Көркем прозадағы түс көру тәсілінің сипаттамасы
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Әбдіақын Балауса
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС КӨРУ ТӘСІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ (ХХ ғ. ІІ ЖАРТЫСЫ)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В020500 - Филология
Алматы, 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

_____________Қорғауға жіберілді
Хаттама № ___ _______2019 ж
Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі,
қауымдастырылған профессор м.а.
РhD доктор., Н.Б.Балтабаева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақ прозасындағы түс көру тәсілінің ерекшелігі (ХХ ғ. ІІ жартысы)
5В020500 - Филология 4ж 4 курс студенті
Орындаған: Әбдіақын Б.
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымд. профессор Қожекеева Б.Ш.
Алматы, 2019
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
1 Көркем прозадағы түс көру тәсілінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ...6-26
1.1 Түс көру тәсілінің теориясы және әдебиеттану ғылымында зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-18
1.2 Түс көрудің әдебиеттегі көркемдік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-26
2 XX ғасырдың II жартысындағы қазақ прозасындағы түс көру тәсілінің көркемдік табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26-57
2.1 О. Бөкей повестеріндегі түс көрудің көркемдік ерекшелігі ... ... ..26-33
2.2 Ә.Кекілбаев прозасындағы түс көру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33-47
2.3 М.Мағауин шығармаларындағы түс көру сарыны ... ... ... ... ... . ... 47-51
2.4 Т.Әбдіков прозасындағы түс көру тәсілінің ерекшеліктері ... ... ..51-57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59-60
РЕФЕРАТ
Жұмысының тақырыбы: Қазақ прозасындағы түс көру тәсілінің ерекшелігі (ХХ ғ. ІІ жартысы)
Жұмысының көлемі: 62 бет
Жұмысының құрылымы: Көркем прозадағы түс көру тәсілінің сипаттамасы, XX ғасырдың II жартысындағы қазақ прозасындағы түс көру тәсілінің көркемдік табиғаты деп аталатын екі тараудан, тараулардың мәнін ашатын алты тараушадан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың мақсаты - XX ғасырдың II жартысындағы қазақ прозасындағы түс көру тәсілінің көркемдік табиғатын анықтау.Аталмыш мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу жоспарланады:
- Түс көру тәсілінің теориясы және әдебиеттану ғылымында зерттелуін қарастыру;
- XX ғасырдың II жартысындағы қазақ прозасындағы түс көру тәсілінің көркемдік табиғатын анықтау;
- О. Бөкей повестеріндегі түс көрудің көркемдік ерекшелігін айқындау;
- Ә.Кекілбаев прозасындағы түс көру тәсілін талдау;
- М.Мағауин шығармаларындағы түс көру сарынын анықтау;
- Т.Әбдіков прозасындағы түс көру тәсілінің ерекшеліктерін зерттеу.
Жұмыстың өзектілігі: Адам өмірі сөз болған жерде оның табиғи жаратылысы, оған тән сезім-эмоциялар міндетті түрде суреттелері хақ. Психологиялық прозаның жанрлық, стильдік, көркемдік ерекшеліктеріне сай кейіпкердің психологиялық үдерістері әр алуан тәсілде динамикалық түрде зерттеліп, зерделенеді.
Негізі, көркем шығармада үздіксіз психологиялық талдау жасалынбаса, адамның ойына өң беріліп, көңіліне күй түсірілмейді. Және адамның жан құбылыстарын, ең бастысы өзімізді-өзіміз танып білмей, өмірді де, өнерді де тану, білу екіталай.
Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында психологиялық прозаның поэтикасы, оның көркемдік бейнелеу тәсілдері соңғы жылдары зерттеу нысанына алынып жүр. Көркем прозадағы психологизм табиғаты кейіпкердің жан сырына тереңдей еніп, оларды егжей-тегжей талдап, көркемдік жүйеде сараланғанда ғана жан-жақты ашылып
Жұмыстың зерттеу әдісі: Жұмыста қазақ прозасындағы түс көру тәсілі кездесетін шығармаларды талдау, сипаттама беру, салыстыру, ой қорыту әдісі қолданылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 38
Тірек сөздер: психологизм, проза, сарын, сюжет, эмоция, динамика, түс, құбылыс.
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адам өмірі сөз болған жерде оның табиғи жаратылысы, оған тән сезім-эмоциялар міндетті түрде суреттелері хақ. Психологиялық прозаның жанрлық, стильдік, көркемдік ерекшеліктеріне сай кейіпкердің психологиялық үдерістері әр алуан тәсілде динамикалық түрде зерттеліп, зерделенеді.

Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында психологиялық прозаның поэтикасы, оның көркемдік бейнелеу тәсілдері соңғы жылдары зерттеу нысанына алынып жүр. Көркем прозадағы психологизм табиғаты кейіпкердің жан сырына тереңдей еніп, оларды егжей-тегжей талдап, көркемдік жүйеде сараланғанда ғана жан-жақты ашылып, эстетикалық, философиялық, көркемдік құндылықтарға қол жеткізіледі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқыш, Ж.Аймауытовтың Психология, Г.Пірәлиеваның Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері (түс көру, бейвербалды ишараттар, заттық әлем), Қазақтың көркем прозасындағы психологизм табиғаты және оның бейнелеу құралдары, Б.Майтановтың Қазақ романы және психологиялық талдау, А.Исмакованың. Казахская художественная проза. (Поэтика, жанр, стиль), Экзистенциональная проблематика возврашенной литературы атты зерттеу еңбектерінде аталмыш тақырыпқа байланысты мәселелер қарастырылған.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.Ұлттық прозамыздағы психологизм мәселесін, психологиялық роман жанрының ерекшеліктерін, оның ішінде психологиялық бейнелеу тәсілдерінің қолданысын, көркемдік әлемін жаңаша көзқарас, ғылыми-теориялық талаппен әдебиеттің тек өзіне ғана тиесілі көркемдік категориялар тұрғысынан қарастырып, зерттеу басты мақсат болып табылады.
Әсіресе психологиялық талдаудың күрделі де көрнекті көркемдік тәсілдерінің бірі түс көруге ерекше назар аударылып, ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау жасау маңызды рөл атқарады.
Зерттеу нысаны. Зерттеу жұмысының нысаны ретінде О.Бөкейдің "Сайтан көпір", "Жетім бота", "Мынау аппақ дүние", "Бәрі де майдан" повестері, Ә.Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры", "Ханша-дария хикаясы", "Күй" повестері, Т.Әбдіков "Оң қол", Бассүйек әңгімелері, Тозақ оттары жымыңдайды повесі, М.Мағауиннің Қыпшақ аруы, Жармақ романы алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - XX ғасырдың II жартысындағы қазақ прозасындағы түс көру тәсілінің көркемдік табиғатын анықтау.Аталмыш мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу жоспарланады:

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі ретінде қазақ әдебиетіндегі психологизм мәселесі және оның бейнелеу құралдары, түс көру тәсілі туралы жазылған зерттеу жұмыстарындағы А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Қ.Жарықбаев, Ә.Табылдиев, Х.Досмұхамедұлы, М.Мұқанов, И.П.Павлов, З.Фрейд, И.П.Сахаров, Ф.М.Достоевский, В.В.Кожинов, Б.Сағындықұлы, М.Қожахметова, Ш.Ыбыраев, Г.Пірәлиева, Б.Майтанов еңбектеріндегі ғылыми тұжырымдар, ғылыми пікірлер басшылыққа алынды.
Зерттеудің әдістері. Жұмыста қазақ прозасындағы түс көру тәсілі кездесетін шығармаларды талдау, сипаттама беру, салыстыру, ой қорыту әдісі қолданылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы. Жұмыс нәтижелерін өңіріміздегі әдебиет саласына қатысты оқу-білім алып жатқан студент жастардың танымдық-практикалық жүйесінде пайдалануға болады. Қазақ әдебиеті пәнінде, психологизмнің бейнелеу құралдары мәселелерін қарастыру барысында арнайы мәтіндерді пайдаланып, саралауда көмекші құрал ретінде де қарастыруға лайық.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, тараулардың мәнін ашатын 6 тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Көркем прозадағы түс көру тәсілінің сипаттамасы
1.1Түс көрудің әдебиеттегі көркемдік қызметі
Түс - адамзат санасында еріксіз түрде жүзеге асатын психологиялық процесс. Түстің анықтамасы психологиялық сөздікте: Түс көру - жеке адамға тән табиғи психологиялық құбылыс. Түстің мағынасы мен эмоциональдық бояуы түс көрушінің тұлғалық ерекшелігіне, сол сәттегі жағдайына тікелей байланысты [1,366], -деп көрсетілген.
Ал, мұсылмандық күнтізбе анықтамасында былай делінген: Жер бетіндегі әрбір адам мұны білуі шарт. Түс көру екі түрлі болады. Бірі - Алла тағаланың көрсететін түсі, екіншісі - шайтанның көрсететін түсі. Түс - Құдайдың адамға жіберетін сыйы. Алла тағаланың құдіретімен енетін түс адамға бір жақсылықтан немесе келер қауіптен сақтануға хабар берсе, шайтаннан келетін түс шым-шытырық, пайдасыз түстер [2,24].
Негізінен түс - адамның күндізгі өмірінің табиғи тәмәмдалуы, жан мен тәннің келесі күнгі жаңаруына дайындығы десек те болады. Түстің табиғи болмысын сана астарындағы психологиялық үдеріс екендігін жантану ғылымы тұрғысынан зерттеген Ж. Аймауытов былай түсіндіреді: Адамның есі бүтін болмайтын күйлері болады. Сондай күйдің бірі - түс көру. Ұйқы дегеніміз - мерзімді демалыс, тыныс алыс. Ұйықтаған адамда сана не мүлдем болмайды, не кем болады...Шырт ұйқыда жатқан адам түк сезбейді. Бірер ұйықтап алған соң, ұйқы сергек бола бастайды, ұйқылы-ояу деген күйге келеді. Сондай кезде санамыз кіресілі-шығасылы болып, түс көрсек керек. Түс дегеніміз ояуда көретін нәрселердің пернесі болады. Түсімізде сол пернелерді өңіміздегі екен деп ойлаймыз [3, 192].
Шығыстың орта ғасырдағы атақты ойшылы әл Фараби да адам баласының түс көру себебін күндізгі саналы түрдегі ойлау процесі тоқтаған кезде жүзеге асатын табиғи құбылыс деп қарайды.
Ойлау процесі тоқтап, сана саябыр тапқан сәтте өзге сезімдік құбылыстар, әсіресе қиял(вооброжения) қанаттана түседі. Шындығында да барлық жан жүйедегі сезімдердің ішінде қиял еркіндікке ие. Сол қиялдың қорытындысы түнде түс болып адам санасына саяхат шегеді.
Жоғарыда келтірілген психологиялық сөздік пен мұсылмандық күнтізбе-анықтамасында және Ж.Аймауытовтың "Психология" атты пән оқулығында түс көру процесінің таза табиғи, биологиялық және психологиялық қызметі анықталып көрсетілсе, енді Түс көрудің адамның ойлау жүйесінде атқаратын қызметіне де бір сәт зер сала кетейік. Өйткені түс адам өмірінің әрбір құпия қалтарысын қалт жібермей бүкіл тарихын бейнелейтін аппарат тәрізді.
Олай болса, адам тіршілігіндегі әрбір іс-әрекеттері мен ой түзілістері із-түзсіз жоғалып кетпейді екен. Белгілі психолог ғалым И.М.Сеченов (1829-1905) түс көруді болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары деп сипаттаған. Ал, психолог М.Мұқанов: Түс дегеніміз - әр түрлі көріністердің жүйесіз іске асуы [4, 29] - деп түсіндіреді. Сондықтан түс көруді ұйқы кездегі мидың фантазиясы деуге әбден болады. Ол қиялдың ең жоғарғы түрі болып табылады.
...Адам қиялы пассив, актив болып 2-ге бөлінеді. Мұның бірінші түрінің төменгі шегі - түс көру. Түс көрудің мидағы механизмін жан-жақты түсіндірген физиолог-ғалым И.П.Павлов (1849-1936) ұйқы кезінде ми клеткалары түгелдей тежелуге ұшырамайды, оның кейбір бөліктері қозу жағдайында болып жатқан іс береді. Мидың бұндай бөліктерін күзетші пункті деп түсіндіреді. Мұнда бұрын көрген, естіген, білген нәрселеріміздің бейнелері қайта тіріледі. Кейде ақылға сыйымсыз бейнелердің туындайтыны неліктен? Мұндай кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді. Ұйқы кезде мидағы сигнал жүйесі толық тежелуге ұшырағандықтан адамның ойлау қабілеті төмендейді, сөз реакциясының әсер етпеуі онда кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түскен қайдағы бір кереметтер кіреді, - дейді психолог-мамандар Қ.Жарықбаев пен Ә.Табылдиев [5, 46].
Адамзатпен бірге туып, бірге қалыптасқан ойлау процесінде, іс-әрекеттерінде ерікті және еріксіз түрде жүзеге асырылып жататын психологиялық, биологиялық, табиғи құбылыстардың құпиясын, ғажайып сырларын ұғынуға, сезініп-білуге деген талпыныс еш толастаған емес. Түс туралы ойлану, оның құпия қалтарыстарын ашу, зерттеу әлі де ұзақ үдерісті құрары хақ. Негізі адамның түс көруі туралы алғашқы ұғым-түсініктер ежелгі діни наным-сенім негізінде қалыптасқан. Өйткені, ешқандай информация, хат-хабар жоқ кездерде түс солардың қызметін атқарғаны аян. Кез келген кезеңнің айнасы, ойлау жүйесінің сәулесі болып табылатын халық танымы, мифология, халық әдебиеті туындыларында т.б. Түс көрудің алдыңғы орынға шығуы, соған елдің имандай сенуі, сол арқылы келешекті де сәуегейлікпен сезінуі, болашақты болжауы, келер қауіптерден қорғануы, т.б соның бірден-бір дәлелі болса керек-ті. Айталық , жаман түс көрсе шошынып, құдайы берушілік, оны жұртты жиып отырып жору, яғни түске талдау жасау, сол арқылы түрлі қауіп-қатерден қорғану немесе жақсы түстен бір жақсылық күту т.б. сол балаң кезеңдегі бірден-бір информация түрінің бет-бейнесін береді. Оның сан алуан көркемдік көріністері біздің төл әдебиетімізде, әсіресе көне эпостарда кестелі бейнеленген. Және оны ақын-жыраулар өз ойларын айшықтау үшін қолданған. Әсіресе түс жорудың символикасы, этнографиялық маңызы, өзіндік қалыптасқан дәстүр-тағлымы, сән-салтанатының өзі қойнауы құпия-сырға толы ғажап дүние.
Осылай түс көру мен оны жору күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Малакка деген жартылай аралды мекен ететін Темьяр атты жабайы тайпа жұрағаттары күнделікті тұрмыстағы мәселелерді әлі күнге дейін түс арқылы шешіп отырады екен. Тайпа тұрғындары көрген түстерін жұртты жиып отырып жорыған. Ал көсемдері бейнебір психотерапевт секілді түсті талдап, қорытынды шығарады. Сондықтан да болар зерттеу жүргізгенде байқалған бір жәйт - тайпа өкілдерінің әрқайсысы бала жастан түс көру сәтіндегі ойларын бақылап өскен. Қолдарында басқа ешқандай информация болмағандықтан түсті психологиялық қару ретінде пайдаланған.
Бұл ретте А.Байтұрсынов: Бәрі де жору, жорамалдау, ұйғару айналасында болып, нәрсенің сырын тану шынайы жету жоқ болып, ақыл жағы күшеймей, қиял жағы күшейіп, анайы заманның адамының ақылы нашар, қиялы күшті болған... [6, 127], - дейді. Адамның анайы шағындағы шығармаларда орын алған түс көру, оны жору оған қалтқысыз сену, аян беру т.б. секілді көне түсініктің ауыз әдебиетінде орын алуы табиғаттың сырына жете қанық еместігінен және анайы замандағы адамдардың ақылы нашар, қиялы күштілігінен деп біледі ғалым. Әрине, әр адам өз заманының перзенті, сол кезеңнің рухани жаршысы. Олай болса, түс көру, оған имандай сену де сол кезеңнің рухани талабы.
Былайғы шақта қарапайым көрінер түс көру адамзатқа атам заманнан бері қалайда бір хабар беріп отырғаны айдан анық. Сондықтан да көне замандардан күні бүгінге дейін әр сала мамандары (ойшылдар, дәрігерлер, әулие-сәуегейлер, қарапайым адамдар да т.б.) түс көру жүйесін өздерінше зерттеп, небір қиын мәселелердің, тіршілік түйткілдерінің түйінін тауып отырған.
Әрине, жер бетінде қанша пенде тірлік кешсе түс көріп болжаудың да сонша сипаты бар. Тауықтың түсіне тары кіреді демекші әр пенде де бір қиял болса сонша адамның тағдыры да, түсі де әр алуан. Әркімнің жан тазалығына, ой өрісіне, білім, кәсіби деңгейіне, қоғамдық, әлеуметтік, рухани ортасына қарай түстің де түрі әрқилы.
З.Фрейд түсті жору мен оны талдау арқылы адамның өзіне де беймәлім жасырын жәйттерді, құпия ойларды, жұмбақ сырларды ашуға болатынын дәлелдеп берді.
Тегінде біздің кішкентай миымызға шексіз кеңістікті толтырарлықтай хабарлардың сыйып кетуін түсіндіру мүмкін емес. Түс көруді мидың дағдылы психологиялық қызметі десек те оның жұмбақ сыры мол.
З. Фрейдтің түс көруді мидың аса маңызды, ерекше тілі деп қабылдауы тегін емес-ті. Қоршаған орта мен өзіміздің жан дүниеміздегі көп қабатты құпия сырларды зерттеуде түс көрудің мән-жайына үңіліп- талдаудың жолы да, жөні де ерекше.
Көркем туындылардың дүниеге келуіне түс қалай әсер етті? Бұл - әрине аса қызықты тұжырымдарға жетелейтін тылсым дүние. Әлемдік көркем өнер тарихында түсті, ондағы таңғажайып оқиғаларды өз шығармаларына арқау етіп отырған өнер иелерінің болғандығы жөнінде мысалдар көп-ақ. Түс көру арқылы біздің санамызда миллиардтаған бейнелер туатыны белгілі. Міне, осы түстегі бейнелерді кейбір өнер иелері өз туындыларында пайдаланып отырған. Мысалы, ертеде Дантеге Құдіретті комедия поэмасындағы бейнелер түсінде көрінген екен. Ал Тартини деген композитордың кейбір музыкалық шығармалары түсіне әуен болып еніп, оны бейне бір басқа адамдардың ойнағанын естіп, содан көшіріпті деген аңыз бар. Бұл мысалдар адам ояу кезінде бірдеңемен шұғылданып жүрсе, соған байланысты ми клеткалары ұйқы кезінде де тыным таппай, жұмыс істейді. Соның нәтижесінде бұрын ойлап жүрген нәрсе түсінде көрінуі мүмкін деген психолог ғалымдардың ғылыми-теориялық тұжырымдарын растай түседі [7, 30].
Адамзатқа тән табиғи құбылыс түс көрудің табиғатын, оның адам санасында қандай қызмет атқаратынын З.Фрейд Сновидение атты еңбегінде жан-жақты теориялық тұрғыдан талдап берді. Ол түстің бейне бір көркем туынды секілді табиғатын да тани біледі: Түс табиғаты өте қызық. Оның бір сөзбен ғана бітетін қысқа түрі де, романға бергісіз ұзақ, көп көріністі түстер де болады. Тағы бір түстер болады. Тап бір өңдегідей айқын болғандықтан оның түс екендігіне сенгің де келмейді. Кейбір түстер адам қиялына бергісіз ғажап мазмұнды келсе, енді бірі шым-шытырық болады. Бірі адамды селқос қалдырса, бірі түрлі сезімдік аффектілерге толы жылауға дейін апарады. Түстің көбі ояна келе ұмытылса, бірі күні бойына көңілге күдік ұялатып, оңайлықпен ойдан шыға қоймайды... [8, 55]
Қазақтың ұлттық этнопсихологиясындағы түс көру, түс сатып алу Түс сатқан Тазша атты ертегі мысал бола алады, түс садақасы, түс құдайысы деген ұғымдардың қалыптасу жайына зер салар болсақ, олардың адам өмірінде белгілі бір рухани сұранысқа, табиғи талап-тілекке орай дүниеге келгендігі байқалады. Әсіресе, түс садақасына қатысты оқиғалар қазақ хандарының, батырларының өмірлерінде жиі ұшырасқан. Мысалы, Абылайханның өз сарбазы Жәнібектің түсін оңға жорып, түс садақасын жасау арқылы жеңіске жеткені жайлы аңыз-әңгіме кімді болса да қызықтырары хақ.
Абылай хан қара қалмақ ханы Сыбанға қол жиып, шеру тартып барған. Қалмақтың ханы Абылайға кісі салыпты:
-Абылай мен екеуміздің таласымыз дін емес, дүние ғой. Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық. Мен жекпе-жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан тауып шығарайын. Абылай да өзіне қараған қазақтан осы сырттан-ау деген біреуін таңдап шығарсын... " - дейді. Келіседі.
Абылай ертең қалмақтың сырттанына сен шығасың деп Жәнібек батырға айтып қойды.Сол күні түнде жатып Жәнібек түс көріп, түсінен шошып оянып, түн ішінде қосын жығып, еліне қашпаұшы болып, ханға айтып кетейін деп келсе, Жәнібектің түсінен шошып оянғанын хан біліп отыр екен. Хан да түсінде Жәнібектің көргенін көріпті.
Абылай Маған келмей кетпес-ау - деп, басын көтеріп тосып отыр екен. Таң жаңа сәуле беріп, ондағы-мұндағы көрінерлік мезгіл екен.
- Батыр ертемен жай келдің бе? Асығып-үсігіп бір нәрседен қысасталып жүрсің бе, немене? - дейді.
- Тақсыр, бір жаман түс көрдім. Сол түсімнен қорыққанымнан осы жолы өліп кетсем тұқымсыз кетермін деп, қайтуға ыңғайланып, сізге білдіріп кетейін деп жүрегім аузыма тығылып әрең келді, - дейді.
Хан сонда Сейіс деген атшысын: - Сейіс - деп шақырды. Ол жетіп келді.
-Уа, менің қарт Бөгенбай берген нарқызыл атымды есіктің алдына алып кел, - дейді. Ол көлденең тартқанда:
- Жәнібек, жай қолыңды, - дейді. Жәнібек қолын жайып ұшып түрегелгенде: - Жақсы түске де садақа, жаман түске де садақа деп еді. А, құдай, осының түсін мен неге жорысам, сен соған қабыл ет деп, атты түс садақасы деп айтып жалма-жан сойдырып, таратып жібереді.
- Айт, батыр, енді түсіңді, - деді.
- Түсімді айтсам, тақсыр қалмақтан жекпе-жекке пәленше деген жайсаң шықты да, бұл жақтан мен шықтым. Екеуміз шартпа-шұрт болып қалғанда мені ол найзамен шаншып түсірді.Кеудеме атша мініп, тамағымнан кесіге ыңғайланғанда енді бауыздап тастайды-ау деп кеудеме қарасам, оң емшегімді бір айдаһар жылан еміп жатыр екен, сол емшегімді бір айдаһар жылан еміп жатыр екен. Шошып ояна келсем түсім екен, көргенім осы, - дейді. Сонда Абылай:
- Түсің түс-ақ екен, мұнан жақсы жақсы түс бола ма. Түсіңде сені ол шаншып түсірген болса, өңіңде оның кеудесіне атша мінеді екенсің. Түсіңде сенің тамағыңа ол қылыш даярлаған болса, өңіңде оның тамағына сен қылыш даярлайды екенсің. Оң емшегіңді еміп жатқан айдаһар жылан өзіңнен туып, үстіңе бала ойнақтайды екен, өзі асқан айдаһардай болады екен. Сол емшегіңнен еміп жатса, өзіңнен бір қыз туып, одан туған жиен о да айдаһардай ақырып туады екен. Ұлдан туған ұрпағың, қыздан туған жиенің тұлпар мініп, ту ұстайды екен, осынша өсіп-өнейін деп тұрсың. Сен қалай өлесің, бар жекпе-жекке кіре бер, - дейді.
Хан түсін қолмен қойғандай жорыған соң, бір жағынан атын сойып таратып жатқан соң, Жәнібектің қорқынышы қашып кетті, жүрегі тасып кетті. Қайрат-қуаты бұрынғысынан да басым болып асып кетті. Сол жерден атын алдырып мініп:
-Жекпе-жек, жекпе-жек, - деп айғайлап шыға шапты дейді. Қалмақ жайсаңының құты қашып, аяғын тәлтіректей басып, найзасын қалай ұстарынбілмей, өзінен-өзі қалбалақтап сасып айқасып қалған қарсаңда Жәнібек батыр шаншып түсіріп, үстіне аттай мініп, тамағына қылышты тигізбестен шалқасынан жатқан қалмақ тоқта - дейді. Түнде осы түсті сен де көріп едің, мен де көріп едім. Сені мен алып едім-ау, табанымның астына салып едім-ау. Сенің түс жорушың жақсы жорығандықтан, менің түс жорушым ретін тауып айта алмағандықтан мені алып кеттің-ау, - деді. Сонда Жәнібек басын кесуге қимады. Қолынан ұстап жетектеп Абылай ханға алып келді. Өзі өсіп-өнген жан екен, он бір ауыл екен. Сол он бір ауылға тимей, өзге қалмақты тұттай жалаңаш тонап алып, олжа қылып қайтты, хан болса осылай болсын [9, 313].
Абылай ханның осы түс көрудегі, түс жорудағы көрегенділігі аңызға айналған. Әсіресе атты түс садақасына шалып, қан шығарту арқылы болғалы тұрған ауыр жағдайды өзгертіп, әскерінің пайдасына жеңісті аударып жібергені аса сиқырлы құбылыс. Атақты қолбасшы Абылай хан тағдырындағы түстің философиялық танымдық маңызы керемет рухани байлықты құрайды.
Көрген түсті міндетті түрде талдап, жору - қай халықта да берік сақталған салт-дәстүр. Тіпті ол дәстүр де емес, әрбір жеке адамдағы талап-тілектен туған түсінік. Әдебиетші ғалым Х.Досмұхамедұлы бұл жөнінде былай дейді: Түс жорудың қазақтар арасында да үлкен мәні бар екені ежелден белгілі, сол себепті де ел ішінде арнайы мамандар - түс жорушылар да ұшырасады. Әрбір қазақ түсін біреуге жорытуға тырысады және осы жору сөзге әрдайым сенеді. Қыз Жібек, Қозы Көрпеш және т.б. жырларда түс көру мен оны жорудың поэтикалық суреттемелері баршылық [10, 25]. Х. Досмұхамедұлының айтып отырған түс жорушы мамандары әлі де кездеседі. Олардың небір үлгілері халық прозасы мен көркем туындыларда көрініс тапқан.
Адам баласы күндізгі қым-қуыт тірліктен тысқары болған түнде ішкі әлемнің кілті кенеттен ашылып, неше түрлі қиял-ғажайыптарға бөленеді. Міне, сол сәтте әлгі қиял-ойдың нәтижесінде адамға түс енеді. Қазақтың әуелі түсің түзелсін, түстен кейін ісің түзелсін деген мақаласы содан шықса керек. Күндізгі ойдың көлеңкесі түсте көрініп, ойдың жүйелі не жүйелі емес екендігі де осы түске енген жәйттерден байқалатын тәрізді. Түс жорушы ғалымдар да бұған терең мән бере қарап, түстен көрген жәйттар орындалады, әсіресе оны кемеңгер, ойшыл адам жорыса дейді. Әсіресе, жан дүниесі таза, пәк адамдар ғана аян берілер түс көреді деп саналған.
Сондай-ақ түстің орындалуы тәуліктің қай сәтінде (таң алды, күндіз бе, түн ортасы ма?) енуіне байланысты деседі. Әсіресе, таң алдындағы түс көрудің маңызы айрықша көрінеді. Бұған байланысты көптеген жор салттары да бар. Жоғарыда аталған қолжазбада Мұхаммәд ибн Сирин Хазрат айтқан 3 түрі келтіріледі. Ол, мұсылмандық күнтізбе анықтамалығында күндізгі түстің сәуегейлік түс екендігін айтса, ғалым әдебиетші Б.Сағындықұлы Мүсірбай-телеу Ғаламның ғажайып сырлары атты ғылыми еңбегінде: ...Малакки түс періштелер көрсететін түстің белгілері: таң алдында көрінеді, өте қысқа болады, ап-айқын болғандықтан өмірбақи ұмытылмайды. Келешекте жақсылыққа яки жамандыққа жолығатыны жөнінде ишарат етіледі. Расында түсте көргендері өңінде іске асады. Мұндай түс кәпірлерге көрінбейді. Өйткені періште оларға жоламайды [11, 27] деп түсіндіреді.
Түстің адамға ену мерзіміне байланысты этнопсихологиялық ұғым-түсінік жалғыз түркі елдері емес, бүкіл әлем халықтарының көркемдік танымдарында бар табиғи құбылыс. Оны орыс ғалымы И.П. Сахаров Сказания русского народа атты ғылыми еңбегінде былайша түсіндіреді: Біздің көне көз қариялар (көбіне әжелеріміз) түсті ену мерзіміне қарап жорыған. Кешкі түске олар мән бермеген, ал түн жарымындағы түсті маңызды деп санаған... [12, 131].
Бұл жайлар халықтың өмірі мен санасында біте қайнасып жатқан түс көрудің тамыры тереңде, оны жору дәстүрінің аясы да ұшан-теңіз екендігін аңғартады. Фольклорлық ғылыми еңбектерде түс-мотив саналғанымен, әдебиеттанушы ғалымдар оны көркемдік әдеби тәсіл деп түсіндіреді . Әсіресе адам жанын терең танып, ішкі құпия сезімдерді тереңдей талдап, зерттеуге зер салғысы келетін қаламгерлер өмір шындықтарын эстетикалық, көркемдік деңгейге жеткізу барысында осы түс көру тәсіліне көп көңіл бөлетіні күмәнсіз. Өйткені адам санасына еніп, оның рухани әлемімен біте қайнасып кеткен халық танымындағы түс көру ішкі психологиялық үдерістерді нанымды беруде орасан зор қызмет атқарады. Сол себепті түс көрудің сөз өнеріндегі дәстүрі, көркемдік қызметі, ол қалыптастырған көркемдік санадағы рухани ізденістер кім-кімді де қызықтырары сөзсіз.
Ресейлік ғалым В.В.Кожинов өзінің К вопросу о стилевых традициях деген мақаласында [13, 30] айтқанындай адам - әлемді, ғалам - әлемді тану - түс көру табиғатын танумен бірдей екендігін, "өмірдің өзі - түс" бір сәттік елес-естеліктен тұратындығын ғасырлық, мәңгілік рухани құндылықтар, кеңістік пен уақыт категориялары тұрғысынан алғанда өмірдің заңдылығы, адамның жаратылысы болып тұтасып кеткен, сана мен тілде тұрақты тіркес, ұғым-түсінік болып кеткендіктен оларды бөліп-жара алмайсыз.
Мәселен, қарапайым халықтың өмірлік тәжірибелерінен тұжырымдалып, қалыптасқан өмір-түс деген түсінік бертін келе көптеген ақындарда сол күйінде адам өмірінің универсалды моделі ретінде терең философиялық ойларды, әлемтануды құрайды.
Түсті поэтикалық образдық теңеу сапасында өңім түгіл түсімде көрмеген, түс көргендей болдым, түсім секілді т.б. сияқты тіркес-түсініктердің өмірден өз орнын ойып алғанын, түс көрудің көркемдік ойлау жүйесінде, көркем мәтіндерде тұрақты құбылыс болып, етене еніп кеткенін ескермеу мүмкін емес.
Бүгінгі кемелденген, өркениетті көркем прозада түс көру тәсілінің қол жеткізген көркемдік жетістігі - тап сол көне мәдениетте, ауыз әдебиетінде, фольклорлық мұраларда, ұлттық мәдениет мәйегінде әбден пісіп-жетілгендіктің жемісі десек, артық айтқандық емес.
Біздің көркем әдебиетімізде Ж.Аймауытовтың Ақбілек, Қартқожа, М.Әуезовтің Абай жолы, Б.Майлиннің әңгімелері, Ә.Кекілбаевтың Аңыздың ақыры, Ә.Нұрпейісовтің Соңғы парыз, З.Шашкиннің Доктор Дарханов, Ә.Таразидің Москва-Баласаз т.б. секілді көркемдік жетістігі мол, эстетикалық деңгейі жоғары психологиялық романдардың өмірге келуі өсіп-өнген жерінің құнарлылығынан деп білген жөн.
Айталық, осы түс көру тәсілінің көркемдік еркіндігі, уақыт пен кеңістіктегі шексіздігін кеңінен қолданған жазушы Ф.М.Достоевский Сны смешного человека деген шығармасында түстің көркемдік кілттің оқыс жағдайда табылуына дәнекер екендігін, сондай да күрделі, ауыр психологиялық жағдайды дәл және нанымды суреттеуде ешқандай бейнелеу құралына теңеспейтін көркемдік мүмкіндігін дәл анықтап береді . Жазушылардың түс көру тәсіліне қызығатындығы да, міне тап осы қасиетінде, оның еркіндігі мен шексіздігінде, сан алуан астарында, мың қырлы құпиялығында және ешкімге ештеңе міндеттемейтігінде болса керек. Және түс көру тәсілін кім қалай қолданады, ол қаламгердің кәсіби шеберлігіне, интеллектуалдық деңгейіне тікелей байланысты. Осы орайда К.Г.Юнгтың Ұлы өнер туындысы бейне бір түс көру секілді. ...Бірде-бір түм көру: Сен міндеттісің немесе ақиқаты осындай демейді, ол табиғат өсімдікті қалай өсіріп-өндірсе, образды да солай өсіреді, соның нәтижесінде біз осы образ арқылы өз тұжырымдамамызды жасаймыз деген сөзі түс көру табиғатын тағы бір қырынан танытады. Түстің кейіпкерге енуі де, енбеуі де мүмкін. Және оның тап сол мазмұнда көрінуі де екі талай. Десек те түс адамға сен осыны тек осылай ғана түсінуің керек немесе мұның айтпағы мынау деген дайын рецепті ұсынбайды. Және оны қажет те етпейді. Ол әр жазушының, қала берді әр кейіпкердің өзіндік ойлау жүйесіне, табиғатына, түсінік-танымына тікелей байланысты. "Өнер - ұлттық сананың тікелей көрінісі" десек, түс көру бүкіл адамзаттық сананың көрінісі, санадағы сезімдік процестердің өмірдегі, жеке адам санасындағы сәулесі, нақты қорытындысы.
Тарихи-әдеби және теориялық тұрғыдан түсті зерттеу, көркем шығармаларда қолданылған түс көру тәсілін талдау барысында көз жеткізер бір нәрсе - ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі прозаға дейін түс көру тәсілі қолданылмаған бірде-бір әдеби туындыны кездестіру қиын. Осы аралықтағы шығармаларда түс бірде сарын, бірде көркемдік тәсіл ретінде кейіпкердің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан нанымды ету үшін, сондай-ақ әр кезеңнің өзіндік дүние танымына, көркемдік ойлау жүйесінің дүние тану дәрежесіне орай кейіпкерге фантастикалық, мистикалық, лирикалық, комедиялық немесе гротестік эффекті, акцент беруде оның көркемдік қызметін күшейту үшін қолданылған.
Сондай-ақ, әдеби түс көру тәсілі қазақтың сөз өнерінде о бастан-ақ кейіпкер психологиясын, болмыс-бітімін, ойлау жүйесін, жалпы адамның жұмбақ жаратылысын ашудағы көркемдік қызметін анықтап алған. Оның дәлелі - қазақтың эпос жанрларында, аңыз-ертегілерінде, бүгінгі көркем прозада, тағы басқа да жанрлық түрлерде кеңінен қолданылатындығында. Атап айтсақ, Құрандағы және діни дастандардағы пайғамбар туралы аңыздардарда, батырлық эпос жырларында - Алпамыс, Қобыланды, Көрұғлы, ертегілер Түс сатқан Тазша бала т.б. ғашықтық дастандар Бозжігіт, Қыз Жібек, Қозы Көрпеш - Баян сұлу т.б. Ш. Құдайбердиевтің Әділ-Мария романында, Ж.Аймауытовтың Ақбілек, Қартқожа атты психологиялық романдарында, М.Әуезовтің Қасеннің құбылыстары психологиялық очеркінде, Ә.Кекілбаевтың Аңыздың ақыры философиялық романында, Ә.Нұрпейісовтің Соңғы парыз атты психологиялық дилогиясында, жазушы М.Қожахметованың Адам - құпия танымдық-публицистикалық шығармасында, Ж.Аймауытовтың Психология, М.Жұмабаевтың Педагогика т.б. секілді ғылыми-зерттеу еңбектерінде, Б.Сағындықұлының Ғаламның ғажайып сырлары атты танымдық философиялық зерттеуінде т.б. жазушы-ғалымдардың ғылыми мақала жазбаларындағы, емші, бақсы, дәрігерлердің, журналистердің қолжазбаларындағы, күнделіктеріндегі, хаттарындағы т.б., түс көру туралы әңгімелерді қоссақ ол бір әлем.
Ұлттық әдебиеттану ғылымында түс көру тәсілінің өзіндік өрнегі мен сан алуан күрделі көркемдік қызметі бар.
Зерттеуімізде түс көру тәсілі - кейіпкердің ішкі жан дүниесіне тереңдей еніп, оның күрделі де жұмбақ табиғатын ашудағы, оқиға шешімін табудағы, жазушы шеберлігін танытудағы, өмір шындығын көркемдік тұрғыдан танудағы бірден-бір бейнелеу құралдары ретінде қарастырылады. Бір сөзбен айтсақ, түс көру - көркемдік санамен туыс, оларда даоқиға образды түрде жүзеге асырылады. Сол себепті де сөз өнерінің иелері өз кейіпкерлерінің жан құбылыстарын сана астарындағы есті мен ессіздіктің шекаралық шағын, өң мен түс, өмір мен өлім аралығындағы жан азабын түс көру, сандырақтау, елес, елестету т.б. секілді бейнелеу құралдары арқылы суреттейді. Бұдан шығатын қорытынды түс көру Құраннан бастап адамзат баласына тиесілі барлық көркем өнердің түрінде кездесетін дәстүрлі көркемдік тәсіл.
Түс көру тәсілінің көркемдік мүмкіндігін кеңінен пайдаланған ең таңдаулы талант иелері қатарына қазақ әдебиетінде М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ә.Кекілбаев, Ә.Нұрпейісов, З.Шашкин, Т.Әбдіков, Ә.Тарази, Д.Исабеков, т.б. секілді қаламгерлерді қосуға болады. Осы өнер тәңірлерінің түс көру тәсілі қандай құдіретімен табындырып, тәнті етіп алды деген сауалға түс көрудің символдық мүмкіндігі, көркемдік шексіздігі, психологиялық дәлдігі деп жауап берер едік.
Енді түс көрудің көркемдік ойлау жүйесінде, әсіресе әдебиеттегі бейнеленуі, оны қолданудағы қаламгердің шеберлігі қай дәрежеде? Көркем әдебиетте саналы түрде пайдаланылатын түс көру тәсілінің кешегі, бүгінгі қолданылу аясы, дәстүрі мен жаңашылдығы неде? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
М. Қожахметованың Қазақтың аңыз-ертегілерінде, батырлар жырында, эпостарындағы түстің алатын орны зор. Қандай қисса, дастанды алмайық, ондағы түс көрудің ғаламаты том-том ғылыми талдауға өзек болар еді [14, 8] деген ойы әдебиеттанушы, жазушы А.Ремизовтың Түс көру - әдеби тәсіл. Орыс әдебиетінде бұл тәсілсіз көркем шығарма жазылмайды деген ғылыми тұжырымына сәйкес келеді. Ал, біздің ұлттық әдебиеттану ғылымында түс көру тәсілінің көркемдік-бейнелегіштік қасиеті мен қызметі әлі зерттелінбей келеді. Белгілі фольклортанушы ғалым С.Қасқабасов әйгілі Қорқыт туралы аңызды талдай келе ... өліменен қашқан Қорқыт туралы аңыздарға келетін болсақ, олар семантикалық мазмұны мен сюжеттік-композициялық құрылымына қарағанда, таза көркем туындылары бола алмайды. Өте кеш хатқа түскеніне қарамастан, оларда әлі күнге дейін алғашқы қауымға тән мифологиялық ой-сананың, творчествоның ізі байқалады [15, 87] - десе, фольклор зерттеуші Р.Бердібаев: Жалпы түске сену түркі-монғол фольклорындағы өте көне ұғым көрінісі. Оның арғы түбірі бір есептен ескі анимистік түсініктерге де алып баратынын көреміз. Жаман түс көрсе шошынып, құдайы берушілік күні кешеге дейін орын теуіп келген әдет. Ал, түсті елді жиып отырып жорыту бұны құдірет санаған, ежелгі ұғымның ыдырамаған кезінен елес бергендей" [16,14], - дейді. Ш.Ыбыраев болса: "Мұның себебін дәл басып айту қиын. Мүмкін ата-бабаларымыз түс көруге және оның жоруына айрықша мән беріп, оны тылсым күштің құдіретімен сабақтастырып, оған шексіз сенуі де ғажап емес. Бұған халқымыздың тарихынан, наным-сенімінен мысалдарды тізе беруге болар. Әрі түсті жорудың символикасы, белгі-нышандары да жинақтауға, жүйелеуге болатын құбылыстар, - дейді [17,115]. Бұл, әрине, фольклортанушы ғалымдарымыздың түс көруді көркемдік тәсіл деуден гөрі, анимистік наным-түсінік, шығармадағы символика, "мотив" деп қарайтындығын аңғартса керек.
Бүкіл ауыз әдебиетімізді, фольклорымызды құрап тұрған және олардың бәрінде белгілі бір көркемдік қызмет атқарған түс көру, жору, аян беру секілді көркемдік бейнелеу құралдарына әлі күнге дейін көңіл бөлмеушілік байқалады. Адам өмірі мен өнерінің ең алғашқы баспалдағының өзінде (аңыз, ертегілерде, ауыз әдебиетінде, фольклорлық жанрларда) түсінік алып, түрленген, өрісін кеңейткен түс көру поэтикалық, символдық түсінік тұрғысынан танылды.
Алғашқы қауым адамы үшін түс жору жоғары білімділіктің көзі болды және қоғамдық өмір мен өз өмірінің ең маңызды оқиғасын болжап білудің бірден-бір жолы деп түсіндірілді. Тек түс көру жағдайы ғана адамның табиғи өмірлік тәжірибесінде де психологиялық жағдайын ашып беретін бірден-бір сезімдік құбылыс еді.
Түс көру мен жоруға байланысты жол-жоралғылар, салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, ғылыми-философиялық ойлар, Құран Кәрімдегі пайғамбарлар туралы аңыздар, олардан туған өмірлік тәжірибелік ой-тұжырымдар қай кезде де халықты қатты қызықтырып отырды. Айталық, орыс әдебиетінде М.В.Соколовтың пікірінше ең алғашқы түс жоруға байланысты теориялық тұжырым Пчелада негіз алса, қазақ сөз өнерінде Құран хикаяларындағы пайғамбарлар өмірі туралы аңыздардан және мұсылмандардың түс жоруға байланысты тұрмыстық танымдық жинақтардан бастау алады.
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қолжазба бөлімінің қызметкерлері бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Б.Әзібаеваның жетекшілігімен даярланған Бабалар сөзі, атты 100 томдық еңбектің Діни дастандар атты алғашқы жинағында да пайғамбарлардың көрген түстері мен оны жоруға байланысты көптеген сюжеттер жинақталған.
Жалпы түс табиғаты мен түс көру туралы алғашқы жазбалар Киевтегі Могилянский академиясындағы XYII ғасырдағы қолжазбаларда кездеседі. Келтірілген мысалдардан ұққанымыздай: қазіргі түстің, түс көру тәсілінің табиғи әрі ғылыми теориялық негіздерін көбіне көне жазбалар құрайды.
Түстің табиғаты мен оны жорудың түрлері ешқашан кездейсоқ туылмаған. Ол адам өмір сүрген белгілі тарихи кезеңдерде туып, сол кезеңнің ой-санасында дамып, көркемдік ойлау жүйесінен өз орнын алады. Және сол кезеңнің әлемді тануымен, творчестволық ізденіс өрнектерімен, жазушының идеялық-эстетикалық мақсат ұстануымен белгілі бір әдеби жанр табиғатына қарай қолданылады.
Сондай-ақ түс көру мен оны жору дәстүрі қай халықтың әдебиетінде де ізсіз жоғалып кетпей, адамзаттың көркемдік ойлау жүйесінде дәстүр мен жаңашылдық категориялар арқылы жалғасын тауып келеді. Олар қазіргі психологиялық прозада көркемдік жетістік ретінде көрініп, тәсілдік, түрлік, мазмұндық жағынан жаңарып, толыға түскен. Мысалы, қазақ әдебиетінде Ж.Аймауытовтың Қартқожасындағы, Түс тарауы, М.Әуезовтің Қасеннің құбылыстары атты психологиялық очеркі, Б.Майлиннің Қыдыр түнгі керемет әңгімесі, З.Шашкиннің Доктор Дарханов, Ә.Таразидің Москва-Баласаз, Жаза т.б. секілді шығармалары әлгі айтылған ойымызды дәлелдей түседі.
Ірі талант иелерінің туындыларында мойындалып, әлемдік әдебиетте кеңінен қолданыла бастаған түс көру тәсілінің өзге әдеби тәсілдерге қарағанда көркемдік қуаты, көркемдік кеңістігі мен мүмкіндігі мол, кейіпкер психологиясын бейнелеуде спецификалық кең ауқымдылығы, мағыналық, эстетикалық, философиялық, психологиялық, символдық міндет-қызметі мен атқарар рөлі зор екендігі күмәнсіз.
Көркем әдебиеттегі түс көру, психологиялық талдау, кейіпкердің ішкі өміріне енудегі таптырмас бейнелеу құралы ғана емес, көркемдік-философиялық тұрғыдан өмірді тану, таразылау ретінде де қолданылады.
Мұнда бәрінен бұрын түс көру арқылы поэтикалық тіл, нышандар мен құпия-белгілер, символдар, сезімнің бұлыңғыр сәттері, жарым-жартылай есті-ессіз күйлері, о дүние мен бұ дүние арасындағы не тірі емес, не өлі емес есалаң, түсініксіз екі әлем сезімдері сәтті суреттеледі.
Түс - көркем шығармада шартты нәрсе. Алайда ол шарттылық кейіпкердің характерлік және шығарманың жалпы мазмұн-мәнінің логикасына, сюжеттік стерженіне қайшы келмейді.
Негізі, бір қарағанда түс кейіпкер үшін кенет пайда болған сияқты, ал іс жүзінде ол міндетті түрде шығарманың көркемдік жаратылысынан табиғи түрде туындап, жасалған характерлердің ішкі логикасымен, сюжеттік механизмімен т.с. етене қабысып, сабақтасып жатады. Түс шығарманың негізгі ой-толғамын, мазмұнын тікелей немесе жанама түрде бейнелейді. Мұның өзі түс көру тәсілінің әдебиеттегі өзге әдеби құралдардан өзгешелігін, теңеуге келмейтін көркемдік көпқырлылығын танытады. Түске енген өмір кәдімгі өмірді ығыстырып, оны жаңаша түсініп және жаңаша бағалауға мәжбүр ететіндігі бұл тәсілдің адам тағдырын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz