Өңеш кілегейлі қабығы ақшыл түсті, тегіс


Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Қой мен ешкiлердiң скрепи ауруы патоморфологиясы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Скрепи (қышыма) өте созылмалы түрде өтетiн қойлар мен ешкiлердің iндет ауруы болып келеді. Бұл аурудың жасырын кезеңi өте ұзақ та созылмалы өтетiн iндет. Орталық жүйке жүйесiнде дегенеративтi өзгерiстер болады да соның салдарынан жүруi бұзылады (атаксия), дiрiлдейдi (тремор), қышынады, жүндерi түседi. Ауырған малдар өледi. Ауру барлық жерде кездеседi. Блютанг немесе инфекциялы катаральдi қызба немесе көк тіл-вирусты трансмиссивтi ауру ас қазан жүйесi мен дем алу жүйелерiн қабындырып кейбiр жерлердiң кiлегей қабаттарын өлi етке айландырады, пододерматитке, бұлшық еттердi дегенеративтi өзгерiстерге ұшыратады.
II. Негізгі бөлімСкрепи (Chesmus ovium, қышыма) - ми мен жұлынның кеуектенуімен, мал өмірі тәмамдалғанға дейін терінің дуылдап қышынуымен, үйлесті қимылдаудың (аяқ-алыстың) бұзылуымен, елірумен, қаңқа бұлшық еттерінің дірілімен, жүдеумен сипатталатын, баяу өршитін инфекциялық ауру. Қой мен ешкі ауырады. Ауырған малдар өледi. Ауру барлық жерде кездеседi Австралия мен Егемендiк Республикалар Одағынан басқа ауру Исландияда, Англияда, Шотландияда, Францияда, Канадада және АҚШ да байқалады.
Қоздырушысы -преон-қарапайым белок түрi. Оның барын қойлар мен ешкiлердiң, тышқандардың, көр тышқандардың ауырғандарынан ғана бiлiнедi. Скрепи агентi ультракүлгiн, ионизациялық сәулелерге, қайнаған суға, 10-12% формалин ерiтiндiсiне төзiмдi келедi. Автоклавта 121 градус ыстықта 30 минут iшiнде жойылады, 0, 5% гипохлорид ерiтiндiсiнде инактивацияланады. Сыртқы ортада саулықтар, үлкен ешкiлер, тұқымдарына байланысты, ауырғандары байқалады. Қолайсыз отарда қоздырғыш горизонтальдi (малдың малға) және вертикальдi (құрсақтағы төлге) тарайды. Аурудың өте ұзақ жасырын кезеңi басқа жерде ошақ көзi пайда болуына әсер етедi. Жасырын кезеңi бiрнеше айдан бiрнеше жылға дейiн созылады.
Этиологиясы Мәселе біржотала шешілмеген. Зерттеушілердің көпшілігі ауруды ерекше сиалогликопротеин-прион шақырады деп есептейді. Бұл өте майда көлемді агент вирустан құрамында нуклеин қышқылдарының болмауымен, әртүрлі физикалық және химиялық әсерлерге (ыстыққа, суыққа, т. б. ) төзімділігімен ерекшелінеді.
Дерттенуі . Мәселе әлі толық шешілмеген. Жасырын кезеңі - 1 . . . 4 жыл, ешкіге жасанды жұқтырылғанда - 6 . . . 22 ай. Негізінен 2-3 жастағы қойлар ауырады. Ауру малдан сау малға жұққан қоздырушының алғашқы мекендейтін мүшелері көмейдің лимфалық фолликулдары, жұтқыншақтық, қақпалық және шажырқайлық лимфалық түйіндер мен ішек. Зерттеушілер осы деректерді негізге алып, прион малға алиментарлы жұғады ау деп шамалайды. Одан әрі талаққа, тимусқа, т. б. мүшелерге, ең соңында жұлынға өткен прион тәулігіне 0, 5-1, 0 мм шапшаңдықпен ілгері және артқа қарай таралады. Миға жеткен прион жорамал бойынша жұлдызша глиоциттерде өсіп-өніп, олардың нейрондар гомеостазын қамтамсыз ететін функциясын тұншықтырады. Нәтижесінде нейрондар дистрофияға ұшырайды. Ауруды жасанды жұқтырғанда приондардың мида шоғырлануының ең жоғарғы көрсеткіші 17 аптадан кейін, мидағы ерекше сипаттағы ауруға тән гистологиялық өзгерістер (ми затының кеуектенуі) 25 аптадан кейін, аурудың клиникалық нышандары 34 аптадан кейін байқалған. Прионның инфекциялық агент ретіндегі тағы бір ерекшелігі ол организмде иммундық қорғаныс реакциясын шақырмайды.
Патологиялық анатомиясы . Өлген малды сойып-зерттегенде қоңдылықтың тым төмендегені, теріде жүні жойылып тақырланған және жарақаттанған жерлер (қышынуға байланысты туындайды), жұлын сұйығының молайғаны, кейде ми қабықтары тамырларының қанмен кернеліп білеуленгені байқалады.
Скрепиге тән және оны патоморфологиялық тұрғыдан ерекшелейтін
гистологиялық өзгерістер
мидың діңгек бөлігінде бүліну (альтеративтік) процестері түрінде байқалады Олар сопақша мидың, ми көпірінің, көру дөңесінің және мишықтың сұр затында симметриялы орналасады және қабынуға ұласпайды. Нейрондардың цитоплазмасы мен өсінділерінде (дендриттер мен аксондарда) және астроциттерде сұйықпен толған көпіршіктер (вакуольдер) пайда болады. Олар іріленіп, бір-бірімен бірігіп, цитоплазманы түгел жайлайды, нейрондар еріпте кетеді. Осылайша ми заты кеуектенеді (status spongiosus, губкаға ұқсау) . Сонымен қатар, нейрондар хромотолизге ұшырайды, бүріседі, ісінеді, кейде астроциттер көбейеді. Ми затының кейбір жерлері еріп кетіп, үлкен көлемді қуыстар пайда болады.
Диагноз
клиникалық - індеттанулық деректерді ескере отырып, гистологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша қойылады. Бір гистологиялық препаратта 15 тен артық көпіршіктенген нейрондардың болуы скрепиге диагноз қоюға негіз болады
Ажыратып балау. Скрепиді виснадан, листериоздың жүйке түрінен, шотландық энцефалиттен, Ауески ауруынан, фосфорорганикалық, хлорорганикалық, сынапорганикалық, карбоматтық қоспалармен, цинк фосфидімен, мышьякпен, аз тұзымен уланудан ажырату қажет.
Аурудың алдын алу . Скрепиге қарсы егетiн вакцина жоқ, сол себептен ауруды болдырмау үшiн отарды iндет аурулардан таза аумақтық малдарымен толықтыру қажет.
Қойлар мен ешкiлер арасында скрепи шыққан жағдайдағы жүргiзiлетiн iс-шаралар.
Скрепи ауруында иммунитет болмайды. Белгiлi реакциялармен қандағы антиденешiктер бiлiнбейдi.
1) бiрнеше жануар кенеттен өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейiн ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдануға;
2) ветеринариялық маманның рұқсатынсыз ауырды деген малды бiр ;
3) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей және сойылғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитарлық сараптама ;
4) iндет ошағының аумағына бөтен адамдарды және көлiктердi енгiзуге тиымосалынады;
5) малдың көңiн, өлексесiн және ауру малдың басқа да қалдықтарын зарарсыздандыру.
Скрепимен ауырған қойлардың қимыл қозғалысының бұзылып, отырып қалуы
Скрепимен ауырған қойдың жүнінің түсіп қалуы
Жалпы скрепи ауруына тән клиникалық белгілер
III. Қорытынды
Арнайы емдеуге арналған химиотерапевтикалық емдер жоқ. Сол себептен ауру малдарды ыстықтан, желден, жауын-шашыннан, әсiресе тік түсетiн күн сәулелерiнен қорғайды. Оларға жиi-жиi суды ауыстырады, жұмсақ, құнарлы жем шөппен қоректендiредi. Қой мен ешкiлердiң ауруыларының көбі өте созылмалы өтетiн iндет ауруы болып табылады. Бұл ауруда өкпенiң, бронхалардың эпителилерi тыс өсiп өкпеде жалқаяқ тәрiздi қатерлi iсiктер пайда болады. Ауру көп мемлекеттерде және Қазақстанда да кездеседi. Ауызтұмсықтарын күшi жоқ антисептикалық ерiтiндiлермен жуып отырады. Ауру өршiген кезде сойылған еттер мен бақа шикiзаттарын қайнатуға немесе өнеркәсiптiк өңдеуге жiбередi. Бұлшық еттерiнде дистрофиялық өзгерiстерi бар, терi астын қан талаған, кахексияға ұшыраған ұшаларды бас-сирақтарымен, iш құрлыстарымен утильге жiбередi. Ауру малдардың және күдiк туғызғандардың терiлерiн дезинфекциялайды. Ауру бар мемлекеттерде жыл сайын вакцинамен егедi. Аурудың алдын алу үшiн төмен жердегi шөптердi шабу қажет және қой-ешкiлердi жоғары жерлерге жаяды немесе шыбын, маса жоқ жерге жаяды, шыбын-шiркейлер қорқатын дәрi-дәрмектердi қолданады. Ауру өршiген кезде қой қырқуға тыйым салынады. Ауру шыға қалған кезде ауру малды белгiлейдi, оқшаулайды да емдейдi немесе сояды, басқаларын вакциналайды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
- Ығылманұлы Ө. Ветеринариялық потологиялық анатомия Алматы 2010; 647 бет
- Нұрғазы Б. Ө Жануарлар патологиясы, . 2015-116 бет Айтұмар баспасы
- Медициналық микробиология. Б. А. Рамазанова және Қ. Құдайбергеновтың редакциялауымен шығарған. Алматы 2005 жыл.
- . Микробиология және вирусология Ү. Т. Артықбаев және Г. Д. Асемова, К. Х. Алмағанбетова Астана 2005 жыл.
- Б. Ө Нұрғазы «Соттық ветеринария»Алматы, 2013;
Алматы облысы Жамбыл ауданы “ Ынтымақ” шаруашылығына меншікті қой өлексесін патологиялық-анатомиялық сойып-зерттеу
ХАТТАМАСЫ
Сойып зерттеуді 2018 жылы 25 мамыр күні Қазақ ұлттық аграрлық университеті “Биологиялық қауіпсіздік” кафедрасының секциялық залында профессор А. З. Мауланов және ветеринариялық медицина мамандығы 404 топ студенті К. Тулееваның қатысуымен жүргізілді.
Анамнездік мәліметтер.
«Ынтымақ» шаруашылығына меншікті 4 жастағы қой өлексесі әкелінді. 20 мамыр күнінен бастап ауыра бастаған. Жануар күйсізденген, әлсіреген, қан аздық байқалаған, 5 күн ішінде әлсін-әлсін түйнеу белгілері білінген. Қоңдылықтың тым төмендегені, теріде жүні жойылып тақырланғаны байқалды.
Сыртқы көрінісі.
І. Танымдық белгілері. 4 жастағы қой өлексесі, тұқымы - қазақы қой, түсі қызыл, дене бітімі -дұрыс .
ІІ. Өлекселік өзгерістер:өлексе суыған, сіресе бастаған.
ІІІАрнайы бөлім.
Кілегей қабықтары: көздің, ауыздың кілегейлі қабықтары бозғылт сарғыш түсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz