АҚШ еліндегі экономикалық дағдарыс


«Гроздья гнева» әлеуметтік наразылық кезіндегі «Ұлы тоқырау»
бейнесі ретінде
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Специальность 5В021000 - Иностранная филология
Мазмұны:
Кіріспе
АҚШ тарихында ең қатал сындардың бірі - ол, 1929 жылдың күзінен 1933 жылдың көктеміне дейін созылған «Ұлы Дағдарыс» болды. Азаматтық соғыстан кейін бұл ел мұндай оқиғаларды бастан кешірген емес, жарты жыл ішінде жақсы жағдайда өмір сүрген және басқа елдермен салыстырғанда, әлдеқайда тұрмыстары жоғары болған миллиондаған адамдар ертеңгі күніне сенімсіз, кедей адамдарға айналды. Дағдарыс, ереуілмен белгіленген бұл кезең «қызыл он жылдық» деп бекер аталмады. Әлеуметтік күйзеліс тізбегі елді алдамшы «өркендеуден» алып шықты. Ізін шала ұзаққа созылған өндірістік күйзеліс еңбекші еліне апаттар толқынын, яғни жұмыссыздық, аштық, жоқшылықты әкелді.
Елдегі жан түршігерлік оқиғалар әдебиет жазушыларына да зор әсерін тигізді. Олар елдегі күйзелісті, халық жағдайын, халық ызасы мен ашуын қағаз бетіне шебер түсіріп, бейнелей білді. 30-жылдардағы жазушылардың еңбектерінде халық тек әлеуметтік қыспаның құрбаны ретінде ғана емес, сонымен қатар, өмір мен тарихты жасайтын күш ретінде бейнеленді. Халықтың еңбегі мен күресінде шығармашылық қуаттың сарқылмас қорлары жасырынып жатты, ал АҚШ-тың таңдаулы деген өнер майталмандары осы қасиеттерді таба алды.
Осындай тақырыпта қалам тербеп, ой қозғаған жазушылар мен олардың шығармалары арасында айрықша орны бар, көркемсөз зергері Джон Стейнбек және оның белгілі еңбектерінің бірі «Қаһар» романы болды.
Бұл романда Стейнбек «Ұлы Дағдарыс» кезінде болған бар шындықты көрсетіп, ел экономикасын, сол жылдары болған тоқыраудың себептерін жанай өтіп, оның әкелген ауыртпалықтарын барлық жағынан қамтыды және соның салдарынан халық аштыққа, жұмыссыздыққа, банкроттыққа душар болғанына, қылмыс жасауға дейін барғанын жазды.
Осы роман арқылы елде экономикалық дағдарыс салдарын, яғни оны тоқтатпаған жағдайда қандай зардап әкелетіні көрсетілді. Ал, қазіргі таңда әлем қиын саясаттық, экономикалық және әлеуметтік кезеңдерді басынын өткізіп жатыр. Қоғамның жағдайы болса, тікелей ел экономикасымен байланысты. Ел саясаты әлем экономикасымен байланысты.
Әр ел өркендеу және тоқырау, шарықтау және құлау кезеңдерін басынан кешеді. Ал саясаткерлердің басты міндеттерінің бірі - қоғамның ауыртпалықсыз дағдарыстан шығу жолын тауып, оны жүзеге асыру, дағдарысқа, өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздікке жол бермеу, елдің өркендеп, дами беруіне күш салып, соның орындалуына бар ынтасын салу.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің он жетінші қаңтар 2014 жылдың жолдауында “Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз” деп айтқандай, АҚШ-тың жиырмасыншы ғасырдың 30-жылдарында басынан кешірген қиындықтарын Джон Стейнбектің «Қаһар» романы арқылы жете көріп, сол уақыттың азаматындай барлық оқиғалар мен қателерді өзімізден өткізіп, талдау жасай аламыз. Осымен дипломдық жұмыстың өзектілігі анықталады. Шығарма арқылы дағдарыстан шығу, жақсы өмірге қол жеткізудің амалын көре аламыз, яғни бірлесіп істеген істе, күш болады, бір қоғам болып, “ынтымақ түбі-береке ” деген идеяны беріп, соған дәлел ретінде бұл концепт романда көрсетіледі. Бұл идея, демек, ұлттық бірлік, бейбітшілік, татуластық, біздің президенттің, үкіметтің, халықтың басты құндылықтарының бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны - АҚШ-тағы 20-ғасырдың дүниежүзілік экономикалық дағдарысы немесе «Ұлы Тоқырау».
Зерттеу пәні - Джон Стейнбектің «Қаһар» романы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Джон Стейнбектің «Қаһар» романы 20-ғасырдағы «Ұлы Тоқырау» кезіндегі әлеуметтік наразылықтың көрінісі екенін көрсету. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
• АҚШ-тағы «Ұлы Тоқыраудың» басталу себептерін анықтау;
• Экономикалық дағдарыстың АҚШ әдебиетіне тигізген ықпалын талдау;
• Джон Стейнбектің шығармашылық жолын зерттеу;
• Джон Стейнбектің «Қаһар» романының «Ұлы Тоқырау» кезеңіндегі АҚШ-тың әлеуметтік мәселелерін, публицистикалық шегіну және символдар техникасы арқылы көрсету жолы екен екенін дәлелдеу;
Дипломдық жұмысты жазу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылды:
• ғылыми және монографиялық мақалаларды, публикацияларды зерттеу;
• салыстырмалы талдау;
• контентік-талдау;
• оқу құралдарын зерттеу;
Жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі ретінде Э. А. Иванянның «История США», В. Л. Мальковтың «Франклин Рузвельт: Проблемы внутренней политики и дипломатии: Историко-документальные очерки», Я. Н. Засурскийдің «Американская литература XX века» еңбектері алынған.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде «Ұлы Тоқыраудың» басталу себептері, Франклин Рузвельттің «Жаңа Бағыт» бағдарламасы, сол уақыттағы АҚШ елінің экономикасы, экономикалық дағдарыстың аталған елдің әдебиетіне ықпалы жайлы жазылған. Екінші бөлімде Джон Стейнбектің шығармашылық жолы туралы және «Қаһар» романының әлеуметтік мәселелердің көрінісі ретінде талдау жүргізіледі.
I тарау АҚШ еліндегі экономикалық дағдарыс
1. 1 Артық өндіру дағдарысы мен АҚШ-тағы «Ұлы Тоқыраудың» басталуы
Жиырмасыншы ғасырдың бірінші ширегінде Америка Құрама Штаттары жетекші елдердің қатарында болып, экономикасы жақсы мемлекет болды. Бірінші Дүниежүзілік соғыста бәрінен көп пайда тапқан американ империализмі экономикалық жағдайдың тұрақтануына басқа капиталистік елдерден ертерек қол жеткізді.
1922 жылдан бастап АҚШ елінде уақытша экономикалық көтерілім байқалды. 1929 жылға АҚШ-тың өнеркәсіптік өндірісі Англияның, Францияның, Германияның, Италия және Японияның өндірісін асырып кетті. Әлемдік өндірісте американың үлесі үнемі өсе берді. [1, 85]
Соның жарқын көрінсі ретінде автомобильдік өндірістің шалқып өркендеуі болды. 1921 жылы автомобильдік өндіріс 1, 6, ал 1929 жылы 5, 4 миллионға жетіп, соғысқа дейінгі дәрежені шамамен 11 есеге артып кетті. Американ өнеркәсібінің басқа салалары да өте жылдам дамып отырды, атап кетсе, электротехникалық, химиялық, авиациялық, радио және кино өнеркәсібі.
Елдің экономикалық даму сәттіліктерінің негізінде АҚШ-тың буржуазиялық насихаттауы капиталистік тұрақтылықтың беріктілігі және мызғымастығының тезисін табанды түрде көпшілікке жайды. Американдық «өркендеуді» асырып айту өз кемеліне жиырмасыншы ғасырдың аяғында жетті.
Дегенмен, оптимистік болжамдар елдегі жағдайды мүлде дәлелдеген жоқ. Буржуазиялық апологеттердің «мәңгі просперити заманының» басталуы туралы көкезуліктері шыңайылығының түп негізі болған емес.
Басқа елдерде сияқты АҚШ-тағы капитализмнің тұрақтандыруы капитализмнің ортақ тоқырауының орнығу үрдісінің жағдайында болғандықтан, уақытша, алажаулы және тұрақсыз болды.
Сенімді экономикалық тұрақтылықтың жоқтығының дәлелі өнеркәсіп салаларының даму әркелкілігі болды. Жаңа ауыр индустрияның жылдам өсуі барысында дәстүрлі өнеркәсіп, нақтырақ, көмір өндіру және көптеген жеңіл өнеркәсіптері, тоқтап қалды.
Ортақ дағдарыстың жағдайында капиталистік тұрақтылықтың беріксіздігінің тағы бір маңызды көрсеткіштерінің бірі - ол өндірістік аппараттың толық қуатымен жұмыс істемеуі және тұрақты жаппай жұмыссыздық болды.
Ақыр аяғында, экономикалық тұрақтылықтың беріксіздігінің белгісі жиырмасыншы жылдары артық өндіру дағдарысынан шыға алмаған ауыл шаруашылығының ауыр жағдайы болды. [2, 53-55]
Сонымен қатар, ішкі нарықтың салыстырмалы бір жақтылығы және кірістерді бөлу әркелкілігімен шартталған тұрғындар инвестициясының белсенділігі жете бағаланбады.
АҚШ-тың қаржы-экономикалық экспансиясы, капитал экспортының үлкен мөлшері, басқа елдердің экономикасына оны енгізу - американ үкіметінің алдында АҚШ-тың экономикалық мүддесін жер шарының барлық бөліктерінде қорғау мақсатын қойды. [2, 74-75]
«Біздің капитал жұмсалымымыз үлкен мөлшерге жетіп, бізге үлкен зиян келтірмейтін дауды жер шарында елестетудің өзі қиын» - деп, 1928 жылы президент Кулидж айтқан болатын. [3, 90-91]
1929 жылы биржалық нарық серпіліс жағдайында болып, өркендеу иллюзиясы пайда болды.
Экономика кезеңдік құлдырау жағдайында болғанда, нарықта жоғарылау ойындары орын алды, алайда 1929 жылға дейін мұндай құбылыс байқалмағандықтан, бизнес, экономисттер, үкімет пен жай қарапайым биржалық ойыншылар ойынның көтерілуіне қызықтырылды.
29 қазан 1929 жылы (қаралы сейсенбі) биржа күйреуі болды. Бірнеше айлар бұрын болатын жайт орын алды, яғни құлдырау басталды. «Әдеттегі» құлдыраудың өзі қатал болса, ал биржа күйреуі және банктік жүйенің тұрақсыздығымен тереңдетілген, банкқа деген көпшіліктің сенімін жоғалтқан тоқырау апатқа алып келді.
Экономикалық дағдарыс кезінде ең төмен өндіріс ауыр өнеркәсібінің салаларында байқалды. Мысалға, АҚШ-та көмір өндіру 1929-1932 жылдар аралығында 535 миллионнан 310, немесе болатты қорыту осы кезеңде 61, 7 миллионнан 15, 1 миллион тоннаға, яғни 4 есеге төмендеп кетті. [4, 152]
Ауыр өндіріс кризисімен қатар, дағдарыс жеңіл өнеркәсібін, соның ішінде тоқырауға дейін оңтүстіктегі жаңа тоқыма фабрикаларына жол беріп жүрген Жаңа Англия мақта-мата кәсіпорындарына қатты тиді. [5, 292]
Экономикалық дағдарыс кезінде өнеркәсіптік, сауда және қаржы өндірістері жұтау мен банкроттыққа ұшырады. [6, 912] 1929-1933 жылдары 130 мыңға жуық коммерциялық банкроттар болды. Төрт жыл ішінде, яғни 1929-дан 1932 жыл аралығында 5760 банк жұмыс істеуін тоқтатты, яғни тұтастай алғанда 3, 5 миллиард доллар депозиті бар барлық АҚШ банктерінің бес бөлігі. [4, 152]
Индустриялық өндіріс қақ ортасынан кесіліп, фермалық кіріс төмендеп, жалақы 60 пайызға, жаңа инвестиция 90 пайызға кеміп, жұмысшылардың төрттен бірі жұмыссыз қалды. [7, 77]
Ұлы Тоқыраудың себеп-салдары: Экономикалық теория бойынша, АҚШ-та Ұлы Тоқыраудың 1929 жылы орын алуы, ол тауардың артық өндірілімі мен осы өнімді сатып алуға жетпеген ақша жиынтығы.
Ақша алтынға байлаулы болды, ал метал шығарылым мөлшері шектеулігінен ақша тапшылығы, кейін тауар мен қызмет көрсетуге төлем төлеуге жарамды сұраным тапшылығы пайда болды.
Содан тізбек бойынша «жентек қар» үрдісі жүреді: тауар бағасынының күрт төмендеуі (дефляция), кәсіпорындардың банкрот болуы, жұмыссыздық, импорт тауарларына бөгеуші баж салу, тұтынушылар сұранымының және тұрмыс деңгейінін күрт төмендеуі.
Ұлы американдық тоқыраудың тағы бір басқа себебі бар. Ұлы Тоқыраудың орын алуына американдық экономиканың қарқынды өсуі себепші болды. 1917 жылдан 1927 жылға дейін АҚШ-тың ұлттық табысы 3 есеге дерлік өсті.
Конвейерлік өндіріс меңгеріліп, қор нарығы қарқынды дамыды, алып-сатарлық операциялар саны, жылжымайтын мүлік бағасы өсті.
Ұлы Тоқырау басталар алдында АҚШ-тың алтын қоры экономика сияқты екпінді өскен емес. Бұл жағдай бүркемелі инфляцияның пайда болуына алып келді, өйткені үкімет жаңа ақшаларды экономиканың қарқында өсуіне келтіре басып шығарды.
Сол себепті доллардың алтынмен қамсыздандырылуы әлсіреп, бюджет дефициті ұлғайды, ал федералдық сақтық қор жүйесі есептік мөлшерлемені төмендетті. [8]
«Ұлы Тоқыраудың» ерекше сипаттамалары:
1. Бұл дағдарыс жалпыға бірдей болды, яғни, біріншіден, бүкіл капиталистік елдерді, екіншіден, барлық ауыл шаруашылығының негізгі аялары мен салаларын қамтыды. Мұндай жағдайда, оңтайландыру, басқа елдердердің есебінен шығу мүмкіндігі азаяды, сол себепті сауда және валюта соғысы басталады.
2. Дағдарыс синхронды болды. Ол АҚШ және Германия елдерін тереңірек қамтыды, Франция аз көлемде, Ұлыбритания кішкене ғана зар шекті, өйткені «Ұлы Дағдарысқа» дейін оларда экономикалық серпіліс мен өркендеу байқалмады. Ұлыбритания экономикасы бір орнынан тапжылмады, демек ауыл шаруашылығынын айтарлықтай көтерілуі болмады.
Бірақ «Ұлы Тоқырау» аграрлық және аграрлы-индустриялы елдерді, яғни Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Азия және Латын Американы қамтыды.
Американдық капитализмді европалық капитализмнен айыратын бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі онжылдық дистанциясы әрдайым ұлғайа берді. Соғыс кезінде экспорт көлемі бойынша АҚШ әлемде өз орнын алған болатын. Ал 1929 жылы Англия маңызды көрсеткіш, атап айтса сыртқы сауданың жалпы айналымы бойынша бірінші орынды Америкаға берді.
Жетекші нью-йорктік газет «Нью-Йорк таймс» 1925 жылдың қаңтарында шыққан нөмірінде, АҚШ-тың ұлттық байлығының өсу санын келтіре, мифологиялық байларды Крез бен Мидасты Сэм ағаға табынуларын суреттеп жазды. Шынымен де, 1927 жылы Женевада өткен Халықаралық экономикалық конференцияда 40% тас көмір, 50% шамасында болат және 70%-ға жуық мұнай өндіру АҚШ-тың үлесінде болды.
Американдық санақ бойынша, мемлекетте әр отбасыға шаққанда шамамен он бес мың доллар байлық болса, жылдық табыс үш мың долларды құрады. Сол уақыт өлшемі бойынша, ол үлкен ақша болатын.
1928 жылы кезекті президенттік сайлау өтіп, американдық экономика көтерілудің шыңына жетті. Республикандықтар американдық капитализмнің сәттіліктерін тым дәріптеп, енді АҚШ-та дағдарыссыз дамудың жолы табылды, оның кілті республикалық партияның қолында деп айтып бақты.
Экономиканың осылай ары қарай дами беру үшін, сайлаушылар республикалық партияның атынан 1928 жылдың жазында болған ұлттық құрылтайында ұсынған республикалық кандидат Г. Гуверға дауыс беру тиіс екенін сендірді.
Сайлауда Гувер АҚШ тарихында бірінші рет католиктік ирландық тегінен шыққан осы лауазымға ұсынылған, демократтар одағынан шыққан А. С. Смиттан айырмашылығы 6 миллион дауыспен жеңді.
Гувер жақтаушылары оны ұлы ұйымдастырушы, ұлы инженер және филантроп, американдық халықты одан да көп мерейге бөлейді деп айтты. 1929 жылы Гувер Ақ үйге орналасқанда, бәрі дерлік Америка төрт жылдық экономикалық өркендеумен қамсыздандырылды деген сенімде болды.
1929-1933 жылғы экономикалық кризис бүкіл капитализм тарихында артық өндіру дағдарысының ең тереңі болды. Төрт жылға жуық капиталистік елдердердің экономикасы құлдырау және шырқы бұзылған қалпында болды. Бірақ экономикалық дағдарыс АҚШ экономикасына қатты залалын тигізді.
29 қазан 1929 жылы қолдан-қолға 16, 4 миллион акциялары ауысып отырған уақытында алып-сату ажиотажының жаңа шыңы байқалды. Құнды қағаздар бағамы нью-йорктік биржада екпінді төмендеп кетті.
1 қазан 1929 жылы Уолт-стритта акция бағасы 87 миллиард долларды құраса, бір айдан кейін, 1 қарашада оның бағасы 55 миллиардқа, басқаша айтқанда 37 %-ға түсіп кетті. Бұл тек бастамасы ғана болды. Акция бағамының төмендеуі ұзақ уақытқа, яғни үш жылға созылды.
933 жылдың наурызында барлық акциялар бағамының бағасы тек 19 миллиард долларды құрады, яғни 1929 жылмен салыстырғанда шамамен 4, 5 есеге кеміді. [9]
Дағдарыс жұмыскерлерге ауыр қиыншылықтарды туғызды. Жұмыс істеу ақысының қоры 2 еседен көп мөлшерде кеміді. Көптеген өнеркәсіптің салаларында жалақы мөлшері жартысына дейін азайтылды.
Қала шеттерінде «гувервиль» (гувервилдік қалашықтар), яғни қаражаттан жоқтығынан баспаналарынан айырылған жұмыссыздар мен олардың отбасылары тұрған лашықтардан жасалған қыстақтар. «Гувервиль» атауы президент Гувердің атынан шыққан еді, яғни шуақты өмірді уәделеген президент, өзінің айтқанын орындамай, ел тоқырауға батты.
Жүздеген мың үмітсіз адамдар елді жұмыс іздеп шарлап кетті. Солардың ішінде күйреген фермерлер көп болды. Ауыл шаруашылығының өнімдері өтімсіз болып, бағалары тым төмендеп кетті. Сол кезде өнеркәсіптік тауардың бағасы өсті. Дағдарыс кезінде 1 миллионнан астам фермалар жұрт бәсекесінде қарыз төлемегені үшін сатылып кетті.
Гувердің басты қамының бірі - ол өнеркәсіптік компаниялар мен банктерді қолдап, оларды банкротқа ұшырамауға көмектесу болды.
Федеральді фермерлік басқару ауыл шаруашылығының өнімдерін үлкен мөлшерде сатып алып, олардың бағасын көтеруге тырысты. Бұл шара ешқандай нәтиже берген жоқ.
Бағанын төмендеуін ұстап тұру және нарыққа сату ұсыныстарын қысқарту үшін - бидай кеме және паровоздың пешіне жағылды, цистернадағы сүт су қоймасына төгілді, картоп және мақта алқаптарын керосинмен төкті немесе жыртып тастады, ал елде болса миллиондаған адамдар аштықтан тозап шегіп отырды.
Үкіметтік «реттеу» елді кризистен шығармады. Гувердің Американы «өркендеу» кезеңіне оралу уәдесі жай ғана бөспе сөз болды. [10, 130-131]
Нәтижесінде 1929 жылдан 1933-ке дейін американдық экспорт 488 миллионнан 120 миллион долларға төмендеп, ал импорт 368 миллионнан 96 миллион долларға азайды. [11, 79]
Қиын жағдайға душар болған көпшіліктің ашу кернесі үдейе берді. Содан ол шиеленіскен таптық конфликтке айналды. Басты күрестің пішіні монополиялардың үстемдігіне қарсы коммунисттер басқарған жұмыссыздардың наразылығы болды.
1929 жылы кәсіподақты насихаттау одағының қайта құрылуының нәтижесінде пайда болған кәсіподақ бірлестік одағының мүшелері жұмыссыздардың күресінде белсенді ат салысты.
6 наурыз 1930 жылы АҚШ-та, басқа капиталистік елдерде сияқты Халықаралық жұмыссыздықпен күрес күні өтті. Компартияның шақырымы бойынша митинг пен демонстрацияда 1250 мың адам қатысты.
Олар жәрдемақының төленуін, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін енгізеді, жұмыспен қамсыздандыруды талап етті. Барлық жерлерде Ұлттық жұмыссыздар кеңесі басқарған жергілікті жұмыссыздар кеңестері құрылды. Компартияның басшылығымен 1931 және 1932 жылдары екі «аштық жорықтары» Вашингтонда өтті.
Жазда 1932 жылы бірінші дүниежүзілік соғыстың 25 мың ардагері зейнетақы төлеуін талап етіп, астанаға келді. Гувердің бұйрығымен американдық әскердің басшысы генерал Макартур жетекшілігіндегі әскермен жорықтың қатысушыларына қатал зәбір көрсетті.
Ереуілдік қозғалыстар саны көбейе берді. Әсіресе 1933 жылы 1170 мың жұмыскерлер шыққан ереуіл ең елеулісі болды. Ереуілшілер жұмыстан шығаруға және жалақы мөлшерін төмендеткеніне қарсы болып, жұмыс орын жағдайының жақсаруына және кәсіподақтарды құруына құқықты мойындауына күрестті.
Жұмыс табының ұйымдасуынының әлсіздігі және Американдық еңбек федерациясының кәсіподақтың көшбасшыларының оппортунизмінің нәтижесінде ереуілдер қорғаныс сипатында болды.
1932 жылы жұмыскерлер табының қысымымен конгресс соттың еңбек жанжалдарына кірісу құқығын шектейтін және ереуілдерге қарсы бұйрықтар шығару туралы заңды қабылдады. Дегенмен, осы ережені сақтау кепілдігі қарастырылмағандықтан, сот органдары мен кәсіпкерлер заң бойынша жүрген жоқ.
Көпшіліктің монополиялардың және үкіметтің кертартпа саясатына фермерлердің әлеуметтік наразылық қозғалысында да орын тапты. Фермерлер «аштық жорықтарға» қатысып, ереуілдерге шығып, өздерінің ұймыдарын құрды. Кейбір штаттарда жұмыскерлер мен фермерлердің біріккен қимылдары болды. [10, 131-132]
1929-1933 жылдардағы дағдарыс капитализмнің әлеуметтік-экономикалық негіздерін ғана сестірген жоқ, сонымер қатар ол миллиондаған американдықтарға зор психологиялық әсер етіп, көпшілік санасында түбегейлі өзгерістер әкелді.
Бизнеске деген монополиялардың өктемдігі болған кезде жасалған, қарапайым американдықтың жиырмасыншы жылдардағы «өркендеу» кезеңіндегі сену белгісіне айнала жаздаған табынушылықты төмендетті.
Енді көпшілік бүлдіруші экономикалық күйзеліс үшін жуырда ғана құдайдай көрген «индустрияның капитандарын» кінәләді. [4, 155]
Тек кейбір жағдайларда ғана американдықтар өздерінің қалыптасқан құрылыстарына наразылықтарын ашық және түсінікте түрде білдірді. Көбінесе олардың антикапиталистік көңілдері аса көмескі және белгісіз болды.
Алайда, «өркендеу» кезеңіндегі американдық өмір сүру қалпының артықшылығында күдік, сенімсіздік, ал кейде капиталистік жүйенің әділетсіз екенін түсінген сезім пайда болып, отызыншы жылдардың басында елде қалыптасқан төтенше саясат жағдайын көрсетті.
1. 2 Франклин Делано Рузвельт және «Жаңа бағыт»
Экономикалық дағдарыс барлық капиталистік қайшылықтарды шиеленістіріп, АҚШ-та саясат дағдарысының өсуіне алып келді. Осындай жағдайда 1932 жылы қарашада кезекті президенттік сайлау өтті. Республикандықтардан кандидат болып Г. Гувер, демократтардан - Ф. Рузвельт, коммунистік партиядан - У. Фостер, социалистік партиядан - Н. Томас шықты. Сайлауда жеңіске демократиялық партияның өкілі, «жаңа бағдарламамен» шыққан Франклин Делано Рузвельт жетті.
Өз міндетін атқаруға кіріскен ол, конгресстің өнеркәсіпті, ауыл шаруашылықты, сауданы, несиелі-ақша жүйені «сауықтыруға» бағытталған 70 заңнамалық актілерін қабылдауға дереу қол жеткізді. Мемлекеттік-монополистік жағынан экономиканы реттеуге арналған осы бүкіл іс-шаралар «жаңа бағыт» деген атқа ие болды. [12, 151-152]
«Жаңа бағыттың» теориялық негізі ретінде жетекші ағылшын экономисті Джон Мейнард Кейнстің ілімдері болды. Монополиялардың үстемдігіндегі капиталистік елдердің экономикасындағы терең өзгерістер жағдайында Кейнс және оның ізбасарлары ауыл шаруашылықты реттеуде үкіметтің қатысуы міндетті деген ілімді мойындады.
«Жаңа бағытты» жүзеге асыруда екі кезеңді белгілейді: бастапқы - 1933 жылдан 1935-ке дейін және екіншісі 1935 жылы солға қарай жылжу басталғанда.
Ең алдымен, банктік және финанстік жүйені құтқару болды. 5 наурыз 1933 жылы өзінің бірінші президенттік акті ретінде Рузвельт елдегі барлық банктерді уақытша жауып, «банктік демалыс» жариялады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz