Материалды емес активтерге меншіктік құқық


Мазмұны
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда кәсіпорындардың меншігіндегі материалды емес активтердің рөлі біртіндеп артылып келеді. Бұл құбылысқа бір кәсіпорынның келесі бір кәсіпорынмен «жұтылып» кетуі, технологиялық өзгерістердің масштабтары мен жылдамдығымен, ақпараттық технологияның таралуымен Қазақстанның қаржы нарығының интеграциясы мен қиындауы әсер етсе керек. Әдіс сұрақтары мен иеліктердің берілген түрлерінің есебін ұйымдастыру бүкіл әлемде қызу талқылануда. Осы тұрғыдан алып қарағанда диплом жобасының тақырыбы өзекті болып табылады. Материалдық емес активтер-Қазақстандық бухгалтерлік есептеу әдістемесінің ең бір шешілмеген мәселесі болып отыр деп батыл айтуға болады. Берілген дипломдық жобада материалдық емес активтердің нақты классификациясы мен құрылымы, оның бағалануы берілген, материалдық емес активтер объектілерінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері қаралған. Материалды емес активтерді иемдену сұрақтары, тозуы, есептен шығуы ағымдағы заң жобаларымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, материалды емес активтердің бухгалтерлік есебі мен аудитіне де көңіл бөлінген. Жобада шаруашылық жұмыстарының жиынтығы болып көрінетін бухгалтерлік есептер берілген. Қосымша беттерде материалды емес активтердің есебін жүргізуді қажет ететін құжаттар ұсынылғын. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. Материалды емес активтер отандық бухгалтерлік тәжірибеде 1988 жылдың мамыр айында пайда болды. Бірақ, тек шетелдік кәсіпорындармен біріккен кәсіпорындар үшін. 1990 жылдың шілде айында материалды емес активтерді бухгалтерлік есепте қолдану акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге де рұқсат етілді. Бұл енгізілген жаңалық СССР-дің жаңа заңында материалды емес меншіктердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізу қаралғандықтан ұйымдастырылды. Бұған дейін, тіпті ЭЕМ-ға арналған машиналардың өзі негізгі құралдар-электронды есептеуіш машиналар құрамында болды. Материалды емес активтердің кез-келген классикалық анықтама секілді көзге көрінетін айырмашылықтарын жинақтайтын, объект немесе құбылысты анықтайтын, нормативті құжатты анықтамасы жоқ. №28 «Материалды емес активтердік есебі» деген бапта материалды емес активтердің объектілерін санап қана қояды:
Ұзақ мерзімге қолданылатын (1 жылдан жоғары), шаруашылық саласында және пайда әкелетіндерге;
-ғылым, әдебиет, өнер және ЭЕМ бағдарламаларына, мәліметтер базасына авторлық және басқа да келісім шарттар;
- ойлап табуға, өндірістік үлгілер, өнімдік жетістіктерге патенттер, пайдалы модельдерге тауарлық белгілер мен қызмет көрсету белгілерінің куәлігі немесе оларды қолдану үшін лицензионды келісім-шарттар;
- «ноу-хау» құқықтары қарастырылады.
Сонымен қатар, материалды емес активтерге жер учаскелерін, табиғи ресурстарды пайдалану мен ұйымдастыру шығын құқықтары жатады. Материалды емес активтер объектілері-патенттердің өзі, ЭЕМ-ға бағдарламалар немесе тауарлық белгілер емес, оларды қолдану құқықтары екенін ерекше атау керек. Материалды емес актив болып интелектуалды қызметтің жетістігі емес, осы нәтижені қолдану құқығы есептеледі. Интеллектуалды меншіктің сұрақтары келесі заң актілерімен реттеледі:
-1996 жылдың 10 маусымында қабылданған «авторлық және аралас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының заңы №6,
- ҚР 1999 жылы 26 шілдеде қабылданған «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауар өндірілген жер атауы» туралы Заңы. (өзгерістер 09. 07. 04) .
Осы заң тіркеу, құқықтық қорғау және тауар белгілерін қолдану қатынастарын реттейді. Коммерциялық ұйымдарда материалды емес активтерді интеллектуалды жұмыс нәтижесін қолдану келесі нәтижеде ғана жүзеге асады:
-материалды емес активті тіркеу (өз қолымен жасалған, сәйкес құжатты керекті органнан алуы керек)
- материалды емес активті лицензионды келісім шарт бойынша, міндетті мемлекеттік тіркеумен басқа ұйымнан алу.
Материалды емес активтерді тәжірибеде қолдану келесі кезеңдерге әкеп соғады.
Бірінші кезең - интеллектуалды меншіктің сауатты жіктелуі. Бірақ, бүгінгі күні кәсіпорындар бұл кезеңді орындамайды немесе дилетантты түрде ғана жасайды.
Екінші кезең-материалды емес активтерді коммерцияландыру:
-ғылыми-техникалық өнім нарығына белсенді шығуы;
-өз сатып алушысын табу, кәсіпкерлік өнерін шыңдау, яғни, өз идеясына тапсырыс берушіні өзі табу;
- жарнамалау;
- журналдарға жазу, теледидарға ұмтылу.
Материалды емес активтерді экономикалық айналыста қолдану, оларды интеллектуалды еңбектің бағасы ретінде белгілі-бір механизмге айналдыру кәсіпорынға: өзінің өндірістік капиталының құрылымын материалдық емес активтердің кеңеюі есебінен өзгертуге, қолданыссыз және жатып қалған «өлі» жүктерге айналған материалды емес активтерді тиімді және өнімді қолдануға мүмкіндік береді. Сол сияқты бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау бөлігінде ақпараттық жүйелерді автоматтандыру процесі маңызды мәселе болып табылады. ХҚЕС-ты толыққанды енгізу компаниялардың бизнес-жобаларын жан жақты автоматтандырусыз мүмкін емес, ол бастапқы құжаттарды өңдеуді, автоматтандырылған режимдегі негізгі көп еңбекті қажет ететін функцияларды барынша оңтайландыруға және адам факторының қатысуымен байланысты тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігіне жол бермеуге жағдай жасайды. Бухгалтерлік есепке алуды автоматтандыру ұйымдарда есепке алу жұмысын жолға қоюға елеулі септігін тигізеді, ақпаратты өңдеу принциптері бейнелі түрде өзгереді, бұл ретте, есепші қызметкерлер деректерді өңдеуге тікелей қатысады. Ұйымдарда бухгалтерлік есепке алуды автоматтандыру мәселесі ең маңызды болып табылады, себебі олардың қызметтерін тұтынушы Қазақстан Республикасының халқы болып табылады. Ұйымдарда бухгалтерлік есепке алуды автоматтандыру процесін іске асыру мақсатында ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінде енгізілген көмекші бухгалтерлік есепке алу және Бас бухгалтерлік кітабын жүргізуге қойылатын талаптарды жетілдіру жоспарланып отыр.
Нарықтық экономиканың нағыз шарықтап келе жатқан шағында күрделі экономикалық механизмді басқару өндірістегі дәл, әрі нақты жүргізілген есеп арқылы ғана жүзеге асуы тиіс.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы - материалдық емес активтердің есебі мен аудиті.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорындағы материалдық емес активтердің құрылымы мен өндірістегі маңызы, есебінің және аудиттеу тәртібі, жетілдіру жолдарын зерттеу, сонымен қатар оның есебін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
1 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕ ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ
1. 1 Материалдық емес активтер туралы түсінік, бағалау әдістері және жіктелуі
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты кәсіпорындар мүлкінің құрамында материалдық емес активтер деп аталатын активтердің жаңа түрі пайда болды. Олар кәсіпорынның бухгалтерлік балансында ұзақ мерзімді активтер баптарының екінші тобында көрсетіледі.
Материалдық емес активтер деп-белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеледі деп күтілітін активтерді айтамыз.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына мыналар жатады:
- лицензиялық келісімдер;
- патенттер;
- бағдарламалық жабдықтар;
- Ұйымдастыру шығындары;
- сауда маркалары;
- авторлық құқық;
- гудвилл (фирма бағасы) ;
- Ноу-хау;
- франчайзинг және т. б.
Кәсіпорындарда материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатылып алыну, басқалардың субъсидия ретінде немесе сыйға беруі барысында, сондай-ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады.
Объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу (жатқызу) тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.
Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Осы активтердің бастапқы құны төмендегіше анықталады:
- құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады;
- заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады;
- басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады.
Материалдық емес активтерді тиесілігіне, пайдалану мақсатына және атқаратын міндетті қызметіне байланысты топтастыруға болады.
Тиесілігі бойынша материалдық емес активтер мынадай топтарға бөлінеді:
- өндіріспен байланысты материалдық емес активтер (ұйымдастыру шығындары, ноу-хоу, бағдарламалық жабдықтау, табиғат ресурстарын пайдалану құқығы) ;
- коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер (тауар белгілері, сауда маркілері) ;
- пайдалану құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер (патенттер, лицензиялық келісімдер, өндірістік үлгілер) ;
- басқалары (гудвилл, интеллектуалдық меншік) .
Пайдалану мақсаты және атқаратын міндетті қызметі бойынша:
- интеллектуалдық меншік (патенттер, лицензиялық келісімдер, өндірістік үлгілер, тауар белгілері, ноу-хоу, бағдарламалық жабдықтау, гудвилл)
- табиғат ресурстарын пайдалану құқығы (жер учаскесін, қазба байлықтарын пайдалану құқығы, қазба байлықтар жөніндегі геологиялық және басқа ақпараттарға құқық) ;
- кейінге қалдырылған шығындар (ұйымдастыру шығындары, ғылыми-зерттеу және конструкторлық-тәжірибе жұмыстары бойынша шығындар) .
Материалдық емес активтердің нақты бары мен олардың қозғалысының есебі типтік шоттар жоспарындағы 2700 - «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің активті шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде материалдық емес активтер құнының өскендігін, ал кредитінен олардың есептен шығарылғандығын, яғни азайғандығын көреміз.
Материалды емес активтер деген түсінік әлемдегі алдыңғы қатарлы фирмалардың шаруашылық қызметінде 19 ғасырдың аяғынан бері кеңінен қолданылып келеді.
Материалды емес активтер дегеніміз авторлардың, патент иелерінің және интеллектуалды меншік нысандарының басқа да заңды иелерінің құқықтары.
Интеллектуалды меншік саласындағы субъектілер құқығы арасындағы пайда болатын қарым-қатынастар реттеледі:
- өнертапқышқа оның өнертабысын өзі жеке-дара қолдану құқығын растайтын патенттік заңмен;
- ҚР 1999 жылы 26 шілде айындағы № 456-1 «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауардың шыққан жерінің атаулары туралы» заңмен;
- шығармашылық қызметтің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет, өнер туындыларына құқықты реттейтін ҚР 1996 жылы 10 маусымдағы № 6 «Авторлық құқық және шектес құқықтар туралы» заңымен;
Қазақстан Республикасы қатысатын мынадай халықаралық келісімшарттармен:
- өнертабысты, өндірістік жалпыға пайдалы үлгілерді және тауар белгілерін экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жағдайында құқықтық қорғау келісімі (КСРО 12. 04. 73. Мәскеуде қол қойылды) ;
- 19. 07. 70 жылғы патенттік кооперация туралы келісімшарт (КСРО атынан 23. 12. 70 жылы қол қойылды және 23. 12. 77 КСРО-ның ЖК Президиумымен ратификацияланды) ;
- Өндірістік меншікті қорғау туралы конвенция (Париж, 20. 03. 1883) (19. 09. 68 жылы КСРО-ның ЖК Президиумы Қаулысымен Конвенцияның 28 бабының 1 пункті бойынша келісім ратификацияланды) .
Материалды емес активтерді бағалау.
Материалды емес активтер есепке алуда бастапқы және қалдық құны бойынша есептеледі, материалды емес активтерді пайдалану жеке есептеледі.
Бастапқы құн дегеніміз материалды емес активтерді сатып алудағы шығындар немесе материалды емес активтерді жасау және оларды пайдалануға жарамды жағдайға келтіру кезіндегі шығындар.
Материалды емес активтерді сатып алу шығындарына нысанды сатушыға, ақпараттық және кеңес беру қызметі үшін делдалдарға берген сома, тіркеу жиындары және баж салықтары, кедендік және нысанды сатып алуға кеткен басқа да шығындар.
Материалды емес активтерді жасауға кеткен шығындарға қызметкерлерге есептелген еңбек ақысын төлеу, әлеуметтік қажеттіліктерге есептеулер, материалдық шығындар мен жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар кіреді.
Бастапқы құн нысанды жұмысқа енгізу сәтінде анықталады және материалды активтердің өнеркәсіпте болған барлық уақыты бойында өзгеріссіз қалады.
Бастапқы құн келесі нысандар үшін белгіленеді:
келісілген құн бойынша жарғылық капитал шотына салынған салымдар;
басқа ұйымдар мен тұлғалардан ақшаға алынғандар - нысанды сатып алу мен оны пайдалануға жарамды жағдайға жеткізу үшін нақты жұмсалған шығындар бойынша;
басқа ұйымдар мен тұлғалардан ақысыз алынғандар - сараптау жолымен.
Материалды емес активтерді бухгалтерлік есепке алудағы басты мәселелер:
Сатып алу сәтінен бастап есептен шығаруға дейін олардың бар болуы мен сақталуын қадағалау;
Тозуды дұрыс әрі дер кезінде есептеу;
Бюджетке жіберілетін салықты дұрыс есептеу үшін мәліметтер алу;
Материалды емес активтердің бар екендігі және қозғалысы туралы есеп беру үшін мәліметтер алу.
Кейбір қазақстандық нормативті құжаттарда материалды емес активтерге анықтама беріледі, олардың түрлері қарастырылады. Бұл құжаттардағы материалдарды жалпылай келе материалды емес активтерге мынандай активтер жататынын көрсетуге болады:
- не материалды-заттық формасы жоқ, не шаруашылық қызметте қолдануға материалды-заттық формасы аса маңызды емес;
- табыс әкелуге қабілетті;
- ұзақ мерзімді уақыт ішінде (бір жылдан аса) пайдаланылатын.
«Материалды емес активтерді бағалау» стандарт жобасын басшылыққа алсақ онда материалды емес активтер өзі арқылы өзінің экономикалық қасиетін айқындайды. Оларда материалды негіз жоқ. Олар иелеріне кейбір құқықтар мен артықшылықтар, сонымен қатар оларға кейбір табыс әкеледі. Материалды емес активтер өзінің шығу тегі бойынша кейбір құқықтардың, қарым-қатынастардың, материалды емес элементтер топтарының, интеллектуалды меншіктің базасында пайда болатын топтарға бөлуге болады.
Құқықтардың орын алуын келісуші жақтардың бір қатар экономикалық пайда алу үшін жасалған жазбаша немесе ауызша келісім шарттары айқындайды. Мысалы: жеткізу үшін келісімшарттар, дистрибьютерлер мен дайындаушылар арасындағы келісімшарттар.
Сөз болып отырған қарым-қатынастар әдетте келісімшарттық негізге ие емес. Олар қысқа мерзімді және екі жақ үшін маңыздырақ болуы мүмкін. Бұл еңбек ұжымындағы қарым-қатынастар, клиенттермен, жеткізушілермен, дистрибьюторлармен орнаған спецификалық қарым-қатынастар, сондай-ақ жақтар арасындағы құрылымдық қарым-қатынастар.
Материалды емес активтер тобы дегеніміз материалды емес активтердің жалпы құнының одан барлық сәйкестендірілген материалдық емес активтердің құнын алып тастағандағы қалдығы. Топтық материалды емес компонент клиенттердің таңдау-ұстанымдары, артық табыс пен қалдық құн түсініктеріне негізделеді. Топтық материалды емес компонентті көбіне гудвилл деп атайды. Әр кезеңдерде гудвилл дегеніміз клиенттердің сол өнеркәсіптің қызметін қайта пайдалану тенденциясы ретінде, өнеркәсіптің сәйкестендірілген активтерге әділ табыс үстіне өндіретін артық табысы немесе сәйкестендірілген активтерді құраушылардың біріккен құны үстіндегі өнеркәсіптің тұтастай артық табысы ретінде анықталады.
Негізінен, бухгалтерлік есеп принципі материалды емес актив түсінігін тек жалпы қабылданған, қалдықты қызмет көрсету мерзімі заңмен тағайындалған немесе келісімшартпен анықталған және/ немесе жеке жылжытылатын және өнеркәсіптің өзінен бөліне алатын активтермен шектейді.
Материалды емес активтерді төрт негізгі топқа бөлуге болады:
интеллектуалды меншік;
мүліктік құқықтар;
кейінге қалдырылған немесе мерзімі ұзартылған шығындар;
фирма бағасы.
Мүліктік құқықтар - бұл заңды және жеке тұлғалардың жер төлімдерін, табиғи ресурстарды иелену құқықтары.
Кейінге қалдырылған немесе мерзімі ұзартылған шығындар - бұл:
ұйымдастыру шығындары (заңгерлердің құрылтайлық құжаттарды жасау үшін төлемақысы, фирманы тіркеудегі қызметі үшін, лицензия алу үшін қызметтерге төлем) ; бірақ бұл шығындардың барлығы өнеркәсіп құрылған кезде жүргізіледі;
НИОКОР жүргізуге байланысты шығындар.
Фирма бағасы (гудвилл)
Фирма бағасы оның іскерлік беделінің бағасымен анықталады. Іскерлік бедел - материалды емес активтердің жаңа түрі, белгілі бір беделі бар тұтас мүліктік-қаржылық кешен ретіндегі фирманың бағасы мен осы фирма мүліктерінің баланстық құнының айырмашылығы.
Кейбір экономистер гудвиллді іс жүзіндегі материалды емес активтердің бағасы деп түсіндірсе, енді біреулері оның бухгалтерлік есептегі берілген материалды емес активтер бөлігіндегі материалды емес активтер құнының нарықтық бағасынан асып кететін бизнес бағасын көрсететін шама деп анықтайды. Бағалау процесінде «гудвилл» түсінігін екінші мағынасында қолданған дұрыс. Бірінші мен екінші көзқарасты ұстанушылар гудвилл:
Артық табыс бар кезде ғана болады, өнеркәсіп табысы активке шаққанда (немесе меншікті капиталға шаққанда) орташадан жоғары;
Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптен бөлінбейді, яғни одан бөлек сатыла алмайды. Одан ары гудвилл экономикалық шама ретінде балансқа өнеркәсіп иесі ауысқан жағдайда ғана алынады.
Интеллектуалдық меншік - бұл азаматтың немесе заңды тұлғаның интеллектуалды қызмет нәтижесіне және оған теңдестірілген заңды тұлғаның жекелендірілген құралдары, өнімді, жасап жатқан жұмысты және / немесе қызмет көрсетуді (фирмалық атау, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі және т. б. ) жекелендіруге ерекше құқығы.
Интеллектуалды меншік нысандарын екі түрге бөледі: патенттік құқықпен реттелетін (өндірістік меншік нысандары) және авторлық құқықпен реттелетін.
Патенттік құқық шығарманың мазмұнын қорғайды. Өндірістік меншік нысандарын қорғау үшін оларды белгіленген тәртіп бойынша сәйкес органдарда тіркеу қажет. Патенттік құқық бойынша қорғалатын нысандар саны аз. Патенттік құқықпен реттелетін нысандарға мыналарды жатқызады:
- өнертабыс, егер ол жаңа әрі өндірістік қолдануға жарамды немесе белгілі құрылғы, әдіс бола тұра жаңа қолданыс аясы табылса;
- өндірістік үлгі - бұйымның сыртқы түрін айқындайтын көркем-конструкциялық шешім;
- пайдалы модель - құрамдас бөлшектерді конструктивті жасау;
- тауарлық белгі мен қызмет көрсету белгісі - әртүрлі заңды немесе жеке тұлғалардың біртекті тауарлары мен қызмет көрсету түрлерін ажыратуға арналған белгілер;
- тауардың жасалған жерін атау - тауарды белгілеуге арналған географиялық нысанның атауы, оның қасиеттері ерекше немесе басты түрде оған тән немесе адами факторлармен анықталады;
- фирмалық атауы - заңды тұлғаның жеке аты;
- «ноу-хау» - үшінші жаққа белгісіз болу себебінен коммерциялық құндылығы бар техникалық, ұйымдастырушылық, қызметтік немесе коммерциялық сипаттағы ақпарат.
Нысандарды авторлық құқықпен реттеу құқығы ҚР «Авторлық құқық туралы» заңымен жүзеге асырылады.
Патенттік құқықпен реттелетін нысандарға жатады:
- ЭВМ-ге арналған программа, сондай-ақ программа дайындаған кезде алынған дайындық материалдар;
- Деректер (мәліметтер) базасы;
- Интегралды микросызбалардың топологиясы;
- Басқа да ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
- Белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық беретін лицензия, егер ол 1 жылдан артық мерзімге берілетін болса.
Интеллектуалды меншік мынадай маңызды жағдайларда ескеріліп бағаланады:
- Шығарылатын тауарларға баға тағайындауды есептеу немесе талдау мақсатында және интеллектуалды меншік нысанын сақтандыру; интеллектуалды меншік нысанын жасаған авторлардың сыйақысын есептеу; интеллектуалды меншікті жасаушы немесе пайдаланушы өнеркәсіптің жұмысының тиімділігін талдау; өз өнеркәсібінде интеллектуалды меншік нысанын қолданғаннан түскен пайданы анықтау; өнеркәсіп балансындағы интеллектуалды меншік нысанын есептеу; өнімнің өзіндік құнындағы интеллектуалды меншік құнын анықтау; инвестициялық жобаларды бағалау.
- Интеллектуалды меншікті қолданғаннан түсетін табысты арттыру мақсатында:
Салық салу базасын анықтау; интеллектуалды меншікті пайдаланудың ең тиімді нұсқасын таңдау; қаржылық қамтамасыз ету; өнеркәсіп қорын жаңарту; интеллектуалды меншікті заңсыз пайдалану және елден тысқары шығаруға байланысты шығындарды азайту.
- Интеллектуалды меншіктің құнын жарғылық капиталда айқындау мақсатында: несие алу мүмкіндігін арттыру үшін жарғылық капитал құнын арттыру; құрылтайшылар салымын дұрыс есептеу; шетел қатысушыларының жарғылық капиталға қосатын үлесін дұрыс анықтау; жарғылық капиталдың құрылымы мен көлемін қайта бағалау; жұмыс істеп тұрған кәсіпорын акцияларын шығару.
- Меншік субъектісі мен формасын өзгерту мақсатында:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz