Дамыта оқыту технологиясы туралы баяндау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I. ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Л. С. Выготский мен В. В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы . . . 6

1. 2. Дамыта оқыту - оқытудың белсенді әдісі . . . 9

II. БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2. 1 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолданудың тиімді жолдары . . . 12

2. 2. Математика сабағында дамыта оқытудың технологиясын қолдану арқылы баланың танымдық қабілетінің дамуына әсері . . . 13

III. ТӨРТІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӨЛ МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
3. 1. Педагогикалық тәжірибе және оның нәтижелері . . . 18

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33

Кіріспе

Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, тәуелсіздіктің тұтасын берік ұстағаннан бері қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық, саяси, мәдени өзгерістерге де жаңа сапалық деңгейде көріне бастады. Ал қоғамдағы өзгерістердің барлығы білім беру саласына, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасына тікелей әсерін тигізетіні анық. Сол себептен білім беру мазмұнында да жаңа көзқарастар, жаңа даму бағыттары, жаңа парадигмалар пайда болып, оларды іске асыру жолдары іздестірілуде. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жапы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп білім беру жүйесінің даму шартарын айқындауға тапсырады. [1]

Келешекте өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім берілу керек. Еліміздің дамыған, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында болу, тереземізді тең ететін - білім. Сондықтан да қазіргі кезде даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына жаңа технологияларды енгізу мәселесі туады. Мектеп қабырғасында енгізілген жаңа технологиялардың бір ерекшелігі бұл, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа сапалы білім беру және оларды жан - жақты дамыту. Бастауыш сынып - оқушылардың тұлғасы мен санасының дамуы қарқынды дамитын, ерекше, қайталанбас кезең. Сондықтан да бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу үшін және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар:

  • Баланы оқи білуге үйрету;
  • Баланы ойлау алуға үйрету;
  • Баланың өзін жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Осыған орай мектепте білімі беру үрдісі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістерге ұшырауда. Әр педагогтың міндеті - оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру. Сондықтан да осы тақырыпты өзекті тақырып етіп алып отырмын.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі заманғы дамыта оқыту жағдайында математикалық жаттығулардың оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру тұрғысынан алғандығы негізгі турлерін саралаудың қажеттігі келіп туындайды. Шын мәнісінде, Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикапық білімнің жаңа мазмұны біртекті емес және әр түрлі екі деңгейді қамтиды. Олар: міндетті және мүмкін деңгейлер. Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады. Осы деңгейдегі математикалық дайындыққа жету үшін көрсетілген үлгіге орай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер ұйымдастыру көзделеді. Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталған, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық әс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалын кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып - үйретудің негізін қалайды. Сондай - ақ балалардың дамуына әсерін тигізеді және негізгі материалдарды терең меңгеріп алуға көмектеседі.

Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сыныпта математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың таным қабілеттерін арттыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • «Дамыта оқыту» технологиясына үлес қосқан ғалымдар туралы мәлімет іздестіру;
  • Дамыта оқыту технологиясы туралы баяндау;
  • Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолданудың тиімді жолдарын қарастыру;
  • Математика сабағында дамыта оқытудың технологиясын қолдану арқылы баланың танымдық қабілетінің дамуына әсерін қарастыру.

Курстық жұмыстың нысаны: бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі. Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы, 4 «ж» сынып.

Курстық жұмыстың пәні: бастауыш сыныптағы математика сабағында дамыта оқыту әдістемелік жүйесі.

Гипотеза: егер бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында дамыта оқыту технологиясы жүйелі түрде қолданылса, онда оқушылардың ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылығы артып, өз бетімен білім алуға ынталанады, себебі, дамыта оқыту оқушыларды өз ойын еркін әрі толық жеткізе алуға, алдына қойған мақсатқа жетуге, сондай-ақ, дұрыс ой қорытынды шығаруға итермелейді.

Зерттеудің теориялық маңызы: дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технолоия Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занковтың зерттеулерінде жан-жақты зерттелген.

Зерттеудің практикалық маңызы: бастауыш сынып үрдісіндегі математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың тпнымдық қабілетін арттырудың әдістемесі дайындалып, бүгінгі күні математика оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселені жүзеге асыруда нақты қадам жасалды. Зерттеу жұмысының материалдарын бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламаларын құру, оқулықтар мен құралдарды жетілдіру бойынша курс, семинарлар дайындау барысында қолдануға болады.

Курстық жұмыстың құрылымы : жұмыс кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, зерттеу, жүйелеу.

Зерттеу базасы: Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы

І БӨЛІМ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Л. С. Выготский мен В. В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы

80-жылдардың аяғында Қазақстанның қоғамдық - саяси өмірінде болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаналықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Республика мектептеріндегі оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жргізіліп, білімнің мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылып, оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық педагогика үлгісінде тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біршама. Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс жүргізіп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабына сай өмірге келтірді. Оқушылардың қабілеттерін дамытудың негізгі факторлары болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен қатар баланың маңызды психологиялық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керек. Оқушылардың шығармашылық қабілеті оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. [2]

XVII ғасырдағы Я. А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде баланың ақыл - ойын, қабілеттерін дамыту арқылы олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі деген. Орыстың ұлы ағартушысы К. Д. Ушинский де өзінің дидактикалық еңбектерінде бастауыш мектеп жанындағы балаларды оқыта отырып дамыту мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған. Ал Л. С. Выготскийдің пікірінен көп нәрсе алуға болады. Алғашқыда оқудың тиімділігі алынған білімнің көлемімен, сапасымен өлшенсе, соңғыда білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен, әрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен анықталады. [24]

Дамыта оқыту технологиясы - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі зерттеуші субъект дәрежесіне көтерілу көзделіп, оқыту барысында соған лайықты жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы - көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытушылығының негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі атқаратын қызметінде, әдіс - тәсілінде, т. б. Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында олдау табуда. Педагогика ғылымының зертеушілері тәлім - тәрбие беру процесінің негізгі мақсаты - оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденуші психологтардың айтуынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан мектептің мақсаты - баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру процесін, ұйымдастырылудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет. [22]

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында дүниеге келіп, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) және психиканың басқа да функцияларын зеттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская) және т. б. іс - әрекет теориясының психологиясын жан - жақты талдады. Нәтижесінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірі Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдов, ал екіншісі Л. В. Занков басқарды. Дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин - В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс - тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыруды қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру әдістерінің мәні төмендегі 3 құрамдас бөліктермен анықталады:

  1. Үлгіні көрсету;
  2. Түсіндіру;
  3. Бақылау, бағалау.

Яғни, мұғалім сабақтың мазмұнын жақсылап айтып, түсіндіріп шығады. Сонан соң оны меңгеруге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгергендігін анықтау мақсатындағы сұрау, бағалау ұйымдастырылады. Әрине, жұмыс әртүрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы: өзі айтып бермей, үнтаспадан тыңдату, балаға оқыту, т. б. Қалай болғанда да өзімізге таныс иллюстрациялы - түсіндірме әдісінің қатаң тәртібі сақталуы керек. Баладан ыждағаттылықпен тындап, мүлтіксіз орындау ғана талап етіледі. [15]

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегі 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады:

  • Оқу мақсаттарының нақты қойылуы;
  • Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
  • Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі - дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин - В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдын ала оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесн ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Л. В. Занковтың дамыта оқыту технологиясына жасаған жүйесінің оқыту мазмұнының өзгешеліктеріне тоқталсақ:

  • Мақсаттың айырмашылығы;
  • Дидактикалық принциптік өзгешелігі;
  • Әдіс-тәсілдердің айырмашылығы;
  • Оқытуды басқалай ұйымдастыру;
  • Мұғалімнің еңбегінің нәтижелілігі;
  • Мектепте мұғалім мен оқушының қарым - қатынасы;

Жалпы осыдан даму деп қарастыратынымыз, бұл баланың ойлауының дамыту және практикалық әрекетін меңгеруін қабылдауы. Осыдан біз бастауыш сынып оқушыларының қарқындай дамуы, ой еңбегімен айналысуға табиғи мүмкіндіктерінің бар екенін оқыту процесінде осыны ескеру керек. [6]

Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір - бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:

  1. Жоғары деңгейдегі қиындықтарды оқыту;
  2. Теориялық білімнің жетекші рөлі;
  3. Оқу материалын жеделдете оқыту;
  4. Оқу процесін оқушының сезінуі;
  5. Барлық оқушылардың амуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Л. В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін - еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым - қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді. Д. Б. Эльконин - В. В. Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті мен оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары. [3]

1. 2. Дамыта оқыту - оқытудың белсенді әдісі

Дамыта оқытудың дәстүлі оқытудан айырмашылығы - көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытушылығының негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі атқаратын қызметінде, әдіс - тәсілінде, т. б. Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зертеушілері тәлім - тәрбие беру процесінің негізгі мақсаты - оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденуші психологтардың айтуынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан мектептің мақсаты - баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру процесін, ұйымдастырылудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет. [10]

Дамыта оқыту жүйесіндегі технологиялардың классификациялық сипаттамасы:

  1. Қолдану деңгейіне қарай: жалпы педагогикалық;
  2. Философиялық негізіне қарай: гумандық;
  3. Психикалық даму факторына қарай: социотектік, психотектік;
  4. Игерудің ғылыми тұжырымдамасына қарай: рефлекторлық, дамытушылық;
  5. Мазмұндық сипатына қарай: білімдік, тәрбиелік;
  6. Басқару типіне қарай: шағын топтар жүйесі;
  7. Ұйымдастыру формасына қарай: сыныптық, сабақтық, топтық және жеке;
  8. Балаға қатынас амалына қарай: тұлғалық, бағдарлық;
  9. Басымдық танытатын әдісіне қарай: дамытушы;
  10. Оқушылар категориясына қарай: жалпы;
  11. Жетілдіру бағытына қарай: балама; [18]

Дамыта оқытудың басты мақсаты - оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың әдісі мен амалдарын көрсету. Осыдан дамыта оқытудың дидактикалық ұстанымдарын көрсетсек:

  • Кешенді дамытушы жүйе негізінде мақсатты бағытталған даму;
  • Теориялық білімнің басты рөл атқаруы;
  • Мазмұнның толықтығы мен жүйелілігі;
  • Материалды игеруді қарқынды жүргізу;
  • Оқытуды эмоционалды процесті іске қосу;
  • Мазмұнды проблемаландыру;
  • Оқыту процесінің вариативтілігі;
  • Барлық оқушымен бірдей дамыту жұмыстарын жүргізу. [19]

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті - оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсете салу емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы «Өз іс тәжірибемде қалай қолданамын?» деген сұрақтың жауабын шешуге талпыну керек.

  1. Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту;
  2. Оқу барысында баланың бойындағы қасиетті дамытуды, қалыптастыруды дағдыға айналдыру;
  3. Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;
  4. Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту;
  5. Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту. [12]

Дамыта оқыту негізінде оқыту процесінде белсенді әдіс болып табылады. Белсенді оқытуда дидактикалық процесстерді ұйымдастыруда, дамытушы, проблемалық, зерттеушілік, оқытудағы шығармашылық жағдайды туғызуға, таным процестерін белсендіреді. М. Новиков белсенді оқытудың мынадай айырмашылықтарын көрсетеді:

1) ойлау белсенділігін арттыру.

2) оқуға қызықтыру уақыты айтарлықтай ұзақ болуы;

3) өзіндік шығармашылық шешімдер қабылдау, оқушылардың сезімдік және мотивациялық жоғары деңгейі.

Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:

• оқу міндетін қою сабағы

• модельдеу сабағы

• түсінікті нақтылау сабағы

• нақтылау сабағы

• бағалау сабағы. [24]

Ең алдымен дамыта оқыту технологиясымен жұмыс істеу барысында не қажет екенін білу керек. Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары

І. Әдістемелік іс - әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі

• Сабақтың мазмұны

• Оқу жағдайын ескеру

• Әдістемелік тәсілдерді қолдану

ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау

• Сабақтың негізгі мақсатын анықтау

• Сабақтың әр кезеңіндегі оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау

• Оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс - тәсілдерін таңдау.

ІІІ. Сабақты жүргізу.

• Әр сабақтағы баланың іс - әрекетін ұйымдастыру

• Оқушымен жанама қарым - қатынас

• Жұмыс барысын бақылау жұмысы

IV. Рефлексия (Сабақтың қорытынды бағасы)

• Қойылған мақсатқа жету

• Тақырып бойынша өзгерістер енгізу

• Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер) [14]

ІІ БӨЛІМ БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2. 1 Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолданудың тиімді жолдары

Математика саласына ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мамұнын да өзгерте бастады. Математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетаным да жаңаруда. Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі - жастарға терең білім мен тәрбие беру. Ал оның негізгі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісі жақсарту болып табылады. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе оқушылардың дара ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту және әр оқушының дара тұлға ретінде қарастыру, қиыншылықтан жол тауып шығу, сыныпта, әрбір сабақта психологиялық ахуалды жақсарту, оқуға құштарлық технологиялардың тиімділігі жоғары екені даусыз. Ғалым академик В. М. Монаховтың пікірінше «технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан - жақты ойластырған үлгісі». Олай болса осындай технологиялардың бірі «Дамыта оқыту» технологиясын математика сабағында қолданамыз. [13]

Дамыта оқытудың бәріне ортақ 6 белгісі бар:

  • Дамыта оқыту педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісті алмастырады. Осы әдіс арқылы жеке тұлғаны дамытумен тығыз байланыста болады.
  • Дамыта оқытуды дамытуда барлық заңдылықтарды ескереді және сапалық мүмкіндігін анықтайды. Даму деңгейі мен ерекшелігіне икемделіп сәйкестендіріледі. Оқыту дегеніміз - бұл адамның психикалық даму формасы және дамудың қажет элементі. Кез келген оқыту оқушы білімін байытады және дамытады. Сондықтан оқытуды бөліп қарауға болмайтын тұтас үрдіс. Дамыта оқыту мақсаты - аз, қысқа уақыт ішінде дамудың жоғарғы нәтижесіне жету болып табылады. Ол тектік және жас ерекшеліктік алғы шарттарды жоғары дәрежеде пайдалана отырып, дамудың алдында жүруі тиіс. Бұл тек дамыта оқытудың нәтижесінде ғана болмақ.
  • Дамыта оқытудағы педагогикалық ықпал тұлғаның тұқым қуалаушылық қасиеттерінің дамуына игі әсер етеді және тездетеді. Дамыта оқыту технологиясында балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
  • Дамыта оқытуда бала іс-әрекетінің толыққанды субъекті болып табылады.
  • Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға, яғни жан - жақты дамытуға негізделген.
  • Дамыта оқыту баланың жақын даму аймағында жүзеге асады. Жақын даму аймағы деп - тұлғаның мәселені өз бетімен шешу мүмкіндігінен ересектермен бірлесе шешу мүмкіндігіне өтуді атаймыз. [11]

Осыдан дамыта оқыту технологиясының нәтижелеріне тоқталсақ:

  • Әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолдану, бұл сабақтың тақрыбын ашуға көмектеседі;
  • Оқушылардың бәрі сабаққа белсене қатыса алады;
  • Әр оқушының деңгейлерін анықтауға болады;
  • Оқушылардың көбісін бағалай алады;
  • Оқушылар өз беттерімен ізденіп, жұмыс істей алуға үйренеді;
  • Оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздық, ұйымшылдық, сабаққа белсене қатысу, сөз саптаулары артады.

Мұғалім дамыта оқытуда сабақтың құрылымын, әдістік негіздерін меңгеріп, оны өз іс - тәжірибесінде қолдана білуі керек.

2. 2. Математика сабағында дамыта оқытудың технологиясын қолдану арқылы баланың танымдық қабілетінің дамуына әсері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактика. Дәріс курсы
Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар
Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап
Өздігінен іздену әрекеті
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі
Тиімді әдіс - тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану біліктілігін қалыптастыру
Химия пәнiндe ұжымдық оқыту әдiсiн пaйдaлaнa отырып 8-шы сынып оқушылaрының тaнымдық, iздeнiмпaздық бeлсeндiлiгiн aрттыру
Интерактивті оқыту әдістері
Әдебиетті оқыту әдістемесі
Зат есімнің жалғауларын оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz