Халықаралық сауданың теориялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
МСЖ құжат 3 деңгейлі
ОӘК

ПОӘК 042-18.2.1.02101-2013
Әлемдік экономика пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен

Баспа №

5В011500 - Экономика және құқық негіздері мамандығына арналған
Әлемдік экономика пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ - 2013

Мазмұны

1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық сабақтар
4. Студенттердің өздік жұмысы

1. ГЛОССАРИЙ

Әлемдік шаруашылық - бұл өндірістік, сауда және қаржы қатынастары негізінде бір-бірімен байланысты болатын ұлттық шаруашылық пен басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің жиынтығы.
Шаруашылық өмірді интернационалдандыру - халықаралық мамандандырылу мен еңбек бөлінісіне негізделген әр түрлі ұлттық шаруашылықтар байланыстарының пайда болуы мен тереңдеуінің объективті тарихи процесі.
Меркантелизм - шетке көп тауар сатып, шеттен аз тауар сатып алуды жақтайтын мектеп.
Халықаралық еңбек бөлінісі - жеке елдердің белгілі бір тауарлардың түрлерін өндіруге мамандануы және осы тауарлармен айырбас жасауы.
Елдің экономикалық потенциалы - бұл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, күрделі құрылысты, жүктерді тасымалдауды, халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ете алатын халық шаруашылығы салаларының қабілеттілігінің жиынтығы.
Ғаламдық - термині бүкіл адамзат баласының жалпы мүдделерін қамтитын жалпыпланетталық мәселелерді білдіреді.
Ғылыми-техникалық революция - өндіргіш күштер саласындағы революция.
Елдің ресурстармен қамтамасыз етілуі - табиғи ресрустар және оларды пайдалану арақатынасын білдіреді.
Трансұлттық корпорациялар - халықаралық көлемде әрекет ететін және дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісі мен сауданың басым бөлігіне бақылау жасайтын ірі компаниялар.
Салыстырмалы өндіріс шығындар теориясы - өз елінде салыстырмалы түрде арзанға түсетін тауарларды өндіру мен экспорттау және өз елінде өндіруден әлдеқайда арзанға түсетін тауарларды сырттан әкелу.
Сыртқы сауда саясаты - мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынастарына бағытталған әсері.
Протекционизм - отандық экономиканы шетел бәсекесінен қорғау саясаты.
Автаркия (томаға-тұйық шаруашылық) - бұл шаруашылықтың оқшаулану саясаты, елдің өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуі, ерікті немесе мәжбүрлі түрде әлемдік нарықтан жекеленуі.
Халықаралық жұмысшы күші миграциясы - жұмыс күшінің бір елден екінші елге ауысуы.
Иммиграция - елге жұмыс күшінің келуі.
Эммиграция - елден жұмыс күшінің кетуі.
Импорттық операция - бұл шеттен әкелу арқылы шетелдік мемлекеттерден тауарды сатып алу.
Экспорттық операция - шетке шығару арқылы шетелдік мемлекеттерге тауарды сату.
Реимпорттық операция - бұл бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу.
Реэкспорттық операция - бұл бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату.
Экономикалық интеграция - бірыңғай шаруашылық организмін құруға бағытталған бірқатар елдердің ұлттық шаруашылықтарының жақындасуы және өзара біте-қайнасып кетуі.
Кедендік тариф - бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі.
Кедендік баж салығы - мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына
салынатын салық.
Квота - белгілі бір кезеңде импорттық немесе экспорттық тауарға құнын немесе мөлшерін шектеуді білдіреді.
Капиталды шетке шығару - бұл жүйелі түрде пайда алу және басқадай экономикалық, саяси ұтыс мақсаттарында ақшалай немесе тауар түріндегі құндылықтардың шетелге ауысуы.
Портфельді инвестиция - шетел кәсіпорынына бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін, акциялар, облигациялар және капитал салымдарының басқадай түрлері.

ҚЫСҚАША ДӘРІС КУРСЫ

Тақырып 1. Əлемдік экономика: мəні, қалыптасуы жəне даму кезеңдері

Дәріс сабағының мазмұны:
1. Əлемдік экономиканың мəні мен ерекшіліктері
2. Əлемдік экономиканың негізгі субъектілері
3. Еңбектің халықаралық бөлінісі жəне оның формалары
4. Халықаралық экономикалық қатынастардың (ХЭҚ) негізгі формалары
5. Əлемдік экономиканың даму кезеңдері

Қандай да пәнді зерттеуге кіріскенде, оның объектісі мен мәнін анықтау қажет. Халықаралық экономикалық қатынастар да осы кағидаға бағынады. Бұл ғылымның объектісі - дүниежүзілік шаруашылық, ал пәні - мемлекет шекарасынан сырттағы экономикалық қатынастар болып табылады. Өйткені қазіргі тарихи жағдайларда, әлеуметтік өмірдің негізгі ұйымдық түрі - мемлекет болып табылады. Қаншалықты өзгеше болып көрінгенімен, халықаралық экономиканың мәнін түсіну жеңіл. Бұл жерде экономистер арасында терминологиялық айрықшалықтар кездескенімен, аса көп қайшылықтар жоқ. Қысқаша сыртқы экономикалық сөздік-анықтамада Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген, әр түрлі елдердің ұлттық экономикаларыарасындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі- деп жазылған. Ал кейбіреулерінде Халықаралық экономикалық қатынастар (дүниежүжілік шаруашылық байланыстары) - әлем елдерінің арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесі - делінген. Басқадай көптеген оқулықтар мен оқу құралдарындағы анықтамалар бұлардан онша ерекшеленбейді.
Сонымен тұжырымдай келе, халықаралық экономика пәні әлемдегі көптеген елдер не үшін халықаралық сауда жасауға тырысатынын анықтауға мүмкіндік береді.
Халықаралық экономикалық қатынастар басқа экономикалық қатынастар сияқты бір реттік, мызғымас қатынастардан тұрмайды. Оған үдайы өндірістің горизонталды ғана емес, вертикалды қатынастар сияқты әр түрлі реттік қатынастар енеді. Негізінде ұдайы өндірістік байланыстың кез келген бөлігі халықаралық болып келуі мүмкін. Бұл көптеген жағдайларға байланысты, бірақ ең біріншіден, елдің халықаралық еңбек бөлінісіне енуіне байланысты болады. Осыған сәйкес, халықаралық экономикалық қатынастар әр түрлі түрлерге ие болады. Көптеген оқулықытар мен оқу құралдарында халықаралық эконмоикалық қатынастар түрлеріне мән берілмейді.
Халықаралық экономикалық қатынастар - әлем елдері арасындағы шаруашылық байланыстар жүйесі.ХЭҚ маңызды түрлеріне халықаралык сауда, жұмысшы күші миграциясы, капиталды шетке шығару мен халықаралық несие, халықаралық валюталык және есеп айырысу қатынастары, халыкаралық ғылыми-техникалық және өндірістік байланыстар жатады. Бұл түрлері өзара тығыз байланысты және өзара әсер береді.
ХЭҚ алдыңғы қатарындағы түрі халықаралық сауда болып табылады. Сауда халықаралық болып бастамасын ішкі рулық еңбек бөлінісіне әсер еткен тайпалар арасындағы саудадан басталған. Бүгін халықаралық сауда экономика ғылымының жеке саласы болып, ары қарай дамып, жаңа түрлерін тудыруда.
Әрбір сауда қатынастары нәтижесінде ақшаны тудырады. Ақшасыз халықаралық сауданың дамуы мүмкін емес. Сондықтан келесі ХЭҚ-дың маңызды түрі - халықаралық қаржы (акша) қатынастары болып табылады. Халықаралық деңгейде ақша валюта түріне ие болғандықтан, бұл түрін валюта-қаржы қатынастары деп атау қабылданған. Бүгінде ол ХЭҚ-дың ең дамыған түрі. Ақша әр түрлі функция атқаратыны белгілі, оның ішінде ең бастылары айналым құралы, құнөлшемі мен қор жинау болып табылады. Ақшаның бұлфункциялары тарихи даму барысында бөлініп, жеке дара жаңа түрлерін тудыруда.
Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы өндірістің халықаралық мамандануы мен кооперациясы сияқты түрлерін өмірге келтірді. Олардың шаруашылық өмірінің интернационализациясына ғана емес, белгілі бір даму деңгейінде ұлттық экономикалардың ингеграциясын тудырады. Әлемде интеграция процесі бір қалыпсыз, қайшылықты өтуде. Қазір ол әлемдік экономикалық процестердің ажырамас бөлігі болып, жер шарының белгілі бір аймақтарында ХЭҚ-ы шоғырландыруда.
ХЭҚ-тар субъектісі дегенде, осы қатынастардың дамуы мен өзгеруіне белсеңді іс-әрекетімен әсер ететін ХЭҚ қатысушыларын айтамыз. Бұл ұғымның негізгі мазмұны халықаралық құқықта ашылған, бірақ ол әр түрлі субъектілерінің ХЭҚ-ғы орнының өзгеру әсерінен дамиды.
Әлемдік экономика шығу тегі мен мәніне қарай нарықтық экономика болып табылады. Әлемдік экономиканың пайда болуының шарты әлемдік нарық болған. Нарықтық экономика өндіріс факторларына жеке меншіктің болуын жоспарлайды, осыған сәйкес оның қатысушылары (субъектілері) белгілі бір функциялары бар, тең құқылы меншік иелері болып табылады. Нарықтық экономика субъектілерінің өзара байланыстылығының жалпы схемасын былай көрсетуге болады: Үйшаруашылықтары (ресурс иелері)-кәсіпорындар (кәсіпкерлер)-мемлекет (шаруашылық процестердің іюттелуі). Әлемдік экономика нарықтық болғандықтан, мұнда да сол субъектілер іс-әрекет етеді: жекелеген индивидтер (жеке тұлғалар); кәсіпорын, фирмалар (заңды тұлғалар); мемлекеттер мен оған қосымша ретінде халықаралық экономикалық үйымдар.
Дүниежүзілік шаруашылық бұл бір-бірімен тауарлы-ақша қатынастарымен байланысқан, егеменді ұлттык мемлекеттердің жиынтығы болып табылады.Осы шаруашылыққа дамыған және дамушы еддер енеді. Бұл процесс ХҮІ-шы ғасырдың аяғы мен XX-шы ғасырдың басына дейін жалғасып, үш жүз жылдан астам уакытқа созылды.
ХҮІ-шы ғасырдың соңында пайда болған ұлттық мемлекеттер арасындағы тауар айырбасы ХХ-шы ғасырдың басында жалпы дүниежүзілік сипатқа ие болды. Нәтижесінде олардың арасында тұрақты экономикалық байланыстарды қалыптастырды. Бұған даму деңгейі әр дәрежедегі бір қатар дамушы елдер де жатады.
Статистиканың куәландыруына қарағанда, үлкен жетілік елдердің көп экономикалық мүмкіншілігі барлығын байқатады. Ондағы тұрғындар жалпы алғанда 650 млн. адам болып, әлем халкыныц 12%-нан астамын құрайды. Осы жетілік үлесіне дүниежүзілік жалпы ұлттық өнім мен өнеркәсіп өндірісінің 50%-дан артығы, ауыл шаруашылығы өнімнің 25%-дан астамы келеді.
Дүниежүзінде тұратын халықтың орташа тұрғынымен салыстырғанда, жетілікке енетін елдердің бір тұрғынына 4-4,5 еседен артық азық-түлік келеді екен.
Жоғарыдағы жетілікке енетін елдерге өндірістік қатынастары өте жақын болып, жаңа индустриалды елдер тобын құрайтындар жатады. Оларға: Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур жатады. Бұл елдердің дамуына ірі шетел инвестициясы -- әсіресе, американ, жапония, батыс-еуропаның капиталдары -- көмектесті. Соның аркасында өнеркәсіп өндірісі саласында ірі құрылыс жобалары жүзеге асты.
Экономикалық дамуы жағынан екінші деңгейде Таяу ПІығыстағы мұнай өндіруші елдер: Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Аравиясы жатады.
Өнеркәсіптік катынастары аса дамымаған топқа 40-қа жуық елдер енеді. Дүниежүзілік шаруашылық аясында өтпелі кезеңнің экономикалық дағдарысынан шыға бастаған елдер де талпыныс жасауда. Нарықтық қатынастарға талпыныс байқатқан Шығыс Европа жәнс ТМД елдері тартылуда. Дүниежүзілік шаруашылықтағы 100-денастам елдер дамымаған елдер қатарын құрайды. Жоғары дамыған елдердің индустриалды дәрежеден постиндустриалды (ақпаратты) коғамға өтуінде олардың даму деңгейі тым төмен көрінеді.

Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Әлемдік экономиканың зерттеу обьектісі не?
2. Әлемдік экономиканың қандай негізгі принциптерін атайсыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Догалова А. Халықаралық экономика . А. Экономика,2000
2. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. А. Қаррасай, 2006
3. Елемесов Р. Халықаралық экономикалық қатынастар. А:Қазақ университеті ,2002

Тақырып 2. Əлемдік экономика дамуының қазіргі бағыттары
1. Əлемдік экономиканың қазіргі кездегі дамуының ерекшеліктері мен негізгі тенденциялары
2. Экономиканың постиндустриализациясы
3. Экономиканың транснационализациялануы
4. Шаруашылық өмірдің жаһандануының мəні мен көрініс беру формалары

Халықаралык сауда - мемлекеттер және ұлттык шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда калыптасып, бірақ тек XX ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатысады. Халықаралық сауда дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи - жағрафиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өңдіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.
Меркантилизм (итал. - саудагер) - байлықтың көзі оң сауда балансын іске асыру есебінен жүргізілетін сыртқы саудада деп таныған 16-18 ғғ. экономикалық ой бағыты. Меркантилизм экономикалық ойлардың ең алғашқы жүйеленген мектебі болды. Меркантилизм саясаты экспортқа арналған тауарлар өндірісін арттыруды мақсат етті. Осы мақсатқа сәйкес меркантилистер өнеркәсіп дамуын, протекционизмді жақтады, теңіз флотын дамытуды, отарлар жаулап алуды, осы шараларды іске асыру үшін қажет қаржыны салық жинауды арттыру арқылы табуды қолдады.
Меркантилизм екі кезеңге бөлінеді: ертежәне кейінгімеркантилизм.
Ертемеркантилизмге(16 ғ. бірінші жартысы) келесілер тән:
- тауар импортын жан-жақты шектеу;
- елден алтын мен күмісті шығару өлім жазасымен жазаланды;
- экспортталатын тауарларға баға жоғары койылды;
- биметаллизм жүйесі (алтын және күміс монеталар арасындағы белгіленген аракатынас).
Ерте меркантилизмде ең бастысы ақша балансы теориясыболды. Бұл теория ақшалай байлықты заң жүзінде арттыруға бағытталған саясатты негіздеді. Ақшаны елде қалдыру мақсатында оларды шетелге шығаруға тыйым салынды. Шетелдіктер сатудан түскен барлық ақшаны жергілікті бұйымдарды сатып алуға жұмсауға міндетті болды.
Кейінгі меркантилизмнің негізгі белгілері:
- тауарлар импорты мен ақшаны шетелдерге шығару бойынша катаң шектеулерді алып тастау;
- сауда балансы идеясы үстемдік етті;
- мемлекеттің экономикалық саясатының протекционизмі;
- ақшаның негізгі қызметі ретінде айналым құралы қызмет белгіленді;
- монометаллизм жүйесі.
Кейінгі меркантилизмге (16 ғ. екінші жартысы - 18 ғ. басы) активті сауда балансы жүйесі тән. Бұл баланс өз елінің дайын бұйымдарын шетелге шығару жолымен және делдалдық сауда көмегімен қамтамасыз етілді. Осыған байланысты ақшаны шетелге шығаруға рұқсат етілді.
Меркантилизмнің прогресшіідігікапиталистік мануфактураға негізделуінде болды. Меркантилизмніц кемшілігіоның зерттеу сферасы ретінде тек сауда сферасын таңдауы.
Д. Рикардо салыстырмалы артықшылық теориясын жасады. Бұл теорияда Д. Рикардо халықаралық сауданың тиімділігін (артықшылығын) салыстырмалы шығындарды өзара салыстыру негізінде дәлелдеп берді. Яғни, егер әр түрлі елдер әр түрлі экспорттық тауарлар бойынша салыстырмалы артықшылыққа ие болса, онда осы елдердің арасындағы халықаралық еңбек бөлінісі және сауда өзара тиімді болып табылады.
Экономикалық ғылымда халыкаралық еңбек бөлінісі туралы төмендегідей негізгі экономикалық теориялар қалыптасты. Халықаралык еңбек бөлісінің негізгі ілімін абсалютті және салыстырмалы артықшылық теориясы құрайды. Классикалық осы теория Адам Смит мен Давид Рикардоның XVIII ғасырдағы еңбектерінде айтылған. Аталған теорияның пайымдауынша: әрбір ел басқа елге карағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіне аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс. Осы теорияның олқылықтары мынада: мұнда енбек бөлісінің жүзеге асуын кысқарған үдісге -- екі ел мен екі тауарға арнап қарастырған. Демек, бұл салыстырмалы артықшылықтың жалпы моделі ғана.
Халықаралық еңбек бөлісінің пайда болуы, оның дамуы мен тереңдеуі өндіргіш күштердің өсуімен анықталады.Халықаралық енбек бөлісінің қалыптасуы ірі машина өпдірісіне байланыстырылып, одан шикізат пен жанар жағар өнімдерін барынша арттыруды талап етеді. Көптеген елдерде қаланың өсу урбанизациясын тудырып, азык-түлік тауарларына, ауыл шаруашылық өнімдеріне сұранымды кәдімгідей арттырады.
Халықаралық еңбек бөлісін негізінен үш типке бөледі: жалпы, жеке және ерекше. Жалпы халыкаралық еңбек бөлінісі дегеніміз (бұл ұлттық экономикадағы коғамдық еңбек бөлісіне тән) еңбек бөлінісінің өндіріс саласыменжіктелуі. Мысалы: өңдеу мен кен қазу өнеркісібі, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп т.б. Бұл жағдайда жеке елдердің территориялық мамандануы қалыпты табиғи-климаттық жағдаймен айқындалады. Ал, халықаралык еңбек бөлінісінің байқалуы экспорт -елдердің индустриалдық, шикізаттық және аграрлық бөлуінен білінеді. Жеке халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз елдердің дараланған белгілі өндіріс саласының дайын өнімге мамандандырылуын айтамыз.Халықаралық еңбек бөлінісінің бұл түріне жоғары деңгейдегі өнеркәсіптің жіктелуі тән. Ерекше халықаралық еңбек бөлінісі деп әр түрлі елдердің дараланған тетік, деталь, агрегаттар мен өнім компоненттерін дайындауды айтамыз.Осы аталған техиологиялық стадиясы -өндіргіш күштердің жоғары дамыған дәрежесіне сай келеді және ол ең жоғарғы тип больш табылады.
Халықаралық еңбек бөлінісінің аталған типтері көбіне қабысып жатады. Қазіргі жағдайда ерекше халықаралық еңбек бөлінісінің басымды болу тенденциясы анық байқалады. Сондай-ақ оның барлық типтері деталді және кооперациялық мамандандырылумен толықтырылып, өндіріс процесі кооперацияланады. Мысалы, американың Форд Моторс концерні құрастыруга қажет материалдарды 25 мың шетел фирмасынан сатып алалы. Осындай жағдай Рено (Франция), Фиат (Италия), Тойота мен Ниссан (Жапония) концерндерінде және т.б. байқалады.

Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің кұрылымына тәуелді. Егер XIX ғасырда айырбаста кебінесе шикізат, азық-түлік жеңіл өнеркәсіп өлімдері ғана болса, қазіргі кезде онеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машина мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейілгі уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 35-тен 13-ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 23-ке өсті. Құрастырмалы бұйымдар қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қаркынмен дамыды, мысалға, машиналардың түйіндерін құрастыру және басқа да кұрал жабдықтар мен халық тұтынатын техниканы жасау жұмыстарын айтуга болады., мемлекеттік монополия ақшалай байлықты арттыруға ұмтылды.
Бірақ қатаң протекционизм сыртқы сауданы қысқартып, ұлттық экономикалардың оқшаулануына әкеп соқтырды. Сондықтан Ұлыбританиядағы өнеркәсіптік төңкеріс елді еркін сауда (фритретерство) саясатына өтуге мәжбұр етті. "Еркін сауда" саясатының негізін Р.Рикардоның салыстырмалы шығындар теориясы қалады. Осы бағытты ұстанған Ұлыбритания жаңа рыноктарды жаулап алып, дүниежүзілік экономикада жетекші орындарға ие болды. Кейінірек басқа елдер біртіндеп "еркін сауда" саясатына көше бастады.
Дүниежүзілік саудадағы тұрақсыздық экономикалық дағдарыстар XX ғасырдың басында бірқатар елдерді сауда протекционизм саясатын қайта өршітуге жетеледі, яғни дүниежүзілік рыноктың еркін дамуына бас тартуға итермелейді. Мұның өзі бұрыннан қалыптаскан мемлекетаралық сауда қатынастарының бұзылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде протекционизм ішкі рынокта ұлттық компанияларға қолайлы жағдайлар жасауға және оларды шетелдік өндірушілер бәсекесінен корғауға ұмтылады. Шеттен әкелінетін тауарлар бағасына кеден салынған арттыру арқылы олардың ұсынысы шектеледі, сөйтіп ішкі рыноктағы бәсекенің әлсіреуі нәтижесінде импорттың, тауарлардың да, отандық өндіріс өнімдерінің де бағалары шарықтап кетеді.
Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. ХЭҚ негізгі бағыттарын атаңыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Догалова А. Халықаралық экономика . А. Экономика,2000
2. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. А. Қаррасай, 2006
3. Елемесов Р. Халықаралық экономикалық қатынастар. А:Қазақ университеті ,2002

Тақырып 3. Əлем елдерінің типологиясы
1. Əлем елдерінің классификациясы (типологиясы) жəне оның негізгі өлшемдері
2. Елдердің табыс деңгейлері бойынша классификациясы
3. Экономиканың даму сатылары (өсу) бойынша елдерді классификациялау
4. Елдер арасында əлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша алшақтық ұғымы мен
көрсеткіштері.
5. Қуып жету дамуының моделі

Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда ХЕБ-не көптеген факторлар әсер етеді. 19-20 ғасырдың басында ХЕБ дамытуда жаңа тенденциялар пайда болып, салыстырмалы артықшалық теориясына белгілі өзгерістер енгізуді талап етті. Ол швед экономистері Э. Хекшер мен Б. Олиннің өндіріс факторы теориясында көрсетілген еді. Олардың теориясы 20-шы ғасырдың 30-шы жылдарында дүниеге келген. Көптеген елдердегі халықаралық өндірістің мамандануын осы авторлар үш фактордың - еңбек, капитал және табиғи ресурстармен қамтамасыз етілудің әр түрлілігімен түсіндіреді. Мысалы, арзан еңбектің артық болуы еңбек көп жұмсалатын өнім (текстиль, киім, пайдалы қазбаны алу) өндірісіне маманданып, капитал артықтығы - капитал көп жұмсалатын өнім (машина, ірі құрал-жабдықтар) өндірісіне мамандануды айқындайды.Халықаралық сауданың негізі ретінде өндірістік факторлармен түрлі қамтамасыз етілу теориясын бір-бірімен байланысқан екі теорема: Хекшер-Олин және өндіріс факторларына бағаның теңесу теориясы арқылы көрсетуге болады.
Хекшер-Олин теоремасы бойынша - әрбір ел салыстырмалы мол мөлшердегі өндірістік факторды қолданып өндірген тауарды экспортқа шығарып, өндіру үшін өндірістік факторлар жетіспеушілігі байқалған тауарларды импорттайды.
Хекшер-Олин теориясы классикалық салыстырмалы артықшылықтар теориясынан бір қадам алға басты. Ол сауданың салыстырмалы артықшылықтарға негізделгенін мойындап қана қоймай, оның себебі - елдердің өндірістік факторлармен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігінен екенін анықтады. Тауарларға әр түрлі елдердегі салыстырмалы бағалар айырмашылығы және олардың арасындағы сауда әр елдің өндіріс факторларымен әр түрлі деңгейде қамтамасыз етілгендігімен түсіндіріледі.
Факторлық қамтамыз ету теориясы капиталға бай ел технологиясы капиталды интенсивті пайдаланумен байланысты тауарларды өндіруге маманданады деп пайымдайды. Олар капиталды қажет ететін өнімді экспорттап, жер мен еңбекті интенсивті пайдалануды қажет ететін өнімге айырбастайды. Бұл теория дамушы елдерді жер мен еңбек ресурстарын интенсивті пайдалануды қажет ететін алғашқы өнімді экспорттауға күштерін жұмылдыруға итермелейді.
Еркін сауданың неоклассикалық моделінен шығатын негізгі қорытынды халықаралық сауда барлық елдерге пайда әкеледі, соның салдарынан тауарлар мен қызметтердің жалпы әлемдік өндірісі өсіп келе жатыр. Сонымен бірге бірқатар теориялық қорытындыны бөліп қарастыруға болады.
Біріншіден, өндіріс факторында әртүрлі сұранысқа ие тауарлардың арасында бөлінуге ықпал ететін өндірістің балама шығындарының өсуіне байланысты, салыстырмалы артықшылықтардың қарапайым моделінде шамаланғанындай толық маманданудың болуы әбден мүмкін. Елдер қай тауарды өндіруде өзінде бар мол ресурстарды интенсивті пайдаланатын болса, онда сол тауарларға маманданады. Олар өздерінде жетіспейтін ресурстардың орнын дайын өнімді импорттау арқылы толтырады. Ішкі шығындардың өсуі мен бағаның әлемдік деңгейден жоғары болуы толық мамандануды жүзеге асыруға кедергі жасайды.
Екіншіден, өндірудің біртекті технологиясындағы тауарға деген ішкі бағаныңарақатынасы мен халықаралық саудадағы бағаның арақатынасын саудаласушы елдердегі факторлық бағамен теңестіреді.
Үшіншіден, мемлекет ішіндегі процестерге факторлық қамтамасыз ету теориясын қолдансақ, мол ресурстарды интенсивті пайдаланғандықтан мол ресурстарды иеленушілер үшін экономикалық қайтарымы ресурстары жетіспеушілерге қарағанда көбейеді.
Төртіншіден, елдердің капитал мен тұтыну тауарларын алу үшін, өндірістік мүмкіндіктерінен тыс сыртқа шығуына мүмкіндік бере отырып, сыртқы сауда экономикалық өсімді ынталандырады. Сыртқы сауда әрбір елге тауар, білім, идея, жаңа технологияларды алуына мүмкіндік бере отырып, өнеркәсіптің дамуына жағдай жасайды.
Соңғы жылдары елдердің біркелкі емес дамуы мен өндіріс факторларын жинақтау процестеріне көңіл бөлетін статистикалық неоклассикалық моделден ерекшелінетін сауда мен өсудің жаңа динамикалық теориялары қалыптаса бастады. Мысал ретінде бай және кедей елдер үшін арналған Солтүстік-Оңтүстік деген сауда моделін келтіруге болады. Басында Солтүстіктің индустриялды елдерінің капиталмен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілуі өнеркәсіпті, өндірісті тиімді етеді. Нәтижесінде тез өсіп келе жатқан Солтүстік ақырын өсіп келе жатқан Оңтүстік алдында өзінің бәсекелестік артықшылықтарын арттырады.
Американ экономисі В. Леонтьев 1953 жылы Э. Хекшер мен Б. Олин теориясына тағы бір фактор қосты. Онда елдердегі білікті және біліксіз еңбекті ескеру халықаралық еңбек бөлісіне кәдімгідей әсер ететінін айтты.
Леонтьев парадоксы - Хекшер-Олин өндіріс факторлар арақатынасы теориясының іс-жүзінде расталмағаны: еңбек күші мол елдер капиталды көп қажет өнімді, ал капиталды мол елдер - еңбекті көп қажет ететін өнімді экспорттады.
Ғылыми әдебиеттерде "голландық ауру" деген термин бар. Бұл құбылыс былайша сипатталады, табиғи (көп жағдайда энергетикалық) ресурстарды таратудан түскен кірістің өсуі кезінде елдің өсу қарқыны төмендеп, инфляция артып, тағы басқалар кері процесстер байқалады.
Ал енді "голландық аурудың" пайда болу себептеріне тоқталайық. Шикізат ресурстарының экспортынан келіп түскен валюталардың есебінен артық қаржы ресурстары жиналады. Ал бұл өз кезегінде ұлттық валюта түріндегі экспорттан түскен валютаның құнын төмендетеді. Пайданың бір бөлігі импорттық тауарларды сатып алуға,қалғаны елдің ішінде өндірілген және экспортқа арналмаған тауарлар мен қызмет түрлеріне жұмсалады. Ал осындай тауарлар мен қызмет түрін батыс экономистері сатылмайтындар деп атайды. Уақыт өте келе ресурстарын экспорттаудан түскен кірістер сатылмайтын тауарлар мен қызметтерге көптеп жұмсала бастайды, ал бұл жағдай олардың бағасының көтерілуіне, ішкі инфляцияға әкеліп соғады. Сонымен бірге кадрлардың өнеркәсіптің артта қалған салаларынан, өркендеп келе жатқан салаларына ауысуы болады. Нәтижесінде сатылатын тауарлардың экспорты өндіруге кеткен шығынның шикізатты экспорттауға қарағанда тезірек өсуінен пайдасыз, бәсекеге қабілетсіз болып қалады. Ақырында сатылатын тауарларды шығаратын өнеркәсіп секторы құлдырайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болуына не себеп болды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Догалова А. Халықаралық экономика . А. Экономика,2000
2. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. А. Қаррасай, 2006
3. Елемесов Р. Халықаралық экономикалық қатынастар. А:Қазақ университеті ,2002

Тақырып 4. Əлемдік шаруашылық жүйесіндегі ұлттық экономика
1. Ашық ұлттық экономиканың пайдасы мен мəселелері
2. Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен негізгі
мақсаттары
3. М. Портердің халықаралық бəсекелестік теориясы
4. Елдің бəсекеге қабілеттілігі: түсінігі мен көрсеткіштері

Тақырып 5. Халықаралық сауда: ХЭҚ жүйесіндегі рөлі, құрылымы мен дамуы
1. Халықаралық сауданың ұлттық жəне əлемдік экономиканың дамуындағы рөлі
2. Сатылатын жəне сатылмайтын тауарлар
3. Халықаралық сауданың даму динамикасы мен құрылымы
4. Сыртқы сауда жəне оның жалпы сипаттамасы

Неоклассикалық ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына негізделген халықаралық сауданың стандартты моделі көптеген неоклассик экономистерінің қоғамдық жалпылама сұранысына көңіл шоғырландырған зерттеулерінін қорытынды нәтижесі болды. Стандартты модельде қолданылатын негізгі ұғымдарды әр түрлі жылдары ирланд экономисі Фрэнсис Эджуор мен американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды. Классикалық модельдерде шектелген нақты тауарлар шеңберіндегі ұсыныс пен сұраныс қарастырылған. Стандартты модель оны жиынтық ұсыныс пен сұранысқа дейін кеңейтті. Бұл жағдай елдің өзінің салыстырмалы артықшылыққа ие тауарға маманданып, салыстырмалы артықшылық басқа елде болған тауар өндірісінен бас тартуын білдіреді. Көріп отырғанымыздай, бұл экстремалды жағдай стандартты модель үшінжекелеген жағдай ғана болып табылады. Стандартты модель орнын басу шығындары мен жалпы экономикалық теориядан белгілі бар экономикалық жағдайларға сәйкес келетін заңдылықтар өсуінің алғышарттарына негізделген.
Қазіргі кезде американ ғалымы, социолог Майкл Портердің 1961 жылы ашқан технологиялық алшақтық теориясы ерекше орын алады. Оның айтуынша, халықаралық нарықта жаңа тауардың пайда болуы жаңа технологиямен, жаңа ғылыми-техникалық әлеуетпен байланыстырылып, олар жаңа тауарды аз шығынмен шығаруға ықпал жасайды. Жаңа енген техниканы ынталы пайдаланатын фирмалар мен корпорациялар халықаралық өндірістің мамандануында жаңа көздерді жасайды. Американ экономисі М. Портер 1991 жылы: Елдердің бәсекелестік артықшылықтары деген зерттеуді жариялады. Зерттеуде халықаралық сауда мәселелері мүлде жаңа қырынан талқыланды: Халықаралық нарықта елдер емес, фирмалар бәсекеге түседі. Елдің бұл процессте алатын орнын анықтау үшін фирманың бәсекелестік артықшылыққа қалайша қол жеткізетінін және оны қалай сақтап қалатынын түсіну керек.
Портер өз үлестеріне экспорттың (12)-і келетін 10 ірі өндірістік елде зерттеу жүргізген. Ол осы зерттеу нәтижесінде елдің әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілеті соларға бағынышты негізгі параметрлерінің өзара байланысын көрсететін ұлттық халықаралық бәсекелестік қабілеті деген теориясын тұжырымдады.
Портер қазіргі сыртқы сауданың дамуын анықтайтын 4 негізгі параметрді атап көрсетті:
oo Факторлық шарттар;
oo Сұраныс шарттары;
oo Жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар;
oo Фирма стратегиясы және бәсекелестігі.
Портер бірінші параметрдің - саны жаңа шарттардың енгізілуі арқылы ұлғаятын факторлық шарттардың маңыздылығын мойындайды.
Неоклассикалық теория негізін қалаушылар пікірлерінен өзгешелігі - ол аталған факторлар ел үшін мұра ретінде қалдырылмайды, өндірістің кеңеюі процесінде пайда болады деп санады. Мысалы, Жапониядағы жер жетіспеушілік факторы шағын технологиялық процестерді қалыптастыру үшін негізгі ынталандырушы күшке айналды. Бұл кейін әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болды. Ал швейцар фирмалары соғыстан кейінгі жылдары жұмыс күшінің жетіспеушілігі салдарынан еңбек өнімділігін көтеру бағытын таңдады.
Екінші параметр - сұраныс шарттары ішкі нарықтың қажеттіліктерін көрсетеді. Олар фирманың даму барысын айқындап, оның болашақтағы әлемдік нарықтың әлеуеттік дамуымен байланысын көрсетеді.
Портер Линдер теориясын дамыта отырып, компания қызметіне ықпал жасайтын ішкі нарықтың қажеттіліктерін аса маңызды фактор ретінде қарастырды. Мысалы, шағын бөлмелерде тұратын жапондықтар жапон өнеркәсібі шығара бастаған энергия қуатын сақтайтын арзан кондиционерлер тұтынуды қолайлы деп санайды. Кейіннен мұндай кондиционерлер экспортталуын жапондық компаниялар қамтамасыз етуі арқылы бүкіл әлемде кеңінен пайдаланылатын болды.
Үшінші параметр - жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар фирма қызметіне тікелей әсер ететін тиімді өндірістік ортаны сипаттайды. Әшекейлік бұйымдар өндіретін италиандық фирмалардың гүлденуінің себебі: Италия асыл тастар мен металлдарды өңдеу өндірісі бойынша әлемдік жетекші орынға ие болып отыр.
Төртінші фактор - фирма стратегиясы және бәсекелестік фирмалық стратегияға және ұйымдастырушылық құрылымына байланысты. Бұл жерде басқарудың жалпы және универсалдық жүйелерін ерекшелеп бөлуге болмайды. Мысалы жиһаз өндірісі, жарық беру құрылғылары, буып-түю машиналары өндірісінде жетекшілік орындағы италияндық фирмалар өзгерістерге тез бейімделгіштігімен, серпінділігімен, басқару нысандарының икемділігімен ерекшеленеді. Ал оптика, дәлме-дәл машина құрылысы өндірісіне бейімделетін неміс фирмалары үшін орталық басқарудың қатаң жүйесі үйреншікті жайт болып табылады.
Ішкі нарықта бәсекелердің бар болуы өте маңызды. Портер өндірістің мемлекеттік көмекпен қорғалған бір ұлттық фирмаға жинақталуының барынша пайдалы екенділігін жоққа шығарады. Осындай мемлекеттік фирмалардың көпшілігі тиімділік деңгейінің төмендегімен, табиғи шикізаттарды асыралты пайдалануымен, өнімділігінің мардымсыздығымен ерекшеленеді.
Ішкі нарықтағы күшті бәсеке фирманы сыртқы нарықтар іздестіре отырып, шетелге шығуға ынталандырады. Ішкі бәсеке ұлттық фирмаларға өзінің тәтсіздіктері үшін шетелдіктерді кінәлауға, сөйтіп мемлекеттен көмек сұрауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы бәсекелестік тауардың жеткілікті дәрежедегі бәсекелестік қабілеттілігі жағдайында оның сыртқа шығарылу жолдарын белсенді түрде іздестіруге ықпалын тигізеді.
Осы М. Портердің теориясы 90-шы жылы Австралияда, Жаңа Зеландияда және Америка Құрама Штаттарында сыртқы сауда тауарларының бәсеке қабілеттілігін арттыруға байланысты мемлекеттік деңгейдегі ұсыныстарды дайындауда негіз ретінде қызмет атқарды.
Соңғы жылдары өнеркәсібі дамыған елдер американ ғалым-экономистері - Р. Вернон мен Э. Линевилд алғашқы тұжырымдаған өнімнің өміршең циклы теориясына ерекше мән беріп, практикада қолдануда. Осы теория халықаралық монополияның дүниежүзілік нарықтағы стратегиясынан нәр алады. Өнімнің пайда болуының бірінші фазасы кезінде монополия ішкі нарық сұранысын қанағаттандырады. Екінші фазада монополия басқа елдердегі өндірушілер санын арттыруға ұмтылып, өндіріс шығындары алғашқы екі фазадағы жағдайға қарағанда төмен болады. ХЕБ жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Қорытындысында, өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер, тауарлармен алмастыру жағдайын туғызып, халықаралық сауда дами түседі.
Капиталды сыртқа шығару мәселесінде транс - ұлттық фирма аралық коорпорация елеулі рөл атқарды. Сыртқы саудаға маманданудың себептері туралы А.Смит те қарастырған, бірақ ол ұсынған шешім тым қарапайым еді. Ол Шотландияда да жүзім шарабын өндіруге болады, бірақ еңбек шығындары шамадан тыс артып кетеді, сондықтан ол елде мысалы, сұлы өндіріп, оны Партугалияның аз шығыны мен өндірілетін шарабына айырбастаса неғұрлым тиімдірек болады деп жазды.
Сонымен халықаралық мамандану неге негізделген? Дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының барлық мүшелері өздеріне пайданы қалай алады және әлемнің өндіргіш күштерінің тиімді пайдаланудың өсуіне қалайша жағдай жасайды? Бұл сұраққа осыдан 170 жылдан астам уақыт бұрын салыстырмалы шығындар теориясын жасаған Д.Рикардо жеткілікті түрде нақты жауап берді Рикардоның идеяларын қарапайым мысалдармен көрсетейік. Әрқайсысында табиғи байлықтың, өнеркәсіптік тауарлардың белгілі көлемі жинақталған екі елді алайық. Бұл елдер арасында орын алатын айырбастың қажеттігінің бірінші дәлелі олардың өндіріс жағдайларының әртүрлілігі. Климат жағдайларына сәйкес солтүстік елдерде тропикалық жемістерді өсіру қолайсыз немесе жекелеген бір ел табиғи байлыққа, айталық мұнайға зәру. Ал екінші бір елде оның өте мол қоры бар, сондықтан басқа елдермен салыстырғанда белгілі бір тауарды аз шығынмен өндіруге мүмкіндігі бар ел үшін де мамандану пайдалы. Айталық кенет өндірісінің шығыны Англияда Партугалиямен салыстырғанда аз, ал шарап өндіру шығыны керісінше. Бұл жағдайда артықшылықтары бар тауар өндіріске тауар мамандану осы тауардың дүниежүзілік өндірісі мен сауда көлемін ұлғайтумен қатар әрбір елдің осы екі тауарды тұтыну мүмкіндігін де жоғарлатады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі формаларын атаңыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Догалова А. Халықаралық экономика . А. Экономика,2000
2. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. А. Қаррасай, 2006
3. Елемесов Р. Халықаралық экономикалық қатынастар. А:Қазақ университеті ,2002

Тақырып 6. Халықаралық сауданың теориялары
1. Халықаралық сауданың мерканнтилистік теориясының негізгі идеялары
2. Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар моделі
3. Өндіріс факторларының арақатынасы теориясының мəні. Хекшер-Олин моделі
4. Халықаралық сауданың жаңа (баламалы) теориялары
1. Әлемдік шаруашылық, құрылымы, мәні және ҒТР әсері

Экономика құрылымы шарушылық жүйесінің әртүрлі элементтерінің қатынасын көрсететін көп жақты ұғым Экономика көбінесе әлеуметтік салалық, ұдайы өндірістік, аймақтық сыртқы құрылымын бөліп көрсетеді. Экономикалық шарушылық құрылымы шаруашылық бірліктердің сапалық жағынан бірыңғай топтардың жиынтығын білдіреді. Өнеркәсіптің салалық құрылымындағы өзгерістерді анықтайтын фоакторларға келесілер жатады:
1. ҒТ прогресс және оның нәтижелерін өндіріске енгізу деңгейі
2. Қоғамдық еңбек бөлінісінің деңгейі. Өндірістің мамандану және шоғырлану деңгейі
3. Тұрғындардың материалдық қажеттігінің артуы
4. Өнеркәсіптің қоғамдық шарттарының
Елдің табиғи ресурстары өнеркәсіп салаларын жіктеудегі негізгі экономикалық принциптер
Қазіргі уақытта халықаралық айырбас өрісіне ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасы қосылады (лицензиялар және ноу-хау мен сауда жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10%-ін құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен, лицензиялармен сауда-саттық жедел осіп отыр. Егер 1970 жылы болса, 80 жылдардың екінші жартысында бұл сан жылына 17 млрд доллардан асты.
Әлемдік нарықта технологияны іске асыру формалары әртүрлі. ЮНКТАД шегінде жасалған Технологиялар беру саласында тәртібінің халықаралық кодексінде келесі келісім-шарттардың тізімі жасалынды:
-өнеркәсіптік меншіктің барлық түрлерін беру, сату немесе лицензия бойынша ұсыну (тауарлы белгілер мен фирмалық берлгілерді санамағанда). Лицензиялық келісім - бұл бір жақ (лицензиар) екінші бір жаққа (лицензиат) лицензияның объектісін пайдалануға рұқсат беретін сыртқы саудалық келісім.
-ноу-хау мен техникалық тәжірибе ұсыну. Ноу-хау - бұл түрлі өндірістік құпияларының, конфеденциалды білімдердің, техникалық, экономикалық, административтік, қаржылық мінезді мәліметтердің жалпы термині. Ноу-хау оларды алған тұлға немесе фирмаға ерекше артықшылықтар береді. Ноу-хау келісімдерінің лицензиялар келісімдерінен айырмашылығы - бұл технология иесі өз меншігін сатудан бас тартпай, бірақ белгілі бір себептерге байланысты оны патенттеуден бас тартты.
-сатып алу, аренда, лизинг т.б. жолдармен алынған машина мен құрал-жабдықтар, жартылай өнімдер мен материалды жөндеу және пайдалануға қажетті технологиялық білімдерді ұсыну;
-машиналар, құрал-жабдықтар, жартылай өнімдер материалдарды техникалық жүзеге асыру бойынша өндірістік және техникалық көмек көрсету.
2. Лицензиялар саудасы және лицензиялық төлемдердің түрлері.
Лицензиялар мен ноу-хаудың халықаралық нарығы тауарлы нарығының басқа қасиеттеріне иемдей алады: салалық пен жағрафиялық құрылым, ұлттық нарықтарды, ацналым сферасында сатушылар мен саиып алушылар қарым-қатынастарды анықтайтын өзіндік ережелер мен дәстүрлер. Сондай-ақ, лицензиялар мен ноу-хау нарығында өзіндік жарнама жасау ұйымдары мен формалары, баға есептеу әдістері, құқықтық нормалары мен лицензиялардың базистік түрлері бар. Ал даму қарқынына тоқталатын болсақ, қазіргі кезде патенттелген технологиялардың саудасы дәстүрлі тауарлар саудасының даму қарқынынан, орта есеппен алғанда, 3-4 есе артық болады.
Лицензиялар нарығының тауарлы массасы - бұл жаңа технологиялардың жеке иесінде ірі және шағын фирмалармен, мемлекеттік және жартылай мемлекеттік ұйымдар бойынша таратылған өнепкәсіптік меншік объектілерінің саны. Есептеуіш техника негізінде жасалған қазіргі халықаралық ақпараттық жүйелер әлемдегі бар ғылыми-техникалық жетістіктердің ұсынысы мен оларға түсетін сұранысы туралы кең көлемді ақпаратты бір орталықта өңдеуге мүмкіншілік береді. Лицензия мен ноу-хаудың қызмет көрсету саласында делдал ұйымдардың, агенттік фирмалар мен брокерлердің көп қырлы жүйесі пайда болды. Лицензиялық сауда бойынша статистикалық мәліметтер жеке мемлекеттер шекарасында және әлемдік масштабта лицензия мен ноу-хау нарығының сыйымдылығын бағалауға және дамуының заңдылықтар мен тенденцияларын анықтауға мүмкіншілік береді.
Лицензиялық айырбастың заңдылықтары мен қозғаушы күштеріне жүргізілген талдау көрсеткендей, халықаралық лицензиялар нарығында нарықтық механизм қалыптасып, жүзеге асырылады, ал оның негізгі элементтері - сұраныс, ұсыныс және баға болып табылады.
Лицензиялар мен ноу-хау нарығындағы сұраныс - бұл жеке лицензиялар мен ноу-хауға сұраныстың сомаланған мөлшері. Ол бәсекелестердің ғылыми-техникалық жетістіктерге және лицензиялар сатып алушылардың оның пайдалануынан тапқысы келетін пайданың қажеттілік деңгейі арқылы анықталады.
Лицензиялар мен ноу-хау нарығындағы ұсыныс - бұл нарыққа келіп түсетін ғылыми-техникалық жетістіктер мен жаңалықтардың жиынтығы. Ол өндірістің белгілі бір саласында техникалық прогресстің динамикасын сипаттайды.
Белгілі бір технологияға сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасы лицензиялар мен ноу-хауға орналасатын баға деңгейіне елеулі әсер етеді. Баға, оның жасауына жіберілген шығындары арқылы емес, ұқсас технологиялар ұсынатын бәсекелестердің көлемдері арқылы анықталады.
Лицензиялар мен ноу-хаудың әлемдік нарығының құрылымына жеке мемлекеттердің ұлттық нарықтары кіреді, мұнда жаңалық иелері мен қызығушылығы бар кәсіпкерлері арасында ішкі лицензиялық операциялар жүзеге асырылады. Ұлттық нарықтар лицензиялардың халықаралық нарығымен үнемі байланыста болып, өтетін үрдістердің сипаттамасын көрсетіп отырады.
Дәстүрлі тауарлы нарық анықтамасына сәйкес, лицензиялар мен ноу-хаудың әлемдік нарығы - бұл өндіріс саласында құралдар мен еңбек үрдістерін өзгертудің ортақ қасиеттері және айналым саласында қозғалысының ортақ лицензиялық формасы бар ғылыми-техникалық жетістіктердің сатушылары мен сатып алушылары арасында халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі.
Халықаралық сауда объектілерінің катарына қазіргі уақытта жобалау жұмыстары, лизинг (жабдықтарды ұзақ мерзімте жалға алу) инжиниринг (инженерлік құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалынған келісімдер) жатады.
Халықаралык саудада "жаңа индустриялды елдер" (Гонконг, Онтүстік Корея, Сингапур, Тайвань) үлкен роль атқара бастады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Әлемдік шарауашылықтың құрылымы неден тұрады?
2. Әлемдік шаруашылыққа ҒТР қалай әсер етеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Догалова А. Халықаралық экономика . А. Экономика,2000
2. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. А. Қаррасай, 2006
3. Елемесов Р. Халықаралық экономикалық қатынастар. А:Қазақ университеті ,2002

Тақырып 7. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары

Дәріс сабағының мазмұны:
1. Мемлекеттің халықаралық саудадағы рөлі.
2. Сауда саясатының құралдары: тарифтік және бейтарифтік.

Әр түрлі елдер жалпы әлемдік экономикада жалпы және оның жекелеген тауар рыноктарында әр түрлі орын алады. Халықаралық сауданың әр бір қатысушысы өз мүдделерін қорғау мақсатында қандай да бір іс-әрекет атқаруға тырысады, яғни осы салада белгілі бір саясат жұргізеді. Халықаралық сауда саласында саясаттыңі негізгі екі түрі бар: I
- халықаралық сауда саясаты;
- сыртқы сауда саясаты;
Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.
Халықаралық сауда - еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен эконо - микада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның озі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Халыкаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етеді:
1. халықаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық сауданың баламалы теориялары
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Халықаралық сауданың классикалық теориялары
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы мәлімет
Халықаралық сауданының альтернативті теориялары
Әлем рыногының инфрақұрылымы
Халықаралық сауда теориялары
Қазақстан Республикасының протекционизм саясаты және әлемдік сауда ұйымы (дсұ)
Халықаралық сауда тұжырымдамалары
Халықаралық экономикалық қатынастардағы халықаралық сауда
Пәндер