Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті

Абдуақап Г.Д

Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010500 - Дефектология мамандығы

Қарағанды 2019
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді
Дефектология кафедрасының меңгерушісі
____________________Г.К. Алшынбекова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары

5В010500 - Дефектология мамандығы

Орындаған: Г.Д. Абдуақап

Ғылыми жетекшісі Б.Д. Дахбайұлы
м.ғ.д.,профессор:

Қарағанды 2019

Осы дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемесі пайдаланылды:

Қазақcтан Pecпyбликаcының Кeмтаp балалаpды әлeyмeттiк жәнe мeдициналық - пeдагoгикалық түзeтy аpқылы қoлдаy тypалы 2002 жылы 11 шiлдeдe қабылданған №343-II Заңы

Анықтамалар

Ерекше қажеттіліктері бар балалар - әлеуметтік, психикалық, дене дамуында ерекше қажеттіліктері бар және реабилитация мен әлеуметтік көмекті қажет ететін балалар.
Кемтар бала - белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен тқұым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене және психикалық кемістігі бар он сегіз жасқа дейінгі балалар.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге қөзқарасын жетілдіру процесі.
Ойлау - обьективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті.
Ес - адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойынд ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғытру қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі.
Қабылдау - бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектерімен бірге, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі.
Таным - дүниені, өмірді танып - білу қабілеттілігі
Зейін - сананың белгілі бір затқа не құбылысқа бағытталуын білдіретін психикалық әрекет.
Мүгедек бала - тіршілік етуінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келеген он сегіз жасқа дейінгі балалар.
Аутизм - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл - күйі.

Шартты белгілер мен қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы
АҚШ - Америка Құрама Штаты
ОЖЖ- Орталық жүйке жүйесі
ПДТ - психикалық дамуы тежелген
ЕЖБА- ерте жастағы бала аутизмі

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдарнының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.1 Аутизм синдромының зерттелу тарихы және қазіргі кездегі жағдайы мен пайда болу себептері,белгілері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Аутизмнің педагогикалық-психологиялық сипаттамасы ... ... ... ... ...
1.3 Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдарының әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамытуда эксперименталды зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін анықтау ... ... ... ... ..
2.2 Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыруға арналған ойын түріндегі әдістемелік кешенді құрастырып және жүзеге асыру.
2.3 Зерттеу нәтижесін өңдеу
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Қазіргі кезде ерте жастағы балалар аутизмі мәселесі арнайы педагогикадағы ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Қазақcтан Pecпyбликаcының Кeмтаp балалаpды әлeyмeттiк жәнe мeдициналық - пeдагoгикалық түзeтy аpқылы қoлдаy тypалы 2002 жылы 11 шiлдeдe қабылданған №343-II Заңыда oны дәлeлдeйдi [1].
Қоғамда көп айтыла бермейтін дерттің бірі - аутизм. Елімізде бұл ауру туралы ақпарат аз, ал дертпен күресіп жүргендер көп.
Аутизм - ми жұмысының бұзылуынан туатын ауру. Мамандар дерттің 300 - ге жуық себебін атап отыр. Бірақ нақты тұжырым, дәйекті дәлел жоқ
Аутист балалар ортамен қарым - қатынасқа түсуде үлкен сезімталдық танытады. Баланың миына түскен ақпараттарды оның миы қабылдамайды, себебі миының сенсорлы жүйесі дұрыс жұмыс істемейді. Есесіне, бала көптеп түсіп жатқан ақпарат пен жаңалықтардан қорғана бастайды. Мамандар бұны былай түсіндіреді: дені сау бала дамуға жұмсайтын күшті, аутист бала қорғану механизм құруға жұмсайды. Сол себепті үнемі өз әлемінде, ешкімде жұмысы жоқ болады, тіпті ең жақын адамы анасымен де байланысуға қорқады. Ғалымдардың ең соңғы мәліметтері бойынша, аутизмге ұшыраған балалардың тумыстан миының дауында кінарат (мидың бір бөлшегі жақсы дамыса, екінші бөлігі нашар дамыған, хромасомалық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы, гендік деңгейдегі өзгерістер) бар екені анықталды. Гендік өзгерістердің пайда болуына, жүкті кезінде болашақ анаға қоршаған ортаның қолайсыз экология-лық жағдайы, стресстер әсері. Әдетте, бала миының эмоцияларға жауап беретін орталығы бұзылады. Олардың қанының құрамында ерекше белоктар анықталған. Бұл жерде тұқым қуалаушылықтың маңызы зор. Әлем бойынша 67 миллион адам аталған дертпен арпалысса, Қазақстандықтардың үлес салмағы мыңнан асып жығылады. Ал Оңтүстікте 60 бала аутист деген диагнозбен өмір сүреді. Бұл ресми тіркелгені ғана.
Бүгінгі күнде бұл аурудың этиологиясы мен факторларын әлем ғалымдарының өзі ашық, нақты айта алмай отыр. Соңғы кездері ғана еліміз аутисттер мәселесін қарастыруда. Бұған бірден бір себеп, олардың саны жылдан жылға көбейіп баруында, сонымен қатар оларға сәйкесінше берілетін емдерінің аздығы мен мамандардың жетіспеушілігі болып табылады.
Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша аутисттік проблемалары бар балалар саны өсуде. Мысалы, 10 - 20 жыл бұрын 10 мың баланың 3 - 4 тен 10 - 15 ке дейін оқиға тіркелген болса, ал қазіргі кезде АҚШ - та орта есеппен алғанда 200 баланың 1-еуі, Англияда орта есеппен алғанда 80 баланың 2 - еуі, ал басқа елдерде бұданда көп тіркелген. Сондай-ақ, әлемде аутизмнің өсуі эпидемия түрінде қарастрылады. Қазақстанда да, аутист балалар көбеюде. Облыстық психо-медико-педогогикалық консультациялардың мәліметтері бойынша 2002 жылы 93 бала болса, 2009 жылы - 326 ға жеткен. Бізде тіпті бұл саладағы мамандар саусақпен санарлықтай десек қателеспеспіз. Батыс Еуропада және АҚШ елдерінде аутизммен жұмыс жасау және түзету жолдары 30 жыл бұрын қалыптысқан болатын. Ал біздің Қазақстанда бұл аурудың бар екендігін енді біліп жатыр. Қарап отырсақ, басқа мемлекеттерде ауруды зерттеп білуге арналған белгілі бір жүйе қалыптасқанына көз жеткізе аламыз. Бұл мәселе дипломдық жұмысысымыздың тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Аутизм әлеуметтік бұзылыс пен коммуникацияның зардап шеккен жағдайы түсіндіретін ұғым.
Е.Блейлердің Аутизм терминін нақты қарым-қатынас жасау ортасын қажетсінбеу, одан оқшаулану, логикалық заңдардан азат болу мен өз әлемінде ғана өмір сүру сияқты, ерекше күйді белгілеу теориясы негізінде, Лео Каннердің аутист балаларды зерттеп, осы балаларға психологиялық- педагогикалық сипаттама бергенінде, Ресейлік тәжірибеде ең танымал К.С.Лебединская мен О.С.Никольскаяның аутизмді түзетудің кешенді медициналық-психологиялық-педагогик алық әдістемесі, жоғары психикалық қабілетінің теориялары (Г.Эббингауз, К.Левин, П.Жане), биогенетикалық (И.П. Павлов, И.М.Сеченов), физиологиялық (Л.С. Выготский), А.А.Смирнов пен П.И. Зинченконың зерттеулері қарастырылған [2].
Аутистік ауытқу мінез-құлқы мен тәртібінің бұзылуы айқын көзге түседі, олар балалық белгіден тыс, барлық көріністерде егдейлік байқалады, пікірлері мен көзқарастары өзгеше бір қайталанбас сипатқа ие. Құрбыларының ойындары оларды қызықтырмайды, өз ойындары механикалық ойын тәрізді болып келеді. Аспергер ауытқуы олардың аспан қалықтап жүретіндіктерін, мимикаларының, сөйлеудің монотондылығын, қарым-қатынасты қажетсінбеу, аялау, еркелеу, әдеттерінің болмауын сипаттайды. Интуицияның жеткіліксіздігі, өзгенің жанын түсінбеу, жанашырлық көрсетпеу белгілері бар.
Аутизмнің психологиялық және педагогикалық мінездемесінде полиморфты бұзылыстар кездеседі және клиникалық - психологиялық қасиеттері бойынша олар бір - біріне қарама - қайшы (К.С.Лебединская 1987,1988; О.С.Никольская, Е.Р.Баенская , М.М.Либлинг және т.б.,2003) [3].
Аутизм бар балалардың сөйлеу тіліндегі өзіндік ерекшеліктер олардың жалпы дамуындағы тежелумен тікелей байланысты. Бейімдеу әрекетінде сөйлеу тілінің орны ерекше. Сондықтан, осы бағытта жұмыс жасауда тілді жетілдіру маңызды. Сөйлеу тілінің импрессивтік жағы дыбыстарды және сөйлеудегі түрлі қателіктер және қабылдаудың дифференциалданбауымен сипатталады (75% бала дыбыстарды дифференциалдай алмайды). Ал экспрессивтік жағына сөздік қордың аздығы, дыбыстаудағы бұзылулар, сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық жағының жеткіліксіз қалыптасуы, аграмматизмдер,артикуляциялық аппараттың ақаулары (55% балада тілдік моториканың кемістігі байқалады: балалар артикуляциялық күйді ұстап тұруға қиналады, тіл бұлшық еттері қатты сіреседі, бір күйден екінші күйге ауысуда қиналады , 45% баланың тіс қатарында кемістіктері бар).
Аутизм бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшелігі олардың жасқа сай сөзжасам процесінің (Е.С.Слепович) тежелуінен байқалады. Бұл түзету әдісі АҚШ-та және басқа да елдерде кеңінен тараған. Әдістің негізгі - қажетті қылықты, әрекетті қалыптастыру үшін сыртқы жағдайларды арнайы қамтамасыз ету, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, сөйлеу тілін дамыту, оқу немесе еңбек ету дағдыларына үйрету. Бұл әдіс бойынша оқытылған балалардың 50 - 60 % жалпы мектеп бағдарламасын меңгере алады. Осындай оқытудан басқа шет елдерде TEACCH атты бағдарлама (Э.Шоплер, Р.Райхлебер), долдинг терапия (М.Уелш) күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету арқылы емдеу (К.Китахара) т.б тәжірибеде жиі пайдаланады.
Ресейлік тәжірибеде ең танымал авторлар К.С. Лебединская мен О.С.Никольская зерттеген аутизмді түзетудің кешенді медициналық-психологиялық-педагогик алық әдістемесі кеңінен қолданылады. Бұл әдістеменің негізгі ерекшелігі дәрігер, педагог пен психологтардың бірлесе, тығыз байланыста жұмыс жасау. Өткен ғасырдың ортасынан бастап балалық ерте жастағы аутизмді зерттеулер басталуына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін арнайы кешенді көмек көрсету жүйесі құрастырылмаған. Аутист балалар санының өсуіне байланысты балаларға адекватты уақытылы коррекциялық көмек көрсету қажеттігін ескертеді. Аутист бала әлеуметтік адаптация мен дұрыс дамуы үшін әрдайым қолдау мен стимуляцияны қажетсінеді. Мұны тек аутизммен ауыратын баланың отбасы өздерінің қоғамына және балабақша, мектеп, әлеуметтік орта сияқты қоғамдық бірлестіктерден көмек керек деген қажетсінулерін түсінген жағдайда ғана жасауға болады [4].
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамытуға арналған әдістемелік кешен қазіргі уақытта негізгі құралдардың бірі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер жүктеледі:
1. Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдарнының теориялық негіздері
2. Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін анықтау
3. Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыруға арналған ойын түріндегі әдістемелік кешенді құрастырып және жүзеге асыру.
4. Зерттеу нәтижесін өндеу
Зерттеу пәні: ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамытуда әдістемелік кешенді ұсыну.
Зерттеудің обьектісі: ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілінің қабілеттері.
Зерттеудің болжамы: егер, ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамытуда арнайы топтастырылған тапсырмалар жүйесін мақсатты түрде қолданса, балалардың қабілеттерінің деңгейі анағұрлым арта түседі.
Зерттеудің өзектілігі: сөйлеу тілін жоғары деңгейде қалыптастыру, дамыту және жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдерін құрастыру қажеттілігі.
Теориялық маңыздылығы: арнайы білім беру және тәрбие үрдісінде қолданылатын сөйлеу тілін дамытуға бағытталған ойын түрлері мәселесі бойынша отандық және қазақстандық ғалымдардың еңбектеріне талдау, ғылыми әдебиеттерге теориялық шолу жасай отырып, аутизмдардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу тілін дамыту болып табылады.
Тәжірибелік маңыздылығы: ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында жасалған әдістемелік кешен.
Дипломдық жұмыстың құрлымы: кіріспеден, теориялық және тәжірибелік бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кipicпe бөлiмiндe зepттeyдiң мақcаты, болжамы, обьектісі, пәнi, мiндeттepi, зерттеудің өзектілігі, тәжipибeлік маңыздылығы бepiлeдi.
Бірінші бөлімінде аутизм синдромының зерттелу тарихы және қазіргі кездегі жағдайы мен пайда болу себептері,белгілері және түрлеріне түсініктеме берілген.
Екінші бөлімінде ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамытуда эксперименталды зерттеу.
Қopытындыда бoлжамды дәлeлдeйтiн зepттeyдiң нeгiзгi нәтижeлepi мeн тұжыpымдаpы түйiндeлдi.
Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне дипломдық жұмысымыздың зерттеу бөліміндегі барлық әдебиеттер кірістірілген.

1 Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдарнының теориялық негіздері.

1.1 Аутизм синдромының зерттелу тарихы және қазіргі кездегі жағдайы мен пайда болу себептері,белгілері және түрлері

Ерте жастағы аутизм - бұл ерекше психикалық дамудың бұзылысы. Аутизмге шалдыққан балалардың тек қана сөйлеу деңгейі төмендеп қана қоймайды, әлеуметтік өзара әрекеттесудің дамуы бұзылады, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуі қиындайды.
Аутизмге шалдыққан бала қоғамдағы белсенді өмірін бастай отырып, көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Олар сол әлем жайындағы білімдердің жетіспеушілігімен ғана емес, өзі тектес адамдардың арасында тіршілік етуге үйрену ,яғни өзін өзге адамдардың арасында үйлесімді сезіну, даму, жетілу қажеттіліктеріне де байланысты болады. Ол үшін адамдардың бір-бірімен қалай араласатындықтарын, олардың нені бағалап, нені жақтырмайтындықтарын түсіну маңызды.
Көптеген психологиялық зерттеулер баланың ересекпен қарым-қатынасын, атап айтқанда, ата-аналарымен және туысқандарымен қарым-қатынастарының баланың барлық психикалық қабілеттері мен қасиеттері-ойлауының,сөйлеуінің,өзі н-өзі бағалауының, эмоциялық аумағының, қиялының қалыптасуында шешуші рөл алатын дәлелдеуде. Ол балалардың адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірбиеге икемделуін қамтамасыз етіп,ол арқылы білімдермен, материалдық,рухани,мәдени құндылықтар түрінде анықталған іс-әрекет тәсілдерімен, нәтижелерімен алмасады.
Қарым-қатынасқа мұқтаждық-адамдардың аса маңызды қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Адам тек қарым-қатынаста ғана, өзге адамдармен қатынастары арқылы ғана өз-өзін түсінуге, әлемдегі өз орнын сезінуге мүмкіндік ала алады.
Сонымен қатар, баланың ересекпен алғашқы эмоциялы қарым-қатынасы сөйлудің дамуының алғашқы бастауы болып табылады. Қарым-қатынастың саны мен сапасына баланың болашақтағы коммуникативті қабілеттерінің деңгейі, оның қызығушылықтарды, өзін-өзі түсінуі, сана-сезімі мен санасы тек ересектермен қарым-қатынастарының барысында ғана қалыптасуы мүмкін.
Ол төмендегілердің негізінде жүзеге асырылады:
- қарым-қатынастың субьектісі ретінде оның күйлерімен үйлесетін ересектің жағымды қасиеттері;
- ересектердің балалардың тәжірибесін байытуы;
- ересектердің баланың жаңа білімдерді, іскерліктерді, қабілеттерді меңгеруін талап ететін міндеттерді қоюы;
- ересектердің көзқарастары мен бағаларын бекітуші әрекеттер;
- баланың қарым-қатынаста ересектер әрекеттері мен қылықтарының үлгілерін сіңіру мүмкіндігі.
- балалардың бір-бірімен қарым-қатынас барысында өздерінің шығарашылық бастауларын ашудың жағымды жағдайлары.
Ал аутизмге шалдыққан балалар үлкендермен, құрбылармен қарым-қатынасы шектеулі болатыны белгілі. Мұндай балалардың кoммуникативтік дағдыларын түзету жаттығулары ойын түрінде болған жөн. Ойын жаттығулары төмендегідей бағытқа:
- эмоциялық саланы дамыту;
- сөйлеу дағдыларын дамыту;
- топта жумыс жасау дағдыларын дамыту.
Мақсаты: аутизмге шалдыққан балалардың, коммуникативтік дағдыларын түзетіп дамыту.
Берілген ойын жаттығуларын қалыпты мектепте оқитын кіші шәкірттік кезеңге, ересек топтағы балаларға да жүргізуге болады.
Аутизм синдромының пайда болғанына бірнеше жылдар, бірнеше ғасырлар болды. Бірақ оның зерттелу тарихы қысқа ғана. Аутизмнің тарихы аңыз-әңгімелерден, ертегілерден басталған. Онда ұрланған эльфтардың орнына аутист балаларды қалдырып кетіп отырған.
Ал, шынайы тарихқа келсек, XVIII ғасырда аутизм ауруынан зардап тартқан адамдар туралы ақпараттар пайда бола бастады [5].
Өткен ғасырдағы осы мәселелерді терең зерттеген ғалымдардың алғашқысы болып француз зерттеушісі Дж.М.Итар болып табылады. Ол тәжірибе ретінде Аверон орманындағы 12 жасар Виктор атты баланы (Аверондағы жабайы бала) зерттеді. Ол зерттеу барысында баланың күйін сипаттай отырып, оны интеллектуалды мутизм деп атады. Дж.М.Итар Интеллектуалды функцияның бұзылуынан мутизмнің пайда болуы (1828) атты еңбегінде 28 жылдық зерттеулерінің нәтижелерін Париждегі Сур-Муэ институтында жетілдірді. Мұнда ғалым Аверондағы жабайы Викторға жасалған реабилитациялық тәжірибелерін көрсетті. Әрі қарай Дж.М.Итар мұндай балалардың оқуы мен сөйлеу тілін дамыту мақсатында, өзі ойлап тапқан диагностикалық және коррекциялық әдістемелерін сипаттады. Және де, Итар өзі сипаттаған балаларды идиотия мен ақыл ойы кем балалардан бөліп қарауды, ажыратып қарастыруды ұсынды. Ол интеллектуалды мутизмнің негізгі клиникалық сипат-тамасын және коррекциясын көрсетті. Өкінішке орай, ол кезде француз ғалымының зерттеулері өзінің әріптестерінің қызығушылығын тудырмады.
1911 жылы швейцар психиаторы Е. Блейлер өзінің Ерте жастағы ақыл-ойы кемістігі немесе шизофрения атты еңбегін жариялады. Және де осы еңбегінде Е. Блейлер Аутизм терминін нақты қарым-қатынас жасау ортасын қа-жетсінбеу, одан оқшаулану, логикалық заңдардан азат болу мен өз әлемінде ғана өмір сүру сияқты, ерекше күйді белгілеу үшін енгізді. Ал, аутизмнің алғашқы сипаттамалары 1943 жылы американдық балалар психиаторы Лео Каннердің Аффективті байланыстың аутистік бұзылулары атты мақаласында жарияланды. 1938 - 1943 жылдар аралығында Каннер аутист балаларды зерттеп, осы балалардың 11 мінездемесін сипаттап жазды. Ол экстремальды жалғыздық деп, ерекше клиникалық синдром қорытындысын жасайды, кейін аутизмді ашқан ғалымның құрметіне оны Каннер синдромы деп атау ұйғарылды.
Кейін 13 жылдан соң, 1956 жылы, Л. Каннер Л. Эйзенбергпен бірге аутизмнің диагностикасын қарастырып, Ерте жастағы балалар аутизмі: 1943-1955 атты мақаласын жариялады. Бұл мақаласында аутизмнің 5 диагностикалық мінездемесін бөліп көрсетті:
# адамдармен аффективті байланыстың жоқ болуы;
# бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы, бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек;
# эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау;
# бір затқа бағыныштылық,және оны қолында айналдыра беруі;
# мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жестарының болмауы.
Дәл сол уақытта Лео Каннерден бөлек, 1944 жылы, австриялық психиатор Ганс Аспергер өзгеше категорияға жататын - бірнеше баланы сипаттай отырып, оны аутистік психопатия деп атайды. Бұл бұзылудың психологиялық сипаты, Каннер синдромынан өзгеше. ЕЖБА-мен салыстырғанда, бірінші айырма-шылық - аутистік психопатия белгілері, 3 жастан кейін білінеді. Аутистік психопаттардың мінез-құлқы мен тәртібінің бұзылуы айқын көзге түседі, олар балалық белгіден тыс, барлық көріністерінде егдейлік байқалады, пікірлері мен көзқарастары өзгеше бір қайталанбас сипатқа ие. Құрбыларының ойындары оларды қызықтырмайды, өз ойындары механикалық ойын тәрізді болып келеді. Аспергер олардың аспан қалықтап жүретіндіктерін, мимикаларының, сөйлеудің монотондылығын, қарым-қатынасты қажетсінбеу, аялау, еркелеу әдеттерінің болмауын сипаттайды. Интуицияның жеткіліксіздігі, өзгенің жанын түсінбеу, жанашырлық көрсетпеу белгілері бар. Ал, екінші жағынан, Аспергер бұл балалардың өз үйіне деген ерекше сүйіспеншіліктерін байқайды [6].
1960 жылы аутист балалардың ата-аналары жазған алғашқы үш кітабы жарыққа шықты. Бұл кітапты: атузммен ауыратын егіз балалардың әкесі Жак Мэй Дәрігердің психиатрия бойынша жұмыс жасауы(1958), анасы Карин ДжанкерШыны шарлың ішіндегі бала, Клара Клайборн Парк - аутизммен ауыратын өз қызының жеке әлеміне кіру мақсатында жазылған - Аутист баланың өміріндегі алғашқы сегіз жыл(1967ж).
Өкінішке орай өзі үшін және қуанышқа орай мыңдаған отбасылар үшін аутист балалардың әкесі атанған Бернард Римланд 1964 жылы өзінің әлемді дүр сілкіндірген кітабн жарыққа шығарды. Ол кітап Балалар аутизмі: Синдром және оның жүйкелік көріністерінң теориялық мағыналары(1964) деп аталады. Бұл кітапта, аутизм және оған жақын, ұқсас бұзылыстар жайлы әлемдік әдебиеттерге қысқаша шолу жасалған, және табиғат жайлы, аутизмнің себептері жайлы біраз өте қажетті және жаңа идеялар жазылған.
Бернард Римландтың аутист балалардың әкесі атану себебі, ол дәрігер-лердің оның баласына аутизм диагнозын қоюына көніге алмауы. Ол өз бала-сына және аутизммен ауыратын көптеген балаларға жәрдем беру мақсатында, осы саланың арнайы маманы болуды ұйғарды. Римланд дұшпанды (аутизмді) жеңбейінше тынышталмайтыны жайында өзіне сөз берді. Сол себепті, ол аутизмге байланысты қолына түскен ақпаратты оқып, оны жазып алып жүрді.
Римланд осы бір кітаптың арқасында,аутист балалардың әкесі ретінде тарихқа енді. Бірақ, ол өз баласына және басқа балаларға жәрдем беру үшін аутизмді әрі қарай да зерттеді. Соның арқасында, ол 1965 жылы желтоқсан айында Аутист балалардың халықаралық қауымының (қазіргі уақытта - Америкалық Аутизмдер қоғамы) негізін салды [7].
1970 жылы екі аутист балалардың әкесі - Виктор Винстон, баспашы, және Герман Прейзер, инженер, - Аутизм және балалар шизофрениясы журналы-ның негізін қалады. Бұл журнал аутизм және оның проблемалары жөнінде баға жетпес ақпарат көзі болып табылады.
1963 жылы Ирландияда кішігірім аутист балалардың ата-аналарының тобы Аутист балалардың Ирландиялық қауымының негізін қалады. Кейінгі жылдары мұндай қауымдар басқа да көптеген елдерде пайда болды: Бельгия, Финляндия, Дания, Германия, Франция, Италия, Люксембург, Нидерланд, Испания, Швеция, Швейцария, Канада, Япония, Индия және т.б елдерде.
Ресейде ЕЖБА бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек беру мәселелері, өткен ғасырдың 70-жылдары қарқынды қарастырыла бастады. Зерттеулердің нәтижесі ретінде, осы категорияға жататын балалардың пихологиялық классификациясы пайда болды.
Аспергердің еңбектері біраз уақытқа дейін танымал емес болатын. 1970 жылары Аспергер синдромы біраз елдердегі ғалымдардың қызығушылығын тудырды, солардың ішіндегі ең үлкен қызығушылық танытқан Л. Винг Аспергер синдромы: Клиникалық шолу. Бұл еңбегінде Винг Аспергер синдромының клиникалық сипаттамасын, пайда болу себептерін, яғни этиологиясын, эпидемиологиясын, дифференциялды диагностикасын, синдромның коррекциялау жолын, және аутизм мен Аспергер синдромы арасында салыстыру жүргізді.
Ресейлік тәжірибеде ең танымал К.С.Лебединская мен О.С.Никольскаяның аутизмді түзетудің кешенді медициналық-психологиялық-педагогик алық әдістемесі. Бұл әдістеменің негізгі ерекшелігі дәрігер, педагог пен психологтардың бірлесе, тығыз байланыста жұмыс жасау. Өткен ғасырдың ортасынан бастап балалық ерте жастағы аутизмді зерттеулер басталуына қарамастан,қазіргі уақытқа дейін арнайы кешенді көмек көрсету жүйесі құрастырылмаған [8].
Бұл жерде кейбір балаларды жалпы мектептегі арнайы сыныптарда оқыту тәжірибесі бар екенін айту керек.Бірақ сол балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттілігі негізгі талап.
Соңғы жылдары аутист балалардың ата-аналарымен жазылған баға жетпес қазына болып табылатын көптеген кітаптар мен мақалалар шықты:
1973 жылы Джош Гринфилд Ной есімді бала, Джеймс Коупланд Аннаның махаббаты үшін. Джек Ходжес есімді әкенің күнделігі;
1975 ы Филлис Гоулд Өтініш, сәлем деп атпа;
1976 жылы Барри Нейл Кауфман;
1977 жылы Элизабет Пейпер Таяқтар мен тастар;
1979 жылы Каролина Беттс Мені Джефф деп шақырыңдар;
1980 жылы Маргарет.П.Э Еріксіз бейтаныс адамдар;
1983 жылы Анна Ловелл Қарапайым Саймон;
1990 жылы Бронвин Хоккинг Кішкентай бала жоғалды;
1991 жылы Аннабел Штели Ғажайыптың даусы;
1993 жылы Джейн Тэйлор МакДоннелл Шекарадан жаңалық.
Кейбір жоғарғы функционалды аутисттер бұл синдромды өздері зерттеп, әлемге аутист болудың қандай екенін түсіндірмек болды;
Давид Мисдзианик (аутист), поэт өз автобиографиясын жазған (Менің өмірбаяным, 1993).
Темпл Грандин(аутист), ғылым докторы, Суреттер арқылы ойлау(1996)
Джуди Баррон Шок есімді аутсит ұлымен бірге аутизммен күресі жайлы сипаттап жазды (31дегі бала, 19921993).
Томас МакКин, аутист, жазушы, өзінің құпиялы аутизм жайлы идеялары жайлы (Жақында жарық болады,1994).
Донна Вильме, аутист, аңыз-әйел, 5 кітап жазған, оның 3еуі өзінің өмірбаяны жайлы.
1989 жылы басты рөлінде Дастин Хоманмен бірге Жаңбыр адамы атты кинофильм экран бетіне шықты.
Аутизмнің қысқаша зерттелу тарихы:
1828 жылы Итар: интеллектуалды мутизм (Аверондағы жабайы бала, Виктор).
1911 жылы Блейер: шизофрения, аутизм шизофренияның клиникалық сипаттамасы ретінде.
1943 жылы: Ерте жастағы балалар аутизмі, аутизмді алғаш синдром ретінде сипаттаған.
1944 жылы Аспергер: Аутисттік психопатия.
1947 жылы Мнухин: аутизм, ақыл ойы кемістігінің ауыр дәрежесі бар балалардың миындағы органикалық патологиясы ретінде.
1952 жылы АҚШ-та алғашқы аутист балаларға арналған күндізгі оқу мектебі ұйымдастырылды.
1956 жылы Каннер мен Эйзенберг: аутизмнің негізгі 2 диагностикалық сипаттамасын көрсетті: аффективті байланыстың жоқтығы және қайталанған әрекеттер.
1959 жылы Бсттелхейм: Джой, механикалық бала атты мақаласы.
1962 жылы әлемдегі алғашқы аутисттер қауымдастығы (Англиядағы - Халықаралық Британиялық аутисттер қоғамы).
1964 жылы Римланд: Балалар аутизмі: Синдром және оның мағынасы ретінде жүйкелік көріністері.
1965 жылы АҚШтағы Аутист балалардың Халықаралық қауымдастығы ашылды [9].
Аутизмнің пайда болу себептерін түсіндіретін нақты дәлелденген ақпараттар өте аз. Бұрынырақ балаларға қызылшаға және шошқаборлыққа (свинка) қарсы егілетін вакцинацияның салдарынан пайда болады деген болжам бар еді. Бірақ уақыт өтісімен, көптеген зерттеулер нәтижесінде бұл болжам жоққа шығарылды. Ал психоаналитиктердің ойынша, баланың алғашқы даму кезіңдегі ата-ананың эмоциялық салқындығы да себеп болады.
Ғалымдардың ең соңғы мәліметтері бойынша, аутизмге ұшыраған балалардың тумыстан мидың дамуында кінарат (мидың бір бөлігі нашар дамыса, екінші бөлігі өте жақсы дамыған, хромосомалық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы, гендік деңгейдегі өзгерістер) бар екені анықталады. Гендік өзгерістердің пайда болуына, жүкті кезінде болашақ анаға қоршаған ортанынң қолайсыз экологиялық жағдайы, стресстер әсер етеді. Әдетте, бала миының эмоцияларға жауап беретін орталығы бұзылады. Олардың қанының құрамында ерекше белгілер анықталады. Бұл жерде тұқым қуалаушылықтың да маңызы зор. Ғалымдардың деректері бойынша ерте жастағы балалар аутизмі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдануы да аутист балаларды жиі кездеседі [10].
Тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгеістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейро инфекциялар, т.б барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.
Балалар аутизмнің патогенетикалық механизмдері әлі де толық зерттелмеген құбылыс. Қазіргі кезде оның генетикалық факторларына назар аударылуда. Мұның ішіндегі ең дәйектісі-мультифакторлық механизм. Бұл гендік кешен паталогияның өзін тудырмайды. Тек ауытқудың пайда болуына септігін тигізеді. Оның өзінде, егер қоздырғыш факторлар болса ғана.
ЕЖБА-ның тылсым генетикалық тұқымқулалау механизмдерң әлі де жете зерттелінбеді.
Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) органикалық зақымдалуы 50 жылдам астамғы этиологиясымен байланысында қарастырылады. Іс-тәжірбие көрсеткендей ерте жастағы балалар аутизмі диагнозы бар балаларды жете зерттегенде көпшілігінде ОЖЖ-нің органикалық зақымдалулары белгілері байқалады, алайда олардың шығу тегі мен жіктелуі қиянға соғады. Ерте жастағы балалар аутизмін белгілі зақымданудың локализациясымен байланыстыру туралы мүмкіндітер болды. Бірақ нақты қорытындылар жасау үшін жинақталған мәліметтер әлі де жеткіліксіз.
Психогенді фактор АҚШ-та және Батыс Еуропада психоаналитикалық ықпал түрінде қарастырылады. Ал Ресейлік әдебиеттерде псхогенді аутизм болуы мүмкін, бірақ осы түрлердің нақты характеристикалары жоқ. Олардың ойынша, психогенді фактор:
а) ЕБА-ның саналуан түрлеріне манифестік болуы;
б) ЕЖБА-ның жеткілікті деңгейдегі интеллект және өзіндік тану бола тұрып, үшіншілік қалыптасуларына үлес қосуы өзінің қалыптасуы себепті невротикалық бұзылыстар);
в) сенсорлық аффект және депривациялық психикалық дамудың басқа да нұсқауларында екіншілік аутизацияның себепкері болуы мүмкін.
Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады: солғын, тамақ сұрап мазаламайды, бір жері ауырса сезбейді, өскен кезде ештеңеге қызықпайды. Жақын адамдармен, анасымен ,апасымен байланысты симбиотикалық, сндықтан жақын адамдарды түсіну, аяу, көну деген ұғым жоқ [11].
Аутист бала - ерке, тәртіпсіз сияқты көрінеді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды тұық болады.
Жалпы тұйық мінез әртүрлі себептерге байланысты:
1. Баланың жеке мінезіне
2. Көру мен есту кемістігіне
3. Зияттың жетілмеуіне
4. Сөйлеу аппаратының бұзылғандығына
5. Ұзақ уақыт қарым-қатынассыз қалғандыққа
Ерте балалық шақтағы аутизм синдромының негізгі себептері Л.Каннер бойынша симптомының триадасы болып табылады:
- аутизм аутистикалық күйзелістермен бірге
- ұстама элементтері бар бірқалыпты, стереотипті мінез-құлық;
- сөйлеу дамуының өзіндік бұзылыстары [12].
Аутизмнің белгілері. Аутист балалардың алағашқы көрінетін белгілерінде баланын жалпы дамуы тежеледі. Аутист балалрдың алғаш көрінетін белгілерінде баланың жалпы дамуы тежеледі. Мінезі тұйықтала түседі. Атын атап шақырса , елең етпеуі мүмкін. Өзге балалармен де ойнамайды, танып білуге ұмтылмайды.
Мінез тұйықтала түседі. Атан атап шақырса, елең етпеуі де мүмкін. Өзге балалармен де ойнамайды, танып - білуге ұмтылмайды. Тіпті жаңа ойыншық та оны қызықтыра алмайды. Яғни, мұндай балада қалау, сағыну, аяныш, өкініш, қамқорлық сияқты адами сезімдердің ешқайсысы болмайды. Оған бәрібір,өз әлемінде, өзімен өзі өмір сүреді. Тәулік бойы ұйықтамай жүре беруі мүмкін. Бұл балаларда алғашқы белгілер үш жасына дейін айқын байқалады. Әдетте, ер балаларда жиі кездеседі. Ата анасы баланығ құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, әлі сөйлемегенін байқайды. Алғашында бала керең секілді болып көрінеді, бірақ тексеру нәтижесі олай емес екендігін көрсетеді. Кейде бала сөйлеуді бастайды,бірақ біраз уақыт өтісімен, сөйлеу қабілетін қайта жоғалтады. Күнделікті қылықтары қайталаланады, күнде бір ойыншықпен және жалғыз ойнайды. Тіпті ойыншықтың бір бөлігімен ғана (мәселен тек қолымен немесе басымен ойнауы мүмкін). Күнделікті қайталанатын тәртәптәі өзгеруін бала оте қиын қабылдайды. Ата-аналарының айтуынша, бала көзге тіке қарамайды [13]. Көбісінің зияткерлік қабілеттері қалыптыдан төмен.
Аутизмнің алғашқы белгілерін былайша сипаттауға да болады:
- бала көзге тік қараудан қашқақтайды;
- өзі жөнінде айтқада үшінші (ол) немесе екінші (сен) жақта сөйлейді:
- бір сөзді немесе сөйлемді бірнеше сағат бойы қайталап отыра береді;
- сойлемейді, мөңірей береді;
- ойыншықтарға, өзімен жастыларға қызықпайды , құрбыларымен ойнамайды.
- өз анасын, туыстарын елемейді, өтінішке реакция жасамайды, атымен атап шақырғанға бармайды;
- басын шайқай береді, айнала береді;
- аяқтың ұшымен жүреді;
- тырнағын, қолын тістеп тастайды;
- орынсыз күле береді;
- өз бетін ұра береді;
- бөтен, таныс емес адамдардан қорқады;
- қатты дыбыстардан шошынады;
- жарықтан қорқады, сондықтан оны өшіріп тастай береді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдаған критерийлері бойынша тұлғаның аутистикалық ауруы кезінде:
- әлеуметтік қарым-қатынас сферасында сапалық өзгерістер;
- қарым-қатынасты бейімділіктің бұзылуы;
- мінез-құлықтағы, қызмет түрлеріндегі, шектеулі түрде қайталанып стереотиптілік модельдер байқалады;
Аутизм 3,5 жас аралығында айқын көрінеді және ерте балалалық жаста көрінуінің негізгілері төмендегідей:
- тура көзбе-көз контактісін жақтыртпайды;
- бірінші жымию уақытында болса да, нақты бір адамға бағытталмайды,күлкі, қуаныш, өзге адамдардың басқа да аффективтік реакцияларымен шарттанбайды;
- қоршаған адамдарға аутистік бала индифферитті түрде қарайды: үнемі төсегінде,монежде және т.б. жерлерде отырғанды қалап, қолдарына жүгірмейді, өзіне ыңғайлы қалыпты таңдап, қолға үйрене алмайды және сол себепті қызбалы болып отырады;қалып жағдайын көрсетпейді, көрсеткен жағдайда енжер түрде болады: сол сәтте кейде барлығының дерлік қолдарына оңай-ақ бара салады;
- аутистік бала өзініңжақындарын таниды, бірақ олармен қанық және ұзақ эмоционалды байланысқа бармайды;
- дискомфорт жағдайына (мысалға, тамақтану уақытының өзгерісі) қатынасы парадоксальді: аутистік бала не мүлдемге ондайды жақтырмайды , не оған еш айырмашылығы жоқ болады.
Аутист бала: қоршаған ортаға, қоғамға мүлде қызықпайды. Тұрақты қорқыныштары пайда болыптұрады, өзіне-өзі агрессиялы , қол жұмсағысы келуі де мүмкін. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интеллектісі) дамуы бірнәрсе үйрету қиын. Ауру бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және атын атап шақырғанғакөңіл аудармайды, естімейтін керең сияқты болып көрінеді.
Л.Кеннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан және күрделі көрсеткіштерін ажыратқан:
- жалғыздықты жақсы көру;
- ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу;
- мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жестарының болмауы;
- бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы, бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек;
- эмоциялық тұрғыдан ешкіммен арласпау;
- біркелкі қимылдарды қайталай береді [14].
Аутист баланың сөйлеу процесі бұзылғандықтан, олардың 50 пайызында мутизм эхолалия жиі болады.
Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады:
1. Аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортадан оқшаулау, еш нәрсеге көңіл аудармау ерекшеленеді, көп уақытта түңіледі. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бір нәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын атап шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай ешқандай реакция білдірмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттап аса, қарындары ашып, тоңғанды сездейді. Үй ішінде бағытсыз ары-бері жүре береді, жихаздардың үстіне шығады, терезенің алдына шығады және тиіспесең бірнеше сағаттар бойы отыра береді. Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, яғни қатты қарсылық көрсетеді.
2. Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды, басқа нәрселерге де көзін тіке қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысымен сыртқы пішінімен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы, кілем немесе алаша біткеше жүре береді. Бұл балалардың бір қалыптылығы сағаттар бойы терезеде отырып бір бағытқа қарап отыра береді. Ал бір нәрсе керек болса, олар үлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын салады.
3. Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ортадан толық безбеген; бойында қорқыныш бар, қимылдары еркін емес, сөздері түсініксіз, бір сөзді қайталай береді; қимылдары импулсьсивті, яғни отырып-отырып аяқасты жүгіріп кетеді, өзін-өзі жарақаттайды. Бұл топтағы балалар өте дауласқыш, еш өкінбейді, бәрін керісінше жасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды, тек өзі сөйлейді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте тез, дыбысы қатты. Сөзі монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды.
4. Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың мимикасы шектеулі, аландаушы болып келеді, сондықтан сөздері жай, көздеріне қарай алады, бірақ тұрақсыз. Олар ұялшақ жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік айту, алдауды білмейді [15].
Аутизмнің түрлері. Қазіргі таңда аутизмның келесеі типтері белгілі:
Каннердің ерте балалық шақтағы аутизм синдром түрлері:
1. Каннер аутизмі - балаларда жиі кездесетін аутизмнің классикалық түрі;
2. Аспергер синдромы - аутистикалық психопатия;
3. Ретта синдромы;
4. А типті аутизм-шезофрениядан кейін пайда болатын немесе процесс суалды аутизм.
Каннер аутизмі. Бұл балалардың жиі кездесетін әрі жетік көңіл бөлуді талап ететін аутизмның түрі. Ең басты сипаттамасы: Баланың тым кеш сөйлеуі. Басқа да белгілері: жалғыздықты ұнатады,күнделікті өмірдегі тәртіптің өзгеруі, өте сезімтал, ешкімге еліктемейді, үнемі бір қимылды қайталауы, қасындағы адамдардың сезімін түсінбеуі, сөйлегенде бірде айғайлайлап және сыбырлап сөйлеуі мүмкін. Туған туыстарымен сөйлеспейді тіпті мүлдем байланысқа түспейді. Аутизмнің белгілері үш жастан бастап кейде одан да ерте байқалады.
Аспергер синдромы. Бұл алдынғысымен салыстырғанда, аутизмның жеңілдеу түрі. Белгілері Каннер синдромына ұқсас, алайда, балалардың интеллекті айтарлықтай жоғары. Әдетте белгілі бір салаға жоғары қызығушылық танытып, сол саланы жетік меңгере алады. Логикалық ойлау қабілеті дамыған, сөйлей алады. Бірақ адамдармен байланысқа түсуі қиын. Болашақта бір саланың шебері болуы әбден мүмкін.
Ретте синдромы. Аутизмның ең сирек, әрі тек қыздарда кездесетін түрі. Әдетте қыздар екі жасқа дейін қалыпты дамып келеді де , бірден барлық қабілеттерінен айырыла бастайды. Мәселен, өздігінен киіне алмайды, бірте-бірте сөйлей алмай қалады, қолында заттарды ұстай алмайды, бұлщық еттер тонусы жоғалады. Психикалық күйреудің салдарынан жиі ұстамалар болады. Аутизмның бұл түрі жетік зерттемеген, сол себепті аурудың соңы өлімге алып келуі мүмкін.
Процессуалды аутизм. Аутизмың бұл түрі ер балаларда жиі кездеседі. Олар 3жасына дейін жақсы дамып, белгісіз себептермен бірден түрлі қабілетін жоғалта бастайды. Әрі қарай Каннер синдромының белгілері байқалады [16].

5.2 Аутизмнің педагогикалық-психологиялық сипаттамасы

Ғалым Л. Каннердің зерттеулері бойынша ерте балалар аутизмі дамуының симптомдарын үшке бөліп жіктеуге болады:
1. Аутикалық көңіл күй (қайғырулар, күйзелістер);
2. Стереотиптік қайталана беретін мінез - құлық көріністері;
3. Сөйлеу дамуының ерекше бұзылулары.
Аутизм 3 - 5 жаста айқын білінеді, ал ерте жастағы байқалатын белгілеріне мыналар жатады:
- аутизммен ауыратын балалар адам бетіне тіке қарамайды, олармен көз түйістіру мүмкін емес;
- уақытында күліп бастағанымен, ауру баланың күлкісі ешқандпй себепсіз болады; қоршаған адамдардың қарым-қатынасына мұндай баланың күлкісінің қатысы жоқ;
- қолға сұранбайды, арбада немес манежде болғанды қалайды; қолға алған жағдайда ыңғайлы поза іздемейді, ал кейбір жағдайларда кім болса соған жеңіл бара береді, жақын адамдарды таниды, бірақ эмоциялық қанық реакциялар көрсетпейді;
- еркелеткенді ұнатпайды немесе селсоқ жауап береді;
- дискомфортқа да (мысалы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін түзете дамыту
Аутизм мәселесінің тарихы
Қарым - қатынастың сапалы бұзылыстары
Аутист баланың психологиялық дамуының ерекшеліктері
Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Аутист баланың психикалық дамуының ерекшеліктері
Аутизмі бар балалар
Аутизм дертіне шалдыққан балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзету
Аутизмі бар балаларды оқытуда кешенді əдістерді қолдану
Аутизм жағдайындағы балаларды әлеуметтендіру
Пәндер