Балаларды конкурстарға қатысуға дайындау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жекеменшік «Аян» балабақшасы

Өз білімін көтеру жоспары

«Звездочки» тобының тәрбиешісі:

Раисова Ултай Имангалиевна

2019-2020 оқу жылы

Түсінік хат

Балабақшадағы тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Тәрбиеші -балаға бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы.

Тәрбиеші әрдайым даму үстінде, сондықтан өзінің еңбек жолының барлығында зерттеуші болып табылады. Әсіресе тәрбиешінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру барысында ғылыми-әдістемелік іс- әрекет үлкен әсерін тигізеді.

Бұл іс- әрекет болжамы:

  • білім саласында болып жатқан қазіргі кездегі өзгерістермен әрдайым танысу;
  • өз әріптестерінің әртүрлі формадағы сабақ ұйымдастыру тәжірибесін оқып үйрену;
  • жаңа білім тұжырымдамасымен, бағдарламаларымен т. б. танысу.

Өзінің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін тәрбиеші әртүрлі курстарға қатысады, сол сияқты өз білімін арттырумен шұғылданады.

Ожеговтың анықтамасы бойынша өз білімін арттыру дегеніміз «Басқаның көмегінсіз, өз бетімен дайындалу арқылы білімін арттыру, кәсіби-әдістемелік білім мен біліктілігін тереңдетуге және кеңейтуге, пәндік дайындық деңгейін көтеруге бағытталған».

Өз білімін арттыру тәрбиешінің тұрақты іс-әрекеті болғандықтан, оған кіретіндер:

  • белгілі мәселеге байланысты ғылыми зерттеу жұмысы;
  • кітапханаға бару, ғылыми - әдістемелік және оқу кітаптарын оқу;
  • педкеңеске қатысу;
  • өз әріптестерінің ҰОҚ қатысу, ҰОҚ ұйымдастыру;
  • ҰОҚ өткізу әдістемесі т. б. сұрақтар жөнінде пікір алмасу;
  • әртүрлі формадағы ҰОҚ, іс- шараларды және оқу материалдарын теориялық талдаудан, практикалық өндеуден өткізу.

Маңыздылығы:

  • ҚР «Білім» туралы Заңының 51-бабының 5-тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті, »- делінген;
  • Тәрбиеші еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс тәрбиешінің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.

Шығармашылық тақырып:

  • «Ұлттық ойындар арқылы балалардың танымдарын кеңейту»

Мақсаты:

Ұлттық ойындар арқылы баланың жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру, танымдарын кеңейту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Сабаққа деген белсенділігін арттыру

2. Ойын ойнату барысында балалардың еңбекке деген қарым қатынасы мен қабілеттілігін жетілдіру.

3. Оқу үрдісін ұйымдастыруда баланы тұлға етіп тәрбиелеу.

4. Балаларды өздігінен жұмы істеуге, адамгершілікке, әдептілікке, батылдыққа, өжеттікке тәрбиелеу.

I. Әдістемелік деңгейін арттыру

1. Нормативтік-құқықтық құжаттарды оқу.

2. Оқу және ғылыми-әдістемелік әдебиеттер жаңалықтарды оқу.

3. Педагогика, балалар психологиясы, анатомия, физиология жаңа жетістіктерімен танысу.

4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын зерттеу.

5. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

6. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу.

II. Педагогикалық шеберлігін жетілдіру

1. Мастер- класс жұмысына қатысу.

2. Ашық іс-шаралар өткізу.

3. Кәсіби шеберлік конкурстарға қатысу.

4. Балаларды конкурстарға қатысуға дайындау.

5. Ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға қатысу.

6. Ғылыми-әдістемелік жергілікті және республикалық журналдарда жариялану.

7. Әдістемелік құрал дайындау.

Өз білімін жетілдіру жоспары

р/с
Жоспар бөлімі
Мерзімі
Жұмыс формасы
Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж. б)
р/с:
Жоспар бөлімі: I. Әдістемелік деңгейін арттыру
Мерзімі:
р/с: 1. Нормативтік-құқықтық құжаттарды оқу
Жоспар бөлімі:

ҚР Конституциясы (1995ж. 30 тамыз)

Мерзімі: Қыркүйек
Жұмыс формасы: Конституцияны оқып білу
Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж. б): басшылыққа алу,
р/с: ҚР «Білім туралы» Заңы (2007ж 15 тамыз)
Жоспар бөлімі: Қыркүйек
Мерзімі: «Егемен Қазақстан»
Жұмыс формасы: басшылыққа алу, қолдану
р/с: «Тіл туралы» Заңы (1997ж, 11 шілде)
Жоспар бөлімі: Қыркүйек
Мерзімі: Заңнамалар
Жұмыс формасы: Балабақша сайтында акпарат, есеп
р/с: Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Кодексі (2015ж 23 қараша)
Жоспар бөлімі: Қазан
Мерзімі: Еңбек Кодексі
Жұмыс формасы: қолдану
р/с: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты (2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 ҚРҮҚ),
Жоспар бөлімі: Қыркүйек
Мерзімі: Стандарт
Жұмыс формасы: басшылыққа алу, қолдану
р/с: 2018-2019 оқу жылы Қазақстан республикасы мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат - Астана, 2018.
Жоспар бөлімі: Қыркүйек
Мерзімі: Интернет материалдары
Жұмыс формасы: басшылыққа алу, қолдану
р/с: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын(ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығына 1 қосымша), Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық
Жоспар бөлімі: Қыркүйек
Мерзімі: Бағдарламаларды оқып білу
Жұмыс формасы: жоспар
р/с: Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы «ҚР - ның Мемлекеттік рәміздері туралы».
Жоспар бөлімі: Қараша
Мерзімі: Жарлықтармен танысу
Жұмыс формасы: қолдану
р/с: Балалар құқығын қорғау Конвенциясы.
Жоспар бөлімі: Қараша
Мерзімі: Конвеция
Жұмыс формасы: қолдану
р/с: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жылма - жылғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін оқу - тәрбие процесінде қолдану.
Жоспар бөлімі: Желтоқсан
Мерзімі: Н. Ә. Назарбаевтың халқына жолдауын оқу, талдау
Жұмыс формасы: пікір
р/с: 2. Оқу және ғылыми-әдістемелік әдебиеттер жаңалықтарды оқу
Жоспар бөлімі: Өз білімін көтеру жұмыстарының жоспары
Мерзімі: Қыркүйек
Жұмыс формасы:

Ақпарат құралдары

Интернет

Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж. б): Жоспар кұру
р/с:

Білім жетілдіру курстары

.

Жоспар бөлімі: Кесте бойынша
Мерзімі:

Білім жетілдіру курстарына қатысу.

Жұмыс формасы: сертификат
р/с:

3. Педагогика, балалар психологиясы, анатомия, физиология жаңа жетістіктермен

танысу

Жоспар бөлімі:

Педагогикалық-психологиялық білімді жетілдіру

. .

Мерзімі: Жыл бойы
Жұмыс формасы: Педагогика қағидалары мен оқыту әдістерін игеру.
Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж. б): Әр баланың психологиялық жас ерекшелігіне сай тапсырмалар беру
р/с: 4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын зерттеу
Жоспар бөлімі: Пән бойынша оқу бағдарламасы
Мерзімі: Қыркүйек
Жұмыс формасы:

Бағдарламаны

окып білу

Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж. б): Жоспар
р/с: 5. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру
Жоспар бөлімі:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

«Тәй-тәй» инновациялық технологиясы.

Ойын технологиясы

ТРИЗ технологиясы

Мерзімі: Жыл бойы
Жұмыс формасы: Жаңа технологияны оқып үйрену
Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж. б): Қолдану.
р/с: 6. Ғылыми-әдістемелік жергілікті және республикалық журналдарда жариялану
Жоспар бөлімі: Пәндік әдістемелік журналдарға жазылу
Мерзімі: Жыл бойы
Жұмыс формасы:

Басылым материалдарымен жұмыс

Электронды поштамен жұмыс

Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж. б): Басылымға шығу
р/с: 6. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу тәжірибе бөлісу
Жоспар бөлімі: Әдістемелік - бірлестік жұмысына қатысу
Мерзімі: Жыл бойы
Жұмыс формасы: Әріптестердің ҰОҚ кіріп, тәжірибе алмасу
Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж. б): Тәжірибе алмасу барысында, кейбір әдіс - тәсілдерді меңгеру
р/с: II. Педагогикалық шеберлігін жетілдіру
р/с:
Жоспар бөлімі:
Мерзімі:
Жұмыс формасы:
Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж. б):
р/с: 1. Ашық іс-шаралар өткізу
Жоспар бөлімі:

ҰОҚ ашық көрініс

Б. беру саласы: «Таным» Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы:«Тірі және өлі табиғат»

Мерзімі: Қаңтар
Жұмыс формасы:
Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж. б): ҰОҚ көрсету
р/с:

2. Кәсіби шеберлік конкурстарға қатысу

Сайыстарға қатысу Уақытында

Жоспар бөлімі:
Мерзімі:
Жұмыс формасы:
Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж. б):
р/с: 3. Балаларды конкурстарға қатысуға дайындау
Жоспар бөлімі: Байқаулар: VI Халықаралық «Қыс қызығы - 2019»
Мерзімі: Ақпан
Жұмыс формасы:

Халықаралық,

Республикалық, Балабақшада

ұйымдастыру

Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж. б):

Балалардың қатысуы

Сертификат

р/с: 4. Ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға қатысу.
Жоспар бөлімі:
Мерзімі:
Жұмыс формасы:
Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж. б):
р/с: 6. Ғылыми-әдістемелік жергілікті және республикалық журналдарда жариялану
Жоспар бөлімі: журналдарға жазылу
Мерзімі: Жыл бойы
Жұмыс формасы:

Басылым материалдарымен жұмыс

Электронды поштамен жұмыс

Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж. б):

«Инфоурок», «МультиУрок» ұстаздар сайттарында

басылымға шығу

р/с: 7. Әдістемелік құрал дайындау:
Жоспар бөлімі: Құзыреттілік бойынша жұмыс
Мерзімі: Жыл бойы
Жұмыс формасы:

Авторлық жұмыс

жасау

Практикалық шығулар (рефераттар, баяндамалар, ашық сабақ, жұмыс көрмесі ж. б): Консультация, ұсыныстар

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiргенҚазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде

мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық

мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтыққоғам деп ұғына отырып,

дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орыналуды тілей отырып,

қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағыжоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып,

өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз.

I-бөлім. Жалпы ережелер

II-бөлім. Адам және азамат

III-бөлім. Президент

IV-бөлім. Парламент

V-бөлім. Үкімет

VI-бөлім. Конституциялық кеңес

VII-бөлім. Соттар және сот төрелігі

VIII-бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

IX-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

I бөлім
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап

1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

14-бап

1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Ескерту. ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999. 03. 10 N 2/2, 1999. 03. 22 N 7/2 қаулыларын қараңыз.
15-бап

1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

27-бап

1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

" Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы № 487-ІV Заңы

РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көші-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) бүкіл мәтін бойынша:
"Оқу және тәрбие процесін", "оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесін", "Оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесінің" деген сөздер тиісінше "Оқу-тәрбие процесін", "оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесін", "Оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 6-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекiтедi; ";
6) тармақша "мектептерін" деген сөзден кейін "білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша" деген сөздермен толықтыр0-бап.

Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту

1. Алты (жеті) жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.
Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тегiн болып табылады. ";

26) 31-бапта:
1-тармақ "алты" деген сөзден кейін "(жеті) " деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақ "түрлері мектеп, " деген сөздерден кейін "шағын жинақталған мектеп, " деген сөздермен толықтырылсын;

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы.

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.

Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;

Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;

қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.

11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап тiлi

Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.

3 тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында

16-бап. Тiл - бiлiм беру саласында

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде солардың тiлдерiнде жұмыс iстейтiн мектепке дейiнгi балалар ұйымдарын құру қамтамасыз етiледi.

Балалар үйлерiнде және оларға теңестiрiлген ұйымдарда оқыту, тәрбие беру тiлiн жергiлiктi атқарушы органдар олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгiлейдi.

Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiмдi мемлекеттiк тiлде, орыс тiлiнде, ал қажетiне қарай және мүмкiндiгi болған жағдайда басқа да тiлдерде алуды қамтамасыз етедi. Білім беру ұйымдарында мемлекеттiк тiл мен орыс тiлi мiндеттi оқу пәнi болып табылады және бiлiм туралы құжатқа енгiзiлетiн пәндер тiзбесiне кiредi.

5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау. 23-бап. Тiлдi мемлекеттiк қорғау

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды.

Тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң басымдығын және iс қағаздарын жүргiзудi қазақ тiлiне кезең-кезеңмен көшiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесінің құжаттарымен қамтамасыз етiледi.

24-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, мемлекеттiк тiлдің және басқа да тiлдердің қолданылу салаларында олардың пайдаланылуына кез келген кедергi келтiру, сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;

20 ) еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;

28) еңбек міндеттері - жұмыскер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актісінде, еңбек, ұжымдық шарттарда келісілген міндеттемелері;

29) еңбек өтілі - жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер;

30) еңбек тәртібі - жұмыс беруші мен жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы;

4 -бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары:

1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;

2) еңбек бостандығы;

3) еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;

4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;

5) жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;

6) еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес сыйақы құқығын қамтамасыз ету;

7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;

8) жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;

9) жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;

10) әлеуметтік әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы;

11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу болып табылады.

87-бап. Демалыс түрлері

1. Жұмыскерлерге демалыстардың мынадай түрлері беріледі:

1) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары;

2) әлеуметтік демалыстар.

Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы

2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары білім беру қызметін:

1) осы стандартқа;

2) үлгілік оқу жоспарларына;

3) жалпы білім беретін оқу бағдарламасына;

4) Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын айқындайды;

2) оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның мазмұнына, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасының мазмұны:

1) күтілетін нәтижелер түріндегі мақсаттар жүйесіне жету есебінен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыруға;

2) ұлттық дәстүрлерге, сондай-ақ жалпы адамзаттық қағидалар мен нормаларға негізделген рухани-адамгершілік және мәдени-әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруға;

3) тәрбиелеу, дамыту және оқытудың мақсат-міндеттерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптардың, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің арасындағы жүйелілік, тұтастық, сабақтастық және үздіксіздік қағидаттарының бірлігін қамтамасыз етуге;

4) балалардың, соның ішінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдайларды жасауға;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы
Мектеп кезеңі
Оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі күрделі және көп қырлы
Психологиялық зерттеу өткізудегі экспериментатордың негізгі қателері
Сүт өнімдерін өңдейтін тәжірибелік - өндірістік цехы
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Ағылшын тілі сабақтарында грамматиканы оқыту
Мұғалімдерді аттестациялау
Жаңару бағытындағы жалпы білім беретін орта мектепте дарынды балалармен жұмыс жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz