Мифтік ұғымдар және әдебиет


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Оралхан Бөкей прозасындағы аңыздық-мифтік желінің көркемдік мәні

Мазмұны

Кіріспе . . .
6
Кіріспе . . .: 1 Миф және қоғам… . . .
6: 9
Кіріспе . . .: 2 Сөз өнеріндегі мифологизм мәселесі . . .
6: 15
Кіріспе . . .: 2. 1 Мифтік ұғымдар және әдебиет . . .
6: 15
Кіріспе . . .: 2. 2 Фольклордағы мифологизм . . .
6: 15
Кіріспе . . .: 2. 3 Мифология және жазба әдебиет . . .
6: 18
Кіріспе . . .: 3 Бөкей прозасындағы мифологизм мәселелері . . .
6: 21
Кіріспе . . .: 3. 1 Анимизм және кейіптеу . . .
6: 21
Кіріспе . . .: 3. 2 Оралхан Бөкей шығармаларындағы метафораның мифтік негізі . . .
6: 27
Кіріспе . . .: 3. 3 Мифтік құбылушылық . . .
6: 33
Кіріспе . . .: 3. 4 Түс көрудің мифологиялық астарлары . . .
6: 35
Кіріспе . . .:

3. 5 Оралхан Бөкей шығармаларындағы мифтік

элеметтердің қолданысы . . .

6: 44
Кіріспе . . .: 3. 6 Оралхан Бөкейдің метаморфозасы . . .
6: 53
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
6: 58
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
6: 60

Кіріспе

Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткелі бері өткен өмірімізге сын көзбен қарап, жіберген қате, кемшіліктерімізді елеп-екшеуден өткізіп келеміз. Және де өткеніміздің бәрін жоққа шығара алмасымыз тағы айқын.

«Абай жолы» романынан бастау алған тарихи шығармаларымен қатар, 1970-жылдар әдебиетінде прозамыздың шағын жанрлары үлкен роль атқарып, салмақты жүк көтерді.

Есімі өзімізге де, өзгеге де кеңінен танылған ерекше талант иесі Оралхан Бөкей әдебиетімізге өзіндік бетімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы еді.

О. Бөкеев - ұлттық өмірімізден тарихи-психологиялық, әлеуметтік-философиялық шығармалар жазып, қазақ әдебиетінде ерекше із қалдырған бірегей суреткер. Оралхан - қашанда уақыт алға қойған өзекті мәселелерді шығармаларына арқау еткен ойы да, қаламы да ұшқыр қаламгер. Жазушы қаламынан туған «Мұзтау», «Қар қызы», «Сайтан көпір», «Жетім бота», «Атау кере» повестері - адамзаттық мәңгілік мәселелерді көтерген, әлемдік әдебиеттегі озық шығармалармен деңгейлес, иықтас туындылар. Оралхан Бөкеев шығармашылығын зерттеудің қажеттігі оның әңгіме, повестерінің көркемдік жетістігі мен өзектілік сипатында және бүгінгі өмір құбылыстарын шынайы бейнелей алғандығында жатыр. Ешкімге ұқсамайтын өзінше сөз саптасы, асқақ мінезі, алғыр зерде-зейіні оқушысын бірден баураған болатын. Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде асқақтыққа, өршілдікке тартып, толғау-толғаныстары кең тынысты, өзгеше үнді болып шығатын. Олардан бірде романтикалық құштарлықты, бірде публицистік от-жалынды, бірде реалистік өткірлікті, енді бірде сағыныш-мұңға бөлейтін лирикалық әуенді айқын аңғарар едік. Қаламгер кез келген шығармасында жақсылық пен жамандықтың бітіспес күресі арқылы кейіпкерлерінің іші жан әлеміне көбірек үңіліп, әлеуметтік-философиялық ойы салмақты бірегей образ жасайды.

Оралхан Бөкеев шығармашылығына қатысты С. Қирабаевтың [1], Б. Ыбрайымовтың [2], М. Қаратаевтың [3], Т. Тоқбергеновтың [4], А. Сейдімбековтың [5] т. б. еңбектерін атап өткен орынды.

Қазіргі қазақ әдебиетіндегі мифологизм мәселесін қарастыру, оны ғылыми тұрғыда зерттеу - өзекті мәселелердің бірі. Әдебиеттегі мифологизм туралы орыс, т. б. ел ғалымдарының еңбектері баршылық. В. В. Агеносов, А. Ақматалиев, Г. Гачев, Д. Н. Низамиддинов т. б. зерттеушілер еңбектері әдебиеттегі мифологизмнің қызметін жүйелі түрде саралап, жіктеп көрсетуімен маңызды. Қазақ әдебиеті тұрғысынан келгенде, бұл мәселе әлі де кезегін күтіп тұр.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиетіндегі мифологизм мәселесі бүгінгі таңда жан-жақты жүйелі түрде сөз болмай отыр. Біз басты нысана етіп алып отырған Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі фольклордағы, әдебиеттегі мифологизм туралы сұрақтарды қамтып, зерттеу объектісіне алынған қаламгер шығармашылығындағы мифологизм негіздеріне үңіле отырып, жан-жақты талдау жүргізілуімен маңызды.

Біз қазақ әдебиетіндегі мифологизм мәселесін тек бір қаламгер шығармашылығы негізінде қарастыратындықтан жоғарыда аталған, яғни жалпы қазақ әдебиетіндегі мифологизм мәселесі әлі де болса терең, маңызды зерттеуді қажет етеді.

Оралхан Бөкей прозасындағы аңыздық желілер, мифтік, символдық бейнелер жайлы сыншылар мен зерттеушілер кезінде әртүрлі пікірлер айтқан болатын. Айталық, сыншы ғалым, академик С. Қирабаев, сыншылар Т. Тоқбергенов, Т. Мәмесейітов, зерттеуші Ө. Көзбеков жазушы шығармашылығындағы мифтік сюжеттер мен бейнелер турасында ой айтып, тұжырымдар жасады. Бұл айтылған енбектердің бәрі жазушы шығармашылығындағы мифологизм туралы жүйелі зерттеулердің бастамалары дей аламыз.

Қазіргі қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар О. Бөкей шығармашылығы жүйелі түрдегі ғылыми зерттеуді кажет етеді. Жазушы прозасындағы мифологизм мәселелерін ғылыми тұрғыда қарастыру, «Қар қызы», «Атау кере», «Сайтан көпір», «Жетім бота» повестерінің ерекшелік сипатын осы мифологизм бағытында талдап, сипаттау көкейкесті мәселелердің бірі әрі бірегейі. Тақырып өзектілігі осы О. Бөкей прозасын негізге ала отырып қазақ әдебиетіндегі мифологизм мәселесін қарастыруымен сипатталады.

Зерттеу нысаны. Еңбектің негізгі нысаны - О. Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесін жүйелі түрде қарастыру арқылы қазақ әдебиетіндегі мифологизм мәселесін бағамдап, бағдарлау. Бұл орайда жалпы миф және әдебиеттегі мифологизм туралы теориялық, зерттеу еңбектері басшылыққа алынды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. О. Бөкей шығармашылығы туралы материалдар мен пікір-тұжырымдарды негізге ала отырып, жазушы прозасындағы мифологизмнің негізіне, көркемдік-идеялық қолданысына назар аудару. Қаламгер шығармашылығындағы мифологизм мен аңыздық желінің көркемдік ерекшеліктерін айқындау.

Дипломдық жұмыстың міндеті. Жоғарыда аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:

  • Фольклордағы және әдебиеттегі мифологизмнің сипатын айқындау;
  • Қазақ әдебиетіндегі мифологизм көріністерін сипаттау;
  • О. Бөкей шығармашылығындағы мифологизмнің орны мен ерекшелігін ашу;
  • Жазушы прозасындағы мифтік сюжеттер мен бейнелерді қарастыру және оларға жүйелі талдау жасау;
  • О. Бөкей прозасындағы мифтің көркем мифологияға айналып, көркемдік-бейнелілік тұрғысында қызмет етуін көрсету;
  • Жазушының «Атау кере», «Жетім бота», «Сайтан көпір», «Айпара ана» туындыларының жанрлық ерекшеліктерін мифтік сюжеттер мен мифтік құбылушылық негізінде қарастырып тану;
  • Жазушы прозасындағы мифтік құбылушылықтың сипатына, мәні мен қызметіне фольклористік талдау жасау арқылы оның көркемдік-идеялық мағынасын анықтау;
  • Мифологиялық ойлауға тән анимистік сенімнің кейіптеу, психологиялық егіздеу, метафораға негіз болғанына О. Бөкейдің повестері мен әңгімелерінен мысалдар келтіріп, тұжырым жасау.

Зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері ретінде қазақ ғалымдары мен әлемдік мифологияны зерттеушілердің теориялық жалпы типологиялық еңбектері пайдаланылды. Э. Тэйлор, А. Н. Веселовский, А. А. Потебня, В. Я. Прот, Э. М. Мелетинский, В. И. Еремина, Л. Н. Гумилев сондай-ақ қазақтың Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, Қ. Жұбанов, М. Әуезов, З. Ахметов, З. Кабдолов, Р. Бердібаев, С. Қасқабасов, Б. Уахатов, Б. Абылқасымов, Ш. Ыбыраев т. б. ғалым зерттеушілердің ғылыми-теориялық еңбектері жұмыстың теориялық-методологиялық негізін құрайды.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Қазақ әдебиетіндегі мифологизм мәселесі алдағы уақытта жан-жақты сөз болуы тиіс. О. Бөкейдің қаламгерлік дара тұлғасын, жазушылық шеберлігін тани түсу үшін оның шығармаларынан басты орын алған мифологизм туралы терең білу қажет. Ол үшін жоғарғы оқу орындарында, орта мектептің жоғарғы сыныптарында қосымша сабақтар, арнаулы курстар мен семинар сабақтарын ұйымдастыру қажеттілігі басым. Бұл зерттеуді осы айтылған бағыттағы жұмыстарға қажетті теориялық әрі практикалық материал ретінде пайдалануға болады.

1 Миф және қоғам

Бүгінде адамзат жаңа мыңжылдыққа қадам жасады. Осы тарихи меженің қарсаңы қоғамдық сананың сапалық өзгерістермен аталды. Бұл өзгерістер ең алдымен бүгінгі заманғы әлемде болып жатқан рухани құбылыстарды жаңаша бағалауға деген ұмтылысқа қатысты. Осы кезге дейін бұлжымастай көрініп келген бірқатар ғылыми концепциялар мен тұжырымдар жаңа қырынан бағалануда, көптеген ғылыми көзқарастар уақыт алдында қайтадан сыннан өтуде. Бұл негізінде заңды әрі адамзат ойының өршіл ізденгіштігін көрсететін жағымды құбылыс: әр дәуір өзінен ілгеріде жасалған игіліктердің рухани мұрагері бола отырып, осы құндылықтарды өз заманындағы объективті жағдайлармен жарыстырып, жаңаша түсіндіріп, оның тарихтың осы өлшемі ішіндегі қолданыс аясын анықтайды, сөйтіп етене таныс, дәстүрлі құбылысты жаңа мазмұнмен толтырып, оның жаңа қырларын, тың мүмкіндіктерін ашады.

ХХІ ғасырда миф және мифологияға қатысты да осындай құбылысты аңғарамыз. Жалпы миф және мифтік ұғымның қоғамдық санада алатын орнын осы арада саралап өтсек артық бола қоймас.

«Мифология - ең қажетті ғана бөлшектерді тасып жеткізуге арнап ыңғайластырып жобаланған кеме. Пенденің жадының ауқымы шектеулі, ал мифтер болса ауызекі түрде ғана келесі ұрпақтарға жеткізіліп отырады, сондықтан да мұндай кеменің аумағында кәкір-шүкірлерді салар басы артық орын жоқ. Миф - жасаушыларының тек бір ғана нәрсені - келешектегі ұрпақтарының бақ-берекетін ғана ойлап жасаған кемесі», - деп Салливан айтқандай, миф - қоғамдық сананың басты формасы, табиғатты және әлеуметтік шындықты танудың тәсілі, осы шындықтардың адам санасындағы суреті. Мифология бастапқы мифология немесе адам санасының балалық шағы кезінде діни мистикалық ғұрыптармен ұштасып, діни нанымдар түрінде көрінеді. Бертін келе философияның, саяси теориялардың, көркем өнердің түрлі формаларының белгілерін қамтиды. Оның әдебиетпен байланысты ертегілер, эпостар, аңыздар мен шежірелер арқылы көрінеді [6] . Шынында мифологияның дүниетанымдық мәні әлдеқайда терең, қоғамдық қызметі әлдеқайда ауқымды. Миф және мифология мәселелеріне ынта білдіру, оның табиғатын қоғамдық ойдың қалыптасуына ықпалын, жалпы қоғам өміріндегі орнын анықтауға ұмтылыс біздің дәуірімізден әріге кетеді. Мәселен, біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ ғасырда өмір сүрген Эвгемер мифтік бейнелерден құдай дағуасына көтерілген тарихи тұлғаларды көрді. Ол осындай тарихи адамдар уақыт өткен сайын түрлі аңыз-әңгімелермен байытылып, біртіндеп мифтік кейіпкерлерге айналған, әр дәуір олардың мифтік бейнесінде өз түсініктерінің ізін қалдырып отырған деп есептеді.

ХҮІІ-ХІХ ғасырларда мифология көне грек мифологиясы аясынан шығып мифтік мұраларды салыстырмалы түрде зерттеудің мүмкіндіктері ашылды, мифологияны зерттеудің неміс және ағылшын мектептері қалыптаса бастады.

Мифологияны зерттеуші ғалымдардың пікірлері бір-біріне әрқашан мағыналық жағынан сәйкес келе бермейді. «Мифу можно придать разную форму - песни, сказки, повести, запевки, и. т. д. но миф принадлежит к сфере словесности не как жанр, а лишь в том смысле, что он не только выражает взаимоотношения человека с явлением внешнего для него мира, но и - в отличие от обряда - выражает их о словесной форме . . . никакая отрешенность, никакая фантастика, расхождение с обычной и повседневной действительности не мешает мифу быть живой или совершенно различны: поэтическая - это отрешность от факта, мифологическая - отрешность от смысла, от идеи повседневной и обыденной жизни . . . хотя поэзия может использовать мифологический материал, она в мифологии может и не нуждаться» - дейді А. М. Самозванцев [7] . Ал Ф. В. Шеллинг мифологияны поэзия мен философияның ағып шыққан арнасы тұрғысынан қарастырады. Роже Гароди болса «ғылыми және техникалық талаптар формасына әлі түсіп үлгермеген табиғат тілімен» сөйлейтін мифтік шығармашылықтың мақсатының өзі оның көркемөнер үлгісі болуында деп санайды [8] .

Миф - нақты бір тарихи уақытта, нақты бір географиялық кеңістікте (жертарапта), нақты бір саяси, әлеуметтік, мәдени, шаруашылық жағдайында тірлік етіп жатқан адамзат қоғамының (социумның) өзі өмір сүріп отырған орта (уақыт пен кеңістік) туралы, ғалам туралы, оның қалай пайда болғандығы, адам туралы, оның қалай пайда болғандығы, адамға ықпал ететін ішкі-сыртқы күштер туралы, өз қоғамының ғаламдағы орны, дәрежесі туралы түсініктерінің жиынтығы, дәлірек айтқанда - «түсіндім» деген стереотипі. Яғни, бұл жағдайдағы миф - ойдан шығарылған өтірік, жасанды дүние емес, нақты халықтың дүние мен өзі туралы шындығы, басқаша айтқанда - «шын» деп есептелінген, тарихи, рухани тәжірибесіне сүйенген стереотиптік деңгейдегі ақиқаты. Миф - әрине, тарихи айғақ емес, бірақ нақты бір тарихи қоғамның танымы, рухани дамуымен байланысты қалыптасқан, тарихи негізі, қисыны бар, яғни, бұл жағынан «ақиқат» деп есептеуге болатын дүние.

Қоғам уақыт пен кеңістікте өзгеріссіз қала алмайды. Тас ғасырынан бергі адамзат қоғамдық дамудың, этностың тілдік, кәсіптік, т. б. өзгерулердің талай сатысынан өтті. Сондықтан миф те оған ілесе өзгеріп отырған. Ескі қоғамды алмастырған әрбір жаңа қоғам, өз ежебілігін «таза, бос жерден» бастамайды, өзіне дейінгі қоғамның ежебілік мифтік келтірімдерінің бір бөлігін қабылдап, өзгертеді, жаңасын қосады, күрделілендіреді. Осылайша, қоғамдар ауысқан сайын, миф те ауысып отырады, бірақ бұрынғы қоғамның ежебілік түсініктері сарқыншақ түрінде сақталып отырады. Міне, бүгінгі қазақтың қолында (сөздік қорында, фольклорында, әдет-ғұрпында, мінез-құлқында, өнерінде) бар ежелгі біліктер - осындай сан мың жылғы өзгерулердің ең соңғы нәтижесі, сарқыты.

Миф - жалғандықты, ойдан шығарылғанды білдірмейді, бірақ «жалған миф» деген де, «ақиқат миф» деген де болады. Мәселен, бүгінгі қазақтың танымал мифі - оның Алаштың үш баласынан таралғандығы. Басқа да мифтері бар. Осы мифті абсолютті тарихи айғақ деп есептеуге болмайды, сондай-ақ оны жалған дей салудың да жөні жоқ.

Әр халықтың, мәдениеттің, діннің өз мифі бар. Тек осы мифтің танымал болу дәрежесі әр халықта әр түрлі. Біреулері оны дамыған күйінде сақтай алса, екіншілері оны сақтай алмаған, ал үшіншілері - өздерінің фольклорындағы, тіліндегі, мәдениеті мен өнеріндегі мифті тани, таба алмайды. Өйткені, әр халықтың тарихи тағдыры әр түрлі болып шыққан, сондықтан, мифтік мұраны түсінудің, оның жасырылған шифрларының кілтін тауып ашудың нәтижелері түрліше болып шығып жатады. Дұрыс түсінілсе, мифтік мұраның нақты қоғамға берері мол, ұшан-теңіз. Шалағай түсініліп, оны тар мүдделі ортада, әсіресе саяси мақсаттарда пайдаланар болса, мифтің қоғамға, нақты халыққа тигізер зияны да мол болып шығады.

Мәселен, 19 ғасырда қалыптасқан «үндіеуропалық» делінетін тілдік теорияның қойнауынан өсіп шыққан аттас мифологиялық мектеп, адамзаттың белгілі бір тобын қалғандарынан артық етіп шығаруды, осындай артық туғандықтың тәңірлік негізі бар екендігін қисындаған жалған мифтік идеяны қалыптастырды. Осы үндіеуропашылдықтың арты «арийшылдық», «нордизмге», «атлантизм» сияқты тарихи даму тұрғысынан алғанда қандай да бір ғылыми қисындары бар теорияларды бұрмалау немесе бір жақты түсіндіру іс-әрекетіне жалғасты. Р. Генон, Г. Вирт, т. б. ғалымдардың игі ниетінен туындаған идеялар осылайша құбыжық теорияларға - жалған мифтерге негіз болды да, арты апатқа алып келді. Оны «Анненэрбе», «Туле қоғамы» сияқты «ғылыми-зерттеу мекемелерінің» тарихынан да, гитлерлік, фашистік Германияның қысқа тарихынан да жақсы білеміз. Соңғы кезде қайтадан жанданған, «Велес кітабы» сияқты жалған дүниеге арқа сүйеген «орыс арийшылдығының» белсенділігінің артуы да мифтің (жалғандығына да, ақиқаттығына да қарамастан) аса күшті саяси құралға айналуға қабілетті екендігін көрсетеді.

Мұндай жалған мифтердің үлкені де, кішкенесі де болады. Жалған мифтің өзі бастапқыда ақиқат мифтің базасына сүйенеді. Кез келген (үлкені болсын, кішісі болсын) халықтың өз мифтік келтірімдер комплексі болады. Сырт көзге қарабайыр, жұпыны сияқты көрініп, шын болмысы сол халықтың өзіне де белгісіз болып қала беретін осындай келтірімдер, әр халықтың ата тегінің кім болғанынан, қайдан шыққанынан, қандай дәрежеде болғандығынан хабардар етсе, осындай тарихи мифтер, «қалауын тапса» аса қуатты саяси не рухани факторға айналады. Сондықтан да «миф» дегеннің қандай жасампаз не қиратқыш потенциалы бар екендігін 20 ғасырдағы мемлекеттерді басқарған саяси элита жақсы түсінген еді. Міне, сондықтан да, 20 ғасырдың 1-ші жартысындағы «арийшылдың» мифологияның тарихынан сабақ алған, сөз жүзінде коммунистік-интернационалдың болмысты, іс жүзінде ұлы орыстық шовинизмнің астыртын бағытын ұстанған Кеңес билігі, өз билігіне, мақсатына кедергі келтіріп, қарсы тұра алатын «түркі факторының» потенциалын жан-тәнімен, тұла бойымен сезіне алатындай деңгейде еді. Орыс (славян) тарихын, тілін, мәдениетін, басқару өнері мен мәдени рөлін зерттегенде орыс, жалпы славян танымына, тарихына, қанына дендеп еніп, судай сіңген «түркі факторын» аттап өту қиын еді. Сондықтан орыс тарихындағы «түркі ықпалының рөлін» төмендетіп көрсету, елемеу, айтпау - кеңестік дәуір ғылымының басты міндеті болды. Оның үстіне Кеңес Одағындағы түркі тілдес халықтардың сандық үлесі, демографиялық потенциалы, діни, мәдени тұрғыдан алғанда бөгделігі де қауіп туғызатын.

Міне, осындай тарихи өткен және реалды баршылық жағдайында түркі халықтарының тарихындағы «орыстың өзін уысында ұстаған сәттердің болғаны», «түркі тілді көшпелілердің бір кездері орыстарға қарағанда жоғары мәдениетке ие болғандығы», т. б. осы сияқты жартылай аңыз бен жартылай тарихи шындыққа негізделген тарихи жад, егер де фольклорлық, тілдік материалдармен ұштастырыла отырып, ең бастысы - зерттелуіне шығармашылық еркіндік пен мүмкіндік берілген жағдайда, жаңа «ақиқат мифті» туғыза алуға қабілетті еді. Ал мұндай мифтің Кеңес мемлекетінің тұтастығына, орыс ұлтының тарихи «еуразиялық» миссиясына (миссионерлігіне) қауіп төндіретін. Сондықтан, осындай ықтималдықты жөргегінде, тумай жатып тұншықтармақ болған кеңестік-саяси-идеологиялық билік 1940-шы жылдардың аяғынан бастап-ақ түркі халықтарының фольклорлық мұрасына, ең алдымен батырлық, тарихи жырларына шүйліккен еді (оны татарлар - «Едіге», «Шора батыр» жырларына тыйым салынуынан, осындай науқанның қазақ, басқа да түркі халықтарының жырларына қарсы жүргізілгендігінен көруге болады) . Мұндай алдын ала қамдану саясаты өз нәтижесін берді де, қалай болғанда да әдебиет, фольклор тарихын зерттеушілер жырлардың генезисі мен болмысын шала-шарпы зерттеумен ғана шектелетін, көптеген тақырыптарды тіпті де қарастырмайтын болды. Бұл тақырып - зерттеушілер үшін аса қауіпті болып шықты да, оның салқыны фольклордың жекелеген тақырыптық салаларына да кері әсерін тигізді. Аттай 40 жылдай уақыт бойына (1950-90 жылдар) түркі халықтарының жырлары әдеби-көркемдік жағынан болмаса, басқа жағынан зерттелінбеді десе де болады. Ғылымның, ғылыми ойдың дамуының қарапайым логикасына сүйенсек, түркі халықтарының, оның ішінде қазақтың да мифологиясын зерттеу ісі, «мифологиялық (мифтік-лингвистикалық) мектептер» 1950-60 жылдарда-ақ қалыптасуы тиіс еді. Идеологиялық кедергілердің салдарынан бұл іс тек 1990 жылдардан кейін ғана басталды.

Миф және мифология деген ұғымдар туралы ғылыми көзқарастың өзі екі түрлі. Біріншісі - мифтерді, оны зерттеуі тиіс мифологияны ауыз әдебиетінің бір саласы (жанры) деп қарау, сол көзқарас негізінде мифологияға әдеби тұрғыдан бағам жасап, әдеби тұрғыдан оның қалыптасуы жөнінде, көркемдік, тілдік, т. б. үрдістері мен сипаттары (ерекшеліктері) жөнінде тұжырым жасау. Белгілі бір деңгейде бұл дұрыс та болып шығады. Бірақ мұндай зерттеулердің нәтижелерінің қоғам үшін еш қайыры болмайтындығын да айтуымыз керек.

Екіншісі - мифті ауыз әдебиеті ауқымынан шығып кететін, өз алдына дербес (әрине, гуманитарлық ғылымдардың барлығының тоғысар тұсында орналасып, сол ғылымдардың әдістемесіне сүйенетін) ғылыми пән деп қарастыру. Бұл жағдайда осы ғылыми пәнді, саланы дамытудың өзіндік теориялық, әдістемелік, терминологиялық жүйесін қалыптастыру қажет болады.

Ең бастысы - мифке тек ауыз әдебиетінің бір көрдемше жанры деп емес, кез келген сауалымызға жауап бере алатын аса маңызды негіздердің бірі деп қараудың орнығуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ әдебиеті, 1920 - 1940 жылдар Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі
Түрік мифологиясының құдайлары
Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі және дамуы
«Қазақ прозасындағы этно-фольклорлық сарындар сипаты»
Қазақ прозасындағы фольклорлық сарындар
Қазақ әдебиттану ғылымында көне түркі ескерткіштерінің әдеби тұрғыдан зерттелуі
Көркем әдебиеттегі аңыз және мифтің мәні
Мифологиялық ертегілер
Қазақ мифологиялық фольклорындағы ұлттық таным
«Оғыз-наме» кітаби эпосындағы космогониялық мифтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz