Жылқы африкалық обасының қоздырушысы
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жылқы африкалық обасының қоздырушысы
2.2. Індеттік ерекшеліктері, өтуі мен симптомдары
2.3. Жылқының африкалық оба ауруының алдын-алу және жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ветеринариялық ереже
2.4. Таза емес пункттерде және эпизоотиялық ошақтарда жүргізілетін іс-шаралар
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Қазіргі уақыт өнімді жануарлардың жұқпалы ауруларының 600, шамамен алғанда 400 үй етқоректілерінің, адамда 1400 астам тірі қоздырушы-патоген түрлерінің идентифицирленгендігімен ерекшеленеді. Осы топтарда 60-тан 90% дейінгі қоздырушылар полипатогенді, яғни табиғи жағдайларда түрлі жануарлар мен адамдар арасында аурулар тудыра алады. Шамамен алғанда жүз шақты жұқпалы аурулар эмерджентті аурулар тобын құрайды, олар әлемде соңғы жылдары пайда болып, тарала бастаған (ХЭБФАОБДҰ деректері бойынша).
Қазіргі заманғы жағдайда инфекциялардың аумақтық-географиялық бөлініп таралуы бірқатар обьективті белгілерге байланысты өтеді, яғни негіз етеді, оларды шартты түрде үш топқа бөлуге болады - жануарлардың тіршілік етуінің табиғи-климаттық жағдайы, өңірлер дамуының зоографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлары.
Табиғи-климаттық жағдайлар ең алдымен табиғи-ошақтық инфекциялар мен энзоотиялардың әлемдлік тұрғыдан бөілініп таралуын айқындйды. Маңызды трансмиссивтік инфекциялардың полярлық бөлініп таралуы толығымен олардың жанды тасымалдаушылары мен резервуарларының (маса, кене т.б. инфекциялар, төменде келтірілетін ЛДР, ЛЗН, КЛО мәліметтерін қараңыз) таралу ареалы мен биологиялық циклдарына тәуелді. Сол себептен көптеген трансмиссивтік инфекциялар үшін орташа ендіктерде өздерінің телімді тасымалдаушыларының (атап айтқанда жылқылардың африкалық обасы, қойлардың катаралды қызбасы, ЛДР) қыстап шығу мүмкін болмауына орай нозоареалдың экзотикалық шоғырлануымен байланысты болады. Жалпы алғанда бұл ереже трансмиссивті емес физикалық географияның басқа факторларына, мысалы су көздеріне (жануарлардың су-су маңы кешені аурулары, кеміргіштер инфекциялары) байланысты жұқпалы ауруларына да қатысты. Бұл факторлар тобының ауылшаруашылығының ғаламдық мәселелеріне қатысты айтарлықтай практикалық маңызы бар.
ІІ. Негізгі бөлім
Жылқылардың африкалық обасы (Pestis Africana equorum, африканская чума лошадей) - жіті ағымда өтетін, қызбамен, тері асты клетчаткаларының ісінуімен, ішкі органдарының қанталауымен , тыныс мүшелері мен қан айналым мүшелерінің зақымданумен және малдардың көпшілігінің өлімге ұшырауымен сипатталатын, қан сорғыштар арқылы трансмиссивті жолмен тарайтын вирустық індет.
Тарихи деректер. Ауру Оңтүстік Африкада 1919 жылы белгілі болды. Бұл вирусты 1934 жылы алғаш рет Александер мен Ди-Туа анықтаған. 1944 жылдан бастап, бұл Африкадан тысқары Таяу және Орта Шығысқа тарап, Үндістан мен Испанияда байқалды.
Ауру қоздырушысы РНҚ-сы бар вирустар тобына, Reoviridae тұқымдастығына Orbivirus туыстығына жатады. Вирионның пішіні икосаэдр тәрізді диаметрі 70-80нм болады. Қоздырушы вирус пантропты, барлық ішкі ағзаларда, экссудаттарла, ұлпа сұйықтарында, ауырған малдың несебінде, сүтте болады. Вирус ақ тышқан, егеуқұйрық, теңіз тышқаны үшін миға жұқтырған зардапты. Тауық эмбрионында, тауық эмбрионының фибробласт өсініде, көшірілетін бүйрек өсінінде өсіп-өнеді. Вирустың ерекшелігі - көп тармақтылығы (плюралитеттігі), кем дегенде ортақ антигендерімен 9 түрлі серологиялық түрі бар.
Төзімділігі. Жылқылардың африкалық оба вирусы сыртқы ортаның түрлі әсерлеріне төзімді келеді. Вирус +50С 3 сағ соң, +60С 15 мин, +45 С 6 тәулікке дейін шыдайды. рН-ы 6 мен 12,0 аралығында тіршілігін жоймаса, қышқылдық орталарға сезімтал келеді. Ультракүлгін сәуле жойқын әсер етеді.
Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда жұмыр тұяқты жануарлар, жылқы, қашыр, есек, зебра ауырады. Африкалық обадан өлген жылқының етңн жеген ит те ауруға шалдығады. Қолдан жұқтырғанда ешкі де ауырады. Вирусты сиыр мен қойға жұқтырса денесі қызынады. Бейім жануарлардың төлдер ауруға осал келеді, бірақ иммунді биеден туған құлын 5-6 айлығына дейін төзімді болады.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру жануарлар. Ауырған мал мен қатар тұрған сау мал ауырмайды. Ауру ойпаң ылғалды жерде байқалып, климаты жылы ылғалды аймақта тұрақтанады. Жауынды жылдары тұрақты энзоотиялық ошақтарынан сыртқы көршілес территорияға тарайды. Әдетте түнде жайылған жылқы ауруға шалдығады, түнде қорада тұрғандары ауырмайды. Түнде жайылған жылқы ауырған жайылымда күндіз жайылған жылқы ауырмайды. Ауру жазда ауа райы ыстық жауынды маусымда байқалады, қыстың күні болмайды. Вирустың қан сорушы жәндіктер арқылы атап айтқанда Culicoides туыстастығына жататын шіркейлермен берілетіндігі анықталды. Тәжірибе жүзінде Culex pipiens, Anoopheles stephensi, Aedes aegupti қатарлы жәндіктер арқылы тасымалданатыны анықталды. Бұлар ауру малдың қанын сорған соң 5 аптаға дейінгі аралықта вирусты бере алады. Табиғаттағы вирусстың қорламасы айқындалған жоқ, бақылау нәтижелері бойынша вирустың қорламасы айқындалған жоқ, бақылау нәтижелері бойынша вирустың белгілі бір жабайы жануарлар денесінде сақталатынына болжам жасауға болады.
Ауырып жазылған соң жылқының қанында вирус 90 күндей сақталады. Ауру індет ретінде байқалып, аз уақытта көп жерде, тәулігіне 200 км дейінгі қашықтыққа тарайды. Өлім көрсеткіші 95%-ға дейін жетеді.
Дерттенуі. Вирус жануар денесіне тері арқылы жәндіктер шаққанда енеді де, сол жердегі бейім жасушаларда көбейіп, қанға түсіп, қантамырлары мол шоғырланған көкбауыр, өкпе катарлы ағзаларға орын тебеді. Одан кейін эритроциттер арқылы бүкіл денеге жайылады. Қан тамырларының өткізгіш қасиеті бұзылып, домбығу мен қанталау орын алады. Бұл өзгерістермен қатар лейкопения байқалады. Өкпенің домбығуы мен жүрек қызметінің бұзылуы өлімге соқтырады.
Клиникалық белгілері. Табиғи жағдайда жасырын кезеңі 7-14 күн, ал кейбір жағдайларда 2 күнге созылуы мумкін. Ауру:
өте жіті;
жіті;
жітілеу;
аралас ағымда өтеді. Бұл ауруға шалдыққан жылқылардың 70-95, қашырлардың 50, есектердің 10 пайызға жуығы өлімге ұшырайды.
Аурудың өте жіті ағымында жылқының дене қызуы 40,5-42 С ке дейін көтеріледі, әлсіздік байқалады, тыныс алуы жиілейді, тамыр соғуы үдеп, 3-5 куннен кейін клиникалық белгілері байқалыпғ мал өлімге ұшырайды.
Жіті ағымында дене қызуы күрт көтеріледі, тыныс алуы қиындайды, ауыртпалы құрғақ жөтел п.б, өкпесі ісінеді, кілегей қабықшалары көгеріп, 5-7 күнде мал өледі. Өлерінен 1-2 күн бұрын өкпесі домбығып, жөтеліп, танауынан көбікті сұйықтық ағады, кілегейлі қабықтары, көкшңлденеді. Сирек жағдайда 7-8 күн өткен соң ауырған жануар сауыға бастады.
Жітілеу ағымында дене қызуы 40-41С көтеріледі, жүрек қызметі бұзылады, басы мен мойынының қатты ісінуімен ерекшеленеді. Екінші аптаның соңына қарай басы, әсіресе көз аумағы, қабықтары домбығып бара-бара тұмсығына жетіп, одан кейін төменгі жақтарының арасын, мойынын, төсін, үйек тұсы иен сирақтарын қамтиды. Жануар ентігіп, тамыр соғысы жиілейді. Ауру жітіден төмен өткенде ауырған малдың біршама бөлігі сауығады, бірақ қалпына келуі ұзаққа созылады, асқынған жағдайда өңеші салданады.
Аралас ағымында жоғарыда көрсетілген белгілер бір уақытта байқалып, жүрек қызметі бұзылу салдарынан 1 апта ішінде өлімге ұшырайды.
Паталогоанатомиялық өзгерістер. Өлексені тексергенде танаудан аққан көпіршікті сарғыш сұйықтық көзге түседі. Көрінетін кілегейлі қабықтар сарғыш-сұрғылт түсті. Басындағы, төсіндегі, кейде дененің басқа да тұстарында тері асты шелі қабынған. Көкірек және құрсақ қуыстарында, жүрек қабында мөлдір сары экссудат іркіледі. Мұрын қуысында, трахея мен бронхаларында көбікті ақшыл сұйықтық болады. Өте жіті өткенде оншама патологиялық өзгерістер байқалмайды. Ауру жіті өткенде өкпесі домбығады, жітіден төмен өткен жағдайда - тері асты шелі кілегейлі жалқақтанып, сөл түйіндері ісінеді, жүрегіндегі қантамырларын бойлай, эндокардта, көкбауыр қабының астында, ас қорыту жүйесңндегі кілегейлі қабықтарда миының ақ және сұр затында қанталаулар болады. Көкбауыр ұлғамайды, бауырын қан кернейді. Гистологиялық тексеру қан тамырларының өткізу қасиетінің бұзылуына тән өзгерістерді айқындайды.
Жылқылардың африкалық обасын балау эпизоотологиялық деректерге (жаз айларында көп тіркелуі, тек тақ тұяқтылардың шалдығуы) , клиникалық белгілеріне (лихорадка, ісік, жөтел, танауынан сұйықтықтар ағуы), патанатомиялық өзгерістеріне, биосынама нәтижелері, серологиялық реакциялар, сонымен қатар вирустарды бөліп алумен олардың антигендік туыстығын анықтауға негізделген.
Биологиялық сынама жылқыға қойылады. Сонымен қатар тышқанға ауырған жылқының қанын миына жіберіп те тәжірибе жасайды. Серологиялық тексеру ГАТР, ДПР, БР, КБР, ИФТ арқылы жүргізіледі. Кбр жалпы жылқының африкалық обасының ортақ антигенін анықтайды.
Ажыратып балау. Жылқының африкалық обасына диагноз қойғанда:
жамандаттан (топалаңнан);
пироплазмоздан;
вирустық артериттен ажырату керек.
Иммунитет. Африкалық обамен ауырып жазылған жұмыр тұяқтылар қоздырушы вирустың сол вариантына төзімді болады. Ондай малдың қанында вирусты бейтараптайтын антиденелер 11 жыл бойы сақталады. Ауруға қарсы жануарларды иммундеу үшін жұмыртұяқтылардың африкалық обасының вирусының ақ тышқан мен теңіз тышқанының миына бейімделген штамынан даярланған құрғақ вирус вакцина ұсынылған (В.П.Назаров, Э.В.Ивановский, 1963). Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz