Ішік екі маусымда киюге арналған жылы киім



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тоқтамуратова Айжарқын Елубайқызы

Кәсіби колледж оқушыларына Шапан дайындау әдістерін меңгерту

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В012000- Кәсіптік білім мамандығы

Алматы, 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
___________п.ғ.к. профессор м.а. Р.А. Дәрменова
"_____"_______2019 ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Кәсіби колледж оқушыларына Шапан дайындау әдістерін меңгерту

5В012000- Кәсіптік білім мамандығы

Ғылыми жетекшісі Ұ.Н. Алашабаева
магистр, аға оқытушы

Орындаған А. Е. Тоқтамуратова

Алматы, 2019
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Педагогикалық бөлім
1.1. Кәсіби колледж және кәсіптік білім беруде топтық жұмысты пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8 1.2. Кәсіби лицей оқушыларына сын тұрғысынан ойлау стратегияларын енгізу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2. Конструкциялық және технологиялық бөлім
2.1. Дәстүрлі киім-кешек этностық тіршілікқамы жүйесінің бірі ... ... ... ... ... ..13
2.2. Қазақтың этнографиялық ерлер киімдерінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3. Ұлттық ою-өрнектерінің тәрбиелік мүмкіндіктері және бүгінгі күндегі маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.4. Ұлттық нақыштағы киім үлгісін таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 21
2.5. Заманауй қыздар киім үлгісіне сипаттама беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.6. Ұлттық нақыштағы киім үлгісінің басты ерекшеліктері және оның конструкциясын жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.7. Заманауй құрал жабдықтарды таңдау және оларға сиппаттама беру ... ... .38
2.8. Велюр матасынан тігілген бұйым дайындаудың технологиялық бірізділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.9. Түйінділерді тиімді өңдеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
2.10. Бұйымды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47

3. Әдістемелік бөлім
3.1. Базистік қысқаша мерзімді жоспарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57

КІРІСПЕ

Елбасы жолдауында таяуда кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастырып және болашақ көркем еңбек білім алуын мемлекеттік кепілдіруге көшуді қарастыру керек екенін нақтылап айттылып өтті. Демек, аймақ экономикасына қажетті көркем еңбек және сызу мамандарды даярлау мәселесі қолға алынды. Нәтежесінде кәсіби білім беру жүйесінде түбегейлі реформалар басталды. Нарықтық-инновациялық сала үшін, кәсіби-техникалық оқу орындарының кадрларын даярлауға баса назар бөлді [1].
Тігін өнеркәсібі қазіргі кезде халық шаруашылығының нарықтық саласы болып табылады, онда білімді механикаландырудың соңғы құралдары, компьютерленген техника, сондай-ақ өнеркәсіптің басқа да бірқатар салаларының жетістіктері пайдаланылады. Мұның бәрі маман тігіншілердің мол білім, іскерлік пен кәсіби дағдыларды талап етеді. Алға қойылған міндеттерді жоғарғы оқу орындары, лицей колледж білім беру жүйесінде даярланатын маман кадрларсыз жүзеге асу мүмкін емес. Жоғарғы маман дайындау сапасына қатысты жоғары білім беру ісіне қатысты талаптар күшейді. Инфрақұрылымның базасында қазіргі білім беру үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажет етеді. Сондай-ақ оқу бітірген жас мамандар жұмыспен қамтылып, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы көбейді.
Мамандыққа сай киім құрастыру оның сызбасын үлгілеу мен пішілуін студенттер жетік меңгерді. Сызбаның торкөздеріне мойын айналымы, иық және жан тігістері, етек белгілері сызбаларға толық түсіреді. Белдемше мен жең сызбаларында жеке түсіреді. Кәсіби колледж оқушыларына шапан дайындауда бұйымның пішілуі ең негізгі бөлшектерден тұрады. Жең түбінің биіктігі тігілетін киімнің пішініне байланысты. Шапан түрі тігістің көлденең немесе ұзын бойымен орналасқан тігіске байланысты өзгереді. Таңдалған пішімге байланысты матаның ені, түрлі түсі, мата бетінің бедеріне, мата тығыздығына және адамның дене бітіміне байланысты келеді. Ерлердің дене бітімі негізгі үш бөліктен тұрады: бой биіктігі, кеуде айналымы, мықын айналымы. Бұл үш өлшем - адамның жалпы өлшемі. Тұлға өлшемін дәл білу үшін бұл өлшемдер аздық етеді. Сондықтан қосымша өлшемдер алынады. Мысалы: бел өлшемі, іш шығыңқылығы, иық биіктігі, яғни иық жапсырмасының қалыңдығына байланысты. Алдын ала жеке адам өлшемін ұзынынан да, енінен де артық тігіске орын қалдырып орнымен есептеп алынады.
Құрастыру, көркемдеп модельдеу, киімді тігу - ұйымдастырылған күрделі процесс. Колледж білім беру мекемелерінің оқушыларына киім сызбасын аса дәлдікпен түсіруге ғана емес, сонымен бірге киім құрастыру әдіс - тәсілдеріне үйрету қажет. Бұл әдістер жеткіншектердің талғампаздығын, шығармашылықпен жұмыс жасауға, ұшқыр ой, тапқырлыққа, киім кию мәдениеті туралы ой - өрісін жетілдіруге көмектеседі.
Заманауи таңда тігін бұйымдарының топтамаларын көбейту мен көркем безендіруде киімдерді зерттеу және оны сән өнерінің бағыттарына сәйкес дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Жалпы киім ұғымы адамдардың заманауи қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни үнемі жаңғырып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Әдемілік, сәнділік - киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс таңдай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу - қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз қажет.
Киімді жобалаудан бұрын, сәнді үлгі жинағынан керекті үлгідегі киімдермен танысу керек. Киім жиынтығы бірнеше топтардан тұрады. Киім матаға, киетін адамның жас мөлшеріне және сол киім қандай орынға арналғанына байланысты. Күнделікті киімдер тобына баса назар аударылады, өйткені бұл классикалық немесе спорттық стилде болуы мүмкін. Біздің өмірімізде классикалық киім ерекше орын алады. Өйткені, бұл әмбебап киім түріне жатады.
Зерттеудің өзектілігі
Ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне байланысты ата-бабадан мирас болып келе жатқан қазақ шапанына ерекше мән берілуі - заңды құбылыс. Әр түрлі киім тұржиындарына ұлттық элементтерді пайдалану, ерлер шапанын дайындау, насихаттау бұл зерттеу мәселелерінің бірі болып табылдады.
Жағандану кезге дейін ұлттық шапан бұйымдарын құрастыру әдістерін қолданып қарап жүрген ғалымдарымыз баршылық. С. Ж. Асанова, Ая Бапани, Б. М. Уалиев, Қ. Ж. Кучарбаева ғылыми зерттеулерде тек құрылыстық - технологиялық бірізділігі мен композициялық шешім негізін қарастырылған. Ұлттық нышандар дамып келе жатқан кезеңінде костюм түрлендіру үрдісін зерттеп сипаттама беру қажеттілігі туындауда. Сол сияқты ұлттық киімді безендіруде ою өрнектердің тек классикалық симметриясының түрленуі ғана талданған. Киім ерекшелігі жас мөлшеріне, әлеуметтік жағдайына, өмірге деген көз қарасына, қуанышты немесе қайғылы оқиғаға, күнделікті тұрмысқа байланысты анықталған. Бұл талаптар қолданатын матаға, сурет бейнесіне, түсіне, көлеміне, пішініне және киім бөліктеріне әсер етеді.
Жүргізілген диплом жұмыста ерлер киімдерінің тарихи бастамасы мен қазіргі таңдағы өндірістік түрлендіру үдерісі қарастырылған. Арнайы тігін шеберханаларында өндіріліп жатқан өнімнің сапасы, қазіргі қоғамның даму саяси және экономикалық өркендеуде өте маңызды болып бағаланады. Киімдердің жаңа түржиындары моделдену арқасында түрленеді. Диплом жұмыс барысында тиімді бұйым түржиындарын құрастыру тәсілдерін анықтауға бағытталған. Бұл мәселені шешу мақсатында тауарлардың оның ішінде ұлттық нақыштағы киім бұйымдарын ою өрнекпен безендірілуі зерттелінді. Сонымен қатар, еліміздің экономикасының қалыптасу тұсында қазіргі заманға сай заманауи ерлер шапанын ұлттық нақышта дайындауды жобалау тәсілдері ұсынылды.
Зерттеудің мақсаты: Кәсіби колледж оқушыларына Шапан дайындау әдістерін меңгерту.
Зерттеу міндеттері:
- ұлттық шапанды құрастыруда сапалы еңбек өнімін шығаруға білімі мен іс-әрекет ептілігін, дағдысын қалыптастыру;
- киімді модельдеуде ұлттық нақышта жобалау әдістері зерттелініп жүйеленеді;
- қазақ ұлттық шапандардың композициялық ерекшеліктерін білу;
- киім үлгісін дайындауда ұлттық мотивтерді қолдану, бұйымның эстетикалық сапасымен, киім пішіні мен сәндік безендірілуінің жаңартылуын қарастыру;
- болашақ колледж оқушыларын даярлауда мамандардың киімді жобалау іс - әрекетін жетілдіріп дамыту.

1. ТАРАУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БӨЛІМ
1.1. Кәсіби колледж оқушыларына білім беруде топтық жұмысты пайдалану

Тиімді оқыту оқытушының ойлауына негізделген білімді қалыптастыру үдерісі дейтін болсақ, онда оқытушының дәстүрлі тәжірибеге араласуы мен оны талдауын белгісіздікке жасалған қадам деп сипаттауға болады. Оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын студенттерге меңгертуде оқытушы мен оқушылардң қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының бірі топтық жұмыс болып табылады. Оқытушы әр оқушының топтағы орнын түсіндіріп ортақ табысқа жету көңіл-күйін қалыптастыруы тиіс. Топтың табысқа жетуі оның әр мүшесіне тәуелді [2].
Қарым - қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:
* орнымен сөйлеу;
* ұйып мән беру;
* сұрақ беру мен жауап алу;
* ұсыныс енгізу және басқалардан толықтыру, бар ма екенін сұрау;
* өз ойлары және пікірлерін алмасу және басқалардың ойлары мен пікірлерін білу;
* ұшқыр ойларын және ұсыныстарын топпен талқылау;
* жәрдемдесу және көмек сұрау;
* анықтама беру;
* идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау;
* топтық шешім қабылдау және бір қортындыға келу;
* сараптаудың қортындысын шығару;
* дәлелдер келтіру [3, 16-бет].
Топтық шығармашылық жұмыс арқылы оқушылар өздерін жеке тұлғалық деңгеймен қатар, кәсіби деңгейде де тануға мүмкіндік алады. Екі топтағы оқушылар өздерінің ұшқыр қиялдағы ойларын бір-бірімен бөлісіп, маникенде Муляждық әдісті пайдаланып түрлі-түсті маталармен, түйреуіштермен жұмыс жасауға болады.
Муляждық әдісті бастамастан бұрын, оқушылар тұлғаның жас ерекшелігіне, эскиз мен матаның құрылымын таңдап зерделеген кезде, сабақтың мақсатын оқушылар жан-жақты ойлануына, сөйлеу мен тіл мәдениетін қалыптастыруға, өз ұшқыр қиялдағы ойларын еркін жеткізуге, тіл байлықтарын, сөздік қорларын арттыру үшін сол нәтижеге жетеді. Осы жағдаяттарды ескере келе, тәжірибелік сабақта топтық жұмыстың маңызы оқушылар үшін пәнге деген қызығушылықтарын одан әрі арттырды. Топтық жұмыс барысында оқушылар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етеді. Сабақта технологиялық терминдер басым болғандықтан, өз ойларын еркін жеткізе де алмайтын үндемей отыратын оқушылар да өздерін бірте-бірте аша бастады. Сабақтың тақырыбы бойынша оқушылар өз ойларын ашық түрде білдіре бастады. Нақтырақ айтатын болсақ, оқушылар өздерінің креативті жаңа бір идея туғызатындығына, оны өз ортасында салып айтуына болатынын түсіне бастады. Жаңадан туындаған өз қиялдағы идеяларын, пікірлерін дәлелдеуге қызығушылықтары артты. Оқушылардың киім таңдаудағы өзіндік көзқарасын қалыптастыруға, талғампаздыққа және әдемілікке тәрбиелеуге, білімділігін арттыруға, муляж әдісіні туралы біліктілігін қалыптастыруға түркі болдық. Оқушылардың креативті ойлау қабілетін дамыта отырып, жарнама жасауға және киім таңдаудағы өзіндік көзқарасын қалыптастырып, талғампаздыққа және әдемілікке өзіндік шеберлікке дағдыландыру. Сабақ барысында көрсетілгендей муляждық әдіс құю, жапсыру, жасау, көшірме - бедер деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманда күрделі үлгі жасауда немесе жеке адамдарға тән пішім негізін жасағанда, жалпыға арналған өнімдер үшін жасалған үлгі - макетін тексеру үшін қолданылады. Ұсынылған әдіс бойынша оқушылар киім тігу кездерінде бұл әдісті буу, байлау, түйреу, жиыру арқылы қолданады.
Шығармашылық дағдыларын қалыптастыра отырып, екінші кезеңде екі топқа Кейс - стади әдісін қолдандық. Кейс әдісін қолданудағы оқытудың табысты болуы модератор жұмысына байланысты. Оның негізгі мақсаты оқушылар бір командыда жұмыс істеп, үйреніп ақпараттың тапшылығына қарамастан, ең тығыз уақытта, тез арада шешім қабылдау білу. Ашық пікір айырбастау әрбір қатысушының өз мүмкіндігін, іс - қимылын толық қолдануына жағдай жасау және өзінің іс жобасын жүзеге асыру барысында қатысушының атқаратын мүмкіндігі үшін әрекет ету, сарапшы, аналитик және экспериментатор қатысуына мүмкіндік жасау.
Кейс міндетіне мыналар кіреді: Модератор барлық пікірлерді тіркейді, оларды айтылу барысындағы пікірлерді сараптап, оларды топтап сынын бақылап отырады [4].
Кейс әдісі - нарықтық экономикада және әлеуметтік жағдайларды суреттеу арқылы, оқу барысында қолданылатын оқыту техникасы деп түсінуге негіз бар. Жағдай деп - ұжымдағы, қоғамдағы қандай да бір нақты шынайы жағдайдың жазбаша берілуді айтуға болады. Мысалы, кәсіпорынның құрылуы, оның дамуы, бизнестегі табыстары мен қиыншылықтары бар. Білім алушылар ұсынылған жағдайды талдап, мәселенің маңызын түсіндіріп, шешу жолдарын көрсетуді және олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алулары тиіс. Осы талдау барысында білім алушылар, өздерінің алған білімдерін ұтымды пайдалана алады. Ал оқытушының міндеті, осы кейс әдісін қолдану барысында, оқушылардың белсенділігін бақылап, барлығының қатысуын қадағалауы керек.
Мұнда, креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын ерекше құруға шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасадық. Ойландыратын сұрақтардың түрлерін "Кім білгір" және "Ребус" тәсілі арқылы миға шабул әдісін қолданып, оқушылардың міндеті кейс жүйесін үйреніп және оны іс жүзінде жүзеге асыра отырып нақты шешім қабылдай алуларына түркі болдық. Оқушылар оқытушы берген қандай да бір анықталған уақыт көлемінде сұраққа ұжымдық жауап дайындау үшін уақытша кішігірім топтарға бөлінеді. Әрбір топтармен кері байланыс ретінде Екі жұлдыз бір ұсыныс бойынша жауаптарды салыстырулар, оларды өңдеу, ұсыныстарын, тұсаукесер үшін рәсімделетін жеке бір көзқарасты өндіру жұмыстарын жүргіздік. Әрбір топта шешімді жеткізетін спикер тағайындадық. Спикерлер топтардың шешімін таныстырады және сұрақтарға жауап береді.

Топтық жұмыстың тиімді жақтары: әр оқушы пікірін немесе позициясын күшейтеді, топтық дағдыларды қажетсінеді. Сонымен қатар, бұл сатыда сабақтың ұйымдастырылуының тиімділігі талданады, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың түйінді мәселелері анықталады. Оқушылардың креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын ерекше құруға шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды [5].
Біз өзіміздің тəжірибемізде оқыту мақсатын білім алушылардың сабақта белсенділігін арттыруға, шығармашылық, бəсекелестік деңгейлерін жетілдіруге, оқытудың жаңа инновациялық əдістерін меңгертуге, көркемдік еңбек және сызу мамандықтарының ерекшеліктерін терең меңгеруге бағыттаймыз. Сабақта əр түрлі əдіс - тəсілдерді қолдана отырып, оқушылардың сабақта белсенділіктерін арттырып, айналасымен қарым-қатынас жасай отырып, олардың коммуникативтік құзырлылығын дамытуға тырысамыз. Сабақта білім алушының іс-əрекеті арқылы нəтижеге жетуді жоспарлаймыз.
Қорыта келгенде, Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын дүние əлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті жастарымызды айқындау.
1.2. Кәсіби лицей оқушыларына сын тұрғысынан ойлау стратегияларын енгізу
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезеңін әлемдік деңгейдегі білім беру тенденциясынан бөліп қарауға болмайды. Бұл әлемдік деңгейдегі қатынастың күшейе түсуіне байланысты.
Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер үшінші мыңжылдықтың білімді, саналы жастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктері сөзсіз. Әлемдік білім беру кеңістігіне ену кәсіптік білім үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты: білім беру парагдимасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда және педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына ғылымның үлкен рөліне мән беруде. Сын тұрғысынан ойлау - ең алдымен шығармашылық ойлау. Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді деген Л.С.Выготский. Енді студенттердің белсенділігін қандай тәсілдер арқылы арттыруға болады деген сұраққа байланысты Сыни ойлауды дамыту жобасы авторлардың бірі Ч.Темпл төмендегідей әдістерді ұсынады:
- күтілетін нәтижелерді нақты айқындау; жазба жұмыстарын жиі орындау;
- білім алушылардың ой-өрісін,белсендіретін сұрақтар қою;
- бірлесе оқу тәсілдерін қолдану;
- оқыту пәндерінің әлеммен, күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру [3. 12 бет].
Бұл біздің елімізде білім беру мен оқытуға жаңа көзқарас ресми тұрғыда да қалыптаса бастады деген сөз емес пе?
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты оқушылардың пәнге деген қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзетіп, сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы білім алушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан бастадық. Бұл әдісті қолданғандағы мақсатымыз барлық оқушыларды тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізуге, сыни ойлауын дамытуға, сабаққа деген ынтасын арттыруға ықпал етеді деп ойлаймыз. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін сыни оқу стратегиялары мыналар: Венн диаграммасы, Джиксо, Ассоцация, Технологиялық өңделу бірізділік карта, ІNSЕRТ. Түйсік пен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның кезеңі түсіне білу. Бұл кезде оқушылар жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушылар өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалды. Тақырып бойынша оқушылар жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары жеткілікті пайдаланады. Мақсатымызға жету үшін алдымен FаsНіоn этно бейнежазбаны көрсетіп, ұлттық киімдер түрлері арқылы топқа бөлдік. Оқушыларға тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін ІNSЕRТ әдісін қолдандық, бұл стратегия, ұлттық киімдердің түрлері атты мәтіндерді оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. ІNSЕRТ -- оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V - "білемін", -- -- "мен үшін түсініксіз", + -- "мен үшін жаңа ақпарат",? - "мені таң қалдырады" белгілерін қойып отырып оқу мәтіндерін тапсырады. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - күрделі жұмыс. Сондықтан да, сабақ барысында оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмауы кездесті. Алайда, оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беруде бұл кемшіліктер жойылды.
Сабақта қолданған Бинго әдісінде интерактивті тақтада 3х3 шаршысында киімнің түржиыны, тігіс түрлері сабақ тақырыбына қатысты əртүрлі түйінді сөздер жаздық. Оқушылар тиісті түйінді сөздерді айрықшалауы керек. Бұл жерде оқушылар негізгі сөзді жаза отырып, пайымдауларды шынайы немесе жалған етіп шығарып, оның дұрыстығын анықтамамен дәлелдеді. Дәлелдемелер ішінде сөздер пайымдауы ішінде сұрақ та жауап та бірге болды. Олар аз сөздерден құралып, оқушылардың негізгі сөзі пайымдауы уақытылы аяқталды. Олар тапсырмаларды құру кезінде аз сөзбен тапсырма мазмұнын нақты ашып шықты. Мысалы, Ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне байланысты ата-бабадан мирас болып келе жатқан мәдени мұраларына ерекше мән берілуі - заңды ... құбылыс. Оқушыларға тақырыпты бағалау үшін арнайы дайындалған стикерлерге əртүрлі түйінді сөздер жинағын тараттық.
Оқушы не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өзі білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни шығармашылық деңгейлерін көрсетті. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге бағытталған сыни оқу стратегияларымыз сабақтың ерекше, ауыр-жеңілдігіне қарай өтуіне түрткі болдық. Оқушылар бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді, әр оқушы өз шығармашылығын көрсете білді. Қазіргі қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы да жүзеге асады. Оқытушы-ұйымдастырушы, бағыт беруші, топта шешім жасаушы және үкім кесуші оқытушы емес, білім алушы екендігі туралы пікір қалыптастырады, яғни оқушы басты тұлғаға айналады, оқушы оқу әрекеті-оқытушы жүйесі қажет болады. Сондықтан өз тәжірибемізде осы жаңа бағыттардың ортақ нүктесі қиылысар жерінде бір-бірімен ұштастыруға, өзара байытуға үлкен мүмкіндік барын байқадық.
Тағы да сәтті ұйымдасқан әдістердің бірі Ақылдың алты ойлау қалпағы әдісін айта аламыз. Бұл әдісте оқушылар моделіне байланысты киімдерде әр түрлі қалталар болуын, олардың негізгі қызметтері: декор, функционалды, сәндік қызметін де атқаратындығы туралы ерекшеліктерін талдады. Қалталардың бағыттары әр түрлі: көлбеу, қиғаш және тік болуы мүмкін, өңдеуді әртүрлі тәсілмен орындауға болатын анықтады. Бұйымдарда қалталар конструкциясына қарай үш түрге: қима, қиылмаған қалталар, жапсырма қалталардың түрлеріне анализ жасады. Алты қалпақтың әрқайсысы киім тігу барысындағы кездесетін алты қалта түрлерін, ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіртті. Оқушылар Эдвард де Бононың әдісі арқылы сипаттап берді. Бүгінгі таңда оқытушы қандай болу керек, оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді? Оқытушы ең алдымен, бала жанының тамыршысы болуы тиіс. Бала жүрегінің перделерін дәл тауып, оны ойната білу оңайлықпен келмейді. Бұл оқытушының өз мамандығына деген сенімділігі, бейімділігінен, айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді. Осы үшеуі оқытушы мейірімділігімен ұштасқанда нағыз тамыршы бола алады. Оқытуға деген ынта, өзіндегі барды асқан мейірімділікпен жеткізе білу оқытушы шеберлігінің бір қыры. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттеріне нұр құятын оқытушы ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Бұл лайықты тұлғаға жету үшін ізденіске жүру қажет деп ойлаймыз.

2. Конструкциялық және технологиялық бөлім
2.1. Дәстүрлі киім-кешек этностық тіршілікқамы жүйесінің бірі

Киімді көшпелілердің тіршілікқамы жүйесінің ең ежелгі және ең мәнді элементі болатындығын, оның дәстүрлі ортадағы тұтыныс қатынастарының аса қажетті обьектілері, құралдары, тіпті, осы қатынастар жүйесінің бірі ретіндегі құрылымдық және функционалдық табиғатымен түсіндіруге болады. Ал, дәстүрлі тіршілікқамы жүйесіне киімнен басқа: қоныстану жүйесі, тұрғын үй-жай, үй жабдықтары мен халықтық медицина сияқты күнделікті қажетін тікелей қамтамасыз ететін элементтер кіреді. Бұлардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстар адамдардың сұраныстары арқылы ғана жүзеге асқан. Сондықтан да бұл байланыстардың құрылымдықтан гөрі, функционалдық табиғаты әлдеқайда басым.
Демек, этносты нақтылап айтсақ, көшпелілердің тіршілікқамы жүйесі - түптеп келгенде, осы жүйеге кіретін элементтердің өзара біріккен функционалдық жүйесі. Бұдан шығатын қорытынды, тіршілікқамы жүйесінің элементтері бір-бірімен өзара қызметтес жағдайында этностың күнделікті тіршілігін тікелей қамтамасыз ететін қажетті материалдық құралдары рөлін атқара алады.
Көшпелілердің киім-кешегі сонау ерте заманнан бергі әлеуметтік жүйелердің түпкілікті үстемдік құрған кезеңіне дейін: құрылымдық жағынан болсын, стильдік ерекшеліктері тұрғысынан болсын өзінің этникалық мәнді пішінін жоғалтпаған. Ежелгі көшпелілер мәдениеті мен олардың ортағасырлық мұрагерлерінің дәстүрлі өмір салтын айғақтайтын сан алуан археологиялық материалдар дәлелдеп отыр. Мысалы ретінде көшпелілер киімінің кебенекше ойып пішілген деп аталатын ең басты конструктивті элементін айтуға болады. Бұл ұғым орыс тілді әдебиетте кең қолданылатын туникообразный покрой дегенге сәйкес келеді. Себебі, қазіргі ғылыми зерттемелерде, киім-кешек Орталық Азияның аса қатал табиғи жағдайында адамның ең тиімді тіршілік ету тәсілі, тіршілікқамы жүйесінің ең мәнді де, қажетті құрамдас бөлігі болған [6].
Сонымен бірге, киім-кешек көшпелі ортадағы айырбас қатынастары жүйесінің де, мысалы, жасау мен қалың малдың ең мәнді элементтері ретінде аса маңызды құралы функциясын да атқарады. Сондай-ақ дәстүрлі киім-кешек тікелей тіршілікқамын қамтамасыз етумен қатар, ...эстетикалық, магиялық, адамдардың жасына байланысты және әлеуметтік-жыныстық айырмашылығы, күйеудегі әйел костюмінің функциясы, әрі сән-салтанаттық, ғұрыптық, адамдардың айналысатын кәсібін, діни ұстанымын, аймақтық ерекшелікті айғақтайтын қызметтерімен ерекшеленеді.
Демек, функционалдық жағынан ғана ерекшеленетін сипаттардың өзара себеп-салдарлық байланыстағы жүйесі дәстүрлі киім-кешектің этникалық мәнді дара бітімін айғақтайды. Ал, осы дара қасиеттер мен белгілер дәстүрлі киім-кешекті этностың өзіндік айқындау жүйесінің қалыпты қызметінің ең қажетті де, маңызды факторларының біріне айналдырады. Яғни, халықтық киім-кешек жоғарыда аталған сан алуан қызметтердің бірыңғай көрінісі этножіктеуші ретінде, өзара себеп-салдарлық байланыстағы қызметтерді де атқарады. Осыған орай, дәстүрлі киімдерді семиотикалық аса мәнді айрықша белгілер жүйесі болып табылады.
Демек, халықтық киім-кешекті оның атқаратын сан алуан тіршілікқамын қамтамасыз ету және әлеуметтік-мәдени қызметі тұрғысынан әлеуметтік қатынастар жүйесінің құралдық элементтер деп аталатын бөлігіне жатқызуға болады.
Көшпелілердің киім-кешегі тарихы, әлеуметтік, мәдени-антропологиялық, этнографиялық, экономикалық, тіпті, белгілі бір мәселе бойынша элеуметтік географиялық сипаттағы сан алуан мәліметтер тоғысқан деректердің ерекше топтары болып табылады.
Берілген шығармашылық көздің бірінші талпынысы ретінде төмендегі сурет себепкер болды, 1- суретте ұлттық нақыштағы қазіргі заманға сай тігілген ұлттық киім үлгісі көрсетілген.
Сурет 1- Қазақ ұлттық киім үлгілері
Ұлттық киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті, сәндік киімдер, жыл мезгілдеріне байланысты қыстық, маусым аралық, жаздық, күздік киімдер болып бөлінеді 2-суретте берілген. Қазақ халқының өмір тіршілігінде дәстүрлі сырт киімдерді тігуде төрт түлік малдың терісі мен жүні үлкен рөл атқарған және ата-бабамызға осыдан екі мың жылдар бұрын білгілі болған. Сырт киімнің көне түрлерін тігуде негізінен үй жануарлары терілері мен жүндерінің ең асылдарынан басқа, жабайы аңдардың да терілерін пайдаланған. Киімді асқан ұқыптылықпен шаршылап, қылшығын сыртына шығара басқан жұқа киізден ақ-қара немесе қоңыр түсті етіп, атқа отыруға, көшіп-қонуға және ауа райының қолайсыз жағдайларына ыңғайландырып тіккен.

Сурет 2- Қазақ халқының киімдерінің түрлері

Көне заманғы ерлердің сырт киімдері түймеге бекітілмейтіндіктен, тек белбеумен ғана оң жаққа қарай қаусыра киген

2.2. Қазақтың этнографиялық ерлер киімдерінің түрлері

Қазақ халқының өмір тіршілігінде дәстүрлі сырт киімдерді тігуде төрт түлік малдың терісі мен жүні үлкен рөл атқарған және ата-бабамызға осыдан екі мың жылдар бұрын білгілі болған. Сырт киімнің көне түрлерін тігуде негізінен үй жануарлары терілері мен жүндерінің ең асылдарынан басқа, жабайы аңдардың да терілерін пайдаланған. Киімді асқан ұқыптылықпен шаршылап, қылшығын сыртына шығара басқан жұқа киізден ақ-қара немесе қоңыр түсті етіп, атқа отыруға, көшіп-қонуға және ауа райының қолайсыз жағдайларына ыңғайландырып тіккен.
Көне заманғы ерлердің сырт киімдері түймеге бекітілмейтіндіктен, тек белбеумен ғана оң жаққа қарай қаусыра киген. Ұлттық сырт киімдер жасалған материалына, мәнер үлгілеріне және таралған аймақтарына, жүз, ру атауларына қарай - шекпен, бешпент, күпі, тон қамқа, сеңсең, қасқыр шолақ, кеудеше, шапан күдері, қаптал, шолақ, дақы, ішік қасқыр, пұшақ, бота, түлкі болып бөлінеді.
Шекпен - жауын-шашынды күні, ызғарлы күндері киетін сырт киім. Ертеректе шекпен бота, тайлақтың майда жүнінен қылшықталып иіріліп, өрмекте тоқылған жұқа матадан тіккен. Астарсыз шекпенді Шидем шекпен дейді. Оған қара барқыттан не болмаса басқа тыстық матадан дөңгелек жалпақ жаға салып, етек жеңін сондай матамен көмкеріп өңделеді. Шидем шекпен тайлақтың жүнінен тоқылады. Тайлақтың жүні әрі майда, әрі жеңіл болатындықтан, одан тоқылған шекпен де әдемі болып шығады.
Шекпен су өткізбейді. Бұйым ұзын мол тігіледі, жанында жырымы болады, ілгек салынбайды. Алды бір-біріне қаусырылатындай ашық, жеңі қолдан сәл-пәл ұзынырақ болып келеді. Белге шалма белбеу, бау, кемер белбеу, қайыс белбеу, тоғалы былғары тағылады. Мойынға ыңғайлап, көкірек ашық тұратындай етіліп, өңірімен жалғасқан үш-төрт елідей тік жаға салынады. Жағасы алдыңғы және артқы бойы негізгі жібі бойлай пішілсе, жеңі бұған кесе арқау жібі бойынша пішіледі. Жең ұшы, жырым мен етек, өңір, мойын шеттері әртүрлі әдіспен әдіптеледі. Кейде жіпті бояп тігетін шекпендер болған.
Мысалы, шекпен ұштарын қызыл матамен әдіптеліп, жеңіне ақ гүлді қосақ қызыл жіп арқылы шырай берілген.

Шекпеннің тағы бір артықшылығы ол таза түйе жүнінен тоқылса аса мықты болады, ұзақ киіледі.Оған мақпалдан немесе басқа қалың матадан қайырма немесе тік жаға салады.
Шекпеннің астарсыз, сырып тігілген жеңіл түрі - жағадай. Жағадайды бұрын шаруа адамдары күзгі салқыннан бастап, жазғытұрымғы өкпек жел басылғанға дейін үстінен тастамаған. Жағадай қаусырылып, белі жібек матамен буылады.
Ішік - қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны елтіріден, сеңсеңнен, әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады. Ішік ұзын тон етіліп тігіліп терісі сыртқа қаратылып, астар салынып тігілетін болған. Бұйым алдынан ашылады, ілгегі, жағасы болады. Ішік тігілетін терінің түріне қарай: елтірі ішік, сеңсең ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік, пұшақ ішік, орман ішік, бұлғын ішік деп аталады. Ішік тігетін терілердің бәрі иленіп, баппен өңделеді. Ішікті жөрмеп тігеді және тігістерінің бәрі терінің тақыр жағына қарайды. Жұқа терілерді мақта жіппен тіксе, ал қалың терілерге жүн жіп пайдаланылады. Ішіктің іші дайын болған соң, оның тақыр бөлігіне бидай шүберек көктейді де барқыт, шұға, пүліш сияқты қалың тыстық маталармен тыстайды. Қасқыр ішікке қасқыр не түлкі терісінен, құндыз не бұлғын терісінен жаға салынады. Ішік екі маусымда киюге арналған жылы киім. Мысалы: қасқыр ішік, түлкі ішік, бөкебай ішік, қарсақ ішік, бұлғын ішіктер - қыста, пұшпақ ішік,елтері ішіктер - қара күзде, көктем айларында киюге арналған. Ішік,тұлып - тізеге дейін төмен түсіп, күләпара тәрізді жағасы бетті бүркеп тұрады. Жеңі қолдан едәуір ұзын, ілгекті, алды ашық сырт киім. Алды қаусырылып, беліне белбеу буылады. Бірнеше түрлі әдіспен өңделеді.
Қасқыр ішік теріден жасалып, қара түсті шұғамен тысталған ер адамның сырт киімі. Жеңінің ішіне иленген қой терісі тігілген. Қондырма жеңді, үлкен қайырма дөңгелек жағасы бар. Жағасының асты шұғадан жиі сырылып тігілген, бетіне қасқыр терісі күсілген. Жағаның астына желкелігіне ілуге арналған ілмек қадалған. Белінен төмен кеңейтілген. Оң жақ өңіріне үш дана қара түсті түйме, сол өңіріне тұйық түймебау түймеленеді.
Сеңсең, қасқыр ішіктерді ерлер, ал қалған түрлерін көбінесе әйелдер киген. Әйелдер мен бойжеткендер киетін ішіктер өте сәнді етіп тігіледі. Олардың өңіріне, жеңінің аузына, етегіне айналдыра құндыздан, сусардан жұрындалады. Тысына жібекпен кесте тігеді. Елтірі ішік аса марқаймаған қозының бұйра елтірісінен тігіледі. Сеңсең ішік - марқа қозының терісінен сеңсеңінен тігіледі. Орман ішік түлкінің тамақ терісінен, пұшақ ішік - түлкінің пұшпақ терісінен тігіледі. Ішіктің қайсы түрі болса да әрі жылы, әрі киюге арналған сәнді киім.


Иленген түлкі терісін жолақтап құрастырылған ішік, көк түсті драп матамен тысталған ер адамның сырт киімі. Пішімі трапеция пошымды, етек шалғайына қарай кеңие түскен. Екі бүйіріне үшкіл шабу салынған. Қайырма жағалы, қондырма жеңді, жеңі қусырылып тігілген. Жеңіне тері күсілмеген, керісінше қалыңдатып бидайлап, матамен астарлаған. Оңға қарай қаусырынылады.

Тон - ең көп тараған сырттан киетін қысқы киім. Иленген, кейде боялған терінің жүні ішіне қаратылып тіккен. Тон - қозы, қой, ешкі, арқар терілерінен тігіледі. Бұйымды үлкен кісілер, әйелдер, балалар да киетін ортақ сырт киім. Тонға белбеу буылады, ілгегі болады, денені суықтан қорғап, жылылықты сақтайды. Бұйым тігісіне, үлгісіне қарай қималы, бүрмелі деп аталады. Кеудеше тон - жеңсіз, ілмектелген, өңірі мен шет-шеттері терімен әдіптелген шолақ тон. Қалтасы болуы мүмкін. Тонның екі өңірі, артқы бойы, кеудесі мен етектері бөлек пішіліп, тігілген сыртқы киім. Оның етегі мен кеудесін қусырады да, кейін етегін кеудесіне бүріп қондырылып астарсыз тігіледі. Кеудесіне қарағанда етегі кең. Тонның етегін кестелеп, өңірін шашақтап, жағасына елтіріден, қозы, аң терілерімен көмкеріп сәндеген.

Көнеден жеткен сеңсең тон - бұйра қозының терісінен тігіледі. Алдыңғы қос өңірі етегіне дейін, етегі айналдыра, жеңі терімен әдіптеледі. Әдіп жүні сыртына қаратылады. Пайдаланылатын тері басқа түсті болуы мүмкін. Қайырма жағасы қомақты болып, кеудені толық жауып тұрады. Жең ұшы, етегі, алдыңғы бой өңірлеріне кесте жіппен ою-өрнектер салынған.

2.3. Ұлттық ою-өрнектерінің тәрбиелік мүмкіндіктері және бүгінгі күндегі маңызы

Ою-өрнектер үйлесімдік заңдылықтарына бағынады. Әшекей ол архитектурамен сәндік қолданбалы өнерде қолданылады. Ал киімде қолдану ерекшелігі басымдау. Киім дизайны жобалау іс-әрекетімен жаңа инновациялық тәсілдермен байланыста болып - жобалау мәдениеті ғылыми кәсіби және саяси мәдениетпен тұтас байланыста болады. Сондықтан да киім дизайны адамның тұрмыстық кейпін өзгерту және қажеттілігіне қарай жаңа қасиетке ие бұйым үлгілерін жобалауға бағытталуы тиіс. Ол дәстүрлі формаларды әшекейлеумен айналыспайды жаңа үлгілерді шығарады.
Ою-өрнек сөздерінің мағынасы бір нәрсені ойып, кесіп, қиып алып немесе екі затты оя кесіп қиюластырып, біріктіре жасау, бір заттың бетіне ойып бедер түсіру. Қазақтар бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, мүйіз тектес ою-өрнекке қосылатын барлық қошқар мүйіз өрнектерді де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз - әртүрлі ою, бедер, бейне, күйдіріп, жалатып, бояп, қалыптап, үлгімен істеген көркемдік түрлерін, әшекейлердің ортақ атауы. Ою-өрнектер тігу, құрау, құрал-саймандарды, зергерлік бұйымдарды, киіз үйдің сүйегін, ағаш керуерт, сандық, кебеже, кілем, сырмақ алаша, қоржын, ши, түрлі басқұрлар, ыдыс-аяқ, бесік, текемет, көрпеше, киім-кешектерді, қабырғаларды әшекейлеп безендіру үшін жиі қолданылып отырған. Ою - өрнек мәдениеті жөнінде жазбаша деректер болмағандықтан, бұл өнердің даму тарихын археологиялық қазба жұмыстары арқылы табылған өнер туындыларын - қыш ыдыс, зергерлік бұйым, металл, былғары және ағаштан жасалған заттар, ежелгі күмбез, дүрбе, кесене там сияқты құрылыстар бетіндегі таңбаларды саралап, белгілі жүйеге келтіру арқылы ғана қорытынды жасауға тура келеді [7, б.38].
Дегенмен ою - өрнек қалай және қандай себептерден пайда болды? Бұған дәл басып жауап берген адам жоқ. Кейбір ғалымдар атап айтқанды, Л.Яштернберг ою - өрнектің алғашқы нұсқалары діни сенімге байланысты пайда болды, - десе, А.В.Филипов: ою - өрнек ырғақ өнері мен нышандардың тұтасуынан туған дүние деген пікір айтады. Жалаң эстетикаға ғана сүйеніп пікір жүргізушілер де, мағыналық жазумен байланыстырушылар да кездеседі. Ғалымдардың пайымдауынша ою-өрнектің пайда болуының бірнеше себебі бар. Соның бірі-төтем. Әрбір халық өздері төтем тұтқан объектіні жаратушы ие, пәле-жаладан сақтаушы кие есебінде көріп, оған табынған. Көрнекті орындарға бейнесін салған. Бақсы-шамандардың сарынға қосқаны, өлең-жыр, мақал-мәтелге арқау еткені сияқты, тұрмыстық бұйымдардан тартып, киім-кешек, қолөнер туындыларында да олардың бейнесін жиі пайдаланып отырған.
Ою-өрнектің классификациялық негізгі мәнері төрт топқа бөлінеді. Ол нүкте, сызық, бұлар классикалық төрт топтың негіздері (кесте-1).

кесте-1

Ою-өрнектер
Атаулары
1
Жануарлар, хайуанаттар
Қошқар мүйіз, арқар мүйіз, сынық мүйіз, сыңар мүйіз, қос мүйіз, теріс мүйіз, төртқұлақ, құс мұрын, түйе табан, қаз мойын, құс қанаты, өркеш,өрмекші,ботакөз және т.б.
2
Аспан әлемі
Жұлдыз, ай, күн және т.б.
3
Жер-су әлемі
Ағаш, құрт, құмырсқа, ирек, балық, тышқан із, бесбас, және т.б.
4
Өсімдік тектес
Гүл, жапырақ, жауқазын, төрт түшкіл, шыршық, қаңқа, тоғыз төбе, орта ою.
5
Геометриялық
Шынжыр, балдақ, тұмарша, сыңар өкше, тарақ, алаша және т.б.
1 кесте - Ою-өрнек кұрылымы
кесте-2
Тарихи зерттеме деректемелері
Ою- өрнектердің суреттері
Сипаттамасы мен тарихи жерлердегі қолданылу тәсілдері
Қазақтың ұлттық киімдері оның бай тарихи-мәдени мұрасы, өзге халық-тардың киімдерінен басқаша және ерекше қасиетке, сән-салтанатқа ие.

Бұл сақ тайпаларының киімдерінде, орта ғасырлардағы түріктерде кезде-сетін ерекшелік өрнектері

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Ойыл мен Сағыз бойында өмір сүрген қазақтардың киім-кешегінде қолданылған өрнектер түрлері
Тарихы мен ерекшеліктері. Киім адамды қоршаған ортаның әртүрлі әсерінен қорғап, денесіне сән береді.

Палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттелген деректерде қазақтардың ата-бабалардың сырт киімдерінде өрнектелген

Қазақтың бай мұралары дәстүрлі түрлі киімдері мен алаша, сырмақтарда қолданылған.
Қазақтың бірқатар ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы үш жүздің, оның руларының аттарымен де жеке бөлініп айтылады.

Олар: қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік және тағы да басқа киім кешектерінде пайдаланылған өрнек түрі.

2 кесте - Жібек жолы бойында кездесетін мемлекеттердің ою-өрнектері

Мүйіз - ою - өрнектердің түрлері мен атаулары өте көп. Мүйіз тектес өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келген. Ұсақ түрлері зергерлік жұмыстарда және ұлттық киім түрлерінде жиі қолданылған. Мүйіз сияқты ою-өрнектердің мағынасына қарай қазақ арасында ғасырлар бойы қалыптасқан.
Қошқар мүйіз, марал мүйіз, өркеш мүйіз, сыңар өкше, төрт құлақ, түйе мойнақ ою түрлері бар [8,9].
Қазақстан ою-өрнектерінің түстік шешімі, басқа да әлем халықтарының өрнегі сияқты түстік шешімін анықтай білген. Ою-өрнек бояуларының түстік шешімі көзге ғана емес адам психикасына да әсері барын білген, әсіресе қызыл, сары, жасыл, көк, қоңыр түстерге көңіл бөлген. Ою-өрнектер ежелгі кездерде дәстүрлік, ырымдық, діни ұғымдық сипатқа ие болған. Дипломдық жұмыста ою-өрнек түрі тасқа шегіп жазу мәдениеті арқылы стильденіп төрт түлік малға байланысты алынған. Қос мүйіз, сыңар мүйіз, түйе мойнақ ою - өрнектері стильденіп, өзгертіліп алынған.

2.4. Ұлттық нақыштағы киім үлгісін таңдау, сипаттама беру

Дипломдық жұмыстағы ерлер шапанына қойылатын талаптарын зерттеу барысында киімнің аталмыш түрін өндірудің қажеттігі мен нарықтық жағынан ыңғайлылығы туралы жауап алынуы тиіс.
Киімге қойылатын талаптар эстикалық бұйымның сәнді өңделуіне, тігілуіне, мата түрлерінің әдемілігіне, түсіне сай келуіне негізделген. Қандай түрде тігілген киім болса да, ол қоршаған ортаға ыңғайлы, әдемі, қонымды, жарасымды болуы керек. Бұл жерде киімнің алдынғы өңірлерінің әртүрлі үлгіде тігілуі, сәнделуі әшекейлі болуы керек.
Сән дегеніміз - қоғамдық өмірдің бір бөлшегі, әлеуметтік құбылыс. Сән біздің әрқайсысымыз үшін ішкі әлеміміздің бір бөлшегі, жан дүниеміздің айнасы, ал сәнге деген талғам - біздің тәрбиеміздің жемісі. Сәнде ең маңызды рөл атқаратын бөлігі - бұл сәннің өзгеру барысында.
Сән ұғымының бірнеше анықтамасын былайша беруге болады. Сән - белгілі бір қоғамдық ортада қандай да бір көзқарастың сырт формасына, әсіресе, бейне, әлеуметтік ақпаратты өлшеудің өлшемі. Сән - адам тіршілігінің өнердегі, тілдегі, тілдегі, киімдегі, тәртібіндегі мезгілдік өзгерістер. Сәнді көпшіліктің жаңа енгізуге қайтарған жауабы деп қарастырады. Ол көп жағдайда іс - қимылдың таңдалымды объектісінің мерзімі өзгеруіндегі жаңа образы немесе ойлауы ретінде көрінеді. Сән белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Адам қоғамының дамуына және жаңа тарихи қоғамдастар пайда болуына байланысты адам киімі де өзгеріп отырады.
Сән үлгісінде деген ұсынысты - құмарту үшін көп деген стилдік шығармашылық ойларды талап етеді. Мүмкін емес нәрсені іздеу арқылы оларды құрастырып ерекше шешімдер қабылдайды. Осының бәрін тоғыстыратын бір ғана нәрсе: ол өзгешелік, әртүрлі, ұлттар жеңіл маталарды болып табылады.
Гигиеналық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қидағы микробиологилық үдерістер. Қиды биотермиялық өңдеу
Қазақ ұлттық киiмдері
Қазақстың ұлттық киімдері
Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы жайлы ақпарат
Жүн және тері, шикізаттардың микрофлорасы.Ет және тері – ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау
Балаларға арналған көктемгі киім колекциясы
Қазақ костюм тарихы
Қазақтың ұлттық киім үлгілері
Қазақ ұлтты киімінің тарихы
Қос етекті көйлек
Пәндер