Ғалымның қазақ ертегілеріне қатысты ұстанған көзқарастарының концепциясын айқындау


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеттану ғылымында жекелеген тұлғалардың шығармашылығын зерттеу ісі - көптен қалыптасқан, терең тамыр тартқан сала десек те, бүкіл саналы ғұмырын туған әдебиетіміздің тарихын, ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, оның ғасырлар бойғы даму, қалыптасу, кемелдену кеезңдерін ашып зерделеуде айтарлықтай үлес қосып келе жатқан көрнекті фольклортанушы ғалым, филология ғылымыдарының докторы, академик Сейіт Қасқабасовтың сан-салалы ғылыми еңбектері жеке зерттеу обьектісі болып, нақты бағасын ала қойған жоқ. сол себепті ғалымның шығармашылығын арнайы зерттеудің мәні зор.
Сейіт Асқарұлы Қасқабасов - республикаға және одан тыс шет елдерге белгілі әдебиеттанушы-ғалым, білікті фольклортанушы. Фольклор, әдебиет бойынша үш жүзден астам ғылыми еңбек авторы. Ол айналысып жүрген ғылыми зерттеулер ауқымы әртүрлі: фольклор, әдебиет, өнер, этнография, мәтінтану және аударма. Ғалым ретінде ол А. Веселовский еңбектерінен алатын және Вс. Миллер, М. Сперанский, ағайынды Б. Соколов, Ю. Соколовтар, В. Пропп, В. Жирмунский, В. Чичеров, Н. Смирнова зерттеулері арқылы даңқы өрлеген академиялық әдебиеттану мектебі дәстүрінде қалыптасты. Институттың екінші курсында оқи жүріп ғылымға бейімділігін танытады да, Қазақстан ҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы Н. С. Смирнованың жетекшілігімен фольклорлық мұраларды жинаумен және зерттеумен айналысады, студенттік ғылыми конференцияларда баяндамалар жасайды, арнайы фольклорлық экспедицияларға шығады. Нәтижесінде бесінші курста оқып жүріп-ақ, 1964 жылы алғашқы ғылыми еңбегін жариялайды. Е. Тұрсыновпен бірігіп жазған «Ертегіші Шалқарбай Дауылбаев» деген мақаласы С. Мұқановтың 60 жылдығына арналған «Қазақ филологиясының мәселелері» жинағында жарық көрді. Ол фольклордың прозалық жанрларын зерттеуде үлкен табыстарға қол жеткізіп, отандық фольклортану ғылымының дамуына елеулі үлес қосты, оны халықаралық деңгейге жеткізіп, фольклортанушылардың жаңа буыны мектебін жасады, республикада алғаш рет фольклорды кешенді түрде зерттеу (этнография, археология, тарих және тіл білімі материалдарын пайдалана отырып) әдісін қолданып, фольклорды оның бүкіл жүйесі бойынша кең тарихи кезеңдік тұрғыда қарастыру негізін қалады.
Академик Сейіт Асқарұлы Қасқабасов 1940 жылы 24 маусымда Жаңа-Семей қаласында дүниеге келген. 1947 жылы осы қаладағы №5 орта мектепке оқуға барады. 1950 жылы анасымен бірге Алматыға қоныс аударады. 1954 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданы Чапаев атындағы колхоздағы мектептің 7 сыныбын бітірген соң Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы №18 орта мектепте (кейін №12 орта мектепке қосылған) оқуын жалғастырады. 1957 жылы мектепті ойдағыдай бітіргеннен кейін колхозда екі жылдай жұмыс істеп, анасына көмектеседі. 1959 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының (қазіргі Қазақ Ұлттық педагогика университеті) тарих-филология факультетіне оқуға түседі. 1964 жылы институт бітірген соң Қазақстан ғылым академиясы М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасына қабылданады. 1968 жылы аспирантураны тамамдаған уақыттан бері осы институтта қызмет етіп келеді. 1968-1970 жылдары кіші ғылыми қызметкер, 1970-1981 жылдары аға ғылыми қызметкер, институттың ғалым-хатшысы, 1983-1988 жылдары аға, жетекші ғылыми қызметкер, Жамбылтану және қазіргі халық шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1994-1995 жылдары институт директорының орынбасары, 1995-1997 жылдары Қолжазба және текстология орталығының жетекшісі болып қызмет атқарды. Осы аралықта 1970-1979 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғалым-хатшысы болып, 1981-1982 жылдары КСРО Ғылым Академиясы М. Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында аға ғылыми қызметкер міндетін атқарды, 1988-1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Идеология бөлімінің кеңесшісі, 1990-1991 жылдары Орталық Комитеттің Саяси процестер жөніндегі әлеуметтік орталығының жетекшісі, 1991-1992 жылдары ҚР Президенті мен Министрлер Кабинеті аппаратының мәдениет секторының меңгерушісі, Білім, спорт, туризм және жастар істері жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерінде болды, 1992 жылы ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары Аттестациялық комиссияның тұңғыш төрағасы болып тағайындалып, мемлекеттік аттестациялау органдарының қалыптасып дамуына үлкен үлес қосты. Бұл қызметті 1994 жылға дейін атқарды. 1997-1999 жылдары Л. Н. Гумилев атындағы Евразия университеті жанындағы «Евразия» ғылыми-зерттеу орталығының (ҒЗО) жетекшісі, 2000-2001 жылдары осы университеттің жаңадан ашылған шығыстану факультетінің деканы, әрі «Евразия» ҒЗО жетекшісі. 2001 жылдың қыркүйек айынан бастап М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры болып қызмет етіп келеді [1] .
Қазақстан гуманитарлық ғылымдарының ішінде тарих, этнография, этнология, антропология, әдебиеттану, дінтану іспетті білімдер жүйесімен тамырлас, сонымен бірге өзіндік даралығы мол сала - фольклортану. Шетелдік ориенталистер негізін қалап, Ш. Уәлиханов, Ә. Диваев, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллин, Е. Ысмайылов т. б. дамытқан ғылым өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап жаңашыл зерттеу әдістемесін қабылдады. Фольклорлық мұраларды басқа туыстас ғылымдар жетістігін пайдалана отырып, бүкіл әлемдік ауқымдағы бар құбылыстарды түгел қамтып, толық, тергеп, салыстыра қарастыратын тарихи-типологиялық тұрғыдағы зерттеулер өріс жайды. Зады, фольклортанудың тыныс алар өкпесі - типология. Әдетте қолданылмай қалмайтын бұл әдіс шеңберін кеңейтіп, табан тірер танымдық талғам қорын байытты, зияткерлік үдеріс ауқымы сан тарапты, тың сипатты әдебиеттер көзімен толықты. Ұлттық аядағы, аса қажетті басқыш болған фольклористика табыстары болмысы тың жан-жақты интеллектуалды ізденістерді жатырқаған жоқ. Сондай ізденістердің басында С. Қасқабасов тұрды [2] .
С. А. Қасқабасов 1969 жылы «Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері» деген тақырыпта кандидаттық, 1989 жылы М. В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінде «Қазақ халық (ертегіге жатпайтын) прозасының жанрлары» деген тақырыпта докторлық диссертациялар қорғайды. Ол - ҚР ҰҒА академигі (2004), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992), Қазақстан ҒА Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығының (1986) иегері, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың (1996) лауреаты, Халық шығармашылығын зерттеушілердің Халықаралық қоғамының мүшесі (1991, Финляндия), Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты (2004) .
С. Қасқабасов қазақ фольклорының өнер сипатына да көңіл бөліп, бірнеше зерттеулер жазды. “Родники искусства” атты еңбегінде фольклорлық этюдтерді халықтық өнер бастауларымен тығыз байланыстыра отырып, фольклорды қазіргі көркем өнердің құрамдас бір бөлігі ретінде қарастырады [3] . Ғалым қазақтың халықтық драмалық шығармашылығын күнделікті кәсіптік және әдет-ғұрыптық форма, ойын-сауықтық форма және театрлық кәсіби өнердің балаң формасы деп үш топқа бөліп қарастырады. Күнделікті кәсіптік және әдет-ғұрыптық формаға тұрмыстық шаруашылық салттар, той-думан, аза тұтуға байланысты әртүрлі жоралғылар мен ауызекі поэтикалық шығармаларды жатқызса, ойын-сауықтық форма тобын түрлі ұлттық ойындар мен ойын-сауық көріністері құрайтындығын зерделеп, театрлық кәсіби өнердің балаң формасы ретінде сал-сері, әнші-ақындардың, күлдіргі қушыкештер мен сайқымазақтар қызметін, жартылай кәсіби актерлердің жәрмеңкелердегі ойындарын, ХХ ғасырдың бас кезінде ашылған алғашқы драмалық үйірмелерді жатқызады. Олардың фольклорлық негізін саралап, нақты ғылыми ой-тұжырымдар жасайды. Трагедияның фольклорлық үлгісінің драмалық шығармаларға трансформациялану жайын жеке зерттеп, фольклорлық трагедияны лиро-эпикалық форма және дастандық форма деп екі түрге бөліп қарастырады, әр форманың даму сатылары мен ерекшеліктерін, өзгеру үрдісін талдап көрсетеді. Сонымен бірге қазақтың фольклорлық мұрасы мен қазіргі мәдениеттің өзара байланысын фольклордың қазіргі әдебиет пен театрға, кәсіби музыка мен кино және бейнелеу өнеріне тигізген әсерін саралап, тұжырымды ой-пікірлер қорытады.
Фольклортанушы-ғалым фольклордың өнерлік сипаты туралы ойларын басқа зерттеу еңбектерінде де өрбітті. М. Әуезовтің ұлттық театр негіздерін қазақ фольклорынан іздеу қажеттігі туралы идеясын дамытып, “Қазақтардың фольклорлық театры” атты зерттеу жазды, халық ойындары, фольклор түрлері театрдың ойындық түрлері деп талданды [4] .
Ал “Қыз Жібек” эпосына байланысты жүргізген ғылыми ізденістері барысында ғалым бұл туындының екі үлкен жырдан тұратындығы туралы қорытындыға келді, яғни “Қыз Жібек” эпосы біріктірілген жыр екендігін дәлелдеп берді. Шығарманың бірінші бөлігі Төлеген мен Жібектің махаббаты туралы ғашықтық жыр, ал екінші бөлігі Жібек пен қаза болған Төлегеннің інісі Сансызбайдың ара-қатынасы туралы батырлық жыр екендігіне көз жеткізіп, фольклортанушыларды елең еткізген ғылыми жаңалық жасады.
Ғалым тарихи жырларды арнайы зерттеп, олардың жанрлық сипатын ашты, бұл жырдың тарихи өлең мен батырлық эпостан бөлек дербес жанр екені: “Тарихи жыр-түптеп келгенде батырлық жыр мен тарихи өлеңнің аралығындағы жанр” [5] деп оның бірте-бірте циклденіп, үлкен жырға, яғни жаңа жанрға айналу процесін саралау арқылы дәлелдеді.
М. Әуезов, Ә. Марғұлан зерттеген Қорқыт, Асан Қайғы туралы жаңа ғылыми ізденістерге толы мақалалар жазып, олардың мифологиялық, фольклорлық және тарихи негіздерін ашты, М. Әуезов пікірлеріне сүйеніп, Асан Қайғы туралы аңыздарды халықтың әлеуметтік утопиясы деген дәлелді қисынға келді.
Абайдың ақындық әлемі де ғалым назарынан тыс қалған жоқ. Ұлы ақынның “Ескендір” поэмасының сюжеттік негізін Ескендір туралы қазақ ертегілерінен іздеп зерттеуден бастаған ол кейін “Абай және фольклор” атты еңбегінде Абай поэзиясының негізгі қайнар көзі - ауыз әдебиетінен бастау алатындығы зерттелмей қалғандығына ерекше көңіл бөліп, бұл мәселені арнайы зерттеді, фольклорды ұлы ақын қалай және қандай дәрежеде, мақсатта пайдаланғанын “Ескендір”, “Масғұт”, “Әзімнің әңгімесі” поэмаларының сюжеттік негізін ашу арқылы пайымдады [6], сондай-ақ, Абайдың қазақ мақал-мәтелдері қандай принцип бойынша бағалағанын нақты көрсетті.
Қазақ фольклортану ғылымының тарихын зерттеу ісі ХХ ғасырдың 70-жылдарында мықтап қолға алынғанда осы жұмыстың бел ортасында С. Қасқабасов жүрді. Қазақ фольклористикасының даму жолдарын баяндап, ауыз әдебиетінің зерттелу жайы оның негізгі жанрлары бойынша сөз болған, қазақ фольклорын зерттеген көрнекті ғалымдардың шығармашылық портреттері қамтылған “Қазақ фольклористикасы” атты ұжымдық еңбекте (1972) ғалымның қазақ фольклоры туралы көптеген іргелі ғылыми еңбектер жазған көрнекті фольклортанушы, Қазақстан ҒА корреспондент-мүшесі Н. С. Смирнова жайында толымды зерттеуі жарияланды. Ал қазақ халық ауыз әдебиетінің ерте заманнан 1917 жылға дейінгі аралықтағы жиналу, жариялану, зерттелу тарихына арналған “Қазақ фольклористикасының тарихы” атты ұлттық фольклортану ғылымының беделін арттырған іргелі ұжымдық монографияда (1988) бұл кезде есімі республикадан тыс жерлерге танылған білікті ғалымның бірнеше зерттеуі жарияланды [7] . Осы еңбектің көлемді бір бөлімін құраған “ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ фольклористикасы” атты тарауында С. Қасқабасов осы кезең аралығындағы қазақ халқының ауыз әдебиетінің дамуы мен жиналуы, жариялануы мен зерттелуі жайынан әңгімелеп, фольклор мұраларын жинаған зиялы қауым өкілдерінің жинаушылық, ғылыми-шығармашылық ізденістері мен көзқарастарына терең талдау жасайды. Қазақ фольклортану ғылымының қалыптасу кезеңіндегі Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, В. Радлов, Г. Потанин, Н. Березин сияқты қазақ, орыс ағартушылары мен ғалымдарының айрықша сіңірген еңбектері аталып қана қоймай, ауыз әдебиетінің өріс-арнасын кеңейтуі соны құбылыс болғаны туралы тың қорытындыға келді. Бұл тарау ғылыми еңбектің қомақты бір бөлігі ретінде ерекшеленіп, байыпты пайымдаулармен айшықталды. Осы ұжымдық монографияда Абай Құнанбаевтың фольклортанушылық қырлары туралы алғаш рет зерделі зерттеу жарияланды. Бұл тарауды да жазған С. Қасқабасов Абайдың халық ауыз әдебиетіне қатысы, қазақ фольклоры жайындағы ғылымның қалыптасуына қосқан өзіндік үлесі туралы сөз қозғап, ұлы ақынның өз шығармашылығында фольклорлық мұраны пайдалану жолдары мен әдістері және қара сөздеріндегі қазақ мақал-мәтелдері мен нақылдары жөнінде айтқан пікірлері, фольклортанушылық көзқарасы байыпты зерттелді. Сондай-ақ, осы ұжымдық еңбекте ғалымның ХІХ ғасырда қазақ фольклорын жинап жариялаудағы Г. Н. Потаниннің еңбегін жан-жақты саралаған портреттік мақаласы жарияланып, орыс ғалымының халқымыздың бай ауыз әдебиеті мұраларын кейінгі заманға жеткізудегі қызметі жан-жақты ашып көрсетілді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диплом жұмысының нысаны болып отырған ғалым С. Қасқабасов еңбектерін ұлттық әдебиеттану, фольклортану ғылымдарымен тығыз байланыста қарастырудың қажеттілігі бүгінгі таңда күмән туғызбайды. Әдебиет тарихы, фольклор, абайтану, текстологияға арналған зерттеулер мен монографияларда ғалым есімі аталып, оның еңбектеріне сілтеме жасалады. С. Қасқабасовтың қазақ ғылымы үшін маңызды пікірлеріне салиқалы талдаулар да жасалған. Бірақ, монографиялық тұрғыда жазылған жұмыс жоқ, оның еңбектеріне таңғылықты ғылыми талдау жасалған емес. Сондықтан ғалымның әдебиеттанушылық және фольклортанушылық еңбегі алғаш рет диплом жұмысы аясында зерттеліп отыр.
Ғалымның ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты: фольклор мен әдебиет және өнер. Әсіресе, мифология мен фольклорлық проза саласын зерттеуде айрықша ғылыми табыстарға қол жеткізген. Ол фольклордың прозалық саласын ғылыми тұрғыдан саралап, жанрлық жағынан жіктеген және қазақ мифологиясын типологиялық тұрғыдан тұңғыш тұжырымдаған ғалым.
Ғалым жеке ақындар шығармашылығын зерттеуге де ден қойды. 1996 жылы жыр алыбы Жамбылдың орыс тіліндегі таңдамалы шығармаларының бір томдығын шығарды. Жинаққа ақын шығармашылығы туралы зерттеу мақала жазып, әр шығарма мәтініне ғылыми түсініктеме берді. Томға кіріспе ретінде жазылған көлемді зерттеуінде Жамбыл туралы М. Әуезовтің ой-пікірлерін негізге алып, ақын, жырау, жыршы типтерін жаңа байыпты ғылыми тұжырымдармен қорытты. Өршіл, асқақ рухты поэзияның көшбасшысы Махамбеттің ақындық талантын жаңа қырынан танытып, тәуелсіздік рухымен кең тыныста жазылған “Махамбет - қазақ әдебиетінің классигі” атты еңбегі арқылы көтеріліс жыршысының шығармашылығын жаңаша зерттеуге жол салды. Орыс тілінде шыққан 3 томдық “Қазақ әдебиетінің тарихын” жазуға қатысып, бұл басылымның 10 томнан тұратын жаңа жобасын дайындады. Журналда жарияланған бұл жоба қазір ғалым өзі басқарып жүзеге асып жатқан 10 томдық “Қазақ әдебиетінің тарихына” негіз болды.
Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мәселелерін де ғалым жіті назарда ұстады. “Қазақстан тарихының” бес томдық жаңа басылымында қазақ әдебиетінің ежелгі және орта ғасырлардағы тарихын жаңаша бажайлаған “Қазақстанның ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы рухани мәдениеті” атты ғылыми тарауы және Қазақ хандығы тұсындағы ақын-жыраулар поэзиясына арналған “Қазақ халқының рухани мәдениеті ( ХҮІ-ХҮІІ ғ. ғ. ) ” атты зерттеуі жарық көріп, С. Қасқабасовтың әдебиет тарихының дәуірлерін кезеңдеу, өзіндік ерекшеліктерін айшықтап ашып, көркемдік қуатын танытудағы білгірлігін байқатты. Ұлт әдебиетінің тарихын зерттеудегі бұл ізденістер ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері айқындалып, жыраулар шығармашылығы жаңаша пайымдалып талданған “ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті” компендиум ( шағын зерттеу еңбек ) жазуға ұласты.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Зерттеудің мақсаты - көрнекті ғалым С. Қасқабасовтың қазақ әдебиеті мен фольклор тарихына байланысты ғылыми еңбектерін жүйелеу, сараптап және талдау негізінде оның ұлттық әдебиеттануға қосқан үлесін, өзіндік ғылыми ұстанымдары мен көзқарасын және бүгінгі әдебиеттану үшін маңызын анықтау. Ғалым мұрасын екшеп, жіктеп, жүйелі түрде талдау мен сараптау негізінде оның арғы-бергі еңбектеріне зер салып, оларды өз кезеңінің әдеби үдерісімен тығыз бірлікте, іштей үндестікте қарастыра келе, еңбектерінің алатын орны мен жаңашыл ғылыми сипатын ашу, өзіндік ғылыми ұстанымдары мен көзқарасын анықтау. Осы мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- С. Қасқабасовтың әдебиет тарихы мен фольклортану ғылымындағы зерттеу салаларын ашып көрсету;
- Ғалымның еңбектерін зерделеу үстінде оның өзіне ғана тән көркемдік ізденістері мен зерттеу ауқымы, жанрлық ерекшелік мәселелерінің әдеби процестегі маңызын көрсету;
- Қазақ әдебиетінің тарихындағы алар орнын орнықтыру негізінде халық ауыз әдебиетінің жанашыры ретіндегі ғылыми ұстанымдарын көрсету;
- Ғалымның қазақ ертегілеріне қатысты ұстанған көзқарастарының концепциясын айқындау;
- Зерттеушінің мәтінтану саласындағы ізденістерін қазіргі ғылым биігінен пайымдау;
Зерттеудің дерек көздері. Зерттеу объектісіне ғалымның «Казахская волшебная сказка» (Алма-Ата, 1972), «Қазақ халық прозасы» (Алматы, 1984), «Родники искусства». (Алматы, 1986), «Казахская несказочная проза» (Алматы, 1990), «Жаназық» (Астана, 2000), «ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (Алматы, 2005), «Елзерде» (Астана, 2010) атты ғылыми монографиялары мен бірқатар мақалалары алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Диплом жұмысында әдеби-ғылыми танымның негізгі қағидалары, бағыттары басшылыққа алынды. Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымындағы жетекші ғалымдардың бірі Сейіт Қасқабасовтың шығармашылығы хақында жазылған немесе арнайы ғылым обьектісі ретінде қарастырылған еңбектер жоқ. Дегенмен ғалымның зерттеушілігі жайында жазылған бірқатар ғылыми мақалалар бар. Жұмысты жазу барысында теориялық, әдіснамалық іргелі еңбектермен қатар, ғалымның ғылыми мұрасы мен бағыты жайында жазылған баспасөз деректері мен отандық әдебиеттанушы ғалымдар баяндамаларындағы дерек көздері басшылыққа алынды. Сондай-ақ, қазақ әдебиеттану ғылымындағы ғылыми теориялық еңбектердегі және З. Ахметов, Р. Бердібай, З. Қабдолов, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, Ш. Елеукенов, Р. Нұрғалиев, Ж. Дәдебаев, Б. Майтанов, А. Ісімақова, Т. Есембеков және тағы басқа ғалымдардың ой-тұжырымдары назарға алынып, зерттеу тақырыбымыздың мақсатына орай пайдаланылды. Өзге де қазақ, орыс, әлем әдебиетшілерінің қажетті пікірлері мен зерттеулері қарастырылып, ғылыми жұмысымызға теориялық таяныш ретінде пайдаланылды.
Зерттеу әдістері. Алға қойған мақсатымызды орындау барысында және зерттеу жұмысын жазу үстінде әдебиеттану ғылымының жүйелі-кешенді, тарихи-салыстырмалы талдау сияқты ғылыми әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл зерттеу С. Қасқабасовтың ғылыми шығармашылығын арнайы қарастырған алғашқы еңбек болуымен де құнды. Мұнда ғалымның қазақ ғылымын өркендетуге қосқан үлесі анықталып, сараланды. Соның ішінде зерттеушінің қазақ фольклортану ғылымын, халық прозасының ерекшеліктерін, мәтінтану ғылымын дамытуға қосқан үлесін арнайы сөз ету жұмысымыздың негізгі жаңалығы болып табылады.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу барысында қол жеткізген ғылыми тұжырымдар мен жинақталған деректердің нәтижелерін әдебиетші-ғалымның мұрасын тереңдеп тануға қызыққан қалың оқырман жұртшылыққа қосымша материал ретінде ұсынуға болады. Сонымен бірге, жұмыстың тиянақталған нәтижелері бұл салада жазылатын болашақтағы еңбектер үшін де маңызды рөл атқарады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
І. Сейіт Қасқабасовтың фольклортану саласындағы еңбектері
- С. Қасқабасов және қазақ ертегілері
Қазақ фольклорының елеулі саласын құрайтын ертегілердің зерттелу тарихы да түрлі даму жолынан өтті. Мәселен, М. Әуезов қазақ ертегілерінің мағына, мазмұны жайлы кең талдап, мазмұндап жазған. Ертегілердегі шындық пен қиял сипаты туралы да ғылыми салиқалы ой ұсынған. «Бұрынғы елдің қиялы өзіне таныс емес, жат бір нәрсені құр жанынан шығарып, әңгімеге кіргізген емес, қайта бұрынғы заманда сол ертегіге кірген нәрсенің барлығы да даусыз шын сияқты көрінетін. Ол кездегі ертегі, бүгінгі елдің өмірінен алған шын әңгімелер сияқты, даусыз шын оқиға болып көрінген. Бері келіп ел есі кіріп, ержеткен соң ғана ертегіні өтірік деуші шығады. Ол, елдің білім, зейіні артып, дүниеге таныстығы молайғандықтан, бұрынғының ұғым, нанымнан кейінгілердің ақыл, білімі артып, бой жетіп асып кеткендігінен. Қазақтің көп ертегісін жинап, сынап қарастыру біздің жақын міндетіміздің бірі болады» [8, 168] деп атап көрсеткен. Қазақ ертегілерін зерттеу міндеті өткен ғасырдың басынан күні бүгінге дейін түрлі деңгейде шешілді. Ол зерттеушінің талант, білім дәрежесіне, орыс және еуропа фоьклортану ғылымының озық мектебінің тағылымына сүйену тұрғысынан ерекшеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz