Қазақ антропонимдерін зерттеудегі тіл мен мәдениет сабақтастығы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Мырзахан Айнұр
Қазақ ономастикасындағы жан-жануарлар мен өсімдіктерге қатысты атаулардың этномәдени сипаты
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В020500 - «Филология» мамандығы бойынша
Алматы, 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Хаттамасы № __ « » 2019 ж.
Кафедра меңгерушісі,
ф. ғ. д., проф. Ермекова Т. Н.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Қазақ ономастикасындағы жан-жануарлар мен өсімдіктерге қатысты атаулардың этномәдени сипаты
5В020500 - «Филология» мамандығы бойынша
Орындаған: Мырзахан Айнұр
Ғылыми жетекшісі: Нұржанова Б. Н.
Алматы, 2019
Реферат
Жұмыс көлемі - 78 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер саны - 66.
Кесте саны - 2
Тірек сөздер : ономастика, топонимика, зоонимика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, этномәдениеттану, ұлттық код.
Мақсаты: Қазақ ономастикасын этномәдени тұрғыдан қарастыра отырып, ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық ерекшеліктері арқылы рухани мәдениетін тану, олардың қызметі мен орнын анықтау. Тілдік табиғатына тереңірек үңіліп, олардың жасалуындағы себептерді нақтылау, ұлттық тілге қатыстылығын көрсету. Антропонимдердің белгілі бір аңыздарға қатыстығын айқындап, мазмұнын ашып, этномәдени тұрғысынан талдау.
Міндеттері:
Қазақ тіл біліміндегі ономастика жүйесінің, антропонимия саласының зерттеулеріне тарихи-лингвистикалық сипаттамаға шолу жасау;
- қазақ антропонимдерінің ұлттық табиғатын айқындаудың лингвомәднеи, этномәдени, әлеуметтанымдық бағытына мән беру;
- қазақ антропонимдеріндегі этнос пен мәдениет сабақтастығына мән бере отырып, әлеуметтік-мәдени негіздерін жүйелеу;
- қазақ ономастикасындағы антропонимдік жүйенің қалыптасып дамуын этномәдени сипатта түсіндіру, әлеуметтік мәніне талдаулар жүргізу.
Қолданылған әдістер:
Жұмыс барысында салыстырмалы, сипаттама, этнолингвистикалық талдау әдістері қолданылды.
Нәтиже:
Зерттеу нәтижесінде антропонимдердің этномәдени сипаты ашылды. Атау берудің пайда болу жолдары айқындалып, ұлттық мәні нақтыланды, семантикалық талдау жасалды.
Практикалық қолданысы:
Жұмыс практикалық қазақ тілі бойынша жаттығу талдауға материал бола алады, этнолингвистиканы оқыту тәжірибесіне көмегін тигізеді. Қазақ тіл білімінің барлық салалары бойынша жүргізілетін пәндерге, оқу құралдары мен көмекші құралдарға қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
МАЗМҰНЫ
1. 1 Антропонимдердің шығу, қалыптасу тарихы
1. 2 Қазақ антропонимдерін зерттеудегі тіл, этнос және мәдениет сабақтастығы
1. 3 Қазақ ономастикасындағы антропонимдік жүйенің дамуы мен қызметі
9
23
35
2. 1 Ұлт мәдениетіндегі ономастиканың орны
2. 2 Қазақ ономастикасындағы концепт мәселесі
2. 3 Қазақ ономастикалық кеңістігіндегі «жан-жануарлар» мен «өсімдіктер» концептілері
ҚОРЫТЫНДЫ
46
61
65
74
76
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының сипаттамасы. Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесі, адами ізгіліктері мен рухани құндылықтары, қоғамның әлеуметтік сипаты, сөйлеу әдебі принциптері, аялық білімі, жалпы этнологиялық кеңістігі туралы түсініктері ұлтымыздың қазынасы - оның тілінде, тілдік құрылымдарында көрініс тауып, сақталып, жианқталған. Жинақталу негізінде қазақ тіліндегі антропонимдердің әлеуметтік қызметі жүйелі түрде қалыптасып дамиды.
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен мәдениет сабақтастығына негізделген қағидаға сәйкес жүргізіліп жатқан зерттеулерде мәдениеттің өзі метатіл деп анықталып, оның коммуникативтік, кумулятивтік, әлеуметтік қызметтерін талдауға қазақ тіл білімінде ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыдан қарағанда, мәдениет метатілін этномәдени негізде сипаттайтын өзекті арнаның бірі жалқы есімдердің (антропонимдердің) әлеуметтанымдық жүйесі.
Тарихи дереккөздердегі, эпостық жырлар мен фольклордағы, прецеденттік жүйедегі тілдік деректердің ұлт санасындағы ізін анықтау мәселесі - қазақ тіл біліміндегі анторпонимдердің әлеуметтік бағытындағы зерттеулердің негізгі арқауы. Осымен байланысты ұлт пен тіл, ұлт пен мәдениет сабақтастығын қарастыратын үрдіс тіл табиғатын зерттеуде жаңа сапаға көтерілуде.
Халық есімдерінің жасалу, пайда болу тарихында маңызды орын алатын мәселенің бірі тарихи-әлеуметтік жағдайлар. Халық тарихындағы бұл елеулі оқиғалар түрлі қоғамдық құрылыстағы әр түрлі діни ағымға байланысты болса, кейде көрші елдермен жасаған алуан түрлі мәдени қарым-қатынас, достық байланыстармен ұштасып жатады. Әдетте, бұл тарихи-мәдени байланыстардың тіліміздегі есімдер құрамының молая түсуіне, антропонимдердің әлеуметтік мәнінің жетілуіне зор ықпал жасағаны аян.
Қазақ есімдерінің баюы, құрамының молая түсуінің енді бір кезеңі - шығыс халықтарының мәдениетімен де тығыз байланысты. Ең алдымен діни есімдер, дін иелерінің, әулие-әнбиелердің, сопы-қажылардың есімдері болса, екіншісі - құраннан қойылған діни мағыналы есім сөздер болды. Ал, үшінші топтағы есімдер - қарапайым тұрмыстық сөздер, халық арасында жиі қолданылатын күнделікті сөздерден жасалған есімдер болды. Жалқы есімдердің тарихын, тілдік құбылыстарын жіті байқап, оның көнелері мен жаңаларын салыстыра зерттеу осы ретте антропонимдердің әлеуметтік мәнін тілдік тұрғыдан қарастыру үшін өте құнды болмақ.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілінде ұлттың этникалық сипатын айғақтайтын тілдік деректер аз емес. Солардың бастылардың бірі - антропонимдердің әлеуметтік мәні. Атап айтқанда ру, тайпа, ел тарихын зерттеуде батырлар жыры, әр түрлі сипаттағы тарихи шығармалардың мазмұнындағы антропонимдік атаулардың ұлт болмысын тану үшін маңызы зор. Осы кезеңге дейін ол жүйелер лексикалық құрылымдарда ғана қарастырылған.
Антропонимдердің әлеуметтік мәнін қарастыру үшін төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылды:
- түркітану мен қазақ тіл біліміндегі ономастика жүйесінің, антропонимия саласының зерттеулеріне тарихи-лингвистикалық сипаттамаға шолу жасау;
- қазақ антропонимдерінің ұлттық табиғатын айқындаудың лингвомәдени, этномәдени, әлеуметтанымдық бағытына мән беру;
- қазақ антропонимдеріндегі тіл мен мәдениет сабақтастығына мән бере отырып, әлеуметтік-мәдени негіздерін жүйелеу;
- қазақ ономастикасындағы антропонимдік жүйенің қалыптасып дамуын этномәдени сипатта түсіндіру, әлеуметтік мәніне талдаулар жүргізу.
Жұмыстың нысаны: Қазақ антропонимдерінің тарихи-мәдени, әлеуметтік қызметін сипаттайтын лингвомәдени бірліктер.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Тіл арқылы рухани көздерден жинақталған тарихи-этникалық үрдісті қоғамдық ой, этникалық сана мен оның тілдік бейнесі аясында алып, этникалық дереккөз ретінде қарастырғанда ғана қазақ тарихы мен мәдениеті соны тілдік мәліметтермен дәлелденеді. Осы тұрғыдан келгенде қазақ антропонимдерінің әлеуметтік қызметін сипаттайтын этномәдени бірліктер қарастырылды. Диплом жұмысының ғылыми негізіне А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Ә. Қайдар, Т. Жанұзақ, Р. Сыздық, Ж. Манкеева, Н. Уәли, Р. Қыздархан, Е. Керімбаев, Б. Тілеубердиев, Г. Смағұлова, Г. Мадиева, С. Иманбердиева т. б. тілші ғалымдардың ономастика саласына қатысты айтқан ой-пікірлері, тұжырымдары алынды.
Диплом жұмысының дереккөздері. Жұмыстың негізгі дереккөздері лингвомәдениеттану ғылымы пәніне қатысты Ш. Уәлиханов, М. Әуезов еңбектерінен бастап, Ә. Марғұлан, Е. Жұбанов, Е. Жанпейісов, Қ. Рысберген т. б. ғалымдардың еңбектері, сондай-ақ ауыз әдебиеті үлгілерінен антропонимге байланысты деректер пайдаланылды.
Жұмыстың әдіс-тәсілдері. Жұмыста салыстырмалы, сипаттама, этнолингвистикалық талдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АНТРОПОНИМДЕРДІҢ ТАРИХИ-ЭТНОМӘДЕНИ ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРЫЛУЫ
- Антропонимдердің шығу, қалыптасу тарихы.
Қазақ тіл білімінде социолингвистика ғылымы тілді зерттеудің бір саласы ретінде кейінгі кезде қалыптасқаны белгілі, бірақ бұл бағыттың қазақ тілінде негізі бар екеніне Ахмет Байтұрсынұлының, Қ. Жұбановтың еңбектерінде назар аударылды. Бүгінгі таңда социолингвистика - (қазақша - әлеуметтік лингвистика) - тіл білімі, әлеуметтану (социология), әлеуметтік психология және этнография ғылымдарының қиылысқан жерінде дамитын, тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін және қоғам өміріндегі тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметін зерттейтін тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасты. Осы тұрғыдан А. Байтұрсыновтың осыдан 85 жыл бұрын тілге берген анықтамасы социолингвистикалық сипатты деп бағалауға болады: «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», - деді [1, 141] .
Себебі қоғамдағы тілдің мәні мен қызметін күнделікті өмірден өзінің ерекше тілдік тұлғалық зердесімен байқаған, сезе білген Ахмет Байтұрсынұлының тілдің әлеуметтік қызметін айрықша қабылдауы, түйсінуі -заңды құбылыс. Ал, социолингвистика болса, тіл мен қоғамның өзара байланысын динамикада, қызмет барысында зерттейді.
Сондықтан да әлемдік социолингвистика ғылымы тілдің даму сипатын үш бағытта: тілдің таңбалануы (графизация), тілдің жаңаруы (модернизация) және тілдің қалыпқа түсуі, нормалануы (стандартизация) деп анықтаса, Ахмет Байтұрсынұлы тіл дамытарлық осы үш бағытта бірдей қалам тартты.
Осымен байланысты кез келген тілдің лексикалық қорының мәнді бір қабатын жалқы есімдер құрайды. Оларсыз адамзат қоғамының қарым-қатынас қызметі іске аса алмайды.
Тіл қызметінің ерекше бір саласы - ономастика. Жалқы есімдердің жинақтық атауын лингвистикада ономастика дейді де, оны зерттейтін ғылым ономасиология деп аталады. Ономастика - кез келген жанды және жансыз заттарды не құбылыстардың атауын зерттейді. Ономастика грек сөзі «ономия» (грек тілінде «onoma» есім, ат) onomastika - ат қою өнері, яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала. Ономастиканы ( кісі аттарын, жер, су, ру, тайпа аттары т. б. ) зерттеудің теориялық-әдістанымдық негіздерін тілмен сабақтастықта қарастырылатынын ұлттық этномәдени, әлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін В. В. Радлов, В. В. Бартольд, Н. Катанов, А. Н. Самойлович, С. Е. Малов, Н. К. Дмитриев, А. Н. Кононов, Н. А. Баскаков, Қ. Жұбанов, І. К. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ә. Қайдар, Т. Жанұзақов, Ә. Абдрахманов, Е. Жанпейісов, Қ. Рысберген, Г. Мадиева, А. Жартыбаев т. б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті. Ономастика өз ішінде бірнеше салаға бөлінеді: топонимика (жер, су, қала атауларын зерттейтін ғылым), антропонимика ( адам аттарын зерттейтін ғылым ), этнонимика (ру, ел, халық аттарын зерттейтін ғылым), зоонимика (хайуанаттар аттары ), гидронимия (теңіз, өзен, су, көл атауларын зерттейді), фитонимия (өсімдік атауларын қарастырады) т. б.
Түркі тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми негізі қаланған ономастиканың күрделі бір саласы - антропонимика. Антропонимика кісі аттары, әке аты patronim (отчество), фамилиялар, лақап аттар (прозвища), бүркеншік аттарды (псевдонимы) зерттейтін ономастиканың бір саласы.
Қазақ ономастикасының зерттелу тарихына аналитикалық шолу жасаған еңбекте бұл саладағы зерттеулер 4 кезеңге бөлінген. Соның ішінде жалқы есімдерге қатыстылары мыналар:
1 кезең: 1950-1970 ж. ж. (Т. Жанұзақов «Лично-собственные имена в казахском языке» 1961ж; «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер» 1965ж; «Қазақ есімдерінің тарихы» 1971ж. ) .
2 кезең: 1970-1990 ж. ж. (Т. Жанұзақов «Очерк казахской ономастики» 1982; Е. Керімбаев «Атаулар сыры» 1986; «Қазақ есімдері» 1988; В. Махпиров «Собственые имена в памятнике Х в. «Дивану лугат ат-турк Махмуда Кашгарского»» 1980 ж. канд. дисс. ) .
3 кезең: 1990-2000 ж. ж. (В. Махпиров «Имена далеких предков» 1997; М. Мұсабаева «Қазақ тіліндегі антропонимиялық «аталымдардың» этнолингвистикалық сипаты» 1995ж. канд. дисс. ; У. Мусабекова «Мотивационный аспект антропонимов казахского и русского языков» 1996 ж. канд. дисс. Е. Керімбаев «Этнокультурные основы номинации и функционирования казахских собственных имен» 1992 ж. док. дисс; К. Головина «Сопоставительный анализ идиоэтнических топонимов и антропонимов русского и казахского языков»; К. Жаппар «Эстетические функции имен собственных в поэзии О. Сулейменова» 2000ж. ) .
4 кезең: ХХІ ғасырдың басы, жаңа кезең (Б. Көшімова «Қазақ лексикасындағы бейонимдену үрдісі» 2001 ж; Б. Досжанов «Қазақ тіліндегі көне антропонимдер» 2003 ж; Д. Керімбаев «Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің құрамы мен этнолингвистикалық сипаты» 2004ж; Г. Аубакирова «Идиоэтническая семантика и лингвостилистическая функции собственных имен в художественном тексте» 2004; А. Бахамова «Уйгурские прозвища и их этнолингвистическая характеристика» 2004г. ) .
Сонымен бірге ономастикалық ұлттық мәдени ерекшеліктерді танытуда атқаратын қызметі ерекше. Себебі ономастика өзінің бойына лингвистикалық, тарихи, өркениеттік және мәдени деректерді жинаған ерекше лингвомәдени, этномәдени бірліктер жүйесі болып табылады. Олар халықтың бітім болмысы мен өмірге көзқарасынан хабар береді. Айтылған мәселе Т. Жанұзақов, Қ. Рысберген т. б. ономаст-ғалымдардың еңбектерінде арнайы зерттелген.
Антропонимия ( anthropos «кісі» және onoma «ат», «есім» деген сөзі) деп бір тілдегі яки бір облыстағы кісі аттарының жиынтығын айтады. Жер жүзі халықтарының бәрінде әрбір кісінің өзіне тән аты-жөні бар. Адамзат қоғамында есімі, аты жоқ адам кездесуі мүмкін емес. Бірақ кейбір елдерде фамилиясыз, фамилия иемденбейтін адамдар ұшырасуы мүмкін (кейбір мәліметтерге қарағанда, исландықтарда фамилия болмайды екен) .
Қазақ есімдері де санаулы жыл ішінде тосыннан пайда бола қалмаған. Оның өзіне тән тарихы, шығу, пайда болу жолы бар. Қазіргі есімдеріміздің ішінде сол ерте замандарда шығып, көненің қарт куәсі, жұрнағы ретінде өмір сүріп келе жатқандары да, орта ғасырға тән және жаңа дәуірде жасалғандары да көп.
Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрлысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Олардың кейбір топттары қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен мағлұмат береді. Мәселен, төрт түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге байланысты есімдер. Халықтың әдет-ғұрып, тарихи дәстүрлері мен кісі аттарының арасында тозбас желі бар. Кісі аттарына байланысыты жиналған мыңдаған мысалдарды және есімдердің морфемын талдап қарағанымызда, құрылысы, лексикалық материалы, фонетикалық ерекшеліктері жағынан олардың әр кез, әр дәуірге тән екенін бірден байқаймыз. Шындығында бұлай болудың өзіндік сыры бар. Өйткені әрбір кісі аты өзінің шыққан заманы мен дәуіріне, оның тілдік заңына тікелей байланысты. Соған орай олардың шығу себебін дәлелдейтін алуан түрлі тарихи жайлар мен сан қилы оқиғалар бары аян.
Халқымыздың ғасырлар бойы басынан кешірген өмір жолында табиғат пен аңға, құсқа сыйыну, ай мен күге табыну, хайуандардан ит, қасқыр, бұқа сияқтыларды тотем ету - бәрі кісі аттарының қойылуына әсер еттпей қоймады. Осымен қатар, көрші-қоңсы елдермен араласу, шет елдермен байланыс жасау нәтижесінде тілімізге мыңдаған сөздермен қатар, кісі аттарының да еніп отырғаны мәлім. Қазақ халқының құрамына енген бөлек тайпалар мен рулардағы кісі аттарының сіңіп кетуінен болған субстрат, суперстрат құбылысы да антропонимдер құрамын едәуір байытқан.
Қазақ антропонимдерінің байи түсуі ислам дінінің тарауымен де байланысты болды. Х ғасырдан бастап ислам діні қазақ даласының түпкір-түпкіріне тарап, мүмкіндігінше сіңісе бастайды. Сөйтіп, мұсылман дінінің ықпалы күшті болып, тұрмыстық, қоғамдық жағдаяттың барлық саласына әсерін тигізді. Бұл кездерде тілімізге мыңдаған сөздер мен сөз тіркестері, кісі аттары мен этнонимдер енді. Араб тілінен енген есімдердің көбеюі төл есімдеріміздің дамуына белгілі дәрежеде тежеу жасап, кедергі болды. Бірақ, халық арасында төл сөзімізден есім қою дәстүрі кеңінен қолдау тауып отырғаны аян. Ал араб-иран тілдерінен енген есімдер болса, халық тілінде бастапқы тұлғасында айтылмай, аса қатты дыбысттық өзгеріске ұшырап, жаңа формаға ие болып отырады. Қазақ есімдері әсіресе ХV - ХVІІІ ғасырда құрамы жағынан байып, толыса түсті. Мұның өзі әлеуметтік қоғамның дамуымен байланысты құбылыс еді. Бұл дәуірлерде, алдымен, қазақ тайпаларының негізінде біртұтас қазақ халқы қалыптасқан, нығайған кезі еді. Осымен байланысты жер мен жер, ел мен ел байланысы нығайып, жалпы халықтық әдет-ғұрып, тіл бірлігі күшейе түсті. Бұрын Қазақстанның бір ғана жерінде айтылатын өлең-жыр, ертектер, алуан түрлі сөздер мен кісі аттары енді басқа жерлерге де тарап, барып жатады.
Қазақ антропонимдерінің құрылысы жағынан жетіліп, құрамының байып отырған кезі - Кеңестік дәуір. Қазіргі тіліміздегі антропонимдер құрамында барлық дәуірге тән антрополексикамалар бар. Әсіресе бұл дәуірде жасалған антропонимдер жаңа форма, мазмұнға ие болып отыр. Бұл күнде дәстүрлі есімдермен қатар, жарқын дәуірімізге лайықты мыңдаған антропонимдер пайда болды. Олардың өскен, өркендеген заманымыздың мәдениеті мен өнерінің, ғылымы мен техникасының негізінде жасалғаны мәлім.
Сайып келгенде, тіліміздегі антропонимдердің шығу, даму негізі халқымыздың өткендегі тілі және азаматтық тарихымен тікелей байланысты болса, олардың типтерінің шығу, пайда болу жолдарын белгілі бір дәуірлерге бөліп қарамайынша, тиісті дәрежеде талдау жасауымыз мүмкін емес.
Сонымен, тіліміздегі антропонимдердің тарихын, шығу, пайда болу кезеңдерін талдағанда, бір заманға тән телімей, бірнеше дәуірге бөліп қарау керек. Қазақ антропонимиясының даму тарихынан төрт дәуірдің көрінісі байқалады.
Бірінші дәуір - көне түркі заманын, яғни V-VІІІ ғасырлардағы антропонимдерді қамтиды. Бұл дәуірде үй хайуандары мен жабайы аңдардың, табиғат атаулары мен өсімдіктердің және қымбат металдардың атаулары кісі аты ретінде қойылып отырған. Мысалы: Айкүн, Айжарық, Айтолық, Айтолды, Күнай, Күнсұлу, Күнтуар, Бөрі, Барысбек, Арыстан, Бұқа, Түлкібай, Қоянбай, Алтын, Күміс, Қаршыға, Сұңқар т. б. Ол кезде ай мен күнге табыну, табиғатты, аңды, құстарды ерекше күш санау, кейбір хайуандарды (мәселен, бөрі, ит, бұқа) шыққан тегіміз, біздің ата-бабамыз деп, тотем ету жайлары басым болғаны мәлім.
V-VІІІ ғасырларға тән жазба ескерткіштерде кездесетін күрделі тұлғалы кісі аттары және кісі аттарын жасауға арқау болған компоненттер қазіргі түркі тілдерінде түгелдей сақталмаған. Өйткені оларды тудырған, тиісті дәрежеде қолданған қоғамдық қатынас, дәуір түбірімен өзгерді. Дегенмен, ол антрополексемалардың кейбіреулері біздің заманымызға жетіп отыр. Сол замандағы кісі аттарының жасалу үлгісі, принципі мен лексикалық номинациясы тіпті кейбір компоненттері қазіргі антропонимдер системасында сақталып қалған. V-VІ ғасырлардағы түрік мемлекеті туралы жазылған Л. Н. Гумилевтің «Древние тюрки» атты еңбегінде берілген есімдер, титулдар мен лақап аттар ішінде қазіргі антропонимдерге ұқсастары өте көп.
Ескерткіштердің мәтінін оқып, талдауда, лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымын, синтаксистік конструкциясын зерттеуде В. В. Радлов, С. Е. Малов, И. А. Батманов, В. И. Насилов, Ғ. Айдаров, т. б. көп еңбек етті. Бұл Орхон-Енисей жазбаларындағы жалқы есімдерді талдауда тарихшылар мен лингвистер арасында әр түрлі болжам, пайымдаулар мен көзқарастар болды. Сондықтан Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі ономастиканы талдау тарихшылар Я. Бичурин, П. М. Грумм-Гржимайло, В. В. Бартольд, А. Бернштам, Л. Н. Гумилев еңбектерінен де көрініс тапты.
Ескерткіштегі ономастиканың саны мен құрамы әр түрлі. Бұлардың ішінде, әсіресе, антропонимия материалдары көбірек көңіл бөледі. Олардың құрамы, жасалу тәсілі, құрылымдық типі, қоғамдық-әлеуметтік функциясы топоним мен этнонимдерден әлдеқайда кең. Құрылымдық типіне сай ономастиканы былайша бөлуге болады: 1) дара тұлғалы, 2) туынды тұлғалы, 3) екі құрамды, 4) көп құрамды немесе күрделі тұлғалы.
Дара тұлғалы есімдер: а) антропонимдер: Анар, Эсин, Умач, Йола, Буга, Чур,
Тонг, Барс, Баз, Куч; в) топонимдер: Кам (Енисей өзені), Артіс, Салаңа
(Селенги), Тама; в) этнонимдер: Аз, Огуз, Тюрк, Чік т. б.
1. Туынды есімдер: а) антропонимдер: Шувуш, Макрач, Туран, Кутлуг, Уграч, Толаш, Туграк; б) топонимдер: Тогла, Отука, Когман, Болчу, Орпан т. б. в) этнонимдер: Карлук, Тардуш, Тангут, Толас, Басмыл, Согды, Табач т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz