Инженерлік геодезиялық ізденістер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
6
: 1
Кіріспе: «Мандарин» спорт кешені туралы жалпы мәліметтер . . .
6: 8
: 1. 1
Кіріспе: Жұмыс аймағының физикалық-географиялық жағдайы . . .
6: 8
: 1. 2
Кіріспе:

Құрылыс нысандарын салу кезіндегі жүргізілетін ізденістердің

түрлері мен міндеттері . . .

6: 10
: 1. 3
Кіріспе: Құрылыс алаңында геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру . . .
6: 20
: 2
Кіріспе: Жобалық және биіктік геодезиялық жүйелердің тұрғызылуы . . .
6: 24
: 2. 1
Кіріспе: Жобаны жер бетіне түсірудегі геодезиялық дайындау . . .
6: 24
: 2. 2
Кіріспе: Геодезиялық қадалау жұмыстары . . .
6: 26
: 2. 3
Кіріспе: Жер бетіне жазық бұрыштарды салу . . .
6: 30
: 2. 4
Кіріспе: Жобалық биіктікті жер бетіне түсіру . . .
6: 31
: 3
Кіріспе: Ақтау қаласындағы «Мандарин» спорт кешенін жобалау және құрылыс кезіндегі геодезиялық жұмыстар . . .
6: 36
: 3. 1
Кіріспе: Геодезиялық бөлу жұмыстары мен оларды жер бетіне шығару . . .
6: 36
: 3. 2
Кіріспе: Ғимарат нүктелері мен осьтерін жұмыс алаңынан көшіру әдістері . . .
6: 47
: 3. 3
Кіріспе: Инженерлік жұмыстарды орындаудың қазіргі әдістері . . .
6: 51
: 4
Кіріспе:

«Мандарин» спорт кешенінің құрылыс барысында геодезиялық

өндірістің экономикасы . . .

6: 62
: 4. 1
Кіріспе:

Геодезиялық жұмыстардағы техникалық-экономикалық

көрсеткіштерді есептеу . . .

6: 62
:
Кіріспе: Қорытынды . . .
6: 66
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
6: 67

Кіріспе

Қазақстан экономикасының локомотиві ретінде қазіргі уақытта және бірнеше жылдар бойы құрылыс саласы аталып келеді. Қазіргі кезде құрылыс өндірісі қарқынды дамып келе жатыр. Күндер, айлар, жылдар санап салынып жатқан құрылыстар халқымыздың игілігі үшін қолданысқа беріліп жатыр.

Құрылыс - материалдық өндіріс саласы, негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын құрылыс өндірісінде тиімді іске асыру үшін, уақтылы ең аз шығынмен жаңа қуат көздерін, тұрғын үйлерді, заводтар мен фабрикаларды жəне əртүрлі инженерлік құрылыстарды (гидроқұрылыстар, темір, тас жолдар, т. т. ), сонымен бірге жобалық жəне құрылыс монтаждау жұмыстарының сапасын арттыру керек.

Сонда құрылыс-монтаждау өндірісінде қолданбалы геодезияның, геодезиялық жұмыстардың маңыздылығы өсе түседі де, ондағы істелетін жұмыстарға қойылатын геодезиялық өлшем дəлдіктерінің талаптары артады. Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар ғимараттар мен құрылыстың сызбада дұрыс және дәл орналасуын, сондай-ақ жобаның геометриялық параметрлеріне және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес олардың конструктивтік және жоспарлау элементтерін тұрғызу кешеніне жауап береді.

Геодезиялық жұмыстар құрылысты жобалау және өндіріс процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Демек, олардың мазмұны мен технологиялық жүйелілігі негізгі өндірістің кезеңдері мен технологияларымен анықталуы тиіс.

Құрылыс барысында құрылыс алаңын таңдау кезінде геодезиялық жұмыстар жобалау үшін қажетті нәтижелерді жинауды, талдауды және қорытындыны жалпылауды, сонымен қатар бұдан басқа аса күрделі физика-геологиялық процестер мен ірі құрылыс жұмыстары үшін кейде жер бетінің деформациясын геодезиялық бақылауды ұйымдастырады.

Құрылыс жұмыстары үшін топографиялық-геодезиялық ізденіс жұмыстары орындалады және ізденіс жұмыстарының басқа түрлерін қолдану мүмкіндігіне ие. Құрылыс конструкцияларын дайындау кезінде қалыптаушы жабдықтың геометриялық параметрлерінің сақталуына бақылау жүргізеді және құрылыс конструкцияларының геометриялық параметрлеріне статистикалық бақылау жүргізеді.

Жалпы бұл жұмыстарыдың нәтежиесінде бөлу сызбасы дайындалады.

Бөлу сызбасы - бұл бас жоспар сызбаларының жобалық жиынтығының бөлігі, ол жобаланатын конструкциялардың, бөлшектер мен элементтердің қолда бар тірек базистарына байланыстырылған орналасуы туралы ақпаратты графикалық түрде көрсетеді.

Дипломдық жобаның негізі ретінде қарастырылатын объект Ақтау қаласы, 2 шағын-ауданда орналасқан «Мандарин» спорт-кешенінің құрылысындағы геодезиялық жұмыстар, яғни ізденіс және бөлу жұмыстары болып табылады.

Таңдалған тақырыптың өзектілігі өндіріс ғимаратын салу барысындағы геодезиялық жұмыстармен қамтамасыз етілетін өлшеу дәлдіктерінің үлкен маңызға ие болуы.

Дипломдық жобаның негізгі мақсаты - өнеркәсіптік құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды, яғни бөлу және ізденіс жұмыстарын зерттеу, оларға талдау жасау, геодезиялық қамтамасыз ету мәселелерін талқылау және оңтайландыру жолдарын қарастыру болып табылады.

Дипломдық жобаның бірінші бөлімінде құрылыс кезіндегі геодезиялық жұмыстардың жалпы мазмұны туралы толықтай ақпарат беріледі.

Мәліметтерді жинау кезінде геодезиялық жұмыстардың әдістері мен технологиялары туралы толықтай ақпарат және геодезиялық жұиыстардың ұйымдастырылуы, арнайы геодезиялық жұмыстар қажет ететін нормативтік құжатнама, жұмыс барысы және орындау технологиялары, принциптері жайында жалпылай мағлұмат берілген.

Екінші бөлімде әдістеме таңдау негіздемесі және геодезиялық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру қарастырылады.

Осы тарауда құрылыс үшін геодезиялық жұмыстарды орындаудың қолданыстағы әдістемелері, құралдары, жобалық, биіктік геодезиялық жүйелердің тұрғызылуы және осы жұмыстардың барысы қаралатын болады.

Үшінші тарауда жұмыстарды орындауға арналған бөлу жобасын әзірлеу қарастырылады.

Жоғарыда айтылған барлық бөлімнің негізінде барлық жұмыс бойынша қорытынды жасалады, жасалған жұмыстарға қысқаша талдау жүргізіледі. Құрылыстың барлық кезеңдерінде объектіні геодезиялық қамтамасыз етудің барлық түрлерін көрнекі көрсететін графикалық материалдар бекітілетін болады.

Жоғарыда келтірілген дәлелдер, сондай-ақ дипломдық жұмысты құру тұжырымдамасының элементтері таңдалған тақырыптың өзектілігін толық көлемде көрсетеді және қазіргі геодезиядағы негізгі болып табылатын жұмыстарды жүргізу кезінде кәсіби дағдылары мен сапасын, қазіргі заманғы өлшеу құралдарын, электрондық аппаратураны, камералдық өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді тәжірибеде қолдану және қолдану білігін көрнекі түрде көрсетеді.

1 «Мандарин» Спорт кешені туралы жалпы мәліметтер

  1. Жұмыс аймағының физикалық-географиялық жағдайы

Географиясы. Ақтау (43°39′ с. е. 51°09′ ш. б. ) - Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады.

1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко аталған болатын.

Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген.

Ақтау қаласы Ленинград қаласының үлгісі бойынша қалана бастады. Ақтау қаласының әкімшілік құрамына Өмірзақ кенті кіреді. Қалада екі көшенің атауы бар. Бірі Бірінші Президент көшесі, екіншісі Тәуелсіздік даңғылы. Қала ықшамаудандарға бөлінеді. Қала шағынаудандарға бөлінгендіктен керекті жерді табу оңай. Мекен-жайды атағанда аудан үй пәтер ретімен айтады. Қазіргі уақытта 35 ықшамаудан бар. Әрбір шағынауданда шамамен 50-70-дей үй бар, әр үйде орташа есеппен алғанда 60 пәтер бар.

Климаты және табиғаты. Жұмыс аймағының климаты шөлді. Аймаққа тән сипаттама: жазы өте ыстық, қысы суық; жылдық және тәуліктік температураның күрт ауытқуы; жауын-шашыны аз және жыл мезгілі бойынша тең таралмаған, ауасы қүрғақ; желді; қар аз; бұлтты аспаннан гөрі, ашық күндері мол. Ақтау қаласының орташа жылдық температурасы +15, 2°С құрайды. Ең ыстық айлар - шілде, тамыз. Ең суық ай - қаңтар., қаңтардың орташа температурасы шамамен -4°С, ал шілдеде +30°С. Үсіктер қараша айында басталып, сәуірде аяқталады. Қатты аяздар аз болады - қаңтардың ортасы басталып, ақпанның ортасында аяқталады. Ыстық күндер температурасы +45°С-қа дейін -шілде айының ортасынан тамыз айының оратсына дейін созылады. Жылда 140-160мм жауын-шашын болады. Өткінші жиі-жиі жел соғады ( 25м/с) . Орташа есеппен жылына 4айға дейін күн тұман болады.

Қыс мезгілінде қар жаууы мүмкін. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 3-7 см жетеді. Қала Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Сумен қамтамасыз ету үшін МАЭК су тұщыландыратын станция жұмыс істейді. Онда теңіз суының өндірістік дистилляты мен «Құйлыс» көзінен келетін қатты минералданған жерасты суы дайындалып, араластырылады. Қала маңында табиғи ауыз су көзі жоқ[1, 24б] .

Дипломдық жобада Ақтау қаласының «2» ықшамауданында «Мандарин»

спорт кешені құрылысындағы геодезиялық жұмыстар, яғни ізденіс және бөлу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі шаралары қарастырылған.

Тапсырыс беруші - Маңғыстау облысының әкімшілігі.

Бас жобалаушы - Ақтау қаласының «К7 Group» ЖШС.

Жалпы сипаттама. Көпфункционалды спорт кешені архитектураны, ландшафтық дизайнды, спорттық жарыстарды ұйымдастыру бойынша технологияларды, Ақтау қаласы тұрғындарының жайлы демалыс уақытын ұйымдастыруды, жыл бойғы іс-шараларды жоғарғы деңгейде орындауды біріктіретін заманауи кешен болып табылады. Кешен Ақтауды ең жоғары бүкілреспубликалық және халықаралық нормаларға сәйкес спорттық, сауықтыру және рекреациялық іс-шараларды қабылдауға және ұйымдастыруға қабілетті қала ретінде бекітуге арналған.

Спорт кешенін әзірлеу кезінде келесі негізгі қағидаттар ескерілді:

  • Кешенді Бас жоспарда орналастыру қаланың барлық аудандарынан келушілердің қолайлы қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.
  • Каспий теңізінің жағасында кешенді орналастыруға байланысты ландшафт пен жер бедерінің ерекшелігі толық көлемде ескерілді.
  • Кешеннің сәулет-жоспарлау шешімі және оның функционалдық аймақтануы барлық қызметтердің ыңғайлы жұмыс істеуін, келушілер мен персонал, адамдар мен көлік ағындарын бөлуді, функциялардың өзгеруін және т. б. қамтамасыз етеді.
  • Кешен алыстан қабылдау деңгейінде де, тікелей жақындау жағдайында да қасбеттер мен интерьерлердің айқын сәулеттік шешіміне ие
  • Кешенде заманауи құрылыс және әрлеу материалдары, жоғары инженерлік технологиялар қолданылды.

«Мандарин» спорт кешені келесі сипаттамаларға ие:

Кесте 1

Спорт кешеннің сипаттамасы

Сипаттама
Көрсеткіш
Сипаттама: Функционалдық өрт қауіптілігі
Көрсеткіш: Ф 2. 1
Сипаттама: Ғимараттың отқа төзімділік дәрежесі
Көрсеткіш: II
Сипаттама: Конструктивтік өрт қауіптілігінің класы
Көрсеткіш: C0
Сипаттама: Ескерту: ҚНжЕ мәліметтері

Қала құрылысы жағдайы және спорт кешен учаскесінің қысқаша сипаттамасы. Кешенді жобалау учаскесі Ақтау қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерінен тыс Каспий жағасында орналасқан.

Жобалау учаскесінің аумағы шектеулі:

  • Солтүстік-Батыс: Каспий теңізінің жағалауы;
  • Оңтүстік-Шығыс: «Ақбота» ойын- сауық алаңы;
  • Солтүстік-Шығыс: «Ақтау» қонақ үйі;
  • Оңтүстік-батыс: орта қабатты тұрғын үйлер, жоғары қабатты тұрғын үй құрылысы;

Бас жоспар. Бас жоспарда спорт кешен Ақтау қаласының 2 шағын-ауданында орналасқан. Ғимаратты жобалау кезіндегі басымдық ғимараттың көлемін жалпы қалыптасқан ландшафтпен үйлесімді байланыстыру шарты, сондай-ақ салынып жатқан аумақта өсіп келе жатқан ландшафттық сипаттамаларды, ағаштарды барынша сақтау болып табылады. Орталық нысан жоспарда бөлінген учаскенің конфигурациясымен, сондай-ақ кешенді функционалдық аймақтаумен сипатталады.

Бас жоспар жобасында салынып жатқан ғимараттың айналасында тротуарлар, бассейн залы, жабық спорт алаңдары, кіреберістер, тұрақ орындары қарастырылған. Экологиялық теңгерімді сақтау мақсатында аумақты көгалдандыру қарастырылған. Тік жоспарлау атмосфералық жауын-шашынның қалыпты бөлінуін ұйымдастыруды және ғимаратты байланыстырудың оңтайлы биіктігін ескере отырып, іргелес аумақтармен байланыстыра отырып жобаланған.

  1. Құрылыс нысандарын салу кезіндегі жүргізілетін ізденістердің

түрлері мен міндеттері

Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар қажетті дәлдікпен құрылыстың жобалық орналасуы және олардың конструкцияларының (элементтерінің) геометриялық параметрлеріне және нормативтік толық құжаттардың талаптарына сәйкес тұрғызылуын қамтамасыз етуге тиіс жергілікті жерде өлшеу, есептеу жұмыстарын қамтиды.

Көрсетілген міндеттерді шешу құрылыс-монтаждау өндірісінің кезеңдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Құрылыс салудың алғашқы сатысында қажетті технологиялар мен жұмыс реттілігін сақтай отырып, құрылыстың жоспарлы көрсеткіштерін қамтамасыз етуі тиіс бірқатар ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын жүргізеді. Құрылыстың басталу мәресі жергілікті жерде жұмыс учаскесінің контурын бұруынан соң және бөлу жұмыстарын орындаудан бөлек, құрылыс шекарасының әсер ететін аймағына қатысты жатқан объектілер мен құрылыстардың деформацияларына қажетті бақылау жүргізілгеннен соң орын алады.

Құрылыс салудың алғашқы сатысында қажетті технологиялар мен жұмыс реттілігін сақтай отырып, құрылыстың жоспарлы көрсеткіштерін қамтамасыз етуі тиіс бірқатар ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын жүргізеді. Құрылыстың басталу мәресі жергілікті жерде жұмыс учаскесінің контурын бұруынан соң және бөлу жұмыстарын орындаудан бөлек, құрылыс шекарасының әсер ететін аймағына қатысты жатқан объектілер мен құрылыстардың деформацияларына қажетті бақылау жүргізілгеннен соң орын алады.

Құрылысқа дайындық кезінде құрылыстың дайындық және негізгі кезеңдеріне арналған құрылыс жоспарынан және түсіндірме жазбадан тұратын жобалық құжаттаманы зерделейді. Құрылыстың бас жоспарында міндетті түрде жоспарлы-биіктік геодезиялық негіз белгілері орын алады. Түсіндірме жазбада құрылыс жұмыстарын жүргізу сапасына аспаптық бақылауды орындау әдістері, геодезиялық және маркшейдерлік (шахталық құрылыс объектілері үшін) жұмыстарды жүргізу мерзімдері мен көлемі туралы нұсқаулар бар. Сонымен қатар қажетті инженерлік-геодезиялық жұмыстарды керекті дәлдікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қандай да бір құралдарға қажеттілік белгіленеді.

Нормативтік құжаттар әртүрлі инженерлік құрылыстардың салу жұмыстарын толық көлемде регламенттей алмауына байланысты әрбір жоба құрылыс ұйымы үшін де, геодезиялық қызмет үшін де жеке болып табылады.

Инженерлік геодезиялық ізденістер. Инженерлік жұмыстарды жобалау және оны ары қарай салу арнаулы инженерлік ізденіс деп аталатын үрдісті жұмыстар негізінде жүргізіледі. Құрылыс үшін инженерлік ізденістер деп кешенді өндірістік процесті түсіну керек, яғни ізденіс жұмыстарының нәтижесінде құрылыс жобасы түсіріс жүргізілетін ауданның табиғи және экономикалық жағдайларын, түсіріс жұмыстарының оны қоршаған ортамен өзіндік байланысы, оларды қорғаудың инженерлік жолдары және жұмыс ауданындағы жұмысшылардың қауіпсіздік техникасымен қамтамасыз қамтамасыз етіледі. Ізденіс жұмыстарының қорытындысы ретінде жобалаушы алады:

  • аумақтың рельефі және қолданыстағы коммуникациялар туралы түсінік беретін топографиялық жоспар;
  • ауданның геологиялық құрылысын, ауданның геоморфологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын, топырақтың құрамын, жай-күйін және сипаттамасын, ықтимал инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық процестердің болжамын қамтитын инженерлік-геологиялық есеп;
  • объектінің орналасқан учаскесінде табиғи ортаны (топырақ, атмосфералық ауа, жер асты және жер үсті сулары, геофизикалық алаңдар) экологиялық тұрғыдан бағаланған есеп түрімен;

Инженерлік ізденіс бірнеше түрге бөлінеді:

  • инженерлік - геологиялық;
  • инженерлік - геодезиялық;
  • инженерлік - экологиялық;
  • инженерлік - гидрометеорологиялық.

Ізденіс түрлерін қысқаша сипаттайтын болсақ:

Инженерлік-геологиялық ізденіс жұмыстары топырақты құрылыстың маңызды бөлігі ретінде, жер асты суларымен байланысты құрылыс шекарасындағы гидрогеологиялық режимнің ерекшелігін, физикалық-геологиялық процестер мен құбылыстарды, селдер, көшкіндер мен опырылулар, сондай-ақ карст-суффозиялық процестер мен аумақтық су басуды зерделеу жұмыстарымен қамтылады.

Инженерлік-геодезиялық ізденіс жұмыстарының зерттеу объектісі ретінде

құрылысқа арналған аумақ бетінің ерекшеліктерін, жер асты және жер үсті коммуникацияларының жағдайын қарастырады.

Соңғы уақытта инженерлік-экологиялық ізденіс жұмыстарына көп көңіл бөлініп жатыр, олардың мақсаты радиологиялық, санитарлық-химиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздікті бағалау болып табылады. Әсіресе қалалар мен кенттердің маңында, яғни құрылыс үшін неғұрлым перспективті аумақтарда адамдардың өмір сүруіне зиянын келтіретін әртүрлі жұқпалы, химиялық, радиациялық және басқа да жер, топырақ ластануының түрлері табылатындығын байқаған жөн. Бұл ластану көздерін дер кезінде анықтап, құрылыс кезеңінде ластану мәселелеріне қажетті шаралар қолдануға және осылайша осы аумақтардағы адамдардың қауіпсіз өмірі мен жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Инженерлің ізденістердің тағы бір түрі инженерлік-метеорологиялық зерттеулер. Бұл ізденіс түрі аумақтың климаты туралы ақпарат, сондай-ақ

құрамына жер үсті суларын (өзендер, көлдер, су қоймалары), яғни ағыс жылдамдығын, шығындарды, арналық процестерді, қату тереңдігін, аудандар мен т. б. климаттық ерекшеліктерін зерттеу кіреді.

Жоғарыда аталған инженерлік ізденіс жұмыстары негізгі және маңызды болып саналады, себебі ізденіс жұмысын жүргізу барлық ғимараттар мен құрылыстардың қолдану аймағы, түрі, конструкциясына қарамастан жобалық шешімдерін таңдау және жобаларды әзірлеуді негіздеу үшін қажет.

Қазіргі уақытта бірде-бір жоба инженерлік іздестіру материалдарынсыз аса ұқыптылықпен әзірленбейді және жүзеге асырылмайды. Жалпы инженерлік ізденіс жұмыстары құрылыс өндірісінің құрамдас және ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.

Инженерлік ізденістер құрылыс саласының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, себебі олардың нәтижелеріне көп жағдайда құрылыстың құны, сондай-ақ салынған құрылыстардың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігі тәуелді болып келеді. Бұл мәлімдеме қазіргі уақытта актуалды болып табылады, себебі бірнеше себептерге орай құрылыс салу үшін шектеулі жарамдылығына байланысты, қалыптасып үлгерген қала құрылысы арасына инженерлік құрылыстар салу қажеттілігі туындағанына байланысты өзекті болып табылады. Бұл ретте, осы құрылыстар негізінің жай-күйі мен қасиеттерін, оның ішінде олардың уақыт бойынша өзгеруін неғұрлым сенімді бағалауды талап ететін неғұрлым күрделі инженерлік конструкцияларды жобалау үрдісін ескеру қажет.

Қалалық құрылыс шегінде жаңа ғимараттар құрылысының күрделі міндеттерінің бірі бұрын салынған құрылыстарының және әсіресе тарихи ғимараттардың тұтастығын сақтау болып табылады: қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес осы ғимараттардың деформациясы (шөгіндісі, ығысуы), жаңа құрылыстарды салу және пайдалану процесінде бірінші миллиметрден аспауы тиіс. Мұндай деформациялар қазаншұңқырлардың ашылуында, ашылу кезіндегі қазаншұңқырлардан суды сорумен байланысты жер асты сулары деңгейінің өзгеруі немесе қазаншұңқырлардағы сүзуге қарсы құрылыстармен және т. б. жабу нәтижесінде жер асты ағынының тіреуі кезінде мүмкін.

Орындалған инженерлік-геологиялық іздестіру нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда жобаланатын құрылыстарды салу кезеңдерін ескере отырып, негіз топырақтарының кеңістіктік кернеулі-деформацияланған жай-күйінің математикалық моделі құрылады. Модельдеу деректері бойынша жобаланатын қазаншұңқырлардың және онда салынатын құрылыстардың әсер ету аймағы нақтыланады, жобаланатын қазаншұңқырлардың түрлі нүктелерінде болуы мүмкін деформациялардың шамалары, Іргетастардың шөгінділері мен майысуы, құрылыстың жанында орналасқан ғимараттарға әсері анықталады.

Қазіргі заманғы құрылыстың тағы бір ерекшелігі болып қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды кеңейтуді, қондыруды барынша мүмкін болатын қайта құруды есептеуге болады. Мұндай қайта орналастыруды жобалық шешу алдында қолданыстағы конструкцияның жұмыс қабілеттілігін және ол салынған топырақтың жай-күйі мен қасиеттеріне негізделген қолданыстағы құрылыс іргетасының көтергіш қабілетін бағалау болуы тиіс. Мұндай мәселені шешу үшін инженерлік іздестіру әдістерін қолдану керектігі анық.

Инженерлік-геодезиялық іздестіру жобалау жұмыстарының негізі ретінде ғана емес, сонымен қатар осы ауданның жер бедері мен құрылыстары туралы деректерді ұсына отырып, іздестірудің басқа да түрлерін жүргізуге қолданылады. Инженерлік-геодезиялық іздестірулер жобалау жұмыстарының негізінде ғана емес, сонымен қатар осы ауданның рельефі мен құрылыстары туралы деректерді ұсынады, сонымен қатар іздестірулердің басқа түрлерін жүргізуге да қолданылады. Инженерлік-геодезиялық ізденіс уақытында құрылыс алаңында геодезиялық тірек торларды құру және әртүрлі масштабты топографиялық түсіру, желілік құрылыстардың трассаларын бақылау, геодезиялық істермен геофизикалық барлау нүктелерін байланыстыру бойынша жұмыстар орындалады.

Инженерлік-іздестіру жұмыстарының мазмұны мен көлемі жобаланатын құрылыстың түріне, саласына және мөлшеріне, жергілікті жердің жағдайына және құрылыстың танылу дәрежесіне, сондай-ақ құрылыстың жобалық деңгейіне байланысты болып табылады. Құрылыс технологиялары тұтастай бір-біріне ұқсас және іздестіру жұмыстары әр түрлі тәсілдердің бір тобына біріктірілуі мүмкін: алаңдық және сызықтық құрылыстар. Алаңдық құрылыстарға: елді мекендер, өнеркәсіп кәсіпорындары, әуежайлар және соған ұқсас құрылыстар жатады. Сызықтық құрылыстарға мыналар жатады: жолдар, электр сымдары, құбырлар және айтылған мысалдарға ұқсастар [2, «180б] .

Құрылыстың барлық түрлерінің жобалық құжаттамасы, оның ішінде жер бетінің бедері, құрылыстың пішіні және өлшемдері, басқа объектілерден айырмашылығы, яғни қанша жерде, қалай орналасқан сияқты, жат құрылыстар арасындағы өзара байланыс және олардың элементтерінің өзіндік орналасуы, сондай-ақ құрылыстың техникалық-экономикалық көрсеткіштері, негізгі конструкциялардың, жабдықтардың көрсеткіш сипаттамасы, құрылыс өнімінің жобасы, процесс-механикалық құрылыс технологиясының құрамы және ұйымдастыру тәсілдері және т. б. бар.

Ізденіс-жобалау жұмыстары. Ізденіс-жобалау жұмыстарын орындау үшін, ең бірінші мекеме тапсырыс беруші ұйымнан келесі тапсырмалар тізімі алынады: жол өтетін жердің, жолдың санаты, құрылыстың басталу және аяқталуы туралы толықтай мәлімет. Ізденіс-жобалау жұмыстарының құнын берілген тапсырмаға байланысты іздеу-жобалау жұмыстарының бағалау жиынтығынан алады.

Ізденіс-жобалау жұмыстарының өнімділігі мен саны жергілікті жердің сипаттамаларына байланысты. Ізденіс жұмыстарын орындау барысындағы қиындықтарға байланысты 5 санатқа бөлінеді.

Ізденіс бригадасының құрамы трасса, аудан табиғаты және климаттық жағдайларына байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инженерлік геодезия
Құрылыс нысандарын салу кезіндегі жүргізілетін ізденістердің түрлері мен міндеттері
Тіректік геодезиялық желілерді құрастыру
Темір жолдардарды салудағы ізденіс жұмыстары
Құрылыста атқарылатын геодезиялық жұмыстар
ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Геодезиялық өлшеулер туралы түсінік
Геодезиялық жұмыстарды атқаратын ұжымдар
Автомобиль жолын жайластыру
Сызықтық құрылыстарды трассалау кезінде тік және көлденең қисықтарды бөлшектеп бөлу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz