Заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілік дамуының ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы

Заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілік дамуының ерекшеліктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B012300-«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»

Орындаған: Меңтай А. Е.

Ғылыми жeтeкшi

аға-оқытушы Шағырбаева М. Д.

Алматы, 2019 ж

Қaзaқcтaн Pecпyбликacының Бiлiм жәнe Ғылым Миниcтpлiгi

Әл-Фapaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық yнивepcитeтi

Философия және саясаттану факультеті

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы

«Қopғayғa жiбepiлгeн»

кaфeдpa мeңгepyшici, п. ғ. д., пpoфeccop м. a. А. Д. Құрманалиева

«ЗАМАНАУИ СОЦИУМ ЖАҒДАЙЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ДАМУ ЕРЕУШЕЛІКТЕРІ» тақырыбында

ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC

5В012300 - «Әлeyмeттiк пeдaгoгикa жәнe өзiн-өзi тaнy»

Opындaғaн Меңтай А. Е.

Ғылыми жeтeкшi Шағырбаева М. Д.

Hopмa бaқылayшы Мурзагулова М. Д

Aлмaты, 2019 жыл

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыс 72 бет, 5 сурет, 6 кесте, 65 әдебиет және 3 қосымшадан тұрады.

Кілттік сөздер: адамгершілік, мораль, рухани-адамгершілік, социум, әлеуметтену, қарым-қатынас.

Зерттеудің мақсаты: заманауи социум жағдайында оқушылардың адамгершілігін қалыптастыру жұмысын теориялық және практикалық негіздеу.

Зерттеудің міндеттері:

  • «Адамгершілік», «адамгершілікті қалыптастыру», «заманауи социум» түсініктерінің мәнін ашу;
  • Заманауи социум жағдайында оқушылардың адамгершілігін дамыту жұмысының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
  • Заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілігін дамыту жұмысының тәжірибелік-педагогикалық жұмыс тиімділігін арттырудың әдістемелік ұсыныстарын даярлау.

Зерттеу әдістері: бaқылay, cayaлнaмa, cұхбaттacy, ойын.

Алынған нәтижелер:

  • Заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілігін қалыптастыру жұмыстары жөніндегі әдебиеттер зерттелді.
  • Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру әдістері қарастырылды.
  • Мұғалімнің оқушылардың рухани-адамгершілік құндылығын қалыптастыру жұмысының құрылымдық-мазмұндық үлгісі ұсынылды.

Тәжірибеде қолданылуы: ұсынылып отырған дипломды әлеуметтік педагогтың оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жұмысына әдістемелік нұсқаулық ретінде қолдануға болады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
5
: 1
КІРІСПЕ . . .: ЗАМАНАУИ СОЦИУМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
5: 5
:

1. 1

1. 2

1. 3

КІРІСПЕ . . .:

Адамгершілік құндылықтар жүйесінің ғылыми әдебиетте зерделену жайы . . .

Заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілік даму ерекшеліктерінің мәні мен мазмұны . . .

Заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілік даму ерекшеліктерінің құрылымдық-мазмұндық моделі . . .

5:
:
КІРІСПЕ . . .:
5:
: 2
КІРІСПЕ . . .: ЗАМАНАУИ СОЦИУМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ . . .
5: 35
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Заманауи социум жағдайындағы балалардың адамгершілік даму ерекшеліктерінің кезеңдері мен әдістері . . .
5: 35
:

2. 2

2. 3

КІРІСПЕ . . .:

Заманауи социум жағдайындағы балалардың адамгершілігін дамыту ерекшеліктерінің бағдарламасы . . .

Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс нәтижелері . . .

5: 42
:
КІРІСПЕ . . .: Қорытынды .
5: 68
: ә
КІРІСПЕ . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
5: 70
:
КІРІСПЕ . . .: Қосымшалар . . .
5: 74


Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайында ғылыми-техникалық жаңалықтарды меңгерумен ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға қоғамның жастарына ұлттық-патриоттық рухта тәрбие берудің сапалық деңгейін көтеріп, рухани-адамгершілік түсініктері мен ұғымдарын тәрбиелеуді білім беру мекемелері міндет етіп қойып отыр.

Қазақстандағы жалпы білім беруді реформалау жүйесінің жүзеге асырылуы республикамыздың тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жағдайында үлкен қоғамдық маңызға ие болып отыр. Еліміздің жаңадан қабылданған Конституциясында жеке тұлғаның рухани және жан-жақты дамуының қайнар көзі білім мен ғылымды қоғам талабына сай дамыта отырып, жас ұрпақ бойында имандылық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жөнінде мәселе көтерілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның негізгі құндылығы ретінде адамды, оның өмірі, құқығы мен бостандығын белгілейді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Жеке адамның шығармашылық, рухани дене мүмкіндіктерін дамыту адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектілігін байытy- қазіргі білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі», - деп орынды айтылған [1] .

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: « . . . оқушыларды қазақстандық патриотизм шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет . . . ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - дегені мәлім [2] .

Жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғыда азамат болып қалыптасуы, ұзақ мерзімді оқу-тәрбиенің негізінде білім мен тәрбие негіздерін игерту ордасы- мектепте өтеді. Мектеп қабырғасында игерілетін білім мазмұны, оқушылардың ғылым негіздерімен қоса тәрбие заңдылықтарын да қамтиды. Тәрбие қоғам мәдениетін жасаушы, әрі сақтаушы, әрі оны келер ұрпаққа жеткізущі басты құралдардың бірі. Сонымен бірге, тәрбие беру арқылы тұлғаның іштей түлеуіне мүмкіндік бере отырып, оны рухани құндылықтар жасауға, насихаттауға жетелейді.

Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырға созылған өзіндік тарихи тағылымы, ой-пікірлері бар болғандықтан, жеткіншектердің рухани-адамгершілік тәрбиесі туралы тұжырымдар философ, тарихшы, этнограф, психолог, педагог ғалымдардың зерттеу еңбектерінен орын алған. Оның тамыры тереңге жайылып, Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, қазақ даласының аты аңызға айналған кемеңгер ойшылы Қорқыт атаның, Аристотельден кейінгі тарихта «Әлемнің екінші Ұстазы» атанған данышпан, ойшыл әл-Фарабидің және сол орта ғасыр дәуіріндегі ғұламалардың (Ж. Баласағұн[5], Қ. А. Яссауи[6], М. Қашғари[7], т. б. ) XII-XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың (Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Ақтамберді, Махамбет, Майлықожа[8], т. б. ) жастарға тәрбиесі туралы мұраларынан бастау алады. Аталған ойшылдардың еңбектері ғылыми-педагогикалық тұрғыда сараланып, елін, жерін, Отанын, ұллтық мәдениетін сүйетіни арлы, адамгершілі мол, парасатты ұрпақ тәрбиелеуде баға жетпес мұра болып табылуда.

XX ғасыр басында қазақ халқының білім беру саласында үлкен бетбұрыстар болды. Ұлттық негіздегі төлтума оқулықтар, рухани-адамгершілік тәрбие мәселесіне арналған ғылыми еңбектер жарық көрді. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мұраларды жинақтау, оны бүгінгі оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне пайдалану А. Байтұрсынов[9], М. Жұмабаев[10], М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердіұлы және т. б. еңбектерінде көрініс тапты.

Сонымен қатар ТМД елдерінің және шетелдік ғалымдардың адамгершілік тәрбиесі проблемаларына қатысты ұлттық құндылықтарды зерттеген Л. М. Архангельский, А. Г. Трушккина, В. А. Блюмкин, А. А. Гусейнов, В. П. Зинченко, Д. А. Леонтьев, А. И. Титаренко, т. б. айтуға болады. Сондай-ақ, руханилық жанның негізгі құндылығын К. Д. Ушинский, А. И. Пирогов, В. Я. Стоюнин, И. А. Ильин, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, т. б. еңбектерінде орын алған.

Тәрбие жұмыстарына ғылыми сипаттама бере отырып, халықтық тәрбие тұрғысынан негізделген қазақ ғалымдары Қ. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев[11], С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, Қ. Бөлеев, Ә. Табылдиев, Ш. И. Джанзақова, А. Ашайұлы, С. Иманбаева және т. б. ұлттық педагогиканың теориялық негізін айқындаймен қатар, мектептегі тәрбие жұмысын жетілдірудің практикалық жақтары, тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын, ерекшеліктерін атап көрсетті.

Қазіргі уақытта еліміз саяси, экономикалық және әлеуметтік дағдарыстарды басынан өткізіп, еңселі елулікке бет бұруда, бұл әрине қоғамның адамгершілік нормаларды меңгеруіне әсер етпей қоймайды. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезіндегі қазіргі заманғы педагогика теориясы мен практикасындағы көкейтесті мәселерлерге жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы жатқызуға болатындығын әлеуметтік және педагогикалық зерттеулер көз жеткізіп отыр.

Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің жолдарын қарастыру ең басты мәселеге айналуда. Ол төмендегідей, себеп-салдарға байланысты:

  • cаяси-әлеуметтік, экономикалық, педагогикалық факторлардың әсері мен адамгершілік тәрбие процесін жүзеге асыру шарттары;
  • көптеген педагогикалық ұжымдардың едәуір өзгерістерге ұшыраған әлеуметтік жағдайларда адамгершілік тәрбиесін нәтижелі жүзеге асыруға дайын еместігі;
  • адамгершілікке тәрбиелеу теориясы ережелерінің басым көпшілігі қазіргі қоғам талабына сай бағытталмаған,

Демек, бұл мәселенің шешімін табу жолдарын іздестіру зерттеу тақырыбымыздың көкейкестілігін дәлелдейді. Сол себепті, ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілік даму ерекшеліктері» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілік дамуын ғылыми-теориялық негіздерін айқындау және оның әдістемесін даярлау.

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-тәрбие үрдісі

Зepттey пәнi: мектеп оқушыларының адамгершілік құндылықтарын тәрбиелік іс-шаралар арқылы қалыптастыру жүйесі

Зерттеудің міндеттері:

  • «Адамгершілік», «адамгершілікті қалыптастыру», «заманауи социум» түсініктерінің мәнін ашу;
  • Заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілігінің даму ерекшеліктерінің құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
  • Заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілігінің дамыту жұмысының тәжірибелік-педагогикалық жұмыс тиімділігін арттырудың әдістемелік ұсыныстарын даярлау.

Зepттeyдiң ғылыми бoлжaмы: егер, заманауи социум жағдайында оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері анықталып, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жүйесі жасалса, адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың мазмұнын құрып, әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе, онда рухани-адамгершілік құндылықтары қалыптасқан, ұлттық сана-сезімі жоғары тұлғаны тәрбиелеуге мүмкіндік туындайды және оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, өзін-өзі тәрбиелеуге ықпалын тигізеді, өйткені тәрбиелік жұмыстар, тәрбиелік іс-шаралар мазмұны адамгершілік негізде құрылады және сол арқылы дамудың жаңа деңгейіне қол жеткізуге болады.

Зepттey әдicтepi: зepттey мәceлeci бoйыншa ғылыми-әдістемелік, филocoфиялық, пcиxoлoгиялық, пeдaгoгикaлық, әлеуметтік әдeбиeттepгe тeopиялық тaлдay жасау; мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесі; мектеп құжаттарымен (ресми материалдар, жоспарлар, бағдарлама және т. б. ) танысу, мектеп жұмыс нәтижесін салыстыру, сауалнама және әңгімелесу, педагогикалық бақылау, әлеуметтік үдepicті бaқылay, aлынғaн мәлiмeттepдi өңдey, қopытындылay.

Зерттеудің базасы: Aлмaты қаласы, №138 мектеп-гимназиясы.

Зepттeyдiң құpылымы: кipicпeдeн, eкi бөлiмнен, қopытынды жәнe пaйдaлaнғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн, қocымшaдaн тұpaды.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, зерттеу нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеу базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы қарастырылып сипатталады . «Заманауи социум жағдайындағы балалардың адамгершілік құндылықтарының дамуының теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда «адамгершілік», «әлеуметтік орта», «рухани-адамгершілік» ұғымдарына берілген анықтамалар талданды, қазіргі мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылығын қалыптастыруын зерттеген шетелдік және отандық ғалымдар пікірлері қарастырылады.

«Заманауи социум жағдайындағы балалардың адамгершілік құндылықтарының дамыту жұмысының тәжірибелік мазмұны» деп аталатын екінші тарауда мектеп оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру әдістемелері және бағдарламалары жасалып, бағдарламалар талданып, тәжірибе барысында зерттеліп, ғылыми тұрғыда негізделді, ғылыми тәжірибелік-эксперименттен өткізіліп нәтижесі шығарылды және ғылыми әдістемелік ұсыныстар берілді.

Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар ұсынылады.


1 Заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілік даму ерекшеліктерінің теориялық негіздері

  1. Адамгершілік құндылықтар жүйесінің ғылыми әдебиетте зерделену жайы

Мектеп адамды қоғамның экономикалық, мәдени, саяси салаларында іс-әрекет жасауға даярлайды. Қазақстанның білім беру жүйесі осы мақсатта оқушының тұлғалық құндылығын алдыңғы орынға қоя отырып, оның руханилығын, даралығын, құзыреттілігін дамытуға бағыт алған. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы құжаттары осы саясатты жүзеге асыруда бірқатар қадамдар жасаған.

ҚР-ның «Білім туралы» Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерінің бірі білім берудің ізгіліктік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдылығын белгіледі[1] . Білім берудің басты құндылығы ретінде тұлға, рухани-адамгершілік категориялар, ізгіліктік қағидалар: бірлік, теңдік, өзара ықпалдастық және төзімділік бекітілген. Оқушы тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениетті түсінуі және бағалай білуі үшін адамдармен құндылық-саналы ынтымақтастық әрекет жасай алуы тиіс. Осы принципті жүзеге асыру ізгіліктік тұжырымдамасына негізделген, мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты әрекеттер және мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы үдерісін қажет етеді [2, 3, 4] .

Қазіргі тәрбиенің басты бағыты - оның көзқарас негіздеріне бағытталуы, тұлға құндылығына қайта оралуы. Оқушылардың рухани-адамгерщілік құндылықтарын қалыптастыру - қазіргі мектептердің ең маңызды міндеттернің бірі. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде рухани-адамгершілік құндылықтардың ролі барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді.

Адам - адамзаттық, даналық болмысын өз бойына жинақтаған тіршілік иесі. Ал тіршілік иесі - әлемдегі сан алуан халықтың, мелекеттің, этникалық немесе әлеуметтік топтардың, адамдардың ортақ белгілері мен ұқсастықтарын біріктіретін жалпы адамзаттық құндылық түзетін пенде[12] . Қазіргі кезде қоғам өзгерістерінің шешуші факторы - адам, сондықтан «Адам-қоғам», «Адам-әлем» қатынстарынан адамдардың әлемге, қоршаған орта, қоғамға көзқарасы қандай ұстанымдарға қатысты, әлемдегі құндылықтарды түсіну де маңызды. Құндылық қатынастар философияның негізгі мәселелерінің бірі - «Адам-әлем» қатынасының ғажап құбылыстары мол, ерекшеліктері, құндылығы жеткілікті, әсіресе адамның ең жоғарғы қасиеттеріне ұмтылысы үздіксіз жалғасады. Адамның қоғамға қатынасының ерекшелігі адамның адамға қатынасы, ұлы, дана адамдар, ғажап пікірлер, еңбектер жасаған, өнер атаулығы қарап, көріп, тыңдап-қуану, сүйсіну, таңдану, табыну пайда болды.

Адам тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді, әрбір адам ұзақ тәрбие жолдарынан өтеді. Отбасы, аула, мектеп, жұмыс орындары, өзінің рухани білім алуын, дүниеге көзқарастары, өзін-өзі тануы, арман-мақсат қоя білуі, әрбір тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастырып, жетілдіру, мінез-құлқы, адамгершілік қасиеттері, жетіле түсінуін қамтамасыз етеді.

Адамзаттың рухани кемелденген, рухының ең жоғарғы үлгілерін туғызған дәуірлері олардың ең тойынған кезеңдерімен тұтас келе бермейді. Сондықтан, кейде белең алып жүретін дағдарыс кезеңдерде, күнкөріс мәселелері ең қиын болып тұрған кезде рухани мұқтаждықтар күте тұру керек - дейтін көзқарастар түбірінен жалған. Қандай тығырықтан да, соның ішінде күн көрудің қиындықтарын да ең алдымен рухани жігерден, рухани асылдардан айырылмау ғана алып шыға алады.

Түркі өнегелік жазба жәдігерліктер өз а алдына рухани төл мұрамыз болып табылады. Оларға «Әлемнің екінші Ұстазы» атанған Әбу Нәсір әл-Фараби (870-950) [13], «Әулие шайық» атанған Қ. А. Яссауи (1103(05) - 1167) («Диуани хикмет») [6], Қорқыт («Қорқыт ата кітабы», VIII ғ. ) [14], М. Қашқари («Диуани лұғат ат-түрік», XI ғ. ) [7], Ж. Баласағұн («Құтадғу білік», XI ғ. ) [5], А. Иүгінеки («Ақиқат сыйы», XIII ғ. ) [15], Рашид-ад-дин (1247-1318) («Жамиғ-ат-тауарих»), С. Сараий (1321-1396) («Қорқыт ата кітабы», VIII ғ. ) («Гулистан бит-түрки») [16], т. б. авторлардың еңбектері жатады. Мұның үстіне біздің халықтарымыздың өте бай әрі көркем фольклоры, ұлы жырауларымыздың толғаулары, ғажайып аңыздарымыз (Аяз би, Жиренше мен Қарашаш, Қожанасыр, Алдар Көсе, Қорқыт, Асан Қайғы т. б. жайындағы) тұнып тұрған өнегенің қайнар көздері болып табылады.

Шығыс философы әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі» - деген пікірін айтады. Соның ішінде: « . . . адам ынтымағының маңызын . . . » баса айта отырып, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерінің дамуына баса көңіл аударғынын көреміз. Мәселен, «Ер жүректілік жақсы адамшылық қасиет дейміз және бұған қатерлі істердің тұсында көрінетін біршама батылдық жасау арқылы немесе ұстамдылық жасау арқылы детуге болады дейміз. Бұл істерде болатын шектен тыс батылдық көзсіз батырлыққа соқтырады, ал, батылдықтың жетіспеуі қорқактыққа соқтырады, ал бұл - жаман адамгершілік сапа. Міне, осы адамгершілік сапалар қалыптасқан кезде, олардан осыларға сәйкес әрекеттер туады», - деп аңғартқан.

Дүниежүзілік қоғамдық ой-пікірде есімі мәлім XI-ғасырдың аса көрнекті ойшылы, философы Ж. Баласағұн: « . . . жақсы адам көрсе қызар, жел өкпе емес, тек «антына адал, уәдесіне берік, адамгершілігі мол адамды ғана ер кісі» деуге болады. Ж. Баласағұн адамзат баласының шынайы рухани-адамгершілік мінез-құлқының ақыл-ойы, сезімімен үйлесім табуын қарым-қатынас барысында жеке адамның өзін-өзі ұстай білуіне, мінез-құлқына байланысты адам болады деген пікірде болғанын байқауға болады[5] .

XVI ғасыр мен XVII ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы, ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) жастарды тәрбиелеуде үлкен қызмет атқарды. Оның дүние жүзіне танымал «Ұлы дидактика» еңбегінде ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері қарастырылған. Я. А. Коменский көзқарасының жаңа бағыттарына қайта өркендеу дәуіріндегі ізгіліктің әсері күшті болды. Ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шығып, мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін «адамгершіліктің шеберханасы» болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды. Я. А. Коменский: « . . . мектеп - адам ақылының шыңдалатын шеберхана сияқты орны және оқушылардың адамгершілігін, ақылын тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық», дей келе, « . . . адамгершіліктің аса тамаша ерекшеліктерінің бірі - эгоизмнен арылу, көпшілік ісінің сәттілігі және әділеттілік үшін әрекет ету керек» деген құнды пікірін қалдырды. Я. А. Коменский балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті[17] .

Ұлы ойшыл өз еңбектерінде мектеп тәртәбі және оқушылар мен мұғалімдердің арасындағы адамгершілік қарым-қатынас жөнінде жаңа пікірлер айтты. Ол, балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздың көрсететін мұғалімдерді өте жоғары бағалай отырып, оқушыларға гуманистік және оптимистік көзқараспен қарап, адамгершілік қарым-қатынаста болғанда ғана тәрбие нәтижелі болады деп есептеледі.

Жеке адамның дамуындағы тәрбиенің маңызы туралы ой-пікірлер XVII ғасырда өмір сүрген Джон Локктың (1632- 1704) еңбектерінде де көрініс тапты. Соның ішінде адамгершілік тәрбиесін кеңірек қарастырды. Ол адамгершілік қасиеттер мен сапалар ретінде адамдардағы кішіпейілділікке, ұстамдылыққа, сақтыққа және әділеттілікке ерекше мән берді. Джон Локктың педагогикалық пікірлерінде гуманизм және адамды сыйлап құрметтеу элементтері орын алды.

Дж. Локктың дәлелінше, адамгершілік тәрбиесінің нақты тәсілдері мен құралдары мынадай принциптерге негізделуі тиіс:

- табиғатқа сәйкестілік;

- бала табиғатын жете зерттеу және балаға даралық қатынас орнату;

- тәрбиедегі қаталдықты балаға сүйіспеншілік білдірумен ұштастыру.

Дж. Локк іріктеп ұсынған тәрбиенің жолдары мен құралдары: а) үлгі-өнеге көрсету; ә) әдеттендіру; б) балалармен пікір алысу және олардың әуестенушілік ынталарын қанағаттандыру; в) намыс және теріс ұғымдарына назар аудару. Ол бала табиғатының ерекшеліктерін негізге ала отыра, баланың айналасын қоршаған өмірден алатын үлгілер мен өнегелердің мықты тәрбиелік ықпалы болады деп есептеді.

Баланың айналасын қоршаған ортаның тәрбиелік әсері кездейсоқ үрдіс емес. Оны да басқарып бағыттаған жөн. Сондықтан балаларға көзге түсетіндей үлгі-өнегелер көрсету және оларға қандай нәрселерге үйренуді, қандай нәрселерден сақтануды үйрету керек. Джон Локтың ойынша, үлгі-өнегелерге қарағанда тәрбие ісіндегі құрғақ сөз, жалаң үгіт, өсиеттер дәрменсіз болады. Балаларды жағымды әдеттерге тәрбиелегенде ұрысып зекірмей, еппен келу керек. Джон Локктың адамгершілік жөніндегі түсініктері, білім мен тәрбие жөніндег идялары сол өз заманының рухына жауап бере қалыптасты[18] .

Атақты француз жазушысы, ағартушы-философы және педагогы, XVIII ғасырдағы интеллегенсияның тамаша өкілдерінің бірі - өз өмірінде гуманистік бағытты берік ұстаған Жан-Жак Руссоның (1712-1778) педагогикалық тұжырымдамасының негізіне толық адамгершілігі бар адамды өсіру талабы жатады. Жан-Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» - деген [19] . Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Әрине, Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясының шеңберінің кеңдігі, терең адамшылығы бар жаңа адамды тәрбиелеу талабын ұсынуында болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан балаларының құндылықтық бағыт жүйесіндегі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік сенімдері
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Жаңару бағытындағы жалпы білім беретін орта мектепте дарынды балалармен жұмыс жүйесі
Қазіргі заман жастарының рухани-адамгершілік құндылық мәселесінің өзектілігі
Қазіргі жастардың құндылықтары
Әлеуметтік педагогтың балалармен және жастармен жұмысын қарастыру
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы
Оқу процесінің негізі - жоспарлау
Қазіргі заман жағдайында әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуінің әлеуметтік тарих контексті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz