Қылмыстық іске қатысушы адамдар


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе . . .

1. 1. Қылмыстық прцеске қатысушылар туралы ұғымы және олардың классификациясы . . .

1. 2 Қылмыстық процеске қатысушы тұлғалар мен органдар олардың іс жүргізу дәрежесі . . .

III. Қорытынды . . .

IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Қылмыстық процеске катысушылар - бұл мемлекеттік органдар және құқықтары мен міндеттерін заң жүзінде белгілеп алған қылмыстық іс жүргізу қызметін жүзеге асыратын және басқа органдармен, сот өндірісіне қатысушылармен құқықтық катынасқа түсетін тұлға-лар. Ғылыми әдебиеттерде қолданылатын «қылмыстық процесс субъектісі» деген термин ҚР ҚІЖК-інде қолданылған «процеске қатысушы» немесе «процесс жағы» деген терминдермен сәйкес келеді. «Субъект» сезі латынша - белгілі бір нәрсені өндіруге катысушы дегенді біддіреді.

Қылмыстық іс жүргізу кодексі субъектілердің 3-тобын ажыратады:

  1. мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар:

сот, сот құрамы, сот төрағасы, прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы мен анықтаушы (жауап алушы) .

  1. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретінқұқықтар мен мүдделерді қоргайтын процеске қатысушылар:
  • күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жөбірленуші; жеке айып-таушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер;

1. Қылмыстық процеске қатысушылар туралы ұгым және олардың классификациясы

Қылмыстық процесс қатысушылары ұғымы. Қылмыстық процеске катысушылар - бұл мемлекеттік органдар және құқықтары мен міндеттерін заң жүзінде белгілеп алған қылмыстық іс жүргізу қызметін жүзеге асыратын және басқа органдармен, сот өндірісіне қатысушылармен құқықтық катынасқа түсетін тұлға-лар. Ғылыми әдебиеттерде қолданылатын «қылмыстық процесс субъектісі» деген термин ҚР ҚІЖК-інде қолданылған «процеске қатысушы» немесе «процесс жағы» деген терминдермен сәйкес келеді. «Субъект» сезі латынша - белгілі бір нәрсені өндіруге катысушы дегенді біддіреді.

Процеске қатысушылар классификациясының негізі олар-дың қорғалатын мүддесінің ерекшелігіне, сипатына, құқық көлеміне және рөліне қарай болінуі болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексі субъектілердің 3-тобын ажыратады:

  1. мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар:

сот, сот құрамы, сот төрағасы, прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы мен анықтаушы (жауап алушы) .

  1. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретінқұқықтар мен мүдделерді қоргайтын процеске қатысушылар:
  • күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жөбірленуші; жеке айып-таушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер;

- жасы кәмелетке толмаған айыпталушының, жәбірленушінің өкілдері, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушынын өкілдері;

- азаматтык жауапкердің өкілдері.

Қылмыстық процеске катысушылардың іс жүргізу құқықтары мен занды міндетгері:

  • заңмен қорғалатын өзі білдіріп немесе қорғап отырған жеке мүддесін қылмыстық істе жактау;
  • қылмыстық-іс жургізу қызметіне қатысуға мүмкіндік беретін іс жүргізу құқықтары жүзеге асыру және істің нәтижесіне ықпал ету;
  • процесс субъектілері мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалардың ерекше актілері ісіне қатысуға жіберіледі немесе тартылады. 3) Қылмыстық процесс міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға процесс барысында жәрдемдесуге қатысатын басқа да түлгалар(куәгер, эксперт, маман, аудармашы, куә, айғак адам, хатшы, т. б. ) . 2. Қылмыстық процеске қатысушы тұлғалар мен мемлекеттік органдар ұғымы, олардың іс жүргізу дәрежесіСотқылмыстық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыратын занды, тәуелсіз, білікті, бейтарап сот билігі органы болып табылады (ҚР ҚІЖК 57-61-баптар) . Қазақстан Республикасындағы қылмыстық істер бойынша сот әділдігін мыналар жүзеге асырады: Қазакстан Республикасы Жоғарғы Соты, облыстык және оларға тең соттар, аудандық, қалалық және оларға тең соттар; әскери, әкімшілік және экономикалық соттар. Бірқатар қылмыстық істерді судья жеке карастырады, өлім жазасы айыбына тағайындалу каупі төніп тұрған кінәліні айыптау ісі құрамы үш соттан түратын немесе ант берген заседательдердің катысуымен болатын соттың бірінші сатыда іс жүргізуі негізінде жүзеге асырылады. Бірінші сатыдагы соттарретінде аудандық және оған теңес-тірілген сот іс жүргізеді. Облыстык және оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді коспағанда, барлык, қылмыстық істер аудандық және оған тең соттың соттауьша жатады. Заңда көрсетілген мазмұнға сөйкес, сот - бұл жеке судья, сот-тың құрамы үш судьядан тұрады немесе ҚР ҚІЖК-інің 544-ба-бына сәйкес (2007 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген ҚР ҚІЖК 13-бөліміне сәйкес) сот құрамыңца 2 судья және 9 алкаби болады. Сот - бұл сот билігіне ие бір ганамемлекеттік орган. Олмем-лекет атынан қылмыстық істер бойынша үкім шыгару ерекшеқұқығына ие. Сот өз қызметі арқылы мынадай тәртіптің сақталуын камтамасыз етеді:
  • нақты істердің соттылыққа жататындығын анықтау;
  • нақты істерді карау үшін сот құрамын қалыптастыру;
  • соттардың карсылық білдіруі;
  • істі шешу кызметінен айыптау және қорғау қызметін ажырату. Өз қызметінде сот анықтау органдары мен алдын ала тергеу органдарының қорытындысына, прокурор пікіріне және жогары түрган сот инстанцияла-рының қорытындысына байланысты (тәуелді) болмайды. Сот бірінші сатыдағы сот ретінде, апелляциялық және кадағалау сатысындағы сот ретінде әрекет ете алады. Ол әрқашан ешкімге тәуелді болмай-ақ, езінің ішкі сеніміне сүйене отырып, дәлелдемелерді сараптайды, жеке өз аддына барлық мәселелерді шешу аркылы қылмыстық процес-те басқарушы, билік етуші дәрежеге ие бола алады. Ескерте кету керек, тек сот қана азаматтың конституциялык құқығын шектей алады. Сондыктан сотқа мынадай шешімдерді қабылдауға құқық берілген:
  • тұлғаны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп айыптауға және оған жаза тағайындауға құқылы;
  • тұлғаны кылмыстық жауаптылықтан босату туралы;
  • жазасын өтеуді кейінге калдыру туралы;
  • төменгі соттардың қабыддаған шешімін өзгерту немесе жою туралы;
  • тұлғаға медициналық сипаттағы немесе тәрбиелік ыкпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы;
  • қамауға алу, үйде қамауға алу түріңдегі бұлтартпау шараларын тандау туралы;
  • қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы;
  • алдын ала қамауға отырған уакьітты есепке алу туралы;
  • қамауға алынбаған күдіктінің, айыпталушының үй-жайы туралы, яғни сот-медициналық немесе сот-психиатриялық экспертизаға сәйкес өндіруге арналған медициналық және психиатриялық стационар туралы;
  • іс болған орынды және үй-жайды карау туралы (ҚР ҚІЖК359-бабы) .
  • Зиянды кайтаруды камтамасыз ететін шараларды қолдану туралы;
  • Сотталушының құрметгі, әскери, арнаулы немесе басқа да атақтарынан, кластық шенінен, мемлекеттік мақтауларынан айыру туралы шешім кабылдау;
  • мәжбүрлеп емдеуді қолдану туралы;
  • Шартты түрде сотгауды сақтау немесе алып тастау туралы;
  • Анықтау, тергеу немесе сот органдарына келу міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін сот депозитіне аударылған күдіктінің, айыпталушының кепілдемесін қайтару немесе кайтармау туралы.

Сот әділдігі судьянын жеке дара әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Ол құрамы үш алқабиден тұратын немесе екі судьядан және 9 алқабиден түратын сот арқылы шешіледі (ҚР ҚІЖК 58, 544-баптар) .

Сот шешімін өзгерту немесе алып тастау тек бірінші сатыдағы апелляциялық және қадағалау соттарының қарсы наразы болуы немесе шағымдануы тәртібіне сәйкес мүмкін бола алады.

Алқабилер (ант берген заседательдер) - ҚР ҚІЖК-інде белгіленген тәртіпке сәйкес қылмыстық істі қарауда катысуға шакы-рылған және ант берген Қазақстан Республикасының азаматы (2006 жыдцың 16 ақпанындағы «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) .

Алқабилердің өкілеттілігі мен оның тәуелсіздігіне кепіддігі ҚР ҚІЖК-нің 13-тарауында айқындалған.

Алкабилердің күқықтары: (ҚР ҚІЖК 559-бап) :

  1. өзінің ішкі нанымы бойынша істің мән-жайын өз бетінше бағалауға және алкабилер алқасының аддына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік алу үшін сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға;
  2. процеске қатысушыларға төрағалык етуші арқылы сұрақтар қоюға;
  3. заттай дәлелдемелерді, құжаттарды тексеріп қарауға, жерді және үй-жайларды тексеріп қарау ісіне, сот тергеуіндегі барлык басқа да іс-әрекеттерге катысуға; сот отырысында жария етілген құжаттардың мазмұнын және іске қатысты сүрап етініш жасауға;
  4. сот отырысы кезінде жазбапар жасауға құқылы.

Сотта алқабилердің міндеттерін жүзеге асыру кезінде заң-мен белгіленген соттардың тәуелсіздік кепілдігі таратылады.

Прокурор - анықтау, тергеу органдарының қылмыстық істі қарастыру заңдылығын және сот шешімінің зандылығын, қылмыстық процестің барлық кезендеріндегі қылмыстық қудалау зандылығын қадағалау сияқты өз біліктілігі шегінде кызмет ететін мемлекеттің уәкілетті лауазымды тұлғасы.

Өзінің іс жүргізу уәкілеттілігін атқару барысында прокурор тәуелсіз және тек заңға ғана бағынады (ҚР ҚІЖК 62-бап) .

Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес прокурордың (ҚР ҚІЖК 190, 192, 197, 198, 289, 317, 396, 457, 458, 460-баптары) сотқа дейінгі ондіріс кезеңінде және сотталқылауы кезінде заң-ды күші бар (кұкьілы) :

  • қылмыс туралы хабарлауға рүксат беру және тіркеу, кабылдау барысындағы заң талаптарының орындалуын тексеру;
  • ҚР ҚІЖК белгіленген тәртіпке сәйкес қылмыстық істі қозғау, істі тергеуді анықтаушыға, тергеушіге, төменгі прокурорға тапсыру немесе оны өзінің өндірісіне кабылдау;
  • Алдын ала тергеу өндірісіне қатысу және қажетті жағдайларда жеке өзі белек тергеу әрекеттерін жүргізу;
  • Анықтаушыға, тергеушіге қылмыстық істі қозғау үшін келісімін беру;
  • Анықтаушыға, тергеушіге сот алдында бұлтартпау шараларын өзгерту немесе алып тастау, тандау туралы отініш-ұсыныс жасау келісімін беру немесе сот шешімін негізінде рүксат етілген озге іс жүргізу әрекетін жүзеге асыру туралы өтінішіне келісім беру;
  • Төменгі прокурордың, тергеушінің, анықтаушының қарсылық білдіруіне рүқсат ету;
  • тергеушіні, анықтаушының тергеу ісін одан әрі жалғастыру қызметінен шеттету, егер олардың алдын ала тергеу ісінде ҚР ҚІЖК талаптары бұзылса;
  • анықтау органынан кез келген қылмыстық істі алып тастау және оны тергеушіге тапсыру, бір тергеушіден алып екінші тергеушіге қылмыстық істі тапсыру;
  • алдын ала тергеу органынан қылмыстық істі алып, келесі органға істің тәртібі мен ретін сақтай отырып тапсыру;
  • томенгі прокурордың, тергеушінің, анықтаушының заңсыз және негізсіз қаулысын алып тастау, жоқка шығару;
  • анықтау органына тергеу ісі ондірісін тапсыру, сондай-ак оған жедел іздестіру шараларын жүргізу туралы нұскау беру;
  • тергеушінің, анықтаушының қылмыстық іс бойынша өндірістің токтатылуы туралы каулысын бекіту;
  • айыптау қорытындысы мен айыптау актісін бекіту және Қылмыстық істі сотқа жіберу;
  • косымша тергеу өндірісі туралы өзінің нұскаулары арқылы анықтаушыға, тергеушіге қылмыстық істі қайтару;
  • қылмыстық іс жөніндегі өндірісті тоқтату;
  • ҚР ҚІЖК-де қарастырылған басқа да уәкілеттіліктерді жүзеге асыру;
  • Қылмыстық істі қозғау немесе бұл істі қозғаудан бас тарту;
  • Қылмыстық істін тергеуде болу жағдайын анықтау;

Сот кезеңінде прокурор қылмыстық істі қарастыру кезіндегі айыптауды ұстайды.

Тергеу бөлімінің бастығы - ішкі істер органындағы тергеу бөлімшелерінің бастығы, ҮҚК және қаржы полициясы (ҚР ҚІЖК 63-бабы) . Тергеу бөлімі бастығының іс жүргізу қызметі тергеушінің қызметімен бірдей десе де болады. Бірак, олар бір-бірінен кызметі мен дәрежесіне карай ажыратылады, тергеушіге Караганда «бастықтың» дәрежесі жоғары және ол мынадай уәкілеттілікке ие:

- тергеу өндірісін тергеушіге тапсырады; қылмыстық істерді тергеу өндірісіндегі тергеушінің жұмысына бақылау жүргізеді; алдын ала тергеу мерзімі мен тергеушінің тергеу ісін кезінде қамауға алынған тұлғаның қамауда отыру мерзімін бақылайды; қылмыстық іс бойынша тергеу өндірісінен тергеушінің кьізметін шеттете алады; бір тергеушінің ісін екінші тергеушіге тапсыра алады; аякталган кылмыстық істерді прокурорға
жібереді.

Тергеу бөлімінің бастығы кылмыстық істі қозғауға, оны оз ондірісінде қабылдауға және жеке дара аддын ала тергеу жүмыс-тарын бастауға кұкьілы.

Тергеуші - ішкі істер органдарының, ұлттық кауіпсіздік органының және каржы полициясының лауазымды тұлғасы. Ол қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілетті (ҚР ҚІЖК 64-бап) . Тергеуші тергеу ісіне қатысты бар-лык мәселелерді жеке өз бетінше қабыддай алады.

Тергеуші құқылы: қылмыстық істі козғауға; ол бойынша алдын ала тергеу жүргізуге; өз ондірісіндегі барлык тергеу қызметін орындауға; тексеру, тінту және баска да тергеу істерін жүзеге асыруға; жауап алу үшін немесе эксперт ретінде қорытынды жасау үшін кез келген тұлғаны шақыруға; іс жүргізуге мәжбүрлейтін шараларды, күдікті мен айыпталушыға катысты болдырмау шараларын қолдануға; айып тағуға; айыптау қорытындысын жасауға; кылмыстық істі уақытша тоқтатуға немесе мүлде тоқтатуға; істі сотқа жіберуге кұқылы.

Анықтау органы - анықтау ісін және баска да іс жүргізу әрекеттерін орындауға заңмен уәкілетті мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға (кылмыс туралы мәліметтер мен өтініштерді кабыддау және тіркеу, оларды тексеру, іздеу және болдырмау, кылмысты ашу және сақтандыру, шүғыл тергеу істерін орындау, т. б. ) -

Анықтау органдары ҚР ҚІЖК-інің 65-бабында белгіленген, оларға мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың жіктелуі
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығынан дәрістер
Қылмыстық процесс жайлы
ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі
Қылмыстық процеске қатысушылар
Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі
Қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері
Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі мен олардың жіктелуі
Қылмыстық іс жүргізу бойынша іс жүргізу
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz