Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы қарым қатынас деңгейін көтерудегі рөлін көрсету


Кіріспе.
1. Қазақстанның тәуелсіз ел атануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастар бастауы
1. 1 Қазақстан Республикасының Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы негіздері.
1. 2. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері.
1. 3. Қазақстан Түркия бірлескен кәсіпорындардың құрылуы және оның қызметі.
2. Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл.
2. 1 Қазақстан мен Түркия қарым-қатынасы дамудың жаңа көкжиегіне бет бұрды.
2. 2. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қосқан үлесінің маңыздылығы.
2. 3. Қазіргі кездегі Қазақстан-Түркия қатынастарының өзекті мәселелері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Түркия, яғни Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783, 562 км²) . Жұрт саны - 72, 600, 000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен жәнеАрмениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.
Түркия - кез келгеннің талғамына жауап беретін ел!
Түркия-табиғи әдемілігімен, бірегей тарихи және археологиялық мұрасымен туризмнің қарқынды дамып келе жатқан инфрақұрылымымен және қонақ үйі бизнесімен, өзінің дәстүрлі қонақжайлығымен және байыпты бағаларымен қонақтарды өздерінің күткендерінен де асыра қанағаттандырады. Түрция өзінің демалуға арналған кең спектрімен шын мәнінде көпшілікке танымал демалыс орындарының бірі деп атауға тұрарлық. Түркияның ауыспалы географиялық жағдайлары бір күнде 4 түрлі климатты бастан кешіруге мүмкіндік береді. Үш жағынан үш түрлі теңізбен қоршалған елдің жағалауын тік төртбұрыш түрінде жағажайлар, аралдар, бұғаздар, шығанақтар, түбектер, желкенді кеме тоқтайтын айлақтар, жарты аралдар мен қойнаулар қоршаған. Жергілікті жердегі туристік белсенділікпен, жазы сегіз айға созылатын (Бодрум, Анадолы және т. б. ) жазғы және қысқы туризмнің барлық кезеңінде спорттың кез келген түрімен (рафтинг, тау шаңғысы, альпинизм және т. б. ) . айналысуға мүмкіндік ұсынатын елді барлық жағынан таулар, аңғарлар, өзендер, құламалы сулар мен үңгірлер безендіріп тұр.
Түркияда тау шаңғысы спорты әуесқойлары, альпинистер, жаяу серуенді ұнататындар мен тіпті аңшылар да жаңа және ұмытылмас рақатқа батады. Түркия - бұл Анадолының барлық өркениетінің бесігінен тербетіліп шыққан ашық ауадағы мұражай. Түркияның тарихи мұрасы мен археологиялық байлықтары бір континентке жетеді. Соңғы уақытта Түркияға деген қызығушылық денсаулық сақтау тарапынан артып келеді, Түркияның жер асты ыстық сулары шын мәнінде көптеген ауруларға медицина тарапынан шипалы суы мен балшықтары дертке дауа, ауруға шипа деп танылған. Ең басында Ислам мен Христандық тұрған сансыз діни пайымдаулардың ортақ нүктесінде орналасқан Түркияға келушілер қандай дінге жатса да, осы жерде сол діннің өзінің қасиеттісін табады: бұл храмдар мен әулиелердің жерленген жерлері, мазарлар мен молалар және т. б.
Елдің ресми аты- Туркия Республикасы. Құрылған күні - 1923 жылғы 29 Қазан. Астанасы - Анкара. Ең ірі қалалары - Стамбул, Анкара, Измир, Адана, Анталия. Орналасқан жер көлемі - 814. 578 km2 Мемлекеттік тілі -түрік тілі. Ірі қалаларда ағылшын тілі кеңінен тараған.
Әдетте курортты аймақтарда көптеген ұйымдар демалыссыз жұмыс істейді, ең дұрысы тағы да күні бұрын біліп алған жөн болады. Түркияда ресми мерекелер екіге бөлінеді: Ресми мерекелер жыл сайын тойланатын негізгі мерекелер әр жылы сол күндерде және діни мерекелер жыл сайын жылжымалы күнтізбе бойынша тойланады. 1 Қаңтар, 23 Сәуір, 1 Мамыр, 19 Мамыр, 30 Тамыз, 28 және 29 Қазан.
Түркиямен визалық режімді қолдайтын елдердің азаматтары визаны аэропорттан оңай алуына болады. Қалаларда және негізгі туристік қалаларда халықаралық деңгейдегі жоғары сапалы қызметтің кең спектрін жеке және мемлекеттік ауруханалар ұсынады. Жер орта теңізінің басқа көптеген елдері сияқты түрік асханасы да денсаулыққа аса пайдалы, балғын және дәмді. Су құбырындағы ішетін су хлорландырылады және қауіпсіз. Оның үстіне, шөлмектегі суларды да таңдауға болады, ол байыпты бағамен сатылады және пайдалануға дайын болады. 1
1980 жылдарға қарай қоғамдык-саяси және зкономикалық құрылысы өзгеше мемлекеттермен, әсіресе АҚШ және Ұлыбритания, Франция сияқты батыс державалармен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан тартысы барысында Кеңес Одағы мемлекеті экономикалық тұрғыда өзінің әлсіздігін таныта бастады. «Қырғиқабақ соғыс» саясаты жағдайындағы жаппай қарулану бәсекелестігі КСРО мемлекетінде ең алдымен әскери-өнеркәсіптік кешенді басым дамытуға алып келгені мәлім. Ал бұл өз кезегінде халық шаруашылығының бейбіт саласындағы ахуалына керісінше әсер етті. Жеңіл өнеркәсіп және басқа да әлеуметтік салаға тікелей қатынасы бар өнеркәсіп кешені халықтың күнделікті сұранысын қанағаттандыра алмайтындай дәрежеде еді. Сондықтан экономика саласында негізгі назарды әскери өнеркәсіптен бейбіт шаруашылыққа қарай ойыстыру қажет болды. Ал бұл өз кезегінде халықаралық қатынастарда КСРО-ның сыртқы саясатына өзгерістер енгізуді, батыс державаларымен нақты жағдайға байланысты қарым-қатынасын қайта қарауды қажет етті.
Мұндай экономикалық реформалар ең алдымен нарықтық қатынастар негізінде, мемлекет тарапынан үйлестіру, бақылау арқылы іске асырылатын болды. Алайда, нарықтық қатынастар, жалпы кеңестік экономикаға либералдық сипат беру өз кезегінде қоғамды демократияландыру шараларымен қатар жүргізілуі қажет еді. Бұл заңдылықтарды іске асыру барысында КСРО мемлекетіндегі ұлттық және ұлтаралық қатынастарды да, одақтас және автономиялық республикалардың орталық үкіметпен байланысын, қарым-қатынасын да, құқықтық негіздерін де қайта құру, өзгерту күн тәртібіне қойылғаны мәлім. Мемлекеттердің бөлінуінен басталған бұл үрдіс бұрынғы одақтас республикалардың бірінен соң бірі өз егемендігін жариялауына, ал 1991 жылы тамыз оқиғаларынан кейін ыдырап, сол жылғы желтоқсанның бас кезінде бір кездегі құдіретті империя Кеңес мемлекетінің тарихи аренадан кетіп, әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына алып келді.
Бұл тақырыпта: «Түркияның Қазақстан елімен қарым қатынастарының даму барысы» қалам тартып зерттеулер жасауымдағы басты мақсаты болып: Түркияның түбі бір Қазақ елімен ара қатынастары жағдайын анықтау болып табылады.
Сонымен қоса дипломдық жұмысты жазу барысында нақты деректерге сүйене отыра, жаңалық енгізу және дипломдық жұмысты қазіргі ғылыми зерттеу саласындағы стандартқа сай жазылуын қадағалау.
Жұмысымның міндеті:
1. Екі елдің қатынастарының қай деңгейде екенін анықтау.
2. Осы қатынастарының өзіндік ерекшелігін ашып көрсету.
3. Экономикалық, саяси және мәдени қатынастарының ішкі нарыққа тигізген әсерін анықтау.
4. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдерін талдау.
5. Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы қарым қатынас деңгейін көтерудегі рөлін көрсету. Екі ел арасындағы байланыстың маңыздылығы мен тәжірибе алмасудың болашағына талдау жасау.
Жоғарыда айтылған міндеттерді шешу үшін әр түрлі әдебиет көздері: ағымдағы басылымдар, энцеклопедиялық басылымдар, жол сілтеуіштер, анықтама басылымдары мен интернет көздері қолданылған болатын.
Алға қойылып отырған басты нысан Түркия мен Қазақ елі және жоғарыда айтылған мәселелерді жан жақты зерттеп, қорытынды жасау.
Қазақстан мен Түркия арасында саяси, экономика, мәдени қатынасы тез дамып кетті. Бүкіл Түркия Республикасының Ата Түрік Мұстафа Кемал өзінің 10-жылдық тәуелсіздігінде сөйлеген сөзінен кейін 58 жылдан кейін қатынастық бастамасы еді. Бұл қатынас Түркияның 58 жыл бойы Қазақстанның тәуелсіздігін күткендігін, оған жақсы дайындалғандығын көрсетіп отыр. Екі Елдің арасында дипломатиялық достық, ынтымақтастық қарым-қатынастары орнатыла бастады. Бірақ айта кететін бір нәрсе 1992 жылы Стамбулда Түркі мемлекеттерінің бас қосуында Түркияның Президеті «Түркішілдік Одағын» құруға ұсыныс жасағанда Н. Назарбаев қол қоюды қарсылық білдірді Өзбекстан Президенті Ислам Каримовта бұл ұсыныстан қол қоюдан бас тартқан еді. 2
Дипломдық жұмысымның мақсаты орай мен - осылайша Қазақстан мен Түркия Республикасының жан-жақты салада қатынастарын дамуы тарихи құбылыс сипатын алып отыр. Сондықтан да бұл мәселені зерттеу, талдау олардың бағыттарына сипаттама беру қажеттілігі қалыптасып отыр. Осыған орай мен осы жұмысымда арнайы зерттеу жұмысын жасауды көздедім.
Себебі Қазақстан мен Түркия Республикасының қарым-қатынастары туралы сол кездерде бірқатар еңбектер мен кітаптар, ғылыми мақалалар жарыққа шыға бастады, сондай ақ, Қазақстан мен Түркия Республикасының қарым қатынастарын бастамасы екі елдің тұңғыш рет келісім жасау министрлердің дипломатиялық қатынастардың бастамасы, кәсіпорындардың бірлесу туралы Келімбетов М. «Қазақстан коммунисі» газетіне де жазған болатын. 3
Н. Назарбаев тәуелсіздік алған кезде тұңғыш мойындаған және туысқан Түркия Республикасының Президенттері туралы өз еңбегінде жазады. 4
1996 жылы Түркия Республикасында Қазақстан мен Түркия Республикасының 5 жылдық дипломатиялық, экономикалық мәдениет қарымқатынастары мен екі елдің 5 жылда жасалған келісім шарттар туралы жазылған еңбек шықты. 5 Фейзуллах Будак ежелгіден қазіргі Қазақстанның тарихы туралы өз еңбегін түрікше жазып шығарады.
Мені айрықша қуантатын жәйт еліміздегі тұрақтылық, бұл демократиялық қоғам көмек беруі, нарықтық экономикаға өту, негізгі принциптер жаңа конституцияға әлем елдерінде қалыптасқан Қазақстанның түбі бір Түркиа елімен түбі бірлігі тек ата - баба қанында ғана емес, Президент дана саясатшы Н. Назарбаев басқарған ел ұлы мемлекет болуа сенімім. Түркия осы жолда жан-жақты қолдау, ұсыныс беруге дайындығының болуы. Өйткені 15 жыл ішінде Түркия үлкен тәжірибе жинақтады, дін қиыншылықтарымызды түрлі жолдармен шығу жолын қарастырамыз деді.
1. Қазақстанның тәуелсіз ел атануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастар бастауы.
1. 1 Қазақстан Республикасының Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауы негіздері.
Сөйтіп, 90-жылдардың басындағы Кенес Одағының құлдырауы тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына себеп болды. Ал ол өз кезегінде түркі тілдес халықтар мемлекеттерінің, онын ішінде Қазақстан мен Түркияның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қарым-қатынастарының қарқыны өсуіне түрткі болды. Жоғарыда айтылғандай, 1991 жылы 16 желтоксанда жарияланған Қазақстан тәуелсіздігін әлемде бірінші болып таныған мемлекет Түркия Республикасы болды.
Қазақстанға ең бірінші болып қолдау көрсеткен Түркия мемлекетінің теңдесі жок бұл актісі тәуелсіз жас мемлекеттің халықаралық деңгейде тез танылып, өзінің сыртқы саясатын айқындауға, басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарының негізін салуға жол ашты. Көп ұзамай 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды және де Алматы қаласында ең бірініш болып Түркия Республикасының Елшілігі ашылды. Әрине, бұл ресми дипломатиялық қатынастың орнатылуы еді.
Айта кететін жайт, Түркиямен мәдени қарым-қатынастың алғашқы ресми байланысы 1990 жылдың желтоқсанында орнатылды. Онда Қазақ КСР-ның мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Түркия Республикасының мәде-ниет министрлігінің арасында қарым-қатынас туралы келісімге және де Қазақ КСР-ы мен Түркия Республикасының Үкіметтері арасындағы ресми протоколға қол қойылды. Бұл құжаттарда жастарға білім беру саласында көрсетілетін көмек, жоғары оқу орындарындағы қарым-қатынас, бірлескен ғылыми жобалар жасау, студенттермен, әр түрлі саладағы мамандар және ғалымдармен алмасу, халықаралық семинарлар, конференциялар, фестивальдер өткізу, көрмелер ұйымдастыру, мәдени орталықтар ашу, театрлық, музыкалық және де басқа да шығармашылық ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастарды қолдау, мара-паттау, қазақ жазушыларының шығармаларын түрік тіліне, ал түрік жазушыла-рының шығармаларын қазақ тіліне аудару және Қожа Ахмет Ясауимен Арыстанбаб кесенелерін жөндеуден өткізу, бірлескен археологиялық зерттеулер ұйымдастыру және тағы басқа да мәдени саладағы қатынастар туралы шаралар нақты көрініс тапты 6
Бұл ресми қарым-қатынастар ең алдымен түбі бір туысқан түрік халқы мен қазақ халқы арасындағы бір кезде үзіліп қалған мәдени және рухани байланыстарды қалпына келтіріп, екі халық арасындағы тарихи сабақтастықты жалғастырудың алғашқы қадамы еді. Түркия мемлекеті мен Қазақстанды байланыстырған осы шаралар республика жұртшылығы тарапынан қызу қолдау тапқанын айту қажет. Мұнан кейінгі туысқандық байланыстар, әсіресе халыққа етене жақын мәдениеті, білім, ғылым саласындағы өзара қарым-қатынастар екі ел арасын одан да тығыз жақындатты. Бұған Түркия мен Қазақстанның экономикалық байланыстары да зор ықпал етті. Сондыктан, бүгінгі күні қазақ-түрік ынтымақтастығы кең әрі жан-жақты екендігін және де халықаралық аренада қарым-қатынастарының артқандығын қуана айтуға болады, сонымен қатар екі елдің маңызды мәселелер бойынша ұстанған бағыттарының бірлігі мен ұқсастығын атап айту да қажет.
Қазақстан мен Түркияның арасындағы екі жақты қатынастардың дамуымен қатар екі елдің халықаралық ынтымақтастық саласындағы өзара әрекеттестігі де маңызды орын алатыны сөзсіз. Түркия алғашқыдан бастап Азиядағы өзара ықпалдастың және сенім шаралары кеңесі (АӨЫСШК) шеңберіндегі Қазақстан тарапының инициативасын барынша қолдап келеді. 1999 жылы қыркүйек айында Алматыда өткен АӨЫСШК-не қатынасушы елдердің сыртқы саяси мекемелері басшыларының бас қосуымен мемлекеттік министрі Абду Халук Мехмет Чай бастаған Түркия делегациясының қатысуын айтуға болады.
Екі елдің халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығы халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберінде бір-бірін өзара қолдаудан да көрініс табуда.
2000 жылы 5 мамырда Түркия мемлекетінде оныншы Президент болып Ахмет Недждет Сезер сайланды. Ахмет Недждет Сезер Нұрсұлтан Назарбаев екеуі алғашқы кездесулері Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының алақалы жиынында кездескен еді. 7
2000 жылы 19 қазан күні Түркия Республикасының оныншы Президенті Ахмет Недждет Сезер Қазақстанға тұңғыш рет ресми сапарымен келді. Астана әуе жайы басында жоғары мәртебелі мейманды мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаев қарсы алды. Содан кейін Түркия Президентінің кортежі Қазақстан басшысының резиденциясын бетке алды.
«Қазақстан басшысы екі ел мемлекет арасында серпінді дамып отырған дәстүрлі достық қарым-қатынастардың алдағы уақыттарда жалғасын таба беретініне сенім білдіреді. Түркия Президенті өз елінің Қазақстан мен және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерімен ынтымақтастық байланыстарды дамытуға деген бағыты өзгермейтін, әрі мұның өзі Түркияның аса маңызды сыртқы саяси басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап көрсетті8».
Қазақстан мен Түркия Республикасының қарым қатынастарын бастамасы екі елдің тұңғыш рет келісім жасау министрлердің дипломатиялық қатынастардың бастамасы, кәсіпорындардың бірлесу туралы Келімбетов М. «Қазақстан коммунисі» газетіне жазды9.
Н. Назарбаев тәуелсіздік алған кезде тұңғыш мойындаған және туысқан Түркия Республикасының Президенттері туралы өз еңбегінде жазады.
1996 жылы Түркия Республикасында Қазақстан мен Түркия Республикасының 5 жылдық дипломатиялық, экономикалық мәдениет қарымқатынастары мен екі елдің 5 жылда жасалған келісім шарттар туралы жазылған еңбек шықты. Фейзуллах Будак ежелгіден қазіргі Қазақ еліенің тарихы туралы өз еңбегін түрікше жазып шығарады.
Н. Назарбаев 1994 жылы Түркияға ресми сапармен барғанын және түркі тілдес халықтардың Еуразия Одағын құру туралы «Халық Кеңесі» газетіне жазып шығарады. 10 Ибрагим Қазақстанның Түркияменг экономикалық қатынасы мұнай саласы мен сауда қатынасы туралы «Түркия мен Қазақстан» деген мақаласын жазады. 11 Негізі, 1994 жылы қазанның 17-де Анкарада Түркия мен Қазақстанның арасында достық және ынтымақтастық туралы шарт жасалды.
Түрк ия Президентінің Анкарадағы резиденциясында салтанатты қол қою рәсімінде сөз сөйлеген Н. Назарбаев:
«Екі елдің арасында «туысқандық, жақындық» қатынастар бар екенін айтты. Түркия Қазақстанның тірегі болып табылады деп атап көрсетті. Біз сіздерге сенеміз деп атап көрсетті. -Біз үшін Түркияның күшті болғаны өте маңызды. Құрамында Түркия мен Орталық Азияның түркі тілдес республикалары кіретін ұйымды құратын уақыт келді деп атап көрсетті Н. Назарбаев. Бұл ұйымның әлде кімге қарсы бағытталмайтындығын және әскери болмайтындығына, оның мақсаты бейбітшілікті және халықтардың әл-ауқатын нығайту нығайту болып табылатындығына сенім білдірді».
Ал Түркия республикасының Президенті Сүлеймен Демирел Қазақстанмен қарым-қатынас туралы мынандай тамаша сөздерді айтты: «Түркия мен Қазақстан аймақтағы екі іргелі және ықпалды мемлекет болып табылады. Н. Назарбаевтың батыл да салиқалы сырқы саясатының нәтижесінде Қазақстан аз уақыт халықаралық аренада маңызды орын алып үлгерді. Республика аймақтық және бүкіл әлемдік беделге ие болды» - деді.
1. 2. Тәуелсіз Қазақстан және Түркия Республикасы арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы байланыстардың алғашқы кезеңдері.
Қазақстаң Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев айтқандай «Біз түркі тілдес мемлекетпіз және де түркі тілдес елдермен қатынастарды нығайтуға бар күшімізді саламыз».
10 жыл ішінде Қазақстан мен Түркия арасында 90-нан астам келісім-шарттар және хаттамаларға қол қойылды. Екі елдің Президенттерінің білім, ғылым және мәдениет министрлерінің бірнеше іс-сапарлары орын алды. Екі жақты делегациялар алмасу, мемлекетаралық ресми байланыстар кезінде келісілген қатынастар туралы шарттар негізінде тікелей мәдениет мекемелері мен шығармашылық ұйымдар мен ұжымдар, оқу орындары мен ғылыми институт-тар және орталық өкілдерінің тұрақты байланысы қалыптасты. Ғылым Академиясына және ведомстволарға қарасты ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары арасында мамандардың алмасуы, сондай-ақ университеттер арасында студенттер мен маман оқытушылардың алмасуы Қазақстан үшін ғылым, білім, мәдениет саласында шетелдік тәжірибе жинақтаудың алғашқы мектебі болды. Себебі, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания мемлекеттерімен мұндай қарым-қатынастар 90-жылдары Түркия елімен сияқты кең көлемде жүргізілген жоқ болатын. Бұл мәселе қазір де сондай сипатта деуге болады.
Екі ел арасындағы рухани байланыстар үшін Түркия мен Қазақстанда екі халықтың мәдениет күндерінін, өткізілуі аса маңызды оқиға болды. 90-жылдардын ішінде «Түркиядағы Қазақстан мәдениет күндері» және «Қазақстан-дағы Түркия мәдениет күндері» айдарымен ауқымды мәдени фестивальдері өткізілді. Бұл тұрақты сипат алды.
Қазақстан және Түркия түрік әлемінде өткізілген ортақ құрылтайларға, көптеген жастар фестиваліне, жазушылар, музыканттар, мәдениет және ғылым қайраткерлерінің жиналыстарына, кинематография фестиваліне екі жақтан да жаппай бұқара өкілдері қатысты. Осы жылдары арнайы суретшілер көрмелері ұйымдастырылды, екі елдің теледидарында елді таныстыру мақсатында түрлі телехабарлар және сұхбаттар дайындалды. Осындай мақсатпен екі жақтың техникалық өзара көмек, кеңесулер, жетістіктер және тәжірибе алмасу процестері жүзеге асырылды.
Қазақ -түрік қарым-қатынастарында ежелден аса маңызды саланың бірі діни рухани байланыс екеніне бұрын назар аударылған жоқ. 1917 жылы төңкеріске дейін Ресей империясынын саясаты Түркияны Қара теңіз бөн Жерорта теңізі аумағындағы бәсекелесі ретінде қарастырып, орталық патшалығының қол астындағы түркі тілдес отар халықтардың Түркиямен байланысын кеңейтуге кедергі жасап келгені мәлім.
Ал кеңестік дәуірді бұл тек ресми мемлекетаралық қатынастар аясында ғана қарастырылың екі ел халықтарының мәдени, рухани, діни жақындықтарына тосқауыл қойылды. Ресми коммунистік (орыстық деп айтуға болады) идеологиялық ауытқып, түрік халықтарының тамырластығы туралы пікір білдіргендігін кеңестік дәуірде «пантюркизм» идеологиясына уағыздаушылар деп бағаланғаны, саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны белгілі. 12
Сондықтан, тәуелсіз Қазақстан мемлекеті жарияланып, демократиялық, егемендік негізде сыртқы қарым - қатынастарын айқындау, қалыптастыру барысында ежелгі діни-рухани байланыстарды да жаңғыртудың маңызы өте зор еді. Бұл тұрғыда Түркістан, ондағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі сияқты қасиетті ұғымдар мен ескерткіштердің де рөлі ерекше болғаны белгілі. Сондықтан, 90-жылдары екі елдің діни қайраткерлерінің арасында рухани және материалдық құндылықтарды сақтау және де исламды дін ретінде уағыздау саласында қарым - қатынастар жаңғыртылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz