Түтікше сүйектердін



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I Кіріспе
1. Аурудың анықтамасы
2. Этиология
3. Даму механизмі
4. Клиникалық белгісі
5. Патологиялық анатомиясы
6. Гистологиялық өзгерістер
7. Диагноз
8. Дифференциалды диагноз
II Хаттама
III Қолданылған әдебиеттер

Рахит

Аурудың анықтамасы. Рахит — созылмалы өтетін, организмде Д витаминінің
тапшылығынан болатын, минералдар алмасуы бұзылып, сүйектердің, дистрофияға
ұшырауымен сипатталатын, негізінен қыс және көктем айларында байқалатын
ауру. Рахит зат алмасуы, көбінесе кальций және фосфор алмасуы бұзылып,
остеогенездің (сүйек түзілуінің) және басқа да мүшелер мен жүйелер
функцияларының едәуір бүлінуіне байланысты жалпы ауру болып табылады.
Этиология. Рахиттың бел алуына негіз болатын Д гиповитаминозы азықпен
бірге кальциферолдың (Д витамині) жеткіліксіз түсуі салдарынан немесе оның
организмде түзілуінің бұзылуы нәтижесінде пайда болады.
Құрамында кальциферол бар өнімдер көп емес, ол бауырда, жұмыртқаның сары
уызында, балық майында, уылдырықта болады. Осы өнімдерді қосып, қосымша
азықтандырудың мезгілінде енгізілуі төл организмінде кальциферолды
молайтады. Азықтандырғанда жиі байқалатын ас қорытудың бүзылуы рахиттың бел
алуына себепші болады, бұған углеводтарға бай тамақ та жәрдемдеседі.
Төлдердың ауада қысқа уақыт, жет-кіліксіз болуы да рахиттың бел алу
себептерінің бірі болуы мүмкін. Әсірекүлгін сәуленің немесе кварц шам-ньщ
ықпалымен теріде холекальциферол (Д3 витамині) түзіледі.
Рахиттын, этиологиясында жоғарыда, көрсетілген экзогендік факторлармен
қоса, зндогендік факторлар да роль атқарады. Шала туған төлдердің рахитпен
көбірек ауыратыны аңғарылады, мұнын, өзі организмде кальциферолдың белсенді
формаларының түзіуіне катысатын ферменттік және транспорттық жүйелер
белсенділігінің жеткіліксіздігімен байланысты болуы мүмкін. Негізгі
қышқылдық жағдайдың ацидоз жағына қарай ойысуы байқалатын бірқатар аурулар
да рахиттың бел алуына жәрдемдеседі. Олар пневмония мен тыныс жолдарыньщ
вирустық жұқпалы аурулары.
Патогенез. Рахитпен ауырғанда кальциферолдың жеткіліксіздігі алмасу
процестерінде едәуір өзгерістер туғызады. Аурудың патогенезінде фосфор-
кальций алмасуының бұзылуы ерекше орын алады. Кальциферолдың тапшылығы
кальций мен фосфордың ішектерде сорылу механизмінін, бұзылуына әкеп соғады,
мұнын, өзі осы минералдық заттардын, қан плазмасындағы, клеткадан тыс
сұйықтар мен сүйек тканьдарындағы мөлшерінің кемуіне байланысты болады.
Рахитпен ауыратын--дардың қанында анорганикалық фосфордьщ мөлшері ауру
күшейіп тұрғанда дені сау төлдердеғы 1,454—І 1,615 ммольл орнына
0,484—0,646 ммольл мөлшеріне дейін төмендейді. Аурудың күшеюіне байланыеты
кальцийдің мөлшері де 2,614—2,739 ммольл орнына 2,365— 2,490 ммольл
мөлшеріне дейін кемиді. Рахитпен ауыратын төлдер де фосфордың жетіспеуі
(гипофосфатемия) салдарынан қышқылдану процестері баяулайды. Бүл орайда
қанда аралық алмасудың қышқылданбаған өнімдері көп жиналып, ацидоз бел
алады. Организмде фосфордың азаюына қалқанша қосымша бездері функциясының
өзгеруі себепші болады. Д гиповитаминозы жағдайында қос Қалқанша бездері
ұлғайып, бүйректің фосфат бөліп шығаруын күшейтетін көптеген паратгормондар
туғызады. Бұл ацидозды одан сайын асқындыра түседі. Ацидоз жағдайында
қандағы фосфор-кальций тұздары ерітінді күйіңде болады және сүйектің бас
жақтарына жинақталмайды, оның үстіне қалыпты сүйек тканінда түзілген тұз
жуылып кетеді. Сонымен бірге белок алмасуы бұзылып, рахитпен ауыратындар
несеппен бірге маңызды амин қышқылын жоғалтады. Белок-минерал кешенінің
түзілуі, демек, қалыпты остеогенез бүзылады. Мұндай жағдайда, қанда сүйекке
әк жиналу процесінде маңызды роль атқаратын фермент — сілті, фосфатазасынын
мөлшері көп болатынына қарамастан, әк жиналу бұзылады. Нақты бар сілті
фосфатазасынын өзі фосфор қышқылыньщ табиғи қосылысы — субстрат-тың болмауы
салдарынан пайдаланылмай қалады. Сүйек жұмсарып, иілгіш болады, оңай
бұзылады.
Клиникалық көрінісі. Рахиттың алғашқы клиникалық көріністері төлдің,
әсіресе шала туған төлдерде туғанына 4—5 апта толғанда аңғарылады, бірақ
көбінесе рахит 2—3 айлығында бел алады. Аурудың клиникалық көрінісінде
сипатты кезеңдер болады.
Алғашқы кезең нерв жүйесінің өзгеруімен сипатталады. Бала жастыққа
мазасызданып басын үйкей береді, желке шашы түсіп, тақыр больш калады. Ауру-
дьщ 2—3 аптаға созылатын алғашқы кезеңінін, аяғына таман үл-кен еңбегінің
шет жақтары мен бас сүйегінің жіктерінің былқылдақтығы байқалады. Қанындағы
фос-фор нормадағы 1,454—1,615 ммольл орнына 1,292— 1,358 ммольл мөлшеріне
дейін жетіп, біршама төмен-дейді, кальций деңгейі норма шеңберінде қалады,
сілті фосфатазасыгіың белсенділігі артаДІЫ. Рахвдты бастап-қы кезеңінде
анықтаудың зор маңызы бар.
Дер кезінде анықталмаған және емделмеген рахит жағдайында туатын аурудың е
р ш і г е н к е з е ң і н д е нерв жүйесінің өзгерістері неғұрлым айқыа
көрінеді, сүйек жүйесінде дағдылы өзгерістер және ішкі мүшелер функцияларіы
бұзылуының белгі^ері болады. Ед алды-1 мен бас сүйек зақымданады — үлкен
және кіші еңбек-терінің шет жақтарыньщ, бас сүйек жіктерін бойлай жұмсару
күшейеді, желке сүйегі қабыршағыңда жұм-сарған учаскелер пайда болады. Ауыр
жағдайда бүкіл бас сүйегі жүмсарып, оның формасы оңай бүзылады. Бастьщ
жалпак, сүйектерінің қатайған ортасында сүйек-ке айналған, әкті тканьдардьщ
тым көп түзілуі салдары-нан маңдайы мен төбесі дөнестенеді. Олар қатты
шығын, қы болған жағдайда бас сүйек квадрат формасын алуы мүмкін. Рахитпен
ауырғанда сүйек ткані зақымдануьь ның ерте симптомдарына шеміршек
бөлігінін, сүйекпен жалғасатын, қоспа дейтін жерінде қабыртқаның қалың-дауы
жатады.
Қабыртқалардың жұмсақ және иілгіш болуына бай-ланысты кеуде қуысы екі
бүйірінен оңай қысылады. Кеуде қуысының төменгі жағы кеңейіп, жоғарғы жағьи
қушия түседі. Бүйір жағында, семсерше өскіннен кол-тық шұңқырына қарай, көк
етті бекітетін тиісті линиясының келденең саласы — Гаррисон саласы пайда
бола-ды. Ауру ауыр болған ретте кеуде куысының алдыңғы жағы төс сүйегімен
және оған жалғасып жатқан қа-быртқа шеміршектерімен бірге алға қарай
шығьщқы-болып, қүс төсін еске салады. Бала отыра бастаған кезде
омыртқаның, көбінесе бел тұсында, формасы да өзгереді. Ол артқы жағынан
қисаяды — кифоз (рахит бүкірі) пайда болады, Ұзын сүйектері формасынын. бұ-
злуы неғұрлым кеш езгерістерге жатады. Білек және шынтак, сүйектерінің
эпифизасы жуандайды (рахит білезіктері). Саусақ сүйектерінің де нақ
осылай жуан-дауы мүмкін. Иық, білек сүйектері, сондай-ак бұғанасы да
қисаяды. Рахитпен ауыратъш бала жүре бастағанға дейін-ақ аяқ сүйектері
кебінесе Оәрпі түрінде қисая-ды (бүгілу күшінің басым болуы); X әрпі
түрінде қисаюы сирек кездеседі. Қазіргі кезде жамбас сүйек! формасының
бұзылуы сирек байқалады. Рахитпен ауыр-ғанда тіс кешігіп жарылады, олардыд
шығу реті де жиІ бүзылады. Рахитқа тән еимптом — булшық ет гипото-ниясы,
жалпы әлсіздік және бүлшық еттердің болбыр-лығы. Қарын бүлшық еті, сондай-
ақ ішектегі жылтыр бұлшық ет (атония) гипотогіиясының салдарынан мес қарын
дейтін пайда болады. Түру және жүру функция-сының дамуы кешеуілдейді,
төлдер мезгілінде отырып, түрып, жүре алмайды.
Алмасу процестерінің едәуір бүзылуына, булшык ет пен сүйек қаңқасының
өзгеруіне байлавдсты біркатар мүшелердін. функциясы закымданады. Тыныс алу
аппа-ратының зақымдануы мейлінше жиі аңғарылады: кеуде клеткасы формасыньщ
бұзылуына, кек ет гипотония-сына жәңе өкпенің ауа алмастыруынын. бүзылуына
бай-ланысты ентікпе ;жи! байқалады, Өкпе тканының, сон-дай-ақ өкпедегі
ателактаз учаскесінін. морфолоігиялык, езгерістер пневмонияның бел алуына
жағдай жасайды. Ішек дем алған кезде кеуде клеткаеының жеткіліксіз.
кеңеюі және кек еттің сылбыр жиырылуыы қақпа көк тамыры жүйесінің
тоқырауына себепші болады; жүрек-тамыр жүйесінің қызметі ед-эуір қиындайды,
бауыр мен талақ үлкейеді. Ауру дендеген кезде төлдерда анемия: біреулерінде
— орташа гипрохромдық анемия, басқала-рында — оның неғұрлым ауыр формасы
бел алады.
Аурудың бұл кезеңіне қанда анорганикалық фосфор децгейінің төмендеп,
кейде 0,484—0,646 ммольл мөлше-ріне дейін жетуі, кальций денгейінің
біршама төмендеуі сілті фосфатазасы белсенділігІнің артуы тән болады.
Несеппен бірге аммиак пен фосфаттардың бөлінуі артып, аминоацидурия айқын
көрінеді. Рахиттың дендеген кезеңінің диагностикасы үшін түтікше сүйектерді
рент-генмен тексерудің зор мақызы бар. Түтікше сүйектердің өскінді жерінде
эпифиз бен диафиз арасындағы саңылау кеңейе түседі, зпифиз бетінің формасы
бұзылып, табақ-ша тәрізді болып иіледі.
С а у ы ғ у к е з е ң і (р е к о н в а л е с ц е н ц и я) немесе
саябырлай түскен рахит ауру симптомдарының саябырылауымен, ал одан ооң
қайтадан өршуімен де сипатталады. Нерв жүйесі закымдануының белгілері
жойылады, сүйек қатайып, тіс шығады, түру және жүру функциялары қалпына
келеді. Қанда анорганика-лық фосфор деңгейі артады, кальцир"І мелшері аз
күйін-де калады, сілті фосфатазасының белеенділігі нормадан әлі де жоғары
болады. Түтікше сүйектердін. рентғено-граммасынан ескінді жерде әк кеп
жиналған кең жола-ғы көрініп түрады, сүйектің кортикалық қабаты кеңейе-ді.
Қ а л д ы қ т ы қ ұ б ы л ы с т а р кезеңі туралы рахит процесі
аяқталып, бас сүйек, кеуде клеткасы формасы-ның бүзылуы түрінде зардаптары
болуы, бұлшық ет гипотониясы, кейде анемия мүмкін жағдайда сөз етіле-ді.
Көпшілік жағдайда бұл өзгерістер бала 2—3 жаска толғанда рахиттың ауыр
немесе ауырлығы орташа түрі-мен ауырғаннан кейін аныкталады.
Рентгенограммада • сүйектің кеуекті және кортикалдық қабатында әк жина-луы
аңғарылады.
Аурудың суреттелген симптомдары әр баладан толық көлемінде байқала
бермейді. Рахиттың диагнозын анықтау мен емдеу аурудың меңдеп кетуінен
сақтайды. Оның жеңіл дәрежедегі түрі жиірек кездеседі (I рахит), бұл
жағдайда нерв және сүйек жүйелері тарапынан аурудың белгілері аздап кана
байқалады; рахиттың барлық белгілері бар, орташа немесе айқын аңғарылған.
Патологоанатомиялық өзгерістері.
Сүйектер, әсіресе қарқынды өсу күйіндегі сүйектер, өзгеріп, жұмсарады,
пышақпен оп-оңай тілінеді. Сүйектену процесінің бұзылуынан қабыртқалар мен
шеміршектердің мүшеленген жерлері таспиыққа ұқсай (мешел таспиықтары)
жуандайды. Түтікті сүйектердің эпифиздері жуандайды, беттерінде остеофиттер
пайда болады. Дене салмағының әсерінен, қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуынан
сүйектер әдеттегі пішінін өзгертеді, сынып та кетеді. Аяқ сүйектері,
Разросты остеоидной ткани и нерорвная линия
окостенения суставного хряща теленка при рахите.
омыртқа баған, қабыртқалар, төс сүйегі, т.б. көбінесе қисаяды.
Шыңына жеткен рахит, сонымен қатар, дене бөліктері өлшемдерінің
арақатынасының өзгеруімен, соның ішінде, бастың шамадан тысзор ұлғаюымен,
аяқтардың қысқа болуымен, іштің үлкейіп,
босаңсуымен сипатталады (құрбақалық іш). Бастың ұлғаюы ми сауыты
тігістерінің сүйектенуі кешеуілдеп, мидың шеменденуімен, ал аяқтардың
қысқалығы энхондральды сүйектенудің бұзылып, түтікті сүйектер өсуінің
тежелуінен болады. Мешелге шалдыққан төлдерде ас қорытудың
бұзылып,ішекқарынның ұзақ мерзім бойы газбен толып қампаюы құрсақ қуысы
қабырғасының созылып, іштің үлкеюіне алып келеді.
Әдетте, сырқаттанған төлде анемия мен жүдеу нышандары байқалады.
Патогистологиялық өзгерістер. Рахитке шалдыққан төлдер сүйектерінде
туындайтын өзгерістер негізінен остеоидты өрменің шамадан тыс мол пайда
болуы, онда кальций тұздарының жеткіліксіз шөгуі және бұрын қалыптасқан
сүйектен бұл тұздардың шайылып кетуі түрлерінде болады.
Жас малдарда сүйектің пайда болу процесі қарқынды түрде шеміршекте
өтеді. Сондықтан да рахитпен ауырғанда өте зілді өзгерістерге энхондральды
сүйектену (шеміршектің сүйекке айналуы) процесі ұшырайды да, көбею
күйіндегі шеміршектің аймағы кеңейіп, әдеттегіден бірнеше рет артады,
шеміршек пен сүйектің әдеттегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйек туралы
Анаэробты және соз. хирургиялық (спецификалық) инфекция. Медбикенің рөлі
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Күшік рахитының рентгенодиагностикасы
Балалар патологиясы: рахит
Адам анатомиясы және онын мiндеттерi
Сүйектің мүше ретіндегі құрлысы
Рахит (мешел)
СЫНЫҚТАР
Сүйек майы - иммуногенездің орталық ағзасы
Пәндер