Абн АМРОбанк, Тексака банк, КЗИ банктер жатты.
Үш ірі әлемдік банктер: «Банк Сосьете Женераль Казахстан» жабық акционерлік қоғамы, «HSBC Банк Казахстан» жабық акционерлік қоғамы, «Ситибанк Казахстан» жабық акционерлік қоғамы1998 жылы Қазақстандық қаржы нарығына енді.
Меншік нысанына байланысты екінші деңгейлі коммерциялық банктер мемлекеттік банктер, мемлекетаралық банк, шетелдік капиталдың қатысуымен және өзгелері болып бөлінді.
Нарықтық экономика жағдайында екінші деңгейлі коммерциялық банктер тарапынан - клиенттеріне әр түрлі қызметтер көрсететін айрықша немесе ерекше кәсіпорын. Бүгінгі таңда екінші деңгейлі коммерциялық банктер тарапынан клиенттерге ақылы негізде қызмет көрсететін іс-әрекеттерін жүзеге асыруға негізделініп жүргізілетін операциялардың дәстүрлі және нарық талабына сай дәстүрлі емес нысандары көбейе түсуде.
Коммерциялық банктің қаржылық тұрақтылығына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлары 1-ші кестеде келтірілген
Халықтың төлем балансы қалдығы (экспорт/
импорт)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz