ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ДАМЫТУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1 ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚУТЫДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .
3
1.1 Жаңашылдық оқыту технологиялары, олардың мәні мен даму
жолдары, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1.2 Шығармашылық біліктілігін ұйымдастырудың алғы шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
16
1.3 Оқушының жаңа технология бойынша қызығушылық қабілеттерін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27
2 ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ДАМЫТУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
32
2.1 Педагогикалық технологиялар жүйесі арқылы оқушыларды шығармашылық біліктілікке бағыттау және қызығушылығын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
32
2.2 Интерактивті тәсілді шығармашылық біліктілігін дамытатын оқу үрдісін жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
38
2.3 Шет тілі сабағындағы жаңа компьютерлік технологиялар қолдану
52
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
75
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Бүгінгі таңда ұрпақ алдында Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты бағдарламасындағы: "Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы" деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мың жылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр [1].
Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында: "Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады" деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: "Орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілеттері жеке тұлғаны қалыптастыру" деп көрсетілген [2]. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамының түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде.Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, ұйымдастырушылық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету әлеуметтік міндет болып табылады.Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өзін таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ендеше, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор. Сондықтан оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары.Өзіндік таным сабағында балалар ең алдымен өзін сыйлауға, өздеріне жақын адамдарды, елін, Отанын, мәдениетін жақсы көруге ықпал ете отырып, ешкімнің көмегінсіз таңдау жасауға, жауапкершілікті түсінуге, ең соңғысы бақытты өмір сүруіне септігін тигізбек, көмектеспек. Қазіргі таңда адам қол еңбегінің нәтижесінде әлеумет пен экономиканық түрлі саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Қазір адам үшін дүние танымдық процестерін терең танып, зерттеу басты мақсат болып отыр. Сол дүние танымдық процестердің ішіндегі ойлау өте күрделі. Оның ерекшелігі сол, бұл адамға ғана тән құбылыс. Сондықтан жастарды дұрыс ойлауға тәрбиелеп, мән-маңызын түсіндіру күттірмей зертелуді талап етеді. Балалардың ойлау әрекетінің дамытуын зерттеу, олардың интеллектуалды іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін қлаыптастыру ең өзекті мәселелердің бірі. Мектеп жүйесіндегі ең маңызды кезең - бастауыш мектеп кезеңі, мұнда оқыту іс-әрекетінің негізгі компоненттері қалыптасады. Білім берудің тұлғалық және қоғамдық мағыналарын байланыстыра отырып, оқушының біліктілігін қалыптастыру - қазіргі заман талабы. Оқушы теориялық білімдер жиынтығын жақсы меңгеріп қана қоймай, керек жағдайда іс жүзінде қолдана алуы, өмірлік жағдаяттарға икемдеуі және бұдан да жоғары тұратын абстракциялық ойлау деңгейінде нәтиже шығаруы тиіс. Мұның өзі оқу үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуы мен оқыту әдістемесінің жетістіктерімен тікелей сабақтас. Жаңа талаптарға сай белсенді азамат негізі мектепте қаланады дейтін болсақ, жалпы білім беру жүйесіндегі оқу - тәрбие кешенді түрде жас ұрпақтың саналы қалыптасуына ықпал ететінін ескере отырып, оқу үрдісінің маңызына назар аударайық.
Дәстүрлі оқу үрдісі оқушыға, негізінен, дайын, өңделген оқу материалын ұсынады. Оның белсенділігі мен шығармашылығының дамуына қолайлы жағдай жасала қоймайды. Ал жаңа талаптар бойынша оқушы өзінің дербестігінің, соны ойлай білу қызметінің, шығармашылық әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізуі тиіс. Және де қазіргі кезде білім жүйесінде жариялылық және ізгілендіру принциптерінің жүзеге асуына байланысты дәстүрлі оқу үрдісіндегі оқытушы - оқушы жүйесіндегі қатынас өзгеріске ұшырады. Оқушы оқу үрдісінің субъектісіне айналды. Оқытушы оқушы дербестігі мен шығармашылығын дамыта отырып, оны қажетті таным әдістерімен қаруландыруы керек. Сонымен бірге, мұғалім тұлғасының бұрынғыша оқушы әрекеттерінің табысты болуына әсері мол. Сондықтан да оқытушы және оқушы оқу үрдісінің тең дәрежелі қатысушылары. Дегенмен соңғы уақытта енген жаңа технологияларға, оқытудың жаңа құралдарының (электронды оқулықтар, компьютерлік үйретуші бағдарламалар, қашықтықта оқыту) пайда болуына байланысты оқушының дербестік танымдық әрекетін сапалы ұйымдастыру қажет. Бұдан оқытудың мазмұны мен әдістемесін оқушының жас ерекшелігін, қызығушылығын, бейімділігін ескере отырып, түбегейлі өзгерту, оқытудың шығармашылық сипатын күшейту міндеті туындайды.
Оқу үрдісін дұрыс және ғылыми түрде ұйымдастыру үшін мұғалімге тек өз пәнінің теориялық негізі мен оқыту әдістемелерін білу жеткіліксіз, сонымен қатар білім беруде, білік, дағдыларды қалыптастыруда, ойлау және таным қабілеттерін дамытуда оқытудың жалпы психологиялық заңдылықтарын білуі қажет. Көпшілікке мәлім, жеке адамды қалыптастырып тәрбиелеуде психологиялық заңдылықтар туралы білім оқушылардың психикалық ерекшеліктеріне, жас ерекшеліктеріне, бейімділігі мен ынтасына, жігерлігі мен сезімділігіне, танып-білу ерекшеліктері және ақыл-ойының жетілуіне байланысты болады. Осы себепті оқушылардың оқу үрдісіндегі әрекеттеріне назар аударған жөн.
Көптеген ғалымдар оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруды жеке пәндер аясында қарастырған, олардың ішінде қазақстандық ғалымдар Б.Е.Қожамқұлованың, Р.А.Әлімқұлованың, К.А.Тілеубергенованың, Б.Қ.Әбдіқұлованың, А.Х.Аренованың (бастауыш сыныптар) еңбектерін атауға болады.
Бұл еңбектерде өзіндік жұмыстың дербестік қасиетін мейлінше арттыруға, олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз етуге, оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға, таным, ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, олардың оқуға ынтасын арттыру бағытында қызмет ететіндігі қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың шығармашылық біліктілігін дамытудағы жаңа технологиялар арқылы мүмкіндігін айқындау және оны ұйымдастырудың дидактикалық шарттарын негіздеу.
Зерттеу объектісі: білім берудегі жаңа технологияның маңызы мен әрекеті.
Зерттеу пәні: жаңа технология арқылы шығармашылық біліктілігін дамыту.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер оқушылардың шығармашылық біліктілігін дамытуда, жаңа технологияларды пайдаланатын болсақ, онда оқушылардың шығармашылық біліктілігін қалыптастыру тиімді болады, өйткені жаңа технологиялар арқылы мүмкіндіктері айқындалады және оны ұйымдастырудың дидактикалық шарттарын негізделеді.
Зерттеу міндеттері:
- оқушылардың шығармашылық біліктілігін дамытудағы жаңа технологияның мән - жайын, даму жолдарын зерттеу;
- жаңа технологияның ғылыми-педагогикалық мәселе ретінде зерттелу деңгейін анықтау;
- оқушылардың шығармашылық біліктілігін дамытуға бағытталған жаңа технологияның ұйымдастыру жүйесін анықтау.
Мәселенің деректік көзі: Қазақтан Республикасының ресми құжаттары, мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары іс-тәжірибелері, мерзімді басылымдар, әртүрлі статистикалық жинақтар, ғылыми-педагогикалық және психологиялық еңбектер пайдаланылды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық және әлеуметтік концепциялары, шетелдік және отандық ғалымдар еңбектеріне талдау жасау.
- Оқушының шығармашылық біліктілігін ұйымдастыру ғылыми-педагогикалық мәселе ретінде қарастырылды.
- Оқыту әрекетіндегі оқушы және оқытушы әрекеттерінің мазмұны жаңа тұрғыдан пайымдалып, шығармашылық біліктілігінің әсер етуші факторлар айқындалды.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік еңбектерді талдау, мектептегі оқу үрдісін бақылау, жүйенің мақсатқа сәйкестігін тәжірибелік эксперимент барысында тексеру, қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы:
Зерттеу базасы: Алматы қаласының № 15 линвистикалық гимназиясы.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚУТЫДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жаңашылдық оқыту технологиялары, олардың түрлері, мәні мен даму жолдары
Адам қоғам өмірінің дамуына байланысты үнемі қозғалыста, әрекетте болады. Ол әлеуметтік тұрғыдан неғұрлым жоғары көтерілген сайын оның жеке тұлға ретінде құндылығы өсе түседі. Жеке тұлғаның негізгі белгісі -оның белсенді, белгілі бір мақсатты көздеген әрекеті болып табылады. Бұл әрекет қоғамды және сол адамның өзін өзгертуге және жақсартуға бағытталады.
Тұлғаның даму мәселесін теориялық талдау педагогтар үшін де маңызды. Мұғалім әрекеттің әр түрінің оқушыны дамыту мүмкіндіктерін және бұл мүмкіндіктерді жеке тұлғаны қалыптастыруда қолдануы қажет. Жеке тұлға белгілі бір әрекеттер нәтижесінде қалыптасады. Ол тәрбиенің әсері ғана емес, өз күштерін, қабілеттерін жүзеге асыру үрдісінде дамиды. Тұлға үнемі даму үстінде болу үшін әрекет шығармашылықпен байланыста болуы қажет. Тұлғаның өзі қажет етуі бойынша дамуы - бұл ішкі белсенді ойлау әрекеті. Ол тұлғаның өзіндік оқу әрекетіне, дербестігіне, өзін-өзі бақылауына, бағалауына бастау болады.
Біздің зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан ғылыми талдауымыздың өзегі білім берудегі жаңа технологияны қолдану болып табылады.
Сонымен қатар оқыту технологиясы педагогикалық процестің сапасын жетілдіруді талап етеді. Іс тәжірибеде ғылымда көптеген көзқарастар нұсқаулар бар. Сондай бір бағыты - педагогикалық процесті технологияландыру. [3; 179]
Педагогикалық психология соңғы кезде оқыту проблемаларын, тәрбиелеу мәселелерін шешуді технологияландыру проблемасына байланысты өмірге келді. Қазіргі кезеңде оқыту теориясындағы оқытуды қарастыруға технологиялық қатынас Технология, Педагогикалық технология, Оқыту технологиясы, Тәрбие теориясы, Ойын технологиясы, Дамыту технологиясы т.б. ұғымдар бір - бірінен ажыратып, жеке - дара қарастыру қажет.
Технология - латын сөзі, texne - өнер, кәсіп, шеберлік, logos - ғылым, ілім деген мағынаны білдіреді. Технология - тәртіп бойынша реттеліп, жоспарланған іс-әрекет, үрдіс (процесс) және педагогикалық тәсілдердің жиынтығы түрінде берілген педагогикалық жүйе.
Мұғалім педагогикалық технологияның көмегімен оқыту процесінде экспромттардың орнына алдын - ала жобалау, оны іс тәжірибеде пайдалану, қайта жаңғырту арқылы жоғары нәтижеге жетудің жолдарын қарастырады.
Мұғалімдер күнделікті сабақтарында пайдаланып, жүрген әдістемелік жүйе мен көмекші құралдардан педагогикалық технология ерекшілігі: оқушылар өз қызметінің оқу - тәрбие процесі барысындағы құрылыммен, мазмұнын алдын - ала жобалап, сол жобаның нәтижесін болжай алады.
Педагогикалық технологияның ең басты мәнді белгісі: мақсаты айқын, нақты, алдын-ала болжау арқылы, диагностикалық негізде, нақты жеткен нәтижелерді ескере отырып, оқыту процесін нәтижелі жүргізуге көмектеседі.
Сонымен қатар педагогикалық технология мынадай қосылғыштардан құралады:
Диагностикалық жолмен мақсат қою және оқушылардың білімді меңгеру сапасын, даму дәрежесін, тәрбиелік деңгейін объективті түрде анықтау, бақылау;
Мақсатты конструктивті, айқын, нақты түрде қою;
Жеке тұлғаны тұтас дамыту;
Диагностикалық жолмен айқындалған мақсат:
Біріншіден - Оқушының бойында қалыптастыруға қажет сапалардың нақты сипатын білдіру керек;
Екіншіден - осы сапаларды диагностикалық айқындаудың нақты тәсілдерін мұғалім де, оқушы да толық меңгеруі керек;
Үшіншіден сапалардың өзгеру мүмкіндігі ескеру керек. Сонымен Технология - дегеніміз педагогикалық тәсілдердің жиынтығы түрінде берілген педагогикалық жүйе - деп айтуға болады.
Технология - көздеген нәтиже орындалуының кепілдігі, әрі болашақ оқу үрдісінің жобасы, ал педагогикалық технология - сатыланған, тәртіптелген іс - әрекет жүйесі - деп қарастыруға мүмкіндік береді. Жалпы бұған дейінгі оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің басты кемшілігі, барлық оқитын балаларға негізделген орта білім алу үшін жаппай оқыту әдістемесіне негізделген.
Әр оқушының қабілет деңгейі ескерілмей, барлығына бірдей тапсырма береді. Педагогикалық технология дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық ықпалдарды ұйымдастыру қажттілігінен туындаған өзара байланысты процестер.
Педагогикалық технологияны дамыту мәселелерін 60 жылдардан бастап әртүрлі жағынан көптеген елдердің: Болгарлық, И.Марев, Польшалық Ч.Купесевич, Ф.Янушкевич, В.Окунь, АҚШ-тық Скиннер, Венгриялық Л.Сепеш, Ресейлік В.Л.Беспалько, Б.Т.Лихачев, Н.П.Подласый, П.И.Пидкасистый, С.И.Высоцкая, Қазақстандық М.Ж.Арыстанов, Ж.С.Хайдаров т.б. ғалымдары қарастырады.
Адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері ойлау формалары мен құрылымдарында қорытылып, бекемделген. Ойлау - объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарамдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциалар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы - адам ойлауының зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудң нәтижесінде адам санасына бекіп, зор шындыққа айналды. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым - қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұны билейтін - объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын-оның қажеттері. Ойлау - өзіндік ішкі қарама - қарсы қайшылықтарға толы процесс.
Технология мәні мен оның мазмұнын түсінуге бұл уақытқа дейін әртүрлі қатынастар қалыптасты. Технология ұғымы өз дамуының әрбір кезеңінде уақыт талабына сәйкес өзгерістерге ұшырап отырды. Біздің дәуірімзде жаңа мазмұн, жаңа сипатқа ие болды. Технология ұғымының І даму кезеңінде 1940 - 1950 жылдар аралығында оқыту процесінде техникалық құрал - жабдықтарды (дыбыстық болмаса дыбыссыз көрсететін) пайдалануды білдірді. Ал, білім беру технологиясы, оқыту қарқынының (темпінің), түрінің өзгеруіне сай 1950 - 1960 жылдары өз дамуының 2 - кезеңіне өтті. Бұл кезеңде оқыту технологиясы деп бағдарламалық оқыту жолын түсінді. 70 - жылдары техникалық құралдар мен бағдарламалық оқытумен қатар педагогикалық технология оқушылардың оқу процесі үстінде танымдық іс - әрекетін басқару басқару теориясы, әрі педагогикалық қызметті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру жолдарын қарастырды. 4 кезең 80 - жылдардан бастап оқытудың ақпараттық информациялық және компьютерлік құралдарымен бірлікте қарауды қарастырады. [4; 192]
Әмірбек Амангелдиев: Педагогикалық технология деп нақты өмірлік тәжірибеде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасын айтамыз, - дейді. Ал педагогикалық жүйе дегеніміз, өзіндік даралық бейнесі бар, жеке тұлғаны, оқушыны қалыптастыруға бағытталған белгілі бір алға қойған мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды, әдістердің, құралдардың жиынтығы.
М.В.Кларин педагогикалық технология оқыту технологиясының мәнін қарастыра отырып, технология ұғымын педагогикалық үрдісінің бөлімдерінің (компоненттерінің) іс - әрекеттер жүйесінде процедуралық қызметтік түрленуі, - деп қарастырады [5].
Оқытудағы технология ұғымы, термині, оқыту үрдісінде құрал - жабдықтрды, техникалық оқыту (процесінде) үрдісінде мақсатқа жету үшін құралдарды, ережені, пайдалану жолын жобалау (проектілеу) арқылы кепілді түрде нәтижеге жету мүмкіндігін көрсетеді.
Сапалардың бағалау мен тексерудің даму дәрежесін айқындаудың өз көрсеткіштері мен өлшемдері қабылданған. Оқыту үрдісінде тану, нақты пайымдау, қайта жаңғырту (еске түсіру) абстрактілі ойлау, шығармашылықпен қолдану, яғни оқыту процесінің әрбір кезеңінде мақсат нақты, дұрыс қойылған жағдайда, нені қалыптастыру керектігі, оқытудың ең кішкентай бірлігі толық айқын көрінгенде ғана, оқыту технологиялық деңгейге көтерілді деп есептеуге болады.
Ғалымдар:
- біріншіден, жаңа педагогикалық технология білім беру процесінде
оқушының өз әрекетінің құрылымы мен мазмұны қандай болады;
- екіншіден, алға қойған мақсатты диагностикалық айқындап, мақсатты орындау жолын қадағалап отыруды;
- үшіншіден, жоғарыда айтып кеткендей, оқыту ісінің тұтастығы оқушының ынта - ықыласынан, қызығушылығынан, қабілетінен, оның өз бетімен оқу, ізденуінен және танымдық қызметін басқарудан тұрады. Мұның бәрі оқыту процесінде тұтас қамтылса ғана, логикалық жүйелі түрде бірізді бірлікті жүргізілсе ғана, білім сапасы жоғары деңгейде жүреді.
Жаңа педагогикалық технологияға дамыта оқыту үшін, саралық (дифференциялық) және даралық (индивидуалдық) қатынас қажет. Дамудың әр деңгейі бойынша саралап, оқыту оқушының білім меңгеруін деңгейге бөліп қарастыруды, ал саралық қатысты ақыл - ойының интеллектуальдық дамуының жоғарғы жетістігі мен дамуының кешеуілдеуіне қарата ажыратып, бөліп оқытуды көздейді. 4 деңгейге бөлу төменгі деңгей, міндетті қалыпты деңгей, жоғарғы деңгей, өте жоғары деңгей болып бөлінеді де, төменгі деңгей және қалыпты, міндетті деңгей оқушылардың дамуында кемшілік болған жағдайда демеп, реттей оқытуды, қалыпты дамыған балалар үшін мемлекеттік білім беру стандарты көлемінде білім беруді және өте жоғары деңгейде (творчестволық) шығармашылық біліктілігін дамытуды көздейді.
Мектептердің, жоғары оқу орындарының және басқа да білім беру жүйелерінің жұмыс тәжірибесінде білім беру, оқыту технологиясының әр түрлі түрлері қолданылады. [6]
Оқыту технологиясы оқушының ынта ықыласын ізденіс әрекетін оятуға бағытталады. Оқыту технологиясында мұғалім бұрынғысынша әр баланың деңгейіне сәйкес, қабілеті мен ой - өрісіне қарай, жеке - жеке әсер ету жолдарын қарастырады.
Бұл оқушының таяудағы даму сатысының дамуын қамтамасыз етеді.
Жүйелердің жиынтығы болғандықтан жүйелі түрде педагогикалық технологияны ұйымдастырудың соңғы кезде қалыптасқан төмендегі негізгі түрлері белгілі:
Компьютерлік оқыту.
Ойын технологиясын меңгеру арқылы оқыту.
Модельдік оқыту.
Модульдік оқыту.
Бағдарламалық (программалық) оқыту.
Проблемалық (ділгірлік) оқыту.
Оқытуды оқушының жеке-дара шығармашылық қызметіне сүйене отырып, ұйымдастыру.
Оқытудың құрылымдық-логикалық сызба - жүйесін құрастыру технологиясын пайдалану.
Жаңашылдық оқыту негізінде педагогикалық технологияны пайдаланып, оқыту мен дәстүрлі оқытудың айырмашылығы: технологияда негізінен білім беру сапасы процессуалдық (атқарушылық), өлшемдік, сандық, сапалық, вариантивті бағдарлық бөлімдеріне, ал дәстүрлі оқытуда: мақсаттылық, мазмұндық, себепкерлік, амал - әрекеттік, операциялық құрылымы мен құрылымдық бөлімдеріне (компоненттеріне) назар аударылады да, осы әрбір бөлімнің орынды қолдауына нәтижесі тәуелді келеді. Сондықтан, біріншіден, әрбір шығармашылықпен қызмет етуші, білімді де білікті ұстаз олардың теориялық, әдістемелік негізімен мәнін, құрылымын, философиясын, тұжырымдамасын меңгеру керек, екіншіден соны оқушыларға үйретуі қажет [7].
Оқушылардың жеке білім траекториясын қандай да бір әрекетті жүзеге асыру үстінде құру қазіргі негізгі мектептің мақсатына сәйкес келеді. Білім берудің дәстүрлі жүйесінде оқу бағдарламалары оқушы әрекетінің репродуктивті әдістеріне, яғни, дайын білімді есте сақтау, жаттау, жаңғырту, т.б. жұмыстарға негізделген. Жақсы үлгеретін оқушылардың өздері шығармашылық бағыттағы жұмыстар кездескенде тығырыққа тіреліп қалады. Сондықтан оқушыларды әрекеттің өнімді, шығармашылық әдістеріне үйрету қажет. Бұл тұрғыдан алғанда оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту ғылыми-педагогикалық проблема ретінде өз шешімдерін іздестіре беруі керек.
Қазіргі уақыта білім берудегі талаптың бірі - баланы дамыта оқыту идеясы болғандықтан, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, өз бетімен оқуға деген ынтасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы тұрғыдан алғанда баланың жеке басының тұлға ретінде дамуына, оның ашылмаған қабілеттері мен жан дүниесіне үңіле білу - мұғалім міндеттерінің жаңаша қыры. Оқушыларды өз пікірін білдіруге үйрету, олардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру, тұлғаның психологиялық дамуына жағдай жасау, оның жеке қасиеттерін ескеру секілді міндеттер мұғалім алдында үнемі тұрмақ. Бүгінгі күні оқушыны белгілі көлемдегі пәндік білім, білік, дағдылармен қаруландыру жеткіліксіз, енді олар баланың ой-өрісін өсіріп, өзіндік дүниетанымын қалыптастырып, біліктілігін (компетенция) дамытатындай деңгейге алып келуі керек.
Терминді колданбас бұрын, алдымен компетенция сөзінің аудармасыи анықтап алайық. Ғ.Ғ.Мұсабаевтын орысша-қазақша сөздігінде "компетентность - хабардарлық, жете білушілік; компетентный -хабардар, жетік, терең білетін" дей келіп, автор компетенция түсінігін екі мағынасы бар екеніне назар аударады: оның біріншісі - хабардарлық, екіншісі заң саласының термині ретінде міндет, кызмет бабы дегенді білдіреді [8]. Бұл компетенция ұғымының қазақ тіліңде басқа да аудармалары бар екен. Айталық, Р.Г.Сыздықова, Қ.Ш.Құсайынның казақша-орысша сөздігінде "құзыр - подчинение, непосредственное ведение, компетенция; құзырлык ведение, руководство" деп аударылса, Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде "құзыр, білік - компетенция" деп аударылады. Қазакстан ұлттық энциклопедиясында бұл сөзге келесі түсінік беріледі: "Құзырет - компетенция, - нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы" [9]. Сонымен, бүгінгі күні "компетенция" ұғымы казақ тіліне төрт мағынада аударылып жүр: хабардарлық, құзыр, білік, құзырет. Біздің ойымызша, қазақ тіліндегі осы төрт ұғымның пайдаланылуы әрқайсысының астарындағы мән-мағынасына, соған сай атқарылар әрекетіне жэне қолдану аясына байланысты болуы керек. Сондықтан біздің зерттеуімізде жалпы білім беру жүйесінің міндеті жаңа буын ұрпақты тәрбиелеу, оларды өмірге дайындау екенін ескере отырып, жоғарыда аталған ұғымдардың ішінде "білік" ұғымын қолдану қарастырып отырған мәселеге жақын екенін атап айтамыз. Сонымен қатар, "білік" орыс тіліндегі "умение" ұғымына балама ретінде пайдаланылып жүргенін ескеріп, өз зерттеуімізде "біліктілік" ұғымын орыс тіліндегі "компетенция" ұғымына сай қолданамыз. [9]
Біліктілік - оқушының өзінің иемденген білім, білік, дағдыларын өмірлік жағдаяттарда колдана алуы. Энциклопедиялық сөздікте біліктілікке келесі анықтама беріледі: "Біліктілік - алған білім және білікті тәжірибе жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық немесе теориялык мәселелерді шешуде қолдана білу қабілеті". Сондықтан да ЖОБ дамытуды біліктілік түрғысынан қарастырған жөн.
Ю.В.Фролов, Д.А.Махотин: "Біліктілік дегеніміз - тұлға сапаларының кіріккен сипаттамасы, оқу бітірушінің дайындығының нәтижесі" деп көрсетсе, осыған ұқсас пікірді В.Д.Шадриков та айтады: "Біліктілік" термині оқушының дайындық сапаларының кіріккен сипаттамасын, білім беру нәтижесінің категориясын білдіреді" [10]. Сонымен бірге Ю.В.Фролов, Д.А.Махотин біліктіліктің белгілі бір жағдайда, яғни әрекет үстінде көрінетіндігіне тоқталады: "Біліктілік - жағдайлық (ситуациялық) категория, өйткені қандай да болсын әрекетті нақты проблемалық жағдайда жүзеге асыруға әзірлікті білдіреді" [11].
Бұл бағытта келелі еңбек етіп жүрген ғалымдардың бірі - ресейлік А.Хуторский. Ол өз жұмыстарында біліктілікті былай анықтайды. Біліктілік - тұлғаның белгілі нәрсеге не үрдіске қатысты және оны сапалы орындауға қажетті өзара байланысты қасиеттерінің (білім, білік, дағдыларының, әрекет тәсілдерінің) жиынтығы. Ғалым біліктіліктің функцияларын білімнің әр түрлі аспектілеріне байланысты анықтайды:
окушы тұлғасына катысты;
білім, білік, дағдыларға катысты;
білімнің мазмұны мен құрылымына қатысты.
әрекет тәсілдеріне қатысты [12].
Осыдан келіп, А.Хуторской білімдік біліктілікке анықтама береді: "Білімдік біліктілік - реалдық ортаның объектілеріне катысты тұлғалык және әлеуметтік-маңызды өнімді әрекетті жүзеге асыруға кажетті өзара байланыстағы мағыналық бағдарлардың, білім, білік, дағдылардың және оқушының әрекет тәжірибесінің жиынтығы". Ғалым ойын жалғастыра отырып, білімдік біліктіліктің келесі түрлерін анықтайды:
Кұнды-мағыналы біліктілік.
Жалпы мәдени біліктілік.
Оқу-танымдық біліктілік.
Ақпараттық біліктілік.
Катысымдық (коммуникативтік) біліктілік.
Әлеуметтік-еңбектік біліктілік.
Жекелік өзін-өзі дамыту біліктілігі [13].
Бұл біліктіліктер түрлері жалпы білім берудің басты мақсаттарына, әлеуметтік және тұлғалық тәжірибелер кұрылымына, сондай-ақ оқушыға өмірлік дағдыларды және қоғамдағы практикалық іс-әрекетті меңгеруге мүмкіндік беретін әрекеттің негізгі түрлеріне байланысты айқындалған.
Біліктілік мәселесі білім сапасымен тығыз байланысты. Білім сапасы білім мазмұны, оқыту түрлері мен әдістері, материалды-техникалық база, кадрлар құрамы, т.с.с. білім берудегі жаңа технологияның әр түрлі аспектілерін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығымен анықталады. Сол себепті мұғалім өз жүмысына шығармашылық тұрғыдан қарап, оку бағдарламасына сыни көзқараспен өзгерістер енгізуі, оқушылардың бойындағы табиғи қабілеттерді оята білуі, олардың жан-жақты, өнімді еңбек етуіне жағдай жасауы, оқу үрдісінде техникалық құралдарды қолдану мүмкіндігін кеңейтуі тиіс. [14]
Білім берудегі жаңа технологияны жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиындығы - технология. Білім беру процесінде технология - бұл алгоритмдік негізде ұсынылған жүйе, құрал, қорытынды қызметіне әкеледі. Берілген өнімнің саны мен сапасын белгілейді. Барлық қазіргі өнімдер технологияға негізделеді. Жеке шеберлік негізінің қызметімен технологияға негізделген қызметті салыстырып көрейік:
Кесте 1. Жеке шеберлік негізінің қызметімен технологияға негізделген қызметтің салыстырма кестесі
Жеке шеберлік
Ортақ технология
Жұмысты процесті басынан аяғына дейін өзі орындайды.
Барлық жүйенің негізі бойынша білімді меңгеруі, әрі процестің барлық деңгейінде оның орындаушылық шеберлігі қажет.
Барлығын жеке өзі істеуі керек.
Ұзақ процесс.
Өнім сапалы.
Интуиция негізінде сезімділік, болжау, бақылау жүреді.
Өндіруші мүмкіншілігінің
шектеулі, өнімнің аздығы.
Процесс тең бөлінеді, әрі жұмысшы өзінің жұмысын, бөлек бір ғана операция түрін атқарады.
Жұмысшыға атқарып жатқан процесс бойынша білім қажет.
Дайын жоспарлар енгізіледі, барлығын өзі істеуден босатылады.
Процесс көпке негізделдіктен атқару тездетіледі.
Өнім сапасы аз.
Ғылыми есеп негізінде жүреді, білімділік жоғары болады.
Өндіруші мүмкіншілігінің өнімі емес, көптеген өнім берушінің мүмкіншілігіне сүйенеді
Әр адам бөлек, өзінің еңбек операциясын ғана орындаса, бұның бір жағынан артықшылығы екі жағынан кемшілігі бар деп те санауға болады. Соңғы уақытқа дейін интеллектуальды өнімдер оның қатарында адам тәрбиесі технология ұғымының көмегінсіз қарастырылып келді. Технологиялық қатынас педагогикалық қызметте пайдаланылмайтын. Қазіргі педагогикалық теорияда пісіп жетілген тәрбиеге технологиялық қатынас оның тиімділігін мойындайды. Әйтсе де оны технологияны, өндірістен мектепке механикалық көшіруге қарсы.
Тәрбие процесін - бұл өндірісті процесс деп қарастырдық. Шынымен, мектептегі тәрбие ісіне ұйқас. Өндірістік өнімге сияқты мектепке де қоғам әлеуметтік тапсырма беріп, мектеп қоғамдық сұранысқа сай қызмет атқарады. Онда өнімдегідей жеке анық материалдық база ойластырылады. Осы мақсатқа бағытталған тәрбие проесі - өндіріс процесінің дәлділігі сияқты дәлдікті талап етеді. Оның негізі - педагогтың тәрбие қызметіндегі, нәтижеге жеткізу түрі мен қорытындысын талдауы, жоспарлау мен модельдеу жұмыстарының орындалуы, адамның орындаушылық тәртібі. Осыған байланысты мұғалімнің педагогикалық қызметі меңгеруі өндірудегі сияқты жүйелік қалпымен, оның қарым-қатынас, іс - әрекеттік, басқарушлық қызметі негізінде орындалады [15].
Өндірістегідей мектепке де ынталандырушы жүйесінің бірлігі керек, педагогтар оны бағыттап қолдайды. Өндірістегі сияқты мектеп туралы да ақпараттық, сандық дерек қажет, осыны қолданып, педагогтар балалар жайында мәлімет алып отырады. Бұл мектептегі процестер қоршаған әлеуметтік ортаға байланысты: отбасына, балабақшаға, мектептен тыс орындарға, сондықтан білім беру кеңістігін құрудың мәні ерекше екендігін ұмытпау керек. Мектептің қызметі өндірістің қызметі сиқты, оның шығару өнімнің сапасы бойынша бағаланады. Мектепте бұл өнім сапасы білім беру деңгейіне, білім сапасына, оқушының жеке өмірге дайындықтарына, даму дәрежесіне, тәрбиелігіне сай бағаланады. Осыған байланысты мектеп тәрбие жүйесі өндірістік өнім жүйесі сияқты қоғам мақсаттары, материалдық базасы, оның қызмет атқару процесінің жиынтығы, жұмысшы ұжымы, бұл процестер түрлі қызметпен меңгеріледі.
Өнім процесінің тәрбие процесінен ерекшелігі: тәрбиенің біртұтастық сипатында, мінезінде, оны операцияға бөлу қиын. Тәрбиелік ықпал жүйелілік сызбасы бойынша дамымайды, керісінше жинақты дамиды.
Тәрбие аймағында технологияның ықпалымен барлығын ортақ жолмен жан-жақты дамытады. Оларды анықтап, мақсатқа жету жолы - жаңашылдық ғылымының мақсаты [16].
Білім берудегі жаңа технологияның түрлері көп. Соныі бірі инновация (ағылшын сөзінен алынған innovation - жаңа енгізу, новация) жаңашылдық - бұл ішкі жүйенің өзгеруі. Педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ жаңалық және жаңашылдық сөздерінің ортақ мағынасы жаңа енгізу дегенді білдіреді, оқу - тәрбие процесін жақсартыду көздейді. Бірақ та жаңа енгізу жүйені нашарлатып жіберуі де мүмкін.
Сонымен, ағылшын сөзінен енгізілген novation термині көбінесе процестің жаңа бағытта өзгеруін білдіреді [17].
Білім беру, оқыту, тәрбиелеудегі инновацияны, жаңашылдықты анықтап, олардың негізгі бағыттарын белгілеу жұмыстары жаңашылдық үрдістеріне педагогикалық, психологиялық тұрғыдан талдау жасауды, түсіндіруді, мәнін ашуды, мақсат, міндеттерін, мазмұнын, құрылымын т.б. мәселелерін айқындауды қажет етеді. [18]
Жаңашылдық - барлық қоғамдық жүйеге іштей тән құбылыс. Инновациялық құбылыстар мен процестерді қабылдау, түсіну, жаңаша ойлауды, қатынасты қалыптастыру, жаңашылдық саясатты белгілеу қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық дамуды басқарудың тоқырау мен даңғдарысты жеңудің маңызды шарты. Кез келген тарихи дәуір кезеңіне тән құбылыс. Оның дәлелі жеке тұлғаға қойылатын қоғамдық талап - сұранысқа сай, білім беру жүйесі, білім мазмұны, оқыту мақсаты, әдіс - тәсілдері, типі, формасының үздіксіз өзгеріп, жаңарып отыруы бола алады.
Қазіргі білім берудегі жаңашылдықтың табиғаты мен қарама-қайшылығы біріншіден, себепкерліктен туындайды. Өйткені, ғылыми-техникалық прогресс пен қоғамдық дамуға білім берудің даму қарқыны сәйкес кемейді. Қоғамдық өндірістік өзгерістің ондағы жаңашылдықтың шапшаңдығы, ал білім берудің оның мазмұнының дамуының артта қалуы, оқыту мазмұны мен сипатының бір-біріне сәйкес келмеуі.
Екіншіден: Оқыту мен білім берудің дамуының инерттілігі.
Үшіншіден: Интеллектуалдық машиналардың 5-жүйесінің дамуы; дистанциялық оқыту жүйесінің өмірге келуі, қалыптасуы; электрондық оқыту таблицаларының, байланыс жүйесінің іс-тәжірибеге енуі;компьютерлік оқытуды интернетпен ұштастыру [19].
Жаңашылдық - қоғамдық қажеттілікті өтеу үшін, жаңа технологияны, құралды пайдалану және тарату үшін пайдаланылатын кешенді үрдіс. Ол материалдық және рухани салада болады. Жаңашылдық оқыту өзінің психологиялық қызметі жағынан бұл - үрдіс (процесс). Жаңашылдық оқыту мұғалім мен оқушының дамуын жариялық негізінде, бірлесіп, ынтымақтасып шығармашылық өнімді іс - әрекетке барлық оқыту кезеңінің барысында оқыту мен оқу сипатын ізгіліктілік негізде өзгертуді көздейді. Жоғарғы деңгейдегі әзірлік пен келешекке даярлықты мектеп өмірі барысында қамтамасыз етеді. Мектептің білім беру жүйесіндегі жасампаздық рөлін көтереді. Оқушылардың ақыл - ой, дене дамуы мен қарым - қатынастық іскерлігінің деңгейін көтеріп, эстетикалық талғамы мен экологиялық мәдениетін дамытады. [20]
1.2 Шығармашылық біліктілігін ұйымдастырудың алғы шарты
Адамның өзін-өзі тануға ұмтылып, ізденуі шығармашылық болып табылады. Өмірде дұрыс жол табуы үшін адам өздігінен кажетті, дәлелді шешімдер кабылдай алуы керек. Адам өзінін сана сезімдерін, кабілеттерін үнемі дамытып отырганда ғана онын рухани күші нығая түседі. Үнемі ізденіс, даму устіндегі адам ғана толыққанды; өмір сүре алады. Олай болса, білім берудің ен маңызды мақсаты адамнын өз болмысын тануга үмтылуына көмектесіп, түкпірде жатқан талап-тілегін. кабілеттерін дамыту.
Әрекеттің түрлерінің арасындағы байланыс оқушының тек терең білім алуына ғана емес, оның жан-жақты тәрбиесіне де әсерін тигізеді. Олардың бірін-бірі толықтырып отыруы нәтижесінде оқушы өзінің бар мүмкіндік, қабілеттерін дамыта алады. Соның қорытындысында оқушы жан-жақты, үйлесімді тұлға ретінде дами алады. Педагогика саласындағы әрекет мәселесі бойынша зерттеулердің желісі, олардың нәитжесі оқушыны жеке тұлға ретінде дамытудың жаңаша сипатта болуына арқау боларлығы хақ [21].
Әрине, бүл анықтамалардың бәрі бір-біріне қайшы келмейді, қайта бірін-бірі толыққанды және олардың педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерге арқау болғандығы көпшілікке мәлім.
Өзіндік жұмыстар мектептегі жеке пәннің, курстың тақырыптық, сай ұйымдастырылған сабақтың білімдік, тәрбиелік міндеттерін толықтай жүзеге асыруға септігін тигізуі қажет. Дәлірек айтсақ, сабақта шешілуі тиіс міндетті жүзеге асырушы құрал деуге болады. Демек, өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуы қойылған міндет пен мақсатқа тікелей байланысты.
Оқушылардың өздігінен аткаратын жұмыстары білімді терең меңгеруге, не біліктерін калыптастыруға, немесе шығармашылық іс-әрекетін дамытуға бағытталуы мүмкін. Осы түрғыдан алғанда Т.Сабиров оқушылардың өзіндік жұмыстардың мынадай басты міндеттерін көрсетеді:
Оқушылардың дербестік касиетін мейлінше арттыру.
Олардың алган білімінің саналылыгы мен беріктігін камтамасыз ету.
Оқушыларда окуға кажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Оқушылардын таным ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды сыныптан және мектептен тыс дербес білім алуға әзірлеу.
6. Оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, үлгермеушілікті болдырмауға әсер ету [22].
Автордың пікірінше, осы міндеттер орындалғанда ғана өзіндік жұмыс өз мақсатына жетеді. Ал егер аталмыш міндеттерді жеке-жеке талдасак, олардың астарында оқушылардың жаңа сапапык күйге жетуі сипатталады. Демек, өзіндік жұмысты оқушының оқу нәтижелеріне жету қүралы деуге де болады. Осы тұрғыдан Т.Сабировтың ұсынған міндеттерінің үшіншісі мен төртіншісі оқу нәтижелеріне тікелей сілтеп түр. Ал бірінші, бесінші, алтыншы міндеттер өзіндік жүмыстың белгілі бір мақсатқа сай орындалғаннан кейінгі оның оқушы үшін маңыздылығын сипаттайды. Сонымен қатар екінші міндет те тікелей оқу нэтижесінен көрі, оны үйымдастырудьщ жэне оны орындауга қажетті жағдайды жасаудьщ маңыздылығына сілтеп түр. Сонымен, Т.Сабировтың нақтылаған міндеттерінің өз кезіндегі гылыми талаптарга сай маңыздылығында сөз жоқ. Алайда бүгінгі таңдағы оқу үрдісіне қойылып отырған жаңа талаптар түрғысынан алғанда өзіндік жүмыстың жогарғы автор берген міндеттерінің иерархиясына жаңаша көзқарас керек. Өйткені, бүгіндер өзіндік жұмыс жеке пәндер аясындағы алынған білім мен білікті дамытуга ғана бағытталып қоймай, баланың жалпы белсенділігі, дербестігі, т.б. қасиеттерді қалыптастыруға бағытталуы маңызды болып тұр [23].
Әрине, педагогикада өзіндік жүмыстың оқушының танымдық белсенділігіне әсері зерттелген жэне оның негізінде өзіндік жүмыс эрқашан оқушыдан жоғары танымдық белсенділікті талап етеді деп тркырымдалды: белсенділік оқу тапсырмасының күрделілігіне қарай әр қилы болып келеді. Егер оқушының әрекеті дайын үлгімен құрылған болса, онда оның белсенділігі репродуктивтік, оқу материалын қайталауға ғана арналган болып шығады. Егер оқу тапсырмасы күрделі болып, оқушының өз шешімдерін қажет етсе, онда белсенділік шығармашылык сипатқа ие болады. Бұл -- оқу үрдісіндегі танымдық белсенділіктің ең жоғарғы формасы. Ол оқушының оқу әрекетін биік деңгейге көтеріп, оны өнімділігін көтере түседі.
Б.П.Есипов белсенділікті былай анықтады: "Оқудағы белсенділік білімді, икемділік пен дағдыны меңгеруге қажетті ой немесе дене еңбегінің саналы, ерікті, мақсатты орындалуын білдіреді. Белсенділік пен дербестік тығыз байланысты. Дербестік дегеніміздің өзі жеке тұлғаның оқу әрекетіндегі белсенділігі болып табылады [24].
Окушының мектептегі және үйдегі өзіндік жұмысы өздерінің міндетіне, мақсатына, күрделілігіне, орындалу әдістеріне карай әр түрлі болып келеді. Олардың құрылымы да әр түрлі. Есеп шығару бір бөлек болса, кітаппен жұмыс немесе шығарма жазу - ол да бөлек нәрсе. Бірақ осындай көп нұсқалылығына қарамастан, өзіндік жұмыстың құрылымдык ерекшеліктеріне байланысты бірқатар ортак белгілері де бар.
Оқушының өзіндік оқу әрекетінің ішкі құрылысын білудің маңызы зор. Оны білу мұғалімге бұл әрекетті дұрыс ұйымдастыруға және оны басқаруға мүмкіндік береді.
Оқушының оқу әрекетінің құрылымындағы мынадай аспектілерді бөліп көрсетуге болады:
мазмұнды жағы - оқушының тапсырманы орындау барысында не алатын, не қолданатын білімі, яғни, бұл - оқу мақсатына жетуге қажетті ақпарат.
Тапсырманың дербес, табысты орындалуына бұл білімдердің сапасы тікелей қатысты. Білім деңгейі оның нақтылығьшен, толыктығымен, маңыздылығымен, жүйелілігімен сипатталады.
үрдістік жағын оқушының тапсырманы орындау үстіндегі ой, іс-қимылдары кұрайды. Бұл - әрекеттің жетекші жағы. Оқушы мұнда тек өзі білетін әдістерді қолданып қана қоймайды, мақсатқа жету үшін жаңа, тың әдістер ойлап табады.
3) мотивтік жағы оқу әрекетінің қозғаушы күштерін білдіреді. Оның оқу үрдісінде маңызы зор. Себебі оқушының оқу деңгейі, оның танымдық белсенділігі оның оқу себептеріне тығыз байланысты. Егер оқушы тек өз өмір жағдайына қатысты ғана оқып қоймай, білімге қызыққандықтан оқыса, онда ол білімнің сапасы өте жоғары болар еді де, білім меңгеру үрдісі тез және қызғылықты болған болар еді.
4) нәтижелі жағы - бұл оқушының тапсырманы орындау үстінде жинақтаған білім-тәжірибесі. [25]
Окушының өзіндік оқу әрекетінде жетекші қызметі үрдістік жағы атқарады. Белгілі бір үрдіс үстінде ғана оқушы мүмкіндігі ашылып, дамуға жағдай жасалады.
Оқушы белсенділігі оның ой дербестігіне сүйенеді. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оньщ қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік) және күрделі (шығармашылық белсенділік) түрлері болады. Соңғысы оқушының жоғары саналылығы мен дербестігін керек етеді. Б.П.Есипов былай есептейді: "Окушының танымдық дербестігі, негізінен, олардың өзіндік жұмысы үрдісінде қалыптасады. Өзіндік жұмыс оқушының өзіндік ойы мен ой және дене еңбегінің дербес орындалуыньщ бірлігін білдіреді. Сондықтан өзіндік жұмыс мұғалімнің тікелей көмегінсіз, бірақ соның басшылығымен орындалатын белгілі тапсырмалар ретінде ұйымдастырылады".
"Танымдық әрекет, танымдық ізденімпаздық, танымдық дербестік" ұғымдарына Ж.А.Қараев, А.Е.Әбілқасымова еңбектерінде түсініктер берілген. А.Е.Әбілқасымова танымдык ізденімпаздықты келесіше анықтайды: Танымдық ізденімпаздықты жеке тұлғаның сан қырлы бьілім алуы ретінде қарастыруға болады, бұл білім алу танымдық әрекетке сезім, таным және ерік процестерінің нәтижесі болып табылатын өзін-өзі икемдеу көрінісімен, танымдық уәж бен ізденімпаздық мінез-құлық тәсілдерінің синтезімен, оқушының мінез-құлқындағы танымға деген тұрақты көзқараспен сипатталады [26].
Өзіндік жұмысты оқушының дербестік танымдық әрекетін ұйымдастырудың әр түрлі тәсілі деп қарастыруға болады. Өзіндік жұмыс міндетті түрде мұғалім жетекшілішгімен іске асырылады. Бірақ бұл жетекшілік оқушылар үшін байқалмайтындай, көрінбейтіндей болуы қажет.
Өзіндік жұмыс оқушының танымдық әрекетін ұйымдастырудағы тәсілдердің алуан түрлілігін есепке алуы қажет. Бұл тәсілдердің алуан түрлілігі оқу материалының күрделілігіне байланысты болып келеді.
Оқу-әдістемелік кешен құрамындағы бағдарламаға сүйене отырып жасалған оқулықтағы тапсырмалардың шығармашылық сипатына, әдістемелік, дидактикалық құралдарға басты назар аудара отырып, бүгінгі күн талабына сай оқу үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану өте тиімді. А.Ш.Орақова Оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары тақырыбындағы кандидаттық диссертациясында: Шығармашылыктың мәні алдымен оның кажеттілігінде, әрбір адамнын шыгармашылык қабілетінін нәтижесін рухани қанағаттану мен қуаныш сезіміне айналдыруға жаңаша қадам жасауында. Окушы шығармашылығын дамытудың әлеуметтік-педагогикалык шарттарының бірі - білім беруді гуманизациялауды жолға коятын жаңа білім беру технологиялары болып табылады" дей келе, оку процесінде оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында интерактивтік модульдік оқыту технологиясын пайдалану жақсы нәтиже беретіндігін дәлелдейді [27].
Оқытудың ақпараттык технологиясы оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың, танымдык әрекетін белсендірудін күшті құралдарының бірі болып табылады, өйткені әрекеті орындаушылық деңгейден біртіндеп және үнемі күрделендіріп отыру нәтижесінде шығармашылық деңгейге дейін жеткізеді. Ақпараттык технологияны қолдану оқушынын бойында шығармашылық дағдыларды қалыптастырады, соның негізінде ол теориялык білімді өз бетімен іздену арқылы алады.
Оқу үрдісінде компьютерлік бағдарламаларды қолдану өз алдына белгілі бір оқу мақсаттарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz