Мұғалімнің әңгімеге дайындығы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән бойынша: Дүниетану
Тақырыбы: Бастауыш сыныптардағы дүниетану сабақтарының материалдық базасы
Курстық жоба (жұмыс) _______________ бағаға қорғалды
Хаттама №___ _____________________ 2016 ж.
ЖОСПАР
1.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
I ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Дүниетану пәні бойынша оқыту процесін ұйымдастыру формалары, әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1.2 Дүниетану пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар ... ... ... ... ... ..10
1.3 Дүниетану сабақтарының материалдық базасы ... ... ... ... ... ... ... . 12
II ТАРАУ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ДҮНИЕТАНУ САБАҚТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
2.1 Бастауыш сыныптардағы дүниетану оқытудағы әдістемелік жиынтық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Бастауыш сыныптардағы тірі табиғат бұрышы, өлкетану бұрышы географиялық алаң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.3 Оқыту процесінде дүниетану сабақтарының материалдық базасын ескеру
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25-30
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Оқушыларға дүниетану сабағынан сапалы оқытуда дүниетану сабақтарының материалдық базасы өзекті болып тұр. Бастауыш бiлiм- үздiксiз бiлiм берудiң алғашқы басқышы болғандықтан, оқушыларға белгiлi бiр көлемдегi бiлiм, бiлiк-дағдыларымен қатар адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру, жан-жақты дамыту бүгiнгi күннiң басты талабы. Дүниетану сабақтары арқылы оқушылар адам, табиғат, қоғам, яғни реалды дүниенiң үш құрамдас бөлiгi туралы бiлiм алады. Бұл пән оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттырып, дүниетанымын, адамгершiлiк қасиеттерiн жетiлдiрiп, өмiрдi, оның құбылыстарын танып бiлуге мумкiндiк бередi.
К.Д Ушинский дүниетану сабақтарында логикалық ойлау мен тілді дамытуға көп көңіл бөлген. Оның ойынша, балаларды оқыту сөздік негізді емес, қоршаған ортадан алған көзқарастарынан құрылу керек.Ол білімді меңгеруге көп көңіл бөлген. Нақты білім оқытуға нақтылық, жүйеллілік, бірізділік принциптері арқылы берген. Ол табиғат құбылыстарын зерттеуге көрнекілк теориясын енгізді.Барлық оқулықтарда жеңілден қиынға принципі қолданылған. Дүниетану сабағы материалдық базасыда жеңілден қиынға приципі қолданылған.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Бастауыш сыныптардағы дүниетану сабақтарының материалдық базасының мазмұнын әр сынып бойынша талдау, оқыту процесінде жүзеге асыру.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі. Дүниетану сабақтарының оқыту әдістемесі және материалдық базасының құрылымын талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Дүниетану сабақтарының жалпы материалдық базасымен танысу.
- Дүниетану сабақтарында материалдық базаны жүйелі қолдану.
Педагогикада оқылатын жалпы дидактикалық принциптердің, пəн мақсатына, оқылатын материалдың көлеміне, оны оқушылардың ұғу ерекшеліктеріне байланысты тікелей дүниетану сабақтарында пайдаланатынын білуі керек.
Болашақ мұғалімдер бастауыш мектеп алдында ғылыми жаратылыстың білім беру саласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра алатын болуы үшін, дүниетану стандартын, оқулықтар мазмұнын, олардың идеялары мен құрылу принциптерін жақсы білуі керек. Оқыту процесінде жан-жақты тəрбие берудің, балалардың жалпы дамуының, өмірге жəне еңбекке дайындық міндеттерін жүзеге асыра білуі керек.
1
I-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
0.1 Оқыту процесін ұйымдастыру формалары, әдіс-тәсілдері
Дүниетану сабағы бойынша оқыту мен тәрбиенің негізгі ұйымдастыру формасы болып табылады.Сабақ мұғалімге әр түрлі әдістер мен тәсілдер жүйесін қолдана отырып, негізгі дүниетану түсініктері мен ұғымдарын қалыптастыру бағытында жоспарлы және мұқият жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оқыту әдісі дегеніміз ол мұғалімнің мектеп оқушыларына танымдық қабылетін дамытып, көзқарастарын қалыптастыратын және оларды өмір сүруге дайындайтын білім, іскерлік және дағды беру әдістері. Оқыту әдістері оқушыларға жаңадан білім беріп бұрын алғандарын бекітуді қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде олар мұғалімнің басшылығымен ғылым негіздерін игереді.
Оқыту әдістері оқытудың мазмұнымен тығыз байланысты. Мұғалім мазмұны бойынша қажетті оқу материалын іріктей отырып одан сабақ берудің белгілі бір формасын анықтайды. Оқушылардың міндеті мұғалімнің берген білімін меңгеріп, оны оқу және практикалық іс-әрекетке қолдана білу болып саналады. Демек, оқу бағдарламасындағы қандай да бір мәселені оқып үйрету әдісін анықтаған кезде мұғалім мен оқушылар іс-әрекеттерінің сипатын, сондай-ақ осы кезде пайдаланылатын білім көзін ескеруі қажет. Оқушыларға, бір жағынан, әдістердің қай-қайсысы болса да, біріншіден: мұғалім баяндап берген даяр білімді игеруге; екіншіден:Мұғалімнің басшылығымен өздігінен жұмыс істеуге; үшіншіден: Ешкімнің жәрдемінсіз өздігінен жұмыс істеуге көмектеседі. Екінші жағынан әдіс білім игеру барысындағы мұғалімнің жетекшілігіне және мектеп оқушыларының танымдық кабілетінің дамуына бағыттағы іс-әрекеттерін де қамтып көрсетеді. Осы жұмыстың барысында балалар оқуға үйренеді, яғни білім игеру әдістерін меңгереді.
Белгілі бір әдіс сабақтың мақсатына, оқу материалының мазмұнына және танымдық іс-әрекеттің сипатына байланысты әр түрлі бағыт, түрліше күрделілек дәрежесіне ие болады.
Дүниетанудан сабақ беру барысында әрбір әдістерді тақырыптың мазмұнына оқушылардың жалпы дамуына және мұғалімнің шеберлігіне сәйкестендіре отырып, пайдалана білу қажет.
Оқыту әдісіне жұмыстың әр алуан тәсілдері енеді, оларды әдістің бөліктері, элементтері ретінде қарастыру керек. Тәсілдер, әдетте, қосалқы мәнде болады. Олар бір әдістің ғана емес, әр түрлі әдістердің бірқатар бөлігі болуы да мүмкін. Мәселен, мұғалім дүниетану сабақтарында көбінесе әңгіме немесе әңгімелесу, практикалық жұмыс және бақылаулар кезінде салыстыру тәсілін пайдаланады.
2
Әңгіме ауызша айту әдісінің бір түрі. 1-4 сыныптардағы мұғалімнің баяндауына қарағанда педагогика әңгімесі жиірек өтеді. Әңгіме балаларға қойылатын сұрақтардан, олардың жауаптарынан мұғалімнің түсіндіруінен және ең соңғы жинақтайтын қорытындыдан тұрады.
Балалардан тікелей бақылағандарынан, оқыған әңгімелерінен, жасаған тәжірибелерінен және т.б. белгілі болғандарды ғана сұрауға болады.
Әңгіме мұғалімнің әңгіме текстін немесе баяндауды балалардың қабылдауына даярлайтын және бұрын өтілген материалдарға негізделетін кіріспе, сондай-ақ нәтижелерді жинақтап, алған білімдерді тиянақтайтын қорытынды бөлімдерге бөлінеді.
Мұғалімнің әңгімеге дайындығы. Мұғалім әңгіме мақсатын және оның сипатын, бұл кіріспе әлде қортынды әңгіме болады ма, оқушыларға өз бетімен жаңа білім беретін әңгіме ме; бұл әңгіме тәжірибеге, бақылауға, картаға, суретке, әңгіменің текстіне немесе тақырыптың мазмұнына байланысты мұғалімнің қосымша баяндауына сүйенеді ме, алдын ала ашып алу керек.
Дайындық барысында балалардың әңгіме кезінде қандай білім алатындығы туралы толық түсінік пайда болады.
Әңгімеге дайындалу сұрақтарды таңдап алудан да негізделеді, сұрақтарды ойланып, оқылатын тақырыптың дүниетанудағы мазмұнын ашатындай етіп құрастырады. Мұғалім әңгіме соңынан жасайтын қорытындысын күні бұрын жазып қояды.
Сұрақтарды құрастыру кезінде оқушылардың жалпы дамуы, олардың өмірлік тәжірибесі және осы сабақта өтілетін тақырып бойынша балалардың нақты білімі ескеріледі.
Идеялық саяси бағытта болатын баяндау мен әңгіме оқушыларға нақты білім береді және оларды іс жүзінде қолдануға деген тілек туады.Баяндау мен әңгіме мұғалімнің ақиқат сөзінің әр түрлі формасы ғана, сондықтан олар бірін-бірі алмастыра алмағанымен өзара кезектесіп бірін-бірі толықтыра алады. Мұғалімнің баяндауы мен әңгіме бірін-бірі толықтырып, әңгімені оқумен және жұмыстың басқа түрлерімен үйлестіріп, балаларға оқу бағдарламасының талабына сай білім береді. Бұл оқушыларға ой тудырып, оқылатын тақырыптың балаларға бейжаттандылық болмай, түсінікті болуына көмектеседі.Баяндау мен әңгіме карта, көрнекі құралдар пайдаланумен, көркем әдебиет оқумен, есеп шығарумен, тәжірибе жасаумен байланыстырылады. Егер баяндау кезінде балалар селқос отырса, әңгіме кезінде олар барынша белсенді отырады, ойланады, мұғалімге - олардың ойларын шеберлікпен басқарып, оны қажетті арнаға бағыттау ісі ғана қалады.
Әңгіме кезіндегі сұрақтарға қойылатын талаптар.Сұрақтар құрастыру оңай іс емес, ол мұғалімнің шеберлігі мен үлкен тәжірибесін талап етеді. Мектеп теориясы мен практика әңгіме кезінде сұрақтарға
3
мынадай талаптар қояды. Сұрақтар анық және тиянақты болуы қажет. Оларға артық сөз араластырмай, қысқа етіп құрастыру керек. Сұрақтар өз жауабын өзі айтатындай болмау керек. Былай: Жер күнді 365 күнде айналып шығады ма ? - деп сұрауға болмайды. Оны былай сұрайды: Жер күнді неше сағатта айналып шығады. Сұрақтар иә немесе жоқ деген жауап алатындай, немесе қос жауап талап ететіндей болмау керек. Сұрақтар стилистикалық сауатты болу керек. Сұрақтарды өте бөлшектеп жіберуге де болмайды. Мысалы: Аралас орманда қандай ағаштар өседі?, Онда қандай бұталар кездеседі, Жерді қандай шөптер жауып жатады?. Осы үш сұрақты бір сұраққа біріктіріп: Аралас орман зонасының өсімдіктері қандай? немесе Аралас орман зонасының өсімдіктері туралы айт - деуге болады. Сұрақтар баланың санасын оятып, оны өзінше белгілі бір қорытындыға және пікірге келуі мәжбүр етуі оны әр түрлі ғылыми шындықтыашуға итермелеу керек, өйткені бұл жұмыс дүниетану материалын жүйелі ойластыруға қалыптастырады.
Құбылыстардың өзара тәуелділігі мен, себептік байланыстарын ашатын сұрақтар, мысалы Гранит неліктен бүлінеді?, Далалық жердегі халықтардың негізінен егін шаруашылығымен шұғылданатыны неліктен?, Жуылмаған жемістер мен жидектерді неліктен жеуге болмайды?, Жылы ауа неліктен жоғары көтеріледі? деген сұрақтар жатады.
Мұғалім сұрақты бүкіл сыныпқа қойып, белгілі бір оқушыдан ғана сұрайды. Сұраққа бірден жауап беруді талап етуге болмайды, балалардың ойлануына мүмкіндік беру керек.
Бір сұрақ бұрынғы сұрақтардың жалғасы болатындай етіп, сұрақтарды белгілі бір жүйелікпен қоюы керек.
Заттық сабақтар. Бұл оқушылардың айналасындағы материалдық дүниені құрайтын жеке заттар туралы сабақтар. Оған табиғаттың алуан түрлі заттары- минералдар, өсімдіктер, жануарлар, табиғи материалдардан жасалған әр түрлі затттар жатады.
Бақылау негізінде оқыту. Қисынды құралған әңгіме кезінде мұғалім оқушыларынан бақылаған құбылыстарын ойлануды және себепті байланыстары мен өз ара тәуелділіктерін ашуды талап етеді, оларды дүниетану туралы жаңа ұғымдарды меңгеруге жетелейді және ой-өрісін дамытады.
Сұлбамен, картамен, глобуспен жұмыс істеу
Бастауыш сыныпта оқушылар табиғат тақырыбынан бастап көкжиек туралы ұғым алады, көкжиек тұстарын анықтайды, жергілікті жердің қашықтығын өлшеуді үйренеді, әр нәрсенің шартты белгілерімен танысады.
Бұдан соң жергілікті жердің сұлбасын талдауға, оқуға картамен оның масштабымен, бағыттардың бейнелуімен танысуға көшеді.
Сұлба мен картаны оқып үйренгенде кейбір қиыншылықтар кездеседі.Сұлбада жердің барлығы үстіңгі жағынан қарағандағы көрінісімен беріледі. Онда заттың өз түсі, көрінісі болмайды, тек оның тұрған жері ғана белгіленді. Заттардың бәрі шартты белгілермен көрсетіледі.
Бастауыш сыныпта карта тек көрнекі құрал ғана емес , ең алдымен, дүниетанудан алатын білімнің қайнар көзі болып табылады. Мұғалімнің міндеті-картаны ұғынуға көмектесу.Картаны әрбір сауатты адам білуге, оқи білуге тиісті.Картасыз тұтас Республиканың, ондағы жеке облыстарының халық шаруашылығын жоспарлау мүмкін емес.
Мұғалім балаларға салыстыра келіп, сұлбамен картаның айырмашылығын көрсетеді: сұлбада шағын аумақ (территория) кескінделеді, масштабы ірі болады; картада үлкен аумақ қамтылады да, масштабы кіші болады.Шартты белгілердің айырмашылығын көрсетеді.
Мұғалім картаның шартты белгілерін талдап (теңіздер көгілдір түспен, құрлық жасыл, сары түс - қырат, қоңыр түс-таулар) түсіндіре отырып, олардың кейбіреулерінің масштабтан тыс берілгенін көрсетеді.Мысалы, темір жолдардың, өзендердің көлемдері.
Мұғалім жер пішінін сипаттай келіп, глобус арқылы жердің моделімен таныстырады. Глобус жердің пішіні оның беті, құрлық пен су кеңістігінің бейнесі, полюстер, экватор, жер шарын жартышарларға-солтүстік және оңтүстік, батыс және шығысқа бөлу туралы түсІнік береді.Оқушылар глобустың әрбір жартысын анықтап қарап, олардың жартышарлар картасымен салыстырады.
Сурет бойынша әңгіме өткізу. Сабақта өтілетін тақырыпқа сәйкес келетін суреттерді талдайды. Мысалы, Отбасы деген тақырыпты өткен кезде, мұғалім Отбасы мүшелері деген суретті іліп қойып, сол бойынша мынадай әңгіме өткізеді: Суретте кімдер бейнеленген? Олар не істеп отыр? Бұл адамдар тобын не дейміз?. Отбасы мүшелерін атайық?
Сұрақ бойынша суретті талдау арқылы балалар жаңа мағлұматтар алады, өйткені мұғалім олардың әрқайсысының қайтарған жауабына өзінің түсіндірмесін қосып, оқушылардың шүбәлі жауаптарын түзетіп отырады.
Оқылған текст бойынша әңгіме өткізу. Мұндай әңгіменің мақсаты - қандай болмасын бір табиғи құбылысты балалардың дұрыс түсінгендігін анықтау, әңгімені оқыған кезде алған жаңа білімдерін жүйеге келтіру және тиянақтау.
2-4 сыныптарда жаңа материал өткен сабақтардың мазмұнынан шығады, кейде оқытумен басталып, оқығаны бойынша толық әңгімемен аяқталатын сабақтар да өткізіледі.
Дүниетану оқулығынан глобус- жердің дәл үлгісі деген сыныпта оқылған әңгіме бойынша әңгіме өткізу мысалын келтіреміз.
Оқығаннан кейін түсініксіз сөздер мен сөйлемдерді талдайды, содан кейін әңгімені ішінара оқыта отырып, мына сұрақтар бойынша әңгіме өткізеді. Неліктен глобус жердің дәл үлгісі ? Глобустан экватор сызығын табыңдар. Экватор сызығы қызметі қандай ? Экватор дегеніміз не?
1, 2, 3 4 сыныптарда оқыған әңгімені бөлімдері бойынша талдайды және әрбір бөлімдері бойынша сұрақтар қояды.
Жасалған тәжірибе негізінде жүргізілген әңгіме.Мысалы, Пайдалы қазбалар деген тақырыбы бойынша Таулар қалай бүлінеді деген сабақ өтсе.Мұғалімі тәжірибе жасап Таудың қалай бүлінетінін көрсетеді.Балалар мұғалімнің басшылығымен Дүниетану оқулығында жазылған 1 және 2 тәжірибелерді жасайды. Денелерде қыздырған кезде қандай өзгерістер болады? Ал суытқанда ше? Біз гранит кесегін қыздырғанда онда қандай өзгеріс болды? Граниттің ыстық кесегін суық суға салғанда қандай өзгеріс болды? Гранит неге бөлшектеніп шашылып кетті?
Оқылған материалдардың негізінде карта бойынша әңгіме өткізу. 4 сыныпта оқушыларының алдында карта жатыр. Мұғалім алғаш таныс географиялық объектілерді, мысалы, Орал тауын, одан кейін Орал тауының батысында жатқан ойпатты солтүстігінен қоршап жататын теңізді табуды ұйғарады.
Мұндай әңгіме таныс материалға құрылады да, карта бойынша жаңа білім алу үшін бағдарлау қызметін атқарады.
Әңгімеге байланысты құрылатын сұрақтар толық болуына қарамастан, әңгіменің дүниетанудағы мазмұнын толық аша алатындай болу керек.
3.Көрнекі оқыту құралы ретіндегі модель
Модель -- зат пен құрылыстардын, барлық детальдарын сол қалпында қайталайтын көшірмесі.
Модельдердің танымдық маңызы өте зор. Жазықтыққа сызылған суретке қарағанда модель оқып отырған зат туралы кең ұғым береді.
Дүниетанудың бағдарламалық материалын меңгеруде пайдасы әр түрлі болатын модельдер тақырыптарын бірнеше топқа біріктіруге болады. Осындай топтардың біріне -- географиялы модельдер жер бетінің формалары: тау, төбелер, өзен аңғарлары, өзен және оның салалары, сайлар, жыралар жатады. Әсіресе экскурсияда көріп білген заттарды бейнелейтін модельдерді маңызы ерекше болады.
Тірі табиғат объектілерінен модельдер жасаудың қажетті жоқ. Бірақ қыста оқылатын кейбір объектілерден, мәселен, шырынды жемістерден, саңырауқұлақтардан модельдер жасауға болады. Біз бұл жерде модельдердің муляж деп аталатын түрін кездестіреміз.
Саңырауқұлақтардың муляжын оның өзіне қарап отырып, желімді мақталардан жасайды да, соңынан бояйды.
Зоологиядан модельдер жасау табиғи коллекциялардың жоқ бөліктерін толықтырады.
Мысалы, ұлу мен үлкен тоспа су ұлуының құрғақ, бос бақалшағына олардың қолдан жасалған денесін жалғастыруға, перловицаның бақалшақтарының жақтауларынын, ішіне моллюсканың қолдан жасалған денесін қоюға, насекомдардың дамуының коллекциясына жұлдызқұрттың моделін қосуға болады.
Көрнекі құралдардың үлкен тобын әр түрлі техникалык құрылыстар мен құрылыстардың модельдері құрайды. Бұл жері әсіресе қозғала алатын, жұмыс істейтін модельдер: су құбыры, фонтан, ағын сулы дөңгелек пен турбина, жел қозғалғыштар пайдалы болады.Техникалық модельдер жасаған кезде жұмысты өндірістік процестің қандай болмасын бір-мәнін көрсететіндей, олардың қызметін бақылауға болатындай жағдайға дейін жеткізу керек, егер балалар оларды экскурсияда көре алмаса, онда оқу фильмінен көреді.
Заттық сабақтар. Бұл оқушылардың айналасындағы материалдық дүниені құрайтын жеке заттар туралы сабақтар. Оған табиғаттың алуан түрлі заттары-минералдар, өсімдіктер, жануарлар, табиғи материалдардан жасалған әр түрлі затттар жатады.
Бақылау негізінде оқыту. Қисынды құралған әңгіме кезінде мұғалім оқушыларынан бақылаған құбылыстарын ойлануды және себепті байланыстары мен өз ара тәуелділіктерін ашуды талап етеді, оларды дүниетану туралы жаңа ұғымдарды меңгеруге жетелейді және ой-өрісін даиытады.
Көрнекілік əдістер. Көрнекілік оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тəн жаратылыс бітімін сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен тыңдап қабылжауға баулитын дидактикалық үрдісі.Көрнекілікті 12 ғасырда Чехтің ұлы педагогы Ян Амос Каменский еңгізді. Неміс педагогы Дистерберг пен Орыстың ұлы педагогы Ушинский "Көрнекілікті барлық пəндерге қолдану мүмкін жəне қажет" деген. Көрнекілікті үлгілерін пайдалануға Қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор көңіл бөлген.Көрнекі құралдарды пайдаланғанда мынадай талаптарды ескерген жөн:
1. Көрнекі құралдар оқу бағдарламасына сай дайындалуы керек.
2. Əр көрнекі құрал өткізілетін тақырыптың мазмұнын ашып, толықтыратын дай дəрежеде болуы тиіс.Көрнекі құралдар эстетикалық тəрбие беру көздерін көздейді.
Экрандық құралдармен жұмыс.
Экрандық көрнекі құралдар оқушыларды танымдық əрекетін жұмыстандыруға себебін тигізеді. Оқушылар табиғаттан тікелей бақылай алмайтын құбылыстарын танысуына мүмкін жасайды. Экрандық құралдарды сабақтың барлық кезеңдерінде пайдалануға болады. Мысалы, 3 сыныпта Табиғаттағы қысқа құбылыстар бойынша өткізілген сабақта қыс туралы əңгімелеудің соңынан, кинофильімді көрсетуден бұрын мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып, "Қыс" кинофильмін көрсетеді, сосын қойылған сұрақтарға жауап бергізіеді. Жаңа материалды түсінідру кезінде, Мысалы, пайдалы қазбаның қасиетімен таныстырып, оны қалай өндіретінін диафильммен көрсеткен жөн. Экрандық құралды пайдаланудың алдында проблемалық сұрақтар қою тиіс. Сендер тастардың суда, теңіздермен мұхиттар тереңінде пайда болғаны туралы бұрын сендер естідіңдер ме?..
Оқушылардың ойлау қабілетін жандандыру үшін сабақта экрандық құралды пайдалануды ойластырып, оны көрсету уақытын белгілеу керек, басқа да көрнекі құралдармен ұштастырып алуан əдістер ойлау қажет. Қорытынды сабақта экрандық құралды пайдаланған білімді есте сақтауға мүмкіндік беріп, оны нығайтып кеңейте түсуіне ықпал жасайды.
Логикалық ойлау əрекетін дамытуға себебін тигізеді. Мұғалім диафильмді толық жəне жеке кадрларын көрсете отырып оқушылармен əңгімелесе алады. Дүнетанудың кез келген сабағында иллюстрациялар көрсетуге компьютер тамаша құрал болып табылады.
Кинофильм көркем мəнерлі құрал, эстетикалық сезімдерді дамытады.Тəрбиелік маңызы зор.Ол біздің табиғат байлығымен əдемілігін көрсетеді.Оны аялап қорғауға үйретеді. Видеофильмнің де маңызы зор.
Дүниетану сабақтарында тəжірибелер.
Балаларға табиғи обьектілердің қасиеттерін, табиғи құбылыстардың мəнін таныстыру қажет болған жағдайда тəжірибелер өткізудің үлкен мəні бар.
Дүниетану сабақтарында өткізілетін тəжірибелер кейбір табиғи құбылыстарды сынып жағдайларында қолданып, қайта жасауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың қасиеттерімен сүзу арқылы суды тазартумен, топырақ қасиеттерімен, тұқымының өнуін бақылаумен жəне т.б танысу үшін тəжірибелер қажет. Тəжірибелер көрсету арқылы немесе жаппай өткізіледі. Мұғалім өткізігуге дайындала жүріп, қажетті жабдықтардың болуын тексереді, оны өткізуге қажетті материалды іріктеп алып, сабаққа дейін тəжірибені басынан аяғына дейін толық өткізіп байқайды.
Мұғалім сабақта балаларға тəжірибе кезінде өздерін қалай ұстауды, нені бақылау қажеттігін хабарлауды, тəжірибе өткізгеннен соң оқушылар жауап беруге қажетті сұрақтарды тақтаға жазып қояды.
Мұғалім оқушылардың назарын қандай жабдықтардың жəрдемімен тəжірибе өткізілітініне аударады;мынадай сұрақтар қояды:тəжірибе үстінде не істедіңдер? Не бақыладыңдар? Бақылағандарыңнан қандай қорытынды шығардыңдар? Мұндай құбылысты табиғатта қайда кездестіруге болады?
Егер тəжірибе өткен, қышқылмен жүргізілетін болса немесе балалардың орындауы үшін қиын болса, мұғалім көрсету арқылы тəжірибелерді өзі өткізеді.Мұғалім мұндай жағдайда приборларды балалардың барлығы тəжірибені көре алатындай етіп мұғалімнің столына немесе тəжірибелер өткізуге арналған арнайы тұғырға жайғастырады. Жаппай тəжірибе өткізген кезде кезекшілер оқушыларға тəжірибе өткізуге қажетті жабдықтармен заттарды таратып береді.Оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша тəжірибе сипатталған бетті оқулықтан ашып оқиды, ондағы берілгендердің барлығы түсініктіме екен соны анықтайды. Олар нұсқау ретіндегі оқулықтағы сипаттаманы пайдалана отырып, мұғалімнің
басшылығымен тəжірибені орындайды. Ең соңында оқушылар алынған нəтижелерді талдап, тиісті қорытындылар жасайды.
Оқушының өзіне жасату арқылы ауаның қасиетін тапқызу. Үш жарықты жағайық.Оларды стаканмен, банкамен, төбесі ашық банкамен жабамыз, қайсысы алдымен сөнеді? Неге?
1. Стаканмен жабылған сөнеді.
2. Банкамен жабылған ұзақ жанып сөнеді, себебі ауа көптеу.
Төбесі ашық шырақ жана береді, оны ауа толық қоршап тұр. Олай болса ауа жанғыш.
Дүниетану сабақтарында ойын тəсілдерін жəне танымдық материалдарды пайдалану.
Төменгі сыныптың мектеп жасындағы кезеңде ойын жəне оның рөлі біртіндеп екінші кезекке қарай жылжытылады да білім жетекші қызмет атқара бастайды. Алайда бұдан ойын балаларды жетілдіруге əсер етпейді ой
тумауға тиіс. К.Д.Ушинский оқытудың бастапқы сатысын мазмұн немесе формасы жөнінен қызықты етіп үйлестіру керектігін дəлелдеп берді.Сондай ақ қызығушылықты теріс пайдаланудың балаларға зиянды əсері болатынын да ескертті. Сондықтан барлығы да белгілі мөлшерде
жүргізілуі қажет. Ойын балаларды оқу процесіне жұмылдырып, оларды байқампаздыққа, зеректікке, есте сақтай білуіне, ойлау əрекеттерін дамытуға баулиды. Оларды бұрын алынған білімді тексеруге жəне бекітуге, сондай ақ оны кеңейтіп, тереңдете түсуге қолдануға болады.
Мұғалім дүниетану сабақтарында сабақтың мақсатына, оның мазмұнына, оқушылардың біліміне, оқытуда қолданылатын əдістер мен тəсілдерге байланысты ойын, жұмбақ, викторина жəне т.б ретінде пайдаланылады.
Бастауыш сыныпта тапқырлығын дамыту үшін жұмбақтар пайдаланылады.Жұмбақ нəрселердің немесе құбылыстардың біреуін толық болмасада өте дəл сипаттап береді.Адамды қоршаған табиғат өсімдіктер, жануарлар, жеке табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар жасауға өте зор мүмкіндік береді.Мұғалім жұмбақтарды сабақтың қай кезінде жақсы пайдалануға болатынын ойластыру керек.Мұнымен сабақты қызықты етіп бастауға болады Сағат сайын қағылады,Тек мектептен табылады. (Қоңырау)Кейде жұмбақ бекітуші сұрақтар ретінде Доп сынды келбетi,Онда бар түп-түгел, Әлемнiң әлпетi (Глобус) , Елдерi мен қаласы, Ойпаты мен даласы.Теп-тегiс тақтай-ды,Өзенi де ақпайды,Тоғайы мен тауы бар,Бұл не, өзiң тауып ал (Карта)
1.2 Дүниетану пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар.
Алдымен сыныптан тыс жұмыс пен сабақтан тыс жұмыстың аражігін айқын ашып алу қажет.
Сабақтан тыс жұмыс оқу бағдарламасымен тікелей байланысты және оқушылар үшін міндетті (мысалы, оқушылардың адам еңбегі мен табиғатты жүйелі бақылаулары, тірі табиғат мүйісіндегі, мектеп теліміндегі жұмыс және т.б)
Сыныптан тыс жұмыс барлық оқушылар үшін міндетті емес болып табылады.Ол төменгі жастағы оқушылардың өз еркіне, қызығушылығына, белсенділігінге негізделеді.Оның мазмұны оқу бағдараламасынан асып түсуі мүмкін.Сынптан тыс жұмыс көбіне сабақтан тыс жұмыстың тікелей жалғасы да болып кетеді, онда оқушалрдың алған мәліметтерін тереңдетіп, кеңейтуге көмектеседі.Мысалы, мұғалімінің тапсырмасы бойынша тірі табиғат бұрышында бағдарламалық бақылау өткізеді - бұл сабақтан тыс жұмыс. Сыныптан тыс жұмыста олар бұл бақылауды жалғастырулары мүмкін, бірақ енді оқу процесі үстінде алаған білімдерін едәуір кеңітіп тереңдететін бағдарлама бойынша жалғастырады.
Экскурсия оқыту. Бастауыш мектепте программаға сәйкес табиғатқа, өнеркәсіптік өндіріс кәсіпорындарына, өлкетану музейіне, хайуанаттар паркіне немесе , ботаника бағына экскурсиялар жасау керек.
Экскурсия - бұл объектілер мен құбылыстарды олардың табиғи ортасында - табиғатта және жасанды жағдайларда - хайуанаттар паркінде, бақтарда, т.т. оқып үйрену.
Экскурсияның маңызы. Оқушылар мұғалімнің басқаруымен экскурсия жасағанда бүкіл табиғатты оның алуан түрлілігімен бірге білетін болады. Олар заттарды толығырақ қабылдайды.
Экскурсия кезіндегі істер оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Олар бақылау барысында объектілерді салыстырады, олардың негізгі белгілерін көрсетеді, байланыстарын анықтайды.
Оқушылар табиғатқа жасалған экскурсияларда тәуелділік себептерін анықтап, болып жатқан өзгерістерді аңғарады, кейбір табиғи процестерді ұғына бастайды. Оқушыларға табиғатты бақылауды үйрету - оларға табиғаттың негізгі заңдылықтарын түсінуге баулу деген сөз. Оқушылардың экскурсия кезінде практикалық жұмыстарды орындауынан көптеген практикалық дағдылардың қабылдануы активтендіріледі және олардың игерілуіне мүмкіндіктер туады, соған байланысты олардың, зерттелетін заттарға деген зерделері ұшталып, ынтасы артады. Осының барлығы балаларға берілетін білімнің саналы игеріліп, берік есте сақталуына, олардың табиғат тану материалдарын оқып үйренуге байланысты дағдыларының ұласуына мүмкіндік туғызады.
Сан алуан бақылаулар мен белсенді қызметінің негізінде оқушылардың сөзі әлдеқайда бейнелірек бглып шығады. Қабылдау процесінің түсініктерінің молаюы нәтижесінде игерілген мазмұнды түсініктер көптеген ұғымдарға материал бола алады. өлке тану тәсілі балаларға беймағлұм алыстағыны оқып үйренуді жақындағыменсалыстыру арқылы таныстыруға мүмкіндік туғызады.
Мектеп төңірегіндегі жерлерді оқып үйрену туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар жергілікті халықтардың еңбек жетістіктеріне деген ынтасы артады.
Өз өлкесіне, еліне деген сүйіспеншілік оның адамдары мен оның табиғатын білу негізінде тәрбиеленедді.
Экскурсияларды ұйымдастыру. Мұғалім оқу экскурсияларын алдын-ала жоспарлап: өткізетін жерін, мазмұнын, уақытын белгілейді, көріп білуге барынша айқын объектілерді таңдап алады, оқушылармен істелетінжұмыстың методы мен ретін, практикалық жұмыстарды және оларды ретке келтіруді белгілейді.
Өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру мақсатында байланысты жұмысты ұйымдастыруды біртіндеп алмастырып және күрделендіріп отырады: мұғалім бақылаулар ұйымдастырады, көргендері туралы сұрайды және объектілер мен құбылыстарға түсінік береді.
Алғашқы сабақ өте маңызды сабақ болып табылады, оны тікелей табиғатта ұйымдастырған жөн.
Баланың эмоционалды сезіміне, табиғатты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz