Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып,
қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе
жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып
табылады. Белгілі ғалым Де Солозано осы ғылым туралы Бухгалтерлік есеп
барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре
алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес - деген болса,
оның әріптесі Р.А.Фаулики Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни
философиясы - деп атаған.
Жаңа экономикалық қатынастар, әртүрлі меншіктердің формалары,
бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуіне байланысты жаңа бухгалтерлік есеп
саясатын ұйымдастыруды талап етеді. Осыған орай Есеп саясаты, бухгалтерлік
есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер мен қателер атты 8 ХҚЕС-та есеп
саясатына мынадай анықтама беріледі: Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы
есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер,
келісімдер, ережелер және тәжірибе.
Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса,
бухгалтерлік есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның есеп
саясатына байланысты.
Бюджеттік есеп принциптері бойынша, кәсіпорынның есеп саясаты деп
ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы
бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық қызметтің фактілерін
жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есептілік туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық
стандарттарға және бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес,
олардың қажеттіліктері мен қызмет ерекшеліктері негізге алына отырып,
бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін дара
кәсіпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптерді, негіздерді,
ережелерді, тәртіп пен практиканы білдіреді. Басқаша айтқанда, есеп саясаты
– бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін
топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын
қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу, бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану
әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа
да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі
бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша
баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген
мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. Кәсіпорын өзінің есеп
саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар
тізімін бекітуі керек.
Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның есеп саясатының мән-мағынасы,
сүйенетін принциптері, оны дайындау, құрылуы туралы мәселелері қамтылған.
Тақырыптың өзектілігі есеп саясатының сауатты құрылуы кәсіпорын
басқармасы мен бухгалтериясының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі
болып саналатындығында. Қабылданған есеп саясаты өнімнің өзіндік құнының
көрсеткіштеріне, пайдаға, пайдаға салынатын салыққа, ұйымның қаржылық
жағдайының көрсеткіштерінің көлеміне әсер етеді.
Жұмыстың мақсаты - есеп саясатының кәсіпорынның қаржылық есептілігіне
әсерін зерттеу. Мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттер шешілуі
қажет:
-ұйымның есеп саясатының мәні мен бағыттылығының негізін ашу;
-есеп саясатының қалыптасу реттілігін қарастыру;
-есеп саясатында қабылданған принциптердің баланс құрылымына әсерін
бағалау;
-есеп саясатында қабылданған принциптердің ұйымның қаржылық жағдайына
әсерін бағалау.
1 ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Есеп саясатының мәні мен мақсаты
Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы болатын өзгерістер
мен қателер атты 8 ХҚЕС мақсаты – есеп жүргізудің саясатын таңдап алу
критерийлерін және олардың өзгеріске түсуін анықтау, сондай-ақ бухгалтерлік
бағалау мен жіберілген қателерді түзету болып табылады. Осы стандарт
ұйымның қаржылық қорытынды есебінің маңыздылығын, сенімділігін жоғарылатуға
және басқа ұйымдардың қаржылық қорытынды есебімен салыстыруға арналған.
Осы заманғы нарықтық экономика жағдайында шаруашылық операцияларының
түрлері әр түрлі ықпалдастық жағдайда болады.
Елімізде көптеген типтегі ұйымдардың әрқайсысы әр түрлі экономикалық
факторларға тап келеді. Әр түрлі құрылымдағы ұйымдардың саны аса көп.
Осыларға байланысты әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсат-мүддесіне жету
үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері,
басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің түрі мен деңгейі, операциялар
жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі, ақпараттарды өңдеу, т.б.
ерекшеліктерін зерделеуі қажет. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу
ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны
мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды.
Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі
есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімді
жолдарын таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді
өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны
пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі
ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды
дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.

ережелерді, тәртіп пен практиканы білдіреді. Есеп саясатының мазмұны
ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға
арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді.
Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда қолданатын есеп принциптері,
әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын
тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ішкі ережелер жиынтығынан
құралады.
Сондықтан, әрбір ұйымда бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жүйесінің
қандай жолдармен жетілдірілетінін біліп түсіну үшін, оған әсер етуші
факторларды анықтау қажет.
Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің
басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы
жағдайы мен өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін
шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін
таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен оның маңызын ашып
көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін
таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға
құқылы болып табылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне
иелік ету, пайдалану және әміршілік жүргізу құқығын сипаттайды.
Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдісіндегі
кездесетін жорамал-принциптерді зерделей білу керек. Халықаралық қаржылық
есеп стандарттарына сай, мұндай жорамал принциптерге: мүліктік иелік,
үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық және шаруашылық
фактілерінің толықтық принциптері жатады.
Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесіне
елеулі өзгерістер, қосымшалар мен дәлдік шаралары енгізілді. Осыған орай,
есеп саясатын жасау барысында ұйымдар ең әуелі бухгалтерлік есепке тән
заңдар мен нормативтік актілерді, ҚР Президентінің жарлықтарын, Үкіметтің
шығарған қаулылары мен ережелерін, Қаржы министрлігінің арнайы бұйрықтарын,
хаттарын, т.б. ресми материалдарды басшылыққа алуы керек. Алайда, есеп
саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар бостандығы сақталып, бухгалтерлік
есеп жүйесін жүргізудің көптеген мәселелері (мысалға, есеп процедурасының
әдіснамалығы) мемлекеттік тұрғыда реттелетіндігін де есте сақтаған жөн.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген құрылымдағы ұйымдар, құқылы
тұлғалар, өзара экономикалық қатынастарға түседі. Олардың мақсат-мүддесі де
әр түрлі жағдайда танылып, әр түрлі дәрежедегі көптеген шаруашылық
фактілерін орындайды. Яғни әрбір ұйым өзінің қаржылық жағдайын жақсарту
және көрсету үшін өзінің ішкі ұйымдық ерекшеліктерін есепке алуы керек.
Ішкі ұйымдық ерекшеліктер басқарудың стратегиялық және тактикалық
шараларын, басқару құрылымынан, шаруашылық қызметінің түрлері мен
көлемінен, шаруашылық фактілерінің жекелеген ерекшеліктерінен, клиенттермен
жұмыс істеудің тәртібінен және ақпараттарды өңдеу мен даярлап беру сияқты
факторлардан туындайды. Маңызы жағынан жоғары дәрежедегі мұндай факторларды
нақтылы іске асыру барысында есеп жүргізудің көптеген әдістері мен
ережелері, құқықтық және нормативтік актілер қолданылады. Әдіснамалық
процестің барлық әдістері мен тәсілдерін қолдану нәтижесінде ұйымның есеп
саясатын қалыптастыруға болады.
Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау
барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы
жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету,
материалдық активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда есебінен
резервтер құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп
ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.
Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар тұрғысынан
қарағанда есеп саясаты-қандай әдістердің қолданылғандығы, бірнеше есепті
жылдар ішінде қорытынды есептің қалай жасалғандығы, қаржылық талдау
жұмысының қалай орындалғандығы, сондай-ақ ұйым қызметі өрісінде болған
өзгерістер жөніндегі қосымша ақпараттардың қалай алынғандығы, т.б.
жағдайларды толығымен көрсетуі керек. Айтылған мақсаттарды нақтылы
тәжірибеде іске асыру үшін әр түрлі есеп ережелері мен әдістер қолданылады.
Есеп әдістері шындық фактілерді тану мақсатымен ұштастық жағдайда болады.
Яғни бухгалтерлік есеп әдістерін ықпалды және икемді жолдармен іске асыру
арқылы тиісті мақсатқа жетуге болады.
Есеп саясатының атқаратын негізгі міндеті – ұйымдардың әр жылдар бойы
таза пайда алуына әсер ету. Таза пайда алу процесіне ұйымдардың өздері ғана
емес, оның акционерлері мен инвесторлары, сатып алушылар, несиелендірушілер
және салық органдары да мүдделі. Есеп саясатының міндеттері:
-есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай қалған
фактілер арасындағы байланысты анықтау;
-нәтижелі көрсеткіштерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі әдістердің
сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау;
-қаржылық қорытынды есеп сенімділігін арттыру үшін қолданылатын
маңызды есеп әдістерін белгілеу;
-ұйымдардың есеп варианттарын таңдап алу процесінде ұзақ және ағымдағы
активтерді (негізгі және айналымдағы) бағалаудағы, материалдық және
материалдық емес активтерге амортизация есептеудегі әдістерді таңдап алу
жөніндегі ұйымның ішкі құқығын қамтамасыз ету;
-синтетикалық және аналитикалық шоттар тізімін жасау, тауарлы-
материалдық құндылықтарды бағалау және оларды сату, өндірістік шығындарды
реттеу, т.б. әдістерді кеңінен қолдану, т.б.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі есеп саясатының көп варианттары әр түрлі
жағдайда іске асырылады. Есеп саясатын қалыптастырудың типтік оптималды
варианты болмайды. Мұның өзі ұйымдардың технологиялық, техникалық және
ұйымдық мәселелеріне байланысты болады. Айта кететін жағдай: қаржылық
қорытынды есеп, қаржылық, бухгалтерлік есеп, басқарушылық және салық есебі
араларында гармониялық байланыс болмаған жағдайда бухгалтерлік баланс
жасалып корытылмайды. Көрсетілген есептіліктердің әрбір жекелеген түрлерін
жүргізу үшін осыларға тән белгілі әдістер мен ережелер қолданылады. Есептің
әр түріне тән ережелер қолданылмаған жағдайда ұйымдардың қаржылық қорытынды
есебі жасалынбайды немесе қорытылмайды.
Ұйымдардың есеп саясатының дәрежесі мен бағыты – басқару
ерекшеліктеріне, кәсіпкерлік қызмет нормасына, үлес қосу құжаттарының
қалыптасуына, салық жағдайына, клиенттермен ұзақ мерзімді келісім жасауға,
т.б. байланысты болады.
Ұйымдардың ішкі есеп саясаты арнайы мақсат пен міндетке жету үшін
таңдалып алынған есеп жүйесі шараларынан тұрады.
Тәуелсіз жолдармен таңдалып алынған есеп ережелерін әрбір ұйымдар есеп
саясатын қалыптастыру мақсатында жылдан жылға тұрақты түрде қолдана білу
керек. Есеп ережелерінің ішкі әдіснамаларын жасау жалпыға бірдей танылған
есеп принциптері мен қаржылық қорытынды есеп элементтері негізінде
жасалынуы керек.
Ұйымдар өрісінде қалыптасқан есеп саясаты осы ұйым қызметінің ары
қарай дамуына, бизнестік әрекеттің кезеңдік жолдармен өркендеуіне (мысалы,
өндірістік үрдістің ұлғаюы, нарықтық саудаға түсу, жаңа өнімдер өндіру
технологиясы) тікелей әсер етуі керек. Егер инвестициялық процестің
тиімділігі болмаса, сондай-ақ таза пайда алу процесі қалыптаспаған жағдайда
есеп саясатын жасаудың қажеті болмайды. Есеп саясаты ұйымдар қызметінің
қаржылық тиімділігіне және ақша қаражаттарының көбеюіне (мысалға, ұзақ
мерзімге ұтымды жасалған жалдау процесі, пайда мен ақша қаражатының көбеюі)
әсер етеді. Сонымен қатар, жасалған келісім-шарттар мен қаржылық келісімдер
ұйымдар қызметінің тиімділігіне бірден әсер ете қоймайтындығын есте
сақтаған жөн. Мұндай экономикалық қатынастар ұзақ мерзім аралығындағы
тиімділікті сипаттайды. Осыған орай, ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері
тұрақты бағытта пайда келтіру процесін қамтамасыз етуге әсер ететін
бухгалтерлік есеп әдіснамаларын жақсы зерделеп, ұйымның есеп тәжірибесінде
пайдалануы керек.
Алайда, кейбір бухгалтерлер салық салынатын табыс көлемін, төленетін
дивидендтік соманы азайту мақсатында ойланған түрде қателер жіберіп,
өндірілген өнімдердің өзіндік құнына тікелей байланысты емес шығындарды
жазу фактілерін орындауы да мүмкін. Қандай жағдайда болмасын, бухгалтерлік
есеп өзара сабақтастық байланыстағы жүйеден тұратындығын ескере отырып, бір
баптың тиімділігін (пайда көлемін) ұлғайту мақсатында есеп объектілерінің
басқа баптарына зиян келтірмеу жағы есеп саясатын жасау барысында жан-
жақты қаралуы керек. Әрбір жанама жағдайдағы оқиғалардың қайшы жағы
(екінші) болатындығын, мұның өзі экономикалық қарама-қайшылық тудыратынын
білген жөн. Барлық ұйымдар қызметіне тән байырғы есеп саясатын жасау өте
қиын және ауыр процесс. Әйткенмен де, есеп саясатының мазмұнын ашып көрсету
арқылы дербес түрде шешімдер қабылдап, қаржылық қорытынды есеп өрісіндегі
объективтік ұғым қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
1.2 Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар
Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынадай
принциптерін сақтау керек:
1. Есептеу – кәсіпорынның кірістері мен шығыстары олардың келіп
түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте
көрсетіледі.
2. Үздіксіздік – объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да
жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуға немесе қызмет
көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп
болжамдайды.
3. Түсініктілік принципі – қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар
пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
4. Маңыздылық – пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін
қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін
қаржылық ақпарат маңызды болуы керек.
5. Мәні – ақпарат мәнді болуы тиіс. Егер біз қаржылық есепте қандай
да бір мәліметті жіберіп алсақ, онда бұл ақпаратты
пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
6. Растық – ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас
болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
7. Бейтараптық – қаржылық ақпарат тәуелсіз болуы қажет.
8. Сақтық – активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін, ал
міндеттеме немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін
шешім қабылданған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау.
9. Аяқталғандық – кепілдікті қамтамасыз ету үшін есепті кезеңдегі
ақпарат толығымен аяқталған болуы керек.
10. Дәйектілік – субъект таңдалған есеп саясаты мен әдістер,
объектілер бір есепті кезеңнен келесі есепті кезеңге дәйекті түрде
қолданылуы керек. Егер бір есеп саясаты таңдап алынып, келесі жылы
басқа есеп саясаты таңдалынатын болса, онда мұндай жағдайда
түсіндірме жазулар болуға тиіс, яғни олар негізделуі тиіс.
11. Салыстырмалылық – қаржылық ақпарат бұрынғы есеп кезеңдеріндегі
ақпаратпен салыстырмалы болуға тиіс.
12. Күмәнсіз және риясыз ұсынба – қаржылық есептеме оны
пайдаланушылардың қаржы жағдайы, қаржы шаруашылық қызметінің
нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы күмәнсіз және
риясыз көзқарас туғызуы керек.
Бұл принциптер кәсіпорынның есеп саясатын әзірлеуге және қабылдауға
негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды сақтамау кәсіпорынның мүліктік және
қаржы жағдайы туралы көріністі бұрмалайды. Оның қызметінің нәтижесі
бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбеу ретінде бағалануы керек. Бухгалтерлік
есептің стандарттары есеп саясатын қалыптастыруға база болып табылады. Олар
шаруашылық операцияларын, активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелер мен
шаруашылық қызметтің нәтижелерін көрсетудің бірнеше нұсқасын ұсынады.
Есеп саясатын қалыптастыру әрбір стандартта ұсынылатын әдістердің
біреуін таңдап алу және оларды негіздеумен түсіндіріледі. Есеп саясатының
қалыптасуына кәсіпорынның басшысы жауап береді.
Есеп саясатының ашылуы – бұл қаржылық есептемеге түсіндірме жазудағы
неғұрлым елеулі аспектілерге сипаттама беру.
Қаржылық есептеменің деректері бойынша кәсіпорынның мүліктік және
қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеті, шаруашылық етудің негізгі ережелері,
кәсіпорын қызметінің жақсаруындағы (нашарлауындағы) процестер және басқа да
көрсеткіштер белгіленеді.
Бұйрықпен рәсімделген есеп саясаты нормативті құжат болуы тиіс.
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен
есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама – қайшылықсыздығы мен
орындылық талаптарына сай болуы керек.
Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнының қарастырылуы.
Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді
есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттылық. Кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік
есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай
операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді
немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті
кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол
бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды
қамтамасыз етуі керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік
бар болатын кірістер алынады.
Қарама – қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы
күнтізбелік күніне айналымның аналитикалық есебі мен шоттар бойынша
қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп
отыруы қажет.
Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және
үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.
1.3 Есеп саясатын жүргізудің шет елдік тәжірибесі
Мақалада халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын, бухгалтерлік
есептің жалпы қабылданған қағидаттарын зерттеуге негізделген шет елдерде
есеп саясатын қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері Берілген. АҚШ,
Ұлыбритания, Германия және Францияда есеп саясатын қалыптастыру тәжірибесі
талданды.
Қазіргі уақытта ресейлік ұйымдардың халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына (ХҚЕС) көшуіне байланысты коммерциялық ұйымдарда
бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін ескеретін есеп саясатын әзірлеу
өзекті мәселе болып табылады. Осы мақсаттар үшін ұйымдардың есеп саясатын
қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу және талдау қажет.
Кесте -1: Шет елдердің бухгалтерлік есеп принциптері
Мемлекет Бухгалтерлік есеп принциптері
АҚШ Есептің экономикалық бірлігінің
тұжырымдамасы, тұжырымдама ақшалай бағалау
тұжырымдамасы, кезеңділік тұжырымдамасы,
құн принципі, объективті дәлелдеме,
табысты тіркеу принципі, сәйкестік
принципі, мәнділік принципі, қағидат
барлық операцияларды толық ашу, тұрақтылық
қағидаты, сақтық принципі
Ұлыбритания Қызметтің үздіксіздігіне жол беру, есептеу
принципі, жүйелілік принципі, сақтық
принципі
Франция Бақылау принципі, сәйкестік принципі,
Реттілігі
Германия Толықтықты талап ету, мазмұнның дұрыстығын
талап ету, уақытша шектеу талаптары,
айқындық, көрнекілік, бақылау мүмкіндігі,
форманың дұрыстығы, хронологиялық жазу
тәртібі
Шетелдік ауыл шаруашылығы ұйымдарының бухгалтерлік есебіне әр елдің
экономикалық, саяси және мәдени ерекшеліктері әсер етеді. Бухгалтерлік
есептің тұжырымдамалары туралы халықаралық ережелер бухгалтерлік есеп
жүйесінің алдында тұрған міндеттерді айқындайтын және оларды шешудің
негізгі жолдарын көздейтін нормативтік-құқықтық актілерді білдіреді.
Біздің ойымызша, бухгалтерлік есептілік ақпаратын пайдаланушылардың
мүдделерін көздейтін ауыл шаруашылығы ұйымдарының есеп саясатын
қалыптастыру тұжырымдамасы есеп саясатының теориялық және әдіснамалық
аспектілерін және есептік процестің әртүрлі деңгейлерінде тұжырымдамалық
шешімдерді іске асыруды көздейді.
Алайда Н. Н. Макарова есеп саясатын әзірлеу кезінде шешім қабылдау
негізінде қолданылатын есептеу тәсілдерін таңдау еркіндігі дәрежесіне және
осы шешімдерді қабылдауға жауапты тұлғаларды кәсіби пайымдауға бухгалтерлік
есептің шынайылығы мен объективтілігі байланысты деп есептейді.
Қаржылық есептілікке қойылатын талаптардағы айырмашылықтарды жақсы
түсіну және жүйелеу үшін профессор Х. Ширенбек алдымен елдердің толық
құрылымдық сипаттамаларын қарастыруды ұсынады.
2 ЕСЕП САЯСАТЫ
2.1 Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері
Ұйым шеңберінде іске асырылатын есеп саясатын жасау мен қалыптастыру
төмендегі сабақтастық кезеңдерден тұрады:
арнайы комиссия құрылып, оның мақсаты мен атқаратын міндеті;
есеп жүргізудің жаңа әдістері айқындалып, бухгалтерлік есеп стандарттары
мен принциптері талаптарына жауап беретін мазмұнда ұйым басшысының бұйрығы
шығарылады;
есеп саясатын сапалы жасау үшін жауапты есеп қызметкерлерімен қатар өнім
өндіру технологиясын заң актілері мен нормативтік материалдарды, қаржы
жүйесі ерекшеліктерін жақсы білетін тәжірибелі мамандар қатыстырылады;
есеп саясатын қалыптастырудың кезеңдік шаралары, қажетті құжаттар мен есеп
объектілерінің тізімі жасалынады;
есеп объектілерінде қолданылатын әдістер мен тәсілдерді таңдап алу, олардың
қысқаша мазмұнын өкілетті органдарға хабарлау мен келістіру шаралары
белгіленеді.
Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілеріне мыналар жатады:
- ұйымдардың ұйымдық құрылымы, оның көлемі мен сипаттамасы, қызмет
атқару ерекшеліктері;
- ұйымның жарғысы, құрылтайшылар мен үлес қосушылар, акционерлер мен
тұрақты клиенттер тізімі, жұмысшылар мен жауапты басшылар тізімі;
- акционерлермен өткізілетін жиналыс, кездесулер, т.б. ұйым қызметіне
байланысты маңызды шаралар.
Осы жоғарыда айтылған мақсатты шаралар мен атқарылатын мәселелер
стандарттық үлгіде емес, ішкі ерекшеліктерге сай жазба түрде икемді, жинақы
және сапалы жазылуы керек.
Есеп саясатының қысқаша мазмұны ұйым басшысының шығарған бұйрығында
көрсетіледі. Әдетте, есеп саясатына тән шығарылған бұйрық үш тараудан
тұрады:
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;
есеп жүргізудің техникалық тәсілдері;
негізгі есеп объектілеріне тән қолданылатын әдістер.
Есеп саясатының ұйымдық және техникалық мәселелерін сипаттаушы
материалдар ақпараттық көздер, анықтамалық тұжырымдар және ішкі ережелер
түрінде қолданылады.
Есеп саясатын жасауға қатысты жауапты мамандар, әсіресе ұйымның бас
бухгалтері ресми қолданудағы құжаттар мазмұнын қайта қарап, нұсқаулар мен
ережелердің, т.б. қолданбалы ресми құжаттардың тиімді және тиімсіз жақтарын
зерделеуі керек. Әрқашанда ұйымның бас бухгалтері кәсіби тұрғыда табандылық
көрсетіп, өзінің білімі мен тәжірибесін есеп саясатын сапалы жасауға
жұмсауы қажет. Икемді, зерделі жасалған есеп саясаты осы ұйымның ішкі
нормативтік құжаты болып табылады. Бәсекелестік жағдайда сапалы жасалынған
ұйымның есеп саясатының кейбір маңызды тұстары басқа да ұйымдар
тәжірибесінде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, нарықтық қатынастар,
халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабына және ұйымдар өрісіндегі
технологиялық, шаруашылық ерекшеліктерге сай жасалынған есеп саясаты есеп
жүргізудің әдіснамалық концепциясы болып та қаралады.
Айтылғандарға орай, есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіндегі
принциптерден, әдістер мен тәсілдерден, негізге алынған концепциялар
мазмұнынан, қазақстандық және халықаралық стандарттар талабынан, сондай-
ақ қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру талаптарынан
туындайтындығын білген жөн. Есеп саясаты сапалы жасалып, тәжірибеде оңтайлы
қолданылған жағдайда ұйымдардағы инвестициялық саясат, қаржылық қатынастар,
келісім шарт, т.б. өзара келісімге түсетін әрекеттер, сондай-ақ
басқарушылық шешім қабылдаудың икемді негізі қаланып, бухгалтерлік есептің
тұнықтылығы қалыптасады.
Сонымен, есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілерінің
мазмұны төмендегі құжаттардан: бұйрықтар, ішкі ережелер, құжат айналысының
графигі, нұсқаулар, акционерлер жиналысының хаттамасы, ұйымның жарғысы,
құрылтайшылық келісім, занды тұлғаны тіркеуден өткізудің анықтамасы т.б.
бухгалтерлік есепке тән құжаттардан тұрады. Ұйым өзінің бастапқы құжаттары
мен бухгалтерлік есеп тіркелімдерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде
дайындайды. Қаржылық есептілігін, есеп саясатын, есептік мәліметтердің
электрондық өңделу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының заңдылығымен
белгіленген кезең бойында сақтайды. Мысалы, ол төмендегідей нысанда болуы
мүмкін.
Кесте - 2: Ұйымның құжаттарды сақтауы
№ Құжаттың атауы Сақталу мерзімі
1. Ұйымның қаржылық есептілігі және оған түсіндірме
жазбалар: Ұдайы
А. Жылдық 5 жыл
Б. Кварталдық 5 жыл
В. Актілер, қайта бағалау мен негізгі құралдардың
тозу есебінің ведомостары
2. Дербес шоттары:
А.Жұмысшылар мен қызметкерлердің 75 жыл
Б.Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алатындардың 75 жыл
3 Есептік (есептік-төлемдік) ведомостар 5 жыл
2-кестенің жалғасы
4. Электрондық жеткізгіштердегі инвентарлық карточкалар қызмет ету
мерзімі
біткеннен
кейін 5 жыл
5. Ақша мен ТМҚ алуға сенімхаттар (соның ішінде күші 5 жыл
жойылған сенімхаттар )
6. Кепілденген хаттар кепілдену
кезеңі
біткеннен
кейін
5 жыл
7. Қосымша бақылау кітаптары, журналдар, картотекалар, 5 жыл
кассалық кітаптар, айналым ведомостары
8. Несиелерді шығындау туралы мәліметтер:
А. Жылдық 5 жыл
Б. Кварталдық 3 жыл
9. Қорлар есебі, еңбекақы мен олардың бөлінуін бақылау, 5 жыл
еңбекақы бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz