Шошқа тілмесі ауруына сипаттама
Жоспары:
І. Рахиттен өлген мал өлексесін сойып-зерттеу хаттамасы ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. Шошқа тілмесінен өлген мал өлексесін сойып-зерттеу хаттамасы ... ..5
ІІІ. Анықталған ауруды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1. Аурудың қысқаша анықтамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..-
2. Тарихи деректер. Індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... -
3 Морфологиясы, өсінділік және биохимиялық қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... .8
4. Қоздырушының төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..-
5. Патогенезі және клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
6. Патологоанатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
7. Балау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..-
8. Емі және иммунитет ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Алматы облысы Жамбыл ауданы " Ынтымақ" шаруашылығына меншікті шошқа өлексесін патологиялық-анатомиялық сойып-зерттеу
ХАТТАМАСЫ
Сойып зерттеуді 2018 жылы 11 қараша күні Қазақ ұлттық аграрлық университеті "Биологиялық қауіпсіздік" кафедрасының секциялық залында профессор Б.Ө.Нұрғазы және ветеринариялық медицина мамандығы 504-топ студенті К.Тулееваның қатысуымен жүргізілді.
Анамнездік мәліметтер. 7.11.2018 күні аурудың алғашқы клиникалық белгілері көріне бастады. Шошқа азықтан бас тартып, дене ыстығы 40 С-қа көтерілген, артқы аяқтары әлсізденген, содан кейін төсеніш астына тығылғандай жатып қалған, денесінде тарғыл бөртпе шыққан. 11.11.2018 күні өлген. Мал иесі: Шортанбаев Олжас
Қолданылған ем-шаралар: Басқа торайлардан оқшауланып, пенициллин егілді.
Клиникалық диагноз - шошқа тілмесі.
Сыртқы көрінісі.
І. Танымдық белгілері. Өлексенің денесі ісінген, көгеріңкі, дене бойын әртүрлі мөлшерлі және пішінді қою қызыл дақтар жапқан.
Дене құрылысы: дұрыс.
Өлексе түрі: Шошқа
Жынысы: торай
Тұқымы: "ландрас"
Жасы: 9 айлық
Түсі: ақ
Ерекше белгілері: тұмсығында шығыршық салынған
Жеке номері: KZF358774665
Қоңдылығы: орташадан төмен
ІІ. Өлексе белгілері: Өлексенің дене температурасы қоршаған орта температурасынан төмен. Өлексенің іріп-шіруі байқалмайды. Мойынының, алдыңғы және артқы жақтарының бұлшықеттері тығыз, көздің кілегейлі қабығы құрғақ, бозарған көгілдір реңді, көз алмасы солғын, шүңірейіп кеткен. Көздің қасаң қабығы аздап қарауытқан.
ІІ. Арнайы бөлім.
Тері және тері астындағы шелі: Өлексенің шап, мойын, құрсақ, жамбас, арқа тері беттерінде қою қызыл- көгеріңкі аймақтары көрінеді. Тері және тері астындағы қан тамырлары кеңейген, тері асты шелі сұйықтықпен домбыққан. Кей жерлерде ұсақ қанталаулар кездеседі.
Көзге көрінетін кілегей мен көздің жағдайы: Көзінің кілегей қабығы домбықан, өте ылғалды, түсі көгеріңкі және ұсақ қанталаулар көрінеді. Сыртқы жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары қабынған, қызарған, сарғыш - қызғылт сұйықтық жапқан. Сонымен бірге шашыраңқы қанталаулары қөрінеді. Алмасы қанталаған, қасаң қабығы бозарып, мүйізді қабаты қанталаған.
Бұлшық еттері мен сіңірлері: Бұлшық еттері болбыр, түсі қызыл. Артқы аяқ бұлшық еттері мен сіңірлері қысқарған.
Сүйектер мен буындар: Сүйек бүтіндігі бұзылмаған, қатты консистенциялы, сүйек қабы тегіс. Жамбас және тізе буындары ісінген, буын қапшығында сарысулы сұйықтық жиналған. Буын қабы қалындаған, шеміршегі бұдырлаған.
Сыртқы сөл бездері: сөл бездерінің қан тамырлары қанға толып, көлемі ұлғайған, сұр-қызғылт түсті, болбыр. Лимфалық түйіндері домбыққан, іріңді сұйықтық жиналған, көлемі ұлғайған, қан тамырлары қанмен кернелген, көкшіл түске боялған. Жақ асты, шап лимфалық түйіндері қанталаған. Көлемі ұлғайған, тығыз, түсі қошқыл қызыл, кескенде суреті анық емес, шеттері бірікпейді.
Ішкі көрінісі.
Ауыз қуысы: кілегей қабығы, қызыл иегі, тілі ісінген және оларда шашыраңқы қанталаулар табылған. Тілінің көлемі сәл ұлғайған, жұмсақ болып келеді. Ауыз қуысының іші ылғалды. Кескенде шеттері бірігеді.
Өңеш пен жұтқыншақ: кілегей қабығы ісінген, қанық қызыл түсті, нүктелі қанталаулары бар. Үстін кілегей жапқан.
Танау қуысы: Танау қуысы тарылған. Кілегей қабығы ісінген, қызарған, ылғалды, түйіршікті қанталаулар бар. Танау айнасы да қызарған.
Көмей, кеңірдек және бронхылар: кілегей қабықтары ісінген және көкшіл тартқан. Қуыстарының ішінде көпіршікті қызыл сұйықтық іркілген және нүктелі қанталаулар табылған.
Өкпе: Өкпесі біркелкі домбыққан, қамыр тәрізді консистенциялы, ыдырамаған, қызыл көк түсті. Өкпе бөліктері суда ауыр қалқиды. Вена қан тамырларында қан іркілген.
Жүрек: Жүрегі ұлғайған, борпылдақ келген, қан тамырлары қанға толы. Жүрек қабында іріңді сарысулы іркілген. Эпикард пен эндокардтың астында нүктелі қанталаулар табылды. Оң жақ қарыншасы кеңейген (1:4). Эндокард қою қызыл түсті, бұлыңғыр, қан ұйыған және кедір - бұдырлы.
Құрсақ қуысы: Мүшелердің орналасуы ауытқымаған.
Көкет (диафрагма): өкпе ісінгендіктен сәл ығысқан, тығыз, жылтыр, тегіс.
Қарынның кілегейлі қабығы қабынған, ісінген, ашық қызыл түсті. Жиырылатын жерлерін тіліп қарағанда ұсақ қанталаулар мен жаралар анықталған. Қабырғасы қалындаған. Қарын іші қою созылмалы үлкен көлемдегі сірмен жабылған.
Ащы ішек: қанталаулар бар және қою созылмалы затпен жабылған.
Мықын ішек- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
Тоқ ішек: ішінде аз көлемде сулы зат бар. Кілегей қабығы қабынған, ісінген, ашық қызыл түсті. Жіңішке ішек қабырғасы қалыңдаған.
Бүйен- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
Жиек ішек- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
Тік ішек- кілегейлі қабығы қызарған, қанталаған, ісінген, эпителий қабаты зақымдалған, нүктелі қан құйылулар кездеседі.
Бауыр: ісінген, қанға толы, қызыл- қоңыр түсті, борпылдақ консистенциялы. Ауада өзіне тән ашық қызыл түске ауысады. Өт қабының қабығы сәл қалындаған, қызғылт тартқан. Оны қысқанда өт ішек саңылауынан бөгелусіз ағады. Кескенде қан ағады, шеттері бірікпейді.
Көкбауыр: домбыққан, қызыл-қоңыр түсті, қан іркілген, консистенциясы борпылдақ. Шеттері жүмырланған, қолмен ұстағанда жұмсақ. Саусақтарды қаттырақ басқанда пульпасының езілгені сезіледі. Кескенде шеттері бірігеді.
Бүйрегі: көгерген, көлемі ұлғайған. Қабығы ұлпадан қиын ажыратылады. Қыртысты қабатында нүкте тәріздес қызыл ошақтар көрінеді. Бүйрек шумақтары қабынған. Бүйрек қабында қан түйіршіктері араласқан экссудат жиналған. Вена қан тамырлары кеңейіп, қанға толған.
Қуық, несеп шығару түтігі: Қуығы несепке толы. Қуықты қолмен қысқанда несеп түтігі арқылы несеп бірқалыпты ағады. Кілегей қабығы ісінген, қабырғасы қалыңдаған. Несептің түсі қызғылт тартқан.
Жыныс мүшелері: кілегей қабықтары ісінген, қызарған, сарғыш- қызғылт сұйықтық жапқан. Сонымен бірге шашыраңқы қанталаулары көрінеді. Шажырқай мен шарбы майы: мөлшері орта, сарғыш-ақ түсті. Қан тамырларының кеңейіп, қанға толуы көзге түседі.
Ми тамырлары: ми қабығының қан тамырлары кеңейіп, қанға толған. Мұндай өзгерістер әсіресе мидың оң жақ жартысында айқын көрінеді.
Патологиялық анатомиялық диагноз:
1. Терідегі эритема;
2. Геморрагиялық диатез;
3. Сепсистік көкбауыр;
4. Сарысулы лимфаденит;
5. Бауырдың жіті веналық гиперемиясы және гепатоз;
6. Бүйректің жіті веналық гиперемиясы;
7. Гломерулонефрит;
8. Жіті катарлы гастроэнтерит;
9. Өкпенің жіті веналық гиперемиясы және домбығуы.
Б) Қосымша зерттеулер. Бактерилогиялық зерттеу нәтижесінде жағындыдан шошқа тілмесі қоздырушылары табылды.
Қорытынды. Эпизоотологиялық, анамнездік, сойып-зерттеу және бактериологиялық зерттеу мәліметтері бойынша шошқаның тілме ауруының жіті түрімен ауырып өлді деп тұжырымдадық.
ІІ. Шошқа тілмесі ауруына сипаттама
Анықтамасы. Шошқа тілмесі (Erysipelas (медициналық термин) suum, рожа свиней) - жіті өткенде өлі тиіп, терінің қабынып кызаруымен, ал созылмалы өткенде жүрек пен буындардың қабынуымен ерекшеленетін и нфекциялық ауру.
Тарихи деректер. Бұл аурудың тарихы сонша бай емес, өйткені бұл ауруды ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін топалаң, сүзек (тиф) және басқа да аурулардан ажыратылмай келді. Бірінші болып 1842 жылы Спинола өзінің Заболеваемость свиней атты еңбегінде тілмені топалаңнан ажыратты. 1869 ж. Карстен мен Гармсом тілменің өзінше жеке ауру екенін анықтады. Алғаш рет ауру қоздырушысын анықтап ажыратып жазған Л. Пастер және Л. Тюйе (1882) болды.
Індеттік ерекшеліктері. Тілменің қоздырушысы көбінесе шошқалардың ерте жасында індеттік ауруларды шақырады. Ірі қара және ұсақ малдардың, жылқылардың, үй және жабайы құстардың кейбір түрлерінің, балықтардың, шаяндардың, крабтардың және тышқандардың ауырған жағдайлары туралы әдебиетте мәлімет кездеседі. Адамдарда бұл ауру Розенбах эризипелоиды атымен белгілі. Тілме жаз айында шошқалар жайлымда болатын кезінде жұғу процесі жүреді. Шошқалар алиментарлық жолмен - жер бұзылғанда және әр түрлі зарарланған өсімдік және жануарлар қалдықтарын жегенде жұқтырады. Әсіресе бұл жағынан нашар көмілген өліктер қауіпті. Сонымен қатар азықпен (еттік жануарлар), шошқалар зарарланған балшықтарда жатқан кезде тері арқылы жұқтыруы мүмкін. Аурудың бірінші жағдайлары пайда болған кезде, табынның жұқтыруы тікелей жанасу жолымен жүреді. Көбінесе 6 айдан 12 айға дейінгі жас малдар ауырады. Қоршаған ортадағы және бірінен бұрын жайылым топырағындағы, серуендеу қорасындағы және шошқа қора территориясының айналасындағы қоздырушының төзімділігімен байланысты осы аурудың тұрақтылығы эпизоотологиялық ерекшеліктердің бірі болып табылады.
Морфологиясы. B. Rhusiopathiae suis қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, грам оң, полиморфты кысқа таяқша.Шошқа тілмесінің қоздырушысы 0,2 - 0,3 x 0,5 - 1,5мкмкөлеміндегі қысқа, үйлесімді, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz