Сан компанентті фразеологизмдер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Медеуғалиева Мөлдір

«Сан компанентті фразеологизмдер»

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

5В020500 - «Филология» мамандығы бойынша

Алматы, 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті

Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Хаттама № __ « » 2019 ж.

Кафедра меңгерушісі,

ф. ғ. д., проф. Ермекова Т. Н.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Сан компанентті фразеологизмдер»

5В020500 - «Филология» мамандығы бойынша

Орындаған: 4-курс студенті М. Медеуғалиева

Ғылыми жетекшісі: ф. ғ. м., аға оқытушы П. А. Байтимбетова

Алматы 2019

РЕФЕРАТ

Жұмыстың көлемі: 60 бет

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 40

Тірек сөздер : Фразеологизм, этнос, этнолингвистика, лингвомәдениет, лексика-семантика, этимология.

Мақсаты: Зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты - қазақ тіліндегі сандарға негізделген фразеологизмдерде жинақталған білім құрылымын зерделей отырып, сан компонентті фразеологизмдердің тілдік этномәдени жүйенің сандық коды қызметінде жұмсалу ерекшелігін танытып, ұлттық- мәдени негізін айқындау.

Міндеттері: - Фразеологизмдердің қалыптасуына негіз болған ұлттық-мәдени деректерді этнолингвистикалық талдаулар арқылы айқындау;

- Фразеологизмдердің зерттелу тарихына шолу жасай отырып, сан компонентті фразеологизмдердің құрылымдық-мағыналық ерекшелігін айқындау;

- Фразеологизмдер құрамындағы киелі сандар мен дәстүрлі сандардың этномәдени жүйенің сандық коды қызметінде жұмсалуын зерделеу;

Қолданылған әдістер:

Зерттеуге негіз болған материалдар С. Кеңесбаевтың редакциясымен жарық көрген «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен», Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздіктерінен алынды. Сондай-ақ, қазақ фразеологиясына қатысты ғылыми еңбектер, этнолингвистикалық зерттеулер негізге алынды.

Нәтиже: Мол материалдарға сүйене отырып, олардың жасалу жолдары, шығу төркіндері, даму тарихы, себептері ашылды, мағыналары мен ұғымдары айқындалды.

Практикалық қолданысы: Зерттеу жұмысының нәтижелерін, ғылыми дәйектелген түйінді түрлі сөздіктер түзуге, сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы лексикология, фразеология, семасиология, этнолингвистика пәндері бойынша оқылатын дәрістерге, арнаулы курстарға, семинар сабақтарына пайдаланылады.

Диплом жұмысының нәтижелері жоғары оқу орнында оқитын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттерінің пайдалануына болады.

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ 5

1 САНҒА ҚАТЫСТЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 7

1. 1 «Үш», «жеті», «тоғыз», «қырық» сан есімді фразеологизмдер19

1. 2 Сан компонентті фразеологизмдер құрамындағы дәстүрлі сандар29

2 САН ЕСІМДЕР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ЛЕКСИКАЛЫҚ ВАРИАНТТАР40

2. 2 Халықтық өлшем ұғымдарына сәйкес сандарды білдіретін фразеологизмдер 45

2. 2 Мезгілдік ұғымды білдіретін фразеологизмдер 49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының сипаттамасы. Тіліміздегі тұрақты тіркестер халықтың ерте заманнан бергі бүкіл өмірінен мәлімет береді. Халықтың күн көріс, тұрмыс-тіршілігі негізінде өрбіген түсінік-пайымдаулары, соған байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар тілдік қолданыстағы тұрақты тіркестерден көрініс табады. Әр ұлт тіліндегі фразеологизмдер сол ұлт өміріне тән бүкіл заттық, рухани, мәдени өмірінен хабардар етеді.

Жұмыстың өзектілігі. Ойымызды бейнелі, мәнерлі етіп, айқын жеткізу үшін қазақ тілінің фразеологиялық қорындағы даяр қалпында қолданылатын тұрақты тіркестердің қалыптасу уәждерін, шығу тарихын зерттеу - тіл ғылымындағы ең бір өзекті мәселелердің бірінен саналады. Зерттеу нысаны етіп отырған сан компанентті фразеологизмдер - халқымыздың әр кезеңдегі өмір тарихынан хабар беретін құнды тілдік дерек көздері болып табылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

Зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты - қазақ тіліндегі сандарға негізделген фразеологизмдерде жинақталған білім құрылымын зерделей отырып, сан компонентті фразеологизмдердің тілдік этномәдени жүйенің сандық коды қызметінде жұмсалу ерекшелігін танытып, ұлттық- мәдени негізін айқындау.

Зерттеу мақсатына мына міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге болады:

Фразеологизмдердің қалыптасуына негіз болған ұлттық-мәдени деректерді этнолингвистикалық талдаулар арқылы айқындау;

- фразеологизмдердің зерттелу тарихына шолу жасай отырып, сан

- компонентті фразеологизмдердің құрылымдық-мағыналық ерекшелігін

айқындау;

- фразеологизмдер құрамындағы киелі сандар мен дәстүрлі сандардың

этномәдени жүйесінің сандық коды қызметінде жұмсалуын зерделеу;

Жұмыстың нысаны. Сан компанентті фразеологизмдер.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Тіліміздегі фразеологизмдер - ұлттық тарих пен мәдениеттің сипатын танытатын тілдік деректер.

Тарихи салт-дәстүрлер мен наным-сенімдерге негіздеген фразеологизмдер халықтың рухани өмірінің айнасы іспетті.

Тарихи фразеологизмдер - ұлт тарихына қатысты дерек көздері, ақпараттық мәні зор тілдік құбылыстар.

Жұмыстың нәтижесі Жұмыстың нәтижелері оқулықтар құрастыруға, түрлі сөздіктер түзуге, сондай-ақ, жоғары оқу орындарындағы лексикология, фразеология, семасиология, этнолингвистика пәндері бойынша оқылатын дәрістерге, арнаулы курстарға, семинар сабақтарына пайдаланылады.

Диплом жұмысының нәтижелерін жоғары оқу орнында оқитын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттерінің пайдалануына болады;

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен сөздіктер тізімінен тұрады.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен сөздіктер тізімінен тұрады.

1 САНҒА ҚАТЫСТЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Тіліміздегі тұрақты тіркестер халықтың ерте заманнан бергі бүкіл өмірінен мәлімет береді. Халықтың күн көріс, тұрмыс-тіршілігі негізінде өрбіген түсінік-пайымдаулары, соған байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар тілдік қолданыстағы тұрақты тіркестерден көрініс табады. Әр ұлт тіліндегі фразеологизмдер сол ұлт өміріне тән бүкіл заттық, рухани, мәдени өмірінен хабардар етеді.

Ойымызды бейнелі, мәнерлі етіп, айқын жеткізу үшін қазақ тілінің фразеологиялық қорындағы даяр қалпында қолданылатын тұрақты тіркестердің қалыптасу уәждерін, шығу тарихын зерттеу - тіл ғылымындағы ең бір өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Қазіргі заманғы зерттеулерде кез -келген халықтың ұлттық тілі қарым-қатынас құралы ретінде адамның коммуникативтік әрекетінің компоненті және қоғамдық-әлеуметтік жүйенің басты көрсеткіші, қоғамды жаңаша құрудың, ақпараттық байланыс пен тұлға аралық келісімді оңтайластырудың құралы, әлеуметтік қатынастарды бекітудің амалы тұрғысынан сарапталуда. Сондай-ақ лингвомәдени қауымдастықтың ұжымдық тәжірибесін жинақтаушы, сақтаушы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы құрал ретінде тіл - мәдениеттің құрамдас бөлігі, ал мәдениет - қоғам дамуына қажет ақпараттарды өңдейтін және таңбалайтын жүйе ретінде тілдің құрамдас бөлігі тұрғысынан зерттелуде.

ХХ ғасырдың соңғы жылдарынан қазақ ұлтының этникалық төлтума болмысын танытушы тілдік дереккөз қызметінде жұмсалатын тілдік бірліктерді (сөздер, сөз-бейнелер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер) , когнитивтік лингвистикалық, этнолингвистикалық, паралингвистикалық, лингвогносеологиялық бағыттарда зерттеу ісі қазақ тіл білімінде жан-жақты қолға алына бастады. В. Гумбольдт, Ф. Боас, Э. Сепир, Б. Л. Уорф, Ф. Соссюр, В. Штейнталь, Л. Вайсбергер т. б. шетелдік және Ф. И. Буслаев, А. Н. Афанасьев, А. А. Потебня, Р. Якобсон, Н. И. Толстой, Н. Топоров, В. В. Иванов, В. А. Аврорин, В. Н. Телия, В. В. Воробьев, А. Вежбицкая, Е. М. Верещагин, В. Г. Костоморов, Ю. С. Степанов, А. Д. Арутюнова, В. Маслова т. б. орыс ғалымдарының іргелі еңбектері, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов т. б. қазақ тіл білімі көшбасшыларының, Ғ. Мұсабаев, І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Ә. Болғанбаев, Т. Жанұзақов, Э. Сүлейменова, Б. Хасанов, К. Хұсайынов т. б. қазақ лингвистерінің тіл мен ойлау, тіл мен таным, тіл мен қоғам, тіл мен мәдениет сабақтастығы туралы тұжырымдарын теориялық-методологиялық тұғырнама еткен зерттеулер негізінде ХХІ ғасыр қазақ тіл білімінде ғылыми зерттеудің антропоцентристік моделі қалыптасуда.

Фразеологизмдер - «зердемізді ашып, ұлттық санамызды саралау, ментальдық қасиетіміз бен ғасырлық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды терең біліп, дүниетанымымызды кеңейте түсудегі маңызы айрықша халық даналығының қоры, көненің көзіндей «ескі дүниелер» мен «замана талабына сай жаңа ұғым-түсініктермен» толығып, толысып отыратын, екі жақты тілдік процестердің ұйтқысы, өмірлік тәжірибе мен қордаланған білім жиынтығының нәтижесі».

Әдетте, тілдік жүйедегі тұрақты бейнелі оралымдарды (фразеологизмдер, мақал-мәтелдер) заттық-тақырыптық тұрғыдан топтастыруда негізінен мынадай екі түрлі ұстаным басшылыққа алынады: 1) «ұйтқы» немесе «өзек» сөздердің, яғни компонент-доминанттардың лексикалық мағынасын ескеру; 2) тұрақты оралымның белгілі бір ұғымдар мен құбылыстарды білдіретін жалпы мағынасын ескеру. Бірінші ұстаным бойынша тұрақты бейнелі оралымдарды топтастыру барысында олардың материалдық негізі, өзара ассоциацияға түсетін түсініктердің және образдардың қайнар көздері анықталатын болса, екінші ұстаным негізінде осы түсініктердің ауыспалы мағынада басқа ұғым-түсініктерге телінуінің нақты қырлары, яғни мазмұн меже айқындалады [ 5, 210-б. ] . Қазақ тіліндегі көптеген тұрақты тілдік орамдардың жасалуына арқау етілетін ұйтқы сөз - өзек компонент ретінде сандар т. б. белгілі бір сөздер тобы алынады.

Кез- келген тілдің байырғы сөздік қорына енетін сан атаулары - ақиқат болмыстың өзінен, өмір шындығынан алынған, адамзаттың нақты заттардың өлшем-мөлшерін айыру қажеттігінен туындаған, тарихи тамырын тым көнеден алатын сөздер. «Адам баласының он саусақ арқылы алғашқы арифметикалық операцияларды жүзеге асыруы еркін шығармашылық ақыл-ойдың жемісі емес. Санай білу үшін, санауға болатын заттардан тыс, адамда осы заттардың басқа да қасиет белгілерін олардың санынан ажырата білу қабілеті болу керек, ал бұл қабілет ұзақ мерзімдік іс-тәжірибеге негізделетін тарихи дамудың нәтижесі» [6, 38-б. ] . Сан тірек компонентті тұрақты тілдік орамдарды зерттеу тілдік жүйенің морфологиялық құрылымындағы сан есім категориясының зерттелу тарихынан бастау алады десек, түркология саласындағы сан есім категориясы туралы алғашқы ғылыми мәліметтер ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінің грамматикасына байланысты Н. И. Ильминский, П. М. Мелиоранский, урянхай (тува) тіліне қатысты Н. Ф. Катанов, якут тіліне байланысты Ястремский еңбектерінде кездеседі. ХХ ғасырдың бірінші жартысынан тілтанымдық құрылымдық-жүйелілік парадигма аясында жекелеген түркі тілдерінің лексика-грамматикалық құрылым-құрылысын зерттеу ісінің өрістеуіне байланысты А. К. Боровков, В. М. Насилов, В. М. Наджип, Н. К. Дмитриев, А. Юлдашев, А. Н. Кононов т. б. белгілі түркітанушы лингвистердің ұйғыр, ойрат, хакас, құмық, башқұрт, түрік, өзбек тілдерінің грамматикасына арналған іргелі еңбектерінде сан есім туралы толығырақ мәліметтер беріледі.

Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы лингвист-ғалым А. Байтұрсынұлы: «Неше кісі? дегенге үш кісі деген жауап, қанша кісі? дегенге екі жүздей деген жауап дұрыс. Басқаша айтқанда неше? дегенге үш, қанша? дегенге екі жүздей деген сөздер жауап болып тұр. Міне, осы сияқты неше? қанша? деген сұрауларға жауап болатын жаңа нәрсенің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз», -деп қазақ тіліндегі сан атауына алғаш рет ғылыми анықтама берді [ 23, 192-б. ] .

ХХ ғасырдың 50-90 жылдары аралығында жарық көрген С. Кеңесбаев, К. Аханов, А. Ысқақов, М. Балақаев тәрізді көрнекті ғалымдардың қазақ тілінің грамматикасына қатысты оқулықтары мен оқу құралдарында, Т. Сайрамбаев, Н. Оралбаева, Ә. Хасенов зерттеулерінде сан есімнің басқа сөз таптарына айналуы, сөйлемдегі атқаратын синтаксистік қызметтері, морфологиялық құрылым-құрылысы, сөзжасам жүйесі сияқты мәселелер сөз болды. Сондай-ақ осы кезеңде өлшем атаулары құрамындағы кейбір сандардың өзіндік ерекшеліктері (Ж. Ахметова), сан есімді фразеологиялық бірліктер құрылымдық-мағыналық тұрғыдан (А. Елешова) зерттеу нысанына алынды.

Екі ғасыр тоғысындағы қазақ лингвистикасында көрініс берген тілдің таныммен, мәдениетпен, этнос болмысымен сабақтастығын дәйектеу үрдісіне сай Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Н. Уәли зерттеулерінде сандар арқалаған «киелілік», «қасиеттілік» ұғымдары ұлттық құндылықтар мен тіл әлемі сабақтастығы тұрғысынан таразыланып, сандық жүйеге қатысты архаикалық таным мен этникалық мәдениет элементтерінің тілдік көріністері Қ. Тәжиев, Г. Шаһарман, Қ. С. Дүсіпбаева зерттеулерінде фрагментарлы түрде қарастырылды.

«Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер сияқты тұрақты сөз тізбектерінің жасалуына жеті, үш, тоғыз, қырық т. б. бірқыдыру сан есімдер ұйытқы, түп қазық бола алады. Оның негізгі себебі халықтың ежелгі ұғым-түсінігімен, салт-санасымен ұштасып жатыр. Бұл сөздердің тіркес ішінде нақты сандық мағынада қолданылуы шарт емес»-дей келе, осындай ұйтқы сөздердің табиғатын, қолданылу аясын, себеп-салдарын, тематикалық топтарын өз алдына дара тексерудің мәні зор екенін көрсеткен І. Кеңесбаевтың қазақ тілінің фразеологизмдері туралы ғылыми еңбегі жарық көргеннен бері отыз жыл өткенімен [8, 589-621-б. ], сан есімдер ұйтқы болған мақал-мәтелдер, фразеологизмдер құрылымдық-мағыналық тұрғыдан да, «тіл - таным - мәдениет» контексінде де арнайы зерттеу нысанына алынбай келеді. Сондықтан мақал-мәтелдер, фразеологизмдер арқылы сандық кодқа түсірілген қазақ этносының қоғамдық-әлеуметтік және этномәдени жүйесінің тарихи қалыптасуындағы ұғым-түсініктері дүниенің тілдік бейнесі. Академик І. Кеңесбаев жеті, қырық, үш, тоғыз тәрізді сөздердің тіліміздің қазіргі сатысындағы қолданылу тәртібін осы күнгі семантикасын, стилистикалық функциясын тексерудің өзі ол сөздердің этимологиясын білуге жол ашатынын, осы күнгі лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы ол сөздердің өткен тарихына айғақ бола алатынын, ал осы сан есімдердің беріліп жүрген этимологиясының дұрыс-бұрыстығын анықтау болашақтың мәселесі екендігін баса көрсетеді. [ 6, 33-б. ] .

Сан тірек компонентті тұрақты тілдік орамдарды зерттеу тілдік жүйенің морфологиялық құрылымындағы сан есім категориясының зерттелу тарихынан бастау алады десек, түркология саласындағы сан есім категориясы туралы алғашқы ғылыми мәліметтер ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінің грамматикасына байланысты Н. И. Ильминский, П. М. Мелиоранский, урянхай (тува) тіліне қатысты Н. Ф. Катанов, якут тіліне байланысты Ястремский еңбектерінде кездеседі. ХХ ғасырдың бірінші жартысынан тілтанымдық құрылымдық-жүйелілік парадигма аясында жекелеген түркі тілдерінің лексика-грамматикалық құрылым-құрылысын зерттеу ісінің өрістеуіне байланысты А. К. Боровков, В. М. Насилов, В. М. Наджип, Н. К. Дмитриев, А. Юлдашев, А. Н. Кононов т. б. белгілі түркітанушы лингвистердің ұйғыр, ойрат, хакас, құмық, башқұрт, түрік, өзбек тілдерінің грамматикасына арналған іргелі еңбектерінде сан есім туралы толығырақ мәліметтер беріледі.

Сандардың мақал-мәтелдер, фразеологизмдер құрамындағы мағынасы мен мақал-мәтелдің, фразеологизмдердің жиынтық мағынасына үстемеленетін мазмұндық реңкілерін сипаттау үшін, ең алдымен сан есімнің дербес тұрып, заттың санын, өлшем, мөлшерін атайтын басты атауыштық мағынасына зер салу қажеттігі туындады. Сондықтан да сан есім категориясын жеке сөз табы ретінде қарастырып, олардың жасалу жолдарын, сөзжасамдық жүйесін, семантикалық топтарын танытуға бағытталған С. Е. Малов, Н. А. Баскаков, И. Г. Добродомов, А. Н. Кононов, А. А. Юлдашев, Ғ. Айдаров, І. Кеңесбаев, Н. Оралбаева, Ә. Хасенов т. б. лингвист-ғалымдардың ой-пікірлеріне талдау жасалынды. [ 14, 240-б. ] .

Қазақ тілінде сандарға негізделген мақал-мәтелдер, фразеология құрамында сан есімнің барлық семантикалық топтары орын алғанымен, реттік, есептік, жинақтық сан есімдер «ұйтқы» компоненттік қызметте жиі қолданылатыны байқалады. Сан есім сөз табының негізін құрап, сан есімнің басқа семантикалық топтарының жасалуына да арқау болатын есептік сандар нақтылы сандық ұғымды білдіреді және атайды. Негізінен заттардың сандық мөлшер-көлемінің өлшеміне алынып, нақты санын есептеп шығару мақсатында қолданылатын есептік сан есімдер мақал-мәтелдердің жасалуына «ұйытқы» болған кезде, мақал-мәтел, фразеологизмдер арқалаған образға негіз етілген салыстырылушы заттардың (құбылыстардың, әрекеттердің) арасындағы өзара қатыстылықтың сапалық деңгейін көрсетіп, жиынтық мағынаға «көптік» және «нақтылық» мағыналық ренктерді дарытатыны байқалады. Мәселен, Мың қайғы бір борышты өтемейді. Жақсы кісі қырқында толады, жаман кісі қырқында солады. Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі. Жүз дімкеске бір лепес т. б. мақал-мәтелдер құрамында мың, жүз сөздері сандық жүйедегі тура мағынасында емес, «көп» деген мағынаны, ал бір саны сол «көптің бәрі емес, нақты бірі» деген мағынаны білдірсе, қырық саны адамның жас жасауына қатысты өлшем жүйесіндегі орталық нүктені «адамның ақыл-ойының кемеліне келіп, әбден толысатын кезеңі» ретінде нақты атап көрсетеді. Мұнда сандардың тура атауыштық мәннен «көптік» пен «нақтылық» мәндердің бірлігі мен біртұтастығына қарай ойысуы өзара салыстырылушы және салғастырылушы қайғы мен борыш, жақсы кісі мен жаман кісі, ер мен ез, дімкес пен лепес сияқты түсініктердің ассоциативтік байланыстарына эмоционалдық-экспрессвтік реңкі үстемелеп, мән-мазмұнның этникалық мәдениеттің элементтерін бейнелейтіндей сапалық деңгейге көтерілуін қамтамасыз етеді. [ 14, 320-б. ] .

Заттың нақтылы сандық мөлшерін емес, оның белгілі бір құрылымдағы орналасу тәртібін, шегін білдіретін реттік сан есімдер мақал-мәтел құрамында «шексіздік» ұғымын таңбалап, мақал-мәтел білдіретін жалпы мағынаға «рет-ретімен ары қарай үздіксіз жалғаса беру» немесе «шектен шығу», «ретсіздік», «реттің, шектің бұзылуы» сияқты мағыналық реңкілер үстемелейді. Соның нәтижесінде мақал-мәтелдердің негізіне алынатын өмірлік жағдаяттар туралы қорытынды пайымның өрісі «реттіліктен» «шексіздікке» қарай тартып, бірінші, екінші, үшінші болып санамалана таңбаланатын ұғым-түсініктердің логикалық - семантикалық жалғасу мүмкіндігі арта түседі. Мысалы: Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - он саулық. Бірінші әйел - шекер, екінші әйел - бекер. Бірінші әйелді құдай қосады, екіншісін адам қосады, үшіншісін сайтан қосады. Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра. т. б. [ 5, 210-б. ] . Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан баталып, бүгінгі күнге дейін зерттеушілер назарына ілігіп, зерттеу обьектісіне айналып, әлі толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болды:

- ХХ ғасырдың ортасы мен 60 жылдар арасы - қазақ фразеологиясын теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.

- 60 - 70 жылдар - қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.

-ХХ ғасырдың соңғы он жылы - фразеологизмдерді, этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу және салыстырмалы фразеология. Жалпы тіл білімінде фразеологизмдердің зерттеу тарихы жүз жылдыққа кетеді. Француз фразеологиясының теориясын құрған Ш. Балли (1905), орыс лингвисі Е. Р. Поливанов (1931) фразеологизмдерді жеке пән ретінде қарастыруды ұсынды. Орыс тілі фразеоллгизмдерін классификациялауда Ш. Баллидің жасаған схема-топтастыруларын негізге ала отырып, тұжырым айтқан академик В. В. Виноградов болды.

Қазақ тіл білімінде фразеология мәселелері 40-жылдардан зерттеушілер назарына ілігіп, тілдік тұрғыдан зерттеу объектісіне айналды. С. Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектігін атап өтіп, бағыт-бағдар көрсетеді. (//Халық мұғалімі// 1940, № 4, 53-59 беттер) “Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы” атты еңбегінің 1940-1950 жылғы басылымдарында тіліміздегі фразеологиялық тіркестер сөйлем мүшелеріне қатысты қарастырылады [4. 59-60-72] .

Түрік тілдес халықтар тіл білімінде фразеология мәселелерінің зерттелуіне І. Кеңесбаев, еңбектері игі әсерін тигізсе, К. Аханов, Р. Сәрсенбаев, Ғ. Мұсабаев, Х. Қожахметова, А. Байталиев, Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері бойынша алғышқы тұжырым жасаушы - зерттеушілер болды. Зерттеушілердің кейінгі буын өкілдері С. Төлекова, Р. Жайсоқова, А. Елешова /1989/, Г. Смағұлова /1993/, С. Сәтенова /1990, 1997/ т. б. фразеологизмдерді әр қырынан зертеді. Зерттеушілердің бағыты сан салалы болып келеді. Оны шамамен былай топтастыруға болады:

  • фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері;
  • фразеологизмдердің салыстырма-типологиялық мәселелері;
  • фразеологизмдердің жергілікті тіл ерекшеліктеріне қатысы;
  • фразеологизмдердің стильдік қызметі;
  • фразеологизмдерді семантикалық тұрғыдан топтастыру т. б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілдесім бірліктерінің коммуникативтік және прагматикалық ерекшеліктері
Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері
Сөздің варианттылығы тілдің табиғи ерекшелігінен туған лексика грамматикалық құбылыс
Көркемдік тәсілдер арқылы жасалған фразеологизмнің лексикалық варианттары
СЫН ЕСІМ МӘНДІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Сан компонентті фразеологизмдер
Прозалық шығармалардағы табиғат құбылыстарын бейнелейтін фразеологизмдер
Соматикалық фразеологизмдер
Фразеологизмнің сөз тіркесіне ену тәсілі
Мағыналас фразеологизмдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz