Қазақстан Республикасының мемлекет функциялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИККАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Мемлекет және құқық теория негіздері
Тақырыбы: Мемлекет органдарының ішкі және сыртқы функцияларының іске асырудағы рөлі
Мамандығы: 0201000 Құқықтану

Орындаған: П -21қ тобының күндізгі бөлім студенті Дулатбек Акжол
Тексерген: Ахметова А.М.

ҚАРАҒАНДЫ 2019
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1. Мемлекет ұғымы және белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6
1.1.Мемлекет функциялары, функцияның жүзеге асырылу нысандары мен әдістері мемлекеттің ішкі сыртқы функциялары ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.Мемлекеттің пайда болуы туралы жалпы заңдылықтар.дүние жүзінің әр түрлі халықтарындағы мемлекеттердің пайда болу ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

7

8
1.3.Мемлекет функциялары, мемлекеттік функцияның іс жүзіне асырылу нысандары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

9
1.4.Мемлекеттің негізгі ішкі функциялары, сыртқы функциялары ... ... .
17
2.Мемлекеттік органы. Қазақстан Республикасының мемлекет функциясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

19
2.1.Мемлекеттік органдар түсінігі белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
20
2.2. Қазақстан Республикасының мемлекет функциялары ... ... ... ... ... ...
2.3.Қазақстан Республикасының атқарушы органдары ... ... ... ... ... ... .. ..

21
23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
28

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
30

Кіріспе

Әр мемлекет өзінің өмір сүру үрдісінде бірнеше күрделі міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асырады, кейбір мақсатты іс-әрекеттерді дамытады. Бұл қызметте мемлекеттің өз алдына қоятын мақсаттарын ажыратып алу қажет, содан кейін осы мақсаттарды жүзеге асыратын құралдарды бөліп алу керек. Бұл мақсаттар, бір жағынан аса көп, басқаша жағынан, тарихи және мәдени жағдайларға байланысты өзгермелілігі әр түрлі болып келеді. Мемлекет әскери күштің ұйымдастырушысы ретінде, қауіпсіздікті қорғаушы ретінде, сот ретінде де, мәдени мұраларды сақтаушы ретінде де көрінеді.
Ескі патримонипольді мемлекет өзінің бір мақсаты ретінде патшалық аңға шығуды ұйымдастыруды, қазіргі заманғы мемлекет ғылыми институттар мен мұражайды құруда. Мемлекеттің нақты мақсаттарын қарастыру оның өмірінің белгілі бір аралығында кез келген мемлекеттік бірлікті оқытатын пән мазмұнының пәнін құруы мүмкін, бірақ осындай зерттеу жалпы теорияның пәні бола алмайды. Мәдениеттің анықталған түрінің әрбір мемлекеттік ұйымы белгілі жағдайдағы үрдісте өзінің қызметін нақтылауға және анықтауға мәжбүр болатын бірқатар тапсырмалардың үнемі аясын құрайды. Мемлекеттің аталған мақсаттарды орындауы кезінде көмектесетін функцияларды оқыту ісі алға қойылған. Біз төмендегідей функцияларды еске аламыз:
- өмірде алға қойылған міндеттерді орындау кезінде қажет болатын материалды және техникалық ресурстар;
- мемлекет қойылған мақсатқа қол жеткізу және бұл жетістікке арналған функцияларды қолдану кезінде жүгінетін билік актсінің жиынтығы.
Бірінші функцияға қатысты айтар болсақ, олар мемлекеттік мақсаттар сияқты әр алуан болып келеді. Мемлекеттің халыққа білім беру мақсатына мыналар жатады: оқу орындарын салу, ең алдымен шаруашылық амалдар қатарын жүзеге асыру, сонан кейін мұғалімдерді таңдау, олардың дайындығы, сабақ өткізудің жоспарын өңдеу және т.б. аталған функцияларды жүзеге асыру үрдісі барысында мемлекет қызметтің күрделі кезеңіне өтеді. Дегенмен мемлекеттің билік етуші кеңесі бар, яғни өзінің мақсаттарын орындау және оларды жүзеге асыруға арналған функцияларды реттеу кезінде ол - билік ете алады, бұйырады, әмір етеді, өкім шығарады. Біз мемлекеттік қызметтің функцияларын сөз еткенде, олардың барлық әр түрлі көлемінде мемлекеттік міндеттерді жүзеге асырудың жалпы формасы түсінігінде қабылдаймыз. Бұл форма біркелкі, себебі бұлардың барлығында билік етушілік элементер бар. Мемлекет кімнің атынан шықса да және қалай әсер етсе де, ол - билік етеді, белгілі ретпен бірыңғай билік етуші актіні жүзеге асырады
Бүгінгі таңда жалпы мемлекеттік теорияда мемлекеттік қызмет бағытын белгілеу үшін мемлекет функциясы ұғымы қолданылады, яғни функция
дегенде мемлекет қоятын мақсатты, бұл мақсаттарды жүзеге асыруда пайдаланылатын функциялар және билік етуші актінің формасы (түрі) айтылады. Мемлекет функциясы - нақтылы тарихи кезеңде, өзінің алдында тұрған нақтылы стратегиялық мақсатқа жетуге арналған, көбірек жалпылама мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттары.
1. Мемлекет ұғымы және белгілері
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен байланысты, өзінің дамуында, ұзақтығына қарай және кезеңді толтыруына сай әр түрлі төрт кезеңнен өтті.
Біздің эрамызға дейінгі 40 мың жыл шамасында рулық құрылым пайда болды (отты табу, күршектерді, садақты ойлап табу, бір-бірімен адамдардың сөйлесу қабілеттілігінің дамуы). Біздің эрамызға дейінгі 9-6 мыңыншы жылдары неолит кезеңі (жаңа тас заманы) басталады, ол кезде адам аң аулаудан жер өңдеуге және кәсіпкерлікке көшеді. Келе-келе еңбектің бөліну процесі айқындала түседі. Біртіндеп қоғамның жекешеленген аясы ретінде, мал бағу бөлініп шығады (мал айырбас құралы болды, яғни ақша функциясын қабылдаған).
Кәсіпшілік жер өңдеуден бөлінді. Содан кейін бір топ адамдар пайда болып (сатып алушылар) жер өнімдері мен мал шаруашылығы өнімдерін айырбастаумен шұғылданған.[2.26б]
Алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасып, рулар бірігіп бір атаның ұрпағы ретінде туыстасып біріккен шаруашылық-пен шұғылданады. Онда рудың ішінде бір-біріне үйленуге рұқсат болмағанына байланысты, солай айтылатын дуальдық ұйым қалыптасады да екі рудың қандас туыстығы бойынша бір екендігі мойындалады.
Жер өңдеу мен мал өсіруге байланысты еркектің (патриархат) рөлі өсе бастайды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы басталады.
Бұл кезеңде, еркектердің жалпы жиналыстарында басқару, руластырудың теріс қылығы үшін жазалау, табысты бөлу сияқты мәселелер шешілген. Сонымен қатар онда ақсақалдар мен ру басшыларының әкімшілік жұмыстары қаралған. Ру басындағы ақсақалдардың және әскер басшыларының билігі, әскери әрекеттер кезінде сайланған, сайлау ол адамдардың беделдері мен тәжірибесі барлығын сыйлағандыққа негізделген. Ақсақалдардың биліктегі лауазымы, оларға деген ерекшелікке жол бермеген. Қоғамдық билік, рулық қоғаммен тікелей сай келген, одан бөлінбеген.
Құқық сол күйінде болмаған, оның орнында әдет-ғұрып нормалары болған. Кейіннен біртіндеп мононормалар қалыптасып, әрекет еткен.
Келе-келе қандастық туыстық қатынастар ыдырап аумақтықпен алмастырылады, басқару қажеттігінің маңыздылығы мойындалады. Биліктің функциясы бөлініп, светтік (басқаруға), әскери (әскер басшылық), діни (бар тәртіп жолын қолдау үшін идеологиялық негіздеме) құрылады. Ақсақалдар кеңесі ағымдағы басқару органына айналады. Тайпалық бюрократия пайда болады (басқарушылық, әскери, діни), олар қоғамды басқаруды оның жалпы мүддесі үшін емес, меншіктік, топтық, таптық мүдделер үшін басқаруды көздеген. Бұл мемлекеттілік элементтердің алғашқы пайда болу кезеңі - әскери демократия режимі (Л.Г.Морган), қоғамда әскери басшылардың күшті билігі қалыптасып, қоғамдық басқаруда ұйымшылдықтың қалдықтары сақталған.
Қоғам өмірін тұтас организм ретінде сақтауға, қамтамасыз етуге қабілеті бар сана жағынан жаңа ұйым қажет болды. Қоғамнан жоғары тұратын көпшілік биліктің қажеттілігі пайда болды, себебі ол ұйым арнайы адамдардан құралған және тек басқарумен шұғылданып, ұйымдастырушылық кезінде қыстау мүмкіндігімен пайдаланған. Ондай ұйымға - протомемлекеттер жатады. Осы көне қоғамның ұйымы таптыққа дейінгі ертетаптық қоғамдағы өтпелі кезеңге тән болады. Бұл ұйымдар алғашқы рет Оңтүстік Азияда және Солтүстік Африкада пайда болды. Әдеттегідей олар үлкен өзендердің бойындағы кеңістікте орналасты. Тигр, Евфрат, Инда, Янцзы өзендерінің бойында: Үндістан, Ассирия, Персия, Қытай, Хетт мемлекеттері орналасты. Олардың көне тарихы біздің эрамызға дейінгі IV мыңжылдықтан басталады (Шумер, Египет, Вавилон).
Сонымен, мемлекеттің пайда болу себептерінің қатарына төмендегідей қажеттілікті айтуға болады:
* өндірістің даму нәтижесіндегі қиындықтарға байланысты қоғамды басқаруды жетілдіру, еңбекті бөлу, табысты бөлу жағдайының өзгеруі, тұрғындардың санының өсуі және қоғамның әлеуметтік біртектес емес топтарға бөлінуі (таптарға);
* қоғамдағы тәртіптілікті қолдау, оның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету, жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік (ең алдымен заңдық) нормалардың көмегімен жетуге болады.
* қоғамның әлеуметтік біртектес емес топтарға бөлінуінің негізінде пайда болатын қанаушы таптың қарсылығын басу;
* мемлекеттің аумағын қорғау, қорғану және басып алуы мақсатында соғыстар жүргізу;
* үлкен қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, сол мақсатта үлкен топтағы адамдарды біріктіру.

1.1.Мемлекет функциялары, функцияның жүзеге асырылу нысандары мен әдістері мемлекеттің ішкі сыртқы функциялары .

Мемлекет функциясы - нақтылы тарихи кезеңде, өзінің алдында тұрған нақтылы стратегиялық мақсатқа жетуге арналған, көбірек жалпылама мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттары.
Мемлекеттік функцияның белгілері:
* Мемлекеттік қызметтегі маңыздылау бағыттардың ұқсастық аспектілерінің нақтылы аядағы жиынтығы;
* Қоғам өмірінің маңызды аясындағы мемлекеттің қалыптасқан тұрақты пәндік линиясы;
* өзінің функциясын іске асыруда мемлекет биліктік мәжбүрлеу әдісін және қоғамдық қатынастардағы субъектілерге ықпал етудің әр түрлі жолдарын пайдаланады (көтермелеу әдісін, сендіруді және мәжбүр етуді);
* мемлекеттің функциясы жеткілікті түрде заңда белгіленген;
* мемлекеттің негізгі міндеті мен мақсаты, берілген кезеңде орындалады. Олар мемлекеттің әр түрлі көп жоспарлы қызметіндегі бір жағы және мемлекеттің функциясын туғызады.

1.2.Мемлекеттің пайда болуы туралы жалпы заңдылықтар.Дүние жүзінің әр түрлі халықтарындағы мемлекеттердің пайда болу ерекшеліктері.

Алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы әр түрлі халықтарда әр түрлі жолдармен жүреді, себебі олар географиялық, мәденилогикалық, экономикалық, саяси және басқа да факторлармен қамтамасыз етілгені белгілі. Қандай болмасын қоғамда мемлекеттіліктің пайда болу негізіне тән, маңызды сипатына қарай мемлекеттің пайда болу тәсілін батыстық (европалық), шығыстық (азиялық), германдықтар ретінде айырып зерттейді.[3.40б]
Шығыстық жолмен (тәсілмен) мемлекеттің пайда болуы, басынан бастап Вавилонның, Египеттің, Қытайдың, Үндістанның құрылумен байланысты. Бұл көне мемлекеттер, біздің эрамызға дейінгі үш мың жылдар бұрын, рулық құрылымның біртіндеп, қоғамның мемлекеттік ұйымға өту процесінде пайда болған. Бұл мемлекеттердің пайда болуындағы ерекшеліктерге жататыны, тұрақты ирригациялық (суармалы өңдеу) жұмысты жүргізу қажеттілігіне байланысты болды. Тұрғындарды тамақпен қамтамасыз ету, әсіресе құрғақшылық не тұрақсыз климат жағдайында қажеттілігі арта түсті. Мұндай жағдай, тармақтарға бөлінген басқару аппаратын көпшілік жұмыс басқару, қаржы және әскер қалыптастыртып өте көлемді аумақтармен және көпшілік адамдармен жұмыс жүргізуді мәжбүр етеді.
Батыстық жолдың ерекшелігі сонда, мемлекеттік институттардың құрылуы жеке меншіктің пайда болып, қоғамда антогонистік рухтағы топтардың болуымен байланысты. Көне елдердің тарихында ол германдық мемлекетте варварлық корольдіктердің пайда болуынан көрінді.
Афиндік республика - шын мәніндегі классикалық мемлекеттердің құрылуындағы үлгі болды. Себебі мемлекеттіліктің пайда болуы мұндағы рулық құрылымның ішіндегі қарама-қайшылықты тежеу процесінің нәтижесі болды. Біздің эрамызға дейінгі VII ғ. - Драконта реформалары (жеке адамдар арасындағы қарама-қайшылықты, басқарушы элиталардың басынушылығын тежеді, көріне бастаған жеке меншікті қорғады); б.э.д. 594 жылғы - Солон реформасы бойынша (қандас-рулық қатынастар жойылып, барлық тұрғандарды өздерінің тұрмыстық жағдайларына байланысты разрядтарға бөлді); б.э.д. 509 ж. - Клистфен реформаларына байланысты (аумақтарды бөлу кіргізіліп, Аттикада рулық-тайпалықтың орнына, саяси қайта құру жүргізілді).
Римдік мемлекеттің пайда болу нысаны - мемлекеттің пайда болу концепциясы, рулық қоғамды тұйық аристократияға айналдыруға негізделген және оны көптеген құқығы жоқ плебейлер тобынан айырып, партиялық (құлдықтағы) патрисциямен саяси қатынастарды орнату, оның қирағанының орнына сайып келгенде мемлекеттің пайда болуы көзделген.
Германдық мемлекеттердің құрылуы великое переселения народов процесімен байланысты алынған ат, яғни IV-VII ғғ. Европадағы көптеген этникалық топтардың бір жерден басқа жерлерге ауысуы, яғни Рим империясының сырт жағынан сол аумақтың ішіндегі белгілі жеріне көшуі. Мұндай жағдайдың басталуы ғұндардың шабуыл жасауынан басталады. Басты сипаттамаға варварлармен Рим империясының көп жерлерін жаулап алуы және бағындырып өз биліктерін жүргізуі жатады. Басып алынған жергілікті жерлерінде Римдік мемлекеттіліктің аппараты қызметте болған. Жаулап алған жерлерді басқару мақсатында, арнайы мемлекеттік органдар құрылған. Мысалы, әскери басшының орнына король сайланған, көпшілік халық билігі және қыстау (қинау) мемлекеттілік органдары құрылған.
Шығыс славяндарының мемлекеттігінің пайда болуындағы ерекшеліктерге жататын факторларға ерекше географиялық орнын айтуға болады. Батыс (европалық) жағына және шығыс (азиялық) жерлердің (мәдениетімен, өркениетімен) арасындағы үлкен аймақта V-Х ғғ. бір-бірінен бөлек тайпалар өмір сүрген. Сондықтан шығыс славян мемлекеттігі тұрақты түрде көшпелілер мен варягтар жағынан шабуыл жасап басып кіру қауіптілігін күткен. Климат жағдайының тұрақсыздығына байланысты ауылшаруашылық-пен шұғылдануға мүмкіндік болмаған және қарсыластардың кезекті шабуылына байланысты жұмыс істеу тоқтатылған. Алғашқыда кәсіби (жалдамалы) әскери дружиналар жаудан қорғану үшін құрылып, кейіннен бір орталықтағы салық жинау қажеттілігіне байланысты және басқа міндетті төлемдерді жинайтын міндеттілікті қоса атқарған. [4.21б]

1. 3. Мемлекет функциялары, мемлекеттік функцияның іс жүзіне асырылу нысандары мен әдістері

Мемлекет функциясы - нақтылы тарихи кезеңде, өзінің алдында тұрған нақтылы стратегиялық мақсатқа жетуге арналған, көбірек жалпылама мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттары.
Ертедегі шығыс және алғашқы еуропа еддерінде мемлекеттердің функциялары көбінесе тұрақты жүйеде болды. Олар мемлекеттің басшысынан (монарх не болмаса коллегиялды орган), орталық мекемелерден, лауазымды адамдардан, жергілікті органдардан, шенеуніктерден, армиядан, соттан, полициядан және басқа да мемлекеттік құрылымдардан тұрған. Мысалға, Рим республикасының негізгі мемлекеттік органдарына Сенат, ұлттық жиналыс, магистраттар жатқан.
Сенат -- Рим мемлекетінің ең жоғарғы өкімет органы болған. Заң шығару жағынан, Сенат центриаттармен трибундардың қабылдаған зандарын бекіткен. Сенатта жайластыру және қоғамдық қауіпсіздікке сәйкес жалпыға бірдей қаулы қабылдаған. Финанс жағынан сенат мемлекеттік бюджетті жасап, салықты белгілеген. Сыртқы саясат жағынан басқа мемлекеттермен келісімдер жасаған не болмаса ондай келісімдердің жүргізілуін қадағалай отырып, бейбітшілік келісімдерді жасауға қатысқан. Әскери құрылым жағынан, Сенат мынадай маңызды мәселелермен шұғылданған: ол армияға шақырылатын адамдардың мөлшерін белгілеген, әскер басшыларына армиялармен провинцияларды бөлген, соғыс жүргізуге қаражат бөлген, төтенше жағдайды хабарлаған, тағы сондай көптеген міндеттерді орындаған.
Ұлттық жиналыс (комицин) жоғарғы заң қабылдаған және басқару қызметтерімен шұғылданған. Оның міндетіне заң жобаларын қабылдау не болмаса қайтарудан басқа мемлекеттің лауазымды (магистраттарды) сайлау, шағымдарды шешу кірген.[5.13б]
Магистраттар, басқару функциясын орындаған, оның ішінде армияны басқарған. Заң жүзінде, Рим мемлекетінің кез келген азаматы магистрат болуға құқығы болған, бірақ шын мәнісінде ол орынға, тек үлкен жер иеленушілердің өкілдері сайланған. Магистрат бір жылға сайланған және ол талас орынға бірнеше адам сайланып, ал басқаруды әрбір магистрат жеке жүргізген. Өздерінің орыңдаған лауазымды міндеттері үшін, магисграттар жалақы алмаған. Магистраттардың міндетіне мына қызметтер кірген: жоғарғы әскер басқарушылығы, келісімге келуді шешу, Сенатты және Халық жиналысын жинап, оны басқаруға, соттың жаза белгілеуге, ұйғарымды орындамағаны үшін айып салуға құқығы болған.
Магистраттар -- өздерінің белгілі басқару міндеттеріне байланысты: консулъдерге, диктаторларға, преторларға, цензорларға, квесторларға бөлінеді.
Консульдар -- ең жоғарғы магистраттарға жатқан. Солар ғана әскер басқарған. Сенат пен Халық жиналысын жинаған, ішкі басқаруды жүргізген.
Диктатор -- төтенше магистрат. Ол ерекше жағдайда, Сенаттың ұсынысы бойынша консульдардың арасынан біреуі ғана, алты айға сайланған. Диктаторлар елге соғыс қаупі туғанда, көтеріліс болғанда және тағы сондай төтенше жағдайларға байланысты құрылған.
Преторлар -- алғашқы кезде, консульдардың көмекшісі одан кейін, мүлік туралы жұмыстарды шешуге, сот фунциясын тұрақты атқаруға көшкен.
Цензорлар -- лауазым иесі ретінде сенаторлардың тізімін жасап, Рим республикасының азаматтарын соғыс және аумақтық жерлерге бөлген, бір мезгілде азаматтардың дүние-мүлкін бағалаған және адамгершілік жөнінде бақылау кызметін жүргізген.
Квесторлар -- әртүрлі міндеттерді орындаған: біреулері, кейбір қылмыстық істер туралы жұмысты басқарған, басқасы байлықты сақтаған, төлемдер қабылдаған және ақша төлеген. Сонымен бірге, магистраттар сауда-саттықты тексерген, ақша шығарған, құрылыс және жолды пайдаланумен шүғылданған.
Феодальдық (ортағасырлық) мемлекеттің функциясы өздерінің даму кезеңдеріндегі ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады: ерте феодальдық, сословиялық -- өкілеттік және абсолюттік монархия. Ерте феодальдық монархия кезінде мемлекеттің құрамы аса қиын болмады. Ол мемлекеггің басы (король, князь). сарай маңындағы ақсүйектер, әскери дружиналар, салық жинаушылар. Кейіннен сословиялық -- өкілетті, орындаушы және басқа мемлекеттік билік органдары пайда бола бастайды.
Ортағасырлық мемлекеттердің шоғырлануына байланысты оның функциясы қиындай түседі. Бірнеше салаға бөлінген басқару аппараты пайда болады: әртүрлі министірліктер, орталык ведомстволар, арнайы сот мекемелері, полиция аппараты барлау және басқа мемлекеттік органдар жетіле түседі. Жекелеген феодальдардың әскери дружиналары бір жерден басқарылатын тұрақты армияға айналады. Сонымен бірге, мемлекеттің алдында тұрған көп мәселелерді шешуге шіркеу мекемелерімен діни ұйымдардың үлкен маңызы болды.
XVII-XVIII ғасырларда,әсіресе Еуропадағы буржуазиялық революция кезеңдерінде мемлекеттік аппараттың құрылымына жаңа жөндеулер және функциональдық қызмет істеу тәртібі кіргізіледі. АҚШ-та мемлекет тетігі өкіметтің бөлінуінің классикалық жолымен құрылған. Заң шығарушы өкімет 1787 жылғы Конституция бойынша екі палатадан тұратын Конгресске тапсырылады: Өкілдік палатасы және Сенат. Мемлекеттің және үкіметтің басы болып АҚШ-тың Президенті белгіленген. Ең жоғарғы сот ретінде Жоғарғы Федеральды сот белгіленген, ол Конституцияға сәйкес келмейтін зандарды қайта қарауға құқығы болған. Мемлекеттік аппарат штаттарда да құрылған: заң шығарушы жиналыс, үкімет, жергілікті органдар, полиция, сот, олардың өздеріне тән, азаматтық, қылмыстық және процессуальды заңдары болған.Францияда мемлекеттік функцияның жаңа элементтері -- Ұлттық конвент, Директория, Напольеон кезіндегі Консульство, Париж коммунасы т.с.с. пайда болады. Россияда Мемлекеттік кеңес құрылып жоғарғы заң талқылайтын органға айналған азаматтық, рухани, өндіріс, ғылым, сауда жөне әскери департаменттер құрылған. Кейіннен министрлер кабинеті пайда болған. Мемлекеттік Дума кұрылып, зандарды шығаруға әрекет жасайтын құқыққа ие болған. Александр-П патшалык кұрған кезде жер-жерде губерниялық басқару земствосы, уездік және губерниялық земство жиналысы құрылған.
Қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты мемлекет аппаратында ескілері жойылып, жаңа кұрылымдар пайда бола бастады. Дегенмен де, барлық тарихи кезеңдерде мемлекеттік аппарат қоғамның саяси жүйесінің құрылуындағы негізгі, алғашқы бастама.
Мемлекет функциясын құру және қызметін белгілеу объективтік сипаттағы белгілі принциптердің негізінде іске асырылады. Мемлекеттік органдарды құруда және жұмыс процессінде жан-жақты есепке алу, қоғамды мемлекеттік басқаруда толық тиімділікті қамтамасыз етеді.
Осыған дейінгі кеңес үкіметі кезінде, мемлекеттік аппаратты құрудағы негізгі принциптерге заң ғылымдары, мына принциптерді ұсынды: мемлекетті басқарудағы халықтың толық қатынасу принципі, демократиялық централизм, пролетарлық интернационализм, социалистік зандылық, социалистік жоспарлылық, есеп және тексеру, мемлекет аппараты бөлімдерінің қызметінде партиялық басшылықты күшейту.
Қоғам өміріндегі саяси, экономикалық тағы басқа салалардағы үлкен өзгерістер, мемлекеттік органдардың құрылымына, мазмұнына және қызметтерінің сипатына айтарлықтай өзгерістер кіргізді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
Мемлекеттік аппараттардың барлық бөліктеріне азаматтардың мүдделерін жоғары қою принципі тән. Ол демократиялық сайлау жүйесімен, әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке адамдардың құқықтарына, азаматтардың бостандығына кепілдік (гарантия) жасауы, мемлекеттік органдардың әртүрлі қызметтерімен камтамасыз етілуі.
Өкіметті бөлу принципі (заң шығаратын, орындайтын, соттық), сол арқылы өкімет органдары және лауазымды адамдар жағынан болатын бассыздықты жоятын функцялар құрылады.
Мемлекеттік аппараттың жұмысындағы жариялылық және ашықтық принципі. Мысалы, мемлекет азаматтарының жалпы халықтық дауыс беру негізінде (референдум), халықтың мүдделеріне қарсы, мемлекеттің қай органдары болмасын өз шешімдерін жояды, сонымен бірге, бұған халықаралық қатынастардағы да мәселелер кіреді [6.26б].
Жоғарғы мамандық және мемлекеттік органдардың құзіреттілігі, олардың жоғарғы ғылыми деңгейде мемлекет өміріндегі мәселелерді халықтың мүддесіне сай шешуінде. Кәсіби принцип, мемлекеттік басқаруда ең алдымен, білімді адамдарды пайдалану, яғни басқару қызметі сондай адамдардың негізгі мамандығына сай болуы қажеттігі. Басқаруды білмейтін адамдарды мемлекеттік жұмысқа шақыру, отандық тәжірибе көрсеткендей жарамсыз жағдайларға әкеліп соққаны белгілі. Ондай адамдардың басқа, ондіріс не болмаса, ауыл-шаруашылығының жақсы мамандары бола тұрып, мемлекеттік қызметте (кеңесте, олардың комиссиясында, комитеттерінде) өздеріне жүктелген міндеттерді тікелей толығымен кәсіби жағынан орындай алмайтындығы.
Заңдылық принцип -- барлық мемлекет тетігін құратын бөліктердің елмен және бірімен-бірінің қарым-қатынасы, сонымен қатар әртүрлі қоғамдық топтармен және ұйымдардың құқықтық бастамасы.
Демократизм принципі, мемлекеттік органдардың қызметін белгілегенде, азаматтардың көпшілігінің әртүрлі мүддесін, олардың діни ерекшеліктерін, ұлттық мәдениетін, дәстүрлерін есепке алуға мүмкіндік береді.
Федеративті (одақтық) мемлекеттерде, мемлекеттік аппараттың қызметін белгілегендегі ең маңызды принципке, субординация және жалпыфедерлдық органдардың (орталықпен) және мемлекеттік билікпен федерация мүшелерінің арасындағы бірбірімен келіскен әрекеті жатады.
Ұлттық федерацияда, олардың өз арасындағы тұрақты міндеттерін қолайлы бөлудің өте үлкен маңызы бар, себебі ондай бөлу федерация мүшелерінің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, олардың ішкі-сыртқы мәселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттің функциясы, мемлекеттік биліктің негізгі орындаушы субъектісі ретінде көрінеді. Мемлекеттік аппарат арқылы, оның органдары өздеріне тапсырылған міндеттерді орындайды, қоғамдық өмірдің дамуына, тұрақтылығына, демократиялық ұйымдастырушылықтың елде сіңуіне, тұрғындардың гүлденіп, жақсаруына белгілі түрде ықпал етеді. Белгілі жағдайда, егер оларға мемлекет ұрықсат етсе, мемлекет органдарының билігін мемлекеттік емес ұйымдар атқаруы мүмкін.[7.14б]
Мемлекет функцияларын анықтауда, біз ең алдымен мемлекеттің қоғам өміріндегі жалпы рөлін басшылыққа алуымыз керек. Бұл жерде бірінші орынға мемлекеттің адамдарды қауымдастыққа біріктіретін, олардың мүдделерін түйістіретін, жалпы нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін және геосаяси тұтастықты қалыптастыратын біріктіруші рөлі қойылады. Бұдан мемлекеттің ең бірінші функциясы мәжбүрлеу функциясы екендігін көруге болады.
Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін. Барлық мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады, бірақ оны әр жағдайда әркалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері мен құралдары әрқилы болуы мүмкін.
Осы функцияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің құрылымында мәжбүрлеу күштері қалыптасады, яғни олар: әрекеттерді нормативті тұрғыда бағалайтын және кінәлі немесе кінәлі еместігінің объективті ақиқатын белгілейтін, мәжбүрлеу шаралары туралы мәселелерді шешетін заң органдары; тергеу органдары; полиция; пенитенциарлық мекемелер және басқалары.
Өркениетті мемлекеттерде мәжбүрлеу құқығына тек мемлекеттік билік органдары ғана ие. Мәжбүрлеу функциясы, мемлекеттің басқа да функциялары сияқты, органдар мен билік субъектілерінің биліктік өкілеттіктерінде белгіленеді. Бірақ құқықтық мемлекетте мемлекеттік билік органдары мәжбүрлеу шараларын құқықтық нормалар шеңберінде ғана қолдана алуы мүмкін. Сондықтан мәжбүрлеу әрекеттері заңды деп танылатындықтан азаматтар оларды қабылдауға жөне бағынуға міндетті.
Алайда, билік құру өз мазмұны бойынша агрессивті әрекет болғандықтан билік жүргізуші субъект тікелей тиімділік пен нәтижелілікке қол жеткізу үшін мәжбүрлеу әдістері мен құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектен шығып кетуі де мүмкін. Бұл әрекеттердің заңсыз екеңдігі анық, ал олардың қажеттілігі және іс жүзінде өзін ақтағанына сілтеме жасау жеткілікті негіз болып табылмайды.
Мәжбүрлеу функциясының болуы мемлекетті билік құрушы күштердің қолындағы сойылға, диктатураның, террордың құралына айналдырып жіберуі мүмкін.
Мемлекеттің келесі функциясы -- келісімдік функция. Мемлекеттің саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына жәрдемдеседі. Мәселен, мемлекеттік органдардың еңбек пен капитал арасындағы келісімдік рөлі белгілі. Сондықтан өркениетті мемлекет үшін саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделері туралы қамқорлық басты болып саналады, және бұл қамқорлық тек қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін мемлекеттік органдар барлық азаматтардың мүдделерін қамтып, білдіре алатындай және азаматтық қоғам ұйымдарымен кең қарым-қатынасқа түсе алатындай саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделерін белсенді қорғай алатын дамыған құқықтық базаға ие бола отырып құрылымдануы тиіс.
Келісімдік функция -- мемлекеттің маңызды функциясы, оның іргетасы. Бұл функция қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның өркениеттенуінің артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі. Келісімдік функция адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік, төзімділік секілді ұғымдар басты болатын ділдің дамуымен де байланысты. Мемлекеттің келісімдік функциясының жүзеге асуында азаматтық қоғам институттары маңызды мәнге ие.
Мемлекеттің үшінші функциясы -- ұйымдастырушылық. Мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгі аспектілерінің ұйымдасуына қатысады. Бұл үшін мемлекеттік меншіктің; мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің; мемлекеттік органдар қызметінің жалпылық, міндеттілік және басқарушылық сипаттарының; құқықтық базаның; мемлекет шараларының заңдылығының болуы шарт.
Мемлекет өзінің табиғи, функционалдық ерекшеліктеріне орай экономикалық дамудың күшті факторы бола алады. Этатизм (мемлекеттің экономикаға ықпалы) айқын формада барлық мемлекеттерде болады, ал кейбір мемлекеттердің қызметінде басты болып барлығын қамтиды. Этатизм кауымдастықтың тіршілік әрекеті үшін қажетті бағдарламалық мәселелерді, мақсаттарды шешуге кажетті күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мәселен, экономика саласында -- бұл мемлекеттің экономикалық куаты мен экономикалық дербестігінің артуы, ішкі рынокты қорғауы, әлемдік қауымдастықта экономикалық белсенділігін камтамасыз етуі және т.б.[8.44б]
Алайда, қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің экономикалық салмағының шектен тыс күшеюі мемлекеттік биліктің ықпалының қалыптан тыс ұлғаюына, азаматтық қоғам институттарының шектелуі мен шеттетілуіне, қоғамның саяси тоқырауына алып келетін демократияға жат тенденциялардың пайда болуына әкеліп соғады.[9.18б]
Мемлекет әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін реттеуге де қатысады. Ол қоғамдағы әлеуметтік жағдайды қадағалауға, қоғамдық көзқарасты бақылауға, қоғамның кеселді тұстарымен, қайшылықтарын анықтап, алдын алуға міндетті.
Мемлекет белгілі бір деңгейде қоғамның рухани өмірінің ұйымдастырушысы да болып табылады. Ол адамдардың тіршілік әрекетінде қызмет ететін әлеуметтік қағидаларға, адамгершілік принциптерге, өскелең ұрпақтың болашағына; оның азаматтық кемеліне жетуіне, рухани мәдениетті игеруіне, әлеуметтік өмірге дайындық деңгейіне және басқаларына бей-жай қарай алмайды.
Мемлекеттің рухани өмірді ұйымдастыру мүдделілігі саяси экстремизмнің шектен тыс формасында көрінуі мүмкін, мысалы, қоғамның рухани өмірінің барлық тұстарының мемлекеттің саяси бақылауында болуы және осыған байланысты мемлекеттің идеократтық саяси жүйеге айналуы тоталитарлық режимдерге тән құбылыстар. Бұл үрдісті авторитаризмнен де байқауға болады, себебі авторитаризм де халықты біріктіретін идеологияға сүйенеді.
Мемлекеттің төртінші функциясы -- қорғау функциясы. Мемлекет қоғам тұрақтылығы мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды. Ол адамдар қауымдастығын сыртқы теріс әсерлерден және ішкі деструктивті, қиратушы күштерден қорғауы қажет. "Милитаристік мемлекеттер", "полициялық мемлекеттер" деп аталатын мемлекеттерде қарастырып отырылған функция шектен тыс артып, үстемдік етеді.
Қарастырылып өткен функциялардың барлығы қандай дәрежеде болмасын барлық мемлекеттерге тән, себебі олар мемлекет мәнінің көрінісі болып табылады, және оның табиғаты мен негізінен туындайды. Бірақ мемлекет түрлерін анықтауда бұл функциялардың арақатынастары әр түрлі екендігі байқалады. Олардың мемлекеттің тіршілік әрекетіндегі орнын басқару формалары мен саяси режим ерекшеліктеріне сай құрылған мемлекеттік органдардың құрылымдық өзіндік ерекшелігі анықтайды.
Авторитарлық типтегі мемлекеттерге мәжбүрлеу функциясының келісімдік функциядан басымдылығы, саяси қатынас субъектілерінің дербестігінің жетімсіздігі, оппозицияның әлсіздігі мен ұйымдаспағандығы тән. Осыған байланысты авторитарлық мемлекеттер жүзеге асырып отырған акцияларының салыстырмалы заңдылығымен, айқын тұрақтылығымен сипатталынады. Осының салдарынан қоғамдық организмде дер кезінде мемлекеттік органдар шешімін табуға мүмкіндік бермеген әлеуметтік проблемалар жинақталынуы және шоғырлануы мүмкін. Билік өте беделді және қажетті кәсібилікке ие болғандықтан пайда болған барлық проблемаларды шешуге қабілетті деген саяси иллюзияның негізінде қызмет етеді.
Демократиялық мемлекеттерде мәжбүрлеу функциясымен қатар келісімдік функция да басым болады. Саяси қатынастар субъектілері дербес, қоғамда дамыған саяси мәдениетімен ұйымдасқан оппозиция қызмет етеді, ал бұл саяси мәдениет оған шиеленіс түйінін өз уақытында тарқатуға мүмкіндік беретін, жағдайдың тұрақтануы мен қоғамның әлеуметтік даму жолымен алға басуына жәрдемдесетін конструктивті саяси, экономикалық, әлеуметтік идеялар мен акцияларды ұсынуға және олардың жүзеге асуына қатысуға жағдай жасайды.
Оппозицияның міндеті -- қоғамдық өмірде ең басты мәселелердің қойылуы мен шешілуіне ашық қатысу жолымен электораттың сеніміне ие болу. Қажетті демократиялық құрылымдардың болуы мемлекеттік саяси акциялардың да, сондай-ақ саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің де заңдылығын толықтай қамтамасыз етеді.[10.41б]
Тоталитарлық мемлекеттерде мәжбүрлеу мен қорғау функциялары дамыған, ұйымдастыру функциясы барлығын қамтиды және келісімдік функциясын жоққа тән деуге болады. Сондықган тоталитарлық мемлекеттер қоғамдық өмірдің барлық салаларында толықтай ұйымдасқан бақылау жүргізетін мемлекеттік нормалар мен қағидалардың үстемдігімен, яғни қоғам өмірінің толықтай мемлекеттенуімен сипатталатын өте күшті милитарландырылған полициялық мемлекет болып саналады.
Мемлекет типтері мен ондағы қандай да бір функцияның басымдығы арасында органикалық байланыс бар. Мемлекет функциялары өз кезегінде мемлекеттік қызметтің таралу аймағын, мемлекеттік органдардың құрылымы мен биліктік өкілеттіктерін анықтайды.
Мемлекет өзінің функциясын әр түрлі мемлекеттік қызметтердің қалпында іске асырады және өзінің жиынтығымен арнайы ұйымдастырушылық пен құқықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау
Мемлекеттің функциялары
Мемлекет функциясы және даму эволюциясы
Экономикалық функция - барлық мемлекеттерге тән функция
Мемлекет функциясының ұғымы және мазмұны
Мемлекет функциясының белгілері
Мемлекет түсінігі, функциясы
ҚР Қаржы Министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы ретіндегі құзыреті
Мемлекет функциясының ішкі функциясы
Биліктің бөлінуі қағидасы
Пәндер