Жоңышқаның тұқым өндірісі


МАЗМҰНЫ
Қысқартылған сөздер
Кіріспе
6
7
3. 1 Зерттеу бағдарламасы
3. 2 Зерттеу әдістемесі
35
36
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
МҮҚ ‒ Мемлекеттік үлгі қалып
АҚШ ‒ Америка Құрама Штаттары
ЖШС ‒ жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ºС ‒ температураның Цельсий градусы бойынша көрсеткіші
кг ‒ килограмм
% ‒ пайыз
мм. ‒ жауын˗шашын мөлшерін көрсететін көрсеткіш
см. ‒ сантиметр
м. ‒ метр
т. б. ‒ тағы басқа
м 2 ‒ метр квадрат
Кіріспе
Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсеткен болатын: «барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау мақсаты тұр…». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту аграрлық саясаттың аса маңызды бағыты болып отыр. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі міндеті - елімізді азық - түлікпен, ал өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ету. 2013 жылдан бастап Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасы жасалып, аграрлық сала дамуының әлемдік деңгейлеріне жету және индустриялы агроөндірісті қалыптастыру алдымызға қойылды. Ол бағдарлама бүгінгі таңда «Агробизнес 2020» бағдарламасы болып, өзінің қызметін қарқынды бастауда. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы еліміздің агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен қатари Қазақстанда жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған [1] .
Бүгінгі таңда республиканың агроөнеркәсіптік кешеніндегі өндіріс тиімділігінің өсуімен, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуымен, ауыл халқының тұрмыс сапасының жақсаруымен сипатталады.
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.
Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер - негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы - елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi. Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрі [2] .
Бізде қазіргі таңда 180 млн. гектардан астам жайылым алқабы бар. Осындай байлығымызға қамқорлықпен қарап, оны ұтымды пайдалансақ, бұл жерлердің тиімділігіне, тіпті баға жетпейтін болады. Ол үшін біріншіден, мықты жем-шөп қорын құру қажет. Өйткені жем-шөп қорынсыз мал шаруашылығын жүргізу мүмкін емес. Сондықтан алдағы жылдарға маңызды мақсат - Республикада мал шаруашылығын дамыту үшін, шалғындар мен тыңайған жерлерді дұрыс пайдалана отырып, малдарды жоғары сапалы малазықтық дақылдармен қамтамасыз.
Қазақстанда мал азықтық дақылдардың егістік алқабы 3 млн. га-нан астам жерді құрайды. Мал шаруашылығы үшін жоғары ақуызды жем - шөп өндірісін арттыру мәселесінің табысты шешімі көпжылдық шөптерді өсірумен тығыз байланысты. Жем - шөп құрамындағы ақуыз тапшылығы, олардың өнімділігін ғана емес, сондай-ақ алынатын өнімнің сапасын төмендетеді. Мал шаруашылығының дамуы үшін мықты жем - шөп базасын құру қажет. Бұл мәселенің шешімі көпжылдық шөптерді пайдалануда жатыр, яғни негізгі ақуыз көзі ретінде жоңышқа және эспарцет бола алады.
Жоңышқа басқа жем - шөп дақылдарынан жоғары өнімділігімен, әртүрлі қоршаған орта жағдайында өсе алуымен, көп мақсаттарға пайдаланылуымен, атмосфералық азотты пайдаланып топырақ құнарлылығын арттыратындығымен ерекшеленеді. Жоңышқаны өсірудегі басты міндеті - мал азығы ретінде пішен, пішендеме, витаминді шөп ұнын, көк балауса дайындау. Ал мақсаты - жоғары сапалы мал азықтық өнім алу.
Жоңышқа егістігі әлемде кеңінен таралған, жер шарында оның көлемі 30-дан астам млн. га жерді құрайды. Оның ішінде АҚШ-та 10-нан астам млн. га., Аргентинада 7 млн. га. жерді алып жатыр. ТМД елдерінде 8 - 9 млн, га. жетеді, оның ішінде Украинада - 1, 8 га.
Жоңышқа - ең жоғары өнімділікті өсімдік, әсіресе суару жағдайында, ол вегетациялық кезеңінде 3-4 шабындықтан кейін де өзінің құрғақ массасының 100-150 ц/га өнім бере алады. Бұршақ дақылдарының бірегей ерекшелігі - азотфиксация, яғни тамыр жүйесінің симбиотикалық қызметіне байланысты азот бекіту қабілеті. Жоңышқа топырақта 300 кг/га дейін қауіпсіз экологиялық азот жинайды [3] .
Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында суармалы ауыл шаруашылығы тұрғысынан ауыспалы егістікте бұршақ дақылдарының егіс көлемін кем дегенде 35 % -ға дейін кеңейту, жем - шөп базасы мен топырақ құнарлылығын арттыруда басым тапсырма болып табылады. Жоңышқа мен эспарцеттің егіс көлемін арттырудағы басты мәселе, жоғары сапалы тұқым жетіспеушілігі. Жоңышқада бұл төмен тұқым өнімділігімен, тұқым өсіру технологиясын сақтамаумен, тозаңдану және тұқым байлау мәселелері және карантиндік арамшөптермен байланысты. Жоңышқа өнімділігі қазіргі жағдайда 1 ц/га болып отыр, озық тәжірибе мен ғылым жасаған ұсыныстарды толық сақтай отырып оның орташа өнімділігін 2, 5-3 ц/га дейін арттыруға болады. Ғылыми ұсыныстар барысында барлық технологиялық операциялар қарастырылған, яғни топырақ өңдеуден бастап өнімді жинауға дейін. Осы ұсыныстарды сақтай отырып, жоғары сапалы тұқым өндіру, тұқым шаруашылығын дамытып қана қоймай, мал шаруашылығын дамытуда және экологиялық мәселелерді де шешуге өз септігін тигізеді.
Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруда селекция және тұқым шаруашылығының маңызы өте зор. Жергілікті жағдайда бейімделген жоғары өнімді сорттар мен будандарды өсірудің нәтижесінде өндіретін дақылдардың өнімділігі 40-50 және одан да жоғары пайызға көтеруге болады. Қазақстанда өсімдіктер селекциясы' саласындағы жүйелі зерттеулер 20 ғ-дың 30-жылдары басталды, қазіргі уақытта Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты, Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғылыми-зерттеу институты, Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, т. б. бірқатар ауыл шаруашылығы институттары, облыс ауыл шаруашылығы және селекциялық тәжірибе станциялары шұғылданады.
Жоңышқаның тұқым шаруашылығын жетілдіру мақсатында, Алматы қаласындағы Қазақ мал шаруашылығы және мал азығын өндіру ғылыми-зерттеу институты тәжірибелік жұмыстармен айналысады. Сонымен қатар, Қаракемер тәжірибе шаруашылығында жоңышқа, қияқ шөптерінің тұқымын қолдан суғару арқылы өсірудің технологиялық тәсілдері жетілдірілу жұмыстары жүргізіледі [4] .
Дипломдық жұмыстың мақсаты: селекциялық көшетжайда жоңышқаның үлгілерін салыстырмалы зерттеу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- жоңышқаның үлгілерін таңдау;
- фенологиялық бақылаулар жургізу;
- жоңышқа сорт және үлгілерінің биологиялық қасиеттерін зерттеп үйрену (аязға төзімділігі, құрғақшылыққа төзімділігі) ;
- жоңышқа сорт және үлгілерінің шаруашылық белгілері бойынша зерттеп үйрену (орташа биіктігі, жапырақтануы, көк балауса өнімі) ;
- жоңышқа сорт және үлгілерінің биологиялық қасиеттері мен шаруашылық белгілері бойынша салыстырмалы зерттеп, баға беру.
1 Әдебиетке шолу
1. 1 Селекция туралы жалпы түсінік
Селекция (латынша selection- сұрыптау немесе іріктеу) - жаңа сорттар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым саласы.
Алғашқы кезде жаңа сорттар шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған болатын. Ал, қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар, будандастыру, полиплодия, мутагенез, биотехнология сияқты басқада әдістер кеңінен қолданыс табуда. Селекционерлердің жоғары мамандануын қажет ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқты әдістерді пайдалану, қазіргі таңда басты бағытқа айналып отыр.
Сол себептен, селекционер ғалымдар жасушаның ішкі құрлысын, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, өсімдікте жүретін ішкі құбылыстарды, зиянкестер мен ауруларды, өнімді өңдеу, сақтау технологиясын жақсы меңгеріп қана қоймай, химияны, өндіріс экономикасы мен ұйымдастыру негіздерін толық деңгейде білулері қажет.
Селекциялық жұмыстың ғылыми-теориялық негізі тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым саласы - генетика болғанымен, селекция өз алдына дербес ғылым болып табылады. Өсімдікдің жаңа сорттары мен гибридтерін шығарудағы негізгі мақсат - өсімдіктің өнімділігін, аязға, қуаңшылыққа төзімділігін арттырып, аурулар мен зиянкестерге қарсы тұру қабілетін күшейту, т. б. [5] .
Селекционер өсімдіктердің тұқымқуалаушылық қасиеттеріне дұрыс бағыт беру арқылы ауылшаруашылық дақылдарының адамға қажет белгі, қасиеттері бар сорттары мен будандарын шығарумен айналысады. Сондықтан да болар: "Өсімдік селекциясы - адам бағыттайтын эксперименттік эволюция" - дейді. Селекцияның қазіргі жағдайын, келешегін білу үшін оның тым болмаса қысқаша тарихын білу қажет.
Өсімдіктер селекциясы егін шаруашылығымен бір мезгілде пайда болып, онымен бірге дамып келеді. Н. И. Вавилов айтқандай: " . . . егіншілік мәдениеті, өсімдік мәдениеті жалпы адамзат мәдениетімен қатар жүріп отырды". Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару әдісінің тарихында 4 кезеңді бөліп көрсетуге болады: қарапайым селекция, халықтық селекция, өнеркәсіптік және ғылыми селекция. Байырғы халықтардың қарапайым селекциясы. Ерте замандарда адамдар өсімдіктерді егіп, өсіруді үйренгеннен кейін, оларды сұрыптап, тұқымын көбейте бастаудың қажеттігі туды. Неолит дәуірінің өзінде-ақ адам мәдени өсімдіктер мен үй жануарларын өсіруде сұрыптау тәсілін пайдаланғаны мәлім. Егіншілік мәдениеті пайда болған алғашқы кезде-ақ қарапайым селекция түрлерін пайдаланған. Қолдан сұрыптауды бірте-бірте жетілдіре отырып, осы заманғы мәдени өсімдіктердің түрлері жасалды. Ертедегі адамдардың тұрғын жайларын қазу кезінде байқалғандай, өсімдіктердің көпшілігі тас ғасыры дәуірінде өсірілген немесе шамамен біздің дәуірімізден 10 мың жыл бұрын пайдаланған. Соңғы жылдары Египетте жүргізілген қазба жұмысы кезінде жер астында 17 мың жыл сақталған арпа тұқымы табылған. Халықтық селекция. Егіншіліктің дамуы мен мәдениеттің өркендеуіне байланысты қолдан сұрыптау бірте-бірте жетілдіре түсті. Сорттардың көпшілігі қолдан және жасанды сұрыптау әдістерімен шығарылғандықтан, ауа райының қолайсыз жағдайларына жақсы бейімделген. Жергілікті сорттар өзінің маңыздылығы және бағалылығы жағынан біздің еліміздегі селекциялық сорттармен теңесе алады. Олар селекцияның алтын қоры болып табылады. Халықтық селекцияның жетістігі ретінде Псков және Смоленск дихандарының шығарған қыстың қолайсыз жағдайларына төзімділігі бойынша теңдесі жоқ Перм бедесінің, зығырдың жергілікті сорттарын атауға болады. Өнеркәсіптік селекция. Селекцияның даму кезеңдері қоғамдағы өндірістік күштердің дамуымен тікелей байланысты. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында капитализмнің даму кезеңінің басталуына байланысты селекциялық тәжірибе үлкен қарқын алды. Еуропа мен Америкада өнеркәсіптік тұқым фирмалары және ірі селекциялық-тұқымдық кәсіпорындар құрыла бастады. ХVIII-ші ғасырдың соңында ағылшын селекционері Т. Найт ас бұршағының түрлі формаларын будандастырып, өндірістік маңызы бар сорттар шығарды. П. Ширреф XIX ғасырдың басында егістіктерден мутандық формаларды сұрыптау арқылы астық дақылдарының бірнеше сорттарын шығарды. Ғылыми селекция. Селекцияның ғылым ретіндегі дамуына XVIII- XIX ғасыр аралығындағы ғалымдар: Найт, Бербанк, Мендель, Римпау және бәрінен бұрын Дарвин еңбектерінің маңызы зор болды. Ғылыми селекцияның дамуында Ч. Дарвиннің ілімі шешуші рөл атқарды, ол ұсынған органикалық дүниенің эволюциясы туралы ілім селекцияның ғылыми базасы және оның алғашқы негізі болып қаланды. Селекция туралы ғылым эволюциялық ілімге негізделген. Н. И. Вавилов еңбектерінде атап көрсеткендей, селекция дегеніміз - өсімдіктер мен жануарлардың қалыптастыруға адамның араласуы [6] .
Өсімдік селекциясы ерте кездегі адамдардың егіншілікпен айналасуынан бастау алады. Қарапайым селекция түрі, ерте заманда-ақ ірі дәнді келесі жылы себуге қалдырып отырудан басталады. Бұндай халық селекциясы шығарған бірқатар сорттар маңызын осы күнге дейін жоғалтқан жоқ. Өсімдік селекциясы ғылымының дамуына Ч. Дарвинның «Түрлердің пайда болуы» деген еңбегі, 1774 жылы Париж маңында құралған Вильмонер селекция фирмасы жұмыстарының қорытындысы, К. А. Тимирязевтің тұқым қуалау және өзгергіштік туралы ілімі, И. В. Мичуриннің сұрыптау нәтижесінде жемістердің жаңа сорттарын шығару жөніндегі жұмыстары үлкен септігін тигізді. Ең алғашқы селекциялық ғылыми мекеме Полтавада 1885 жылы құрылып, зерттеу жұмыстарымен айналыса бастады. 1903 жылы Мәскеуде селекциялық арнаулық тәжірибе станциясы ашылып, дәнді дақылдар мен зығырдың алғашқы жаңа сорттары шығарылды. 1909 жылы Харьковте, т. б. қалаларда тәжірибе станциялар құрылды. Бүкілодақтық ботаника және жаңа екпе дақылдар интернаты 1924 жылы құрылып, ол 1930 жылы Бүкілодақтық өсімдік өсіру интернатына айналды. Бұл интернатты ұзақ уақыт орыс ғалымы Н. И. Вавилов басқарып, өсімдік селекциясының теориялық негізін құрды және елімізде тәжірибе-селекция жұмысын ұйымдастыруға зор еңбек сіңірді. [7] .
Қазіргі кезде, Ресей Федерациясында өсімдік шаруашылыңы бойынша 39 селекциялық орталықтар жұмыс істейді, олар селекция және тұқым шаруашылығы әдістемелерін жасайды және жетілдіреді, жаң сорттар мен будандардың ауруларға және зиянкестерге төзімділігін жан-жақты бағалайды, өнімнің технологиялық сапасын зерттейді, орталық бөлімшелерінде өткізілетін селекциялық жұмыстарды үйлестіреді. Селекция орталықтарының жұмыс тиімділігі үнемі үдемелі өсуде. Селекционерлер мемлекеттік сортсынауға жыл сайын 200-300 сорттар мен будандарды жібереді. Ресей Федерациясы бойынша 32 ірі ғылыми-өндірістік бірлестіктер құрылып, жұмыс істейді: мысалы, Кубаньдегі "Масличные семена", солтүстік-батыс аймағында "Белогорка", Сібірде "Колос", "Енисей" және "Подмосковье" [6, 15 - бет] .
Біздің елде селекциялық жұмыс өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастуа алып, бірнеше кезеңдерді қамтыды. Алғашқы кезеңде ертеден тағамдық, малазықтық және техникалық мақсатта егіліп келе жатқан жергілікті сорт-популяциялар жаппай сұрыптау жолымен тазартылып, қалпына келтірілді. Кейін осы жергілікті популяциялардан бидайдың Каскеленская, Красная звезда, күріштің Қазақы-салысынан - Первомайский 152 сияқты сорттары және басқа да дақылдардың сорттары шығарылды. Екінші кезең - синтездік селекция 50-ші жылдары басталып, бастапқыда сорттар шығарудың әдісі ретінде жеке сұрыптаулар немесе таза линиялар алу пайдаланылса, кейіннен будандастыру және экспериментті мутагенез сияқты әдістер қолданыла бастады. [6, 12 - бет] .
Қазіргі еліміздің егемендік алған кезеңінде, соңғы 15-20 жылда шығарылған отандық сорттарының жақын және алыс шетел селекциясының сорттарын ығыстырып өндіріске енгізілуі, біздің ұлан-байтақ еліміздегі 200-ден аса селекциялық мекемелердің қарқынды және жүйелі түрде жүргізіп жатқан, яғни дұрыс жолға қойылған селекциялық жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Оларды шығаруға елімізде құрылған 3 ғылыми-өндірістік орталық (ҒӨО) пен олардың бөлімшелері және түрлі аймақтардағы ғылыми-зерттеу институттары мен селекциялық станциялар және ауыл шаруашылығы оқу орындары жұмылдырылған. Олардың негізгілері - Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒӨО, А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО, Оңтүстік Батыс ауыл шаруашылығы ҒӨО, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ, Мал шаруашылығы және мал азығын өндіру ҒЗИ, Күріш шаруашылығы ҒЗИ, Жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ҒЗИ, Красноводопад мемлекеттік станциясы және т. с. с. Қазақстанда селекциялық жұмыстар күздік және жаздық бидайдың, арпаның және қонақ жүгері дақылдарының жаңа сорттарын шығарумен Красноводопад мемлекеттік сортсынау стансасында (А. К. Гольбек) және бұрынғы Алматы селекция станциясында (Н. Л. Удольская) өткен жүзжылдықтың 20-ы жылдары басталды. [6, 13 - бет] .
Қазіргі таңда, жер шарында халық саны күн санап артуда. Адамзатты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету, шешімін табуды талап ететін жаһандық мәселелердің бірі болып отыр. Ал, бұл мәсіленің шешемі - ауыл шаруашылығын дамытумен тығыз байланысты. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін көтеру үшін, селекция мен тұқым шаруашылығымен айналысу қажет.
1. 2 Жоңышқаның халық шаруашылығындағы маңызы, селекциясы
Жоңышқа - көне дақылдырдың бірі. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, адамдар осыдан 2, 5-3 мың жыл бұрын жоңышқаны өсіре бастаған, ал басқа ғалымдар тарапынан тағы бір көзқарас оны адамдар 4-5 мың жыл бұрын игерген деп есептейді. Үшінші ой, жоңышқаны осыдан 6-6, 5 мың жыл бұрын малазықтық дақыл етінде өсіре бастады десе, А. И. Иванов жоңышқа 7-8 мың жыл бұрын өсіріле бастады деп есептейді [8] .
Жоңышқа өзінің әртүрлі экологиялық аймақтарға бейімделгіштігінің және иілгіштігінің арқасында жер шарында кең таралған. Академик П. М. Жуковскийдің айтуынша, жоңышқа мәдени дақыл ретінде Монголиядан Орта Азия мен Алдыңғы Азияға, одан ары Жерорта теңізі аймақтарына таралған. Қазіргі таңда жоңышқаны 80-нен астам елдерде өсіреді. Әлемде оның жер көлемі 35 млн. га асады [9] .
Жоңышқа пішен, пішендеме, дәруменді шөп ұнын, көк балауса дайындауға себіледі. Жоңышқаның 100 кг көк балаусасында 16-18 а. ө., 100 кг жоңышқа пішенінде 50-60 а. ө., 127-175 кг сіңімді протеин, 1 кг 17-29 мг каротин бар, ал қоректілігі жөнінен ол астыққа теңеседі. Жоңышқа өсімдігінде астық тұқымдастарға қарағанда айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, цистин, гистидин, валин т. б. ) 1, 5-2 есе көп.
Өсімдікте қоректік заттар әркелкі тараған. Жапырақтарда ақуыз мөлшері 30 %-ға дейін жетеді, сабақтарда - 13 %, гүлдерде - 27 %. Жоңышқаның жапырағында протеин мен минералдық заттар сабағына қарағанда 2, 5 есе көп, ал жасұнық 2-3 аз [10] .
Сондықтан тек қана бұршақ тұқымдас шөптерден жоғары өнім жинап қана қоймай, азықтарды сүрлегенде барлық жапырақтарды толық сақтауға ұмтылу қажет: жапырақ өнімнің 50 %-дан артығына ие болатындықтан, дұрыс кептірмегенде өте көп мөлшерде шығын болады. Қоректік заттардың толық сақталуы пішенді белсенді желдету жолымен дайындау, пішенді талдау, пішендеме, дәруменді шөп ұнын дайындау болып табылады.
Жоңышқа малазықтық қана емес, агротехникалық маңызы да зор өсімдік, ол топыраққа көп тамыр қалдықтарын қалдыра отырып, онда органикалық заттардың жинақталуы мен топырақтың құнарлылығының артуына мүмкіндік жасайды. Жоңышқа - топырақты жақсы тұзсыздандыратын дақыл, оны топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын өсімдік ретінде де қолдануға болады [11] .
Көпжылдық шөптерден селекциялық зерттеулер негізінен бұршақ тұқымдас шөптерге жүргізілетін болған, мысалға жоңышқа. Бұршақ тұқымдас шөптер ғасырлар бойы пайдаланылатын жемшөп өндірісінде аса бағалы мал азықтық өсімдіктер болып табылады. Селекция тәжірибесінде жоңышқаға түраралық және түрішілік будандастыру, сонымен қатар күрделі гибридті сорттарын-популяциялар шығару сияқты әдістер қолданылады. Селекцияда үлкен маңызға ие екі фактор бар, олар бір-бірімен тығыз байланыста: дұрыс таңдап алынған бастапқы материал және қойылған мақсатқа жету үшін сәйкес келетін селекцияның зерттеу әдісі [12] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz