Жылқы альфортиозы
Жоспар
I. Жылқы альфортиозы
1. Этиологиясы ;
2. Аурудың даму механизмі ;
3. Клиникалық белгісі ;
4. Патологиялық-анатомиясы ;
5. Диагнозы ;
6. Емі ;
7. Диференсиялды диагностика ;
I. Хаттама
II. Пайдаланған әдебиеттер
I. Жылқының альфартиозы - құрсақ қуысы ылғалды қабығының қанталауларға, қабынуға (перитонитке) ұшырауымен сипатталатын, Alfortia edentatus жұмыр құртының балаңқұрттары қоздыратын инвазиялық ауру. Ауру жас және кәрі малда зілдірек өтеді.
Этиологиясы
Қоздырушысы Alfortia edentatus тоқ ішекте паразитті тіршілік ететін жұмыр құрт . Аналығының ұзындығы - 23-26 мм, аталығы - 32-40 мм құрайды . Сыртқа түскен жұмыртқалар біраз уақыттан кейін инвазиялық балаңқұрттарға айналады.
Олар шөпті, азықты, суды ластап жылқылардың организміне түседі Жұқпалы балаңқұрттар жылқы организміне алиментарлық жолмен енген соң, сыртқы қабықшасын тастап, ішек қатпарларын тереңірек бойлап , оның сірлі қабығының астына түседі. Одан әрі шажырқай бойымен жылжый отырып, оның түбіріне дейін жетеді. Құрсақ қабатының ішкі көкшандыры астымен кіндікке немесе төске жылжып, майлы ұлпаларға енеді. Олар қоныс тепкен жерлерде іші қанға толы қуыстар пайда болады, онда олар түлейді , өсіп дамиды. 5-6 айдан кейін жас немотодалар осында келген ізімен қайтадан шажырқай түбіне қайырыла оралады да, ет және кілегей қабықтары арасында 3-4 апта шамамен аялдап , көлемі бұршақтай түйін құрып , біртіндеп тоқ ішекке ауысады. Толық даму айналым уақыты 8-9 кейде 10 айға созылады.
Аурудың даму механизмі
Кезбе балаңқұрттар жылқы ұлпаларын жарақаттайды , қанталатады. Паразиттің уландыру (токсикалық) әсерінен қан аздық (анемия) байқалады, мал әбден арықтап , көтерем болып , кейде шығынға ұшырайды. Личинкалар шарлай жүріп , иесінің денесіне зардапты микрофлора енуіне себепші болады. Іріңді бактериялармен асқынған кезде септикалық перитонит пайда болады. Бұл ішқұрт ауруының қылау мен тығыз байланысы бары дәлелденген.
Клиникалық белгісі
Альфортиоз жіті және созылмалы түрде болады.
Жіті түрі тек құлындарда байқалады, бірнеше күн аралығында өрбиді. Жануар күйсізденеді, әлсірейді, қан аздық байқалады, 6 күн ішінде әлсін-әлсін түйнеу белгілері біліне бастайды. Мал артық қозғалғанды жақтырмайды, өйткені сірлі қабықтарында орналасқан балаңқұрттар оның көптеген нерв талшықтарын қысып, ауыртады. Дене температурасы 40-41,9º С-ға дейін көтеріледі, қан тамырының соғуы мен демалуы жиілейді, қарынын сиапғанда жануар қатты ауырсынады, ыңқылдайды, бүйіріне жатқысы келіп түрады немесе бүкірейіп тұрып алады. Қан аздықтан және көтеремдіктен жануар өлімге ұшырайды.
Созылмалы түрі құлындар мен кәрі жылқыларда байқалады және ол 1,5-2 айға дейін созылады. Клиникалық көріністер аурудың жіті түріне ұқсайды(күйсізденеді, қан аздық), бірақ одан көмескі, айқын емес.
Патологиялық анатомиясы.
Құрсақ қуысының бет пердесі зақымданып, көмескіленеді, онда қара-қызыл көкшіл реңді, өлшемі 5 - 6 см дей, оданда үлкен дақтар - қанталаулар пайда болады. Кейде бұл дақтар бір-бірімен бірігіп, көлемденеді, ересек адамның алақанындай аумаққа айналады. Бұл дақтарда жіп сияқты немесе бүктеліп сақинаға ұқсаған балауса альфортиялар көрінеді. Бұл зақымданулар құрсақ қуысының оң жақ қабырғасында зілдірек болады. Организмге енген балаусалар саны өте мол болса, құрсақ қуысының бет пердесі түгел дерлік лайланады, бұдырланады, көптеген фиброзды өсінділермен бүркеледі; фиброзды өсінділер мүшелерді бір-біріне жабыстырады. Альфортийлік перитонит әдетте асептикалық сипатта болады. Алайда, кейде қабыну процесі іріңдеткіш микрофлора әрекетінен асқынып, іріңді-фибринді перитонитке ұласып, малды өлімге ұшыратады.
Диагнозы
Малдың тірі кезінде альфортиозды анықтаудың тәсідері әлі табылған жоқ. Сойылған мал ішінен ересек құрттарды, ал көкшандыр қабынған тұстарын кесіп мұқият зерттеп, олардан нематоданың әртүрлі даму сатысындағы ұрпақтарын іздестіріп табу арқылы дұрыс диагноз қояды. Лабарториялық әдістен тек гельминтоовоскопиялық әдістер қойылады. Малдың нәжісін зерттегенде Фюллеборн немесе Дарлинг әдісін қоюға болады. Бірақ осы аталған әдістер арқылы тек қана странгилиятоздар бар деген диагноз қоюға келеді. Себебі барлық странгилияталардың жұмыртқаларының құрлысы барлық түріне ұқсас болып келеді. Олар сопақша келеді, ақсұр немесе бозғылт реңді, көлемі 0,07-0,1*0,04-0,045 мм, қабықшасы 2 қабаттан құралған, ішінде 8-32 ұрық бластомері бар.
Емі
Ішекте орналасқан ересек сатыларына антигельминтиктерді қолданады .
1. Төрт хлорлы көміртегі -8-40 мл малдың жасына қарай, 18 сағаттық аштықтан соң береді. Дәріні желатина капсула түрінде немесе танау, кеңсірік, өңеш зонды арқылы береді.
2. Фенотазин - 0,1гкг мөлшерінде , ылғалды сұлымен немесе басқа құрама азықпен береді.
3. Панакур ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz