Өндірісті кеңейтуге инвестициялар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті

«Экономика және бизнес» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«ЭжБ» кафедрасының

меңгерушісі м. а., профессор

Ш. З. Заманбеков

«» 2019 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары »

5В050600 - «Экономика» мамандығы бойынша

Орындаған (4 к. 4 ж. ) Ахметжан А

Ғылыми жетекшісі

аға оқытушы Оспанбек Т. Қ

Алматы 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті

«Экономика және бизнес» кафедрасы

Ахметжан А

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жақсарту жолдары »

5В050600 - «Экономика» мамандығы бойынша

Алматы 2019

Мазмұны
Мазмұны:
Кіріспе
4
Мазмұны: 1
Кәсіпорынның инвеститциялық тартымдылығын арттырудың экономикалық негіздері
Мазмұны: 1. 1
Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны
8
Мазмұны: 1. 2
Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер
12
Мазмұны: 1. 3
Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру- инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі
18
Мазмұны: 2
«Алтын Смарт» ЖШС-нің инвестициялық тартымдылығын талдау
Мазмұны: 2. 1
«Алтын Смарт» ЖШС -нің экономикалық қызметін талдау
25
Мазмұны: 2. 2
«Алтын Смарт» ЖШС қаржылық жағдайын талдау
30
Мазмұны: 2. 3
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау
35
Мазмұны: 3
Кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары
Мазмұны: 3. 1
Қазақстан Республикасында инвестиция көзін тиімді пайдалану мәселелері және оларды жетілдіру жолдары
39
Мазмұны: 3. 2
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары
47
Мазмұны:
Қорытынды
56
Мазмұны:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
60

Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, Қазақстан Республикасында әлеуметтік экономикалық жағдайды дамыту үшін көп сала инвестиция тартуды қажет етеді. Сондықтан қазіргі таңда әрбір кәсіпорын инвестициялық саясатты жүзеге асырады. Жалпы инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы болашақта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауында Қазақстан шетел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын сақтап қалуы қажет. «Астана» халықаралық қаржы орталығы ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуда маңызды рөл атқаруға тиіс. Біз тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеуіміз керек. Мұны, ең алдымен, трансұлттық компанияларды тарту арқылы жасаған жөн. Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру керек. Қытай тарапымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Нысандар белгіленді. Нақты жұмыс істеу қажет. Бұл қазақстандықтар үшін 20 мың жаңа жұмыс орнын ашатын заманауи өндіріс болмақ. Қазір 6 жоба жүзеге асырыла бастады, ал 2 жоба іске қосылды. Соның бірі - гибридтік және толықтай электрлі JАС автомобильдерін ірі құрылғылардан құрастыратын зауыт. Қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жайын ескеріп, экспортқа бағдарланған электромобиль өндірісін одан әрі дамыту мәселесін пысықтауды тапсырамын. Тұтастай алғанда, Қазақстанның өз Инвестициялық стратегиясы болуға тиіс. - деп атап өткен болатын.

Жалпы алғанда қоғамның экономикалық дамуы мен әрбір шарушылық субъектісінің бәсекелес ортадағы игілігі көбінесе оның инвестициялық белсенділігіне тәуелді. Инвестициялық белсенділік макроэкономика мен микроэкономиканың күрделі мәселелерін қамтиды. Ол барлық шаруашылық механизмін құрайтын шаруашылық субъектілердің экономикалық әрекетіне әсер етуінің нәтижесі болып табылады. Бұл капитал жинағына, ғылыми- техникалық прогресстің жеделдеуіне материалдық ынта және де инвестициялық тауарлардың бәсекелестік нарықта болуы, нарық инфрақұрылымының дамуы және заң шығарушы база болып табылады. Инвестиция қажеттіліктерін ескеретін себептер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ бүтіндей оларды үш түрге бөлуге болады: қолда бар материалды-техникалық базаның жаңартылуы, өндірістік қызмет көлемін өсіру, қызметтің жаңа түрлерін баулу.

Нарықтық экономикадағы бәсекеге қабілеттілікті шешетін экономикалық санаттардың бірі. Бәсекеге қабілетті қарым-қатынастарды дамыту болмаса, біздің ұлттық экономика дамудың динамикалық жүйесі болады. Соңғы жылдары көптеген кәсіпорындар жоғары сапалы өнімдерді арзан бағамен өндіру қажеттілігін сезінді. Бұл жалпы өндірістік шығындарды төмендету, өнім сапасын жақсарту және оның бәсекеге қабілеттілігін білдіреді. Компанияның іргелі принциптерінің бірі нарықтық сұраныстың нарықтық деңгейін арттыру болып табылады. Бұл жағдай кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру және жалпы тиімділікті арттырудың негізгі бағыттарын айқындау үшін өте маңызды.

Кез-келген меншік нысанындағы кәсіпорын үшін белгілі бір уақытқа қаржылық нәтижені көрсететін шығын-кіріс коэффициентін есепке ала отырып, есеп беру жылының нәтижелерін ескеру және талдау өте маңызды. Инвестициялық тартымдылықты арттыру жолдары үнемі маңызды және жақын болашақта қалады. Мемлекет дамуының тағдыры болашақта ұлттық экономиканың кəсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын анықтайтын жас мамандардың қолында жəне олар қандай шаралар қабылданатын болады.

Экономикаға инвестиция тарту ішкі тапшылығын және тапшылықты болдырмауға, өндірісті ұлғайтуға, экспортты ұлғайтуға, импортты қысқартуға, тауарлардың жетіспеушілігін төмендетуге және өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда адамдарға экономикадағы инвестицияның нақты тиімділігін көруге тура келеді, ол жұмыс орындарының өсуі, жаңа өнімдердің пайда болуы және еңбек өнімділігінің артуы деп танылады.

Инвестициялық дағдарыс жүйелік дағдарыста базис бола отырып, бұрыннан белгілі ақиқатты максималды ашып көрсетті: экономикалық өсім бәрінен бұрын өзінің меншікті ресурстарымен, содан кейін ғана шетелдік инвестицияларды тартумен, олардың технологиялық құрылымымен, салалар бойынша дұрыс үлестіруі мен оларды пайдалану тиімділігі екені қамтамасыз етіледі. Қазіргі заманғы экономикалық саясатта акцент жетістікті құраушыға қойылады. Үшбірлікті талаптарды орындау толық емес нәтижелерге әкеліп соқтырады. Нақты инвестициялар облысында барабар заңшығарушы-нормативті база жоқ. Бірінші дәрежелі қарастыруды қажет ететін инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету, жобаның тіршілік қабілетін бағалау әдістемесін ұйымдастыру, инвестициялық жоба тәуекелдіктерін басқару, инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәсілдері мен әдістерін жатқызуға болады.

Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық реформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға шығуда. Ол-дегеніміз көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып табылады. Бұл диплом тақырыбының зерттеудегі маңыздылығы. Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқарады десек те болады, яғни казіргі уақыттағы өнеркәсіптік-экономикалық дағдарыстан шығуға көмектеседі деп білеміз. Өнімділіктің негізгі құралы ретінде инвестициялық әрекет экономикалық ортаға жаңа элементтер енгізетін әрекетке ие. Бұл кәсіпорын шеңберінде өнім өндіруде ұтымдылықты қамтамасыз етуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және әрине өзіміз айтып өткендей экономикалық дамуға әкеледі.

Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі: «Алтын Смарт» ЖШС-і

Зерттеу негізі: кәсіпорында инвестициялық тартымдылық үрдісін танып-білу.

Диплом зерттеуіндегі қолданған әдістер:

  • әдебиетке аналитикалық шолу;
  • инвестициялық үрдіске талдау жасау;
  • құрылымдық-функционалды әдіс.

Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу, инвестициялық саясаттың тиімділігін талдау және инвестициялық саясатты жетілдіру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

Кәсіпорынның инвестициялық әрекетінің теориялық және басқарудың әдістік тәсілдерін танып-білу.

«Алтын Смарт» ЖШС-нің инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдарын қарастыру.

«Алтын Смарт» ЖШС кәсіпорынының экономикалық қызмет әрекеттеріндегі қазіргі заманға лайық басқаруының даму жолын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізінде Қазақстан Республикасы Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен бағдарламалары, отандық және шетелдік ғалым- экономистерінің еңбектері, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері алынды.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Инвестициялық тартымдылықты арттыру біздің еліміздің экономикалық дамуындағы маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан инвестициялық белсенділіктің қарқындылығы әрдайым басым мәселелердің бірі болуға тиіс.

Бірінші бөлімде кәсіпорыннның инвестициялық тартымдылығын арттырудың теориялық негіздері қарастырылған.

Екінші бөлімде «Алтын Смарт» ЖШС-нің нарықтағы сипаттамасы, сондай-ақ экономикалық, қаржылық жағдайы талданады. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында жасаған инвестициялық жобасы талданған.

Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру және кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары ұсынылған.


1 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың экономикалық негіздері

  1. Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың

экономикалық мазмұны

Инвестиция сөзі латын тілінен шыққан, «ІnvеsТіrе» - жұмылдыру деген мағананы білідіреді. Феодал эпохасы кезінде инвестиция деген вассалдың феодалдық қолына кіруін айтқан: бұл сөзбен Епископтардың орын тағайындауын да айтылатын, және шіркеудің жерін билеуге, сол жердің иесін білідіретін Инвестура жаңа жерге ие болу мен қатар және сол жердің ресурстарын билеуге, өз пайдасына қолдануға рұқсат берілген.

Бір жағынан қарқынды инвестиция ақталады және сол жердегі территориялардан табыс табу бірнеше есе өсіп қоймай, және жер даму факторы ретінде қолданылды[4] .

Инвестиция- деп қаржы-қаражат, банктік заемдер, пай, акциялар, және тағы басқа құнды қағаздар, технологиядағы машиналар, лицензия, товар белгілері, кредиттер т. б. мүлік немесе мүліктік құқықтар, интелектуалды игіліктер, жаңадан іске қосылған кәсіпорындар және т. б. жұмыс түріне, пайда табу арқасынада әлеметтік жағымды эффект өсіру деп айтуға болады.

Ал инвестициялық қызмет бойынша түсінігі, шаруашылық қызмететті жүзеге асыру үшін әр - түрлі капитал салымдары.

Инвестиция объектісі:

1. Мүлік инвестициясы (матриалдық инвестиция) . Материалды инвестиция деп - инвестиция тікелей өндіріс процесіне қатысады. (Мысалы: инвестиция - құрал жабдық, материалдарға, құрлысқа)

2. Қаржы инвестициясы - қаржы мүлігін, басқа басқа фирма жұмысына қол сұғу және т. б. фирмалардың құқықтық жұмыстарына қатысу (акция сатып алу. )

3. Материалы емес инвестиция - материалды емес құндылыққа инвестиция салу. (кадрлер дайындау, реклама) [5] .

Объектіге қатысты инвестицияны екі түрге бөлуге болады: портфельдік және тікелей.

Портфельдік - құнды қағазға салынуы, курстың өзгеруі байланысты дивидендтер алу, тағыда сол шаруашылықтың басқаруына қатысуға құқық береді.

Портфельдің пайда болуы ол- құнды қағаздар және тағы басқа активтерді сатып алу арқасында пада болды.

Портфель - бұл неше түрлі инвестициялық құндылықтар жинтығы, бұл инструмент салушының жалпы бір тікелей нақты инвестиция нысанын көрсетеді. Портфельдің ішіне бір типті құнды қағаздар кіруі мүмкін (акция) және әртүрлі инвестициялақ құндылығы бар (акция, облигация, жинақталғын депозит, сертификаттар, және т. б. )

Тікелей (реалды) инвестиция - мемлекетпен және жеке фирмамен инвестицияны бір өндіріске құйылуы.

Тікелей инвестиция екі әр түрлі қолпакеттерден тұрады. Біріншісі инвестицяны жарғылық капиталға құю, ол дегеніміз қайта жасалған капиталды жағдай (компьютер өндірісі құрылымы, өндіру станоктары)

Екінші компонент - инвестицияны товар - материалдық қорға құю, бұл дегеніміз шиізат қорларын үлкейту, өндіріс процесіне жататын, немесе өтпеген дайын тауарлар. Коммерциялық тауар - материалдық қорлар, капитал қорының бір негізгі бөлімі ретінде саналады экономикалық жүйеде; олар капитал құрал-жабдықтар сияқты өте қажет өндіріс ғимараты.

Тікелей инвестиция тағыда; ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

Ішкі - бұл шаруашылық субъектінің қаржаты өзінің өндіріс факторына өзінің қаржы - қаражаттан қаржыландыру.

Сыртқы - бұл инвестициялық институттардың құралдарын өндіріс факторына, инвестиция керек шаруашылық субъект Тікелей инвестицияға тағыда жалпы және таза инвестицияларды жатқызуға болады. Жалпы таза инвестиция бұл жалпы инвестиция деп аталады, өйткені ұсталымдарды шегерімнен кейін өзіндік капиталдан тұрады[6] .

Ұсталыным сипаты бойынша:

Бірінші инвестициялар; немесе нетто инвестициялар, олар кәсіпорынды құрғанда немесе сатып алғанда жасалады.

Ұлғаюға инвестициялар; (экстенцивті инвестиция) бұл инвестиция кәсіпорынның өндіріс процесін ұлғайтады.

Реинвестиция: бұл инвестициядан түскен табыстан бос ақшаны қайта жаңа құрал жабдықтарды алуға, және жаңа өндіріс құралдарына құю, бұл кәсіпорынның негізгі қорларын ұстауға жұмсалған.

Ауыстыру инвестициясы: бұл ескі құрал - жабдықтарды, жаңа құрал- дабдықтарға ауыстыру. Инвестицияны рационализациялау: бұл инвестицияны техника және технологиялық процестерді модернизациялау. Шығарылатын тауарды өзгертуге салынатын инвестиция: Әртараптандыруға салынған инвестиция: тауардың номенклатурасын ауыстыруына байланысты, жаңа тауар түрін шығару және даңа өткізу орындарын табу. Инвестицияны кәсіпорында тоқтап қалмауын қамтамасыз ету, ҒЗКТЖ-ға жіберу, кадр дайындау, жарнама, қоршаған ортаны қорғау. Буртто инвестиция: ол нетто - инвестициямен реинвестициядан тұрады.

Тәуекел инвестициялар немесе венчурлы капитал инвестиция, жаңа акциялар шығару түрінде, жаңа қызымет саласында шығарылатын, үлкен тәуекелмен байланысты. Венчурлық капитал инвестициясы бір - бірімен байланысты емес объектілерге құйылады, бұл салынған ақшаның тез ауқуы. Бұндай капитал салымдар, өндірушіден біраз акциясын алумен жасалады, сонымен бірге соңғы акциялардың конверсиялақ құқығы бар[7] .

Капиталдың енгізілуі тәуекелділіктің жоғары деңгейі кішігірім, шағын кәсіпорындарды қаржыландыруға, жаңа технологиялар енгізумен көрінеді. Тәуекел капиталдың өзінде бірнеше формалары бар: Ссудалық, акционерлік, кәсіпкерлік[8] .

Ол ғылыми сыйымды кәсіпорындардың жарғылық капиталы жоғары және басқа фирмалармен тығыз байланыста болады.

Уақыт факторы бойынша:

  • Қысқа мерзімдік инвестицияляр
  • Ұзақ мерзімдік инвестициялар

Аннуитет - инвестиция, әр - бір уақыт мерзім кезінде жеке бір табыс алып келеді. Жалпы ол қаржыны зейнетақы сақтандыру қорларға енгізуі. Сақтандыру компаниялар мен зейнетақылық қорлар, ұзақ мерзімді міндеттемелер шығарады. Болашақта кездесетін шығындарды жабу үшін иелері сол шығындарды жабу мақсатында оларды құяды[9] .

Анри Кульман - жанама және тікелей инвестициясы

Франция экономика мектебінің көрікті ғалымы - Анри Кульман инвестицияның класификациясын, проблемасын мүлде басқа аспектте қараған. Ол жанама инвестиция (ақшамен), ал тікелей инвестицияны (ақшасыз) жасауға болады деп ойлаған.

Екінші түрде еңбек өнімін тікелей өндіру құрылымына ауыстыру, капталдың ақшалай форма кезеңіне аттап кету. Бұндай инвестицияның механизімі көбінесе ауыл шаруашылығанда жасалады. Мысалы: фермер ірі - қара малмен өз отарында бұзауларын тек қана амортизацияны жабу үшін ғана емес, одан көп бұзаулар алу. Олар оз отарының санын ұлғайтуға әсер етеді. Бұл кезде тікелей инвестициялау жүргізіледі. Сондай-ақ бақташыны алсақ олда өзінің барлық гүлдерін, жемістерін өткізбей тек қана 75% сатады, ал 25% тұқымға кетеді, яғни өзінің шаруашылығын ұлғайтады.

Тікелей инвестиция өте аз қолданылады өйткені өндірісте зауыт өз кірпіштерін өз жеріне тағы зауыт салуға арнамайды және осы қағида кең таралмаған[11] .

Экономика дамуының құрылымдық өзгерістерін табысты іске асырудың, жаңа ғылыми-техникалық негізде өндірістік әлеуетті құрудың әлемдік нарықта бәсекелестік позицияны күшейтудің негізгі шарты жоғары инвестициялық белсенділік болып табылады. Оңтүстік-Шығыс Азияда “жаңа индустриалды елдер” атты экономикалық феноменнің пайда болуы, қазіргі заманғы ғылымды қажет ететін салалардың тез дамуы осы елдер экономикасына тартылатын инвестициялардың тез өсуінің арқасында мүмкін болды[12] .

Нарықтық қарым-қатынастар жағдайында республикадағы өнеркәсіптік өндірістің дамуына инвестициялардың әсерін анықтау үшін, алдымен, “инвестициялар” категориясының әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық мәнін анықтап алу қажет.

Инвестициялар - бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңінде пайда болған, Қазақстандық экономика үшін біршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негізгі қорларды қайта өндіруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын “жалпы күрделі салымдар” түсінігі қолданылады.

Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтауда көптеген пікірлер бар. Пол Самуэльсон: “Таза инвестициялау” немесе капиталды құру деп, біз қоғамның нақты капиталының (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндірістік қорлар және т. б. ) таза өсімін айтамыз. Тұрғын адам “инвестициялау” деп, өзінің жер учаскесін, айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да меншік объектісін сатып алғанын айтады. Бірақ таза инвестициялау тек қана жаңа нақты капитал құрылған кезде ғана орын алады деп жазған.

Әйгілі “Экономикстің” авторлары инвестиция түсінігін кең түрде түсіндірді. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- “өндіріс шығындары және өндіріс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту”, яғни өндіріс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы[13] .

Инвестиция көзі болып, жинақ қаражаттары табылатыны белгілі. Бірақ жинақтар бір шаруашылық агентпен іске асырылады, ол инвестициялауды тіпті басқа адамдар тобы немесе шаруашылық субъектілері іске асыруы мүмкін. Сондықтан ғалымдар тобы түсінікті анықтау кезінде инвестицияның мәніне ғана емес, оның мақсатты бағытталуына да көңіл аударады. В. Бочаров инвестицияны тұтынуға қолданылмайтын табыстың бір бөлігі деп түсіндіреді. Инвестициялық қорлар инвестициялық іс-әрекеттің белгілі объектілеріне жұмсалады. Мұнда капиталдық құнның өсімі табыс түрінде немесе әлеуметтік эффект түрінде болады[14] .

В. Фельзенбаум, инвестиция түсінігін мағынасы бойынша “күрделі салымдар” және “қаржылық” (портфельді) инвестициялар түсініктеріне, яғни меншіктен табыс алуға құқық беретін акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетін нақты инвестицияларды қамтиды деп атап өткен[15] .

Инвестицияға анықтама бергенде, инвестицияның тек қана мазмұндылық сипаттамасына ғана емес, сонымен қатар олардың мақсатты бағытталуына да аса назар аудару қажет. Осы көзқарастан қарайтын болсақ, инвестиция жалпы ұлттық өнімді өндіруге жұмсалынатын табыстардың маңызды бөлігін құрайды, яғни капитал құрумен, физикалық капиталды кеңейтумен байланысты өндірісті кеңейтуге және жаңартуға кеткен шығындар болып саналады.

lс-тәжірибеде әр түрлі зерттеушілер инвестиция түсінігіне әр түрлі мағына береді. Жалпы тұрмыстық сана-сезім деңгейінде инвестицияны жер сатып алуға, қозғалмайтын мүлік, акциялар сатып алуға, құрылысқа, техникаға, пайдалы қазбалары бар кен орындарына және т. б. қаржылық салымдарды салу деп түсіндіреді.

Инвестицияларды нақты (капитал құрушы) - жаңа кәсіпорын құруға, іс-әрекеттегі кәсіпорынды қайта құруға немесе техникалық жарақтандыруға бағытталған салымдар және қаржылық (портфельді) - мемлекеттің, әртүрлі кәсіпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары мен акцияларын сатып алуға жұмсалған салымдар деп бөлуге болады. Бірінші жағдайда қаржы салымдарын жасайтын салымдар деп бөлуге болады. Бірінші жағдайда қаржы салымдарын жасайтын кәсіпорын-инвестор, өзінің өндірістік өзінің өндірістік капиталын - негізгі өндірістік қорларды және олардың жұмыс істеуіне қажетті айнымалы бағалы қағаздардан табыс-дивидендтер алу арқылы ұлғайтады. Мұнда өндірісті құруға ақша қаражаттары салымдарын, инвестициялық жобаларды іске асыруға қаржы құралдарын тарту үшін акцияларды шығарған басқа кәсіпорындар мен ұйымдар жасайды.

Жаңа өндірісті құруға бағытталған инвестициялар:

Жаңа өндірісті құруға бағытталған инвестиция

лар

:
Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвес-тициялар:

Өндірісті кеңейтуге бағыттал

ған инвес-тициялар

:
Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар:

Тиімділікті арттыруға бағыттал

ған инвестициялар

:
Мемлекеттік басқаруоргандарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар:

Мемлекеттік басқару

органдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар

Тәуекелділіктің жоғары Тәуекелділіктің төмен

дегейі деңгейі

Сурет 1- Инвестиция түрі мен тәуекелділік деңгейі арасындағы байланыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобаға түсінік
Қазақстан Республикасының өтпелі экономикасындағы инвестициялар
Шетелдік инвестициялар
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
Кәсіпкерлік қызметтегі инвестициялық жобалар
Қазақстан экономикасын дамытудағы инвестициялық процестер
Кәсіпорынның ауыспалы айналымы және капитал айналымы
Инвестиция және оның Қазақстан Республикасындағы қызмет етуi туралы
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары
Инвестициялар жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz