Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті

«Экономика және бизнес» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«ЭжБ» кафедрасының

меңгерушісі м. а., профессор

Ш. З. Заманбеков

«» 2019 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « Кәсіпорынның өндірістік инфақұрылымын пайдалануды жетілдіру »

5В050600 - «Экономика» мамандығы бойынша

Орындаған (4 к. 4 ж. ) Кадиркулова Г. М

Ғылыми жетекшісі

профессор, э. ғ. д. Қамшыбаев Р. А.

Алматы 2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті

«Экономика және бизнес» кафедрасы

Кадиркулова Г. М

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « Кәсіпорынның өндірістік инфақұрылымын пайдалануды жетілдіру »

5В050600 - «Экономика» мамандығы бойынша

Алматы 2019

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы әлемдік тәжірибені ескеретін, қазіргі заманға сай құқық нормаларымен реттелетін, нақты түбірлі реформалау негізінде елді тұрақты өркендеу өмір жолына түсуге мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық, конституциялық, мемлекеттік-құқықтық дамудың жаңа кезеңіне өтті.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылдың 14 желтоқсанында жасаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: «Біз инфрақұрылымды дамыту міндетін алға қойдық. Біз мұны да еңсердік. Өткен жылдар ішінде өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы мен тыныс-тіршілік инфрақұрылымының ірі стратегиялық объектілері іске қосылды. Бұл - автомобиль және темір жол магистральдары, құбыр жолдары, логистикалық орталықтар, терминалдар, әуежайлар, вокзалдар, порттар және т. б. »-деп нақты атап өткен болатын [1] . Елбасы жыл сайынғы жасаған жолдауларында өндірістік инфрақұрлымға өте үлкен көңіл бөліп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 31 қаңтар айында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Қазақстанның бес басымдығын атап өткен болатын. Соның ішінде, бесінші басымдық -Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту - маңызды басымдықтардың бірі.

Оған қазірдің өзінде қомақты инвестиция жұмсалды. Енді одан экономикалық қайтарым ала бастау қажет.

Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдың жылдық көлемін:

- контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін 7 есе - 2 миллион контейнерге дейін;

- жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе - 1, 6 миллион транзиттік жолаушыға дейін арттыруды тапсырамын.

Транзиттік тасымалдаудан түсетін табысты 5, 5 есе - жылына 4 миллиард долларға дейін көбейту қажет.

2015 жылы мен «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын ұсындым. Өткен 2 жыл ішінде бағдарлама өзін толық ақтады.

Биыл республикалық маңызы бар 4400 шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін соның кем дегенде 600 шақырымы пайдалануға беріліп, кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізіледі.

Еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет. Жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керек. Көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл аудару қажет.

Транскаспий дәлізі бойынша тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты Құрық портын салудың екінші кезеңі - автомобиль өткелі құрылысын іске асыруға кірісу қажет» - деп атап көрсетілген болатын [2] .

Бүгінгі таңда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында елдегі 263 кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымы салынып, қайта құрастырылуда. Бұл мақсатқа 49, 01 млрд. теңге бөлінген.

Жаһандану үрдістері, ақпараттық сферадағы жоғары технологиялар, қатаң түрдегі халықаралық технологиялық бәсекелестік тенденциялары өнеркәсіпте технологиялық базаны жетілдіруді талап етеді. Сондықтан заман талабына сай дамыған елдерде тиімді әзірлемелер жүйесі және түрлі қызмет сфераларына жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге негізделген инновациялық экономикаға өту үрдісі байқалады, демек, нарық жағдайында ғылым мен өндіріс интеграциясы байқалады. Өйткені ғылым жетістіктерінің сапасы ғылым деңгейіне ғана емес, сонымен қатар сол жетістіктерді өнеркәсіпте тиімді пайдалануға да тәуелді болып табылады. Экономикада инновациялық белсенділікті арттыру мақсатында ғылым мен өндірісті кооперациялаудың түрлі формалары қолданылады. Ал сол инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарға тиімді жағдайлар жасап, сол кәсіпорындардың дамуын қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығы - инновациялық инфрақұрылымды құрайды. Сондықтан бүгінгі таңда инновациялық инфрақұрылым ұғымының мәні мен маңызы өзекті мәнге ие. Қазақстан Республикасының экономикасының инновациялық экономикаға бағыт бұруы еліміздің өркендеген елдер қатарына қосылуының бірден-бір жолы болып табылады [3] .

Дипломдық жұмыс мақсаты - кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымының элементтерін ұйымдастыруды кешенді экономикалық негіздеу және олардың қызметін оңтайлы басқаруды тиімді жүзеге асыруға бағытталған шаралар жүйесін ұсыну болып табылады. Дипломдық зерттеулердің негізгі мақсатын іске асыру үшін келесідей міндеттер қарастырылуы керек:

  • өндірістік инфрақұрылым элементтерінің қажеттілігін айқындау;
  • өндірістік инфрақұрылым элементтерінің жалпы даму жағдайы, көрсеткіштері жүйесі мен даму әлеуетіне баға беру;
  • өндірістік инфрақұрылымның құрамдас бөліктерінің қызметін жақсарту жолдарын қарастыру.

Зерттеу мәні - кәсіпорынның өндірістік инфақұрылымын пайдалануды жетілдіру бойынша негізделген тұжырымдар жасау.

Зерттеу объектісіне ретінде Қазақстан Республикасында қызмет атқарып отырған «АЛТЕК» ЖШС-гі алынды.

Дипломдық зерттеулердің әдістемелік негізі: Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтары мен жыл сайынғы жолдаулары, басқа да құқықтық-нормативтік актілері, статистикалық мәліметтер тобы мен жиынтығы; динамикалық қатарлар талдауы .

Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, үш негізгі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттелетін тақырып өзектілігі негізделіп, мақсаттар мен міндеттер белгіленіп, зерттелінетін тақырып объектісі мен пәні айқындалады, әдістемелік және ақпараттық база көрсетіледі.

Бірінші тарауда экономикадағы өндірістік инфрақұрылымның теориялық негізі көрсетілген: олардың нарықтық экономикадағы ролі айқындалады, экономикадаға өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыруға қатысты сұрақтар, сонымен қатар елімізде инновациялық инфрақұрылым элементтерін құру қажеттіліктерін айқындау әдістері келтірілген.

Дипломдық жұмыстың екінші тарауында Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымының қазіргі жағдайы мен анализдің әдістемелік аспектісін талдауға арналған: өндірістік инфрақұрылымның құрамдас бөліктерінің қазіргі даму жағдайы, олардың негізгі қызметін талдау, өндірістік инфрақұрылым элементтерінің экономикалық әлеуетінің талдауы келтіріледі.

Үшінші тарауында қойылған міндеттер шегіндегі экономикадағы өндірістік инфрақұрылым элементтерін ұйымдастыру мен басқарудың механизмін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жүйесі ұсынылады.

Қорытындыда негізгі тұжырымдамалар түйінделіп, зерттелетін тақырыпқа қатысты ұсыныстар жасалынады.

1 Кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың теориялық мәселелері

1. 1 Өндірістік инфрақұрылымның түсінігі, элементтері, ерекшеліктері мен қалыптасуы.

Өндірістік инфрақұрылым - өндірістің жалпы жағдайын қалыптастырушы шаруашылық салаларының жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылым қоғам мен адам факторларын ескере отырып, әлеуметтік жағдайды жақсартуға, халықты жұмыспен, материалдық және рухани қажеттілікпен қамтамасыз етуге әсерін тигізеді. Мемлекет өндірістік инфрақұрылымды дамыта отырып, өндірістік үдерістердің ұтымды жұмыс істеуіне экономикалық, өндірістік және технологиялық жағдайлар тудырады. Нақты айтсақ, өндірістік инфрақұрылым - ұлттық көлік жүйесі, байланыс және ақпарат таратушы жүйе элементтерінің жиынтығы. Ол халықаралық қарым-қатынасқа, ішкі экономикалық байланыстарға қызмет етеді. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру және дамыту аймақтың еңбек бөлінісінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады және екі жаққа тиімді халықаралық шаруашылық байланыстарын қалыптастырады. Экономикалық жаһандану дәуірінде өндірістік инфрақұрылым халықаралық аумақтық еңбек бөлінісінде дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын күшейтуге өзіндік септігін тигізетін; қысқаша Инфрақұрылым.

Инфрақұрылым - (латынша Іnfrа - төменгі, астыңғы, sТruсТurа - құрылыс, орналасу) - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі, қоймалар және т. б. ; әлеуметтік- тұрмыстық инфрақұрылым - тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, сауда, жолаушылар көлігі және байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т. б. ; экологиялық инфрақұрылым - тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т. б. ) .

Қоғамдық өндіріс екі үлкен сферадан тұрады. Оның біріншісіне - қоғамның материалдық-заттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын салалар жататын болса, екіншісіне - оның материалдық емес (ақпарат, әр түрлі қызметтер т. б. ) сұраныстарын қамтамасыз ететін салалар жатады. Дегенмен, бұл сфералардың дұрыс дамуы үшін белгілі бір сыртқы жағдайлар (материалдық өнімнің айналуы, шаруашылық байланыстарды қалыптастыру, ақпаратны өндеу және жеткізу т. б. ) қажет. Кәсіпорындар жұмысының сыртқы жағдайларын қамтамасыз етумен, экономикалық әдебиеттерде “инфрақұрылым” алатын, экономиканың өзінше бөлек сферасы айналысады.

Экономиканың дербес сферасы болып, инфрақұрылым, материалдық-заттық өндірістен қоғамдық еңбек бөлінуінің тереңдеуіне және оның сыртқы жағдайларын қамтамасыз етуге деген сұраныстың өсуіне байланысты бөлініп шықты [4] .

Кәсіпорындардың сыртқы жағдайлары біркелкі болмағандықтан, инфрақұрылым салалары да біркелкі емес. Сол себепті, инфрақұрылымды төрт түрлі ірі салалар тобына бөлуге болады:

1. Өндірістік инфрақұрылым - өндіріс процестерінің тікелей сыртқы жағдайларын қамтамасыз ететін салалар кешені. Оған жүк тасу көлігі, көтерме сауда, электрмен, газбен, сумен қамтамасыз ету, қойма шаруашылығы, байланыс, ақпаратны өндеу салалары және іскерлік қызметтер сферасы жатады. Іскерлік қызметтер сферасы жарнама мен маркетингтік қызмет көрсетуді, жалға алу (беру) мен лизингті, басқару, инвестициялық саясат, т. б. жөнінде консультациялық қызмет көрсетуді, инжинирингті қамтиды.

2. Әлеуметтік инфрақұрылым - жұмыс күшін ұдайы өндірумен байланысты салалар кешені: денсаулық сақтау, білім беру, жеке сауда, жолаушылар тасу көлігі, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру, демалысты ұйымдастыру т. б. салалар.

3. Институттық инфрақұрылым - экономиканы макроэкономикалық реттеуді жүзеге асырушы салалар мен қызмет сфераларының кешені. Оған мемлекеттік аппарат, несиелік- қаржылық сфера, т. б. жатады.

4. Экологиялық инфрақұрылым - адам тіршілігінің зиянды жақтарынан қоршаған ортаны қорғау, қоғам өндірісі дамуының экологиялық жағдайларын қамтамасыз ету сфералары мен инженерлік құрылыстардың кешені.

Инфрақұрылым экономикалық өсімнің мүмкіндіктерін кеңейтуге тиіс.

Инфрақұрылымды екі бағытта дамыту: ұлттық экономиканы жаһандық ортаға кіріктіру, сонымен қатар, ел ішінде өңірлерге қарай қадам жасау қажет.

Өз пайдамызды мұқият есептей отырып, Қазақстанның шегінен тыс өндірістік көліктік-логистикалық объектілер құру үшін, елден сыртқа шығуға назар тіктеудің маңызы зор. Біз қазіргі түсініктерімізден арылып, өңірде және барша әлемде - Еуропада, Азияда, Америкада, мысалы, теңізге тікелей шыға алатын елдердің порттары, әлемнің тораптық транзиттік нүктелеріндегі және тағы басқа, көліктік-логистикалық хабтар секілді қазіргі заманғы кәсіпорындар құруға тиіспіз. Осы мақсатта «Жаһандық инфрақұрылымдық интеграция» арнайы бағдарламасын әзірлеу қажет болады.

Біз өз транзиттік әлеуетімізді дамытуға тиіспіз. Бүгінде нәтижесінде 2020 жылы Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдау екі есеге ұлғаюы тиіс болатын бірқатар ірі жалпыұлттық инфрақұрылымдық жобалар іске асуда. 2050 жылға қарай - бұл цифр он есе ұлғаюға тиіс.

Осының бәрі басты мақсатқа - экспортымызды тек біздің өніміміз бен қызметтерімізге деген ұзақ мерзімді сұранысболатын әлемдік нарықтарға қарай жылжытуға бағынуға тиіс.

Инфрақұрылым жасау, сонымен қатар, табыстылық заңына бағынуға тиіс. Жаңа бизнестерді дамытуға және жұмыс орындарын ашуға бастайтын жерде ғана құрылыс жүргізу қажет.

Шалғай өңірлерді немесе тұрғындарының тығыздылығы жеткілікті емес өңірлерді өмірлік маңызды және экономикалық қажет инфрақұрылым объектілерімен қамту үшін біз «инфрақұрылымдық орталықтар» құруға тиіспіз. Бұл үшін көлік жүйесінің озыңқы инфрақұрылымын құруды қамтамасыз ету қажет.

1. 2 Өндірістік инфрақұрылым элементтері және олардың ерекшелену белгілері

"Өндірістік инфрақұрылым" ұғымын қисынға келтірмес бұрын, өнеркәсіптік (немесе қандай да болмасын басқа) өндірісті, сонымен қатар тұрғындарды да қамтамасыз ететін шаруашылық салаларының кешенін білдіретін «халық шаруашылығының инфрақұрылымы» анықтамасын еске түсіру қажет. Оған көлік, байланыс, сауда, тұрмыстық - техникалық қамтамасыз ету, ғылым, білім, денсаулықты қорғау жатады.

«Кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымы» анықтамасын «халық шаруашылығы инфрақұрылымы» ұғымымен ұқсастыруға болмайды, өйткені өнеркәсіптік кәсіпорындарда халық шаруашылығындай сауда, ғылым, білім, денсаулықты қорғау толық көлемде жүзеге аспайды, тек негізгі өндірістің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететін өндірістердің кешені бар.

«Кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымы» ұғымын негізгі өндірістік процесті шикізатпен, құралдармен, жанармай және қуатпен, жабдықтармен, сонымен бірге технологиялық және энергетикалық жабдықтарды жұмыс күй-жағдайда ұстайтын қосалқы өндірістерге қызмет көрсететін кешен ретінде түсінуге болады.

Осы жұмыстардың жиынтығы өндірістің техникалық қызмет көрсетуінің мәнін құрайды. Демек, техникалық қызмет ету бөлімшелерінің құрамы қосалқы цехтер, қызметтер немесе жөндеу, энергетикалық, құралдық, көліктік, қоймалық қамтамасыздандыру және т. б. шаруашылықтары кіретін кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымын құрайды.

Кәсіпорынның бұл бөлімшелерінің құрамы мен көлемдері, негізгі өндірістің ерекшеліктерімен өндірістің түрі және мөлшерімен, оның ішкі және сыртқы ортамен байланысы анықталады .

Кәсіпорынның жөндеу цехтері мен қызметтері технологиялық жабдықтарды жөндеу және жаңарту әдісімен оның тұрақты эксплуатациялық даярлығын қамсыздандырады. Бұл цехтер мен қызметтердің мақсаты құрал - жабдықтарды жөндеу және жаңарту жұмыстарының сапалы әрі жұмсалған шығындарға қарамастан белгіленген мезгілде орындалуында.

Энергетикалық цехтер және қызметтер кәсіпорынды энергияның барлық түрлерімен қамсыздандырады, оның орынды қолдануын ұйымдастырады, жөндеу және жаңарту жолдары арқылы энергия қондырғылары мен жабдықтардың эксплуатациялық даярлығын қамтамасыз етеді, жаңа энергетикалық жабдықтарды енгізеді, негізгі өндірістік цехтерде энергия қондырғыларының дұрыс қолданылуын қадағалайды сонымен бірге оларды телефондық әрі радиобайланыспен қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның аспаптық цехтері мен қызметтері негізгі өндірісті жоғары сапалы жабдықтардың даярлауына ең аз көлемде шығындар жұмсай отырып, камтамасыз етуге тырысады. Аспаптық шаруашылықтың негізгі міндеттері:

- барлық цехтер мен жұмыс орындарын жоғары сапалы аспаптармен тоқтаусыз қамтамасыз ету;

- аспапты дұрыс қолдануды бақылауға алу әрі оның шығынын қысқарту;

- құрал-жабдықтарды даярлауға, сақтауға, жөндеуге және қайта қалпына келтіруіне шығындарды аз жұмсау;

- аспаптың ең қажетті қорларын сүйемелдеу болып табылады.

Көліктік, қоймалық әрі жабдықтау шаруашылықтары, цехтер мен қызметтер, өндіріс барысында барлық заттық қорлардың дер кезінде жеткізілуін, олардың сақталуы мен қозғалысын қамсыздандырады. Олардың жұмысына кәсіпорынның жұмыс ырғақтылығы және заттық қорлардың үнемді қолданылуы тәуелді болып келеді.

Өндірісті барлық аспап түрлерімен қамтамасыз етуді кәсіпорынның аспаптық шаруашылығы іске асырады. Аспаптық шаруашылық келесідей міндеттерді шешеді:

кәсіпорынның барлық өндірістік бөлімшелерін аспаптармен тоқтаусыз қамтамасыз ету;

аспаптар мен құралдарды орынды қолдануды ұйымдастыру;

өндірістік процеске зиян келтірмей, аспап запастарын қысқарту;

аспаптық шаруашылықты ұстауға кететін шығындарды төмендету.

Аспаптық шаруашылықты келесілер құрайды: аспаппен қамтамасыз ету, қалпына келтіру, жөндеу, реттеу және ұштау бөлімшелері; сақтау, жинақтау және аспап берумен айналысатын орталық қойма және үйлестіретін қоймалық бөлімдер.

Аспапты бірнеше белгілері бойынша топтауға болады.

Өндіріс процесіндегі рөлі бойынша:

жұмыс істейтін;

қосалқы;

бақылап-өлшейтін аспап;

құрылғылар;

штамптар;

пресс-формалар.

Аспапты қолдану сипаты бойынша:

арнайы;

әмбебаб (универсальный) .

Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы

Жөндеу қызметінің орындары мен цехтері өндірістік менеджменттің маңызды нысандары болып табылады. Бұл, технологиялық құралды қолдану барысында, оның физикалық және моральдік тозуға ұшырайтындығынан үнемі техникалық қызмет етуді қажет етуімен байланысты. Құралдың жұмысқа қабілеттілігі, оны жөндеу жолымен қалпына келтіріледі. Жөндеу жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру, кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымындағы өндірістік менеджменттің негізгі мәнін құрайды.

Жөндеу жұмыстарының пайда болуының экономикалық негізі техника бөлшектері мен түйіндерінің беріксіздігі болып табылады.

Жөндеу (француз тілінен аударғанда - дұрыстау, толықтыру, қайтадан жинау дегенді білдіреді) - бұл жеке қолданыстағы заттардың немесе негізгі қорладың тұтыну құнының жарым - жартылай қалпына келтірілуі және қолдануымен байланысты техникалық-экономикалық және ұйымдастыру шараларының жиынтығы. Іс жүзіндегі стандарттарға сәйкес жөндеу - бұл бұйымдардың немесе оның құрама бөлшектерінің жұмыстық қабілеттілігін қалпына келтіру операцияларының кешені болып табылады.

Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

- технологиялық жабдықтардың қалыпты эксплуатациялық даярлығын және оның жаңартылып отыруын қолдау;

- құрал-жабдықтардың қолдану мерзімін жөндеу жұмыстарысыз ұзарту;

- құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру;

- жөндеу жұмыстарына кететін шығындарды азайту және технологиялық құрал-жабдықтарға техникалық қызмет көрсету

Бұл мәселелерді келесі жолдармен шешуге болады:

- апаттар мен тозудың алдын-алу мақсатында, эксплуатациялық процесс барысындағы құрал-жабдыққа техникалық қызмет көрсету бойынша өндірістік менеджменттің рационалды жүйесін дайындау;

- жабдықты жоспарлы-алдын-ала, сапалы, дер кезінде жөндеу;

- ескірген жабдықты жаңарту;

Ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарда негізгі қорларды жөндеу жұмыстарын келесі дербес қызметтер орындайды: бас механик, бас энергетик, бас құралшы және бас сәулеткер. Осы аталған қызметтер кәсіпорынның (шаруашылықтың) жөндеу өндірісін құрайды.

Кәсіпорынның көлеміне және өндіріс сипатына байланысты, жөндеу қызметтерінде келесідей басқарудың ұйымдастыру құрылымдары қолданылады: орталықтандырылмаған, аралас және орталықтандырылған.

Басқарудың орталықтандырылмаған құрылымында технологиялық құралдарды жөндеу жұмыстарының барлық түрлері өндірістік цехтердің құрамына кіретін жөндеу бөлімшелерінің күшімен жасалады.

Сурет 1 - Кәсіпорынның жөндеу-механикалық қызметінің орталықтандырылмаған ұйымдастырушы құрылымы

Басқарудың аралас құрылымы кезінде технологиялық жабдыққа ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету негізгі цехтың жөндеу бөлімшелерін күшімен, ал күрделі жөндеу жұмыстары - жөндеу механикалық немесе басқа арнайы мамандандырылған жөндеу цехтерімен жүргізіледі.

Сурет 2 - Кәсіпорынның жөндеу-механикалық қызметінің аралас ұйымдастырушы құрылымы

Басқарудың орталықтандырылған құрылымында жөндеу жұмыстарының барлық түрлері және технологиялық құралдарға техникалық қызмет көрсету, орталықтандырылған жөндеу өндірісінің құрамына кіретін, арнайы мамандандырылған бөлімшелермен орындалады. Жөндеу жұмыстарын орталықтандыру қызмет көрсету сапасын жақсартады, жөндеушілердің еңбек өнімділігін көтереді, жұмыстың өзіндік құнын төмендетеді.

Сурет 3 - Кәсіпорынның орталықтандырылған жөндеу өндірісінің ұйымдастырушы құрылымы

Жөндеу жұмыстарына ағымдық (шағын), орта және күрделі жөндеу. Жөндеу жұмыстары негізгі қорлардың барлық түрлері бойынша жүргізіледі.

Ағымдық деп көлемі бойынша минималды жөндеу жұмыстарын айтады, оларға кезекті жоспарлы жөндеу жұмыстарына дейін құралдардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін механизмдерді жөнге салу және тез тозатын бөлшектерді ауыстыру мен қалпына келтіру жұмыстарын жатқызуға болады.

Орташа жөндеу күрделілірек болып табылады. Бұнда жабдықты жарым-жартылай бөлшектеу арқылы тозған бөлшектерді ауыстыру және қалпына келтіру қажет .

Күрделі жөндеу жұмыстары - көлемі және қиындығы жағынан ең үлкен, барлық бастапқы бөлшектерді жөндеу мен толық бөлшектеп жинауынды, түйіндер мен бөлектерді ауыстыруды, кейбір бөліктерін қалпына келтіруді, олардың дәлділігін тексеруді қажет етеді.

Жөндеудің барлық түрлеріне кететін шығындар жөндеу қорынан қаржыландырылады, ол кәсіпорында өзіндік құн есебінен норматив бойынша құрылады.

Кәсіпорынның энергиямен қамтамасыз ету шаруашылығы

Өнеркәсіп кәсіпорындары инновациялық техникамен және технологиямен толық жарақтанып жатқан жағдайда және барлық өндірістік үрдістер механикаландырылып, автоматтандырылып жатқан жағдайда түрлі энергия көздеріне, еңбектің қуатпен қамтылуына және еңбек жағдайын жақсартуға байланысты шараларды жүзеге асыруда электр қуатына деген қажеттілік үздіксіз артып отырады.

Энергетика шаруашылығының негізгі мақсатына осы қызметті атқарушы жұмыскерге аз шығын жұмсай отырып, кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қажетті энергетикалық ресурстардың түрлерімен қамтамасыз ету қажеттігі туындайды. Оған қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:

жалпы өндіріске қажетті энергияны сырттан қабылдау және кәсіпорынның өз күшімен өндірілетін энергияның жеке түрлерін іздестіру;

кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде энергияны ұтымды пайдалануды ұйымдастыру және жоспарлау;

энергетикалық құралдарды ұтымды пайдалануды бақылау, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді бақылау;

энергоресурстарды үнемдеу шараларын дайындау және жүргізу.

Қазіргі жағдайда энергоресурстардың негізгі көзі болып кәсіпорындарды өз энергия көздерімен қамтамасыз етуі саналады. Кәсіпорынның өз энергоресуртарымен жабдықталуы оған жоғары сапа, төмен баға және сенімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Энергияны кәсіпорын өз күшімен өндіруі орталықтан жабдықтаудың кәсіпорын үшін тиімсіз, техникалық жағынан мүмкіндігі төмен болған жағдайда ғана қажет болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік бөлімінің басшысы
Нарықтық экономика жағдайында ресурстардың сақталу процесі
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы
Көлік шаруашылығын ұйымдастыру
Кәсіпорында ресурстарды материалдық - техникалық қамтамасыз етілуін жоспарлау
Өндірісте техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Жөндеу қызмет көрсету жұмыстарының нарықтық сиымдылығы
Агротехнология мен машиналар
Өндірістің техникалық дайындығын меңгеру
Ауыл және орман шаруашылықтары үшін машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz