Мүгедектердің құқықтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Тұрұм Р.Б.

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ (ДЦП) БЕЙІМДЕЛУІН ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 5В090500 - Әлеуметтік жұмыс

Нұр-Сұлтан 2019
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қорғауға жіберілді
Әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі

__________________________________

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ (ДЦП) БЕЙІМДЕЛУІН ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

мамандық 5В090500 - Әлеуметтік жұмыс

Орындаған Тұрұм Р.Б.

Ғылыми жетекші Досмурзаева Д.О

Нұр-Сұлтан 2019
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Инклюзивті қоғам тарихы, қалыптасуы, бүгінгі жағдайы

1.1 Адам құқықтары мен инклюзивті қоғам қоғам туралы халықараллық құжаттар мен қазақстандық заңнамалар

1.2 Инклюзивті қоғам түсінігі, қағидалары, ерекшелігі және негізгі бағыттары.

1.3 Инклюзивті қоғам құрудағы шетелдік тәжірибе

2. Инклюзивті қоғам құру жүйесін құрастыру
2.1 Инклюзивті қоғам үлгісі

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша бүгінгі күн елімізде ерекше қажеттіліктері бар 662,5 мың адам бар. Бұл жалпы халықтың 3,7%-ын құрайды. Қазақстан Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясынан бастап мүмкіндігі шектеулі жандар туралы конвенцияға қол қойған мемлекет. Елімізді осындай мүмкіндігі шектеулі жандардың өздігімен жүріп-тұрып, қоғаммен еркін араласуы үшін кедергісіз кеңістікке айналдыру кезек күттірмейтін мәселе. Мүмкіндігі шектеулі жандар жайлы тәуелсіздік жылдарында қаншама заңдар қабылданса да әлі де атқарылатын жұмыстар бар. Оған мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында осы мәселенің көтерілуі дәлел. Атап айтсақ, 2018 жыл 5-қазандағы ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ атты кезекті жолдауында тәуелсіздік жылдарындағы көп жұмыстар атқарылғанын айта кетіп, III-бөлімін Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру деп атап: Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған кедергісіз орта қалыптастыруға зор мән берілуі тиіс‒делінген.
Зерттеу объектісі:.
Зерттеу пәні: қоғамдағы әр түрлі адамдардың әлеуметтік ортаға бейімделуі, кедергісіз өмір сүруін зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстандағы инклюзивті дизайн тәжірибесін зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Қазақстандағы инклюзивті дизайн тәжірибесін қарастыру;
Қазақстандағы инклюзивті дизайн артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
Қазақстандағы инклюзивті дизайнның тиімді жолдарды қарастырып, жаңа ұсыныстар беру.
Зерттеу жұмысының болжамы: Адамзат қоғамы қалыптасқанына қаншама ғасыр өтсе де еркіндік, теңдік жетістігі мен адамзат өмірін жеңілдететін жаңа технологиялар дамыған заманда да жоғарыдағы аталған теңдік түгелдей қалыптаспаған. Қазақстанда инклюзивті қоғам жоғары дәрежеде дамымаған. Дамытудағы кедергілерді жойсақ, мүмкіндіктер өте көп.
Теориялық маңыздылығы: инклюзивті қоғам, орта, кеңістік мәселесіне қатысты зерттеулер әлеуметтану, әлеуметтік жұмыс, психология, педогогика, әлеуметтік педагогика, медицина заң ғылымдарында қарастырылған. Зерттелініп отырған тақырыптың теориялық-әдістемелік негізін қарастырғандар:

Практикалық маңыздылығы: қоғамдағы әр түрлі адамдарға деген қоғамдық қатынасты білу және бағалау жұмыстары оларды әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарын белгілеп, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік көмек көрсетудің нақты қызмет түрлерін және олардың жағдайын тұрақтандыру үшін жүргізілетін іс-шаралармен қамтылуына, талап етілуіне мүмкіндіктер береді.

Зерттеу әдістемелері: нормативтік-құқықтық актілерге талдау жасау,

Зерттеу базасы: Қазақстан Республикасы ( салыстырмалы түрде Нұрсұлтан мен Шымкент қалалары)

Жұмыстың құрылымы мен көлемі: кіріспеден, теориялық және талдау бөлімнен, қорытынды мен түйін, әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.

1. Инклюзивті қоғам тарихы, қалыптасуы бүгінгі жағдайы.
1.1 Адам құқықтары мен инклюзивті қоғам туралы халықаралық құжаттар мен қазақстандық заңнамалар.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, 22 бап: Әр адам, қоғам мүшесі ретінде, әлеуметтік жағынан қамсыздандырылуына және оның қадір-қасиеті қолдау табуына, жеке басы еркін кемелденуіне қажетті экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалар бойынша құқықтары әрбір мемлекеттің құрылымы мен ресурсатарына сай, ұлттық ықпал және халықаралық ынтымақтастық арқылы жұзеге асырылуына құқығы бар.
2006 жылғы 13 желтоқсанда Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 61-ші сессиясында қабылданған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция
Табиғи, әлеуметтік, экономикалық және мәдени ортаның, денсаулық сақтау мен білім берудің, сондай-ақ ақпарат пен байланыстың қолжетімділігінің маңыздылығын мойындай отырып, өйткені ол мүгедектерге барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толыққанды пайдалануға мүмкіндік береді.
Әмбебап дизайн барлық адамдар үшін бейімделудің немесе арнайы дизайнның қажеттілігінсіз пайдалануға барынша мүмкін дәрежеде жарамды етуге арналған заттардың, жағдайлардың, бағдарламалардың және көрсетілетін қызметтердің дизайнын білдіреді. Әмбебап дизайн қажет болған жерде мүгедек ерді нақты топтарына арналған ассисивті құрылғыны жоққа шығармайды.
Мүгедектердің нақты қажеттіліктеріне ыңғайластыру барынша аз бейімделу мен мейілінше аз шығынды талап ететіндей тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жабдықтар мен әмбебап дизайн объектілерінің (қарым-қатынас баспа материалдары, аудиоқұралдар, қарапайым тіл, оқып берушілер сияқты тілдерді, мәтіндерді, Брайль әліпбиін, тактилді қарым-қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мултимедиялық құралдарды, сондай-ақ қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияны қос алғанда, қарым-қатынастың күшейтуші және балама әдістерін, тәсілдерін және форматтарын, (тіл сөйлесу және ымдау тілдерін және сө лемейтін тілдердің басқа да нысандарын қамтиды.) зерттеу және конструкторлық әзірлемелерін жүргізуге немесе көтермелеуге, олардың қолда болуына және пайдалануына жағдай жасауға, сондай-ақ стандарттар мен басқару бағдарламаларын жасау кезінде әмбебар дизайн идеясын ілгерілетуге;
Зерттеу және конструкторлық әзірлемелер жүргізуге немесе көтермелеуге, сондай-ақ қымбат емес технологияларға бірінші кезекте көңіл бөле отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ұтқырлықты жеңілдететін құралдарды қос алғанда, жаңа технологиялардың болуына және пайдалануына жағдай жасауға, оларға пайдалы барынша ақпарат беруге
Мүгедектерге тәуелсіз өмір салтын жүргізу және өмірдің барлық аспектілеріне жан-жақты қатысу мүмкіндігін беру үшін қатысушы мемлекеттер мүгедектердің басқалармен тең дәрежеде табиғи айналасына, көлікке, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерді қоса алғандағы ақпарат пен байланысқа, сондай-ақ қалалық және ауылдық аудандарда халық үшін ашық несмесе ұсынылатын басқа да объектілер мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдайды. Қол жеткізуге кедергі жасайтын кедергілер мен тосқауылдарды анықтауды және жоюды қамтитын бұл шаралар, атап айтқанда:
Мектептерді, тұрғын үйлерді, медициналық мекемелерді және жұмыс орындарын қоса алғанда, ғимараттарға, жолдарға, көлік пен басқа да ішкі және сыртқы объектілерге;
Ақпараттық, коммуникациялық қызметтерге және электрондық қызметтер мен шұғыл қызметтерді қоса алғанда, басқа да қызметтерге қатысты қолданылуға тиіс.
Қатысушы мемлекеттер сондай-ақ:
А) халық үшін немесе ұсынылатын объектілер мен көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін көздейтін ең төменгі стандарттар мен басқарушылық бағдарларын әзірлеу, оларды қолданысқа енгізу және олардың сақталуын бақылау;
Б)халық үшін ашық немесе ұсынылатын объектілер мен көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке кәсіпорындар мүгедектер үшін қолжетімді болудың барлық аспектілерін ескеруін қамтамасыз ету;
С) барлық тартылған тараптар үшін мүгедектер ұшырасатын қолжетімділік проблемалары жөнінде нұсқама беруді ұйымдастыру;
д) Халық үшін ашық ғимараттар мен басқа да объектілерді Брайль әліпбиімен жазылған және жеңіл оқылатын және түсінікті нысандағы таңбалармен жабдықтау;
е) халық үшін ашық ғимараттар мен басқа да объектілерге қолжетімділікті жеілдету үшін көмекшілер мен делдалдардың, оның ішінде жолсеріктердің, оқып берушілердің және кәсіби сурдоаудармашылардың әртүрлі көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну;
f) мүгедектерге олардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін көмек пен қолдау көрсетудің басқа да тиісті нысандарын дамыту;
g)мүгедектердің интернетті қоса алғанда, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерге қол жеткізуін көтермелеу;
h)бастапқыдан қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелеуді жобалауды, әзірлеуді, жасауды және таратуды осы технологиялар мен жүйелерге қолжетімділігіне ең аз шығынмен қол жеткізетіндей етіп көтермелеу үшін тиісті шараларды қабылдайды.
Мүгедектердің басқа адамдармен тең дәрежеде өздерінің тұрғылықты жерін, сондай-ақ қай жерде және кіммен бірге тұруды таңдау мүмкіндігінің болуын және қандай да белгілі бір тұрғын үй жағдайында тұруға міндетті болмауын;
Мүгедектердің үйде, тұратын жерінде көрсетілетін әртүрлі қызметтерге және жергілікті қоғамдыстықтағы өмірді қолдау және оған енгізу үшін, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтан оқшаулануына немесе сегрегациялануына жол бермеу үшін қажетті дербес көмектерді қоса алғанда, жергілікті қоғамдастық базасындағы өзге де қосалқы қызметтерге қол жеткізуін;
Жалпы халыққа арналған көрсетілетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік қамсыздардыру халықаралық құқықтық реттеу
Мүгедектер құқықтарын қорғау және көтермелеу
Мүгедектік ұғымы және оның ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы
Кедейшілікті төмендету - мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Жас мүгедек адамдардың әлеуметтік жағдайы және оларды қорғау
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі
Әлемдегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыс жағдайын талдау
Инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік құқықтық заңдарды аңықтау
Еңбекке жарамсыз азаматтарына әлеуметтік қызмет көрсетуді құқықтық реттеу
Пәндер